Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығын (9-шығарылым)
бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Энегетика министрлігі
бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын жөндеу бойынша;
электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын пайдалану, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарын көздейді.
2-тарау. Электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын жөндеу жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 2-разряд
қарапайым құрылғылар мен бөлшектерді, кронштейндерді, ілмектерді, қайырмаларды, шплинттерді және өзгелерді дайындау жөніндегі қарапайым слесарь операцияларын орындау;
механизмсіз жер қазу жұмыстары;
біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтердің басшылығымен тіреулерді құрастыру;
тіреулерді жоғарыға шықпай бояу;
ажыратылған электр беру желісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі төмендегі қолқабыс қарапайым жұмыстар;
ажыратылған электр беру желісінде габариттерді өлшеу, изоляцияны ауыстыру, тіреулердің жай-күйін тексеру жөніндегі төмендегі жұмыстар;
жүктерді бекіту және босату кезіндегі такелаж жұмыстары;
жөндеу, монтаждау және такелаж айлабұйымдары мен құралдарын орнынан қою.
электр берудің әуе желілерін анықтау және тағайындау;
тіреулердің, сымдардың, изоляторлар мен желілік арматураның құрылымын және түрлерін;
слесарлық және монтердің айлабұйымдары мен құралдарын пайдалану тәртібін;
қолданылатын қорғаныс құралдарының түрлерін;
әуедегі электр беру желілерін қарау және олардың ақауларын анықтау тәртібін.
1) сымы бар барабандар – жазу айлабұйымына орнату және түсіру;
2) монтаждау болттары – қимасын жетілдіру;
3) жөндеу қысқыштары – дайындау және орнату;
4) изоляторлар – орауын жазу, тазалау және қоймада сүрту;
5) сымдар мен тростар – қолмен жазу;
6) тіреу элементтері – болтты құрастыру.
2-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 3-разряд
барлық кернеу сыныптарындағы ажыратылған электр беру желісінде жоғарыдағы және төмендегі жөндеу жұмыстарын орындау;
кернеуі 110 киловольт дейінгі электр беру желілерін жоғарыда қарау;
ағаш тіреулерді түзете және бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу, қуат астындағы тіреу элементтерінің шірігенін тексеру;
ажыратылмаған жоғары вольтті желілердегі металл тіреулерді жоғарыда бояу;
іргетастарды жөндеу;
сымдар мен тростарды механикалық тазарту;
сымдар мен тростарды ұзарту;
изоляторларды гирляндыға құрастыру;
кернеуі 110 киловольт дейінгі электр беру желілеріндегі труба разрядниктерін орнату және ауыстыру;
қарапайым механизация құралдарының көмегімен жүктерді ауыстыру жөніндегі такелаж жұмыстары.
электр беру желілері тіреулерінің үлгілері мен құрылымдарын;
тартпалы қысқыштардың, ілмекті арматураның және сымдарды, тіреулерге тростар мен изоляторларды бекітудің басқа да бөлшектерінің құрылымдарын, оларға қойылатын талаптарды;
электр беру желілерін жөндеу кезінде қолданылатын механизмдер мен құрылғылардың сипаттамаларын;
сымдар мен тростарға, изоляция мен желілік арматураға арналған техникалық сипаттамаларды;
кернеумен жұмыс істеген кезде қорғаныс құрылғыларына қойылатын талаптарды;
ағаштың шірікке бой алдыруын тексеру әдістерін және тіреу ағаштарын антисептиктеу тәсілдерін;
қызмет көрсететін электр беру желісіндегі желі схемасы мен негізгі параметрлерді, трассаларды;
сымдар мен тростарды бекіту және ұзарту тәсілдерін;
қуатсыз және қуат астындағы электр беру желілерін жөндеу және алдын алу кезіндегі жоғарыдағы жұмыс әдістерін;
желілердің ток өткізуші және жерге жалғастырылған бөліктері арасындағы изоляциялық аралықтарды;
такелаж жабдығының құрылымын және оны пайдалану тәртібін;
такелаж жұмыстарын жүргізу кезіндегі дабылдатуды;
қуаты 1000 вольттан жоғары электр желілерін қорғау тәртібін;
электротехника негіздерін.
1) сымы бар барабан – тиеу және түсіру;
2) сымдар мен тростардағы дірілді өшірушілер – кернеуі 110 киловольт дейінгі ажыратылған желілерде орнату;
3) тартпалы қысқыштар- гидравликалық қол прессінің көмегімен престеу;
4) изоляторлар – бракқа шығару;
5) қуаты 35-100 киловольт электр беру желілері - жоғарыдан қарау, сымдардың орауын жазу және тіреулерге көтеріп шығару, изолятор гирляндаларын ауыстыру;
6) электр беру желілерінің трассалары – аралықтарды тазарту, желіге жақын жердегі ағаштарды құлату.
3-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 4-разряд
қуаты 35-100 киловольт электр беру желілерін, изоляция мен нажағайдан қорғау құралдарын механизация жабдықтарын қолдана отырып жөндеу, монтаждау, бөлшектеу;
барлық кернеудегі электр беру желілеріне техникалық қызмет көрсету;
зерттеу нәтижелерін ресімдеу және техникалық құжаттама жасау;
кернеуі 35-110 киловольт электр беру желілерінде жұмыс орындарын дайындау және жұмысшыларға жұмыс істеуге рұқсат беру;
жоғары вольтті электр беру желілерін аспалы және тартпалы арматураны егжей-тегжейлі тексере отырып, қысқыштардан сымдар мен торстарды шығарып жоғарыдан тексеру, жоғары вольтті желі элементтерін жоғарыдан түгендеу;
тіреулердің жерге жалғану контурларының қарсылығын өлшеу;
қуат асты және ажыратылған желіде жоғарыда жұмыс істеу кезінде металл және темірбетон тіреулердің, механизмдер мен қорғаныс құралдарының жай-күйін тексеру;
қиын жағдайларда қуат астындағы металл тіреулерді қолмен және механизмдердің көмегімен тазалау және бояу;
жүк көтеру және арнаулы айлабұйымдардың көмегімен жүктермен такелаж жұмыстарын атқару;
қуаты 35 киловольт дейінгі жоғары вольтті желілердегі қарапайым жұмыстарға басшылық ету.
әуедегі электр беру желілерінің негізгі сипаттамалары мен сыныптамасын;
электр қабылдағыштардың оларды электрмен жабдықтау бөлігіндегі сенімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі санаттарды;
желі элементтерінің физикалық-механикалық сипатталарын және оларға қойылатын талаптарды;
сымдар мен тростардың құрылымы, олардың маркировкасы мен қолданылу саласын;
тіреу іргетастарына қойылатын тараптарды;
іргетастарды салу кезіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірісіне және қабылдауға қойылатын техникалық шарттарды;
тіреу параметрлерін өлшеу кезінде қолданылатын құралдарды;
металл тіреулерді дайындау кезінде қолданылатын болат маркаларын;
ағаш тіреулер м;
ағашты антисептиктеу технологиясын;
изоляторлардың құрылымын және техникалық деректерін, оларды бракка шығару тәсілдерін;
ілмекті арматура құрылымын;
ұстап тұрушы және тартпалы қысқыштардың құрылымын;
қорғаныс арматурасының құрылымын;
электр беру желілерінде жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын күрделі монтаждау айлабұйымдарын, қорғаныс және такелаж құралдарын, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді пайдалану тәртібі;
қосқыштардың түрлерін және оларды монтаждау технологиясын;
электр беру желілеріндегі арматурада, нажағайдан қорғану жабдықтарында пайда болатын ақауларды және оларды жою тәсілдерін;
жоғары өрмелеу жұмыстары мен кернеу астындағы жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды.
1) изолятор гирляндылары – изоляторлар мен оқшаулаушы аспаларды ауыстыру;
2) жерге жалғау – тіреулерді жерге жалғау контурларын орнату және түгендеу;
3) қуаты 35 киловольт және одан жоғары электр беру желілері – жоғарыдан тексеру, ауыспалы жерге жалғауды орналастыру, жерге жалғау контурларын жөндеу;
4) қуаты 35 -110 киловольт электр беру желілері – тартпа, якорь және расчалка құрылымдары, тәсімдер мен паспорттарды жасау;
5) сымдар мен тростар – аралық стрелкаларды нысаналау, орамамен және престеумен қосындылау, орамын жазу және монтаж роликтеріне салу;
6) қуаты 35 киловольт және одан жоғары электр беру желілеріндегі сиреткіштер – қуат астында орнату және босату;
7) қосқыштар – монтаждау және жөндеу.
4-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 5-разряд
қуаты 220 киловольт электр беру желілерін арнаулы машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып жөндеу, монтаждау және бөлшектеу;
екі тізбекті желінің ажыратылған тізбесінде жұмыс істеу және қуаты 110- 220 киловольт электр беру желілерін әр фаза бойынша жөндеу;
қуатты түсірмей, тіреудің басына дейін көтеріліп немесе оның құрылымдық элементтерін бөлшектей отырып желіде жұмыс істеу;
тіреулерді, қадалар мен іргетастарды жөндеу;
баруға қиын жерлердегі электр беру желілерін аралап өту;
өлшеуіш штангалардың көмегімен изоляторлардың ақауларын анықтау;
трассаларды тазалау, қуаттардың барлық сыныптарындағы ажыратылған электр беру желілеріндегі жұмыстарға басшылық ету;
электр беру желілерінің паспорттарын жасау.
электр беру желілерінің барлық элементтерінің конструктивтік ерекшеліктерін, оларды қабылдау мен жарамсыздыққа шығарудың техникалық шарттарын;
қуатты түсірмей, тіреудің басына дейін көтеріліп немесе оның құрылымдық элементтерін бөлшектей отырып желіде әр фаза бойынша жөндеу жұмыстарының номенклатурасын;
берілген схема бойынша технологиялық, Күштік және такелаждық жабдықтарды орналастыра отырып, трассада қазаншұңқырларды, іргетастарға арналған алаңдарды және электр беру желісі тіректерінің негізін бөлуге байланысты есептеу әдістемесін;
уақытша көтеру құрылғыларын қолданумен байланысты жүк көтеру машиналары мен механизмдерінің такелаж құралына арналған жүктемені таңдау және есептеу тәртібін;
қуат астында жұмыс істеуге арналған оқшаулаушы айлабұйымдардың, құрылғылар мен қорғаныс құралдарының қолдану тәртібі мен құрылымын, оларды сынаудың мерзімдері мен тәсілдерін;
антисептикалық пасталар мен гидро оқшаулағыш жабындардың құрамын;
линиялардың ток жеткізуші элементтері мен жердің және түрлі ғимараттар мен имараттардың үстіңгі қабатына дейінгі жол берілетін аралықтарды;
қызмет көрсетілетін аудандағы электр беру желілерінің электр схемалары мен техникалық сипаттамаларын.
1) престеу агрегаттары – түгендеу;
2) изоляторлар - фарфордың электр беріктігін бақылау;
3) қуаты 220 киловольт электр беру желілері – аралық стрелкаларды нысаналау және сымдарды монтаж роликтерінен қысқыштарға салу, аралық стрелкаларды тексеру және сымдарды реттеу, қуатсыз желілердегі сымдар мен тростарды жөндеу;
4) қуаты 110 киловольт электр беру желілеріндегі П-үлгісіндегі ағаш тіреулер – тіректерді қуатты түсірмей ауыстыру;
5) метал және бос орналастырылған темірбетон тіреулер – құрастыру және құлама сидақ көмегімен және автокранмен орнату;
6) іргетастар – гидроизоляциялық жабын және жерге жалғау құрылғысы.
