Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасы.
Осымен 2021 жылғы 29 наурызда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталына жіберілгенін және талқылау үшін 10 күн қолжетімді болатынын хабарлаймыз.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бұрын берілген қызметтік куәліктердің орнына сәйкестендіру карталарын беру бөлігінде өзгерістер енгізілді, осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының бұйрығының күші жойылды деп тануға жатады.