Облыстардың, Алматы және Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурыз халықты жұмыспен қамту органдарының көмегімен 135,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11,6 мың жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, білім беру ұйымдарының 7 мың түлегі жастар практикасынан өтуге жіберілді.
2021 жылдың өткен кезеңінде 65,9 мың адам қоғамдық жұмыспен қамтылды, 2 мың адам кәсіптік оқуға жіберілді.