«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы
    № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3,
    36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша лауреаттар атақтары және арнайы сыйлық жыл сайын мынадай:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;

2)     ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.»;

4-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4.1 Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар және арнайы сыйлық бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.»;

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жыл сайын 1 тамызға дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;»;

9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) конкурстың өңірлік кезеңін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

1)  осы ережелерге 1 қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4)  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бойынша конкурсқа конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

1) осы ережелерге 2 қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) әлеуметтік жобаның презентациясы.

Презентация жоба туралы ақпаратты толық ашуға тиіс (бағыты, міндеттері, өзектілігі, әлеуметтік маңызы және т. б.);

3) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.»;

көрсетілген ережелерге қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы 23 қаңтардағы

№ 523 Жарлығымен

бекітілген

Бизнестің әлеуметтік

жауапкершілігі жөніндегі

«Парыз» конкурсын

өткізу ережелеріне

1 ҚОСЫМША»;

көрсетілген ережелерге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша өтінімі»;

осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.».

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                 Қ. Тоқаев

 

 

 

 

 

 

Жарлық
Дата публикации
01 февраля 2021