«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы мен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Е-макет» ААЖ – орталық атқарушы органның «Зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесi (бұдан әрі – «Е-макет» ААЖ);»;
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бектітілген және мемлекеттік функциялар мен олардан туындаған мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электрондық нысанда алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды құруға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – «Электрондық еңбек биржасы» порталы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тұрғылықты жері бойынша қорға жеке басты куәландыратын құжатпен және осы Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:
1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге:
медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;
Бұл ретте өтінішті қабылдау:
тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің және (немесе) медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жері бойынша;
көшпелі отырыстарда:
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында;
мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;
сырттай – куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен, «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған, ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш беруге;
Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөліміне жүгінеді;
3) жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге:
Мемлекеттік корпорация арқылы (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);
жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде;
портал арқылы – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде;
«Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы - көрсетілген порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде;
4) жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге:
Мемлекеттік корпорация арқылы;
портал арқылы;
Бұл ретте бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қарау бала тууды тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік тәуекел басталған кезде әлеуметтік төлемді тағайындау өтініш (онын ішінде электрондық) және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат (әлеуметтік төлемдер тағайындауға қандас мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда қандас куәлігі ұсынылады) негізінде жүзеге асырылады, сондай-ақ:
1) асыраушысынан айырылу жағдайына:
асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімдері;
қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, қайтыс болған асыраушы баласының (балаларының) туу туралы және неке (ерлі-зайыптылықты) қию (бұзу) туралы, бала асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);
қамқорлықты немесе қорғаншылықты белгілеу туралы құжат;
2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайларына:
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);
3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына:
баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);
олардың бар-жоғына байланысты:
қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда);
баланың (балалардың) қайтыс болу туралы куәлігі (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өтініш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындауға жүгінген жағдайда өтініш берушіде тағайындау фактісінің болуына немесе тиісті әлеуметтік төлемді, оның ішінде балаға (балаларға) алуға, тағайындауға өтініш беруге тексеру жүргізіледі.
Орталық атқарушы органның АЖ-ынан тиісті әлеуметтік төлем тағайындау немесе тиісті әлеуметтік төлем тағайындауға (бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлемді тоқтату жағдайларынан басқа) өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге дереу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі, жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі немесе асырауындағы адамдардың саны азайған жағдайларда қордың филиалдары орталық атқарушы органның АЖ алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеуді жүргізеді.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Әлеуметтік төлемдерді портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы тағайындау тәртібі»;
29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Өтініш беруші портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда көзделген қажетті мәліметтерді өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дарынан «электрондық үкімет» шлюзі арқылы өзі алады.
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) төлемді тағайындау, төлеу, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру фактілерінің болмауы;
3) өтініш берушінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жетуі.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш «Е-макет» АЖЖ-да өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына орналастырылады. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы жіберілген электрондық өтінішті қабылдаған кезде, өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған хабарлама жіберіледі.
ІЭМ-де портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы қабылданған өтініштер бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, қордың филиалы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қордың филиалы:
әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық түспеген;
төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы жұмыскердің табысына және (немесе) дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның табысына, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларының табысына аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасы бойынша сәйкес келмеген;
мемлекеттік органдардың АЖ-дарында құжаттар мен мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігін тексереді.
Осы мақсаттарда қордың филиалы мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салулар жібереді. Бұл peттe өтiнiш берушi әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы ІЭМ жіберілген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жазбаша нысанда портал арқылы хабар етіледі.
Егер әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер бойынша ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында қосымша құжаттарды ІЭМ-ге қоса тіркеу қажеттілігі анықталса, қордың филиалы ІЭМ-ді «Е-макет» АЖЖ арқылы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтарады. Осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
Жете ресімдеу мерзімі қордың филиалы ІЭМ-ді жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды. Егер талап етілген құжаттарды өтініш беруші жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсынбаса, қордың филиалы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кіріс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:
ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:
ОАК - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;
АК - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табыс.
