Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
(46-шығарылым)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы
№ бұйрығына
қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (46-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
2-тарау. Тігін өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы,
4-разряд
дұлығаның астары мен басқа да арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждау;
монтаждаудың дұрыстығын тексеру.
арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждаудың әдістері мен тәсілдерін; арнайы бас киімдердің түрлерін;
монтаждалған аппаратураны тексерудің әдістері мен тәсілдерін.
Параграф 2. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 3-разряд
мақта-мата мен кендір матадан (барқыт пен ши барқыттан басқа) жазғы бас киімнің барлық түрлерін үлгілер бойынша машинада немесе қолмен жасау және жөндеу.
мақта-мата мен кендір матадан бас киім жасаудың және жөндеудің әдістері мен тәсілдерін;
жазғы типті бас киімнің түржиынын;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
машиналардың мақсаты қолданылатын құралдар мен оларды пайдалану ережесін.
Параграф 3. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 4-разряд
жүн және жібектен, мақта-мата барқыт пен ши барқыттан, сабан таспадан, жасанды үлбірден, былғары мен күдеріден жасалынған кепка, фуражка, күнқағарсыз үлгілері бойынша әр түрлі шапкаларды, әйелдерге арналған жаздық қалпақтарды, жиегі сырмаланып тігілген әр түрлі материалдардан жасалаынған қалпақтардың қалпақтарды машинада немесе қолмен жасау және жөндеу.
көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері мен тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
бас киім жасау технологиясын;
қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидатын.
Параграф 4. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 5-разряд
«сәлде» типті, бүрмеленген, әр түрлі материалдармен күрделі әшекейленген, табиғи үлбірден, былғары мен күдеріден, синтетикалық ши барқыттан, жібек барқыттан, «құс жүнінен», целлофаннан, рафтан, кендірден, моноталшықтан жасалатын бас киімді, машинада немесе қолмен жасау және жөндеу.
көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері мен тәсілдерін;
операцияларды орындау жүйелілігін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шараларын;
қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын.
Параграф 5. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 6-разряд
бас киімдердің үлгілерін әр түрлі материалдардан, былғары мен үлбірден машинада немесе қолмен жасау.
көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері мен тәсілдерін;
операцияларды орындау жүйелілігін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шараларын; қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын.
Параграф 6. Бас киімдерді қалыптаушы, 4-разряд
әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптау;
қаңқасын желімдеу, кептіру;
қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.
әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптаудың әдістері мен тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
бұйымдардың түржиыны мен қалыптардың түрлерін;
кептіру режимін;
желімнің мөлшерін;
кептіру шкафының жұмыс қағидатын.
Параграф 7. Бас киімдерді қалыптаушы, 5-разряд
фетр шляпаларды жүн және құс жүні қалпақтарынан қалыптау;
фетр шляпаларды желімдеу, буландыру, ұзындығы мен еніне қарай керу;
қалыпқа орналастыру;
рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау;
қалыпқа бекіту және кептіру;
қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.
желімдеу, сөгу, керу, қалыпқа керу, рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау, қалыпқа бекіту әдістері мен тәсілдерін;
фетр шляпалардың түржиыны және фетрдің түрлері мен қасиеттерін;
кептіру режимін;
ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шараларын.
Параграф 8. Желімдеуші, 1-разряд
желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындау;
желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау.
желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындаудың әдістері мен тәсілдерін;
желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау тәсілдерін.
Параграф 9. Желімдеуші, 2-разряд
тігін бұйымдарының бөліктерін желімдеу жұмыстарын машинада немесе қолмен орындау;
материалға астарды суреттер бойынша жабыстыру;
тігін бұйымдарының жабыстырылған бөліктеріне жұмсақ пресске салу;
желімдеуден және жабыстырудан кейін тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін кептіру және орау;
полиэтилен пленкадан жасалған пакеттерді полимер пленкаларды пісіруге арналған машинада жабыстыру.
астарлық бөліктерді материалға жабыстырудың, желімдеу және ораудың әдістері мен тәсілдерін;
желімдеу, илемдеу орындалатын жұмыстарға арналған машиналар мен құрылғылардың мақсаты мен қолдану ережесін
Параграф 10. Желімдеуші, 3-разряд
негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне теріс жағынан жабыстыру;оларды саңылауды, жіктің ортасына жабыстыру жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау;
тігістердің центрімен байланыстыру;
жабыстырылатын бөліктерге желімдеу қоспасын жағу.
желімдеудің негізгі бөліктерін жабыстырудың, желімдеу қоспасын жағудың әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарының мақсатын;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
қолданылатын машиналардың жұмыс қағидатын.
Параграф 11. Желімдеуші, 4-разряд
негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне оң жағынан жабыстыру, бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеу жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау.
бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын машиналардың құрылысын.
Параграф 12. Кестеші, 1-разряд
материалды кергішке тарту;
жіптің ұшын түю;
кестеленген жаймадағы аралық жіптерді кесу;
маржан, жіп таңдау;
щетка, шоқ, шашақ жасау үшін бөлікті есептеу, кесу және бұйымның шетіндегі жіптерді тарту;
бұйымның бұрыштарын өңдеу.
материалды кергішке тартуды;
жіптің ұшын түюді;
аралық жіптерді кесуді;
жіптері әртүрлі өрілген матаның шетіндегі жіптерді тарту тәсілдерін;
жіпті есептеу ережесін;
жіптердің, маржандардың түрлері мен түстерін;
ине мен жіптердің нөмірін.
Параграф 13. Кестеші 2-разряд
әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен кесте тігу, қарапайым немесе фасонды айшықпен сызықты мережкамен суреттің бойымен қайып тігу, мата қиындыларындағы деректемелерді, операциялық кестелерді салу;
бұйымның шетіне шашақ тігу;
аппликация салып тігу;
кестеленген жеке бұйымдарды, фестондар мен шілтерді және кестелегіш машинамен жасалған тігіндерді арнайы қайшымен кесу.
тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіпті есептеу, кесу және тарту;
қарапайым немесе фасонды айшықпен көмкерлеу.
сызықты мережканы;
деректемелерді қарапайым немесе фасонды айшықпен кестелеудің, суреттің жиегін қайып тігудің, аппликация жабыстырудың әдіс-тәсілдерін;
кесіп алмай және жеке тігілген бұйымдардың суретін, фестондар мен шілтерді, тігіндерді бұзып алмай арнайы қайшымен қиюдың, тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіптерді тартудың, жиектерін көмкеруді;
қолданылатын машиналардың мақсатын;
жіпті есептеу ережесін;
жіпті керуді, тігіс жиілігін, жіпті сабақтауды, ине мен кергішті орнатуды;
шөлмекті ауыстыруды, қолданылатын машинаны іске қосу және орнатуды реттеу ережесін.
Параграф 14. Кестеші, 3-разряд
әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен қарапайым және күрделілігі орташа айшықтар мен суреттерді аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, мотивпен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельемен, канительмен, мишурамен, стекляруспен тігу, суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені тігу;
айшықтау машинасында жасалған айшықтардың суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені арнайы қайшымен кесу;
айшықтау машинасында жасалған айшықтарды машинамен кесу, сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тарту.
қарапайым және күрделігі орташа айшықтар мен суреттерді кестелеудің, сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тартудың әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын машиналардың жұмыс қағидатын;
айшықтар мен суреттердің орналасуын есептеу және орналастыру ережесін.
Параграф 15. Кестеші, 4-разряд
әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матадан басқа) машинамен немесе қолмен күрделі айшықтар мен суреттерді (сызықтар мен геометриялық фигуралардың параллельдігін сақтауды талап ететін айшықтар мен суреттер, шағын пішінді суреттер, сондай-ақ кестелеу кезінде жіпті жиі үзуді талап ететін суреттер): аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, себеппен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельеме тартпамен кестелеп тігу: «әйел», «кепе», «қаз», «себетше», «қаракүл», «айналдыра орау» тігістерімен, канительмен, әсемдікпен, стекляруспен тігу;
картон сала отырып немесе тордың бұралған жібімен, жылтырақпен, ілмекпен бекіту.
күрделі айшықтар мен суреттерді кестелеп тігудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын машинаның құрылысын;
жұмыс қағидаты және пайдалану ережесін.
Параграф 16. Кестеші, 5-разряд
әртүрлі материалға машинамен немесе қолмен аса күрделі көркем стильді түрлі түсті және кестелі айшықтарды «гипюр», «вологод шынысы», «венециандық тігіс», «қапталған тігіс» техникасымен, «жіп», «иірмелі», «кілем тәрізді» тігістерімен кестелеп тігу, капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матаға салатын айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін кестелеу;
кісінің суреті, сурет, эмблемаларды кестелеу;
күрделендірілген көп түсті кесте;
жаймалардың әр түрлі және түрлі түсті түрлеріне бағдарламамен басқарылатын жабдықтарда бағдарламаны дискетке жаза отырып және перфокартаға баса отырып, аппликация орнату.
айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін әр түрлі тігістермен және техника түрлерімен кестелеудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану ережесін.
Параграф 17. Кестеші, 6-разряд
әр түрлі материалға машинамен немесе қолмен әртүрлі геометриялық немесе өсімдік оюларынан алынған аса күрделі көркем стильді айшықтарды, басқа да элементтер мен мотивтерді, көркем материалды алдын ала зерттеуді, қосымша суреттемелерді және күрделі есептерді қажет ететін әр түрлі күрделі әшекейлерді және техника түрлерін қоса отырып көркем кестелеу.
күрделі есептер мен айшықтардың барлық түрлерін көркем кестелеу техникасының әр түрлі түрлерімен орындаудың әдіс-тәсілдерін;
ұлттық киімдерді тігу элементтерін.
Параграф 18. Көшірмесін жасаушы, 2-разряд
сурет контурын трафарет бойынша әр түрлі материалдарда парафин, жаққыш немесе тампонның көмегімен көшірме жасау.
суреттің көшірмесін трафарет бойынша жасаудың әдіс-тәсілдерін;
парафиннің қасиеттерін.
Параграф 19. Көшірмесін жасаушы, 3-разряд
лекало жаймасын кішірейтілген көлемде машинада немесе қолмен көшіру.
лекало жаймасын машинада немесе қолмен көшірудің әдіс-тәсілдерін;
қызмет көрсетілетін машинаның құрылысын.
Параграф 20. Киім-кешек суретшісі, 3-разряд
сән үрдісін ескере отырып, күрделі емес киімдердің эскиздерін шығармашылық әзірлеу және материалда жекелеген бұйымдарды: халат, пижама, жеңіл көйлектерді;
өндірістік киімдерді жасау бұйым жасау үшін материалдардың үлгілерін таңдау;
күрделі технологиялық буындарды өз бетінше жасау.
киімді мақсаты бойынша жіктеуін;
сурет, бейне, композиция, пластикалық анатомия негіздерін;
киімді құрастыру және үлгісін жасау тәсілдерін;
киім жасау және заманауи өңдеу технологиясын.
Параграф 21. Киім-кешек суретшісі, 4-разряд
сән үрдісін ескере отырып, әр түрлі түржиынды маталар үшін киім бұйымдарының күрделі эскиздерін шығармашылық әзірлеу;
үлгі эскизіне сәйкес құрылымдар мен лекалолар жасау;
бұйымдарды технологиялық өңдеу және оларды материалда: жейде, юбка, шалбар, жилет;
балалар киімдерінде жасау.
киімге қойылатын заманауи тұтынушылық талаптарын, киімдегі «стиль» ұғымын;
бұйымдарды түйіндер бойынша технологиялық өңдеу тәсілдерін;
киімді құрастыру әдістері мен жүйесін;
киім-кешек тарихын.
Параграф 22. Киім-кешек суретшісі, 5-разряд
әр түрлі мақсаттағы жеңіл және сыртқы түржиыны киімдерінің эскиздерін шығармашылық өңдеу және оларды: көйлек, куртка, жакет, плащ, пальто, қысқа пальто, фрак, әр түрлі матадан жасалған пиджактарды жасау.
киім-кешек тарихын, киімді көркем құрастыру және үлгісін жасауын, киімді әшекейлеуін;
киім бұйымдарын технологиялық өңдеудің барлық түрлерін.
Параграф 23. Киім-кешек суретшісі, 6-разряд
эскиздерді шығармашылық жобалау;
үлгілер жобалау;
ұлттық дәстүрді ескере отырып, аксессуарлар мен көркем суреттелген маталарды пайдалана отырып, әр түрлі мақсаттағы киім-кешек жинақтары мен ансамбльдерін жасау.
текстиль бұйымдарын ресімдеудің заманауи бағыттарын;
киім-кешек пен оюды дамытудағы ұлттық ерекшеліктерін.
Параграф 24. Киім-кешек суретшісі, 7-разряд
эксклюзивті үлгілер топтамасын шығармашылық әзірлеу.
перспективті үлгілер топтамасын құрастыру және оларды жасау.
әр түрлі кезеңдердегі қалып үлгілерінің дамуын зерттеу және талдау негізінде киім-кешек қалыптарын жобалау қағидаттарын;
эксклюзивті топтама жасаудың заңдылықтарын.
Параграф 25. Лекало жасаушы, 3-разряд
бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоға тілік жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекало жасау;
киім бұйымдарының бауларына сызбаларға сәйкес қарапайым және күрделілігі орташа лекало жасау;
барлық өлшемді киімдер бұйымдарының лекалоларын көбейту;
жұмыс және қосалқы лекалоларды эталон мен шаблон бойынша жасау;
лекалоның паспорттық деректерін толтыру (парашют өндірісінде).
әр түрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекалоларды кесу, жиектеу және таңбалаудың әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
материалдарды пішуге қойылатын техникалық талаптарын;
лекало жасау кезінде қисық сызықтарды салу үшін есептеу тәсілдерін;
киім бұйымдарының сызбаларын оқу ережесін;
лекалоларды жасауға қойылатын техникалық шарттарын;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.
Параграф 26. Лекало жасаушы, 4-разряд
бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, тіліктің көмегімен көшіру және кейіннен кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы жұмыс және қосалқы лекало жасау;
сызбаларға сәйкес парашюттің күмбезіне, ранеціне, камерасына, тысына лекало жасау;
парашюттердің сынақ партиясына және парашют жүйелеріне (парашют өндірісінде) лекало жасау.
лекалоны көшірудің әдіс-тәсілдерін;
киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атаулары, киім бұйымындағы бөліктердің саны, киім бұйымдарының күрделі бауларын пішу технологиясының ерекшеліктерін;
есептерді орындау және лекало жасау әдістерін;
лекало жасаудың техникалық шарттары және оларды келтіру тәсілдерін;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жасалатын лекалоларды таңбалау кезінде оны пайдалану ережесін.
Параграф 27. Лекало жасаушы, 5-разряд
бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, электронды жабдықта көшіру және кейіннен лазерлік машинада кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы жұмыс және қосалқы лекало жасау;
лекалоны графикалық экранда суретін салмай-ақ белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалды жұмсау нормасына сәйкес орнату;
лекалоның көлемін өлшеу және өлшем деректерін электронды жабдықтың жады блогында сақтау.
лекало жасау кезінде қолданылатын электронды жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасын;
лекало жасаудың технологиялық бірізділігін;
лекало көшірудің әдіс-тәсілдерін;
лекалоны тиімді орналастыру ережесін;
киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атауларын;
киім бұйымдарындағы бөліктердің санын;
лекалоны жасаудың техникалық шарттар және материалдарды жұмсау нормасын.
Параграф 28. Лекало жаюшы, 3-разряд
жайманы суреттеме бойынша немесе суреттемесіз әр түрлі материалдарға жаю және өңдеу, жамау, төсек-орын және ас үй жаймасы, кашне, шарф, орамал, әр түрлі тыстардың, өндірістегі әр түрлі бөліктер, өзге де бұйымдар мен ойыншықтар бөліктерінің лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау;
жайманың суреттемесінің бөліктеріне деректемелерді енгізу;
бұйымның жекелеген бөліктерінің өңделетін жерлерін белгілеу;
жайманың трафарет бойынша алынған дайын суреттемесінің анық емес сызықтарын бормен белгілеу;
бұйымдардың бөліктері лекалосының аумағын машинамен өлшеу;
лекало аумағын айқындаудың нәтижесін жазу.
бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесін;
материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
жаю тәсілдерін;
нормативтік техникалық құжаттамасын;
лекалосының аумағын өлшеудің әдіс-тәсілдерін;
бұйымдағы бөліктердің санын;
материалдарды жұмсау нормасын;
қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидатын.
Параграф 29. Лекало жаюшы, 4-разряд
жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және астар, сыртқы жейде, ішкиім, корсет бұйымдары, бас киім, өндірістік киім бұйымдары мен басқа да бұйымдар бөліктерінің
лекалосының жиектерін айналдыра орау.
бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесін;
жаюдың техникалық шарттарын;
текстильдік кінәраттарға жол берілетін орындар, бұйымдардың құрылымын;
бұйымдардағы бөліктердің санын;
бұйымның түржиынын.
Параграф 30. Лекало жаюшы, 5-разряд
жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және пальто – костюм және көйлек (сыртқы жейдеден басқа) түржиыны киімдерінің сыртқы бұйымдарының бөліктері лекалосының жиектерін айналдыра орау;
жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және астар, сыртқы жейде, ішкиім, корсет бұйымдары, бас киім, өндірістік киім бұйымдары мен басқа да бұйымдар бөліктерінің лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау.
бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесін;
материалдарды жұмсау нормасын;
түктің, суреттің бағытын анықтау ережесін;
материалдың беті мен суретінің түрін ескере отырып, лекалоны жаю ерекшеліктерін.
Параграф 31. Лекало жаюшы, 6-разряд
жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және пальто-костюм және көйлек (сыртқы жейдеден басқа) түржиыны киімдерінің сыртқы бұйымдарының бөліктері лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау.
барлық бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесін;
лекалоны дұрыс жаймау және жиектерін дұрыс жиектемеуге байланысты туындайтын бұйым ақаулықтарының түрлерін;
оларды жою және алдын алу тәсілдерін.
Параграф 32. Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор, 7-разряд
әр түрлі материалдардан жасалған пальто-костюм және көйлек түржиыны бұйымдарына лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеу;
лекалоны салу шарттары туралы ақпаратты электронды есептеу машинасына енгізу;
жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау;
лекалоның дайын жаймасын электронды есептеу машинасының дерекқорына енгізу.
лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеудің әдіс-тәсілдерін;
ақпаратты электронды есептеу машинасына енгізудің тәсілдері мен техникасын;
жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау әдістерін;
лекалоны дұрыс жаймаудың алдын алу және жою тәсілдерін.
Параграф 33. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы,
1-разряд
тігін өндірісінің қалдықтарын материал түрі мен талшық құрамына қарай жинақтау.
тігін өндірісі қалдықтарын жинақтауға қойылатын талаптарын.
Параграф 34. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы,
2-разряд
тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, фурнитураларды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша буда-буда етіп жинақтау.
ілеспе құжаттар бойынша киім бұйымдарының, тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің үстінің, астары мен қосымшаларының мақсатына сәйкес келуін тексеру, дара бөліктерді жаю және сурет түрінде бағытталған түгі бар бөліктерді қайта жаю;
тігін бұйымдарының жекелеген өңделген бауларын дайын өнімдерді жасаудың технологиялық жүйелілігіне сәйкес жинақтау.
баулар мен таспаны артикулы мен түсі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептеусіз жинақтау;
парашют өндірісіндегі пішім картасын толтыру.
шұлықтарды түсі, сапасы, өкшесінің биіктігі, қонышының ұзындығы бойынша жұптау;
жарғақ таңдау және кесу;
ізі бар рейтуздың жекелеген бөліктерін өңдейтін жерлерін белгілеу;
пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын дайын тігін бұйымының бағасын анықтамай толтыру.
тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, буданың, партияның фурнитуралары мен бауларын, жинақтарды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша жинақтау ережесін;
тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің, материалдардың, баулар мен таспаның түржиыны және олардың мақсатын;
жинақталатын бұйымдағы бөліктердің саны, бағдар парақтарын толтыру ережесін.
Параграф 35. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы,
3-разряд
әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау;
ілеспе құжаттар бойынша тігін бұйымдарының, терінің өз мақсатына сәйкес келуін тексеру, үлбірмен өңделген жаға, манжет және басқа да бөліктерді, табиғи үлбірден жасалған астарды түрі, сорты және өлшемі бойынша жинақтау;
пішімді дәлсіздіктерді кесу және жекелеген бөліктерін ауыстыра отырып, буда, жинақ етіп жинақтау;
пішімге арналған материалдың бөліктері мен қалдықтарын артикулы, түсі, өлшемі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептемей жинақтау;
пішімге арналған бау мен таспаны олардың қолданылуын алдын ала есептеп, жинақтау (парашют өндірісінде);
материалдар мен құрақтардың әртүрлі топтарын ескере отырып, дайын тігін бұйымының бағасын дайын бұйымдардың бағаларпрейскуранты бойынша айқындай отырып, пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын толтыру.
әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау ережесін;
пішімге арналған материал бөліктерін, баулар мен таспаларды жинақтауын;
тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемі, тілу тәсілдері және пішім бөліктерін ауыстыру ережесін;
жинақталатын бұйымды жасауға жұмсалатын материалды жұмсау нормасын, орналастыру схемасын;
дайын тігін бұйымының бағасын айқындай отырып, бағдар парақтарын толтыру ережесін;
дайын бұйымдардың бағалар прейскурантын.
Параграф 36. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы,
4-разряд
материалдардың бөліктері мен қалдықтарын төсемеде қалдықсыз немесе барынша аз қалдықпен пайдалану үшін әр түрлі тәсілдермен есептеу;
есептеу және пішу картасын толтыру;
материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу және оларды артикулы, түсі мен өлшемі бойынша жинақтау;
төсеушімен бірлесе отырып пішімнің қалдықтарын сұрыптап, қоймаға тапсыру;
парашют өндірісінде жоспарлау карталарын жасау;
материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу үшін ақпаратты дайындау және дербес электронды-есептеуіш машинасына енгізу, толтырылған карталарды басып шығару.
қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасын;
материалдардың қалдықтарын әр түрлі тәсілдермен есептеу ережесін;
пішім кестесі, жинақталатын бұйымдарға материал жұмсау нормаларын;
есептеу және пішу картасын толтыру ережесін;
материалдардың артикулдары, жинақталатын материалдарға пішім мен бұйымдарға арналған паспорттарды жоспарлау карталарын, өлшеу ведомостерін толтыру тәртібін.
Параграф 37. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы,
5-разряд
пішім кестесіне сәйкес тігін бұйымдарының барлық үлгілері және материалдардың түрлері бойынша матаның паспортын таңдай отырып, наряд-тапсырмаларды ресімдеу;
материалдарды тиімді пайдалану есебін орындау;
дербес электронды есептеуіш машинада жұмсалатын фурнитураны есептеу;
материалдар мен жапсырмалардың барлық түрлері бойынша пішім картасын ресімдеу.
қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасын;
наряд-тапсырма жазу және пішім картасын ресімдеу тәртібін;
дербес электронды-есептеуіш машинасына жұмсалатын фурнитураны есептеуін;
материалдарды тиімді пайдалануды есептеудің әдіс-тәсілдерін;
пішу кестесі, тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемдерін;
жинақталатын тігін бұйымдарына жұмсалатын материалдарды жұмсау нормасын.
Параграф 38. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
1-разряд
лента, шілтер, таспа, сутаж және басқа да әшекейлеу материалдарын бақылау;
материалдардың ұштық балқытарын өлшеу;
материал өлшеу қорытындысын ведомоске жазу.
материал ұзындығын бақылаудың әдіс-тәсілдерін;
материалдарды өлшеу ведомостерін толтыруын.
Параграф 39. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
2-разряд
әр түрлі материалдардың ұзындығын өлшеу машинасында немесе үстелде бақылау.
материалдың ұзындығы мен енін бақылаудың әдіс-тәсілдерін;
бақыланатын материалдардың мемлекеттік стандарттары және техникалық құжаттамасын;
өлшеу машинасының жұмыс қағидатын.
Параграф 40. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
3-разряд
барлық түрлі ас үй, төсек-орын жабдықтарын, үшкіл орамал, орамал, шарф, сондай-ақ лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің және сол бұйымдарға жасалған пішімнің сапасының эталон үлгілерге сәйкестілігін бақылау және сорттылығын анықтау;
бақыланатын материалдар мен бұйымдардың ақаулықтарын анықтауды есепке алу;
тауарлық белгілерді толтырудың дәлдігі мен дұрыстығын материалдар мен бұйымдардың өңделуі мен сорттылығына үстемеақылар мен жеңілдіктерді ескермей, тауарлық белгілер деректемелерінің соңғысына сәйкестігін тексеру.
бақыланатын бұйымдардың, лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын анықтаудың әдіс-тәсілдерін;
материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесін;
бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттамасын;
бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясын;
анықталған ақаулықтарын есепке алу тәртібін.
Параграф 41. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
4-разряд
ішкиімнің, сырма көрпе, галстук, әр түрлі ойыншықтардың, қолғап, носки-шұлық, галантереялық және басқа да бұйымдардың сапасын бақылау және сорттылығын анықтау;
сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау;
фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын бақылау;
пішім картасын ресімдей отырып, материал төсемесін бақылау;
бұйымдардың өлшеу деректеріне сәйкестігін тексеру.
бақыланатын бұйымдардың, фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын тексерудің әдіс-тәсілдерін;
материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесін;
бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттамасын;
бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясын;
материал жаймасын бақылау ережесі және пішім картасын ресімдеуін.
Параграф 42. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
5-разряд
көйлек түржиынының, куртка, бушлат, көкірекше, шалбар, қысқа комбинезон, жейде-форма, корсет бұйымдарын, өндірістік киім бұйымдарын, бас киім, такелаждық бұйымдардың және жартылай дайын өнімдердің сапасын бақылау;
сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау;
әр түрлі материалдардың сапасын электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, бақылау;
жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және олардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкес, жеке тапсырыстар бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды анықтау;
сапасыз өнімге акт жасауға, ресімдеуге және өнім жеткізушілерге шағым білдіруге қатысу;
тапсырыс берушілердің жеке тапсырыс бойынша жасалған бұйымның сапасына жасаған шағымдарын қарауға қатысу.
бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдерін;
жаппай өндіріс бұйымдары мен материалдарының сорттылығын айқындау, бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын;
бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясын;
ақаулығын анықтау-өлшеу машинасының құрылысын;
электронды есептеуіш машинаның құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасын.
Параграф 43. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы,
6-разряд
жартылай дайын өнімдер мен пальто-костюм түржиыны бұйымдарын: пальто, жоғары үлбір бұйымдарының, астарлы және жиекті салымды курткалар, шинель, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, жалбағай, жакет, комбинезонның сапасын бақылау;
сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау;
жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және мемлекеттік стандарттарға сәйкес жеке тапсырыс бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды тапсырыс берушілерге беруге дайын екенін анықтау.
бақыланатын бұйымдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдерін;
көрсетілген жаппай өндіру өндірісінің түржиынындағы бұйымдардың сорттылығын анықтау ережесін;
мемлекеттік стандарттың бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптарын;
бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясын.
Параграф 44. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд
дайын өнімдерді, бөліктерді, әр түрлі материалдарды олардың қасиеттеріне қарай крахмалдау режимін айқындай отырып, қолмен крахмалдау;
крахмалданған бұйымдарды, бөліктерді, әр түрлі материалдарды кептіру;
крахмал ерітіндісін дайындау;
құрақтарды бояу;
құрақ бөліктерді тігін машинасында қайып тігу.
Крахмалдау, кептіру және қайып тігудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
материалдардың жекелеген түрлеріне крахмалдау процессінің тигізетін әсері;
крахмал ерітіндісін дайындау технологиясын;
крахмалдың түрі мен сорты, олардың сапасына қойылатын талаптарын;
тігін машинасының жұмыс қағидатын.
Параграф 45. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд
матаның бетіне аппреттеуіш ерітіндіні бүріккішпен бүрке отырып тегістеп жағу;
матаның жиектерін түзету;
матаны белгілі бір мөлшерде керу;
кептіру камерасының қыздыру температурасын норма шегінде сақтау;
аппреттеуіш ерітіндіні дайындау.
аппреттеудің, өңдеу түстерін жасаудың әдіс-тәсілдерін;
аппреттеуіш ерітіндіні дайындауға қойылатын техникалық талаптарын;
бөшкеге дайын ерітіндіні құю техникасын;
материалдардың құрылысы мен мақсаты, кептіру камерасының, қолданылатын құралдар мен өлшеу аспаптарының құрылысын.
Параграф 46. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 2-разряд
табиғи үлбір материалдар, жартылай дайын бұйымдар, пішім, фурнитурадан басқа, әр түрлі материалдарды түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша ілеспе құжатта көрсетілген деректерге сәйкес қабылдау және тапсыру, оларды жұмыс орнына және сақтайтын дерге тасымалдау;
орамасы мен таңбалануын тексеру;
түскен және жөнелтілетін материалдардың құжаттарын ресімдеу.
қабылдау және тапсыру ережесін;
қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлерін;
материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды, пішімдерді, фурнитураны таңбалаудың, орау мен сақтаудың белгіленген тәртібін;
оларды есепке алу ережесін;
есеп жүргізуін.
Параграф 47. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 3-разряд
табиғи үлбір материалдар, жартылай дайын бұйымдар, пішім, фурнитураны түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша ілеспе құжатта көрсетілген деректерге сәйкес қабылдау және тапсыру;
дайын өнімнің көлемі бойынша жедел есеп жүргізу.
қабылдау және тапсыру ережесін;
қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлерін;
бұйымдардың түржиыны, табиғи үлбір материалдар мен дайын бұйымдарды таңбалаудың, орау мен сақтаудың белгіленген тәртібі, оларды есепке алу ережесін.
Параграф 48. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 4-разряд
әр түрлі материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша пішім картасына сәйкес қабылдау және тапсыру;
пішімді, қалдықтарды шикізат түріне, үлгісіне қарай дербес электронды-есептеуіш машинасын қолдана отырып, есепке алу;
негізгі және қосымша материалдардың қолданылуын пішім картасына сәйкес талдау;
қалдықтарды уақтылы орау және қоймаға тапсыруды бақылау;
шикізатты қабылдау бойынша өнім жеткізушіге жасалған шағымдардың актісін жасау және ресімдеу.
материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды, дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру ережесін;
қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлері, бұйымдардың түржиыны, пішімді, қалдықты, қосымша материалдарды есепке алу тәртібін;
пішім картасын ресімдеу ережесін;
дербес электронды-есептеуіш машинасын қолдана отырып, есеп жүргізуін.
Параграф 49. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 3-разряд
машинада плиссирлеу және бүрмелеу;
материалды машинаға салу, плиссирлеу және бүрмелеу режимін белгілеу.
плиссирлеу мен бүрмені бекітуге арналған ерітінді дайындау және жағу.
машинада плиссирлеу және бүрмелеудің әдіс-тәсілдерін;
плиссирлеу және бүрмелеу түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ерітінді дайындау рецептурасы мен технологиясын;
оларды жағудың әдіс-тәсілдерін.
Параграф 50. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 4-разряд
дайын қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу;
материалды қалыптарға салу
қалыптарды буландыру және кептіру.
қолмен плиссирлеу және бүрмелеудің әдіс-тәсілдерін;
әр түрлі материалдарға арналған қалыптарды буландыру және кептіруін.
Параграф 51. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 5-разряд
тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу.
тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау.
тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау ережесін;
қалыптарды жасауға арналған қағаздың түрлері мен қасиеттерін.
Параграф 52. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 6-разряд
фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу;
фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау;
плиссе мен бүрменің жаңа түрлерін жасау.
фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау ережесін.
Параграф 53. Тігіп пішуші, 4-разряд
материалды тігу кезінде пішу;
ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, жөндеу кезінде қайта пішу;
бұйымның фасонын таңдау;
бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу;
өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу;
дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру;
ішкиімді, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу;
жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.
құрастыру және пішу негіздерін;
ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясын;
үлгі жасаудың заманауи бағыттарын;
қолданылатын материалдардың мақсаты мен қасиеттерін.
Параграф 54. Тігіп пішуші, 5-разряд
пальто-костюм, көйлек киімдерінің ассортименттері, өндірістік киімдердің бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту, қайта тігу кезінде материалдарды пішу;
бұйымның фасонын таңдау, бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу;
өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу;
дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру;
пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарына тапсырыс берушімен келісу;
жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.
