Жоба
Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекiтiлсiн.
- Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (келісу бойынша), кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (келісу бойынша):
1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- "Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсiн.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин