Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасы мақұлдансын.
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин