«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:

19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1. Қажет болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынылады.

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» және «электрондық үкімет» порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына немесе электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен аудару жолымен жүргізеді.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар  бар табысы аз отбасыларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай немесе электрондық нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Алушы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алған кезде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың бұрын берілген хабарламаға сәйкестігін, сондай-ақ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оны еркін нысандағы ведомство өз қолтаңбасымен растайды.

Алушы қол қойған ведомостар жергілікті атқарушы органдардың өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға наразылықтар болған кезде алушы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға және өзге де органдарға жүгінеді.»;

1, 6 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 19-1-тармағын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

С. Шапкенов

 

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
26 марта 2021