материалды тігу кезінде пішу және ішкиім мен төсек орын жабдықтарын;
корсет бұйымдарын жөндеу кезінде лекалалар бойынша немесе бөліктердің сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы қайта пішу;
фасонды тапсырыс паспортында суретін сала отырып таңдау;
тапсырыс берушінің дене бітімінің өлшемдерін алу;
таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау;
жасау процессі кезінде бұйымды тапсырыс берушінің дене бітімі бойынша өлшеу;
бормен белгілеу және өлшеуден кейін бөліктерді кесу;
дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру,дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру;
іш киімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу;
жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын өздігінен анықтау.
пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын құрастыру және пішу негіздері, пішу, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту технологиясын;
үлгі жасаудың заманауи бағыттарын;
қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
ішкиімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын құрастыру және пішудің прогрессивті әдістерін, пішу, тігу және жөндеу технологиясын;
ақаулықтарын жою және бұйымды дене бітіміне келтіру тәсілдерін;
материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасын;
фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттамасын;
еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістерін.
Параграф 55. Тігіп пішуші, 6-разряд
пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын лекало бойынша немесе бұйымдардың сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы тігу кезінде, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту және қайта тігу кезінде материалдарды пішу;
фасонды паспортында суретін сала отырып, таңдау;
тапсырыс берушілердің дене бітімінен өлшем алу;
таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау;
бұйымдарды жасау кезінде бұйымдарды тапсырыс берушінің дене бітімімен өлшеу;
бормен белгілеу және бөліктерін өлшеуден кейін қию;
дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру;
дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру;
киімді жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу;
жөндеуге әкелінген материалдың немесе бұйымдардың ақаулығын өздігінен анықтау.
құрастыру және пішудің прогрессивті әдістерін;
пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясын;
фасон, материал таңдаудың, киім бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасаудың ерекшеліктерін;
киімнің ақаулықтарын жою тәсілдері және бұйымдарын дене бітімі бойынша келтіру тәсілдерін;
материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасын;
фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттамасын;
еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістерін.
Параграф 56. Тігіп пішуші, 7-разряд
жеке үлгісін жасауды талап ететін киімнің аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу бойынша жұмыстар кешенін орындау;
суретші-модельердің немесе тапсырыс берушінің эскизі бойынша жаңа үлгі жасауға қатысу;
аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу кезінде біліктілігі анағұрлым төмен пішушілерге басшылық жасау.
киімді құрастыру мен материалды пішудің технологиясын, прогрессивті әдістерін;
киімнің үлгісін жасаудың отандық және шетелдік тәжірибесін;
киімнің фасонын таңдаудың және пішілетін материалдың ерекшеліктерін;
киімнің ерекше оригиналды бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасау әдістерін;
киімді құрастыру және үлгісін жасау жөніндегі қолданыстағы техникалық құжаттамасын.
ескерту:
киім бұйымдарының үлгісін жасаумен айналысатын пішуші «Пішуші-модельер» деп аталуы мүмкін.
Параграф 57. Пішуші, 2-разряд
машинада немесе қолмен таспаның, лентаның, жиектің, шілтердің, резина, шашақ, жиек, орама бөліктеріне, матаны, жалауға, туға, жамылғыға, тура төсек жамылғысы мен пердеге арналған материалды, ас үй және төсек-орын жабдығы, төсемені, орамалды, шарф, кашне, шлемнің астары қапты жолаққа жиектеу немесе пленкалау;
кенептен, миткаль, бөзден, жиһаздың барлық түрлеріне арналған кенептен жасалған дайындамаларды, матаның барлық түрлерін купонға;
көркем жазуға арналған мата, текстильді-галантерея өндірісінде перде, тоқыма, тюль және кестеленген жайманы, қиғаштар мен түбіне арналған астарды, маңдайшаларға арналған бөліктерді, картон бұйымдарын, каркастарға арналған болатты пішу, дөңгелек трикотаж жайманы бөлік бойына кесу;
сөмке, қап, ілмек, әр түрлі бауларға арналған таспаны белгілеп немесе шаблон бойынша кесу;
әр түрлі бауларға, жіптерге, таспаның, ленталардың ұштарына балқытылған балауыз жағу;
термокескіштерде таспаның, байдың ұштарын, пішуден кейін ленталарды балқыту;
парашют өндірісінде паспорт пен бағдарлық парақты қоса отырып, баулар мен таспаны жинақтау.
пішу, балқыту, балауыз жағудың әдіс-тәсілдерін;
материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
партиядағы бөліктердің саны, шектеулер мен сызбаларды оқудың ережесін;
әр түрлі материалдарды пішуге арналған машиналарды, өлшеу құралдары мен құрылғыларды пайдалану ережесін.
Параграф 58. Пішуші, 3-разряд
фигуралық жаймалар мен пердеге;
ойыншық өндірісіндегі барлық бұйымдарға арналған материалдарды, мақтаны, ватинді, марляны, жиһаздың барлық түрлеріне арналған бөліктерді дайындау үшін қаптау материалдарын, қиындылардан жасалған трикотаж бұйымдарын, погон, жұлдызшаларды, ілмектерді, түймелерді, қысқыштар мен басқа да ұсақ бөліктерді машинада немесе қолмен пішу;
материалды галстукке, шұлыққа, кенептен, миткаль, бөзден, жиһаздың барлық түрлеріне арналған кенепті кешенді пішу;
парашют өндірісінде ленталы күмбезге, күмбездердің ілмектеріне арналған ленталарды, аспалы сөмкелер тесілген камералардың шілтерін, жалғастырушы буындарды, күшейтпелі белдіктерді белгілей отырып пішу;
стренгтерді, монтаждау бауларын партия етіп жинақтау және таңбалау.
пішудің әдіс-тәсілдерін;
бұйымдағы бөліктердің саны, бөліктердің мақсаты және олардың пішінін;
әр түрлі материалдарды пішуге арналған машиналардың жұмыс қағидатын.
Параграф 59. Пішуші, 4-разряд
мақта-мата және зығыр матаны, ішкиімнің, корсет бұйымдарының, астардың, аралық қабаттың, қолғап бұйымдарының, бас киімдердің, балаларға арналған тоқыма бөліктерді, жартылай жүн және «ПАН»-жіптен жасалған мақта-мата трикотаж жаймасының қалдықтарын, машинада немесе қолмен пішу;
тоқымасында кінәраттары бар жайманы көрсетілген түржиын бөліктеріне пішу (төсеу, лекалоны жаю, лекалоның жиегін жиектеу, пішу және жинақтау), мақта-мата трикотаж жаймадан жасалған жартылай тұрақты және купондық бұйымдарды пішу;
жиһаздың барлық түрлеріне арналған материалдарды кешенді пішу;
тартпалы квадрат қалыпты парашютті, клапандарды, ауыспалы сөмкелерді, жұмсақ қаптарды, коуш тыстарын, жалғастырушы буындарды, лекало жиектері немесе лекалолар бойынша жиектеудің фигуралы сызықтары бойынша стренгілерді, лекалоны жайманың жоғарғы қабатына жаю;
тік сызықты жіп бойында орналасқан мақта-мата және жібек матадан жасалған бөліктер лекалосының жиегін жиектеу;
парашют өндірісінде жаймаға белгі салу;
лекало бойынша тексеру және бұйым бөліктерінің жиегіндегі дәлсіздіктерді кесу;
бөліктерді суретке сәйкес қиыстырып келтіру және кесу;
оң беті мен астардың бөліктерін пішу;
жинақтылығын тексеру.
бөліктерді лекало бойынша пішудің, тексерудің әдіс-тәсілдері және кемшіліктерді кесу, матаның оң бетін, түктің бағытын айқындау ережесін;
соңғы нүктелерді салу тәртібін;
ақаулықтар мен кінәраттардың себептерін жіктеу, бұйымның конструкциясы, жайманы жаю схемасын;
оның ерекшеліктері мен қасиеттерін;
қолданылатын матаның артикулы мен өлшемдерін;
лекало мен трафареттер, материалдарды жұмсау нормасы және оларды тиімді пайдалану, материалдардың текстильді кінәраттарын түрлерін;
қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларын пайдалану ережесі мен құрылысын.
Параграф 60. Пішуші, 5-разряд
мақта-мата және зығыр матаны, пальто-костюм және көйлек түржиыны киімдерінің бұйымдары үстінің бөліктерінде мақта-мата және тоқыма трикотаж жаймасын машинада немесе қолмен пішу;
химиялық талшықтарды қоса отырып, жүн, жібек мата, жібек трикотаж жайма, матаны, резиналанған матаны, үлбірді, үлбір бұйымдарға арналған өңдеу бөліктеріне арналған былғары, ішкиім бөліктеріне, корсет бұйымдарына, астарға, қолғап бұйымдарына, бас киімдерге арналған былғарыны, өндірістік киім және такелаждық өндіріс бұйымдарының бөліктеріне арналған материалдарды машинамен немесе қолмен пішу;
тоқымасында кінәраттары бар жаймаларды көрсетілген түржиын бұйымдарына пішу (төсеу, лекалоны жаю, лекалоның жиегін жиектеу,пішу және жинақтау), жүн, жібек, мақта-мата, мақта-мата трикотаж жайманы көйлек және көйлек-костюм түржиыны бұйымдарына эксперименталдық, сынақ және авторлық үлгі пішу;
жібек және жүн жаймадан жасалған жартылай тұрақты және купондық бұйымдарды пішу;
парашют күмбездері, күмбез, камера тыстарын, жұмсақ сүзгілерді, қаптарды, портледтерді, лекало жиектерін жиектеу фигуралық сызықтары немесе талшықтардың орналасуына байланыссыз лекалолар бойынша әр түрлі материалдардан жасалған аспалы сөмкелерді пішу;
жаю схемасын таңдау, іріктеу;
парашют өндірісінде лекало жиектерін жаю және жиегін айналдыра сызу.
тиімді пішудің әдіс-тәсілдерін;
лекало жаю схемасын таңдау тәсілдерін;
қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін.
Параграф 61. Пішуші, 6-разряд
пішу машинасында немесе қолмен пальто-костюм түржиыны киімдерінің бұйымдары үстінің бөліктеріне (мақта-мата және матасынан басқа) пішу;
тоқымасында кінәраттары бар жаймаларды көрсетілген түржиын бұйымдарына пішу (төсеу, лекалоны жаю;
лекалоның жиегін жиектеу, пішу және жинақтау), әр түрлі материалдарды үлгі-эталон бұйымдарының оң бетінің, астарының бөліктеріне, сырт киім мен көйлек түржиынының эксперименталдық, сынақ және авторлық үлгідегі бұйымдарына пішу;
бұйымдарды жалғама материалдарды жинақтау;
парашют жабдықтарының эксперименталдық және сынақ үлгілерін, аспалы сөмкелерді, стренгілер мен парашют өндірісіндегі ерекше мақсаттағы бұйымдарды пішу.
пішудің әдіс-тәсілдері, парашют жабдықтары мен ерекше мақсаттағы бөліктері мен тораптарын, сондай-ақ сынақ және бірегей үлгілерін пішу технологиясының ерекшеліктері, материалдарды пішу ерекшеліктерін;
пішу машиналарын баптау және реттеу әдістерін.
