Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде
жұмыскерлерге демалыс ақысын есептеу бойынша
пресс-релиз
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-бабына сәйкес жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар.
Бұл ретте Кодекстің 87-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген) сәйкес есептелген орташа жалақы есебінен беріледі, оған сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Алайда, қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде ауысымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге олардың ауысымаралық, вахтааралық демалысы кезінде еңбек демалысын алуға тыйым салмайды.
Осыған байланысты әртүрлі жұмыс режимдері бар қызметкерлерде еңбек демалысы кезеңіне келетін жұмыс сағаттарын есептеу кезінде теңгерімсіздікке жол бермеу мақсатында, сондай-ақ жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде орташа жалақыны есептеу үшін жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа есеппен сақталатынын ескере отырып, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгерімін негізге ала отырып, жұмыс сағаттарының орташа жылдық саны қолданылады.