«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15610 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
31 марта 2021