«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (20-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (20-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осымен 2020 жылғы 14 қазанда бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің порталына жіберілгенін және талқылау үшін 10 күн қолжетімді болатынын хабарлаймыз.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (20-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (20-шығарылым) жобасы жартылай өткізгіш өндірісі, пьезотехника өндірісі, радиобөлшектер өндірісі, электр вакуум өндірісі, электронды техника бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптерінің жұмыстарына арналған разрядтар бойынша 138 жалпы кәсіптерді қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып, әзірленді.
БТБА-ның (20-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (20-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткіші (қосымша) көрсетілген.