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін АК осы Қағидалардың 37, 41 және 51-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес төлеуші беретін табыстар туралы анықтама негізінде табыстың орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу кезеңдері орталықтандырылған дерекқордан алынған мәліметтермен расталады және табыстың орташа айлық мөлшерінің есебінен алып тасталады және табыстың орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталар алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Бұл ретте Заңның 22-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалардың табыстары есепке алынбайды.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кіріс сомасын он екіге бөлу арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:
ОАКәтжб = (АК1 + АК2 +АК3...... + АК24) / 12, мұндағы:
ОАКәтжб -міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық кірісі;
АК - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс.
АК - Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін осы Қағидалардың 37, 41 және 51-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған табыс осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес төлеуші беретін табыстар туралы анықтама негізінде табыстың орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу кезеңдері орталықтандырылған дерекқордан алынған мәліметтермен расталады және табыстың орташа айлық мөлшерінің есебінен алып тасталады және табыстың орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталар алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің елу бес пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектісі ретiнде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерiн тиiстi коэффициенттерге көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:
ӘТеа = (ОАТ - 55% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК, мұндағы:
ӘТеа - еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағда йына төленетін әлеуметтік төлем;
ОАК - осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес айқандалатын, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысының орташа айлық мөлшері;
ЕТЖ - әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы;
КАК - табысты алмастыру коэффициенті;
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;
ЕҚАК - еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенті.
Кірісті алмастыру коэффициентi 0,6-ны құрайды.
ЕҚАК 30%-дан 100%-ға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
Бұл ретте, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыстан айырылу, асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер бойынша ҚӨК:
алты айдан кем болғанда - 0,1-ді;
алты айдан он екі айға дейін - 0,7-ні;
он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75-ті;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85-ті;
отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9-ды;
қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95-ті;
алпыс айдан жетпіс екі айға дейін - 1,0-ді құрайды;
алпыс және одан да көп айға - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 2 пайыз қосылып отырады.
Егер қатысу өтілі 72 және одан да көп айды құраса, ҚӨК мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚӨК = 1,0+((Аәа - 60 ай)/12) толық жылдардың саны ескеріледі*Uәа, мұндағы
1,0 - алпыстан жетпіс екі айға дейін қатысу өтілі болғанда;
Аәа - әлеуметтік аударымдар түскен күнтізбелік айлардың жалпы саны.
Uәа - ҚӨС арттыру мөлшерлемесі (2% немесе 0,02).
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдайдың, шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңіне қызметті шектеуге байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері есептеледі.»;
56-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы туралы мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру туралы күнделікті шешім қабылдайды.»;
56-тармақтың екінші бөлігінің 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқаны фактісі анықталғаны туралы;»;
61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Қордың филиалы күн сайын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың АЖ-дарынан (оның ішінде орталық атқарушы органның АЖ-дарынан):»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мемлекеттік органдар мен орталық атқарушы ұйымдардың АЖ-дарынан мәліметтер болмаған жағдайда осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтату үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тоқтатуға шешім жобасын қалыптастырады және осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың филиалына жібереді.»;
67-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«67. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген, сот актілері негізінде заңсыз деп танылған әлеуметтік аударымдар өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейіннен жүгінген кезде ескерілмейді.
Бұл ретте, сот актілері негізінде заңсыз деп танылған әлеуметтік аударымдар бойынша ақпарат орталық атқарушы органның АЖ арқылы Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
79-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«79. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына арналған электрондық ақша:
қаражатты алушылардың банк шоттарына немесе электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақша аудару;
қаражатты түзеу мекемесіндегі алушыларға түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару;
«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргiзедi.
Әлеуметтік төлемдерді алушыларға үйге жеткізіп беру мынадай санаттағы адамдарға:
бірінші топтағы мүгедектерге;
бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;
почта байланысының бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда, ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.»;
91-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«91. Әлеуметтік төлем алушылардың төлем жүргізілетін істері (қолданыстағы істері) Мемлекеттік корпорацияның қолданыстағы істер архивінде сақталады.
ІЭМ орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде тұрақты сақталады.»;
94-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакияда жазылсын:
«94. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйелердің олардың тағайындалуына сәйкес үздіксіз қызмет етуін және өзектендірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігін және уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай тасымалдау ортасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып жүзеге асырылады. Ақпараттық алмасу кезіндегі ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған тасымалдау ортасы есебінен де, техникалық және ұйымдастыру сипатындағы шаралар есебінен де қамтамасыз етілуге тиіс.»;
1, 2, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакияда жазылсын:
«11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
9-тармақ мынадай редакияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың ЖСН-лары негізінде дербестендірілген есепке алуды жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып өтінішті қорға жiбередi;
Мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттармен төлеушіге келесі жағдайларда қайтарады:
егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу фактісi расталмаса;
төлеушінің өтініші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сай келмесе;
төлеушінің өтінішінде дұрыс емес себеп көрсетілсе (бір себептен артық таңдалса);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйелердің олардың тағайындалуына сәйкес үздіксіз қызмет етуін және өзектендірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігін және уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай тасымалдау ортасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып жүзеге асырылады. Ақпараттық алмасу кезіндегі ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған тасымалдау ортасы есебінен де, техникалық және ұйымдастыру сипатындағы шаралар есебінен де қамтамасыз етілуге тиіс.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ауданның коды ____________________
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының_______________облысы (қаласы) бойынша филиалы
Өтініш
Азамат(ша)___________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні ____ жылғы «__» _____________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _______________
|
□ |
Банк деректемелері: ______________________________ Банктің атауы ___________________________________ Банк шотының № ________________________________
|
|
□ |
электрондық ақшаның электрондық әмияны __________
|
Маған_____________________________________(еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына (жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін көрсете отырып), асыраушысынан айырылу жағдайына (асырауындағы адамдардың санын көрсете отырып), жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді - қажеттісі жазылсын) тағайындауды (үлес бөлуді, қайта бастауды, қайта есептеуді) сұраймын.
Отбасының құрамы туралы мәліметтер (асыраушысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына толтырылады):
1) ____________________________________________________
2) ____________________________________________________
3) ____________________________________________________
4) ____________________________________________________
5) ____________________________________________________
6) ____________________________________________________
7) ____________________________________________________
Өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балаларды қоспағанда, Егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, отбасы құрамында туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған, өлі туған балалар да ескеріледі.
____________________________________________ әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер (тоқтата тұру, тоқтату), сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай өзгерістер туралы күнтізбелік он күн ішінде хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.
Отбасының мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан анықтаманы жыл сайын (оқу жылының басында) ұсыну қажеттілігі туралы хабардармын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
Ескертпе |
|
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
3. |
|
|
|
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты боламын.
Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адам толтырады): иә/жоқ
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бойынша міндетті зейнетақы жарналары субсидияланатыны туралы және агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда тоқтатыла тұратыны және тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы хабардармын.
Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Әлеуметтік төлемді тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы sms-хабар жіберу жолымен, телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.
Төлеуші-ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері______________________________________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Телефоны ____________ ұялы телефоны __________
Өтініш берген күні: 20 ____ жылғы «___» _________
Өтініш берушінің қолы ___________________
Құжаттар қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________
(қию сызығы)
____________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен қабылданды, өтініш тіркелген күн: 20 ___ жылғы «___» __________әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы____________________________
|
бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ауданның коды ____________________
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының _________________________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Өтініш
_____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні ______ жылғы «___» _______________
Тұрғылықты мекенжайы: _____________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):_____________________________
|
□ |
Банк деректемелері: ______________________________ Банктің атауы ___________________________________ Банк шотының № ________________________________
|
|
□ |
электрондық ақшаның электрондық әмияны __________
|
Маған ______________________________________________________
(ауыр босануыма немесе екі және одан көп бала тууыма байланысты - қажеттісі жазылсын) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге қайта есептеу жүргізуді сұраймын.
