«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі өкімінің жобасы (бұдан әрі – Өкім жобасы) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Өкім жобасында жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған Жол картасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделеді:
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық жобаларды жақсарту және одан әрі іске асыру, өңірлік кәсіпкерліктің өсуі, кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналасқан.