Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығын
(51 -шығарылым) бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Шапкенов |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 1 наурыздағы № 53 |
|
бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (51-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі;
ас тұзын өндіру және өндірісі;
кондитерлік өндіріс;
консерві өндірісі;
крахмал-сірне өндірісі;
қант өндірісі;
май-тоңмай өндірісі;
нан пісіру-макарон өндірісі;
парфюмерлік-косметика өндірісі;
сауда және қоғамдық тамақтану;
тамақ концентраттары өндірісі;
темекі-махорка және ферментациялық өндіріс;
уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу;
шай өндірісі;
элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі;
эфир майы өндірісі бойынша жұмысыстарды қамтиды.
2-тарау. Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Ашытқы жасау аппаратшысы, 3-разряд
сыра суслосын ашыту үшін ашытқы жасау процесін жүргізу;
ашытқыны өңдеу, өсіру және күбіде, науада, монжюда сақтау;
тұқымдық және тауарлық ашытқыны ашыту күбілердең алу;
ашытқыны есепке алу және генерациялар мен расалар бойынша бөлу;
ашытқыны ұсақ көзді тордан сүзу арқылы механикалық қоқымнан, қышқылдату және сілтілендіру арқылы бөгде микроағзалардан тазарту;
ашытқыны жуу және белсенді ашытуға дайындау;
қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітінді дайындау;
жинақтауыштағы суды ауыстыру, ашытқы жинақтауыштағы температураны бақылау және реттеу;
таза күйіндегі ашытқыны қабылдау және оның өсу процесін бақылау;
ашытқы жинақтарының, тоңазытқыштардың және ашытқы камераларының басқа да жабдықтарының биологиялық тазалығын қамтамасыз ету;
тауарлық ашытқыны ыдыстарға құю;
тауарлық ашытқыны сатуға жіберу және санын есептеу.
тұқымдық ашытқыны өңдеу, оны сақтау технологиясы;
ашытқының сипаттамасы, расалардың айырмашылығы;
практикалық тәсілдер, ашытқыны алу техникасы;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс және пайдалану тәртібі;
ашытқыны генерациялар мен расаларға бөлу тәртібі;
суслоны ашыту үшін ашытқыны ыдысқа салу нормалары;
ашытқыны қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітіндіні дайындау тәртібі және жұмсау нормалары;
жабдықтар мен ашытқы камерасының үй-жайларын санитарлық өңдеу тәртібі.
2-параграф. Ашыту процесінің аппаратшысы, 3-разряд
технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ашыту процесін жүргізуге қатысу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ашыту ыдыстарына ашытқының түсуін және ашыту барысын бақылау;
ашытқыны ашыту күбілерінен және қысыммен жұмыс істейтін лагерь сыйымдылықтарынан түсіру, оларды ашытқы камераларына тасымалдау;
ашытқыны ашыту күбілеріне жіберу; шлангтарды жеткізу және қосу, деканы алу және сыраны, квасты, браганы айдау;
некені қабылдау және өңдеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ашыту массасының температуралық режимін бақылау;
колер, жалбыз тұнбасы және басқа да ингредиенттерді дайындау;
бражканы құюға тапсыру;
ашыту массасын сүзу және пастерлеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау;
шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.
шикізаттың түрлері мен қасиеттері, ашытудың микробиологиялық тазалығы туралы негізгі мәліметтер;
ашыту технологиясының негіздері;
ашытқы қасиеттері және олардың тіршілік ету принциптері;
ашыту кезінде болатын негізгі процестер;
жабдықтар мен коммуникацияларды жуу, дезинфекциялау және санитарлық өңдеу тәртібі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс принципі және пайдалану тәртібі.
3-параграф. Ашыту процесінің аппаратшысы, 4-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары ашыту процесінің аппаратшысының немесе мастердің басшылығымен спиртпен ашыту, сыраның әртүрлі сортына арналған сыра ашытқысының басты ашытылу, жеткізіле ашыту және сыраны сақтау, квас пен ашымалды ашыту технологиялық процесін жүргізу;
ашытылған массаны, ашымалды, сыра ашытқысын, квас суслосы концентратын және сыраны ашыту және лагерь ыдыстарына және алдын ала араластыру күбілерге қабылдау;
квас суслосының концентратын белгілі бір тығыздыққа дейін араластыру;
квас суслосын ашыту күбілеріне айдау;
қант сиропын қайнату және оны ашыту күбілеріге салу;
ашытқыны жіберу, шпунттау, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режимді реттеу;
суды салқындатқыш иірімдерге жіберу, ашымалды шығару жылу алмастырғыштар арқылы айдау жолымен салқындату, дайын өнімді салқындату және бөліп құю үшін айдау;
күбілердің микробиологиялық тазалығын тексеру;
ашытудың барлық кезеңдерінде технологиялық режимді бақылау;
квас пен ашымалды араластыру;
сынама алу;
сірне ерітіндісін және күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау, көпіршікті басу қоспасын дайындау және оны ашыту массасына қосу.
шикізатқа қойылатын негізгі талаптар;
спирт пен сыра, квас пен ашымалды өндіру технологиясы;
ашыту, жеткізе ашыту және сыраның әртүрлі сорттарының сақталуының технологиялық процесі;
сақтау мерзімі;
ақаулықтардың түрлері және оның алдын алу және жою тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың және өлшеу құралдарының құрылысы;
қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері;
өлшеу құралдарын және түзету кестелерін пайдалану тәртібі;
суслоның ашытылу тығыздығын, ашыту температурасын айқындау тәртібі.
4-параграф. Ашыту процесінің аппаратшысы, 5-разряд
технологиялық нұсқаулыққа сәйкес спиртпен ашыту, сыраның әртүрлі сортына арналған сыра ашытқысының басты ашытылу, жеткізіле ашыту және сыраны сақтау, квас пен ашымалды ашыту технологиялық процесін жүргізу;
күбілердің микробиологиялық тазалығын, жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексеру, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ашытудың барлық кезеңдерінде температуралық режимді бақылау;
күбідегі, ыдыстағы қысымды, жарықты және қышқылдықты реттеу;
белгіленген технологиялық режимге сәйкес сыраны ашыту, жеткізе ашыту және ағарту процесін жүргізуді қамтамасыз ету;
қарапайым талдау жүргізу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және жою;
сыраның сүзілуін және карбонизациялануын бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сүзу кезіндегі қысымын реттеу.
сыра, квас, ашымал өндірудің технологиялық схемасы;
коммуникацияның орналасу схемасы, дайын өнімнің технологиялық қасиеттері;
өнімнің әртүрлі сорттарын ашыту режимінің тәртібі мен өлшемдері;
қарапайым талдаулардың әдістемесі;
ашыту өнімдерін өндіруді қолданылатын жабдықтардың құрылысы;
оның жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.
5-параграф. Ашыту процесінің аппаратшысы, 6-разряд
өлшеу және автоматика құралдары жүйесімен жабдықталған ірі көлемді цилиндр-конус танктарда сыраны күрделі биохимиялық және микробиологиялық ашыту және ашуын жеткізу процесін жүргізу;
цилиндр-конус танктардың ашыту массасымен толтырылуын бақылау;
ашытқыны салу, цилиндр-конус танктарға берілетін сыра ашытқысын стерильді ауамен ауаландыру;
сыраны ашыту және ашуын жеткізу процессінің барлық кезеңдерінде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режим мен қысымды реттеу;
сыраның құрамындағы экстрактіні бақылау;
технологиялық режимге сәйкес тоңазытқыш агентті цилиндроконус танктердің қалташықтарына жіберу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және жою;
ашытқыны алу;
сыраны сүзуге (ағартуға) жіберу;
сынаманы алу және талдау жүргізу.
ірі көлемді цилиндр-конус танктарда сыра өндіру технологиясы;
коммуникацияның орналасу схемасы;
сыраның әртүрлі сорттарының ашытылуы және ашуына жеткізілу режимдері;
технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептері және оларды жою тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және қызмет ету тәртібі.
6-параграф. Дегоржер, 5-разряд
шампанды шөлмек әдісімен өндіруде тығынға ауыстырылған және алдын ала мұздатылған тұнбаны дегоржаждау - тастау процесін жүргізу;
шараптың мөлдірлігін, тұнбаның мұздауының дұрыстығын және дегоржажға дайындалған шөлмектердің қабырғаларында оның болмауын тексеру;
тығынды алу, тұнбаны шығару;
шарапты бөгде иістердің жоқтығына органолептикалық сынау;
бөтелкелерді ликер-мөлшерлеу машинасының қабылдау құрылғыларына орнату;
шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.
шампанды шөлмек әдісімен өндіру технологиясының негіздері;
дегоржаж процесінің мәні мен маңызы және оны жүргізу тәртібі;
шарап стандарты «Кеңестік шампан»;
шараптың, ашытқының, көмірқышқылының биологиялық және физика-химиялық қасиеттері.
7-параграф . Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші, 1-разряд
жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің басшылығымен жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау;
жеміс ашытқысы мен шырындарды мөлдірлегеннен кейін қоюын құйып алу, оларды ашыту және тұндыру;
құюды жинақтағыштарға толтыру, сынамаларды іріктеу;
технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту;
қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту;
үй жайға күкіртті ангидридті түтін салу.
шикізат пен қосалқы материалдардың негізгі қасиеті;
сынамаларды іріктеу тәртібі;
коммуникациялардың орналасу схемасы;
қызмет көрсететін жабдықтың түрлері және оларды қолдану тәртібі.
8-параграф. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші, 2-разряд
жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау;
жеміс ашытқысы мен шырындарды жинақтағыштардан тұнбаларға, езінді жинағыштан ашыту резервуарларына құю;
ашыту ыдыстарын өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарын дайындау;
шарап материалдарды тұндырғаннан немесе ашытқаннан және спирттегеннен кейін ашытқы шөгінділерін төгу (сорғымен сорып алу);
ашытқы шөгінділерін топқа бөлу және өңдеу (тұндыру, сүзу, престеу), оларды қайта өңдеуге беру;
бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату, кейін оларға жеміс ашытқысын толтыру;
лагерлерді таратып бөлу, бөшкелерді домалату, ыдыстарда қажетті деңгейді ұстап тұру үшін ыдыстарға шарап материалдарын құю және ыдыстардан құйып алу;
шпунттарды және шпунт тесіктерін өңдеу; күкіртті ангидридтің ерітіндісін дайындау;
шпунттарды парафиндеу;
ашытқылардың таза дақылдарын жинау және өңдеу бойынша жекелеген операцияларды және жұмыстарды орындау;
технологиялық ыдыстарды зарарсыздандыру;
сынамаларды іріктеу.
жеміс ашытқысының, шырындардың, шараптардың, ашытқылардың негізгі қасиеті; технологиялық ыдыстарды толтыру тәртібі;
сынамаларды іріктеу, сіңдіргіш ортаны, ыдыстарды, сыйымдылықтарды зарарсыздандыру тәртібі;
дезинфекциялау құралдарын дайындау тәртібі;
ашытқы шөгінділерін өңдеу тәртібі мен тәсілдері;
ашытқының таза дақылдарын жинау және өңдеу тәртібі.
9-параграф. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші, 3-разряд
жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің немесе шебердің (технологтың) басшылығымен жеміс ашытқысын, шырындар мен езінділерді ашыту процесін жүргізу: ыдыстарды дайындау, оларды жеміс ашытқысымен, шырынмен немесе езіндімен толтыру, ашытқыны беру, шарап материалдарын сульфиттау және спирттеу, оларды ашытқы тұнбалардан түсіру;
езіндіде жеміс ашытқысын тұндыру немесе ашыту кезінде езіндіге күтім жасау;
сірке суы өндірісінде – сірке суын ашыту процесін жүргізу;
жеміс ашытқысы мен шырындарды мөлдірлету процесін жүргізу;
тұндыру ыдыстарын жеміс ашытқысымен, шырынмен толтыру, күкіртті ангидридті және бентониттің су суспензиясын беру, араластыру, мөлдірлігін қадағалау, мөлдірлегеннен кейін ашытуға беру;
жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын көбейту және ашытқыны дайындау бойынша операциялар мен жұмыстарды орындау;
аппаратураларды, жабдықтарды, ыдыстарды, коммуникацияларды дайындау және зарасыздандыру;
қоректік ортаны тазарту (сүзу), тұндыру;
зарасыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру, зарасыздандыру және зарасыздандырғыш ыдыстарға құю;
ашытқыны зарасыздандырған ортаға беру;
мөлшерлегіш құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны беруге көмектесу;
қызмет көрсететін аппаратураларға, сорғыларға, сүзгілерге және коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу;
ашық қазандықтарда жеміс ашытқысын шоғырландыру (әбден пісіру);
қазандықтарды жеміс ашытқысымен толтыру, қыздыру температурасын реттеу, пісіру процесін қадағалау;
жеміс ашытқыларын пісіру шамасына қарай үлкен қазандықтардан кіші қазандықтарға құю, жеміс ашытқыларын бейтараптандыру, дайын концентратты ыдыстарға құйып алу;
бентонит суспензиясын даярлау;
микробиологиялық бақылау үшін цехтер мен қоймаларда сынамаларда сынамаларды іріктеу;
қызмет көрсететін аппаратураларға, коммуникацияларға, сорғыларға, араластырғыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын реттеу;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
шараппен немесе сірке суымен ашыту, ашытқының таза дақылдарын шығару және көбейту процесінің негізгі технологиясы;
технологиялық режимдер және оларды орындау мен реттеудің негізгі тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі;
есепке алу тәртібі.
10-параграф. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші, 4-разряд
жеміс ашытқысын, шырындарды, езінділерді ашыту процесін жүргізу;
ыдыстарды дайындау, оларға жеміс ашытқыларын, шырындарды немесе езінділерді толтыру, мөлшерлеу және ашытқыны беру;
сульфиттау, спирттеу;
езіндіні жылумен өңдеу және ферменттеу;
шарап материалдарын ашытқы тұнбаларынан түсіріп алу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен ашыту процесін бақылау және реттеу;
қызмет көрсететін сорғыларға, сүзгілерге, араластырғыштарға, коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою;
ашытқының таза дақылдарын генерациялау және өндірістік жағдайда ашытқыны дайындау;
ашытқыны жинау, зарарсыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны қоректік ортаға себу;
генерациялау процесін қадағалау;
мөлшерлегіш құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру;
жеміс ашытқысы мен буды вакуум-аппаратқа беру;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температураны реттеу және ыдырату;
пісіру процесін қадағалау және оның аяқталу сәтін айқындау;
дайын концентратты ыдысқа құю;
жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою.
шикізаттардың, материалдардың биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті;
ашыту процесінің технологиясы, ашытқының таза дақылдарын шығару және көбейту, вакуум-аппараттарда жеміс ашытқысын өндіру;
шарап материалдарын, ашытқы мен вакуумдалған жеміс ашытқыларын дайын болғандығын айқындау тәсілдері;
қызмет көрсететін жабдықтарды және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.
11-параграф. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші, 5-разряд
толассыз ағында ашыту процесін жүргізу;
кезбе батареяларға, аппараттарға жеміс шырындарын тиеу, ашытқыны беру;
ашыту материалдары ағынының жылдамдығын реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен алғашқы ашыту процесін бақылау және реттеу;
ашыту процесінің басталу және аяқталу сәтін айқындау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою.
толассыз ағында шараппен ашыту технологиясы;
технологиялық режимнің параметрлері және оны реттеу тәртібі;
талдау әдісі және шарап материалдарын дайын болғандығын айқындау тәсілдері;
толассыз ағында жеміс ашытқысын өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері;
ашыту материалдары ағынының жылдамдығын реттеу тәсілдері;
ашыту процесінің басталуы мен аяқталуын айқындау тәсілдері.
12-параграф. Каптажшы, 3-разряд
минералды судың зауыттық құрама бассейндеріне қызмет көрсету;
құю желілеріне минералды судың берілуін, бассейндердегі судың температурасы мен деңгейін, құбыржолдардағы қысымды реттеу;
сынама алу, минералды судың сапасын органолептикалық әдіспен тексеру;
бассейндерден минералды су қалдықтарын шығару;
құбырлар жүйесіне су беретін механизмдерге қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау;
жабдықтар мен бассейндерге санитарлық өңдеу жүргізу.
минералды судың қасиеттері мен сапасын анықтау тәсілдері;
бассейндерді өңдеудің және күтіп ұстаудың санитарлық тәртібі;
минералды суды бөтелкелерге құю технологиясы;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс принципі және пайдалану тәртібі;
құбырлардың орналасу схемасы.
13- параграф. Коньяк өндірісінің аппаратшысы, 3-разряд
коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізуге қатысу;
қысымды сыйымдылықтарды шарап материалдарымен толтыру, қыздырғыштарды шарап материалдарымен толтыру және оларды берілген температураға дейін қыздыру;
айдау аппараттарын шарап материалдарымен немесе шикі спиртпен өздігінен ағатын немесе сорғымен тиеу;
айдау аппараттарын босату және қалдықтарды кәдеге жаратуға беру немесе кәрізге шығару;
коньяк спиртін ұстауға айдау;
қызмет көрсетілетін жабдықта іске қосу, шығару және ауа вентильдерін, айдау аппараттарында бардялы штуцерлерді тиісті жағдайға орнату және жабдықты айдауға дайындау кезінде, айдау процесінде және жабдықты тоқтату кезінде олардың дұрыс жағдайын бақылау;
сынамаларды іріктеу.
шарап материалдарын айдау технологиясының негіздері;
шарап материалдарының, коньяк спирттерінің, коньяктардың негізгі қасиеттері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс принципі;
коммуникациялардың орналасу схемасы.
14-параграф. Коньяк өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд
біліктілігі жоғары аппаратшының немесе шебердің (технологтың) басшылығымен коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату; айдау аппараттарын қыздыру үшін жыланшаларға, суды-дифлегматорлар мен тоңазытқыштарға беру; жыланшалардағы су мен будың температурасын, айдалатын аппараттардың тиелуін және бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша олардағы сұйықтықтың деңгейін бақылау;
булау, су, шарап және спирт коммуникацияларының жай-күйін;
су мен будың берілуін реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды жою. колер, жалбыз тұнбасын және басқа да ингредиенттерді дайындау;ашытқыны айдауға жіберу; шытылатын массаны сүзу және пастерлеу; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау; шикізатты және дайын өнімді есепке алуды жүргізу.
коньяк өндірісі технологиясының негіздері;
шарап материалдарын айдау технологиясы мен режимінің параметрлері;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, коммуникациялардың құрылысы;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі;
өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
15-параграф. Коньяк өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
біліктілігі жоғары аппаратшының немесе шебердің (технологтың) басшылығымен коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату;
айдау аппараттарын қыздыру үшін жыланшаларға, суды-дифлегматорлар мен тоңазытқыштарға беру;
жыланшалардағы су мен будың температурасын, айдалатын аппараттардың тиелуін және бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша олардағы сұйықтықтың деңгейін бақылау;
булау, су, шарап және спирт коммуникацияларының жай-күйін;
су мен будың берілуін реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды жою.
коньяк өндірісі технологиясының негіздері;
шарап материалдарын айдау технологиясы мен режимінің параметрлері;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, коммуникациялардың құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі;
өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
16-параграф. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуші, 2-разряд
коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау;
технологиялық құюларды жүргізу;
сынамаларды іріктеу;
бөшкелерді лагерлерге орнату және оларды толтыру;
ыдыстарда спирт пен коньяктардың қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан спирт пен коньяктарды құйып алу немесе оларды ыдыстарға құю;
технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарға сорғылардың, аппараттардың, құрылғылардың көмегімен коньяк спиртін немесе коньякты толтыру;
бөшкелерді парафиндеу;
спирттелген суларды, тазартылған суды дайындау;
трафарет салу;
шөгінділерді төгу;
жабдықтар мен ыдыстарға шлангтар мен шарап құбырларын қосу және сөндіру;
қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту;
технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту;
бөшкелердің кертіктері мен құрсауларын сырлау;
қызмет көрсететін жабдықтардың және коммуникациялардың жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою.
коньяк спиртінің, коньяктардың және қосалқы материалдардың негізгі қасиеті;
технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарды толтыру тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмыс істеу принципі.
17-параграф. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуші, 3-разряд
коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша жекелеген аса күрделі операцияларды орындау;
коньяк спиртін эгализациялау, бөшкелерді коньяктармен толтыру және құюға беру;
коньяктарды өңдеу: жапсыру, мөлшерлеу және жапсырылатын заттарды беру, араластыру, сүзу, купаждаудан кейін бабына келтіру;
қазандықтарда және түрлі тәсілмен қыздыратын аппараттарда колер мен қант шәрбатын дайындау;
жапсырылатын ерітінділерді дайындау;
бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық талдаулар деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен процестерді бақылау және реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын реттеу және оның жұмысындағы кінәраттарды жою;
шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу.
коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау технологиясының негіздері; қажетті технологиялық нұсқаулықтар;
дайын өнім сапасына қойылатын талаптар;
технологиялық режимнің параметрлері және жекелеген операцияларда оны реттеу тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың құрылғысы;
есепке алу тәртібі.
18-параграф. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуші, 4-разряд
коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау;
коньяк спиртін резервуарлық бабына келтіру үшін емен тойтармаларын өңдеу;
тойтармаларды эмальды резервуарларға орналастыру;
емен тойтармаларда арнайы өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру кезінде оттекті режимді реттеу;
тойтармаларды жуу және термиялық өңдеу;
коньяктарды бөшкелерге құю;
жабдықтарға қызмет көрсету және оның жұмысындағы ақауларды жою;
коньяктарды дайындау процесін, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын бақылау және реттеу.
коньяк спиртінің, коньяктардың негізгі биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті;
коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау технологиясы;
технологиялық режимдердің параметрлері және емен тойтармаларда арнайы өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру кезінде реттеу;
емен тойтармаларын өңдеудің технологиялық негіздері;
қызмет көрсететін жабдықтардың, реттегіш құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.
19-параграф. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуші, 5-разряд
коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау;
технологтың басшылығымен эаглизациялау және купаждау үшін коньяк спиртін іріктеу әрі толық бабына келтіруге беру;
купажды дайындау, купаждау, мөлшерлеу және компоненттер мен желімделетін заттарды купажға беру, купажды араластыру;
емен тойтарманы таңдау және коньяк спиртін резервуарлық бабына келтіру үшін оны өңдеуді ұйымдастыру;
технологиялық режимнің орындалуын, шикізат пен материалдарды шығындау нормаларының сақталуын, жұмыссыздың тоқтамауын және учаскедегі қызмет көрсететін жабдықты пайдалану дұрыстығын бақылау;
шығындарға әкеп соғатын, өнім сапасының төмендеу себептерін уақытында анықтау және жою.
коньяк спиртін бабына келтіру, коньяктарды дайындау технологиясы;
емен тойтармасын таңдау және өңдеу технологиясының тәртібі;
шикізат пен материалдарды шығындау нормасы;
қызмет көрсететін жабдықтардың, реттегіш құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері;
эгализацилау және купаждау үшін коньяк спиртін іріктеу тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері.
20-параграф. Көпіргіш шараптарды дайындаушы, 2-разряд
көпіргіш шараптар өндіруде бөтелкедегі құрамды толық немесе ішінара салқындату немесе қатыру;
салқындату және қатыру процесін, камерадағы, ванналардағы ауа мен тұздықтың температурасын, бақылау-өлшеу аспаптары мен органолептикалық әдіс бойынша ванналардағы тұздықтың деңгейін бақылау;
салқындату және мұздату процесінің аяқталу сәтін айқындау;
тоңазытқыш камераларды, ванналарды тиеу және түсіру;
көпіргіш шараптар құйылған бөтелкелерді беру және тасымалдау;
шарап құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін тексеру үшін қатарластыру;
бабына келгенін тексергеннен кейін өндіріске беру, бөтелкелерді қайта қатарлау және шайқау;
ашытылған шарап құйылған бөтелкелерді пюпитрлерге орналастыру және одан шығару;
қатарларды ажырату және қайта қатарлау;
шарап құйылған бөтелкелерді операция аралық тасымалдау;
бабына келтіру процесінде көпіргіш шарап құйылған бөтелкелерді жуу.
көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкедегі құрамды салқындату және қатыру тәртібі мен мақсаты;
пюпитрлерді дезинфекциялау және орналастыру тәртібі;
шарап құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін бақылау үшін қатарлау тәртібі.
21-параграф. Көпіргіш шараптарды дайындаушы, 3-разряд
жоғары білікті көпіргіш шараптарды дайындаушының немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын көбейту және ашытқыны дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау;
аппараттарды, сыйымдылықтарды, ыдыстарды зарарсыздандыру;
қоректік ортаны мөлдірлеу (сүзу, тұндыру);
зарарсыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру, зарарсыздандыру және зарарсыздандырғыш ыдыстарға құю;
сорғының, өлшегіштің көмегімен ашытқыны қоректік ортаға және өндіріске беру;
аппаратураларға, сорғыларға, сүзгілер мен коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу;
шарапты тұнбалардан ажыратуға арналған аппаратуралар мен құрылғылардың көмегімен көпіргіш шараптарды бөтелкелерден бөтелкелерге ауыстырып құю;
бос және толтырылған бөтелкелерді ауыстырып құюға дайындау, қатарлардан бөтелкелерді ауыстыру;
толтырылған бөтелкелерді алдын ала салқындату және бос бөтелкелерді көмірқышқылымен толтыру;
қызмет көрсететін аппаратураның жұмысын реттеу;
шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу.
шараптың, ашытқының және қосымша қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;
ашытқының таза дақылдарын көбейтудің негізгі технологиясы;
технологиялық режимнің параметрлері және оны орындау тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникацияның жұмыс істеу принципі;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі;
есепке алу тәртібі.
22-параграф. Көпіргіш шараптарды дайындаушы, 4-разряд
аппараттарда үздіксіз жұмыс істейтін батареяларда ашытқылардың таза дақылдарын генерациялау процесін жүргізу;
ашытқыларды жинау;
зарасыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны қоректік ортаға себу;
генерациялау процесін қадағалау;
сорғылардың, мөлшерлегіш құрылғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру;
қайта ашыту үшін резервуарлық (немесе тираждық) қоспаны дайындау және өңдеу;
орталықтан тепкіш сорғыларды қолдану, көмірқышқылымен таптау немесе басқа да тәсілдермен қысымды аппараттарды шарап материалдарымен және ликермен толтыру;
қоспаны сутекті жіберу жолымен, ашыту және басқа да тәсілдермен қышқылсыздандыру-майсыздандыру;
қоспаны берілген температураға дейін қыздыру, оны сол деңгейде ұстап тұру және кейін салқындату;
қоспаны көмірқышқылымен таптау жолымен шампандауға беру;
көмірқышқылын шығару және қысымды аппараттардан рессиверге компрессормен сорып алу;
жинағыштарға қоспаның толуын және өңделген қоспаны қайта ашытуға берілуін қадағалау;
судың, қоспаның температурасын, сутекті мөлшерлеуді бақылау;
қант шәрбатын, тираждық және экспедициялық ликерді қазандықтарда,реакторларда, араластырғыш ыдыстарда, ротациялық бөшкелерде және басқа да аппараттарда дайындау;
сорғыларды, мөлшерлегіштерді, шнектер мен басқа да тиегіш механизмдерді қолдана отырып, компоненттерді тиеу;
суды, буды, отынды беру;
зертханалық талдаулардың нәтижелері және органолептикалық әдіс бойынша процестерді бақылау;
дайын болған сәтті айқындау, сүзу, сынамаларды іріктеу.
көпіргіш шараптарды бөтелкелеу және резервуарлық әдіспен дайындау технологиясының негіздері;
ашытқының таза дақылдарын генерациялау технологиясы;
шараптардың, ашытқылардың, қанттың, көмірқышқылының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті;
дайын өнімге қойылатын сапасына қойылатын талаптар мен технологиялық нұсқаулықтар;
қызмет көрсететін жабдықтардың, құрылғылардың, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.
23-параграф. Купаждаушы, 4-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары купаждаушының басшылығымен ликер-арақ өнімдері, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарына арналған купаж дайындау процесін жүргізу;
купаждау үшін қажетті материалдар мен ингредиенттерді дайындау;
рецептураға сәйкес купаж жасауға, купаждау күбіге тиісті ингредиенттерді салуға және оларды араластыруға қатысу;
сынамаларды алу, бақылау талдауларын жүргізуге қатысу;
белгілеген мерзімде дейін сақтаудан кейін дайын купажды ашуын жеткізу күбіге айдау немесе оны сүзуге жіберу;
купажды сүзу және миксерге жіберу (алкогольді емес және алкоголі аз өнімдерге);
купаждау немесе сұрыптау күбілерді жуу;
шикізатты және дайын өнімді есепке алу.
ликер-арақ өнімдерінің әртүрлі сорттарын, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарын дайындау технологиясының негіздері және рецептурасы;
ликер-арақ өнімдері мен алкогольді емес сусындардың, шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
қарапайым талдау, күштілігін айқындау және органолептикалық бағалау әдістемесі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану тәртібі, коммуникациялардың орналасу схемасы;
шикізатты және дайын өнімді есепке алу тәртібі.
24-параграф. Купаждаушы, 5-разряд
ликер-арақ өнімдері, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарына арналған купаж дайындау процесін жүргізу;
бояғыштарды, қант сиробын және басқа да қажетті материалдар мен ингредиенттерді алу;
рецептураға сәйкес купаж жасау;
купаждау күбіге (купаж жинақтау) тиісті ингредиенттерді біртіндеп енгізу және оларды араластыру;
күштілігін түзету, бақылау талдауын жүргізу;
коммуникациялардың, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;
шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.
ликер-арақ өнімдерінің әртүрлі сорттарын, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарын дайындау технологиясы;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, коммуникациялардың орналасу схемасы;
шикізатты және дайын өнімді есепке алу тәртібі.
25-параграф. Қоректендіргіш ерітінді дайындаушы, 2-разряд
тұздардың, антисептик ерітінділердің, көпіршік басушылардың қоректендіргіш ерітінділерін дайындау (мочевина, фосфат тиамоний, фосфор қышқылы және тағы басқа);
химикаттарды жіберу, жеткізу;
араластыру механизмін іске қосу;
ерітіндіні жылыту, көпіршік басушыларды стерильдеу;
ерітіндінің тығыздығын және басқа да көрсеткіштерін тексеру.
тұздардың қоректендіргіш ерітінділерін, химикаттарды, суперфосфат сығындыны, антисептиктерді дайындау технологиясы;
спирт өндірісінде пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтер.
26-параграф. Қоректендіру ортасын жасау аппаратшысы, 3-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен сірке суы өндірісінде қоректендіру ортасын жасау процесін жүргізу;
спиртті цехқа қабылдау;
спирттің күштілігін айқындау, оны өлшеуішке айдау;
спирт ортасын дайындау үшін компоненттерді жинақтауышқа жіберу;
спирттік ортаны дайындау, компоненттерді өлшеу, оларды еріту, құрамында тірі сірке суы бактериялары бар сірке суының қажетті мөлшерін есептеу, спирттің қажетті мөлшерін есептеу және өлшеу;
араластыру және кондициясына жеткізу;
сынама алу;
сорғыларға қызмет көрсету.
қоректендіру ортасын жасау технологиясының негіздері;
спирттік ортаны дайындау технологиясының мәні;
сынама алу және қарапайым талдау жүргізу тәртібі;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс тәртіптері және пайдалану тәртібі.
27-параграф. Қоректендіру ортасын жасау аппаратшысы, 4-разряд
сірке суы өндірісінде қоректендіру ортасын дайындау процесін жүргізу;
қоректендіру ортасын (тығын) жасау үшін компоненттерді дайындау: сіңімді тұздарды өлшеу және жасау, сірне өскіндерінің және ашытқы сығындысын дайындау;
құрамында тірі сірке суы бактериялары бар шикі сірке суы концентрациясын айқындау және оның қажетті мөлшерін есептеу;
есепті компоненттерден тұратын қоспаны (тығынды) жасау, спирттің қажетті мөлшерін жіберу;
қоспаны араластыру және қажетті кондициясына жеткізу, тұндыру;
қоспаның (тығынның) қышқылдандыру күбілерге беру және берілу жылдамдығын реттеу;
жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді анықтау және жою.
қоректендіру ортасын (тығын) жасау, компоненттерді дайындау;
қоса дайындау рецептурасы;
қоспаның (тығынның) компоненттерінің берілу тәртібі;
сынама алу және компоненттері мен қоспаны (тығынды) талдау тәртібі;
қоспаның (тығынның) қышқылдандыру күбілерге берілу жылдамдығы және оны реттеу тәртібі;
тығын бөлімі жабдықтарының құрылысы.
28-параграф. Құрғақ сыра ашытқысын дайындаушы, 2-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары құрғақ сыра ашытқысын дайындаушының немесе ауысым шеберінің басшылығымен құрғақ сыра ашытқысын алу процесін жүргізу;
ашыту күбілдерінен сұйық ашытқыларды қабылдау, қажетті қатынаста сумен сұйылту;
ашытқы бөлу;
ашытқыларды тұзды ерітіндімен өңдеу;
ащы толық жойылғанға дейін ашытқыларды жуу;
кептіргіш барабандарға сұйық ашытқыларды кептіруге беруді реттеу;
ашытқылардың барабанның бетіне біркелкі таралуын бақылау;
кептіргіштерді түсіруге қатысу және құрғақ сыра ашытқысын ұсақтауға беру;
ұсақтағыш жұмысын бақылау;
құрғақ ашытқыларды өлшеп орау, өлшеп оралған ашытқыларды өлшеу және таңбалау;
ашытқы салынған қораптарды немесе жәшіктерді қатарлап салу.
құрғақ сыра ашытқысын өндіру технологиясының негіздері;
ашытқылардың сепарация сапасын, жоғалуын анықтау әдістері, ақау түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс принципі және пайдалану тәртібі;
дезинфекциялау құралдарын дайындау және қызмет көрсетілетін жабдықтар мен коммуникацияларды санитарлық өңдеу тәртібі.
29-параграф. Құрғақ сыра ашытқысын дайындаушы, 3-разряд
құрғақ сыра ашытқысын алу процесін жүргізу;
ашытқы толық жойылғанға дейін ашытқыны айыру және жуу режимін қамтамасыз ету;
ашытқы кептіру процесінің барысын бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температура мен қысымды реттеу;
ашытқыларды кептірудің аяқталу сәтін анықтау, кептіргіштерді босату;
құрғақ ашытқы ұнтақтау процесін реттеу;
техникалық құжаттаманы жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықты және бақылау-өлшеу аспаптарын, коммуникацияларды тазалау, дезинфекциялау және жарамдылығын тексеру, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
құрғақ сыра ашытқысын өндіру технологиясы;
ашытқыларды сепарациялаудың, жуудың, кептірудің технологиялық режимінің параметрлері және оны реттеу тәртібі;
талдау әдістемесі және сыртқы белгілері бойынша процесс жүрісінің дұрыстығын анықтау тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.
30-параграф. Меласса суслосын дайындаушы, 3-разряд
меласса суслосын дайындау процесін жүргізу;
мелассаны қажетті концентрацияға дейін өсіру;
күбіге меласса мен су жинау, механизмдерді қосу, концентрациясы мен температурасын реттеу;
антисептиктер ерітіндісін дайындау және оны сироп жасауға жіберу;
мелассаны тұз немесе күкірт қышқылымен ашыту, химикаттарды дозалау;
мелассаны, сіңімді заттарды, антисептиктерді жіберіп тұратын сорғыны басқару;
меласса суслосын дайындау процесінің барысын бақылау және оны өлшеу құралдарының көмегімен реттеу;
мелассаның, сусло мен химикаттардың күбіден ағып кетуінің алдын алу;
мелассаны қажетті температураға дейін қыздыру, пастерлеу, салқындату;
талдауға сынамаларды іріктеу;
дайындалған меласса суслосын ашытқы және ашыту бөлімдеріне жіберу;
қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.
спирт өндірісі технологиясының негіздері;
меласса суслосын дайындау технологиясы;
мелассаның қасиеттері;
спирт өндірісінде пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтер;
антисептиктерді қолданудың тәсілдері мен тәртібі;
қызмет көрсетілетін қондырғының, өлшеу құралдары мен автоматиканың құрылысы және пайдалану тәртібі;
құбырлар мен тығын, реттеуші арматураның орналасу схемасы және оны пайдалану әдістері;
қышқыл тиген кезде алғашқы көмек көрсету тәсілдері.
31-параграф. Морс дайындаушы, 2-разряд
жеміс-жидек шикізатын қабылдау және қоспалауыш күбіге салу;
морс пен тұнбаны алғашқы және қайталап құю және ағызу;
өңделген шикізатты тұндыру күбілер мен бөшкелерден түсіру;
жеміс-жидек шикізатын престе сығу және сығындысын булауға жіберу;
күбілерді, бөшкелерді және басқа жабдықтарды жуу;
морсты, тұнба мен шырынды сорғымен айдау;
морс, тұнба және шырын өндірісі режимін бақылау.
жеміс-жидек шикізатының сапасына қойылатын негізгі талаптар;
шикізаттың сапасына қарай морстың, шырын мен тұнбаның негізгі сапалық көрсеткіштері туралы бастапқы мәліметтер;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс тәртіптер мен пайдалану тәртібі;
бастапқы және қайталама құйманың құйылу мерзімі.
32-параграф. Ремюер, 5-разряд
көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкелеу әдісімен (ремюаж) тұнбаларды тығынға әкелу;
бөтелкелерде ашытылудың аяқталу сәтін көзбен, органолептикалық айқындау;
бөтелкелердің пюпитерлерге дұрыс салынуын қадағалау;
тұну сипатын және оны өңдеу әдістерін айқындау;
пюпитердің ұяшықтарынан алмай, бөтелкенің ось бойынша оңға және солға тербелтіп қозғалту жолымен бөтелкелердің тұнбаларын өңдеу, одан әрі бөтелкелерді бастапқы күйден өзгеше орналастыру;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
көпіргіш шараптарды бөтелкелеу әдісімен өндіру технологиясының негіздері;
ремюаж процесінің мәні мен маңызы және оны жүргізудің тәртібі;
шараптардың, ашытқылардың, көмірқышқылының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті;
пюпитерлердің құрылғысы және олардан бөтелкелерді шығару;
есепке алу тәртібі.
33-параграф . Спирт айдау және ректификациялау аппаратшысы,
4-разряд
технологиялық инструкцияға сәйкес кезеңді жұмыс істейтін брагоректификаттау, ректификаттау аппараттарында және аламбикаларда спиртті айдау, ректификаттау процесін жүргізу;
кезеңді жұмыс істейтін айдау аппараттарын тиеу;
вентильдің көмегімен ашытқыны, спиртті, буды, суды беруді реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айдау мен қысымның жылдамдығын қадағалау;
стандартты өнімдерді, жартылай өнімді және қосымша өнімді іріктеу;
ашытқыш пен бардтағы спирттің концентрациясын тексеру;
химиялық зертханалардың талдауы және спирт өлшейтін аспаптардың көрсеткіштері бойынша шығарылатын өнімнің сапасын және қадағалау;
алғашқы және соңғы фракцияның санын реттеу;
сынамаларды алу, алынатын спирттің саны мен сапасын айқындау;
спирт өлшегіш аспаптар бойынша өңделген спирттің санын бақылау, есептеуіштердің көрсеткіштерін жүйелі түсіру;
айдауды аяқтағаннан кейін қондырғыларды түсіру және жуу;
қызмет көрсететін жабдықтың жай-күйін қадағалау;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
кезеңді жұмыс істейтін айдау аппараттарында спирт өндіру технологиясы;
айдау және ректификаттаудың, хошиісті спирт алудың теоретикалы негіздері;
спиртті, жартылай өнімді және қосымша өнімді іріктеу әдісі, оны іріктеу тәртібі;
брагоректификаттау процесінде өнімнің шығу, спиртті шығындау нормалары;
қызмет көрсететін жабдықтардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аппаратуралары мен автоматика құралдарының құрылғысы, міндеті мен тәртібі;
бу мен суды оңтайлы шығындау амалдары;
есепке алу тәртібі.
34-параграф. Спирт айдау және ректификациялау аппаратшысы,
5-разряд
технологиялық инструкцияға сәйкес үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау процесін жүргізу;
вентильдің немесе автоматика құралдарының көмегімен ашытқыштарды, спиртті, суды беруді реттеу;
брагоректификаттық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
спиртті айдау және ректификаттау процесін қадағалау, оның технологиялық параметрлерін реттеу: бақылау нүктелеріндегі температураны, қондырғы колонналарындағы қысымды, қондырғының өнімділігін;
стандартты өнімнің, жартылай өнімнің және қосымша өнімнің шығуын қадағалау;
спирт өлшейтін аспаптардың көрсеткіші мен химиялық зертхана талдаулары бойынша бардтағы және лютерлі судағы ректификатты спирттің концентрациясы мен сапасын, спирттің концентрациясын тексеру;
автоматика құралдарын қолдана отырып, спиртті айдау және ректификаттаудың технологиялық процесінің барысын талдау негізінде реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және оларды жою.
үздіксіз қызмет ететін айдау аппараттарында спирт өндіру технологиясы;
түрлі жүйедегі үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғылар мен автоматика құралдарының құрылғысы;
жылу энергиясын шығындау нормалары және оның үнемдеу тәсілдері.
35-параграф. Спирт айдау және ректификациялау аппаратшысы,
6-разряд
регламентке сәйкес үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау процесін жүргізу;
қондырғыға ашытқышты тиеу, қысқа уақытқа тоқтату, қысқа уақытқа тоқтатқаннан кейін қондырғыны қосу, спиртті тарту, жуу, қондырғыны тазалау;
аспаптардың көрсеткіші негізінде спиртті айдау және ректификаттаудың технологиялық процесінің барысын түзеу;
бардта және лютерлі суда спирттің шығындалуын айқындау;
жылы ағын бойынша колонналардың өзара байланысын, сондай-ақ бірнеше параллельді жұмыс істейтін колонналар мен арнайы мақсаттағы колонналардың жұмысын реттеу;
брагоректификаттық қондырғылардың бу мен суды шығындау бойынша жұмысының едәуір үнемді режимін таңдау;
қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуге тапсыру және өндеуден алу.
үздіксіз әрекет ететін ашыту ректификаттық қондырғылардың технологиялық схемасы;
ашыту ректификаттық қондырғылардың жылу энергиясы бойынша анағұрлым жетілдірілген жаңа схемалары;
вакуум қондырғылардың жанама-тікелей ағу қондырғылардың, ашыту ректификациясы жүйесінде бас фракциядан этил спиртін алу бойынша қондырғының, құрылысы және құрылымдық ерекшеліктері және оларды пайдалану ерекшеліктері;
құбырлардың орналасу схемасы;
тығын және реттеуші арматураның орналасуы және оны пайдалану әдістері;
жылу алмастырғыштардың бетін тазалау тәсілдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы және жұмыс тәртіптері;
өндірістік процестерді автоматтандыру схемасы;
қызмет көрсетуші жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері және технологиялық процесті қалыпқа келтіру.
36-параграф. Спиртті денатураттаушы, 3-разряд
қоспалаушы күбілерде денатуратталған спиртті дайындау;
қоспалаушы күбіге шикі спирттің немесе этил спиртінің бас фракциясының тиісті мөлшерін жинау, керосин, кетон майын, скипидар, бояу ерітіндісін немесе басқа ингредиентті қосу;
қоспаны мұқият араластыру;
судың тиісті мөлшерін қосу;
дайын денатуратталған спиртті сорғымен өлшем ыдыстарына айдау.
денатуратталған спиртті дайындау технологиясы;
спиртті денатураттау күбілердің, сорғылардың, өлшем ыдыстарының құрылысы;
спиртомерлер мен термометрлердің мақсаты мен жұмыс тәртіптері;
спирттің, этил спиртінің бас фракциясының, ингредиенттердің физикалық-химиялық қасиеттері.
37-параграф. Суды өңдеуші, 2-разряд
сыра өндіру үшін технологиялық мақсаттағы суды өңдеу және дайындау процесін жүргізу;
бактарды суық сумен толтыру, бу жіберу, сүзу, бактардағы суды қажетті температураға дейін жұмсарту және қыздыру;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бактардағы судың деңгейі мен температурасын реттеу;
өндіріске ыстық су беру;
сүзгілерді бөлшектеу, жуу және құрастыру;
үй-жайды санитарлық өңдеу;
бактар мен магистральдардың жылу оқшаулағышының жарамдылығын бақылау, олардың жұмысындағы ақауларды жою.
қызмет көрсетілетін учаске үшін ыстық суды дайындау жөніндегі технологиялық нұсқаулық;
суды жұмсарту және тазалау құралдары мен тәсілдері;
бу және су магистральдарының схемалары;
бекіту және реттеу арматурасын, бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыру және оларды пайдалану тәртібі;
өндіріс учаскелеріне ыстық су беру кестесі;
су сүзгілерінің жұмыс принципі;
бактарды, жабдықтар мен үй-жайларды санитарлық өңдеу тәртібі мен мерзімдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәртібі.
38-параграф. Суды өңдеуші, 3-разряд
жеміс және минералды су өндіру үшін газдалған суды өңдеу және дайындау процесін жүргізу;
суды көмір қышқылымен сүзу, салқындату және қанықтыру;
салқындатудың бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, сатураторлардағы қысымды, көмірқышқылмен қанығудың толықтығын және құю машиналарына газдалған судың біркелкі берілуін реттеу;
сүзгілердің, тоңазытқыштардың, сатураторлардың, сорғылардың және бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру;
көмірқышқылы бар баллондарды әкелу, орнату және сатураторларды газгольдерлерге немесе баллондарға қосу;
газгольдерлерге қызмет көрсету, көмірқышқылы бар баллондарды тасымалдау.
газдалған суды дайындау технологиясы;
газдалған судың сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураның құрылысы, мақсаты және пайдалану тәртібі.
39-параграф. Суды өңдеуші, 4-разряд
суды дайындау қондырғыларында (желілерінде) «Пепси» типті алкогольсіз сусындарды өндіру үшін бастапқы ауыз суды өңдеу процесін жүргізу;
механикалық, химиялық, биологиялық және жұқа тазарту (сүзу), кондиционерлеу, жинақтау, салқындату және кейінгі операцияларға су беру;
механикалық (құм), катионды, көмірді, патронды сүзгілерге, озонаторға, контактілі бағанаға, су жинақталымы мен қорының жинағыштарына, электр сорғысына, эжекторларға, тоңазытқыш қондырғыларға қолмен және басқару пультінен қызмет көрсету, жарамдылығын тексеру және жұмысын реттеу;
берілген режимде қызмет көрсететін қондырғының жұмысын қамтамасыз ету;
қондырғыны жұмыс режиміне дайындау бойынша қосымша жұмыстарды жүргізу:
сүзгіш материалдарды қопсыту және жуу, күкірт қышқылымен катионитті сүзгілерді регенерациялау және оларды жуу, белсенді көмірді булау;
қондырғыға түсетін бастапқы судың жұмыс қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сүзгілерге кіру және шығу кезінде, озонатордың жарық сигналдары бойынша жарамдылығын, су шығынын, жуу және булау уақытын, су мен булаудың суыту температурасын, өңделетін және шайынды судың сутекті көрсеткішін, ыдыстардағы су деңгейін және тағы басқа бақылау және реттеу;
сүзгіш материалдарды қопсытқаннан және жуғаннан кейін судың тазалығын көзбен шолып бақылау;
сынама алу;
тазартылған судың сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асыру.
алкогольсіз сусындарды өндіруге арналған су дайындау аппараттарында суды өңдеудің технологиялық схемасы мен процесі, өңделген судың сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураның құрылысы, мақсаты және пайдалану тәртібі.
40-параграф. Сыра жасау өндірісіндегі сүзгі желісінің операторы,
4-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары сыра сүзу операторының басшылығымен сыраны сүзу технологиялық процессін жүргізу;
сүзу компоненттерін себу, жуу және ағымдағы дозалау;
сыраны сүзу процессін және барлық қосалқы технологиялық процестерді, жуу құралдарының концентрациясын, жуғыш концентраттардың болуын бақылау;
сыраны сүзуге арналған жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру және дайындау;
картон сүзгіні ауыстыру, сүзгілерді регенерациялауды жүзеге асыру;
жабдықтарды қарапайым жөндеуге қатысу.
сыраны сүзудің технологиялық процестері мен режимдері;
шикізаттың түрлері және дайын өнімдер мен қосалқы материалдарға қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және қызмет тәртіптері.
41-параграф. Сыра жасау өндірісіндегі сүзгі желісінің операторы,
5-разряд
сыраны сүзгіден өткізудің барлық кешенді-механикалық учаскелері мен автоматтандырылған желілерінде технологиялық процесті басқару пультінен жүргізу;
сүзу құрылғыларын жүргізу және тоқтату;
автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен сыраны сүзгіден өткізу процессінің белгіленген режимін, қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету;
өнім сапасын технологиялық тізбек барысында бақылау;
автоматты бағдарламаларды іске қосу;
концентраттардың болуын мен жуу ерітінділерінің концентрациялау дәрежесін бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдыққа жөндеу жүргізуге қатысу.
сыраны сүзгіден өткізудің кешенді-механикалық учаскелері мен автоматтандырылған желілеріне енгізілген автоматтардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы мен кинематикалық схемалары;
сыраны сүзудің технологиялық процессі;
шикізаттың түрлері;
дайын өнімдер мен қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қызмет ету тәртіптері.
42-параграф. Сыра жасау өндірісіндегі сүзгі желісінің операторы,
6-разряд
сыраны сүзгіден өткізудің барлық автоматтандырылған учаскелерінде технологиялық процесті басқару пультінен немесе компьютерден жүргізу;
сүзу компоненттерін есептеу;
өнімнің сапалық көрсеткіштерін технологиялық тізбектің өн бойында бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату;
автоматты бағдарламаларды іске қосу;
сүзу құрылғыларын жүргізу және тоқтату;
автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық режимнің белгіленген өлшемдерін, қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету;
технологиялық режимнен ауытқудың алдын алу және оның себептерін жою;
сыраны сүзгіден өткізу технологиялық процессінің аяқталған сәтін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және зертхана талдауының нәтижесі бойынша айқындау;
қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге тапсыру және одан алуға қатысу.
сыраны сүзгіден өткізудің автоматтандырылған желілеріне енетін автоматтардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы мен кинематикалық схемалары;
сыраны сүзудің технологиялық процессі;
шикізатқа, дайын өнімдерге және қосалқы материалдарға қойылатын талаптар.
43-параграф. Сірке суын өндіру аппаратшысы, 4-разряд
үлкен аппараттарда (ферментерлерде) жылдам мерзімді айналдыру және жартылай үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесін жүргізу;
ауа үрлегішке немесе компрессорларға, конденсациялық-тарту жүйесіне және құрамында сірке суы бактериялары бар дақылды сұйықтықты айналдыруға арналған сорғыларға қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін жабдықтың қышқылдану және үздіксіз жұмыс істеу процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету;
жылу алмастырғыштардың температуралық режимі мен сегнер дөңгелектері мен басқа да бүріккіштердің жұмысын реттеу;
дақылдар сұйықтығының сынамасын алу, оны қышқыл мен спирттің концентрациясы бойынша талдау;
талдау нәтижелері бойынша процесс барысын бақылау және реттеу;
ауаның берілуін реттеу;
процестің басталу сәтін айқындау;
шикі сірке суын алу және оны кейінгі операцияларға айдау;
шикі сірке суы мен дайын өнімнің есебін жүргізу.
жылдам мерзімді айналдыру және жартылай үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесі;
сірке суы қышқылы бактериялары мәдениетінің физиологиялық ерекшеліктері;
конденсаттық-тарту жүйесі коммуникациясының схемасы;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ерекшеліктері;
сынама алу және талдау жүргізу тәртібі;
шикі сірке суы мен дайын өнімнің есебін жүргізу тәртібі.
44-параграф. Сірке суын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
құрылғыларда немесе 3-5 құрылғылардан, қарқынды масса алмасудан тұратын батареяларда процестің екі кезеңі бойынша (сірке суы бактерияларының көбеюі мен өсуі) терең мерзімді және үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесін жүргізу;
автоматты аспаптарға қызмет көрсету, температураны, ауаның берілуін, сіңімді орта мен суды реттеу;
қышқыл мен спирттің буын ұстап қалу абсорбциялық жүйесіне қызмет көрсету;
биомассаның мөлшерін нефелометрмен анықтау және суслоны процестің кезеңдері бойынша аппараттарға уақтылы жеткізу;
дақылдар сұйықтығының қышқылы мен спиртінің концентрациясы, биомассасының мөлшері бойынша реттеу, процесті талдау нәтижесі бойынша реттеу;
қосылатын сіңімді ортаның қажетті мөлшерін және араластыру коэффициентін, сірке суы қышқылы бактерияларының өсу жылдамдығын және сірке суы қышқылының нұсқаулықта көрсетілген мерзімділікпен өтуін есептеу.
терең мерзімді және үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесі;
сіңімді орта дайындау кезінде есептеу тәртібі;
қарқынды масса алмасу аппараттары мен батареяларының құрылысы және пайдалану тәртібі;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
45-параграф. Сірке суын өңдеу және купаждау аппаратшысы, 4-разряд
құрамында тірі сірке суы қышқылы бактериялары бар шикі сірке суын пастерлеу, бентонитпен өңдеу, сүзу және купаждау технологиялық процесін жүргізу;
сынама алу;
бентониттің қажетті мөлшерін айқындау;
технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес қажетті концентрациялы бентонит суспензиясын дайындау;
өңделген сірке суын ағызу, оны сүзгі-престе немесе картон престе сүзу;
сүзгіні жуу және қайта зарядтау;
дайын сірке суының сапасы мен концентрациясын тексеру және бақылау;
дайын сірке суын ағызу бөлімшесіне айдау және тапсыру;
бентонит суспензиясын араластыру, жуу және жинақтауыштан шығару;
сүзгілеу және купаждау ыдыстарын жуу;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою;
шикізаттың және дайын өнімнің есебін жүргізу.
шикі сірке суын пастерлеу, бентонитпен өңдеу, сүзу және купаждау технологиялық процесі;
сірке суын өңдеу үшін бентонит дайындау тәсілдері;
ыдыстан алмастан бұрын бентонитті өңдеу тәсілдері мен тәртібі;
дайын сірке суының сапасына қойылатын талаптар;
сынама алу тәртібі, талдау жүргізу әдістемесі;
сірке суын купаждау үшін есеп жүргізу тәртібі;
шикізаттың және дайын өнімнің есебін жүргізу тәртібі.
46-параграф. Уыт өндіруші, 3-разряд
бидайдың уытын өндіру процесіне қатысу;
күбідегі ылғалдылықты белгіленген пайызға жеткізе отырып бидайды сулау және бидайдың бастапқы өсу кезеңі үшін қажетті ауаландыруды қамтамасыз ету;
бидайды тиеу, жуу, дезинфекциялау, бидайды айдау, қорытпасын алу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режимді реттеу;
су мен бидайды хлорлау үшін хлорлы әкті дайындау;
бидайды күбіден алу және өсіру үшін аппаратқа және қырманға жеткізу;
бидайды текшелеп үю;
сынаманы алу;
сыртқы белгілері бойынша сулау дәрежесін айқындау;
күбіге салынатын бидайдың мөлшерін есептеу.
бидайды сулау тәртібі;
уыт дайындауда қолданылатын бидайдың қасиеттері және уыт сапасының сыра ашытқысына, спиртке және басқа да өнімдерге тигізетін әсері;
сынамаларды алу, күбіге салынатын бидайды есепке алуды жүргізу тәртібі;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс тәртіптері және пайдалану тәртібі.
47-параграф. Уыт өндіруші, 4-разряд
ауысым мастерінің немесе біліктілігі анағұрлым жоғары ашытушының басшылығымен бидайды қырманда және жәшікте ашыту процесін жүргізу;
бидайды қырманда жаю;
қабаттың биіктігін белгілеу, қатардың жиектерін бітеу, бидай қабаттарын қолмен немесе механикалық қалақпен қопсыту;
процестің өн бойында ашытудың технологиялық және температуралық режимін бақылау және қолдау;
уытты өсуді жеделдеткіштермен өңдеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және олардың пайда болу себептерін жою;
қарапайым талдау жүргізу, көк уытты әртүрлі жүйедегі кептіргіштерге тасымалдау;
қырманның, жәшіктердің, желдеткіш құрылғыларының, тасымалдау механизмдерінің және басқа да қызмет көрсету жабдықтарының тазалығын тексеру.
қырманда және жәшікте бидайдың уытын өндірудің технологиялық схемасы;
бидайды қопсыту тәсілдері;
бидай мен уыттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;
уыттың бүлінуі мен бұзылуын туындататын себептер, олардың алдын алу тәсілдері, уытты зарарсыздандыру;
қарапайым талдау жүргізу әдістемесі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.
48-параграф. Уыт өндіруші, 5-разряд
бидайды қырманда және жәшікте ашыту процесін жүргізу;
бидайды уыт өндіру аппараттарына, қырманға қабылдау;
бидайды өсіру процесін кезеңдерінің барлығында технологиялық нұсқаулыққа сәйкес реттеу;
температураны реттеу және ауаны ылғалдау, оны уыт өндіретін аппараттарға жіберу;
уыт өсірудің температуралық режимін бақылау;
уыт өндіргіштерді, жылжымалы атызды іске қосу және тоқтату;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тексеру;
ұсақ ақаулықтарды жою;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтардың алдын алу және жою;
сынамаларды іріктеу;
бақылау талдауларын орындау;
уыттың дайындығын айқындау.
уыт өндірісінің технологиялық схемасы;
уыт дайындау үшін қажетті бидайдың сапасына қойылатын талаптар;
уыттың сапасын сыртқы белгілері және диастатикалық қуаты бойынша бағалау;
бидайдың әртүрлі түрлерінен уыт өндіру нормалары мен әдістері;
уыт өндірісінде қолданылатын жабдықтың құрылысы мен құрылымдық ерекшеліктері.
49-параграф. Уыт өндіруші, 6-разряд
бақылау-өлшеу аспаптарымен және автоматикамен жабдықталған бірлік қуаты жоғары агрегаттарда уытты бірлескен тәсілмен сулау, суару және кептіру биохимиялық процесін жүргізу;
бидайды агрегатқа қабылдау;
ылғалдылықты, температураны және сулау, уытты суару және кептіру ұзақтығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу;
ұсақ бүрікпелі сумен суара отырып және бапталған ауамен үрлеу арқылы бидайды барлық кезеңдерінде технологиялық нұсқаулыққа сәйкес қопсыту;
жаз мезгілінде салқындату және қыста таза салқын ауаны жылыту, қалыпқа келтірілген ауаны рециркуляциялау;
уыт өсірудің биологиялық және ферментативтік процесін бидай қабатын бапталған ауамен аэрациялау арқылы реттеу;
ауаның және кептіру агентінің агрегатқа жіберілуін реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтың алдын алу және себептерін жою;
сынамаларды іріктеу;
бақылау талдауларын орындау.
бірлік қуаты жоғары агрегаттарда уытты бірлескен тәсілмен уыт өндірудің технологиялық режимінің технологиясы мен өлшемдері;
сынамаларды іріктеу тәртібі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың құрылысы, құрылымдық ерекшеліктері және пайдалану тәртібі.
50-параграф. Шампан өндіру аппаратшысы, 4-разряд
шарапты мерзімді резервуарлық әдіспен шампанизациялау процесін жүргізу;
резервуарларды шарап материалдары мен ликер қоспасымен көмірқышқылымен басу арқылы тиеу;
ашытқыны беру;
резервуарлардағы температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықты беруді, қант мөлшерін бақылау;
ашыту және тұндыру процестерін бақылау және реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және зертханалық талдау нәтижелері бойынша шампандау процесінің аяқталу сәтін анықтау; шампанды сүзуге беру және құю;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жарамдылығын қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою;
шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.
шампанды мерзімді резервуарлық әдіспен өндіру технологиясы;
шараптың, ашытқының, қанттың, көмірқышқылының биологиялық және
физика-химиялық қасиеттері;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникациялардың реттеуші құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу принципі;
шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу тәртібі.
54-параграф. Шампан өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
үздіксіз резервуарлық әдіспен шарапты шампандау процесін жүргізу;
көмір қышқылымен баспалау жолымен батареяларды және бір ыдысты резервуарларды шарап материалдарының және ликер қоспасымен толтыру, ашытқыны беру;
батареядағы температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықтың және ашытқының берілуін, қоспа ағындарының өтуін, қант құрамын қадағалау;
қайта ашыту, салқындату және тұндыру процесін бақылау-өлшеу көрсеткіштері және тіркейтін аспаптар және зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. шампанды сүзу және құю;
қызмет көрсететін жабдықты қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою.
үздіксіз резервуарлық әдіспен шампан өндірісінің технологиялық схемасы;
негізгі және қосалқы, бақылау-өлшеу аспаптарының, реттегіш құрылғылардың, коммуникациялардың конструктивтік ерекшеліктері.
52-параграф. Шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеуші, 2-разряд
шарап жасаудағы қалдықтарды: сығындыларды, бардтарды, винасаларды тасымалдау және олармен қоймаларды, тұндырмаларды және түрлі жабдықтарды толтыру;
қоймалардағы сығындыларды таптау және оларды тиісті материалдармен жабу.
шарап жасаудағы қалдықтарды тасымалдау, сығындыларды қоймаларға тиеу және оларды жабу тәртібі;
коммуникациялардың орналасу схемасы.