Ауыр босанғанымды немесе екі және одан көп бала туғанымды растайтын жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қоса беріп отырмын.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты боламын.
Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Берілген күні ______________________________
Өтініш берушінің қолы _____________________
Азамат ________________________________өтініші
(құжаттармен қоса өтініш қабылданған күн)
20___ жылғы «__» ____________ № ____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:__________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
Ескертпе |
|
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
3. |
|
|
|
_________________________________________________
(қию сызығы)
Құжаттар қабылданған күн ___________________________
Шешім қабылданған күн _____________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:___________________________________________________
|
бұйрығына 3-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ауданның коды ____________________
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының __________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш
Азамат (ша) ___________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні ____ жылғы «__» _____________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _______________
|
□ |
Банк деректемелері: ______________________________ Банктің атауы ___________________________________ Банк шотының № ________________________________
|
|
□ |
электрондық ақшаның электрондық әмияны __________
|
Маған жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемін тағайындауды (қайта тағайындауды, қайта есептеуді) сұраймын.
Әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне (тоқтата тұру, тоқтату) әкеп соғатын барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажет екені туралы хабардармын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
Ескертпе |
|
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
3. |
|
|
|
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты боламын.
Әлеуметтік төлемнің сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адам толтырады): иә/жоқ
Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Әлеуметтік төлемді тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы sms-хабар жіберу жолымен, электрондық немесе телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін: иә/жоқ.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.
Төлеуші ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері ___________________________________________________________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны ____________ ұялы телефоны ___________
Өтініш берген күні: 20 ____ жылғы «____»_________
Өтініш берушінің қолы _________________________
Құжаттар қабылданған күн ______________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы_______________________________________________
(қию сызығы)
_________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен
№ ____ болып тіркелді, өтініш тіркелген күн: 20___ жылғы «___» ________ (өтінішті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап қызметті алу күні): 20__ жылғы «___» ____________.
________________________________________ әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________
|
бұйрығына 4-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Ауданның коды ____________________
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамның_________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Әлеуметтік төлемдерді ЭҮП, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы тағайындау үшін өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): _____________
Азамат (ша) ________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ____ жылғы «__» ______________
Маған_____________________________________
(жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем) тағайындауды сұраймын.
Мемлекеттік органдардың растауы:
Өтініш берушінің деректері:
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:
|
□ |
Банктің атауы ______________________________________________ Банк шотының №___________________________________________ Шот түрі: ағымдағы_________________________________________ Екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) деректемелері: Банктік сәйкестендіру коды__________________________________ Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________
|
|
□ |
электрондық ақшаның электрондық әмианы денег ___________________________________________________________
|
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындалатын бала туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні:________________________________________________________________
ЖСН:_______________ __________________________________________
баланың туу кезектілігі: __________________________________________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер:
|
Р/с № |
ЖСН |
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Туған күні және жылы |
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
|
5. |
|
|
|
|
Өтініш берушіге/асырауындағы адамға қамқоршылық/қорғаншылық белгілеу туралы мәліметтер:
|
Р/с № |
Қамқоршылық/ қорғаншылық туралы шешімнің нөмірі және күні |
Қамқоршылық/ қорғаншылық туралы шешімді берген орган |
Қамқоршының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні |
Қамқорлығындағы/ асырауындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Қамқорлығындағы/ асырауындағы адамның туған күні |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
Асырап алу туралы АХАТ ақпараттық жүйесінен мәліметтер:
|
Р/с № |
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Өтініш берушінің туған күні |
Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Асырап алған баланың туған күні |
Құжатты берген органның атауы |
Шешімнің № |
Шешімнің күні |
Шешімнің заңды күшіне енген күні |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты боламын.
Әлеуметтік төлемнің сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адам толтырады): иә/жоқ.
Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы қабылданған шешім туралы ұялы телефонға sms-хабар жіберу, электрондық және телефон байланысы арқылы хабарлауға келісім беремін: иә/жоқ.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Төлеуші ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері ____________ _____________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны ____________ ұялы телефоны _______________________
Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(ҚР Әділетмині) растайды ________________________________
(ҚР Әділетминінің электрондық цифрлік қолтаңбасы (ЭЦҚ)
Өтініш берушінің банк деректемелерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) растайды _________________
(ЕДБ ЭЦҚ-сы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________
«Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын» ЭЦҚ __________________________________________
Төленетін әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне (тоқтата тұру, тоқтату) әкеп соғатын барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажет екені туралы хабардармын.
ЭЦҚ_______________________________________
Өтінішке қол қойылған күн және уақыт: ________ жылғы ____.____________ сағат _____ минут _____ секунд
|
бұйрығына 5-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
6-қосымша
|
«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметты алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 20 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады. 2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 3) МӘС бөлімшесінде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №223 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы. Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі. проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде біржолғы құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Проактивті қызмет арқылы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы берген міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін алғаш рет белгілеу кезінде, қызмет алушының әлеуметтік аударымдарының болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоты нөмірінің болуы). Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет МӘС бөлімшесінде: 1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша; 2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында; мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша; көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында; үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса; 3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
бұйрығына 6-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
7-қосымша
|
«Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2)ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8(сегіз)жұмыс күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде/проактивті |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы); 3) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі; 4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер; 5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады). 6)қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады. Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте,оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде банк шотының нөмірін ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде біржолғы құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Мемлекеттік қызмет қағаз нысанында, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган «АХАЖ «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдар болған жеке тұлғаның қайтыс болуын тіркеу туралы хабарламаны алған кезде, асыраушысының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісінің болуы) көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мекен-жайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
бұйрығына 7-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
8-қосымша
|
«Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2) Халықты жұмыспен қамту орталығы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал); 4) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік порталы; 5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
6 (алты) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында: қор филиалы басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы, «Электрондық еңбек биржасы» порталындағы «жеке кабинетіне» жіберілген, осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрестіледі. 3) порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 4) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы. Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Халықты жұмыспен қамту орталығына берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі. Порталда, «Электрондық еңбек биржасы» порталында: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, электрондық өтініште көрсетілген банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, соның ішінде «бір өтініш» қағидаты (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жіберіледі), бойынша электрондық түрде, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы) көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – www. gov4c. kz. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
бұйрығына 8-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
9-қосымша
|
«Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
қағаз түрінде/ проактивті |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы); 3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары). Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Проактивті қызмет арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру туралы хабарлама алу, көрсетілетін қызметті алушыда еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыстан босатудың алдыңғы күнінің алдындағы айға әлеуметтік аударымдардың болуы, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде жүктілікке және босануға байланысты жұмыстан босатудың мәліметтерінің болуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы). Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www.gov4c.kz. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
бұйрығына 9-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
10-қосымша
|
«Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2) «электрондық үкімет» веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал). 3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты - 20 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Электронды (толықтай автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Порталда: Қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберілген осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады. 3) қорда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы; 3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) – салыстырып сәйкестендіру үшін; Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай): 1) консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат; 2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар); 3) бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме; 4) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат; Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Порталға: Әлеуметтік төлем тағайындау үшін - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы портал арқылы тағайындауға өтініш; әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні, қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы құжатты өтініш беруші электрондық өтініште көрсетілген тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін алу кезінде мемлекеттік қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, баланың тууы туралы акт жазбасын тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы) жіберілген міндетті келісімі қажет. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - www. enbek. gov. kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты қолдану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
бұйрығына 10-қосымша |
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
5-1-қосымша
Нысан
Шығыс мөртабан
Әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициентін қолдану кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтама
___________________________________________
(Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)
Жеке шот №_______________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ___________
Тегі______________________________________
Аты______________________________________
Әкесінің аты (бар болса)____________________
|
Төлеушінің атауы |
Төлеушінің БСН немесе ЖСН |
Әлеуметтік аударымдарды төлеу күні (айы, жылы) |
Әлеуметтік аударымдар |
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кіріс (теңге) |
Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы |
|
|
Кезең (ай және жыл) |
Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге) |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілі______________________________
(4-бағаннан күнтізбелік айлар саны жазбаша)
Соңғы (___) айдағы әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін орташа айлық табыс____________________________________
Директор_________________________________
Бас Бухгалтер_____________________________
Мөр
Жауапты орындаушы: _____________________
Үзінді көшірменің күні мен уақыты: _________
|
бұйрығына 11-қосымша |
Артық (қате) төленген
әлеуметтік аударымдарды және
(немесе) әлеуметтік
аударымдарды уақытылы және
(немесе) толық төлемегені үшін
өсімпұлды «Азаматтарға
арналған үкімет» Мемлекеттік
корпорациясының банктік
шотына аудару қағидаларына
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысына _____________________________ өтініш
кімнен_______________________________________
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе)
өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң
атауы/ Т.А.Ә. (бар болса))
_______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомасын:
|
Р/с № |
ЖСН |
Т.А.Ә. |
Кезең |
Төленген сома |
Қайтарылатын сома |
|
|
|
|
|
|
|
қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы, қайтарылатын жалпы сома,
себебі (керегін белгілеу қажет):
□ төлеушi немесе банк бiр төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;
□ алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;
□ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
□ төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
□ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
□ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;
□ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
□ дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған;
□ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
|
□ |
Төлеушінің атауы:___________________________________ Төлеушінің ЖСН/БСН:_______________________________ ЖСК:______________________________________________ Банк төлеушінің БСК:________________________________ Төлеушінің банкі:___________________________________
|
|
□ |
электрондық ақшаның электрондық әмианы_____________________________________________
|
Қосымшалар:
Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі, төлеушінің БСН немесе банктік шоты өзгерген жағдайда растайтын құжаттың көшірмесі.
Қолдары:
Басшы ______________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер _________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Заңды мекенжайы: ___________________,
Төлеушінің байланыс телефондары:
Телефон: +7 (____)_________________,
E-mail__________________________.
Толтырылған күні 20 ____жылғы «______» ___________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).
Мөр орны (бар болса)
|
бұйрығына 12-қосымша |
«Міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне
қатысушыға әлеуметтік
аударымдардың жай-күйі және
қозғалысы туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
|
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның (бұдан әрі - қор) филиалдары. |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі |
1) Мемлекеттік корпорация; 2) қор; 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал). |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік корпорацияға, қорға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 минут. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында - 15 минут. Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минут. |
|
4 |
Көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат. Мемлекеттік қызметту көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық/қағаз түрінде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі |
Жеке тұлғаларға тегін. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, «электрондық кезек тәртібінде», жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады. 2) қордың - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау қорға жеке жүгіну тәртібімен жүзеге асырылады. 3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: өзі жүгінген кезде: 1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет). сенім білдірілген адам жүгінген кезде: 1) көсретілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде. порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш. Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде біржолғы құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы мерізімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның, қордың қызметкері уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар |
Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда бірреттік парольмен сұрау салу арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде; 2) қор - www.gfss.kz; 3) портал: www.egov.kz-те орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.gov4c.kz, www.gfss.kz. интернет-ресурстарында көрсетілген. Цифрлық құжаттардың сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжаттарды қолдану үшін электрондық-цифрлық қолды немесе біржолғы құпиясөзді қолдануымен мобильді қосымшада тіркелуі, бұдан кейін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтуі және қажетті құжатты таңдау қажет. |