5-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 6-разряд
күрделі, арнайы ерекше күрделі жөндеу-монтаждау механизмдерін, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді, такелаждық жабдықтау құралдарын, өлшеу құралдарын және кез келген күрделіктегі қорғау құралдарын қолдана отырып, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және демонтаждау;
сымдарды термиттік дәнекерлеу арқылы қосу;
жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын такелаждық жабдықты тексеру, ақауын тексеру және сынау;
кернеудегі жабдықтың ток өткізгіш бөліктерін жөндеу жұмыстарын орындау;
кернеуі 220 киловольт және одан жоғары желілердегі механикаландырылған буындармен соқпақтарды тазарту жөніндегі жұмыстарға басшылық ету;
сызбалар мен эскиздер бойынша жөнделетін конструкциялар мен көтеру-тасымалдау механизмдерін құрастыру және бөлшектеу, реттеу және сынау бойынша күрделі жұмыстарды орындау;
кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілеріндегі жұмыстарға және аса күрделі тиеу-түсіру жұмыстарына басшылық ету;
жұмыс өндірісінің қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету.
кез келген кернеудегі жұмыс істеп тұрған электр беру желілерінде техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының тәртібін;
жаңадан салынып жатқан электр беру желілерін пайдалануға қабылдау тәртібін;
күрделі жүк көтергіш механизмдерді, такелаждық жабдықтарды пайдалану тәртібін, оларды сынаудың мерзімдері мен әдістерін;
сымдар мен найзағайдан қорғау тростарын престеу, дәнекерлеу және дәнекерлеу технологиясын;
металл конструкцияларын дәнекерлеу сапасын бақылау әдістерін;
электр желілерін қарап тексерудің, профилактикалық өлшеудің және қорғаудың қолданыстағы тәртібін;
желі элементтерінің барлық түрлеріне пайдалану рұқсаттары мен жарамсыздану нормаларын;
тіректердің, сымдардың, арқандардың, арматуралардың барлық түрлерін жөндеу технологиясын;
электр беру желілерін жөндеу кезінде қолданылатын жөндеу-монтаждау құралдары мен айлабұйымдардың, машиналар мен механизмдердің негізгі техникалық сипаттамаларын.
1) кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері-оқшаулағыштар мен арматураларды ауыстыру, кернеуі бар сымдар мен тростарды жөндеу;
2) кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері-ажыратылған желіде бөлінген фаза сымын ауыстыру;
3) металл тіректер-құрастыру және орнату;
4) сымдар-анкерлік тіректердің шлейфтерінде монтаждау;
5) сымдар мен тростар - анкерлік аралықтағы монтаждау;
6) іргетастар - күрделі іргетастар мен анкерлік плиталарды орнату және монтаждау.
6-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтері, 7-разряд
кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінің ток өткізгіш бөліктеріндегі арнайы құрылғыларды, оқшаулағыш құрылғыларды және арнайы қорғау құралдарын қолдана отырып, кернеудегі жұмыстар;
қуаты 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілерін қорғаныс құралдарын, аса күрделі жүк көтеру және көмекші механизмдерді қолдана отырып әр фаза бойынша жөндеу;
кернеу келіп тұрған желідегі жұмыстар;
трассаларды химиялық тәсілмен тазарту және сымдарды жарылыс тәсілімен қосу кезіндегі жұмыстарға басшылық ету;
қуаты 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінде және баруға қиын жерлер мен аса күрделі табиғи жағдайларда жұмыстың барлық түрлеріне басшылық ету.
қуат астындағы жұмыс өндірісінің әдістері мен шарттарын;
жұмыс өндірісі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шараларды;
қорғаныс құралдары, оның ішінде электр аумағының әсерінен жеке қорғануға арналған экрандаушы жиынтықтарын қолдану мен сынау тәртібін.
1) арматура – ілме арматураны ауыстыру және жөндеу;
2) изоляторлар – гирляндалар мен жекелеген изоляторларды ауыстыру;
3) қысқыштар – ұстап тұратын қысқыштарды ауыстыру және жөндеу;
4) жоғары вольтті желі сымдары – сымды жөндеу, тарқатылған сымдардың дистанциялық жіктемелері мен дірілді сөндіргіштерді жөндеу.
7-параграф. Бу-газ-турбинді жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша (5-7 дәлдік сыныптары) жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
бөлшектелген бөлшектерді жуу және сүрту;
күрделі емес метал және изоляция құрылымдарын дайындау;
слесарлық құралды, айлабұйымдар мен материалдарды жұмыс орнына жеткізу, жұмысқа дайындау және жинау;
цех ішінде, ашық алаңда, жабық ыдыстарда электрмен, газбен пісірушілермен бірге жұмыс істеу;
үстіңгі қабатты қалайылау және дәнекерлеу үшін тазалау;
негізгі және көмекші жабдықтың, жүк көтеру машиналары мен механизмдердің қарапайым элементтері мен тораптарын қарапайым слесарлық және өлшеу құралдары мен айлабұйымдарды қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
фасонды бөлшектер мен арматураны орналастыра отырып, құбырларды жөндеу және салу;
анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жабдықтың тораптары мен бөлшектерінің орнын ауыстыру кезінде күрделі емес такелаж жұмыстарын орындау.
жөнделетін жабдықтың және оның тораптарының жұмыс істеу принциптерін, орналасуы мен нысанын;
жабдықтың қарапайым бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмысты орындау тәртібін;
күрделі емес слесарлық өлшеу құралы мен айлабұйымдарды;
қолмен атқарылатын пневматикалық және электрлендірілген құралмен жұмыс істеу кезіндегі қорғану және алдын алу құралдарын;
инвентарлық лестарды орнату тәртібін;
массасы шағын жүктерді ілмектеу тәртібін;
жылу жеткізгіштің ортасына орай құбырлардың ерекшелік боямасын;
әртүрлі нысандағы құбырлардың құрылымы мен орналасуын, оларды арналарда, тоннельдерде, жер үстінде, қабырғалар мен колонналарда төсеу мен бекіту тәсілдерін;
бекітпен, алдын алу және реттеу арматурасының құрылымы мен нысанын;
материал тану туралы жалпы деректерді.
8-параграф. Бу-газ-турбинді жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
негізгі және көмекші жабдықтың, күрделі емес жүк көтеру машиналары мен механизмдердің тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша (4-5 дәлдік сыныптары) слесарлық өңдеу;
металл конструкцияларының күрделі емес тораптарын дәнекерлеуге дайындау және құрастыру;
табиғи түрінен бөлшек эскиздерін түсіру;
пісірілген қосындыларды дефектоскопияға дайындау жұмыстары;
күрделі конфигурациялы төсемдерді белгілеу және дайындау;
конденсаторлар мен жылытқыштардағы болат және латунь құбырларды дайындау және орнату;
парақты және профильді металлды қалайымен дәнекерлеу, газбен кесу және пісіру;
қол, пневматикалық және электрлендірілген құралды жөндеу және реттеу;
қарапайым механизация құралдарының көмегімен тораптар мен бөлшектердің орнын ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу және орнату кезінде такелаж жұмыстарын орындау.
жөнделетін бу-газ турбинді жабдықтың, қолданылатын жүк көтеру машиналары мен механизмдерінің құрылымын;
тораптар мен механизмдердің мақсаты мен өзара іс-қимылын;
жабдықты бөлшектеудің, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігін;
болат және латунь құбырларды вальцовкалау технологиясын;
құбырларда станокта және жылыта отырып ию тәсілдерін;
сызбалар мен эскиздерді оқу тәртібін;
гидравликалық сынаудың техникалық шарттарын;
әртүрлі нысандағы құбырларды қосу мен ажырату тәртібін;
бекітпенің гидроприводпен жұмыс істеу принципін;
құбырлар мен орнатпа материалдарды газбен және электрмен пісіру туралы негізгі деректерді;
пар бөлудің, машинаны реттеу мен майлаудың принциптік схемасын;
бөлшектер мен құбырларды дәнекерлеуге дайындау тәртібін;
ортаның параметрлеріне қарай фланецтерге, арматураға, құбырларға, төсемдерге, бекіту материалдарына қойылатын талаптарды;
арнаулы құралдың, айлабұйымдар мен орташа күрделі өлшеу құралдарының құрылымы мен мақсатын;
слесарлық құралды шыңдаудың, май құюдың және берудің тәртібін;
валдардың ортасын анықтау тәртібін;
кедір-бұдырлардың жол берілу жүйесін, квалитеттері мен параметрлерін;
механика, материал тану, жылы техникасы, электр техникасы жөніндегі жалпы деректерді.
9-параграф. Бу-газ-турбинді жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
негізгі және көмекші жабдықтың, күрделі емес жүк көтеру машиналары мен механизмдердің тораптары мен механизмдерін күрделі пневматикалық және электрлендірілген құралды, арнаулы айлабұйымдарды, жабдықтар мен өлшеу құралдарын қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау;
түрлі орнату және белгі салу шаблондарын дайындау;
жөнделген жабдықты гидравликалық сынау;
бөлшектерді 7-1 квалитеттер бойынша (2-3 дәлдік сыныптары) слесарлық өңдеу;
насостарды, айналмалы механизмдерді, қуаты әртүрлі компенсаторларды, жылу айырбастағыштарды, сүзгілерді, әртүрлі жүйенің реттеуіштерін, құбырларды, алдын алу және реттеуші, оның ішінде автоматты түрде істейтін арматураны жөндеу кезінде қажетті өлшеулерді жасау;
сызбалар мен тәсімдер бойынша барлық санаттағы құбырларды салу;
пайда болатын ақауларды анықтау және оларды жою;
электр стансаларының жұмыс істеп тұрған стансалық құбырлары мен цехтарында құрастыру, реконструкциялау және монтаждау жұмыстары;
жүк көтеру машиналарының, механизмдері мен айлабұйымдардың көмегімен тораптар мен бөлшектердің тік және жазықтықта орнын ауыстыру жөніндегі такелаж жұмыстарын атқару;
такелаж жабдықтары мен құралдарын сынау.
негізгі және көмекші жабдықтың, жүк көтеру машиналары мен механизмдердің құрылымын;
турбина қондырғысы құбырларының схемаларын;
турбина жабдығының күрделілігі орташа тораптары мен элементтерін жөндеуге, құрастыруға және дайындауға арналған техникалық жағдайларды;
жөнделген жабдықты реттеу және орталау жөніндегі жұмысты орындау тәртібін;
жабдықтың негізгі ақаулары мен оларды жою әдістерін;
құбырларды айналмасоғу тәртібін;
сырғанау және тербеліс подшипниктерінің құрылымын;
түрлі тәсілдермен дайындалған (жікті, жіксіз, қақталған, тұтас тартылған) құбырлардың қолданылуы салаларын;
турбина жабдығын жөндеу кезінде қолданылатын арнаулы жабдықтың, айдабұйымдар мен құралдардың конструктивтік ерекшеліктерін;
ыдыстар мен құбырларды сынау, жабдықты жөндеуге шығару және наряд-рұқсатты ресімдеу тәртібін;
жоспарлы-алдын алу жөндеудің негізгі ережелерін;
жылу техникасы, механика, материал тану, гидравлика негіздерін.
10-параграф. Бу-газ-турбинді жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
5-разряд
негізгі және көмекші жабдықтың: су және газ турбиналарының, бу машиналарының, компрессорлардың, насостардың, жылытқыштардың, майды суытушылардың, құбырлардың, жылу ауыстыру аппараттарының күрделі тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, реконструкциялау, құрастыру, реттеу және сынау;
әртүрлі параметрлі арматураны қалпына келтіріп жөндеу;
жүк көтеру машиналары мен механизмдерінің күрделі тораптарын жөндеу, қалпына келтіру, құрастыру, реттеу, жөндеуден кейін сынау және пайдалануға тапсыру;
бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша (1-2 дәлдік сыныптары) жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
ақауларды анықтау және жабдық мен арматураның жекелеген тораптары мен бөлшектерінің тозу себебі мен дәрежесін айқындау;
бөлшектердің бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын, оларды қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау;
ерекше күрделі бөлшектерге белгі салу;
негізгі және қосымша жабдықты жөндеуден және оны тапсыруға бергеннен кейін жұмыста тексеру;
жабдықтың күрделі және жауапты тораптары мен механизмдерін тік және жазықтықта орнын ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу және орнату жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау.
бу, газ турбиналы жабдықтың күрделі және жауапты тораптарын бөлшектеу, жөндеу, реконструкциялау, құрастыру, реттеу және сынау жөніндегі техникалық шарттарды;
роторларды теңгермелеудің статикалық және динамикалық тәртібін;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларға қойылатын негізгі талаптарды;
турбоагрегаттың жекелеген элементтері мен бөлшектерінің тозу нормативтерін;
фланецті қосындыларға, арматураның тығыздаушы үстіңгі қабатына; қысыммен жұмыс істейтін құбырларға, күрделі жүк көтеру машиналары мен механизмдерге, жүк ұстау айлабұйымдарына қойылатын талаптарды;
тісті ауыстырғыштарды құрастыру және ортасын табу ерекшеліктерін;
турбоагрегаттың элементтері мен бөлшектерінің уақытынан бұрын тозуының алдын алу жөніндегі шараларды;
такелаж жұмыстарын жүргізу тәртібін.
11-параграф. Бу-газ-турбинді жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
6-разряд
бу және газ турбоагрегаттарының аса күрделі тораптары мен механизмдерін пневмоэлектрлі приводы бар аса күрделі механизация құралдарын, күрделі өлшеу құралдарын, такелаж және көлік құралдарын пайдалан отырып жөндеу, реконструкциялау, құрастыру, реттеу, және сынау;
дайындалған бөлшектердің сапасын және мөлшерінің сызбаларға сәйкестігін тексеру;
турбоагрегаттың реттеу қорғау және бу тарату жүйесін жөндеу және реттеу;
өлшеулер жүргізу және формулярларды толтыру;
турбоагрегаттың жөнделген тораптарын тексеру және сынауға дайындау, оларды жүктемемен реттеу және пайдалануға тапсыру;
жабдықты, жөндеу айлабұйымдарын жүк көтеру машиналары мен механизмдерін жөндеу мен реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жұмыс істеп тұрған цех жағдайында жабдықтың ірі габаритті тораптарының орнын ауыстыру жөніндегі аса күрделі такелаж жұмыстарын жүргізу;
турбина цилиндрлерінің жоғарғы бөлігін аудару.
жөнделетін негізгі және қосалқы жабдықтың техникалық сипаттамалары, кинематикалық және гидравликалық схемалары;
жөнделетін жабдықты жөндеу, құрастыру, бөлшектеу және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістерін;
бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге жол берілетін жүктемелерді;
зақымданудың, коррозиялық тозу мен авариялардың алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды;
турбоагрегаттың қалыпты жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштері, оның негізгі зақымдану түрлері;
басты бу құбырларының, май жүйесінің, турбиналық қондырғыны реттеу, қорғау және бу тарату жүйелерінің схемалары;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, көтергіштердің, крандардың куәландыру мерзімдерін;
материалдардың сапасы мен арматураның жарамдылығын қоршаған ортаның параметрлеріне орай айқындау әдістерін;
такелаж айлабұйымдары мен құралдарын, жүк көтеру машиналары мен механизмдерін сынау мен сақтау тәртібін;
турбиналарды жөндеу жөніндегі жұмыстың тәртібі мен ұйымдастырылуын.
150-240 мың киловатт турабоагрегаттарда орындау кезінде - 7-разряд;
140 мың киловатт жоғары болса - 8-разряд.
12-параграф. Гидротурбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
2-разряд
12-14 квалитеттер (5-7 сыныптар дәлдігімен) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу;
бөлшектенген тетіктерді тазалау, жуу және сүрту, оларды жұмыс орындарына жеткізу;
жұмысқа дайындық және слесарлық құрал-саймандарды, инвентарды, құрал жабдықтар мен материалдарды тазалау;
цехта, гидротурбина мен түсірімді сегменттің жұмыстық доңғалақ камерасында электр газбен пісірушімен бірлесіп жұмыс істеу;
қалайылау және дәнекерлеу үшін беткі жақты тазалау;
гидротурбинаны ұштастыру бөлігінде қалыптар бойынша қысымды құрал-саймандармен балқыту кезінде және балқытқаннан кейін камераның беткі жағы мен жұмыстық доңғалақ төлкесінің көпіршіктеніп бұзылуын ажарлау;
бағыттаушы гидроагрегат аппаратын, бағыттаушы турбиналық мойынтіректі (резеңкелі немесе лигнофольді ішпек) бөлшектеу, жөндеу және жинау, күрделі емес слесарлық және өлшеу құрал-саймандар мен құрал-жабдықтарды қолданумен айналма-қалақты гидротурбинаның жұмыстық доңғалағының қалақтарын тығындауды ауыстыру кезіндегі қол жұмыстары;
құбырларды жөндеу және төсеу, гидротурбинаны ұштастыру бөлігінде қалқыманы пайдаланумен ағаштардың металл бөлігін құрастыру және бөлшектеу;
жоғары білікті слесарьдің басшылығымен гидротурбина жабдықтарының тораптары мен тетіктерін ауыстыру кезіндегі күрделі емес такелажды жұмыстарды орындау.
жөнделетін жабдықтары мен оның тораптары қызметінің принципін, орналасуын және міндетін;
қарапайым тораптарды және гидротурбина жабдықтарының тетіктерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру бойынша жұмыстарды орындау тәртібін;
күрделі емес слесарлық және өлшеу құрал-саймандарының міндетін және қолдану тәртібін;
инвентарлы ағаштарды орнату тәртібін;
қарапайым такелажды құралдардың құрылғысын және пайдалану тәртібін;
аз салмақты жүктерді шылбырлаудың тәртібін;
әртүрлі міндеті бар су құбырлары мен май құбырларының орналасу схемаларын, оларды арналарға, тоннелдерге, жерге қабырға және колонна бойынша төсеу тәсілдерін;
жапқыш және сақтандырғыш арматуралардың міндеті мен конструкциясын;
материалтану жөнінде жалпы мәліметтерді.
13-параграф. Гидротурбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
3-разряд
12-14 квалитеттер (5-7 сыныптар дәлдігімен) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу;
негізгі және қосалқы гидротурбина жабдықтарының: жұмыстық доңғалақтардың қалақтары, бағыттаушы турбина мойынтіректері, бағыттаушы аппараттардың түсірімді сегменттері, құрғату сорғылары, жапқыш және сақтандырғыш арматуралар, қарымталауыштар, жүк көтергіш машиналар және механизмдер қарапайым тораптары мен механизімдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
бұрылмалы-қалақты гидротурбиналардың ұштастырғыш бөлігінде жұмыстық доңғалақтардың қалақтарының шығыс және шалғай жиектерінің бейімдерін қалпына келтіру;
дәнекерлеу астынан сызу бойынша металл-конструкцияның қарапайым тораптарын дайындау және құрастыру;
табиғи заттан қарапайым тетіктер нобайларын жасау;
дәнекерлеп қосудың ақаутапқылары үшін дайындық жұмыстарын жасау;
болатты және жезді түтіктерді жаншып қаптауға дайындау және орнату;
күрделі емес кескінді табақты және профильді металды қалайымен дәнекерлеу, газбен кесу және дәнекерлеу;
қол және пневматикалық құралдарды жөндеу және баптау;
күрделі конфигурациялы төсемдерді белгілеу және дайындау;
механикаландырудың қарапайым құралдарының көмегімен жабдықтардың тораптарын мен тетіктерін ауыстыру, құрастыру және бөлшектеу бойынша такелажды жұмыстарды орындау.
жүк көтергіш машиналар мен механизмдерде қолданылатын жөнделетін гидротурбиналы жабдықтардың құрылғысын;
тораптар мен механизмдердің міндеті және өзара іс-әрекетін;
жабдықтарды бөлшектеудің, жөндеудің, және құрастырудың технологиялық жүйелілігін;
болат және жезді түтіктердің шеттерін жаншып қаптау технологиясын;
сызбалар мен тәсімдерды оқу тәртібін;
гидравликалық сынаудың техникалық шарттарын;
әртүрлі міндеті бар құбырларды қосу және сөндіру тәртібін;
гидрожетекпен ысырманың жұмыс принципін;
газды және электрлі дәнекерлеуші және жапсырма материалдар туралы негізгі мәліметтерді;
дәнекерлеуге тетіктерді және түтіктерді даярлау тәртібін;
ернемекке, арматураға төсемдерге, бекітетін материалдарға қойылатын талаптарды;
арнаулы құрал-саймандардың, құрал-жабдықтар мен өлшеу және күрделілігі орташа құралдардың құрылғысы мен міндетін;
слесарлық құрал-саймандарды шыңдау, толтыру және жіберу тәртібін;
біліктерді орталықтау тәртібін;
шақтамалар мен қонулар жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері;
механика, гидравлика, электр техника бойынша негізгі мәліметтерді.
14-параграф. Гидротурбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
4-разряд
ротордың айналу жылдамдығы минутына 500 айналымға дейін бұрылмалы-қалақты, радиалды-осьтік және шөмішті гидротурбиналардың негізгі және қосалқы жабдықтарының күрделілігі орташа тораптары мен механизмдерін: жұмыс дөңгелектерін, бағыттаушы аппараттарды, турбиналық бағыттаушы подшипниктерді, техводпен жабдықтау жүйесін, май- және ауа салқындатқыштарды, су эжекторлары мен барлық үлгідегі сорғыларды, күрделілігі орташа пневматикалық және электрлендірілген құралды, арнайы айлабұйымдарды, жабдықтар мен өлшеу құралдарын қолдана отырып, құбырлар мен май құю арматурасын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
май салқындатқыш және оларды гидравликалық сынаудың болат және жезді түтіктерін шеттерін жаншып қақтау;
7-10 квалитет (2-3 сыныптар дәлдігімен) бойынша тетіктерді, оларды қиыстырып келтіру және жетілдірумен слесарлық өңдеу;
сорғыларды, айналмалы механизмдерді, әр түрлі қуатты компенсаторларды, сүзгіштерді, барлық жүйедегі реттегіштерді, құбырларды, арматураларды, оның ішінде автоматты қолданылатын, жөндеу кезінде қажетті өлшеулерді жүргізу;
жабдықтардың ақауларын айқындау және оларды жою;
гидроэлектр станцияларының цехында құбырлар мен арматураларға құрастыру, қайта құрастыру және монтаждау жұмыстар;
жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің және құрал-жабдықтардың көмегімен тораптар мен тетіктердің тік және көлденең ауысуы бойынша такелажды жұмыстарды орындау;
такелажды жабдықтарды және жабдықтауларды сынау.
негізгі және қосалқы гидротурбиналық жабдықтардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің тораптары мен элементтерінің құрылысын;
гидротурбина қондырғылары құбырларының схемаларын;
жабдықтардың негізгі ақаулықтарын және оны жоюдың әдістерін;
жабдықтарды жөндеуге шығару және жолдама-рұқсат қағаздарын рәсімдеу тәртібін;
құбырларды біліктеу тәртібін;
күрделілігі орташа гидротурбина жабдықтарының тораптары мен элементтерін жөндеуге, құрастыруға және дайындауға техникалық шарттарды;
сырғу және тербелу мойынтіректерінің құрылғысын;
жабық ыдыстарда жұмыс жүргізу тәртібін;
жөндеу кезінде қолданылатын арнайы құрал-саймандар мен құрал-жабдықтардың сындарлы ерекшеліктерін;
ыдыстар мен құбырларды сынау тәртібін;
жоспарлы-ескерту жөндеулердің негізгі тәртібін;
механика, гидравлика, электротехниканың негіздерін.
15-параграф. Гидротурбиналық жабдықты жөндеу жөнідегі слесарь,
5-разряд
бұрылмалы-қалақты, тарамды-білікті негізгі және қосалқы жабдықтардың және шөмішті гидротурбинаның күрделі тетіктері мен механизмдерін: өкше асты, май қабылдағыштарды, май және ауа салқындатқышы бар техникалық су жабдықтағыштар жүйелері, гидроагрегатты, компрессорларды, сорғыларды, май-, су- және ауа құбырларын, жапқыш және сақтандырғыш арматураларды бөлшектеу, жөндеу, қайта құрастыру, құрастыру, реттеу, сынау және баптау;
роторды 360 градус Цельсийге бұра отырып, тік гидроагрегаттарды ортаға келтіру;
әртүрлі параметрлі арматураларды қайта қалпына келтіріп жөндеу;
жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің күрделі тораптарын жөндеу және құрастыру;
тетіктерді қиыстырып келтіру және жетілдірумен 6-7 квалитет (1-2 сыныптар дәлдігімен) бойынша слесарлық өңдеу;
жабдықтардың, арматуралардың жеке тораптары мен тетіктерінің ақауларын анықтау, тозу себебін және дәрежесін айқындау;
тетіктердің одан әрі жұмыс жасауға жарамдылығын және оларды қалпына келтіру мүмкіндігін айқындау;
күрделі тетіктерді белгілеу;
негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуден кейін жұмыста тексеру және оны пайдалануға тапсыру;
гидрожабдықтардың күрделі және жауапты тораптары мен элементтерін ауыстыру кезінде такелажды жұмыстарды орындау.
гидротурбина жабдықтарының күрделі тетіктері мен тораптарын бөлшектеудің, құрастырудың, реттеудің, сынаудың, дайындаудың техникалық шарттарын;
жабдықтарды және оның жеке тораптарын, роторларды статистикалық және динамикалық теңгерімін сынау әдістерін;
гидроагрегат тораптарын гидравликалық сынау тәртібін;
тетіктердің жеке элементтерінің тозу нормаларын;
ернемекті қосылуларға, арматурада жоғары бетін қаптауға, жұмыс механизмдерге, күрделі жүк көтергіш машиналар мен механизмдерге, жүк ұстағыш құрал-жабдықтарға қойылатын талаптарды;
берілістерді дәнекерлеу және туралау ерекшеліктері;
гидроагрегаттардың элементтері мен тетіктердің уақытынан бұрын тозуды алдын алу тәсілдерін;
такелажды жұмыстарды жүргізу тәртібін;
тік гидроагрегатты орталықтауды өлшеу және түзету әдістерін.
16-параграф. Гидротурбиналы жабдықты жөндеу жөніндегі слесарь,
6-разряд
пневмоэлектрлі жетекті күрделі механикаландыру құралдары мен құралдарды пайдалана отырып, 250 мың киловатқа дейінгі айналмалы-қалақты, радиалды-осьтік және шөмішті гидроагрегаттардың ерекше күрделі тораптары мен механизмдерін жөндеу, реконструкциялау, құрастыру, реттеу, сынау және баптау;
микрометр деңгейінің көмегімен және шектер бойынша біліктердің көлбеуін өлшеу;
шығарылған тетіктердің сызбаға сәйкестілігін және сапасын тексеру;
өлшеулерді жүргізу және формулярларды толтыру;
жабдықтарды және жөндеу құрал-жабдықтарын, гидроэлектр станциялары машина цехтарының жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді жөндеу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық сипаттамаларын, кинематикалық және гидравликалық схемаларын;
жөндеу, құрастыру, бөлшектеу, монтаждау және демонтаждау, жөнделген жабдықты дәлдікке және сынауға тексеру әдістерін;
жұмыстық доңғалақ камерасы мен жұмыстық доңғалақ арасында және мойынтіректер бойынша жіберілетін саңылаулардың мәнін;
гидроагрегат жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштерін, оның негізгі зақымдануының түрлерін;
май-суқұбырларының және май жүйелерінің схемалары;
қысымда жұмыс істейтін ыдыстар, көтергіш крандарды және шағын механикаландыру құралдарын куәландыру мерзімін;
материалдардың сапасын және арматураның жарамдылығын айқындау әдістерін;
такелаждық айлабұйымдар мен жарақтарды, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді сынау және сақтау тәртібін;
гидротурбина бойынша жұмыстардың тәртібі мен ұйымдастыруды.
