«Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін

одан әрі жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар(бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
  2. Жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары:

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардыуақтылы іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне Жоспар                      іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының               
          Премьер-Министрі                                                                   
 А. Мамин

 

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы
Дата публикации
22 февраля 2021