Параграф 62. Төсеуші, 2-разряд
Қапсырмаларын, біріктіру буындарының орау қаптарын, тыстарын ашуға арналған материалдардың механизмдері мен құралдарының көмегімен төсеу;
парашют өндірісінде орама жаймаларын орау;
материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеу.
төселетін материалдардың қасиеттері мен артикулын;
материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын механизмдері мен құралдарының жұмыс қағидатын.
Параграф 63. Төсеуші, 3-разряд
материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептемей;
машинамен немесе қолмен төсеу;
материалды секцияның ұзындығы бойынша төсеуге арналған үстелді белгілеу;
төсеменің ұзындығын тексеру;
төсеменің жоғарғы бетіне жаймалар мен трафареттердің суреттерін салу;
материалдарды парашюттің күмбезін, ранецтерін, камераларын, тысын олардың паспорттық деректері, физикалық-механикалық көрсеткіштері, түсі, эталоны бойынша таңдай отырып төсеу;
парашют өндірісінде схемаға немесе сызбаларға сәйкес жайманы белгілеу.
материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептемей, төсеудің әдіс-тәсілдерін;
секциядағы үстелдерді орналастыру тәртібі және материалдарды төсеу тәсілдері, пішім түрін айқындау үшін төселетін материалдарды таңдау ережесін;
төселетін материалдардың қасиеттерін;
парашют өндірісінде жайма төсеу кезінде схемалар мен сызбаларды оқу ережесін.
Параграф 64. Төсеуші, 4-разряд
материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептеп, машинамен немесе қолмен төсеу;
парашют өндірісінде бұйымдарды пішуге арналған материалды қаптау кезінде ақаулықтарын белгілеп немесе кесіп тастап тексеру;
материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептеп; төсеудің әдіс-тәсілдерін;
дайын бұйымдағы шекті ақаулықтарды белгілеу тәсілдері және оларды бұйымның жасырын немесе жабық жерлеріне келтіру, тиімсіз қалдықтар, ұзындығы бойынша материал жоғалту лимиттері, материалдардың шектері мен белгілеу ережесін;
қолданылатын машиналардың құрылысын.
Параграф 65. Тігін жабдығының операторы, 3-разряд
күрделігі орташа бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою;
пішім сапасын, бөліктердің, бұйымдардың;, жіп пен түймелердің және қосымша материалдар түсінің сәйкестігін бақылау.
бөліктерді өңдеудің технологиялық параметрлерін;
тігіс түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидатын;
әр түрлі құралдарды, құрылғылар мен автоматтандыру құралдарының мақсаты мен оларды пайдалану ережесін.
1) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу;
2) саңылаулардың ілмектерін түю;
3) клапандарды, белдіктерді, манжеттерді, сыналарды, шлицаларды, паттарды өңдеу;
4) түйме тігу;
5) киімнің бөліктерін бекіту;
6) фурнитураларды қосу;
7) тігістер мен бүкпелерді тегістеу.
Параграф 66. Тігін жабдығының операторы, 4-разряд
тігін бұйымдарының күрделі бөліктерін автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, оларды жөндеуге қатысу, әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып, автоматтандырылған төсеу кешенінде төсеу процессін жүргізу.
тігін бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерін өңдеудің технологиялық параметрлерін;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, оны жөндеу ережесін;
әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып төсеудің әдіс-тәсілдерін;
автоматтандырылған жабдықты басқару панеліне төсеу режимін орнату жүйесін;
төсем ұзындығының шегі және орнату ережесі, көтеру механизмін реттеу тәсілдері және төсеу құрылғысының қозғалу жылдамдығы, төсеме сапасына қойылатын талаптарын;
материалдардың қасиеттері мен оларды төсеу ерекшелігін.
1) жайманы фигуралық сырмамен сырып тігу;
2) жағаны, өңірді, қайырманы, қалтаны өңдеу;
3) бұйымның (шұлықтың) бөліктерін қосу.
Параграф 67. Тігін жабдығының операторы, 5-разряд
аса күрделі бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу;
әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу;
автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету;
электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, әр түрлі материалдардың сапасын бақылау процессін жүргізу;
материалдардың бөліктері мен қалдықтарын электронды есептеуіш машинада есептеу және оларды пішу үшін артикулы, түсі мен көлемі бойынша жинақтау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, оны жөндеу ережесін;
автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесін;
пішу режимін түзету, пішім сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдерін;
материал бөліктерін, пішім графикасын есептеудің әдіс-тәсілдерін;
материалдарды жұмсау нормасы және технологиялық қалдықтардың шекті пайызын.
Параграф 68. Тігін жабдығының операторы, 6-разряд
әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу және оны жөндеу;
пішу бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу.
автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесін;
қызмет көрсетілетін кешеннің құрылымдық ерекшеліктерін;
механикалық, электр және пневматикалық шағын жүйелердің құрылысы;
автоматтандырылған пішу кешенінде ақаулықтардың пайда болуы себептері олардың алдын алу тәсілдерін;
пішу сапасына қойылатын талаптарын;
пішу режимін түзетуін.
Параграф 69. Тігінші, 2-разряд
қатты және бір түсті маталар мен бұйымдарды, тегіс носки-шұлық бұйымдарын торлап жамау арқылы машинада немесе қолмен жөндеу;
дайын бұйымдарды тазалау;
әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде фурнитураны, түймелерді түбін тартпай, бұйымдардың фурнитурасын қолмен қосу, әшекейлерін, үлбір жағасын алу;
фурнитура мен әшекейлегіштерді орау;
химиялық тазарту және киімді бояу кезінде заттарды нөмірлеп таңбалау.
торлап жамау, дайын бұйымдарды тазалау, фурнитураны қосу, фурнитураны, үлбір жағаны, фурнитура орамасын, бұйымның таңбасын алу, өңдеудің әдіс-тәсілдерін;
қолданылатын машиналардың мақсаты мен жұмыс қағидатын.
Параграф 70. Тігінші, 3-разряд
тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу;
ішкиімді (труси мен итжейде), ас үй және төсек орын жабдықтарын (ақ жайма), әр түрлі материалдардан жасалған биялайды машинада немесе қолмен тапсырыстардың паспорттарына, мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен белгіленген өңдеу технологиясына сәйкес жөндеу;
астарды, өңірлік және жылылау астарын өңдеу және жөндеу, үлбір қаптамасын төсемесімен тарту, бөліктердің тіліктерін, ілмектерін арнайы машинада орау;
пішуші белгілеген сызықтарды симметриялы бөліктерге әр түрлі тәсілдермен көшіру;
түймені түбін тарта отырып, тігу;
бұйымды сөгу және бөліктерін тазалау;
материалдың тік кесіктерін жабыстыру;
әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде ұсақ бөліктерді ылғалды-жылылап өңдеу.
көрсетілген тігін бұйымдарын тігу, жөндеу және ылғалды-жылылап өңдеу әдістері мен тәсілдерін;
тігін бұйымдарының бөліктерін өңдеу технологиясы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері;
қолданылатын материалдардың құрылысын.
Параграф 71. Тігінші, 4-разряд
тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу;
үлбір астарлы жилеттерді, ішкиімді (пижама, кальсон, ішкөйлектер), фасонды төсек-орын жабдықтарын (көрпе тысы), көрпелерді, алжапқыштарды, қолғаптарды, өндірістік киім бұйымдарын және басқа да осы сияқты әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды машинада немесе қолмен еңбек бөлінісімен немесе еңбекті бөліспей жөндеу және жаңарту;
өндіріске жаңа үлгілерді енгізуге қатысу, шалбарларды, қысқа комбинезондарды, сырт жейделерді, куртка, ер адамдарға арналған жилет (үлбір астарлы жилеттен басқа), корсет бұйымдарын, форма көйлектерді операция құрамында: өңірді, қайырманы, жағаны, мойынды, жең ойындысын, қалтаны, ілмектерді, алдыңғы жікті планкамен өңдеу, жағаны мойынмен қосу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату, ілмекті қолмен көктеу, астарды пішу және бұйымның үсіне келтіру, кеуде тұсында форма қалыптастыру үшін үстіңгі бөлікті қолмен ылғалды- жылылық өңдеу, көктелген жеңді, көктелген өңір астарын, үстіңгі жағаны орнату, көрсетілген бұйымдарды, шалбардан басқасын, соңғы рет ылғалды-жылылық өңдеу жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу;
бұйымның жоғарғы және төменгі бөліктерін өңдеу;
өңірдің астарына қатпарды қолмен көктеу;
астарға жылы қабат астарды сырып тігу;
үстінің бөліктерін қосу;
астар мен жылы қабатты бұйыммен қосу;
қолмен қалып беру үшін жасалған өңір қабатын ылғалды-жылылық өңдеу;
бөліктердің көшірмесін престе алу,
булау мен тазалаудан кейін бұйымның бөліктерін ылғалды-жылылық өңдеу;
әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде үстіңгі бөлігіндегі жапсырмаларды жабыстыру;
қондырып тігу, сырып тігу арқылы жөндеу;
жеке бұйымдардағы ақаулықтарды суретті сақтай отырып, түзету;
суретті және капрон бұйымдарды, трикотаж жайманы торлап жамау;
тартылып қалған жіптерді түзету.
тігін бұйымдарының көрсетілген түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу, торлап жамау технологиясы, әдіс-тәсілдері, бұйымдардың түржиыны, құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктері, тігістердің түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
қолданылатын машиналардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді түзетуін.
Параграф 72. Тігінші, 5-разряд
тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу;
шалбарларды, қысқа комбинезондарды, сырт жейделерді, куртка, ер адамдарға арналған жилет (үлбір астарлы жилеттен басқа), корсет бұйымдарын, форма көйлектерді операция құрамында: өлшеуден кейін бормен сызылған сызықтарды қалпына келтіру, үстіңгі бөліктерді пішу, сызықтарды алдын ала белгілеп алып, үстіңгі бөліктерін кесу, шалбардың белдігін пішу, жеңнің ойындысын көктеу немесе жеңді жабық ойындыға қондырып тігу, бюстгалтердің көкірекшелерін жабық кесіндіге қондырып тігу, шалбардың артқы бөлігін ылғалды-жылылық өңдеу және шалбарды соңғы рет ылғалды-желілік өңдеу жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу;
еңбек бөлінісімен тігу және жөндеу, пальто, астарлы пиджак, фрак, визитка, жакетті, сыртқы үлбір киімдерді, шинель, плащ, китель, мундир, комбинезон, астарлы және өңірі астарлы куртканы, көйлек түржиыны бұйымдарын (сыртқы жейде, шалбар мен қысқа комбинезоннан басқа), операция құрамында: өңірді, қайырманы, жағаны, мойынды, жең ойындысын, қалтаны, ілмектерді, алдыңғы жікті планкамен өңдеу, жағаны мойынмен қосу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату, лифті юбкамен қосу, астарды бұйымның сыртымен оның жиектеу бөліктері болған кезде қосу, ілмекті қолмен көктеу, астарды пішу және бұйымның үсіне келтіру, кеуде тұсында форма қалыптастыру үшін үстіңгі бөлікті қолмен ылғалды-жылылық өңдеу, көктелген жеңді, көктелген өңір астарын, үстіңгі жағаны орнату жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу;
табиғи үлбірден жасалған бас киімдерді үлбірді таңдай отырып жөндеу;
көркем торлап жамау, білдірмей торлау, жапсырмаларды қосып өру, әр түрлі бұйымдар мен материалдарды жөндеу кезінде тігістерді сөгу.
көрсетілген тігін бұйымдарының түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу, көркем торлап жамау, білдірмей торлау, жапсырмаларды қосып өру технологиясы, әдіс-тәсілдері, бұйымның құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктерін;
қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін.
Параграф 73. Тігінші, 6-разряд
тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу;
әр түрлі материалдардан жасалған пальто, пиджак, фрак, визитка, жакетті, сыртқы үлбір киімдерді, шинель, плащ, китель, мундир, комбинезон, астарлы және өңірі астарлы куртканы, көйлек түржиыны бұйымдарын (сыртқы жейде, шалбар мен қысқа комбинезоннан басқа) жөндеу және жаңарту, операция құрамында: өлшеуден кейін бормен сызылған сызықтарды қалпына келтіру, үстіңгі бөліктерді пішу, сызықтарды алдын ала белгілеп алып, үстіңгі бөліктерін кесу, көрсетілген бұйымдарды соңғы ылғалды-жылылық өңдеу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату жұмыстары болған жағдайда машинада немесе қолмен еңбек бөлінісімен тігу.
көрсетілген тігін бұйымдарының түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу технологиясы, әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарының құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктерін.
Параграф 74. Тігінші, 7-разряд
эксклюзивті киім үлгілерін жеке эскиздер, эталон үлгілер және сынақ үлгілері бойынша әр түрлі мақсаттағы, құрылымдық тұрғыдан әр түрлі, табиғи, синтетикалық және қоспа матадан, трикотаждан жасалған киімдерді тігу.
әр түрлі мақсаттағы киім үлгілерін жасау технологиясын;
көрсетілген түржиын бұйымдарын технологиялық өңдеудің жаңа әдістері, тәсілдері мен ерекшеліктерін.
Параграф 75. Тігін бұйымдарын жоғары жиіліті токтар құрылғысында дәнекерлеу, 3-разряд
белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың бөліктері мен тораптарын біріктіру жөніндегі операцияларды орындау;
дәнекерлеу режимін айқындау;
электрод орнату.
бөліктер мен бұйымдарды біріктірудің әдіс-тәсілдері, дәнекерлеу режимі, шаблон-электродтардың қалыбы, шаблон-электродтарды орнату ережесі, қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрылғылардың жұмыс қағидатын.
Параграф 76. Тігін бұйымдарын жоғары жиіліті токтар құрылғысында дәнекерлеу, 4-разряд
бұйымның өңірін, жағасын, ілмектерін өңдеу операцияларын орындау;
жеңді ашық жең ойындысымен және жағаны белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың біріктіру жөніндегі операцияларды орындау.
көрсетілген операцияларды жоғары жиіліті токтар құрылғыларында орындаудың әдіс-тәсілдерін;
жоғары жиіліті токтар құрылғысының қуатын;дәнекерлеу уақыты мен басқа да параметрлерін реттеуін;
тігін бұйымдарын жасау технологиясын;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысын.
Параграф 77. Тігін бұйымдарын жоғары жиіліті токтар құрылғысында дәнекерлеу, 5-разряд
жеңді жабық жең ойындысымен және белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың біріктіру жөніндегі операцияларды орындау.
көрсетілген операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарының түржиыны, операцияларды орындаудың жүйелігін;
жоғары жиіліті токтар құрылғыларының құрылымдық ерекшеліктерін.
Параграф 78. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 1-разряд
әр түрлі жабдықтарда ас үй және төсек орын жаймаларын, ойыншық өндірісіндегі жаймалардың барлық түрлерін, орамалдарды, тағы басқа осы сияқты бұйымдарды, бүкпе, жиырылыс, қыртыстарды тегістеу үшін бөліктердің материалдары мен пішімін ылғалды-жылумен өңдеу.
үтіктеу жабдығын қыздыру дәрежесін реттеу;
материалдың қасиетіне байланысты ылғалдандыру.
көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, температуралық режим, температураны реттеу тәсілдерін;
көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлерін.
Параграф 79. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 2-разряд
әр түрлі жабдықтарда фасонды төсек орын жаймаларын, дайын бас киімдерді, трикотаж және текстильді-галантереялық өндірісте әр түрлі жеке бұйымдарды, ойыншық өндірісіндегі бөліктер мен дайын бұйымдарды, жалғаулар қиыстыру жіктерін, жиегін түзетпей-ақ, бұйымның шағын бөліктерін, бұйымның сыртқы қабатымен қосылмаған астарын ылғалды-жылумен өңдеу;
материалдарды әшекейлеу;
үлбір және иық жапсырмаларын бекіте отырып, өңірдің астарын желіммен қосу;
барқыттан жасалған бас киімнің бөліктерін сөгу.
көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлері мен қасиеттерін.
Параграф 80. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 3-разряд
әр түрлі жабдықтарда ішкиімнің, өндірістік киім бұйымдарының, трикотаждан жасалған сыртқы киімдердің дайын өнімдерін, галстуктерді, алжапқыштарды, бас киімдерді, корсет бұйымдарын, шалбардың алдыңғы бөлігін, бөліктер мен бұйымдардың жіктерін, жасанды үлбір астарды, ашық ойындыны, үстіңгі иық жапсырмаларын, астарды бұйымның сыртқы қабатымен, қосылатын жылы астармен қоса отырып, үлбір өндірісінде бұйымның тысын астармен қоса отырып ылғалды-жылумен өңдеу;
сыртқы тыстың бөліктерін желімделген төсемелерге, жиекке, аппликацияларды бөліктерге, бұйымдарға жабыстыру, көйлек түржиыны бұйымдарын булау;
әр түрлі материалдардан жасалған қалпақ-панамаларды, береттерді, жокейка, тақияларды, капорларды, пилоткаларды, шлемдерді, малақайларды (құлақшындардан басқа) булау, түзету, кептіру;
мауыты және былғары қалпақтарды, носки, унтыларды керіп түзету;
биялай, қолғаптарды түзету;
бас киім, погон өндірісінде жасанды былғарыдан жасалған бөліктерді престеу.
көрсетілген түржиындағы бөліктер мен бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарын жасау технологиясы, көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың түрлерін;
қолданылатын жабдықтар жұмысындағы шағын кемшіліктерді жою тәсілдерін.
Параграф 81. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 4-разряд
әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: бекеш, бушлат, жилет, комбинезон, қысқа комбинезон, форма көйлек, шалбар, көйлек түржиыны киімдерінің бұйымдары, трикотаж көйлек, пальто-костюм түржиыны сыртқы бұйымдарын және басқаларды, мойын, қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді, өңірді, шлица, ойынды, жабық қайырма жеңді, бұйымның етегін, шалбардың артқы бөлігін ылғалды-жылумен өңдеу;
қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді бұйымның жиегіне қосу;
үлбір, жүн, жібек, барқыт, табиғи және жасанды таспадан жасалған бас киімдерді булау, түзету, кептіру;
пальто-костюм түржиынының дайын бұйымдарын және көйлек түржиынының барқыттан жасалған бұйымдарын булау.
көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарының түржиыны, операцияларды орындау жүйелілігі, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлерін.
Параграф 82. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 5-разряд
әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: пальто, шинель, сыртқы үлбір киімдерді, плащтарды, куртка, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, астарлы және жылыланған жакеттерді ылғалды-жылумен өңдеу;
бюстгалтерлердің көкірекшелерін қалыптау;
қалпақ, фуражка, әр түрлі материалдардан жасалған малақайларды булау, түзету, кептіру.
көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдерін;
көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлерін.
Параграф 83. Тігуші, 2-разряд
әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі дайындық және қарапайым жұмыстарды машинада немесе қолмен орындау;
пішім сапасын, фурнитураның бұйымның түсі мен мақсатына сәйкестігін бақылау;
жіптің үзілуін болдырмау;
шөлмекті ауыстыру;
жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу.
дайындық және қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдерін;
қызмет көрсетілетін машиналардың мақсаты және пайдалану ережесі
иненің нөмірі, жіпті, бекіту, шөлмекті ауыстыру, жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу ережесін.
тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, такелаждық және тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.
Өткізу:
1) ілмектерді реттеуіштерге.
2) икемді лентаны иіргішке.
Айналдыру:
3) бөлікті.
4) жиегін, бұрыштарын түзете отырып бөліктерді, бұйымдарды.
5) бұйымдарды.
Қию:
6) өңдеу бөліктерін.
7) өңірдің астарын жиегіне және ілмекке.
Дайындау:
8) әр түрлі материалдардан сүйірлерді.
9) жұмсақ тара.
10) фирмалық лента (балқыту).
Кесу:
11) тігістің артығын.
12) сыртқы бетінің, астарының, ілкі қабатының артығын.
13) тегістеу жіктерін.
Жасау:
14) жіптен жасалған ілмектерді.
Бор жағу:
15) бормен таңбалау.
Жағу:
16) погондағы, орамадағы, маңдайшалардағы, лентадағы белгілер.
Өңдеу:
17) ас үй және төсек орын жаймасы.
Қаптау:
18) түйме.
Қолмен тігу:
19) бөліктерді айналдыруға арналған саңылауларды, басқа осыған ұқсас жұмыстар.
Біріктіру:
20) астар мен ішкі қабаттың тігісін сыртқы бетінің тігісімен.
Бүгу:
21) біздің ілмегін.
Жабыстыру:
22) бөліктерді.
Жару:
23) бөліктердің жиегін.
24) жіктерді.
Жарып кесу:
25) жиектерін ілмектерге.
26) бөліктерді ұзын бойына.
Тілу:
27) бауларды, шілтерді, жапсырмаларды, ілмектерді, белдіктерді.
Қосу:
28) ілмекті бөліктермен, бұйымдармен.
29) резеңкенің ұштарын.
30) резеңкенің, шілтердің, жиектің ұштарын бөліктермен, бұйымдармен.
31) белдікті бұйыммен.
32) этикеткаларды бұйыммен.
Бекіту:
33) сыртқы қабаттың, астардың ішкі қабаттың бөліктерін кнопкаға түймеге, «найзағайға».
Тарту:
34) тігістен кейін жинақтау үшін жіпті.
Орау:
35) шалбардың таспасын арнайы құрылғыға.
36) тегістелген белдікті кассетаға.
Ішіне салу:
37) бөліктерді, түймелерді, кнопкаларды және басқа да қалтаға.
Жөндеу:
38) жұмсақ тара.
Алып тастау:
39) көктеу жіптерін.
Тазалау:
40) бөліктер мен бұйымдарды, щеткамен, химиялық құраммен.
41) бұйымдарды өндірістік қоқымнан қағу арқылы.
42) бұйымдарды өндірістік қоқымнан (жіп, жапсырма, көктеу жіптерінен).
43) ішінде жылылау қабаты бар бұйымдардың ілмектерін.
Трикотаж өндірісі.
Өңдеу:
44) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (мақта-мата бұйымдары).
45) дөңгелек шұлық автоматында жасалған носки-шұлық бұйымдары.
Еңбек бөлінісінсіз тігу:
Бас киім.
Біріктіру:
46) носки-шұлық және қолғап бұйымдарын жұптау.
47) жайманың бөліктерін ұзындығы бойынша.
48) жайманың бөліктерін ені бойынша.
Торлау:
49) шұлықтың шетін.
50) ілмекті өңдей отырып шұлықтың үстін.
Тоқыма-галантереялық өндіріс.
Біріктіру:
51) купондарды ұзындығы бойынша кестелеу үшін.
52)Бас киім өндірісі.
Кесу:
53) құлақ ойындысы.
Шлемнің қарауға арналған рамалары.
Бүгу:
54) белбеулерді.
Өлшеу:
55) бөліктер мен бұйымдарды.
Өңдеу:
56) өңдеу бөліктерін.
57) маңдайшаларды.
Орау:
58) үстіңгі және төменгі шапканың жиегін.
Қию:
59) жасанды үлбірден жасалған бас киімдерді.
Тесу:
60) саңылау.
Тарау:
61) бас киім.
Жұқалау:
62) қалың жерлерді.
63) басқа бұйымдар өндірісі.
Дайындау:
64) қақпақ, бау.
Керу:
65) Ту.
Иіру:
66) жіпті, арқанды жеке бөліктерге.
67) арқанды.
Біріктіру:
68) иірілген жіпті.
69) киіз басу өндірісі.
Біріктіру:
70) бөліктерді, техникалық киіз сүзгілерді,
төсемелерді және тағыда басқа.
Тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.
Тігу:
71) автотөсемелер және басқа да бұйымдар,
72) қаптар мен басқа да бұйымдар.
Бекіту:
73) тамбурлық тігістер.
Қосып тігу:
74) дайын маталардың бумасын.
Біріктіру:
75) матаны.
76) жүн өндірісі.
Өңдеу:
77) орамалды.
Параграф 84. Тігуші, 3-разряд
әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі қарапайым операцияларды машинада немесе қолмен орындау;
бөліктердің, бұйымның, қосымша материалдардың, жіптердің түсінің сәйкестігін бақылау.
бұйымдарды тігу бойынша қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдерін;
тігістердің түрлері, материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын.
тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.
Сырып тігу:
1) жылы салмасы бар астарды.
Қайып тігу:
2) погон мен қолғаптағы суреттерді.
Бекіту:
3) блоктарды.
4) кнопкаларды.
5) шалбардағы ілмектерді.
6) хольнитендерді.
7) тігістерді.
Бор жағу:
8) бөліктердегі сызықтар.
9) кнопка, ілмек, түймелердің орналасқан орны.
Қолмен орау:
10) үлбірден жасалған бөліктер.
11) жылы астарды бұйымның сыртымен.
12) өңір астарының қабаттарын.
Торлау:
13) сақиналарды.
14) көрпе мен пледтердің жиегі.
15) кілем мен кілем бұйымдарының жиектерін.
16) саңылауларды.
17) ілмекті.
18) бөліктер мен бұйымдардың кесілген жерін тігіспен.
19) жиектерін бүге отырып, бөліктер мен бұйымдарды кесу.
20) бөліктер мен бұйымдардың кесіндісі, тігістері.
Нөмірлеу:
21) бөліктер.
Өңдеу:
22) үстінің бөліктерін (клапан, қабаттарын, белдік, пат, шлица және тағыда басқа),
23) бұйымның етегін (трикотаж жайма).
24) астарды.
25) қалтаның астарын.
26) ішкі қабатты.
27) таспа сала отырып бұйымның ілмектерін.
Тілу:
28) үстінің бөліктерін.
Көмкеріп тігу:
29) жеңнің астарын ойындыға.
Бекіту:
30) жылы астардың жиегін өңірдің астарына.
31) жіктерді.
32) жіктерді астарға.
Біріктіру:
33) бұйымның бөліктерін.
34) үстінің бөліктерімен жиекті, астарды.
35) астарды, өңірдің астарын жылы астарға.
36) астардың, жылылау салмасының жеңін ашық ойындыға.
37) «молния» ілгегін жасауға арналған арнайы машинада иректемені таспаға.
38) «молния» таспасын бөліктермен.
39) қолмен фурнитураны.
40) өңдеу фурнитурасын бұйымдармен, бөліктермен.
Жиектеу:
41) жіктерді.
Тарау:
42) жасанды үлбірден жасалған бұйымдардың жіктерін.
Бүктеу:
43) жейдені.
44) үлбір өндірісі
Сырып тігу:
45) үлбір жиекті.
Бекіту:
46) ашық төсеменің шетін үлбір сыртының тиісті жіктеріне төсемені ішке қарай бүге отырып.
Трикотаж өндірісі.
Орындау:
47) арнайы машинада резина тарту жұмыстары.
Өңдеу:
48) ерлердің ішкиімінің алдыңғы бөлігін планканың бөліктеріне,
49) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (капрон, эластик),
50) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын автоматтандырылған тігу үшін машинада.
Тоқыма-галантерея өндірісі.
Қаптау:
51) көркем дара бұйымдарды.
Салу:
52) фуражканың қаңқасын оның негізі мен тысына.
Такелаждық өндіріс.
Дайындау:
53) жылытқышта,
54) рамалардың тұғыры.
Сырып тігу:
55) өңір таспасын плащ-палатканың жиегіне,
56) плащ-палаткаға таспа сала отырып, иыққа орнататын салманы,
57) планканы плащ-палатканың тілігіне.
Тілу:
58) такелаждық бұйымдар.
Басқа бұйымдар өндірісі.
Өңдеу:
59) заттық қаптар.
Тігу:
60) желдеткіш келте құбырлар,
61) локомотивтерге, жеңге суфлені,
62) жылытуға арналған тыстар.
Параграф 85. Тігуші, 4-разряд
машинада немесе қолмен әр түрлі материалдардан бұйымдарды тігу жұмысы бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау;
қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.
күрделілігі орташа операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдерін;
бұйымдардың түржиыны, авиацияда қолданылатын тігу материалдарының түрлері мен сапасы, қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою тәсілдерін.
тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.
Өңдеу:
1) астарлы ішкі қалталарды,
2) бұйымның етегін,
3) жеңнің ұшын,
4) ашық ойындыларды,
5) бұйымдардың кесіндісін өңдей отырып, ілмекті немесе ілгекті таспаны жартылай автоматта жару,
6) күрделілігі орташа қатпар, жиырылыс (трикотаж жайма).
Жиектеу:
7) үстінің бөліктерін,
8) астардың бөліктерін,
9) үлбір астардың бөліктерін,
10) тұтас перделік жайманың жиектері.
Сырып тігу:
11) кез келген бөліктегі өңдеу тігістері,
12) сырғыма лента сала отырып, қайып тігілген белбеу мен манжет бойынша өңдеу сырма тігістері.
Қиыстырып келтіру:
13) бұйымның үсті арқылы, біріктірілетін жылылау бөлігіне астарды.
Біріктіру:
14) шалбардың қыры мен орта бөліктері,
15) корсет бұйымдарындағы көкірекше бөліктерін жеке салынатын тігіспен,
16) шілтерді бөліктермен және бұйымдармен,
17) грацияның артқы бөліктері бар жарғақ,
18) жеңі бар манжеттер,
19) кесінді бөлікті корсет бұйымдарындағы көкірекше бөліктерін жеке салынатын тігіспен,
20) астарды бұйымның үстімен, жеңнің төменгі бөлігімен,
21) иықтың салмасы, жеңнің түпкі қондырмасы,
22) иық ойындысын мақта-мата таспасымен,
23) астардың, жылылаушы астардың жеңін жабық жең ойындысымен,
24) жеңді ашық ойындыға және регланға,
25) «молния» таспасын бұйымдармен,
26) ілмекті немесе ілгекті таспаны бұйыммен,
27) белдікұстағышты шалбардың үстіңгі бөлігімен және белбеумен,
28) балақбауды шалбардың, рейтуздың балағымен,
29) 3, 4 бөліктен тұратын корсет бұйымдарының көкірекшелерін (астарлы),
30) көкірекшелерді корсет бұйымдарындағы өн бойы ашық кесіндімен сырма тігіспен.
Қалыптастыру:
31) машинада үлкен етіп бөліп бұйымның бөліктеріне бүкпелер жасау.
Сырып тігу:
32) аппликацияны,
33) жиекті бөліктеріне 2 инелі машинада,
34) былғарыны «зиг-заг» машинада,
35) өлшемдік таспа сала отырып немесе икемді сызық сала отырып, белдікті қырынан, астынан және үстінен әдіпті немесе өңдеуді,
36) өлшемдік таспа немесе ілмек бау сала отырып, корсет бұйымдарын қырынан, астынан және үстінен әдіпті немесе икемді таспаны,
37) икемді таспаны сала отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшелерді қырынан және бүйіріндегі бөліктерін үстінен өңдеуді,
38) бүйір бөліктерін және ластовицаларды әдіптей отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшені тіліктері бойынша өңдеу,
39) әдіпті әдіптей отырып және қаңқаны сала отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшенің төменгі бөліктерін әдіптеу тігістері,
40) икемді таспаны етегі бар лифке,
41) юбканы бюстгалтерге, полуграцияға жабық контур бойынша икемді таспаны.
Сырып тігу:
42) корсет бұйымдарындағы көкірекшені әдіптеу жіктерін.
Жүн салу:
43) астарды үлбір тысқа,
44) жылылау қабатына қосылған астарды үлбір қабатқа.
Үлбір өндірісі.
Біріктіру:
45) тығынды бас киімдерге,
46) үлбір астарды жеңнің, қолғаптың сыртқы қабатына.
Трикотаж өндірісі.
Қосып тігу:
47) икемді таспаны жүргізе отырып, арнайы машинада сыртқы бұйымдарды.
Сырып тігу:
48) мойны, манжеті, жағасы арқылы өңдеу тігістерін,
49) жиектерін бүге отырып, бұйымның немесе жеңнің төменгі бөлігі бойынша өңдеу тігістері.
Біріктіру:
50) жағаны мойынмен,
51) жапсырма қалтаны, қабатты, клапанды бөліктерімен (бұйыммен),
52) планканы бұйыммен,
53) рельефті тігістерді.
Өңдеу:
54) жағаны.
Еңбек бөлінісінсіз тігу:
55) шалбар,
56) шөлке автоматтарынан балалардың киім-кешегін,
57) ішкиімге арналған трикотаж бұйымдарын (комбинация, ұйықтауға арналған жейделер, пеньюар),
58) қолғап бұйымдары,
59) шұлық,
60) рейтуз.
Жасау:
61) жалпағынан бүгіп бұйымдарда бүкпе жасау.
Сөгу:
62) юбканың, шалбардың, тоқыма көйлектің мойнын, жең ойындысын, инішін, етегін (үстін);
63) тігістерді.
Тоқыма-галантерея өндірісі.
