Медиа-жоспардың 5.5-тармағы бойынша
«Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы»
Кеден одағының техникалық регламенті туралы
(КТС 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен бекітілген) (ТР ТС 019/2011)
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында жеке қорғаныш құралдарын қолдану және орындау үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу, ЕАЭО аумағында айналымға шығарылатын жеке қорғаныш құралдарының еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету мақсатында әзірледі.
Техникалық регламент азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды және шығарылған еліне қарамастан, ЕАЭО аумағында айналымға шығарылатын жеке қорғаныш құралдарына қолданылады.
Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі деп: жеке қорғаныш құралдарын пайдаланумен, оның ішінде олар жасалған материалдардың әсерімен байланысты адамға және қоршаған ортаға әсерінің болмауы; төменде тізбектелген жеке қорғаныш құралдарын пайдалану процесінде адамға зиянды (қауіпті) факторлардың әсер етуі кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету түсініледі:
- механикалық әсерлер және жалпы өндірістік ластану;
- зиянды химиялық заттар;
- иондаушы және иондамайтын сәулелену;
- жоғары (төмен) температураның әсері;
- электр тогының, электр және электромагниттік өрістердің әсері;
- биологиялық факторлардың әсері (микроорганизмдер, жәндіктер);
- нашар көріну.
Жеке қорғаныш құралдары, егер олар:
1) техникалық регламент талаптарына сәйкес келсе;
2) сәйкестікті растаудан өтсе (сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау);
3) тиісті таңбасы, орамасы және пайдалану құжаттамасы болса шығарылады.
Қалыптасып отырған құқық қолдану практикасы шеңберінде және жаңа технологиялық құрылымға көшу жағдайларында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы уәкілетті органдары өзге де мүдделі және құзыретті органдармен және ұйымдармен бірлесіп, «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР ТС 019/2011) № 2 өзгерістер жобасын (бұдан әрі – № 2 өзгерістер жобасы) әзірлеуде.
Енгізілетін түзетулер оның қолданылу саласын және техникалық реттеудің жекелеген объектілеріне қойылатын талаптарды нақтылауға, оның ішінде Регламентке қосымшаларға өзгерістер енгізуге және т. б. бағытталған.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібіне сәйкес ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында осы
№ 2 өзгерістер жобасы бойынша жария талқылау өткізу жоспарланғанын атап өткен жөн.