53-параграф. Шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеуші, 3-разряд
жоғары білікті шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеушінің басшылығымен шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді алып тастау процесін жүргізу;
бейтараптандырғыштарды бардтар немесе винасалармен толтыру;
қышқылдар мен сілтілер ерітіндісін дайындау;
қышқыл шарап әгін жуу және кептіру, ашытқыларды қысу және кептіру;
айдау аппараттарын тиеу және түсіру, қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру.
шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеу технологиясының негіздері;
спирт, ашытқы мен қышқыл шарап әгінің негізгі қасиеті;
қызмет көрсететін жабдықтардың, кептіргіштердің, сорғылардың, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі;
қойылтылған қышқылдармен, ерітінділермен жұмыс істеу тәртібі және жабдықтарды олардан тазалау тәсілдері.
54-параграф. Шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеуші, 4-разряд
шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді алып тастау процесін жүргізу;
сорғылардың көмегімен, өздігінен ағу және басқа да тәсілдермен шикізаттарды және аралық өнімдерді бейтараптандырғыштарға, декантаторларға толтыру, қышқылдар мен сілтілерді мөлшерлеу, олармен шикізат пен шарап жасау өнімдерін өңдеу;
спирт айдау;
құрамында қант бар сығындыларды арнайы аппараттарда қантты, спиртті және қышқыл шарап әгін алып тастап, оларды ашытпай қоймаларда өңдеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу, оны жұмысқа дайындау;
есеп жүргізу.
шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеудің технологиялық процесі және олардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны алып тастау әдістері;
қалдықтардың және олардан өңделген өнімдердің физикалық-химиялық қасиетінің негіздері;
қызмет көрсететін жабдықтың және коммуникацияның құрылғысы және пайдалану тәртібі;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу тәртібі.
55-параграф. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші, 2-разряд
шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау;
технологиялық құюларды жүргізу;
бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату және оларды толтыру, лагерлерді бөлшектеу;
бөшкелерді домалату;
ыдыстарда шарап материалдарының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан шарап материалдарын құйып алу немесе оларды ыдыстарға құю;
шпунттар мен шпунт тесіктерін өңдеу;
күкіртті ангидридтің жұмыс ерітіндісін даярлау және олармен төлелерге түтін салу;
шпунттарды парафиндеу;
қап сияқты сүзгілерде шарап материалдарын сүзу;
сорғылардың, аппараттардың және аспаптардың көмегімен бөшкелерді, ыдыстарды, автомобиль әрі теміржол цистерналарын, контейнерлерді толтыру, босату;
қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту;
технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту;
қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы ақауларды жою;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
шарап материалдарының, шараптар мен қосалқы материалдардың негізгі қасиеті;
технологиялық және көлікті ыдыстарды толтыру тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы;
есепке алу тәртібі.
56-параграф. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші, 3-разряд
шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау бойынша жекелеген күрделі операцияларды орындау;
центрифугаларда және қаптардан басқа түрлі сүзгі жүйелерінде шарап материалдарын сүзу және тазалау, құюға беру;
камераларда және резервуарларда жапсыру, эгализациялау, ассамблдеу, купаждау, мадеризациялау;
жартылай тәтті, көпіршіме және хош иісті шараптар дайындау;
хош иісті шараптар үшін шөптерден, тамырлардан, дәмдерден спирт тұнбасы жасау;
түрлі тәсілдермен қыздыратын аппараттарда қант шәрбатын;
бентонитті – бумен қыздырылатын аппараттарда және ыдыстарда;
желімдейтін ерітінділерді: сары қанды тұз, желатин, полиакриламид және тағы басқа дайындау;
вакуум-аппараттарында жеміс ашытқысын дайындау және оны купажды ыдысқа салу, купажды түзету кезінде спирт қосу;
бақылау-өлшеу көрсеткіштері, зертханалық талдаулар бойынша және органолептикалық әдіспен процестерді бақылау және реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.
шарап материалдарын өңдеу және жартылай тәтті, көпіргіш және хош иісті шараптарды дайындау технологиясының негіздері;
технологиялық нұсқаулықтар және шарап өнімінің сапасына қойылатын талаптар;
технологиялық режимнің параметрлері және жекелеген операцияларда оны реттеу тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы;
бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен пайдалану тәртібі.
57-параграф. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші, 4-разряд
шарап материалдарын өңдеу және шарап дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау;
пастеризаторлар мен салқындатқыштарда бір уақытта сүзе отырып, жылумен және суықпен өңдеу;
салқын камераларда және резервуарларда шарапты бабына келтіру;
жылумен қыздыру жүйесі бар аппараттарда шарап материалдарын мадеризациялау;
аппараттарды сорғымен, өздігінен ағумен немесе көмір қышқылымен баспалау жолымен шарап материалдарымен толтыру;
шарап материалдарын берілген температураға дейін қыздыру және оны белгілі деңгейде ұстап тұру;
шарап материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен немесе басқа да тәсілдермен кезеңді араластыру;
шарап материалдарын баллондардан қысымды беру жолымен оттегімен қанықтыру;
шарап материалдарын қыздыру және оларды оттегімен қанықтыру процесін бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық талдау көрсеткіштері бойынша және органолептикалық әдіспен бақылау және қадағалау;
будың берілуін, шарап материалдарының температурасын, араластыруды және оттегімен өңдеуді реттеу;
мадеризациялау процесінің аяқталу сәтін айқындау;
кезеңдік әдіспен хересті дайындау, ыдыстарға шарап материалдарын толтыру; херес пленкасын егу, оның өсуін қадағалау;
ыдыстардан сынамаларды және пленка астынан дайын херес материалдарын іріктеу;
қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу.
шарап материалдары мен шараптардың негізгі биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттері;
шарап материалдары мен шараптарды термиялық өңдеудің технологиясы;
шарап материалдарын мадеризациялау және кезеңдік әдіспен хересті дайындау технологиясы;
технологиялық жабдықтардың жұмыс режимін реттеу тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтардың, реттейтін құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.
58-параграф. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші, 5-разряд
белгіленген технологиялық схемалар бойынша шарап материалдарын өңдеудің және шарап дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;
купажды дайындау: купаждау, желімделетін ерітінділермен өңдеу, араластыру, купажды түзеу;
шарап материалдарын өңдеу, херестеу, толассыз ағында жартылай тәтті шараптар дайындау;
шарап материалдарын херестеу үшін батареяларды, үздіксіз қызмет ететін аппараттарды қосу;
херес пленкасын өсіру, оны шараптың бетіне жағу;
реттегіш құрылғылардың көмегімен ағынның өту және дайын шараптың шығу жылдамдығын реттеу;
херестеу процесін бақылау, оның аяқталу сәтін айқындау;
кезбе батареяларды, каскадты-ярусты қондырғыларды және басқа да аппараттарды купаждалған қоспамен толтыру;
купаждалған қоспаны және ашытқыны екінші рет ашыту үшін бірқалыпты беру;
сүзу, термиялық өңдеу;
суықта бабына келтіру және шараптарды құюға беру;
екінші рет ашыту процесін, ағынның өту, ашытқыны беру жылдамдығын, термиялық өңдеу және сүзу процестерінің бақылау және реттеу;
шарап материалдарын купажерлерге, буталарға, темір бетонды, металды резервуарларға және басқа да ыдыстарға сорғымен, өздігінен ағумен және көмір қышқылымен баспалау жолымен беру;
желімделетін заттарды мөлшерлеу және беру;
шарап материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен араластыру, центрифугамен, сүзгімен тазалау;
ыдыстардың шарап материалдарымен толтырылуын қадағалау;
жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, реттегіш құрылғыларға, коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын қадағалау.
толассыз ағында хересті, жартылай тәтті және басқа да шараптарды дайындаудың технологиясы;
шараптың даярлығын айқындау әдістері мен тәсілдері;
толассыз ағында шарап материалдарын өңдеу, херестеу және жартылай тәтті шараптарды дайындау үшін қолданылатын жабдықтардың, реттегіш құрылғылар мен бақылау - өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері.
59-параграф. Шарап шикізатын өңдеуші, 1-разряд
жоғары білікті шарап шикізатын өңдеушінің басшылығымен жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен езіндісін алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау;
технологиялық және тасымалдаушы жабдықтарды бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.
шарап жасау өніміне арналған шикізат ретінде жүзім, жеміс пен жидек сипаттамасы;
шырындарды, жеміс ашытқысын, езінділер мен сығындыларды алудың негізгі процесі;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі, жуу және тазалау тәртібі;
коммуникациялардың орналасу схемасы.
60-параграф. Шарап шикізатын өңдеуші, 2-разряд
жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен езіндісін алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау;
шикізатты қайта өңдеуге тапсыру кезінде сұрыптау (инспекциялау);
шикізатты уатқыш машиналарға және жуғыштарға беру;
қол престерінде жеміс ашытқысы мен шырындарды сығу;
жүзім мен жеміс ашытқысын, жеміс-жидек шикізаттарын және шырындарды құрамындағы қантты, қышқылды және басқа да құрамды компоненттерді анықтау үшін іріктеу;
престерде қалқымаларды сығу, өндірістік орындардан қалқымаларды, сығындыларды қолмен және тасымалдағыш құралдардың көмегімен тасымалдау;
сығындыларды түсіру және оны одан әрі қайта өңдеуге немесе жөнелтуге тапсыру;
қызмет көрсететін жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.
жүзімнің, жемістің, жидектің негізгі қасиеттері;
қызмет көрсететін жабдықтарды және тасымалдағыш құралдардың құрылғысы және пайдалану тәртібі;
сынамаларды іріктеу тәртібі;
қызмет көрсететін жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру тәртібі;
жүзімнен және жеміс-жидек шикізатынан жеміс ашытқысын, шырынын, езіндісін алудың негізгі технологиясы.
61-параграф. Шарап шикізатын өңдеуші, 3-разряд
уатқыштарда, ағызғыштарда, қол престерден басқа пресстің барлық жүйесінде жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеу жолымен шырын, жеміс ашытқысы мен езіндіні алу процесін жүргізу (шикізатты уату, жуу, қалқыманы алып тастау, шырынды бөліп алу, езіндіні престеу, жеміс ашытқысын тұндыру үшін құйып алу, ашыту);
технологиялық жабдықтардың, тасымалдағыш құралдардың, құрылғылардың жұмысын қадағалау және реттеу;
шикізатты уатуға; езіндіні – ашытуға, тұнбаға, ағызғыштарға, престерге;
жеміс ашықтысын – тұндыруға немесе одан әрі өңдеуге беру;
езіндіні қыздыру, сульфиттеу, ағында ферменттеу;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
қайта өңдеу технологиясы, жүзім және жеміс-жидек шикізатының негізгі қасиеті;
алу технологиясының мәні және шырынның, жеміс ашытқысының, езіндінің, сығындылардың негізгі қасиеті;
қызмет көрсететін жабдықтың, тасымалдағыш құралдар мен коммуникациялардың құрылғысы;
шикізат пен езіндінің сығымдалған дәрежесін айқындау.
62-параграф. Шарап шикізатын өңдеуші, 4-разряд
басқару пультінен автоматтық желілерде жүзім мен жеміс-жидек шикізаттарын өңдеу жолымен шырынды, жеміс ашытқысын, езіндіні алудың технологиялық процессін жүргізу: шикізатты жуу, уату, шырынын бөліп алу, езіндіні престеу, өндірістік орындардан қалқымалар мен сығындыларды алып тастау, шырын мен жеміс ашытқысын тұнбаларға құю, шикізатты өңдеу үшін технологиялық желілерге бағыттау;
шарап шикізатын өндірудің технологиялық режимінің сақталуын, оны шығындау нормаларының сақталуын және дайын өнімнің шығуын, қызмет көрсететін жабдықтың тоқтаусыз жұмысын бақылау;
өнім сапасының нашарлауына, шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын өнімнің шығуының кемуіне, өндіріс желісінің төмендеуіне әкелетін себептерді анықтау және жою.
автоматты желілерде жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеудің технологиясы;
автоматтық желілердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, басқару пультінің қызмет ету принциптері;
өнім сапасының нашарлауына, шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын өнімнің шығуының кемуіне әкелетін себептер және оларды жою бойынша шаралар.
3-тарау. Ас тұзын өндіру және өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік- сипаттамалары
1-параграф. Бассейндерде тұзды үймелеуші, 4-разряд
үйінді астындағы тұз қабатын сындыру;
тұзды тасымалдау құралдарына үймелеу;
шылау кесектерін алу;
бассейндерде жылжымалы транспортерлерді орнату;
транспортерлерді үйменің жылжуына қарай жылжыту;
транспортер жанындағы тұз шашырандысын жинау;
транспортерді жөндеуге қатысу.
үйінді астындағы тұз қабатын бөлу мен тұзды транспортерге тиеу, тұзды ажырату тәсілдері мен тәртібі;
транспортердің құрылымы мен оларды қосу схемасы;
бассейнде транспортерді орнату мен жылжыту, тұзды транспортерден транспортерге беруді реттеу тәртібі;
транспортер жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері.
2-параграф. Бассейндерді дайындаушы, 2-разряд
тұндыру бассейндеріндегі тұз қабатын, сызық сала отырып квадраттарға бөліп белгілеу;
бассейндердің ауданын ауанын анықтау.
тұзды киркалау тәртібі мен тәсілдері;
түрлі геометриялық нысандағы аудандарды квадраттарға бөліп белгілеу және олардың ауданын анықтау тәртібі;
өндірілетін тұздың және бассейн негізіндегі топырақтың механикалық қасиеттері.
3-параграф. Бассейндерді дайындаушы, 3-разряд
тұндыру бассейнін тегістеу, жоспарлау және таптау;
топырақты кесу, шылау кесектерін ұсату, түбін тегістеу, тұндыру бассейндеріндегі бұрыштарды таптау;
кәсіпшілік құрылғыларын: арналарды, дамбалар мен шлюздерді қарау және жөндеу;
құйма, дренажды және таратып бөлу арналарын тазарту.
кәсіпшілік құрылғылары мен қолмен таптауыштың құрылымы;
таптауышты топыраққа батыруды реттеу тәсілдері;
тұндыру бассейндерінің түбін жоспарлау және таптау тәсілдері мен тәртібі;
бассейн бойынша жылжу тәсілдері.
4-параграф. Бассейндерді дайындаушы, 4-разряд
тұздаманы олардың концентрациясына қарай дайындық бассейндеріне таратып бөлу;
рапаны бассейндерінің ауданында беруге дайындау;
тұндыру алаңынан тұздаманы, жаңбыр суын, оларды кейіннен көлге жібере отырып алу;
тұздың, бромның, гипстің болуына қарай рапаның химиялық құрамын анықтау;
рапаның концентрациясын анықтау.
тұндыру және дайындық бассейндерінің орналасуын, құрылымы мен нысаны;
тұздың, бромның, гипстің болуына қарай рапаның химиялық құрамы;
тұздаманың бассейндер бойынша жылжуы мен тұздама концентрациясын анықтау тәртібі.
5-параграф. Вальцілі станоктардың машинисі, 2-разряд
тұзды вальцілі станоктардың бункеріне беру және басқа да ұнтақтау жабдығына беру және беруді реттеу;
бункерді жабысқан тұздан тазарту;
вальцілі станоктарды майлау;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
вальцілі станоктар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмыс принципі;
қосу аппаратурасын басқару тәртібі;
тұздың шөгу себептерін және оны алдын алу тәсілдері;
майлау режимінің параметрлерімен қолданылатын жағармай материалдары.
6-параграф. Вальцілі станоктардың машинисі, 3-разряд
тұзды вальцілі станоктарда ұнтақтау процесін біліктілігі анағұрлым жоғары вальцылаушының басшылығымен жүргізу;
тұздың валкаларға үздіксіз және біркелкі түсуін қамтамасыз ету;
вальцілі станоктардың жұмыс органдары саңылауларының шамасын тұз ұнтақтау нөміріне сәйкес реттеу;
тұздан метал заттарды алу;
тұзды тозаңсыздандыру;
бункерді, ауа құбырларын тазарту;
вальцілі станоктардың, электр магнитті сепараторлардың, ауа құбырларының белгіленген жұмыс режимін реттеу, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықтың ұсақ ақауларын жоюға қатысу.
вальцілі станоктар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың құрылымы;
тұз ұнтақтаудың түрлері мен нөмірі;
вальцілі станоктардың қалған жабдық жұмысына өзара байланысы;
слесарьлық іс.
7-параграф. Вальцілі станоктардың машинисі, 4-разряд
тұзды түрлі конструкциядағы вальцілі станоктарда ұнтақтау процесін жүргізу;
вальцілі станоктардың, тежегіш және қосу құрылғыларының, валкалардың арасын ашу механизмінің, тасымалдау коммуникациялары мен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жарамдылығын тексеру және жұмысқа дайындау;
тұздың валкаларға үздіксіз және біркелкі түсуін қамтамасыз ету;
белгіленген ұнтақтау режимінің орындалуын, өңделетін тұз сапасын аспаптардың көрсеткіштері, елек талдауы нәтижелері бойынша және көзбен бақылау;
вальцылар мен редуктордағы подшипниктердің температурасын бақылау, майлау және жабдықты ұсақ жөндеу;
аспирационды жүйені қосу және тоқтату, оны жұмыс уақытында көзбен қарау;
қарау люктарын тексеру.
қызмет көрсететін басқа да жабдықтың, блоктаушы және қосу құрылғыларының құрылымы, техникалық сипаттамасы;
вальцілі станоктарды қосу және белгіленген ұнтақтау режиміне сәйкес жұмысын реттеу тәртібі;
тұз ұнтақтау технологиясының мәні;
ұнтақталған тұздың гранулометриялық құрамы;
жабдық жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері;
ұнтақталған материалға қойылатын талаптар.
8-параграф. Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі, 3-разряд
көлде тұз мен тұз блоктарын өндіру жөніндегі операцияларды орындауға қатысу;
бактарды жанар-жағармай материалдарымен, сумен толтыру және оларды қызмет көрсететін жабдықтарға тасымалдау;
жанар-жағармай материалдарын, суды тұз өндіру жөніндегі құю бактарына қайта айдау кезінде насос қондырғыларына қызмет көрсету;
шлангтарды, тросты тасу;
тросты қозғау кезінде, оны теміржол вагоны рамасына немесе рельске ілмектеу;
тұз өндіру жөніндегі агрегаттарды жұмысқа дайындау;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін машиналар мен насос қондырғыларының жекелеген тораптарының құрылымы мен жұмыс принципі;
көлдегі темір жолдарына қойылатын техникалық талаптар;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, олардың маркалары мен қасиеттері;
майлау жүйесі.
9-параграф. Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі, 5-разряд
көлде тұз мен тұз блоктарын өндіру жөніндегі операцияларды орындау: тұз мен тұз блоктарын тасымалдау құралдарына тиеу, маневр жұмыстарын атқару, көлдегі темір жолдарын жылжытып ауыстыру, тұзды үю және үйінділерді жұмыстау;
көлдің бетін тұз шөгіндісінен, құм мен тұз блогы сынықтарынан тазарту;
тұз блоктарын өндіру кезінде шықпа және кірме жұмыс траншеяларының бетін тазарту;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
тракторлардың, түрлі маркадағы экскаваторлардың, тепловоздар мен мотовоздардың, насостар мен электр жабдықтарының құрылымы мен техникалық сипаттамасын, жұмыс принципі;
көлдегі маневр жұмыстарын өндірісі тәртібі;
темір жолдарды механикаландырылған ауыстыруға қойылатын талаптарды және оны орындау тәсілдері;
тұз қабатының қасиеттерін және агрегаттарда жұмыс істеу кезінде көлдегі рапаның жол берілетін деңгейі;
тұзды үйінділерде сақтау жөніндегі талаптар мен тәртібі;
қоршаулардың орналасу схемасы;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері.
10-параграф. Көлдегі жол жұмысшысы, 3-разряд
көлдегі темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу;
шпалдарды, байламдарды, бұрмалар мен рельстерді жұмыс орнына жеткізу;
рельсті кесу, тегістеу, майыстыру;
тростың орнын ауыстыру, жолдарды механикаландырылған тәсілмен жылжыту кезінде ілмекті рельске ілу;
шпалдарды, рельсті, болттарды, салмаларды, төсемді, балдақтарды ауыстыру;
саңылауды реттеу, жолды бекіту;
рельсті құрастыруға, көлдегі немесе бассейндегі рельс бөліктерін төсеуге, жылжытуға қатысу;
орын ауыстыру дабылдары мен көлдегі жол белгілерін орнату және күту.
теміржолдардың орналасуы, оларды көл мен бассейнде ұстаудың техникалық шарттары мен нормалары;
қызмет көрсететін учаске жолының бейіні;
бұрмалардың, рельстің, шпалдар мен байламдардың типтері;
жік саңылауларын ұсату шарттары;
жолды техникалық қараудың тәртібі мен мерзімі;
айдап кетуге қарсы айлабұйымдардың схемасы;
жолдың бұзылуының алдын алу және оның жекелеген элементтерінің қызмет ету мерзімсіз ұзарту жөніндегі іс-шаралар.
