«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«МӘМ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға арналған комиссия құрылады.

Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына МӘМ-нің басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, МӘМ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.

Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.

Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады.

Дауыс беруге қатыспайтын, МӘМ-нің қызметкері комиссияның хатшысы болып тағайындалады.

Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен кем емес және:

адамдардың және қамқорлықтағылардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиена заттарына, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге, киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды (бұдан әрі – киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь);

қамқорлықтағылардың – қосымша тамаққа, күнделікті қажетті заттарға (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) қажеттілігін айқындайды.

Уәкілетті орган және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымның өкілдері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МӘМ-ге мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Адамдардың және қарқорлықтағылардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алуға пайдаланылады.

Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты маман комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса береді (тіркейді).

Адамдар, қамқорлықтағылар киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, қатты инвентарьды бүлдірген жағдайда оларды сатып алу пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін іске асырылуы мүмкін.

МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

Адамдардың, қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда белгіленеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды сатып алуға және (немесе) ҚБШ-дағы қаражат есебінен қамтамасыз етуге келмейтін олардың құнына қаражат жетпеген кезде жергілікті атқарушы органдар оларды сатып алуға қосымша шығысты қарастырады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                           ТАӘ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі

 

бұйрығының жобасы
Дата публикации
01 марта 2021