«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларына сәйкес әзірленген.
Осы хатпен бұйрық жобасы 2021 жылғы 5 наурызда нормативтік құқықтық актілер ашық порталына жолданды және талқылау үшін 10 күндік мерзімде қолжетімді болатындығы туралы хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы жауапты хатшылар институтын тарату және аппарат басшысын ОМО-ға енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруді көздейді.