11-параграф. Көлдегі жол жұмысшысы, 4-разряд
көлдерде немесе бассейндерде жол айырықтарын құру, теміржолды рихтовкалау, қайта пішу, тұзбен өңдеу және жылжыту;
темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу;
шпалдарды, байламдарды, бұрмалар мен рельстерді жұмыс орнына жеткізу;
бейінді және қарсы салмақты тегістеуге арналған шпал дестелерін орнату;
рельстерге тесік бұрғылау;
көлдегі жол шаруашылығы механизмдерін жөндеуге қатысу.
теміржолдарды төсеу кезінде жол берілетін тереңдік пен көлдегі рапаның тығыздығы;
көл мен бассейнде ұстаудың техникалық шарттары мен нормалары;
теміржол бөліктерін, бұрмалар мен көлдің немесе бассейннің түбіндегі айырықтардың құрылымы;
рельсті бұрғылау станогын реттеуді;
жасанды құрылғылардың, жол бұрмасының құрылымы;
рельсті бұрғылау станогының, жол бұрмасының жұмысында ақаулардың туындау себептерін және оларды жою тәсілдері.
12-параграф. Көлдегі жол жұмысшысы, 5-разряд
тұз қабаты бойынша жолдар мен бұрма жолды төсеу;
жүзбелі жол жылжытқыштар мен жол көтергіштерді басқару;
көлдерде немесе бассейндерде жол айырықтарын құру, теміржолды рихтовкалау, қайта пішу, тұзбен өңдеу және жылжыту;
темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу;
жоғары жол құрылысы материалдарын ауыстыру есебі кітабын жүргізу;
көлдегі жылжымалы дабылдар мен жол белгілерінің орнатылған жерлерін анықтау.
жолдар мен жол құрылғыларының конструкциясы;
көлдің түбінде жол салу мен бұрма жолды төсеу тәртібі;
көлдегі қисық теміржол бөлігін ұсату шарттары;
қисық жолдарды түзеуді есептеу әдісі мен жолдары;
жол жұмыстарын өлшеу және есептеу тәртібі;
көлдің түбіндегі шылаулы топырақтың қасиеттері;
қабаттың шөгу қуатының шамасы мен қабаттағы тұздың физикалық-механикалық қасиеттері;
қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы себептерін және оларды жою тәсілдері.
13-параграф. Механикалық таптауыш машинисі, 4-разряд
тұндыру және дайындау бассейндерінің негізі мен бұрыштарын механикалық таптауышпен таптау;
төсемді орнату және таптауышты бассейннен бассейнге жеткізу;
таптауышқа жанар-жағармай материалдарын құю;
таптауыш механизмдерінің жұмысын реттеу және ұсақ жөндеу.
механикалық таптауыштың құрылымы, техникалық сипаттамасы мен пайдалану тәртібі;
топырақты таптауың тәртібі мен схемасы;
бассейндердің орналасуын, құрылымы мен нысаны;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормалары, олардың маркалары мен қасиеттері;
топырақтың қасиеттеріне қарай оған жол берілетін шекті қысым шамасын және оны реттеу тәсілдері;
таптауыш жұмысында ақаудың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.
14-параграф. Рапо айдаушы-моторшы, 4-разряд
рапаны қоректендіру арналары бойынша дайындық және тұндыру бассейндеріне беру кезінде насос стансаларын басқару;
маточникті бассейндердің маточник арналары бойынша айдау;
іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштардың, түрлі үлгідегі насостардың жұмысын реттеу және рапаны дайындық және тұндыру бассейндеріне берілуін реттеу;
іштен жану қозғағыштарына жанар-жағармай материалдарын құю;
насос стансасының барлық тораптары мен механизмдерін майлау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштардың, түрлі үлгідегі насостардың құрылымы, техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципі;
рапаны дайындық және тұндыру бассейндеріне беру және маточник тұндыру бассейндерінен айдап шығару тәртібі;
майлау режимі параметрлерін және қолданылатын жанар-жағармай материалдары;
жабдықтың жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері.
15-параграф. Тұз жинау комбайнының машинисі, 3-разряд
гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайнын басқаруға қатысу;
қабат астына тұз жинау комбайнының алу пышақтарын енгізу кезінде тұз қабатын сындыру;
алу пышақтарын тұз қабатын енгізу және қабаттың сыну процесінде олардың орналасуын реттеу;
көлік құралдарын бассейнде тұз артуға қою және жылжыту;
тұздан бөгде қоспаларды бөліп алу;
комбайнды қайта жылжытуға арналған құрылғыларды дайындау;
тасымалдау құрылғылары жұмысындағы ақауларды жою;
тұз жинау комбайндарын жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін тұз жинау комбайндарының алу бөліктерінің, тасымалдау құрылғыларының жұмыс принципі;
тұз қабатын сындыру, алу пышақтарын тұз қабатына енгізу, көлік құралдарын тұз тиеу бассейндегі теміржолдар мен транспортерлердің қою және жылжыту тәртібі;
бассейндердегі негіздің шылаулы топырақ қасиеттері;
ылғалдылықтың шекті шамасын және тұз қабатының құрылу ерекшеліктері;
комбайнды қайта жылжыту тәсілдері.
16-параграф. Тұз жинау комбайнының машинисі, 4-разряд
гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнын басқаруға қатысу;
қабат астына тұз жинау комбайнының алу пышақтарын енгізу және бассейндегі қабатты сындыру кезінде олардың орналасуын реттеу;
көлік құралдарын бассейнде тұз артуға қою және жылжыту;
көлік құралдарын басқа бассейндерге ауыстыру;
комбайнды майлау;
гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнының жұмысындағы ақауларды жою, оны жөндеуге қатысу.
гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайндарының алу бөліктерінің құрылымы;
гидравликалық жүйенің жұмыс принципі.
17-параграф. Тұз жинау комбайнының машинисі, 5-разряд
гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайнын, тұз өндіру және оны бассейндердегі көлік құралдарын тиеу кезінде басқару;
бассейннің шылаулы түбін тегістеу;
қозғағышты іске қосу, тұз жинау комбайндары механизмдерінің жұмысын реттеу;
қабаттың дұрыс әзірленуін қамтамасыз ету;
комбайнды майлау басқа бассейндерге ауыстыру;
тұз жинау комбайнын жөндеу.
гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайндарының іштен жану қозғағыштарын, комбайнның тораптары мен механизмдерінің жұмысын реттеу тәртібі;
электр жабдығымен жұмыс істеу тәртібі;
тұз жинау комбайнының тұз өндіру және оны тиеу кезіндегі жұмыс режимі параметрлері;
тұздың физикалық-механикалық қасиеттері;
бассейндердің орналасуы;
комбайн жұмысындағы ақаулардың пайда болуы себептерін және оларды жою тәсілдері;
күрделілігі орташа сызбалар мен схемалар;
электрослесарьлық іс.
18-параграф. Тұз жинау комбайнының машинисі, 6-разряд
гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнын, тұз өндіру және оны бассейндердегі көлік құралдарын тиеу кезінде басқару;
комбайнды іске қосу, гидрожүйенің және комбайнның басқа да механизмдерінің жұмысын реттеу, оларды жөндеу.
гидрожүйенің бұру механизмінің және комбайнның басқа да тораптары мен механизмдерінің құрылымы мен реттеу тәртібі;
қолданылатын тұз жинау комбайндарының конструктивті ерекшеліктері;
жоғары күрделі сызбалар мен схемалар;
гидравлика негіздері.
19-параграф. Тұз комбайнындағы құбыршы, 2-разряд
тұзды көлік құралдарына тиеу;
комбайннан тұздың түсу ағынын реттеу;
комбайнның тасымалдау құралдарының (элеватордың, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының) жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою;
тасымалдау құралдарының жылжуын қадағалау.
элеватордың, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының құрылымы;
тұзды көлік құралдарына тиеу тәртібі;
тұздың сапасына қойылатын талаптар;
қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы анықтау және оларды жою тәсілдері.
20-параграф. Тұз комбайнының машинисі, 4-разряд
тұзды және тұз блоктарын тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнының механизмдерін басқару;
ұнтақтау қондырғылары мен элеваторлардың жұмысын реттеу;
тұз комбайнын көлдегі жұмысқа дайындау;
май құю қондырғысының кабелін қосу;
тұз комбайнына жанар-жағармай материалдары мен су құю;
темір жолдар мен көлік құралдарын тексеріп қарау;
тұз комбайнын жөндеуге қатысу.
тұз комбайны механизмдерінің жекелеген тораптарының: элеватордың, транспортерлердің, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының және оны басқару айлабұйымдарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципі;
көлде орналасқан темір жолдарға қойылатын техникалық талаптар;
тұзды теміржол вагондарына тиеу және электр жабдықтарымен жұмыс істеу тәртібі;
тұз комбайны механизмдерінің майлау жүйесі;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормалары, олардың маркалары мен қасиеттері;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептері және оның алдын алу, жою тәсілдері.
21-параграф. Тұз комбайнының машинисі, 5-разряд
тұзды және тұз блоктарын өндіру және тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнын біліктілігі анағұрлым жоғары комбайншының басшылығымен басқару;
тұз комбайны көлдегі темір жолмен қозғалған кезде тұз қабатын қопсыту;
тұз комбайны техникалық жай-күйін тексеру;
қопсытқыштың кесу тістерін, кесу араларын ауыстыру;
қопсытқыштың көтеру шығырларын басқару;
тұз комбайны жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу;
дабылдарды қадағалау.
тұз комбайндарының, іштен жану қозғағыштарының құрылымы, нысаны мен жұмыс принципі;
көлде орналасқан темір жолдарға қойылатын техникалық талаптар;
тұзды теміржол вагондарына тиеу және электр жабдықтарымен жұмыс істеу тәртібі;
тұз комбайны механизмдерінің майлау жүйесі;
тұз комбайндарының жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептері және оны жою тәсілдері;
электротехника негіздері.
22-параграф. Тұз комбайнының машинисі, 6-разряд
тұзды және тұз блоктарын өндіру және тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнын басқару;
электр стансасын, тұз комбайнының негізгі тораптары мен механизмдерін: іштен жану қозғағыштарын, электргенератор мен насос қондырғыларының электр жабдығын, компрессорларды қосу, олардың жұмыс режимін реттеу;
бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштерін, траншея қабағының жай-күйін, өндірілетін және байытылатын тұздың сапасын қадағалау;
бұрма раманы жасау және қопсытқышты бұру;
электр қондырғысын құлаудан қорғау.
тұз комбайндарының, іштен жану қозғағыштарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципі;
көлде орналасқан темір жолдарға қойылатын техникалық талаптар;
тұзды теміржол вагондарына тиеу және электр жабдықтарымен жұмыс істеу тәртібі;
тұз комбайны механизмдерінің майлау жүйесі;
тұз комбайндарының жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оны жою тәсілдері;
электротехника негіздері.
23-параграф. Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы, 3-разряд
тұзды байыту қондырғысының агрегаттары мен жабдықтарын жұмысқа дайындау;
дозалаушы араластырғыштарды, тасымалдаушы механизмдер мен аппараттарды басқару;
тұзды қосу әдісімен байыту;
микроэлементтерді дайындау және дозалау;
сынама алу;
жабдықты тазалау және майлау;
жабдықты жөндеуге қатысу.
араластырғыштардың, дозаторлардың, шар диірмендері мен тұзды іріктеп араластыратын басқа да аппараттардың құрылымы мен жұмыс принципі;
тұзды байыту үшін берілген концентрациядағы қоспаны дайындау және оны дозалау тәсілдері;
қосу аппаратурасын басқару тәртібі;
жабдықты майлау режимі параметрлері және қолданылатын жағармай материалдары;
байыту қондырғысының жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдері.
24-параграф. Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы, 4-разряд
өнімді ұнтақтау, сыныптау және тозаңсыздандыру процесін жүргізу;
диірменге өнім мен ауаның берілу процесін, желдетілетін контурды, ауа өткізетін сепаратор мен пневмоклассификаторды реттеу;
жұмысталған ауаны тазарту процесін жүргізу;
диірменнің, желдеткіштің, ауа өткізу сепараторының, циклондардың, насостардың, конвейерлердің, калориферлердің, ауаны жуғыштың, элеватордың, ауа құбыры мен тасымалдау құбырларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету;
бастапқы шикізат пен дайын өнімді тасымалдау және түсіру кезінде тасымалдау механизмдерін басқару;
барлық технологиялық процестердегі өнім сапасын бақылау;
тұзды байыту қондырғысының және басқа да технологиялық жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу;
жабдық жұмысының есебін жүргізу.
қондырғының және басқа да технологиялық жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі;
технологиялық процесті жүргізу параметрлері;
бастапқы шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар;
орнатылған байланыс пен желдеткіш жүйелері;
электротехника, гидравлика мен механика жөніндегі қарапайым деректерді;
жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының ақауларын жою тәсілдері.
25-параграф. Тұзды байыту қондырғысының машинисі, 3-разряд
іштен жану қозғағыштарына жанар-жағармай материалдарын құю;
ортадан тепкіш насостардың жұмысын реттеу;
тұзды байыту қондырғысының механизмдерін майлау, оларды жөндеуге қатысу.
тұзды байыту қондырғысының құрылымы;
майлау жүйесін, қолданылатын жанар-жағармай материалдарын, олардың маркалары мен қасиеттері;
отынның және жанар-жағармай материалдарының шығыс нормалары.
26-параграф. Тұзды байыту қондырғысының машинисі, 5-разряд
көл тұзын жуумен немесе флотация әдісімен байыту;
тұзды ұнтақтау;
тұзды су мен тұзды суды байыту қондырғысына айдау, оған тұзды салу және түсіріп алу;
ортадан тепкіш насостардың, байыту қондырғысының, жуу машиналарының, ұнтақтау қондырғыларының, тасымалдау құрылғыларының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
тұзды байыту қондырғысының, іштен жану қозғағыштарының, ортадан тепкіш насостардың, жуу машиналарының, ұнтақтау қондырғыларының, тасымалдау құрылғыларының құрылымын, техникалық сипаттамасы;
тұздың қасиеттері мен сапасына қарай байыту технологиясының мәні мен режимі параметрлері;
байыту қондырғысының жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оның алдын алу, жою тәсілдері.
27-параграф. Тұзды су өндіру ұңғымаларының операторы, 2-разряд
тұзды су өндіру ұңғымасын іске қосу, тоқтату жөніндегі технологиялық операцияларды орындау және технологиялық схемаларды құрастыру және бөлшектеуге біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен қатысу;
насос жабдығы мен аспаптарына қызмет көрсету;
ақпарат үшін бақылау-өлшеу аптарының көрсеткіштерін түсіру;
технологиялық құбырлар мен арматураның жай-күйін бақылау;
күрделі емес жабдықты жөндеуге қатысу.
тасты тұздың пайда болу негіздері;
тұзды су өндіру ұңғымасының конструкциясы;
тұзды су өндірудің технологиялық схемасы;
слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздері.
28-параграф. Тұзды су өндіру ұңғымаларының операторы, 3-разряд
тұзды су өндіру жөніндегі технологиялық процесті бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу;
жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау;
ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, бақылау-өлшеу аптарының, құбырлардың жұмысын бақылау;
технологиялық құбырлар мен арматураның жай-күйін бақылау;
күрделі емес жабдықты жөндеуге қатысу;
ұңғымаға берілетін аралас маточник пен өндірілетін тұзды су сынамасын алу, оларды зертханаға беру;
ұңғыма ме басқа да тұзды су өндіру жабдығының жұмысындағы байқалған ақаулар туралы жұмыс басшысына және біліктілігі анағұрлым жоғары операторға ақпарат ұсыну.
тұз кен орнының пайда болуы туралы негізгі ұғымдарды;
тұзды су өндіру ұңғымасының конструкциясы;
тұзды су өндірудің технологиялық схемасы;
слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздері;
қолданылатын құралдар мен айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, пайдалану тәртібі;
тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын қосу және тоқтату тәртібі;
ұңғымадағы тұзды су - ерітпегіш шекарасын бақылау әдістері;
қызмет көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика құралдарының құрылымы.
29-параграф. Тұзды су өндіру ұңғымаларының операторы, 4-разряд
тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 километр, қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу; жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау;
ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау;
жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникацияларды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету;
тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу;
ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау;
ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу.
тұз кен орнының пайда болуы туралы негізгі ұғымдарды;
тұздың, тұзды судың физикалық-химиялық қасиеттері;
тұзды су өндірудің технологиялық схемасы;
слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздері;
қолданылатын құралдар мен айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны, пайдалану тәртібі;
тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын қосу және тоқтату тәртібі;
тұзды су ұңғымаларын бұрғылау мен игеру техникасы мен технологиясы негіздері.
30-параграф. Тұзды су өндіру ұңғымаларының операторы, 5-разряд
тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 километр қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу;
ұңғыманың жұмыс режимін қолдау және жақсарту жөнінде геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
ұңғыманың және өнімділігі тәулігіне 500 текше метр ортадан тепкіш насостардың жұмыс режимін игеру және қажетті жұмыс режиміне шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау;
ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау;
«Экстра» тұзын алу үшін тұзды суды өндіру және өндіріске қайта айдау жөніндегі процесті жүргізу жөніндегі жедел ақпарат;
жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникацияларды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету;
тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу;
ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау;
ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу;
ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу;
күштік және жарық беру желісіндегі, қосу-реттеу аппаратурасымен электр қозғағыштың күрделі емес ақаулардың себептерін анықтау және жою;
біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.
тұзды суды дайындап жуу және өндіру процесі технологиясы, жер астындағы және жер үстіндегі жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен құрылымы;
ұңғыманы жер астында және күрделі жөндеу түрлері;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымын және пайдалану тәртібі;
қызмет көрсететін аппаратураның, автоматиканың монтаждау және принципті схемалары;
электротехника, автоматика негіздері;
энергиямен қамтамасыз ету, су, кәріз, жылу желілерінің құрылымы;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылым мен оларға қызмет көрсету;
тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын іске қосу және тоқтату тәртібі;
ұңғымадағы тұзды су-ерітпегіш шекарасын бақылау әдістері.
31-параграф. Тұзды су өндіру ұңғымаларының операторы, 6-разряд
тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 километр қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу;
ұңғыманың, өлшеу қондырғыларының, қыспа насостары мен компрессор стансаларының үздіксіз жұмысын және қолдау, жақсарту жөнінде геологиялық-техникалық іс-шараларды бақылауды жүзеге асыру;
еңбек өнімділігі тәулігіне 1200 текше метр ортадан тепкіш насостарды жұмыс режиміне шығару және шикі тұзы суға арналған стандарт талаптарыа сәйкес ұңғыма тұзды суын алуға дейінгі айдап шығарылатын тұзды су параметрлеріне бақылау жүргізу;
жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау;
ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау;
ұңғымалар бойынша есептерді жүргізу және деректерді өңдеуге басшылық ету;
жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникацияларды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету;
тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу;
ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау;
ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу;
нысандарды жерасты (ағымдық) және күрделі жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу;
ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу;
қосу электр жабдығын, басқару стансасын, автоматика және телемеханика блоктарын, монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелеріндегі бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау;
тұзды судың есебін бақылау;
учаскеге қызмет көрсетудің вахталық құжаттамасын жүргізу;
біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.
жұмысталатын кен орнының сипаттамасы;
тұзды су өндіру ұңғымалары мен жабдықтың техникалық сипаттамасы мен құрылымы;
ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу түрлері;
ұңғыманы игеру және зерттеу, тұзды су өндіруді интенсивтендіру әдістерін;
автоматика, телемеханика бағдарламалық құрылғыларының, кәсіпшілікті кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын жүйелердің құрылымы мен пайдалану тәртібі, автоматика және телемеханика негіздерін.
32-параграф. Тұзды суды химиялық тазарту реакторшысы, 4-разряд
тұзды суды тазарту процесін жүргізу;
тұзды суды тазарту үшін реактивтерді дайындау;
булау қондырғыларын тазартылған тұзды сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
тұзды су мен сода ерітіндісінің температурасын өлшеу.
тұзды суды тазартудың технологиялық схемасы;
химиялық реактивтердің химиялық құрамын және жасау тәртібі;
химиялық реактивтер мен тұзды суды сандық пропорциясы;
реакторлардың, каустификаторлардың, тұндырғыш пен басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен пайдалану тәртібі;
реактор жууға тоқтату мен оны жуы тәсілдері.
