«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына пресс-релизі
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Барлық мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең жүзеге асыруын көтермелеу, қорғау және қамтамасыз ету, сондай-ақ өздеріне тән қадір-қасиетін құрметтеуді көтермелеу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы (бұдан әрі –Конвенция) қабылдады.
Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V Заңымен ратификациялады.
Қазіргі уақытта Конвенцияның қатысушылары 97 мемлекет болып табылады, олардың ішінде таяу шет елдер – Әзірбайжан, Армения, Моңғолия және Украина.
Конвенцияға сәйкес, оны ратификациялаған мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті өмір сүру деңгейін және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауы керек.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама (бұдан әрі – Факультативтік хаттама) мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жоюға, олардың еңбекке, денсаулық сақтауға, білім алуға құқықтарын қамтамасыз етуге және қоғам өміріне толық қатысуға, сот төрелігіне қол жеткізуге, жеке басына қол сұғылмаушылыққа, пайдаланудан және асыра пайдаланудан еркіндігіне, жүріп-тұру еркіндігіне, жеке ұтқырлыққа бағытталған.
Факультативтік хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғауға құқық береді.