«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15610 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.