33-параграф. Тұздың буын кетіруші, 4-разряд
тұзды судың буын кетіру және тұзды кристалдау процесін пісіру қондырғыларында (чрендарда) жүргізу;
чреннен тұзды күреп алу, оны колпактағы бөлмелерге таратып бөлу;
тұзды кептіру қондырғыларында кептіру;
чренді тұзды сумен толтыру;
тұзды судың температурасы мен деңгейін өлшеу;
пісіру қондырғысы жұмысының жылу режимін реттеу;
чрендегі тұзды араластыру;
чренді қақтан тазарту;
чренді, күреп алу механизмдері мен тасымалдау құрылғыларын жөндеуге қатысу.
буын кетіру және кептіру қондырғыларының, күреп алу механизмдері мен тасымалдау құрылғыларының құрылымы мен пайдалану тәртібі;
тұзды күреп алу, оны колпакта таратып бөлу тәртібі;
жылыту жүйесі мен чренді тұзды сумен толтыру схемасы;
тұзды судың шекті концентрациясы мен жұмсау нормасы;
қосу аппаратурасын пайдалану тәртібі;
чрен тақтасын қақтан, кептіру алаңын тұз бен күлден тазартудың тәртібі мен тәсілдері;
жабдықты майлау режимінің параметрлері мен қолданылатын жанар-жағармай материалдары;
қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы анықтау және оларды жою тәсілдері.
4-тарау. Кондитерлік өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Белок массаларын дайындаушы, 2-разряд
халва өндірісінде белок массаларын дайындау кезінде қосымша жұмыстарды орындауға қатысу;
кунжут, күнбағыс және басқа да майлы дақылдардың дәнін жару;
жарылған кунжут дәнінен қабықты соломур машинасында немесе қолмен алып тастау;
тұздық ерітіндісін дайындау;
жарылған кунжут дәнін ерітіндіге тиеу;
дәндерді жуғыш машинада немесе қолмен жуу;
веялкалардың, жабылатын бактарды, сеператорды, жарғыш машиналарды толтыру, қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау.
кунжутқа және халва өндірісінде қолданылатын басқа да майлы дақылдарға қойылатын техникалық шарттар, оның дәндерін тұздық ерітіндіде өңдеу тәртібі;
қызмет көрсететін машиналар мен пневматикалық құрылғылардың жұмыс істеу принципі және тәртібі;
майлы дақылдардың дәндерін жару және кунжутты соломарлау.
2-параграф. Белок массаларын дайындаушы, 3-разряд
халва өндірісінде белок массаларын дайындау кезінде қосымша жұмыстарды орындауға қатысу;
түсетін шикізаттың сапасын, жарылуын айқындау және кунжут дәнін органолептикалық жуу;
шикізатты цетрифугаларға тиеу;
центрифугаларда шикізаттың ылғалдылығын жою;
ылғалдың жойылуын органолептикалық қадағалау;
кунжутты жару және соломурлау процесінің белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
өңделген дәндерді қуыруға немесе кептіруге беру.
шикізаттан ылғалды жоюдың технологиялық шарттары және технологиялық процесі;
шикізаттың және дәндерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы;
дәндерді сусыздандыру тәртібі.
3-параграф. Белок массаларын дайындаушы, 4-разряд
жоғары білікті белок массасын дайындаушының басшылығымен халва өндірісінде белок массаларын дайындау процесін жүргізу;
оставаларда майлы дақыл дәндерін және арахис жаңғақтары мен кешьюді үгіту;
шикізатты бірқалыпты және тоқтаусыз тиеу;
берілген технологиялық режимге сәйкес шикізатты үгіту дәрежесін реттеу;
үгінді дәрежесін белгілеу үшін сынамаларды іріктеу;
үгінді сапасын және жұқалығын бақылау;
кептіру процесін қадағалау;
кептіргіштегі температуралық режимді реттеу.
дәндер мен ядроларды технологиялық үгіту;
белок массаларын шығуын айқындау әдісі;
технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу принципі және коммуникациялардың орналасуы, оларды пайдалану тәртібі;
үгіндінің берілген жұқалығы;
шикізат үгіндісіне және оны кептіруге қойылатын талаптар.
4-параграф. Белок массаларын дайындаушы, 5-разряд
халва өндірісінде белок массаларын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;
кунжуттың, арахистің түсуін қадағалау, сорт пен сапасына қарай оларды өңдеудің режимін айқындау;
тиелетін шикізаттың мөлшерленуін тексеру және реттеу;
дәндерді сулаудың, кептірудің, соломурлаудың, қуырудың және үгітудің белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
алынатын белок массаларының сапасын бақылау;
техникалық жай-күйін қадағалау, соломурлау және кептіру машиналарын, центрифугаларды, кептіргіштерді үгіту қондырғылары мен пневматикалық құрылғыларды баптау және жұмысын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтың және коммуникацияның жұмысындағы кінәраттарды алдын алу және жою.
белок массаларын дайындау технологиясы;
тұздық ерітінділердің беріктігін айқындау әдісі;
белок массалары өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысында кінәраттарды анықтау, алдын алу және жою тәсілдері.
5-параграф. Бисквиттер жасаушы, 1-разряд
жоғары білікті бисквиттер жасаушының басшылығымен штампылау машинасына қызмет көрсету операцияларын орындау;
ұн себу және штампылау машинасының жанышқысы арасындағы қамыр лентасын толтыру;
қамырдың жанышқы арасынан өтуін қадағалау;
дайын өнімдердің жәшіктерінің немесе қораптарының толуын қадағалау;
дайын өнім салынған жәшіктер мен қораптарды салу орнына апару;
өнімді бракқа шығару.
орындалатын жұмыстың тәртібі мен амалдары;
штамп-машина жұмысының принциптері;
дайын өнімнің сыртқы түріне қойылатын талаптар.
6-параграф. Бисквиттер жасаушы, 2-разряд
жоғары білікті бисквиттер жасаушының басшылығымен қолмен созылмалы, қантты, иленген печенье мен тоқаштарды формалау процесін жүргізу;
қол жанғыштарда және қолмен қамырды есу;
қамырды белгіленген қалыңдыққа дейін илеу, ұн себу;
қамырды кесу, бұқтыру немесе штампылау;
қамырды ротациялық, штампылау немесе қамыр есетін (қамыр басатын) машинаға тиеу;
табақтарды майлау;
табақтарды формалайтын машиналарға немесе пештерге беру;
түсетін қамырдың сапасын бақылау;
қамырды бөлу және машинада кесу;
дайын өнімді стеккерде қатарлау;
барабандарда немесе қазандықтарда тоқаштарды тираждау тоқаштарды тиеу, оларға шәрбат құю, түсіру және кептіргіш шкафтарда немесе камераларда кептіру.
қолмен печенье мен тоқаш жасау технологиясының негіздері;
орындалатын жұмыстың тәртібі мен амалдары;
қамырды өңдеудің механикаландырылған процесіне қызмет көрсету тәртібі;
қамырдың сапасы мен консистенциясына қойылатын талаптар;
тоқаштарды тираждау тәсілдері мен тәртібі;
тоқаштардың сапасын органолептикалық бағалау әдісі және оларды өңдеу тәртібі.
7-параграф. Бисквиттер жасаушы, 3-разряд
ротациялық, штампылаушы немесе қамыр есетін машиналарда механикаландырылған тәсілмен қамырды формалау процесін жүргізу;
жазылатын қамырдың қалыңдығын реттеу, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау;
жартылай механикаландырылған тәсілмен түрлі майқоспа печеньелерді жасаудың процесін жүргізу;
қамыр илейтін машиналарда қамыр илеу;
бекітілген рецептураға сәйкес шикізатты өлшеу және оларды қамыр илейтін машиналарға тиеу;
дайын қамырды түсіру;
үстелдерде қолмен қамырды технологиялық режимде белгіленген қалыңдықта жазу;
печеньелерді табақтарға салу;
үздіксіз жұмыс істейтін барабандарда тоқаштарды тираждау процесін жүргізу.
жартылай механикаландырылған тәсілмен печенье мен тоқаштың түрлерін жасау технологиясы, оларды жасау рецептурасы;
орындалатын жұмыстың тәртібі мен амалдары;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану тәртібі.
8-параграф. Бисквиттер жасаушы, 4-разряд
қолмен печенье мен тоқаштардың түрлерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
шикізат пен материалдарды дайындау;
берілген рецептура бойынша қамыр илеу;
әртүрлі өнімдер үшін қамырларды бөлу;
қамырды формалау және өнімдерді пісіру;
дайын өнімді орау машиналарына дұрыс берілуін және дұрыс оралуын қадағалау;
печеньеге арналған салма, пироженое мен тортқа арналған крем түрлерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
белгіленген рецептура бойынша бұлғағыш машиналарға шикізат тиеу;
кремдерді бұлғау процесін қадағалау;
бұлғау процесінің аяқталу сәтін айқындау;
темперлеу машинасында түрлі салмаларды илеуді қадағалау;
темперлеу машинасындағы температуралық режимді реттеу.
қолмен печенье мен тоқаш түрлерін жасаудың, кремдер мен салмаларды дайындаудың технологиясы;
тоқаштар мен печеньелердің түрлерінің рецептурасы;
қамыр мен дайын өнімдерге қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану тәртібі.
9-параграф. Бисквиттер жасаушы, 5-разряд
формалаушы агрегатта печеньелерді, тоқаштар мен майқоспа өнімдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
агрегатты жұмысқа дайындау;
илеу бөлімшесінен түсетін қамыр сапасын бақылау және оны біліктеу;
формалаушы агрегатты қосу және тоқтату;
үздіксіз қамыр лентасының пайда болу процесін қадағалау;
қамырдың берілуін, конвейер жүйесі бойынша қамырдың қозғалу жылдамдығын, қамыр лентасының қалыңдығын реттеу;
штампылау механизмінің жұмысын, формаланған (кесілген) өнімдерді қатарлауды және формалайтын агрегаттың төсемінен табақтарға (трафареттерге) немесе тікелей пештің болат ленталарына көшіруді реттеу;
ағынды-механикаландырылған желіде печенье жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
желіні жұмысқа дайындау;
келіп түсетін шикізаттың сапасын тексеру;
берілген рецептура бойынша шикізатты илейтін машиналарға тиеудің мөлшерін және жүйелілігін қамтамасыз ету;
үздіксіз илеу, қамырды басу, формалау және пісіру процесін қадағалау әрі реттеу;
пісірудің температуралық режимін қадағалау;
желінің барлық жабдықтарының тоқтаусыз және ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
формалаушы агрегатта печеньелерді, тоқаштар мен майқоспа өнімдердің рецептурасы және дайындау технологиясы;
ағынды-механикаландырылған желілерде печенье жасау режимінің параметрлері және технологиялық схемасы;
шикізаттың, жартыдай дайын өнім мен дайын өнімнің сапасын айқындау әдістері;
формалаушы агрегаттардың, илегіш машиналардың, пештердің, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың, қызмет көрсететін ағынды-механикаландырылған желілердің құрылғысы және пайдалану тәртібі.
10-параграф. Бұлғағыш машинаның машинисі, 2-разряд
бұлғағыш қазандарда сабын тамырының сығындысы қосылған карамель массасын бұлғалау процесін жүргізу;
қазандарды карамель массасы мен сабын тамырының сығындысымен толтыру;
араластырғыштың қыздырғышын қосу;
кезеңді жұмыс істейтін бұлғағыш машиналарда пастила немесе зефир массасын бұлғалау процесін жүргізу;
түсетін шикізаттың сапасын тексеру, рецептураға сәйкес агар желімі мен хош иістендіргіш заттарды қосу, массаны араластыру;
бұлғалау процесін қадағалау, қажетті үлес салмағын сақтау, массаның дайын болғандығын айқындау;
дайын массаны түсіру;
қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату.
бұлғағыш қазандарда сабын тамырының сығындысы қосылған карамель массасын және кезеңмен жұмыс істейтін бұлғағыш машиналарда пастила мен зефирді бұлғалау технологиясы;
қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы, оларды пайдалану тәртібі.
11-параграф. Бұлғағыш машинаның машинисі, 3-разряд
үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттарда пастила немесе зефир массасын, бұлғама кәмпиттерге арналған массаларды бұлғалау процесін жүргізу;
рецептураға сәйкес қант-алма қоспасын дайындау;
бұлғанған массаны қант-агаро немесе қант-агаро-ағынды шәрбатпен бұлғалау;
рецептураға сәйкес қоспаны, жұмыртқа ауызын, агаро желімі мен эссенцияны мөлшерлеу;
бұлғаланған массаның дайын болғандығын айқындау;
қызмет көрсететін жабдықтың техникалық жай-күйін және жұмысын қадағалау;
бұлғағыш машиналарда қантсықпа массаларын дайындау процесін жүргізу;
сироп станциясы болмаған кезде – сиропты пісіру;
пісіру бағанында белгіленген тығыздыққа дейін қантсықпа шәрбатын пісіру, оны шнекбұлғағыш машинаның құйғышына құю;
қантсықпа дайындаудың технологиялық режимінің сақталуын бақылау;
машина мен салқындату жүйесінің жұмысын қадағалау;
қантсықпаны бұлғалау және салқындату процесінің аяқталу сәтін айқындау.
үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттарда массаны дайындау және бұлғалау технологиясы;
шикізат пен жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттардың және қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылғысы.
12-параграф. Вафли жасаушы, 1-разряд
вафли табақтарына салмаларды жағу және оны қолмен жабыстыру;
тұндырма қаптарына салмаларды толтыру;
салмаларды фигуралық вафлилерге тұндыру;
вафлилерді жабыстыру және кесу.
қолмен салмаларды вафли табақтарына салу, салмаларды бұқтыру, вафлилерді жабыстыру және кесу амалдары және тәсілдері.
13-параграф. Вафли жасаушы, 2-разряд
вафлилерді машиналарда жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
салмаларды вафли табақтарына жағу және оларды машинада жабыстыру;
машина бункерін салмамен толтыру;
машина біліктегіші арасына вафли табақтарын беру;
салманың берілуін реттеу;
біліктер арасында талап етілетін саңылауларды орнату;
тасымалдағыштардан вафли пласттарын қабылдау және сауыттарға қатарлау.
вафли салмаларының түрлері;
вафли табақтарына салма қабатын жағу тәсілдері және оларды машинада жабыстыру;
қызмет көрсететін машиналардың жұмыс істеу принциптері және пайдалану тәртібі.
14-параграф. Вафли жасаушы, 3-разряд
ағынды-механикаландырылған желілерде салмасы бар вафлилерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
вафли табақтарының саны мен сапасын және салма мен табақтардың ара қатынасының берілген рецептураға сәйкестігін бақылау;
салмаларды жасау процесін қадағалау;
салманың дайын болғандығын және сапасын айқындау;
салмаларды жағатын машиналардың жұмысын реттеу, салма қалыңдығын белгілеу;
пласт салмағын тексеру;
тоңазытқыш камерада пласттарды салқындатуды (ұзақтығын) қадағалау.
ағынды-механикаландырылған желілерде вафли жасаудың рецептурасы мен технологиясы;
салма және вафли табақтарының сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықтарды пайдалану тәртібі.
15-параграф. Вафли жасаушы, 4-разряд
ағынды-механикаландырылған желіде мол ассортиментте салмалары бар вафли жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
вафли табақтарын қабылдау, оларды салмаларды жағатын машиналарға беру;
тоңазытқыш камерада вафли табақтарын салқындатудың температуралық режимін бақылау.
вафлилердің ассортименті, рецептурасы және ағынды-механикаландырылған желіде түрлі вафли жасау технологиясы;
дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;
ағынды-механикаландырылған желіде қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану тәртібі.
16-параграф. Глазурлаушы, 1-разряд
конфетті немесе басқа да кондитерлік өнімдерді, сурет салмай, дайын глазурьмен жабу;
ақау болған кондитерлік өнімдерді бракқа шығару;
глазурланған өнімдерді тоңазытқыш шкафтарға салу;
салқындатқаннан кейін бұйымдарды таразылауға немесе келесі операцияларға беру.
кондитерлік өнімдерді, сурет салмай глазурлаудың тәртібі мен амалдары.
17-параграф. Глазурлаушы, 2-разряд
белгіленген суретті сала отырып, кондитерлік өнімдерді қолмен глазурлау;
белгіленген температураға дейін қыздыру және глазурды араластыру, оны қажетті консистенцияға жеткізу, қантсықпа глазурға эссенция мен бояу қосу;
глазурланған өнімдерді тоңазытқыш шкафқа тиеу;
салқындатылған өнімдерді таразылауға немесе одан кейінгі операцияларға беру;
өнім корпустарын қолмен глазурлау машинасының төсеміне тасымалдау, стандартқа сай келмейтін корпустарды бракқа шығару.
сурет сала отырып, кондитерлік өнімдерді қолмен глазурлау технологиясының негіздері;
глазурь мен өнім корпустарының сапасына қойылатын талаптар;
глазурь дайындаудың тәртібі, оның құрамы.
18-параграф. Глазурлаушы, 3-разряд
жоғары білікті глазурлаушының басшылығымен түрлі жүйедегі агрегаттар мен машиналарда әртүрлі кондитерлік өнімдерді глазурлау процесін жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықты жұмысқа дайындауға қатысу;
глазурлар мен өнім корпустарын машинаға үзбеу берілуін, өздігінен орналасу жұмысын, корпустардың тасымалдағыш ленталарына тығыз төселуін, өнімдердің глазурлау механизмі және салқындатқыш шкаф арқылы өтуін қадағалау;
ауа механизмдерінің жұмысын реттеу.
түрлі кондитерлік өнімдерді агрегаттар мен машиналарда глазурлау технологиясы;
глазурлауға түсетін өнімдерге және дайын өнімдерге қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі.
19-параграф. Глазурлаушы, 4-разряд
түрлі жүйедегі агрегаттар мен машиналарда әртүрлі кондитерлік өнімдерді глазурлау және безендіру процесін жүргізу;
бір және екі қатпарлы конфеттерді безендіру процесін басқару;
басқару пультінен безендіру машинасының суретін таңдау, темперленген массаны шағын темперден безендіру машинасына беру;
декарматикті қосу, оның жұмысын қадағалау;
тасымалдағыштың жүрісін, глазурлау механизациясын және салқындатқыш құрылғыларды тексеру;
глазурды темперлеу және глазурлау машиналарына тиеу;
қоректендіргіш сорғыларды қосу және тоқтату;
глазурдың созылымдылығын қадағалау;
бөлгіш, торлы және салқындатқыш тасымалдағыштардың қозғалыс жылдамдығын реттеу;
белгілі қалыңдықта шоколад глазурын және беті толқын тәрізді өнімдерді алу үшін ауа механизмдерін реттеу;
конфеттегі глазурь процентін белгіленген стандарттарға сәйкестігін айқындау.
агрегаттар мен машиналарда түрлі кондитерлік өнімдерді глазурлаудың технологиясы;
глазурь суретінің сапасына және дайын кондитерлік өнімдерге қойылатын талаптар;
глазурланатын өнім түрлеріне қарай глазурь шығынының нормалары;
глазурлау агрегаты мен безендіру машинасының құрылғысы және оларды пайдалану тәртібі;
тасымалдағыштардың жылдамдығын және қызмет көрсететін механизмдердің жұмысын реттеу тәртібі.
20-параграф. Драже жасаушы, 2-разряд
драженің қант секілді түрлерін домалату және өңдеу;
дражелейтін қазандықтарға драже корпустарын тиеу, шәрбат құю, қант опасын себу;
қазандықтардың айналу жылдамдығын және драже корпустарын өңдеудің ұзақтығын реттеу;
қант қабықшасы қабатының бірқалыпты пайда болуын қадағалау, оны тегістеу және ажарлау;
дайын өнімді түсіру.
түрлі драже мен карамелдерді домалату және өңдеу амалдары мен тәртібі;
дражелейтін қазандықтардың жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртібі.
21-параграф. Драже жасаушы, 3-разряд
жоғары білікті драже жасаушының басшылығымен драженің ликер-тоңбасы түрлерін немесе құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар емдік мақсатқа арналған дражелерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
дражелеу массасы үшін материалдар дайындау;
берілген рецептура бойынша қант шәрбатын дайындау;
драже корпустарын қазандықтарға тиеу;
қажетті өлшемдегі, салмақтағы, формадағы дражені алу мақсатында дражелеу процесін және бетін қадағалау;
шикізатты, жартылай дайын өнімнің шығындалуын және дайын өнімнің сапасын бақылау;
дражелейтін қазандықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау.
шығарылатын драженің ассортименті; шикізаттың, жартылай дайын өнім мен дайын өнімнің қасиеті;
түрлі дражені жасау рецептурасы және жасау технологиясы;
түрлі дражеге қойылатын талаптар;
құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар емдік мақсатқа арналған дражелердің қасиеті.
22-параграф. Драже жасаушы, 4-разряд
түсті, шоколад дражелер мен емдік мақсатқа арналған дражелерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
машинамен немесе қолмен түрлі драже: ликер, қантсықпа, желе сияқты, жеміс-жидек, карамел, жаңғақ корпустарын дайындау;
қант, ликер шәрбаттарын, жылтырату массаларын, шоколад глазурын, қантсықпа немесе құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар дражелеу массасын дайындау;
қант опасымен домалату (өңдеу) арқылы бетін жақсылап тегістеп, дражелейтін қазандықтарда драже корпустарына талап етілетін форма мен өлшемде жартылай дайын өнімдерді жасау;
емдік мақсатқа арналған дражелерді жасау кезінде талдаулар үшін сынамалар іріктеу;
корпустарды, жартылай дайын өнімдер мен шәрбаттарды жасау сапасын бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.
шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің физикалық және химиялық қасиеті;
рецептуралар, шәрбаттарды пісіру технологиясы және тәсілдері, әртүрлі драже үшін дражелеу және жылтырату массаларын дайындау;
шикізаттың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімінің сапасына қойылатын талаптар;
жабдықтың жұмыс істеу принципі, жұмыста болған кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері.
23-параграф. Инверт шәрбатын дайындайтын аппаратшы, 4-разряд
инвертаторда сахарозаны инвертеудің технологиялық процесін жүргізу;
инвертаторды қант шәрбатымен толтыру;
бу қаптамаға суық су толтыру;
талап етілетін температураға дейін қант шәрбатын салқындату;
процестің температуралық режимін бақылау және реттеу, арнайы өлшегіште қышқылды белгі концентрацияға дейін еріту;
инвертаторлардың араластырғыштарын қосу және қышқыл ерітіндісін құю;
сахарозаны инвертеу процесінің барысын бақылау;
редукцияланатын заттардың құрамын зертханалық талдауға арналған сынамаларды үзбей алу, олардың құрамын қышқылдың қосымша ерітіндісін немесе құрамында аз көлемде редукцияланатын заттар бар инвертті қантты қосу арқылы реттеу;
өлшегіште, белгіленген концентрацияны қатаң сақтай отырып, екі көмірқышқыл натрий ерітіндісін дайындау;
инвертті шәрбатты сілті ерітіндісімен бейтараптандыру процесін жүргізу;
сынамаларды таңдау;
дайын инвертті шәрбатта құрғақ заттардың құрамын рефрактометрдің көмегімен айқындау;
инвертті шәрбатты сүзіп, жинағыштарға құю;
жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.
инвертті сироптың құрамы мен қасиеті, олардың температуралық режимге тәуелділігі, жылудың әсер ету ұзақтығының шамасы;
инверттелетін ерітіндідегі қоспалардың болуы (сахарозаны инверттеу өнімдері), қант ерітіндісінің концентрациясы;
инверттеуге қолданылатын ас қышқылының қасиеті және концентрациясының шамасы;
құбырлар мен жабдықтардың схемасы және орналасуы;
бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен пайдалану тәртібі;
технологиялық процестің параметрлері және сахарозаны инверттеудің технологиясы;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі.
24-параграф. Карамель жасаушы, 1-разряд
жоғары білікті карамель жасаушының басшылығымен штампылау немесе кескіш машиналарда түрлі операцияларды орындау;
салқындатылған карамелдерді машинадан түсіру және лотоктарға қатарлау;
лотоктарды салу орындарына тасымалдау.
карамельдің негізгі қасиеті және ерекше белгілері;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
салқындатылған карамелдерді машинадан түсіру амалдары және оларды лотоктарға қатарлау тәртібі.
25-параграф. Карамель жасаушы, 2-разряд
карамель массасын салқындатқыш үстелге тасымалдау;
карамель массасына бояғыштар, қышқылдар мен эссенциялар қосу;
массаны араластыру және бөлуге беру;
бракқа шығару.
карамель массаларының, бояғыштардың, қышқылдар мен эссенциялардың негізгі қасиеті және ерекше белгілері;
карамель массаларына бояғыштарды, қышқылдарды, эссенцияларды қосудың және массаны араластырудың тәртібі мен амалдары.
26-параграф. Карамель жасаушы, 3-разряд
қолмен екі есе немесе қою салмалары бар карамелдерді жасауға арналған карамель массасын проминка, бөлу;
карамель массаларын үстел үстінде салқындату, жаю;
созу машиналарында массаны созу;
таптау салма салу машиналарында пласттарды салу және өңдеу;
салмалардың түсуін реттеу және карамель батонын безендіру, калибрлеу-тарту механизмдерде батонды жгутқа тарту және оны карамельді формалау агрегаттарына беру;
калибрлеу-тарту механизмі мен карамельді формалаушы агрегаттардың жұмысын реттеу, оның жұмысындағы кінәраттарды жою.
екі салмасы бар карамелдерді жасау, батондарды, жгуттарды формалау үшін карамель массасын бөлудің технологиясы, тәртібі мен амалдары;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің құрылғысы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі және реттеу тәсілдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың міндеті және пайдалану тәртібі.
27-параграф. Карамель жасаушы, 4-разряд
карамель формалаушы агрегатта тас кәмпит карамельдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
карамель массасын проминкалау, бөлу және салқындату режимін реттеу, оны формалауға дайын болғандығын айқындау;
монпансейн біліктерде штампылау немесе кесетін тізбектері бар машиналарда карамелдерді формалау;
ағынды-механикаландырылған желіде тас кәмпит карамелдерін дайындау кезінде – карамель массаларын пісіру, хош иістендіру, салқындату процесін қадағалау және реттеу, формаланған карамельді орау және өлшеп орау, сапасын тексеру;
қызмет көрсету жабдықтарының жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.
тас кәмпит карамелдерін жасау үшін карамель массасын қасиеті;
тас кәмпит карамелдерінің технологиялық процесін бақылау және реттеу әдістері;
қызмет көрсететін жабдықтың және ағынды-механикаландырылған желінің құрылғысы және пайдалану тәртібі;
тас кәмпит карамелдерінің сапасына қойылатын талаптар.
28-параграф. Карамель жасаушы, 5-разряд
карамель формалаушы агрегаттарда салмасы бар карамелдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
машина және агрегат механизмдерінің жұмысын тексеру және реттеу;
карамель массалары мен салмаларды формалауға уақытында дайындалуды және беруді қамтамасыз ету;
карамель массасын проминкалау машиналарында немесе қолмен жою;
карамель пластасын дайындау, таптау машинасының салма салғыш түтіктерге беру;
салмаларды темперлеу және механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен салма толтырғыштарға беру;
салмаларды түтік арқылы карамель батондарға салу;
калибрлеу-тарту механизмдері арқылы батонды жіберу;
штампылау немесе кескіш тізбектері бар машиналарда карамелдерді формалау процесін қадағалау;
екі қою салмасы бар карамельдерді жасау кезінде: карамель «Конвертін» жасау, «Конвертті» жабу және тарту, одан әрі формалау үшін таптау машинасына салу;
бояу қабыршықта карамелді жасау кезінде: түрлі түсті карамель массаларын көп еселеп салу және оюлы пласттарға тарту және оған самасы бар «Конвертті» салу;
ағынды-механикаландырылған желіде салмасы бар карамелдерді жасау процесін жүргізу;
технологиялық режимдердің сақталуын бақылау және карамель өндірісінің барлық фазалары жұмысында кінәраттарды жою;
бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау;
карамель формалаушы агрегаттардың жұмысымен байланысты барлық желі жабдықтарының өзара қатынасын қамтамасыз ету;
тиеу, режимді және пісіру аппараттарының, мөлшерлегіштердің, салқындатқыш құрылғылардың, проминалдың, таптау салма салу және темперлеу машиналарының, формалау агрегаттарының, тегістеуге арналған аппараттың, өлшеу-орау автоматтың, орау машиналары мен тасымалдағыштардың жұмыс істеу ырғағын реттеу.
әртүрлі салмасы бар карамелдерді жасаудың технологиясы, рецептурасы мен тәсілдері;
карамель массалары мен салмалардың ассортименті мен қасиеті;
салмасы бар карамелдердің сапасына қойылатын талаптар;
түрлі карамелдерді жасауға арналған жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері және пайдалану тәртібі әрі жұмысын реттеу.
29-параграф. Кәмпиттер жасаушы, 1-разряд
тұндырғаннан кейін крахмалдан кәмпит корпустарын іріктеу;
тазартылған корпустарды таразыларға беру;
тасымалдағыштан дайын өнімді түсіру;
жедел тұндырып, ағынды-механикаландырылған желіде камераға кіргізу кезінде лотоктардың қалпын тексеру;
дайын массадан қолмен марципті, майлы және басқа да кәмпиттердің корпустарын сықпалау тәсілімен формалау процесін жүргізу;
қантсықпа, пралинді, марципті массалар мен кремдерді қыздыру және араластыру;
дәм беретін, бояйтын және хош иістендіретін заттарды қосу;
шприцтеу қапшықтарын кәмпит массасымен толтыру, өнімдерді тұндыру-формалау, бояу.
жұмысты орындау үшін қажетті көлемде операцияларды орындау тәртібі мен амалдары.
30-параграф. Кәмпиттер жасаушы, 2-разряд
жоғары білікті кәмпиттер жасаушының басшылығымен жартылай механикаландыру тәсілімен немесе қолмен түрлі кәмпиттер мен ұлттық тәтті тағамдарды жасаудың процесін жүргізу;
шәрбаттарды пісіру, тираждау, салқындату, бұлғау, қыздыру, хош иістендіру;
қолмен немесе жартылай механикаландырылған тәсілмен кәмпит массаларын крахмалға құю және сықпалау;
крахмалды електен өткізу;
крахмалда құмаларды құю үшін ұяшықтар штампылау;
кәмпит корпустарын машинада немесе қолмен крахмалдан тазалау;
кәмпит корпустарын жылғалы қатарлағыштарға үлестіру;
бояғыш конвейерге қызмет көрсету;
бояғыш конвейер қоректендіргіштеріне кәмпит массасын тиеу;
кәмпит массасының қалыңдығын реттеу;
кәмпит пласталарын аудару, салқындатылған пласттарды тұндыруға және кескіш машиналарға беру;
тасымалдағыштың күйі мен жұмысын қадағалау;
сықпа престерде немесе басқа да формалаушы агрегаттарда кәмпит батондарын престеу;
пресс құйғыштарына кәмпит массаларын тиеу;
престерді қосу және тоқтату, олардың жұмысын реттеу;
уақытылы берілуін қамтамасыз ету және белгіленген формада кәмпиттерге арналған батон жолақтарын немесе жгуттарды кесу машинасын қадағалау;
жоғары білікті кәмпиттер жасаушының басшылығымен үздіксіз ағынды желіде күмбез секілді кәмпиттерді сықпалау және какао ұнтағымен әрі вафли жармасымен себелеу;
трюфельдерді, оңтүстік жаңғағын дражирлеу қазандықтарында және басқа да аппараттарда домалату;
қазандықтарға кәмпит корпустарын тиеу, корпустарға какао массасын құю және қазандық айналған кезде какао ұнтағын себу;
какао массасының бірқалыпты таралуын бақылау, түсіру және өнімдерді електен өткізу;
стандартқа сәйкес келмейтін жабдықтардың өнімдерді бракқа шығару;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттардың алдын алу.
жартылай механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен конфет түрлерін және жартылай дайын өнімдерді, ұлттық тәтті тағамдарды дайындау технологиясы;
кәмпит массаларына қойылатын талаптар;
түрлі кәмпиттерді тасымалдағышқа тиеу, бояу немесе қалыңдату, қалыңдығын реттеу тәртібі және амалдары;
трюфелдерге қойылатын техникалық талаптар және таптау тәсілдері;
дражирлеу қазандықтарын пайдалану және қызмет көрсету тәртібі; кәмпит батондарын дайындау технологиясы;
сықпа престердің жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртібі.
31-параграф. Кәмпиттер жасаушы, 3-разряд
бояғыш тасымалдағышта бір қабатты кәмпиттер мен вафли пласталарын жасау процесін жүргізу;
түрлі шәрбаттарды қайнату, салқындату және бұлғау;
кәмпит массаларын темперлеу, араластыру және хош иістендіру;
кәмпит-вафлилер мен бір қаттамалы кәмпит пласталарын дайындау, оларды салқындату (тұндыру) және кесуге беру;
пісіру аппаратурасының, бұлғау машиналарының, бояғыш тасымалдағыштардың, кескіш машиналардың жұмысын қадағалау және реттеу;
түрлі кәмпиттерді, оның ішінде «Шоколадтағы қара өрік» типті және ұлттық тәтті тағамдарды қолмен жасау процесін жүргізу;
кәмпит құятын машиналардың жұмысын реттеу, бункердің толуын, құйғыштағы кәмпит массасының температурасын, құйғыш қалпақшалардың жұмысын және кәмпит корпустарының формалануын, крахмал беру механизмінің жұмысын бақылау;
құйғыш машинаның техникалық жай-күйін қадағалау, оның жұмысындағы кінәраттарды жою;
үздіксіз ағынды желіде күмбез секілді кәмпиттерді сықпалау және какао ұнтақтарымен және вафли жармаларымен себелеу.
бір қаттамалы, вафли кәмпиттерді жасау технологиясы;
шикізаттың, жартылай дайын өнімнің сапасын органолептикалық әдіспен бағалау;
бояғыш тасымалдағыштардың, кескіш машиналардың, кәмпит құйғыш машиналардың құрылғысы және пайдалану тәртібі;
қызмет көрсететін механизмдерді реттеудің тәсілдері;
формалау материалдарына қойылатын талаптар.
32-параграф. Кәмпиттер жасаушы, 4-разряд
жартылай механикаландыру тәсілімен түрлі кәмпиттерді және ұлттық тәтті тағамдарды жасау процесін жүргізу;
кәмпит массаларын дайындау, сапасын тексеру, дайын болғандығын айқындау;
кәмпиттерді формалау;
кәмпиттерді глазурлау және көркемдік безендіру;
құйғыш машинада кәмпит корпустарын төгу;
берілген рецептура бойынша кәмпит массаларын даярлау, оларды төгуге дайындау және құйғышқа беру;
құятын қалпақшаның жұмысын реттеу;
лотоктарды крахмалмен толтыруға даярлығын және дұрыстығын, ұяшықтарды штампылаудың сапасын бақылау;
кәмпит корпустарын тұндыру процесін қадағалау;
тасымалдағышта көп қаттамалы кәмпиттерді және «Суфле» типті кәмпиттердің бұлғама корпустарын жасау процесін жүргізу;
берілген рецептура бойынша конфет массаларын дайындау, темперлеу, бұлғау, басқа компоненттермен араластыру;
қаттамаларды жекелеп тасымалдағыш лентаға алдын ала жағу және бөліп-тарату;
кәмпит пласталарын тегістеу және кесу;
трюфель типті кәмпиттерді жасау процесін жүргізу;
массаны бұлғау, оның сапасын тексеру;
машиналарда немесе қолмен трюфельдерді формалау;
трюфельдерді дражирлеу қазандықтарына тиеу, оларға шоколад глазурын жағу, қант опасы қосылған какао ұнтағында домалату;
дражирлеу қазандығынан трюфельдерді түсіру, какао ұнтағының қалдығынан бөлу;
дайын трюфельдерді өлшеу;
«Шоколад», «Театральный» және басқа да жиынтықтарға кіретін кәмпиттерді жасау үшін жартылай дайын өнімдерді, дайындамаларды, өңдеу материалдарын дайындау жұмыстарын орындау.
кәмпиттерді дайындауға және жартылай механикаландырылған тәсілмен түрлі кәмпиттер мен ұлттық тәтті тағамдарды жасауға арналған кәмпит массаларын дайындаудың технологиясы мен рецептурасы;
өнімдерді өңдеу және безендіру амалдары;
тасымалдағышта көп қаттамалы және бұлғанған кәмпиттерді жасау технологиясы;
пісіру аппаратурасының, кәмпит құятын машиналардың, тасымалдағыштардың, бұлғағыш және кескіш машиналардың құрылғысы, пайдалану тәртібі әрі жұмысын реттеу;
«Шоколад», «Театральный» және басқа да жиынтықтарға кіретін кәмпиттерді жасау үшін трюфельдер, жартылай дайын өнімдер, дайындамалар, өңдеу материалдарын жасау рецептурасы мен технологиясы.
33-параграф. Кәмпиттер жасаушы, 5-разряд
құю-формалау агрегатында кәмпиттер жасау процесін жүргізу;
формалау үшін қантсықпа, желе және басқа да кәмпит массаларын дайындаудың рецептурасы мен технологиялық режимдерін сақтау; корпустарды құю және тұндыру, оларды крахмалдан тазалау процесін реттеу;
агрегаттың барлық тораптары мен механизмдердің өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою;
лотоктарды крахмалдармен бір қалыпты толуын, ұяшықтарды формалау сапасын және олардың толуын қадағалау;
кәмпит корпусының өзгеру себептерін, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс барысында кінәраттарын анықтау және жою;
корпус салмағының стандартқа сәйкестігін бақылау;
жедел тұндырумен ағынды-механикаландырылған желіде кәмпиттерді жасау процесін бақылау;
кәмпит массаларын пісіру, массаларды қыздыру, рецептураға сәйкес компоненттерді қосу, массаларды бұлғалау және темперлеу, корпустарды құю және жедел тұндыру;
жұмыс ырғағының және технологиялық режимнің бұзылуын алдын алу және жою;
сынамаларды іріктеу және кәмпит массаларының ылғалдылығын талдау;
тоңазытқыш камерадағы температуралық режимді қадағалау;
престеу әдісімен ағынды кешенді механикаландырылған желілерде пралинді және қантсықпа кәмпиттерді жасау;
массаны формалау процесіне дайындау, жгутты кесу, кәмпиттерді глазурлау және орау;
бақылау-өлшеу аспаптар көрсеткіші, зертханалық талдаулар нәтижелер және органолептикалық әдіс бойынша технологиялық процестердің барысын қадағалау;
ағынды кешенді механикаландырылған желіде «Грильяж» типті кәмпиттерді жасау процесін жүргізу;
қантты еріту, жаңғақтарды үгіту, грильяж үшін кәмпит массаларын дайындау процесін жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қантты еріту және кәмпит массаларын дайындау процесін реттеу, техникалық жай-күйін қадағалау және ағынды кешенді механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдығының тоқтаусыз және синхронды жұмысын реттеу.
құйма кәмпиттерді формалау технологиясы;
шикізат пен жартылай дайын өнімдердің қасиеті, олардың сапасына қойылатын талаптар;
кәмпит массаларын дайындаудың технологиясы және рецептурасы;
ағынды кешенді механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдығының құрылғысы;
темперлеу, қантсықпа-бұлғалау машиналарының, кәмпит корпустарын жедел тұндыру қондырғыларының жұмысын реттеу тәртібі;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және тәртібі;
дайын өнімнің сапасын органолептикалық бағалау әдісі.
34-параграф. Коагулятты ағартушы, 4-разряд
коагулятты реакторда және центрифугаларда ағарту процесін жүргізу;
механикалық електе коагулятты елеу;
спиртті қайта айдау, қышқылдарды тасымалдау;
су қосылған тұздық қышқыл ерітіндісін дайындау;
ерітінді мен спиртті реакторға құю;
коагулятты реакторға тиеу;
коагулятты ағарту процесін бақылау;
жабдықтың техникалық жағдайы мен жұмысын қадағалау.
коагулятты ақтаудың технологиялық режимінің параметрлері;
реактордың жұмыс істеу принципі және қызмет көрсету тәртібі;
қышқыл ерітіндісін қауіпсіз дайындаудың тәртібі.
35-параграф. Кондитер, 1-разряд
пісірілген бисквитті формадан пышақпен кесіп алу немесе қағып түсір;
жартылай дайын өнімдерді жұмыс орындарына тасу;
крем жағатын машиналарға крем немесе салмаларды тиеу, оның жұмысын реттеу;
жоғары білікті кондитердің басшылығымен күрделі операцияларды орындау.
пирожное мен торттар үшін пісірілген бисквиттің сапасына қойылатын талаптар;
крем жағатын машинаға қызмет көрсету тәртібі.
