«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:
6-тармақта:
мынадай мақмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12), 26), 27) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген табыстардан ұсталмайды;».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |