БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және ведомствоның аумақтық бөлімшелерін ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының және ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім Министрлік ведомствосының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады және Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегі сипатталған бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар жетекшілік ететін вице-министрмен (аппарат басшысымен) келісу бойынша оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолы қойылған немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшыларының қолы қойылған Министрліктің кадр қызметіне жіберіледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Осы хатпен бұйрық жобасы 2021 жылғы 5 наурызда нормативтік құқықтық актілер ашық порталына жолданды және талқылау үшін 10 күндік мерзімде қолжетімді болатындығы туралы хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы жауапты хатшылар институтын тарату және аппарат басшысын ОМО-ға енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруді көздейді.