36-параграф. Кондитер, 2-разряд
торттарды, пирожное мен фигуралық печеньелер жасау процесінде жекелеген операцияларды орындау;
түрлі шәрбаттар мен кремдер дайындау, кремді бұлғалау және бояу, шәрбатты пісіру;
пирожное мен торттар үшін пласта өлшемі бойынша бисквиттерді кесу, тегістеу және жазу;
қолмен немесе крем жағатын машиналарда крем мен салманың қалыңдығын реттей отырып, пирожное мен торттарға крем немесе салмалар жағу немесе бетін толтыру;
өнімдердің жекелеген түрлері үшін жартылай дайын өнім дайындау;
жеке-жеке өнімдердің салмағын тексеру;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шәрбатты пісіру сапасын бақылау;
жартылай дайын өнімді жұмыс орнына беру;
дайын өнімді ыдыстарға салу;
пішіні күрделі печеньені формалау процесін жүргізу;
сығымдау қаптарына қамыр толтыру және қолмен печеньені немесе тәтті нандарды табақтарға сығымдау;
сығымдау машиналарында «Украина» типті печеньені сығымдау;
сығымдау машинасының цилиндріне қамыр толтыру;
сығымдау сапасын қадағалау;
сығымдау машиналарынан формаланған қамырды түсіру және оларды табақтарға қатарлау;
машиналарда сэндвичтер жасау;
келіп түсетін печеньенің, салмалардың, кремдердің сапасын тексеру;
сэндвичтер жасауға арналған машиналарды қосу және тоқтату, оның жұмысын реттеу;
машина барабанына крем немесе салмаларды тиеу;
печеньелерді тасымалдағышпен кассеталарға беру, салмаларды, кремді жағу, тоңазытқыш шкафта салқындату, тасымалдағышқа қатарлау.
түрлі шәрбаттарды, кремдерді дайындаудың, сэндвичтер, өнімдердің жекелеген түрлері үшін жартылай дайын өнімдер жасаудың технологиясы және рецептурасы кремдерді бояудың тәсілдері;
шығарылатын өнімдердің ассортименті;
кондитер өнімдерін жасау үшін қолданылатын шикізаттың, дәм беретін және хош иістендіретін заттардың, жұмсартқыштар мен бояғыштардың түрлері;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртібі.
37-параграф. Кондитер, 3-разряд
қарапайым бұқаралық торттарды, пирожное мен басқа да даналап сатылатын кондитерлік және нан өнімдерін бір бояу эталоны бойынша трафаретті суретті салып немесе әртүрлі шикізаттан: қамырдан, ірімшік массасынан немесе балмұздақтан бояуларды қоса отырып жасау процесін жүргізу;
түрлі қамырлар, кремдер, салмалар дайындау;
берілген рецептура бойынша шикізат дайындау, таразылау, өлшеу;
қамырды араластыру, бұлғалау, белгілі қалыңдыққа дейін жаю, қамырға ұн себелеу;
алынған жартылай дайын өнімдерді бөлу;
өнімдерді штампылау, формалау және табақтарға салу;
өнімдерді қантсықпамен, марципанмен, қантталған жемістермен, креммен өңдеу;
балмұздақтан жасалған өнімдерді шыңдау.
ұнның сорттары және қасиеті (пайда болатын жабысқақтықтың сапасы);
қарапайым торттарды, пирожное мен басқа да жеке кондитерлік өнімдерді, бояуларды жеңіл қоса отырып, бір бояу эталоны бойынша трафаретті суретті жаға отырып жасаудың рецептурасы мен режимі;
өнімдерді қантсықпамен, марципанмен, қантталған жемістермен, креммен өңдеу тәсілдері;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы.
38-параграф. Кондитер, 4-разряд
кекстер, орамалар, печеньенің түрлі ассортиментін, әртүрлі шикізаттан: қамырдан, ірімшік массасынан немесе, суреттің ұсақ және орташа бөлшектерінің бөлек орналасқан және түстер дәстүрлі ауыстырылатын көп бояулы өрнектері бар балмұздақтан торттар мен пирожное жасаудың процесін жүргізу;
формалау;
торттар үшін шоколадтан, кремнен, бизеден сурет бөлшектерін, өрнектер жасау, кремді түстері бойынша іріктеу;
өрнектер салу;
ұсақ және орташа бөлшектерден жасалған суреттерді монтаждау;
бояу элементтерінің және сурет бөлшектерінің бірігуін, дайын торттар мен пирожное салмағын тексеру.
кекстерді, орамаларды, печеньенің түрлі ассортиментін, көп бояулы өрнектер салынған күрделі торттар мен пирожное жасаудың технологиясы;
суретті монтаждау тәсілдері.
39-параграф. Кондитер, 5-разряд
жоғары білікті кондитердің басшылығымен арнайы әзірленген фирмалық рецептура бойынша жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, ұлттық, тапсырыс торттарын жасау процесін жүргізу;
жекелеп пісірілетін және өңдейтін жартылай дайын өнімдерді жасау;
«Театральный», «Шоколадный» типті жиынтықтар үшін кәмпиттер жасау процесін жүргізу;
шикізатты, салмаларды, өңдеуші жартылай дайын өнімдерді дайындау, сапасын тексеру;
қамыр дайындамаларын формалау, өнімдердің күрделі түрлерін көркемдік өңдеу.
жоғары көркемдік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау технологиясының негіздері және рецептурасы;
«Шоколадные» мен «Театральные» жиынтығына кіретін кәмпиттерді, кремдерді, шәрбаттарды, жекелеп пісірілетін және өңдеуші жартылай дайын өнімдерді жасау технологиясы мен рецептурасы;
өнімдерді көркемдік өңдеудің тәсілдері мен амалдары.
40-параграф. Кондитер, 6-разряд
жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау процесін жүргізу;
күрделі фигуралық қамыр дайындамаларын формалау;
өнімдерді күрделі көркемдік өңдеу;
өңдеу материалдарын түсі, формасы, өлшемі бойынша өңдеу материалдарын іріктеу;
түрлі ұсақ және орташа бөлшектерден жасалған суреттерді монтаждау;
фирмалық торттар мен пирожное жасаудың рецептурасы мен технологиясын әзірлеу.
жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау технологиясы;
пісірілген өнімдердің және өңдеуші жартылай дайын өнімдердің рецептурасын әзірлеу тәртібі мен амалдары;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
кондитер өнімдерін жоғары көркемдік өңдеудің тәсілдері мен амалдары.
41-параграф. Кондитер өнімдеріне себелеуші, 1-разряд
дірілдегіштерде немесе қолмен зефирге, пастилаға, мармеладқа құмшекер себелеу;
дірілдегішке құмшекер немесе опа толтыру, қосу, оның жұмысын қадағалау;
пастиланы лотоксыз құю агрегатында пастила салынған пласталардың бір қалыпты опалануын, пластаның жоғарғы лентадан төменгіге дұрыс көшуін, рефлекторлардың жұмысын және тасымалдағыш лентасын жууды қадағалау.
құмшекерді немесе қант опасын шығындау нормалары;
себелеу сапасына қойылатын талаптар;
тасымалдағыштарды пайдаланудың тәртібі;
өнімдерге құмшекер немесе опа себелеу амалдары.
42-параграф. Кондитер өнімдеріне себелеуші, 2-разряд
дражирлеу қазандарында карамелдерге, дражелерге құмшекер немесе какао ұнтағын себелеу процесін жүргізу;
қант шәрбатын дайындау;
карамель мен дражені дражирлеу қазандарына тиеу;
қазандарды қосу;
белгіленген рецептураға сәйкес қазандарға шәрбатты, құмшекерді, какао ұнтағын беру;
карамелдер мен дражелерді домалату барысын қадағалау;
себелеуді аяқтау уақытын айқындау;
бүлінген карамельдер мен дражені іріктеу;
карамелдер мен дражелерді бункерлерге немесе лотоктарға түсіру.
қант шәрбатын пісірудің рецептурасы мен технологиясы;
карамелдер мен дражеге себелеу тәртібі мен амалдары;
дражирлеу қазандарының жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртібі.
43-параграф. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы, 1-разряд
қолмен формаларға мармелад массаларын құю;
желе жасау процесінің аяқталу сәтін айқындау;
салқындатылған мармеладты қолмен формалардан іріктеп тор електерге салу және мармелад салынған тор електерді арбашықтарға қатарлау;
лотоктарды мармелад құятын машиналардың астына орнату;
мармелад батондарын мармелад-лимон бөлігіне арналған қабықшалармен орау және оларды тақталарға қатарлау;
батондарға қанттың себілуін қадағалау, үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда белгілі ұзындықта батондарды кесу;
жарты зефирді қолмен жабыстыру және тор електерге қатарлау;
толтырған тор електерді тасымалдағыштан стеллаж алаңына түсіру;
зефирді, пластиланы, мармеладты құмшекермен немесе опамен дірілдеткіште немесе қолмен себу;
дірілдеткішке құмшекерді немесе опаны толтыру, дірілдеткішті қосу, оның жұмысын қадағалау;
пластиланы лотоксыз құю агрегатында пластила пласталарын бірқалыпты опалануын, пластаның жоғарғы лентадан төменгі лентаға дұрыс көшуін, рефлекторлардың жұмысын және тасымалдағыш ленталарын жууды қадағалау.
құю және мармеладты қолмен іріктеу амалдары;
желе жасау процесінің аяқталу сәтін айқындау тәсілі;
батондар мен апельсин-лимон бөліктері қабықшаларына қойылатын талаптар;
мармелад батонын қабықшамен орау тәртібі және амалдары;
тасымалдағыштарды пайдалану тәртібі;
өнімдерді құмшекермен немесе опамен себелеу амалдары және олардың сапасын бақылау;
қантты немесе құмшекерді шығындау нормалары.
44-параграф. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы, 2-разряд
мармелад құятын агрегатта жеміс-жидек мармеладтарының массасын немесе құйғыш машиналарда үш қаттамалы желе мармеладының массасын құю;
агрегаттардың құятын бункерін мармелад массасымен толтыру;
құятын машиналарды қосу және тоқтату;
мармеладты құю, тұндыру және іріктеу процесін реттеу;
үш қаттамалы мармеладты жасау кезінде желе массаларын темперлеу, хошиістендіру, қышқылдату және бояу;
массаның дайын болғандығын тексеру, әр қабатты желелендіру дәрежесін айқындау;
құю механизмдерінің жұмысын реттеу, дайын пласталарды кесуге беру;
пастила құятын машиналардың тізбекті тасымалдағышына лотоктарды орнату, оларға пастила массасын толтыру;
пастила массасының бірқалыпты қалыңдығын қамтамасыз ету;
пастиланы лотоксыз құятын желіде құю механизмдердің жұмысын реттеу;
массаны тасымалдағыш лентаға құйылуын, пастила қабықшасының пайда болуын қадағалау;
пластаның лентадағы қозғалысын және оның қалыңдығын реттеу;
пластаға құмшекер себелеу;
лентаны майлау үшін инвертті беру;
лентаның үнемі және дұрыс майлануын, салқын желдің келуін және борт белдіктерін жууды қадағалау;
мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшалар жасау;
темперлеуші машинада желім шәрбатын салқындату;
желе массасын қышқылдандыру, хош иістендіру және бояу;
массаны бункерлер бойынша бөлу және масса температурасын реттеу;
массаларды формаларға, лента тасымалдағыштарына, түтік агрегаттарына немесе үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттың құйғыш қалпақшаларына құю;
мармелад батондарын формадан тақталарға іріктеу және тұндыруға беру;
тасымалдағыштарда қабықшаның қалыңдығы мен енін және формалау тасымалдағыштардың науасында қалпын реттеу;
апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды салқындатуды қадағалау;
мармеладты қанттан тазалау;
дайын өнімдер салынған лотоктарды дірілдеткіш машинаға беру;
зефирді машиналарға сығымдап құю, сығымдағыш машиналардың бункерлерін зефир массасымен толтыру;
сығымдағыш машинаны қосу және тоқтату;
лотоктардың қозғалысын және зефирдің сығымдалу сапасын қадағалау;
сығымдалған жарты зефир салынған лотоктарды түсіру және оларды арбашықтарға орналастыру;
сығымдағыш машиналарға зефир массасын толтыру және қолмен тақтаға зефирлерді сығымдап құю;
ағынды механикаландырылған желіде зефирді жабыстыру.
алма немесе ұш қаттамалы мармеладты, пастиланы жасаудың технологиялық режимі;
мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды дайындаудың технологиясы мен рецептурасы;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі және оның механизмдерінің жұмысын реттеу.
45-параграф. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы, 3-разряд
үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
технологиялық режимді сақтау және мармелад батондарын жасаудың барлық сатысында қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларын жою;
желім шәрбатының температурасы мен ылғалдылығын қадағалау, белоктар бар желім шәрбатын мөлшерлеу;
апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшалардың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету және оның қалыңдығын реттеу;
ағынды механикаландырылған желіде «Балтика» типті мармелад жасаудың технологиялық процесін жүргізу.
технологиялық режимдердің параметрлері және мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды жасаудың рецептурасы;
желім шәрбатының қасиеті;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықты және коммуникацияларды пайдалану және жұмысын реттеу тәртібі.
46-параграф. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы, 4-разряд
кезеңмен жұмыс істейтін аппараттарда мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
шикізат пен жартылай дайын өнімдерді дайындау және сапасын тексеру, берілген рецептура бойынша қоспаларды құрастыру, пюрені купаждау;
пісіру аппаратурасының, кезеңмен жұмыс істейтін бұлғалау машинасының, мармелад немесе пастила құятын машиналардың техникалық жай-күйін және жұмысын бақылау;
өнімдерді пісірудің, автоматтандырудың, формалаудың және кептірудің технологиялық режимдерін реттеу;
мармелад массаларында сілікпенің пайда болу немесе пастила массаларында көбіктің пайда болу процесін қадағалау.
кезеңді жұмыс істейтін аппараттарда түрлі мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиясы мен рецептурасы;
массалар мен дайын өнімнің сыртқы түрі, шикізаты, дайындау және безендіру әдісі бойынша ерекше белгілері;
берілген зертханалық талдаулар негізінде қоспалар мен пісірмелердің құрамын түзеу тәсілдері;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, пайдалану және жұмысын реттеу тәртібі.
47-параграф. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы, 5-разряд
үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
зефир мен пастилаларды жасауға арналған пісіру аппараттары мен үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш-араластырғыш агрегаттардың, мармелад-пастила құятын агрегаттардың, туннель типті механикаландырылған кептіргіштердің, пастила мен зефирді орайтын автоматтардың, кескіш машиналардың техникалық жай-күйін және жұмысын бақылау;
үздіксіз ағында өнімдерді пісірудің, хош иістендірудің, формалаудың және кептірудің технологиялық режимін реттеу.
үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда түрлі мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиясы және рецептурасы;
мармелад-пастила өнімдерінің барлық түрлерін жасайтын қызмет көрсететін жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері.
48-параграф. Мүк жидегін домалатушы, 1-разряд
консоль тіреуінде қолмен мүк жидегін құмшекерде домалату;
крахмал клейстерін пісіру, онымен мүк жидегін сулау, мүк жидегіне құмшекер себелеу және мүк жидегі салынған лотоктарды бетін опа толық жапқанша араластыру-қағу;
мүк жидегі салынған лотоктарды тасымалдағыштардан түсіру;
лотоктарды салу орындарына тасымалдау.
қолмен мүк жидегін қантта домалату тәртібі мен амалдары.
49-параграф. Мүк жидегін домалатушы, 2-разряд
жоғары білікті мүк жидегін домалатушының басшылығымен ағынды-механикаландырылған желіде мүк жидегін қантта жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
ағынды-механикаландырылған желінің тербелмелі үстелге механикаландырылған тәсілмен мүк жидегін құмшекерде домалату;
алдын ала клейстермен суланған және құмшекер себілген мүк жидегі салынған лотоктарды үстелге орнықтыру;
домалату, құмшекер себу процесін қадағалау;
дайын мүк жидегі бар лотоктарды түсіру және қатарлап қою;
домалатылған мүк жидегін өлшеп орауға тапсыру.
механикаландырылған тәсілмен құмшекерде мүк жидегін домалату процесін жүргізу;
тербелмелі үстелдің құрылғысы және жұмыс істеу принципі.
50-параграф. Мүк жидегін домалатушы, 3-разряд
ағынды-механикаландырылған желіде мүк жидегін қантта жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
шикізатты дайындау және сапасын тексеру;
мүк жидегін тасымалдағышқа, кейстер мен құмшекердің - ағынды механикаландырылған желінің мөлшерлегіш құрылғысына берілуін қадағалау;
мөлшерлегіш механизмдерді, рецептураға сәйкес мүк жидегін домалату сапасына қарай жартылай дайын өнімді және дайын өнімді электр рефлекторлармен кептіру дәрежесін реттеу;
желінің барлық жабдықтарының өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
тасымалдағыштың, мөлшерлегіш механизмдердің, колерлеу және орау барабандарының, орағыш діріл машинасының техникалық жай-күйі мен жұмысын қадағалау, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою.
қант опасында мүк жидегін жасаудың технологиясы және рецептурасы;
қант опасына қойылатын талаптар;
мүк жидегін қант опасында өндіретін ағынды-механикаландырыған желі жабдығының құрылғысы және пайдалану тәртібі;
дайын өнім сапсына қойылатын талаптар.
51-параграф. Пектин коагулирлеуші, 3-разряд
пектин тартқышын салқындату;
тартылғандарды күбіден тұндыратын күбіге аудару;
пектинді коагуляциялау үшін хлор алюминийі мен аммиактің берілуін реттеу;
лайлы ерітіндіні сүзу;
тұнбаны тұндырғыш күбіде сумен шаю;
коагулятты (тұнбаны) күбіден түсіру;
тұндырғыш күбіні жуу.
пектинді коагуляциялаудың технологиялық процесі және оны жүргізудің режимі;
күбілердің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі пайдалану тәртібі.
52-параграф. Пектин сығындысын купаждаушы, 4-разряд
технологиялық параметрлерді сақтай отырып, пектин сығындысы купажын жасаудың процесін жүргізу;
сығындылардың сапасы мен санын бақылау және оларды купаждағыш-тұндырғыштарға тиеуді реттеу;
купаждағыш-тұндырғыштардағы сығынды деңгейін қадағалау, оның санын айқындау және сүзуге тапсыру;
купаждау процесін бақылау үшін сынама іріктеу;
тұрып қалу деңгейін реттеу;
купаждағыш-тұндырғыштарға, мөлшерлегіш құрылғыларға, сорғыларға, коммуникацияларға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату.
купаждағыш-тұндырғыштардың құрылғысы және қызмет көрсету тәртібі;
купаждау технологиялық режимінің параметрлері;
купаж компоненттерінің арасалмағын белгілеу;
купаждағыш-тұндырғыштар коммуникацияларының технологиялық схемасы;
әрбір сығынды мен купаждың сапасына қойылатын талаптар.
53-параграф. Пектинді экстрагирлеуші, 4-разряд
пектинді гидролиздеу және сығындау процесін жүргізу;
шикізатты сығындылау-сүзгіщ күбіге тиеу;
пектин тартымын сығындылау, салқындату, тұндыру және сүзу процесін жүргізу;
тартымды тұндырғыш күбіге түсіру;
бөлшектерді түсіру.
пектинді гидролиздеу және сығындылау технологиясы;
қызмет көрсететін жабдықтың және қолданылатын аспаптардың құрылғысы және оларды пайдалану тәртібі.
54-параграф. Рецептура жасаушы, 2-разряд
жоғары білікті рецептура жасаушының басшылығымен шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу процесін жүргізу;
мөлшерлегіштің көмегімен белгіленген рецептураға сәйкес шикізаттың түрлі компоненттерін таразылау, өлшеу;
қажет болған кезде түрлі шикізатты машиналарда немесе қолмен үгіту;
түрлі шикізатты қамыр илейтін машинаның құйғыштарына тиеу;
мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысы мен көрсеткіштерін қадағалау.
кондитер өнімдерінің рецептурасы;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі.
55-параграф. Рецептура жасаушы, 3-разряд
мөлшерлегіш аппаратураның көмегімен белгіленген рецептураға сәйкес шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу процесін жүргізу;
шикізатты қабылдау;
рецептураға сәйкес шикізаттың барлық түрін тиеу;
мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және оған сәйкес кондитерлік массаны дайындаудың технологиялық процесін бақылауды жүзеге асыру.
түрлі кондитерлік массаның рецептурасы;
шикізат пен масса сапасына қойылатын талаптар;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану тәртібі.
56-параграф. Рецептура жасаушы, 4-разряд
белгіленген рецептураға сәйкес түрлі шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу арқылы рецептуралық қоспаларды құрастырудың процесін жүргізу;
түсетін шикізатты органолептикалық және көзбен шалып бақылау;
түрлі шикізаттың түрлерін дұрыс мөлшерленуін және тиелуін қадағалау;
мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша кондитерлік массалар үшін рецептуралық қоспаларды дайындаудың технологиялық процесін реттеу;
майдың рецептуралық бөлімшесіне келетін температураны қадағалау, қажет болған кезде майды белгілі температураға дейін қыздыру.
кондитерлік массаны дайындаудың технологиясы және рецептурасы, олардың сапасына қойылатын талаптары;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және пайдалану тәртібі.
57-параграф. Сағыз өндіру желісінің операторы, 3-разряд