«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (53-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына ақпараттық хабар
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (53-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осымен 2020 жылғы 7 қыркүйекте бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің порталына жіберілгенін және талқылау үшін 10 күн қолжетімді болатынын хабарлаймыз.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (53-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (53-шығарылым) жобасы кіріспе және құрылыс материалдары өндірісіндегі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 16 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
БТБА (53-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (53-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен (қосымша) беріледі.