Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер және мемлекеттік тапсырма құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер және мемлекеттік тапсырма құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер және мемлекеттік тапсырма құнын айқындау Ережесі бекітілсін.
  2. Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы А.Д.Құрманғалиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                                 Аты-жөні

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер және мемлекеттік тапсырма құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
06 марта 2021