«2021 - 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«2021 - 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі

 қаулысының жобасына  баспасөз релизі

 

        

         «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан қаулысының жобасы  әзірленді.

         Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қабылдау тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін өзектілендіру жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыруға бағытталған, Премьер-Министр А. Маминнің 2021 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, 2021-2023 жылдарға конкурстан тыс рәсімдерде жоспарланған ғылыми зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік береді. Ғылыми нәтижелер 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Үкімет отырысында берілген ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша 2021 жылы әзірленетін Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыруда негіз қалаушы ретінде пайдаланылатын болады.

         2021 жылғы 14 маусымда қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшіліктің талқылауы үшін орналастырылған.

Дата публикации
12 июня 2021