«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда:

қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік ету жағдайын жасау;

қызмет алушыларды стационарлық үлгідегі ұйымнан тыс жерлерде өз бетінше және ешкімнің көмегінсіз тұруға дайындау;

қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсарту, келушілерді қабылдау жағдайларын қамтамасыз ету;

қызмет алушылардың интернетке қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау;

қызмет алушылардың жеке және құнды заттарының сақталуын қамтамасыз ету;

қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидалары туралы хабардар ету;

қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж қызмет алушыларға қатысты стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне жүктелген қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын Кодекстің 122-бабының 4-тармағында,
125-бабында белгіленген тәртіппен орындау;

ғимаратты санитариялық-эпидемиологиялық, қауіпсіздік нормаларына, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұстау;

заманауи техникалық жабдықтар;

стационарлық үлгідегі ұйымның ғимаратын тұруға ыңғайлы болу, оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес арнаулы құралдармен жабдықтау;

стационарлық үлгідегі ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызмет қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4 және 10-5-тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Стационарлық үлгідегі ұйымдар жыл сайын ұйымның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жариялау жөніндегі медиа-жоспарды бекітеді.

10-2. Стационарлық үлгідегі ұйымдар «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында «Қолжетімді орта» бөлімінде (inva.gov.kz) орналастырады және тоқсан сайын  ұйым қызметі туралы ақпаратты (реквизиттерді, фотоматериалдарды, басшының байланыс деректерін) өзектендіреді.

10-3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стационарлық үлгідегі ұйымдар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Мыналар:

1) ұйымға іргелес аумақтың периметрі;

2) бас және қосалқы кіру есіктері;

3) жалпы пайдаланудағы үй-жайлар (орындар) мен кабинеттер;

4) стационарлық үлгідегі ұйым басшысының қалауы бойынша басқа да
үй-жайлар бейнебақылау жүйесімен жабдықталады

Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрайды.

Жақын туыстарының талабы бойынша бейнеқадағалауды онлайн-режимде, оның ішінде мобильді қосымша арқылы көруге рұқсат беріледі.

10-4. Стационарлық үлгідегі ұйымдар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен бірлесіп, жылына кемінде 2 рет ұйым қызметкерлеріне (басшылық құрамды қоса алғанда) сотталғандығы мәніне мониторинг жүргізеді және оңалту жабдығымен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен, арнайы автокөлікпен жарақтандыруға қажеттілікті анықтайды.

10-5. Стационар жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында стационарлық үлгідегі ұйымдар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен бірлесіп халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар жібереді.»;

23-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң) белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты, немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтардың тыныс-тіршілігін нашарлатады немесе нашарлатуға қабілетті деп танылған өзге де мән-жайлардың болуы)  оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдар.»;

1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

бұйрығының жобасы
Дата публикации
01 марта 2021