«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті АЖ (бұдан әрі – АЖ) сұрау салулар қалыптастырады:
өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға;
банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәлңметтер бойынша екінші деңгейдегі банктердің АЖ-дарынан;
әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінгенде:
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына – жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу туралы, куәландыру және мүгедектік тобын белгілеуді жүргізу туралы анықтама бойынша «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі» АЖ-ға;
асыраушысынан айырылу жағдайына:
баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, не туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын, некеге тұру туралы анықтама не неке туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын, асыраушының қайтыс болуы (сот хабар ошарсыз кетті деп немесе қайтыс болды деп жариялаған) туралы, не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша «АХАТ» АЖ-ға;
куәландыруды және мүгедектік тобын белгілеуді жүргізу туралы (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан үлкен балалар, оның ішінде асырап алынған аға, іні, сіңлі, қарындастары бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған жағдайда) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі» АЖ-ға;
балаға қамқоршы (қорғаншы) белгілеу туралы анықтама бойынша «Е Қамқорлық» АЖ-ға;
жұмысынан айырылу жағдайына - өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасы бойынша «Еңбек нарығы» АЖ-ға;
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына:
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша «ЖжФЖӘТ» АЖ-ға;
Өтініш берушілерді дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары ретінде мемлекеттік тіркеу туралы және әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш берген кезде) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жеке шоттарын жүргізу қағидалары)
19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» АЖ-да мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме бойынша «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-ға;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы, баланы (балаларды) асырап алу туралы, неке қию туралы мәліметтерді қамтыған анықтама немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан неке туралы (алынған мәліметтерде ата-аналардың тегі ауысқан жағдайда) баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтитын анықтама не азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама бойынша «АХАТ» АЖ-ға;
Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.»;
6-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі(бұдан әрі – МӘС бөлімшесі); 3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы |
»;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде/проактивті/«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген |
»;
9-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
бұйрығына қосымша
Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша |
|
«Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде/ прокактивті |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс графигі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсет үшін қажетті құжаттар тізімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы); 3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары). Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Проактивті қызмет арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру туралы хабарлама алу, көрсетілетін қызметті алушыда еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыстан босатудың алдыңғы күнінің алдындағы айға әлеуметтік аударымдардың болуы, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде жүктілікке және босануға байланысты жұмыстан босатудың мәліметтерінің болуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы). Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - www.gov4c.kz. |