«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы « » Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
анықтама
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
2020 жылғы 24 желтоқсанда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
2020 жылғы 24 желтоқсанда бұйрық жобасы Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне жолданды. Бұйрық жобасы Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі 2020 жылғы
6 ақпандағы № 224 хаттамасымен мақұлданды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу талап етілмейді.