«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
баспасөз-релизі
«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің 14 сәуір 2015 жылғы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыруда әзірленді.
Бұйрық жобасы:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған жеке тәжірибемен айналысатын еңбек, кәсіпкерлік қызмет кезеңдерін;
- төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеуге байланысты табыстан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алу кезеңдерін есепке алу;
Жобаны қабылдау 2020 жылғы 23 қазандағы № 29 Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған шығыстарды ұлғайтуды көздейді.
Жоба теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.