«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы, 3 тармағы, 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда
    № 13109 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Ұсынатын адамдар тобы: Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ұсыну мерзімі: Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15-күні

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне ұсынады.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының назарына жеткізуді;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

С. Шапкенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

 

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Дата публикации
20 апреля 2021