«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына толықтыру енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының  30-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарда мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік алып тасталған жағдайда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдаң бастап тоқтатылады.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 

                                    А. Мамин

Дата публикации
24 мая 2021