«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларында:
40-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі