Нәтижелі жұмыспен қамтуды және
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2025 жылдарға арналған
«Еңбек» ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының
1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2025 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасы (бұдан әрі – Ұлттық жоба) бекітілсін.
- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Ұлттық жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
- Жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жоспар-кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат берсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин