«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына Ақпараттық хабарлама

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Осымен 2021 жылғы 24 ақпанда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталына жіберілгенін және талқылау үшін 10 күн қолжетімді болатынын хабарлаймыз.

Бұйрық жобасы жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеуді жеңілдетуді қарастырады. Атап айтқанда, жобада жұмыссыздарды тіркеу мерзімін қысқарту ұсынылады.

Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жұмыспен қамту орталығы он жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамдарға лайықты жұмыс таңдауға жәрдем көрсетеді. Егер жұмыспен қамту орталығы көрсетілген мерзім өткеннен кейін жұмысты алмаған жағдайда, онда ізденушіге екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Енгізілетін түзетулер жұмыссыздарды тіркеу мерзімін он жұмыс күнінен үш жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
02 марта 2021