Еңбек бөлінісінсіз тігу:
64) бант,
65) жапсырмалар,
66) галстук,
67) погондар,
68) ерлердің баулары,
69) ерлердің помочтері,
70) ерлер мен әйелдердің белбеулері,
71) регат.
Қию:
72) көрпе мен пледтердің бұрыштарын 4 жағынан (дөңгелектеу).
Айналдыра тігу:
73) көрпе мен пледтерді «зиг-заг» тігісімен айналдыра тігу.
Бас киім өндірісі.
Майыстыру:
74) қалпақтардың жиегін.
Қаптау:
75) картон, парусина және тағыда басқа күнқағарларды.
Такелаждық өндіріс.
Өңдеу:
76) майланған кендір арқанмен тартылған палатка.
Тігу:
77) брезент;
78) авиацияда қолданылатын жібек, брезент және тағыда басқа материалдардан жасалған бұйымдар- ұшақ кабинасын іштен қаптауға арналған баулап тігу, құрал-жабдықтардың сөмкесі, пилот пен штурманның креслосының тысы, мотор мен жеңге арналған тыс, тегістеу, жамауды байқалмайтын тігіспен тігу, материалды сызбалар мен шаблондар бойынша ашу, ұшақтың жұмсақ керек-жарағын жөндеу және тігу;
79) палатканың шатыры, тұйығы, қабырғасы, терезесі, есігі, желдеткіш орындары;
80) тент;
81) антеннаға арналған қаптама.
Біріктіру:
82) жіп, ағаш қақпалар, планкалар және басқа да бөлшектер.
Жүн өндірісі.
Өсіру:
83) қарапайым өрілген техникалық шұға.
Басқа бұйымдардың өндірісі.
Өңдеу:
84) рюкзактар.
Әдіптеу:
85) кез келген формалы тесікті.
Біріктіру:
86) майланған, кендір арқанның ұштарын.
Параграф 86. Тігуші, 5-разряд
бұйымдарды әр түрлі материалдардан тігу жөніндегі күрделі операцияларды машинада немесе қолмен орындау;
қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.
күрделі операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдерін;
тігін бұйымдарының түржиыны, қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою тәсілдерін.
тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.
Бормен белгілеу және қию (бұйымды):
1) өңірін, лацканды, мойынды, жең ойындысын, бұйымның етегін,
2) жағаны,
3) суретті (торды, жолақтарды) қиыстырып келтіру кезінде үстінің бөлшектері.
Қолмен орау:
4) ілмекті.
Өңдеу:
5) өңірді;
6) жағаны;
7) мойынды;
8) бөліктерді терең отырғыза отырып (трикотаж жайма);
9) капюшон;
10) сырт киімнің бөліктеріндегі тілік қалта;
11) лацкан;
12) әдіптелген ілмек;
13) жабық ойындылар;
14) алдының планкамен тіліктері;
15) рельеф (трикотаж жайма, жасанды үлбір);
17) 10 сантиметр кемінде 5 бүрмеден келетін бүрмелер мен тартпалар (негізі тоқыма перделік жайма).
Сырып тігу:
18) бұйымның етегі мен жеңін сырып тігу;
19) резина сала отырып, жеңнің төменгі жағын сырып тігу;
20) өңірі, лацканды, жағасын сырып тігу;
21) погондарды жиекке.
Бекіту:
22) астарды, ішкі салманы ойындылардың тігістеріне.
Қию:
23) сырт киімнің бөліктеріндегі саңылауларды;
24) алдыңғы бөлігін планкамен өңдеу үшін.
Біріктіру:
25) мойны бар жаңалар мен капюшондар;
26) сырт бөліктері бар ішкі жағынан жапсырма қалта;
27) бөліктері мен бұйымдары бар жапсырма қалталар;
28) өңірлі, қабат лацканды жиектер;
29) юбкалы лифтер;
30) манжетті жеңнің төменгі бөлігімен бір тігіспен;
31) саусақшаларды қолғапқа;
32) үлкен саусақты қолғапқа;
33) жоғарғы бөлігі жиектелген жағдайда астарды жоғарғы бөлігімен;
34) белдікті шалбардың, юбканың, куртканың жоғарғы бөлігімен;
35) жеңді бұйымның жабық жең ойындысымен орнатпай;
36) «молния» таспасын бұйымдарға (трикотаж жайма);
37) көкірекшелерді бюстгалтердің жабық кесіндісіне.
Үлбір өндірісі.
Жасау:
38) үлбір бұйымдардың юбкасындағы бүрмелер.
Сырып тігу:
39) оюланған қолғап (сыртқы беті).
Біріктіру:
40) жиектер, әдіптерді биялаймен;
41) қолғап.
Трикотаж өндірісі.
Еңбек бөлінісінсіз тігу:
сыртқы трикотаж бұйымдары.
Біріктіру:
42) биялайды саусақшалармен;
43) қолғапты;
44) сызықтарды қолғаппен.
Тоқыма-галантерея өндірісі.
Еңбек бөлінісінсіз тігу:
45) қалыңдықтың желегі.
Бас киім және киіз басу өндірісі.
Жапсырмалар:
46) фуражкаларға тіректі.
Сырып тігу:
47) табиғи және жасанды талшықтардан жасалған таспаны үлгі формасы бойынша.
Өңдеу:
48) былғары бас киімнің қалпақтары.
Кесу:
49) табиғи үлбірден жасалған бас киімдер.
Сырып тігу:
50) сабаннан жасалған шляпа.
Біріктіру:
51) амортизаторлардың тарамдарын шлемофонның үстімен;
52) жиекті, оқалы бас киімдердің бөліктері;
Такелаж бұйымдар өндірісі.
Орау:
53) бау сақиналарды немесе тұйық жіптерді сала отырып дөңгелек саңылауларды.
Өңдеу:
54) саңылауларын қаптай отырып, сақина бауларды немесе тұйық бауларды сала отырып, болат арқанмен тарта отырып палатканы.
Тігу:
55) терезесі мен есігін бітеу отырып, рифтерін сырып тігу арқылы палатканың шатырын, тұйығын, қабырғасын палаткаға.
Орналастыру:
56) палаткалардың қаңқасы.
Жүн өндірісі.
Өсіру:
57) күрделі өрімдердің техникалық мауыты.
басқа бұйымдардың өндірісі.
Өсіру:
58) жіптердің, майланған кендір арқандарды коушке.
Салу:
59) буйкаларды, кранецтерді, кеудешелерді тығынмен.
Салу:
60) туларға күрделі суреттер.
Қосып тігу:
61) сөмкелердің жиектерін.
Біріктіру:
62) болат арқандардың бастарын.
Арасын тігу:
63) қуыршақтарға арналған париктерді полиэтилен және пластизоль қалпақтарға.
Параграф 87. Тігуші, 6-разряд
бұйымдарды әр түрлі материалдардан тігу жөніндегі күрделі операцияларды машинада немесе қолмен орындау.
аса күрделі операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін.
Тігін, үлбір өндірістері.
Пальто-костюм түржиыны бұйымдарының бөліктерін біріктіру:
1) жеңді пальтоның, шинель, сыртқы үлбір бұйымдардың, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, плащ, куртка, жакет, комбинезондардың жең ойындысымен.
Үлбір өндірісі.
Біріктіру:
2) тері-үлбір бұйымдарындағы жиектерді сала отырып, юбканы лифке.
Бас киім өндірісі.
Перделеу:
3) шляпа.
Біріктіру:
4) фибра күнқағарларды маңдайшамен, фуражкамен.
Такелаждық бұйымдардың өндірісі.
Біріктіру:
5) астарды бұйыммен.
6) тұйықты палатканың қабырғасымен, шатырымен.
Параграф 88. Фурнитурашы, 2-разряд
көкірекшелерді тарту және түймені, жіптерді әр түрлі материалдармен керу;
бөліктер мен бұйымдарды лактауға дайындау;
бөліктер мен бұйымдарды лактау және тегістеу;
әшекей баулар мен басқа да әшекейлерді әр түрлі материалдардан жасау;
кавалериялық жабдықтарға арналған саптарды және серуен әбзелдерін жасау;
кавалериялық ер-тоқымның терлігіне үлкен сүре жасау.
бөліктер мен бұйымдарды тарту, керу, лактау, тегістеу және өңдеу бөліктері мен декоративті әшекейледі жасаудың әдіс- тәсілдері, алғашқы бояу, бояу, лактау, кептіру режимі, лак сапасы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, түстерін таңдау ережесін.
Параграф 89. Фурнитурашы, 3-разряд
иірілген жіпті және басқа да материалдарды түстері бойынша таңдау;
әр түрлі өңдеу бөліктерін (бау, кутас, помпон, шашақ, желбірек, вуалетка және тағыда басқа) қолмен немесе құрылғылардың көмегімен жасау;
әшекейлеу бөліктерін жасауға арналған құрылғыларды толтыру, тазалау, майлау, ұсақ жөндеу.
бұйымдардың сапасын бақылау.
әшекейлеу бөліктерін жасаудың әдіс-тәсілдері, фурнитураны жасауға арналған құрылғыларды пайдалану тәсілдері, жасалатын бұйымдардың түржиыны, иірілген жіптің, материалдардың түрлерін;
ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдерін;
жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарын.
Параграф 90. Фурнитурашы, 4-разряд
әшекей түймелерді, жіптерді целлулоидтан, ағаштан және басқа да материалдардан жасау.
әшекей түймелер мен жіптерді жасаудың әдіс-тәсілдері, түймелер мен жіптердің формасын;
ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдерін.
3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығына
(46-шығарылым) қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
|
Р/с |
Кәсіптердің атауы |
Разряд диапазоны |
Беті |
|
1. |
Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы |
4 |
3 |
|
2. |
Бас киімдердің үлгісін жасаушы |
3-6 |
4 |
|
3. |
Бас киімдерді қалыптаушы |
4-5 |
5 |
|
4. |
Желімдеуші |
1-4 |
6 |
|
5. |
Кестеші |
1-6 |
7 |
|
6. |
Көшірмесін жасаушы |
2-3 |
10 |
|
7. |
Киім-кешек суретшісі |
3-7 |
11 |
|
8. |
Лекало жасаушы |
3-5 |
12 |
|
9. |
Лекало жаюшы |
3-6 |
14 |
|
10. |
Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор |
7 |
16 |
|
11. |
Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы |
1-5 |
17 |
|
12. |
Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы |
1-6 |
20 |
|
13. |
Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші |
2-3 |
23 |
|
14. |
Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы |
2-4 |
24 |
|
15. |
Плиссирлеуші-бүрмелеуші |
3-6 |
25 |
|
16. |
Тігіп пішуші |
4-7 |
26 |
|
17. |
Пішуші |
2-6 |
29 |
|
18. |
Төсеуші |
2-4 |
33 |
|
19. |
Тігін жабдығының операторы |
3-6 |
34 |
|
20. |
Тігінші |
2-7 |
37 |
|
21. |
Тігін бұйымдарын жоғары жиіліті токтар құрылғысында дәнекерлеу |
3-5 |
40 |
|
22. |
Тігін бұйымдарын термоөңдеуші |
1-5 |
41 |
|
23. |
Тігуші |
2-6 |
44 |
|
24. |
Фурнитурашы |
2-4 |
58 |