17-параграф. Жылу беру жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша (5-7 дәлдік сыныптары) слесарлық өңдеу;
бөлшектенген бөлшектерді тазарту, жуу және сүрту;
күрделі емес металл және изоляция құрылымдарын дайындау;
слесарлық құралды, инвентарьдың айлабұйымдар мен материалдарды жұмыс орнына жеткізу және жинау;
цех үй-жайында, ашық алаңда, жабық ыдыстарда электргазбен дәнекерлеушімен бірлесіп жұмыс істеу;
үстіңгі қабатты қалайылау және дәнекерлеу тазалау;
жабдықтың, жүк көтеру машиналары мен механизмдердің қарапайым элементтері мен тораптарын қарапайым слесарлық және өлшеу құралдары мен айлабұйымдарды қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жабдықтың тораптары мен бөлшектерінің орнын ауыстыру кезінде күрделі емес такелаж жұмыстарын орындау.
жөнделетін жабдықтың және оның тораптарының жұмыс істеу принципін, орналасуы мен нысанын;
жабдықтың қарапайым бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмысты орындау тәртібін;
қолмен атқарылатын пневматикалық және электрлендірілген құралмен жұмыс істеу кезіндегі күрделі емес слесарлық өлшеу құралы мен айлабұйымдар, қорғану және алдын алу құралдарының нысаны мен қолдану тәртібін;
қарапайым такелаж құралдарының құрылысы және пайдалану тәртібін;
массасы шағын жүктерді ілмектеу тәртібін;
құбырлардың құрылымы мен орналасуын, оларды арналарда, тоннельдерде, жер үстінде, қабырғалар мен колонналарда төсеу мен бекіту тәсілдерін;
материалтану бойынша жалпы мәліметтерді.
1) бөлшектер (болттар, бұрандалар, шпилькалар) – кесу, қиығын жетілдіру, ауыстыру және жуу;
2) жылу беру айналмалы механизмдерінің бөлшектері – қоршауларды бөлшектеу және орнату;
3) тойтару – кесу;
4) майлаушы арнашалар – кесу;
5) конвейер ленталары – жіктерді желімдеу;
6) жолақты және шыбықты металл – қолмен және қол пресінің көмегімен түрлі бұрыштармен ию;
7) ілінісу муфтасы – бөлшектеу және жөндеу;
8) привод қоршауы – босату және алу;
9) подшипниктер – майын ауыстыру;
10) асбестен, резинадан, картоннан, парониттен жасалған қарапайым конфигурациялы төсемдер – белгілеу және белгі бойынша кесу;
11) тарсыл елегі – ауыстыру;
12) болт қосындылары – бөлшектеу;
13) фаскілер – пісірумен кесу.
18-параграф. Жылу беру жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
жылу берудегі көтеру-тасымалдау жабдығының механизмдері мен металл конструкцияларының күрделі емес тораптары мен механизмдерін арнаулы құралдардың және айлабұйымдардың көмегімен бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша (5-7 дәлдік сыныптары) слесарлық өңдеу;
қарапайым конфигурациялы парақтық және профильді металды газбен кесу және пісіру;
бумазут құбырларын жөндеу;
металл конструкциялардың қарапайым тораптарын сызба бойынша пісірумен дайындау және құрастыру;
металл конструкцияларының қарапайым тораптарын сызба бойынша пісірумен дайындау және құрастыру;
қол және пневматикалық құралдарды жөндеу және баптау;
натурадан күрделі емес бөлшектердің эскиздерін жасау;
күрделі конфигурациялы төсемдерді белгілеу және дайындау;
қалайы және мыспен дәнекерлеу;
фланецті қосындыларды жөндеу;
қарапайым механизация құралдарының көмегімен бөлшектер мен тораптарды орнын ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу және орнату жөніндегі такелаж жұмыстарын атқару.
жөнделетін жабдықтың, қолданылатын жүк көтеру машиналары мен механизмдерінің құрылымын;
тораптар мен механизмдердің нысаны мен өзара әрекет ету принципін;
құбырларды айналмасоғу технологиясын;
станокта және жылыта отырып құбырды майыстыру тәсілдерін;
сызбалар мен тәсімдерін оқу тәртібін;
бумазут құбырының схемасын, оларды жуу және дреналау тәсілдерін;
құбырлар мен материалдарды газбен және электрмен пісіру туралы негізгі деректерді;
түрлі үлгідегі компенсаторларды орнату тәртібін;
фланецтерге, құбырларға, арматураға, төсемдерге, бекіту материалдарына ортаның параметрлеріне орай қойылатын талаптарды;
арнаулы құрал мен айлабұйымдардың, күрделілігі орташа өлшеу құралдарының құрылымы мен нысанын;
слесарлық құралды шыңдаудың, май құюдың және берудің тәртібін;
валдардың ортасын анықтау тәртібін;
кедір-бұдырларға жол беру жүйесін, квалитеттер мен параметрлерін;
жүк көтеру машиналарын, механизмдері мен айлабұйымдарды пайдалану тәртібін;
механика, жылу техникасы, электр техникасы жөніндегі жалпы деректерді.
1) арматура - тығыздау сақиналарын, ершіктер мен клапандарды тығыздай отырып жөндеу;
2) клапандар – ысқылау;
3) конвейердің лопастары, била, валдары, пластиналары – тегістеу;
4) вагон төңкергіштің қысқышы механизмдері – жөндеу, реттеу;
5) муфталар – құрастыру, ортасын белгілеу;
6) отын сынамасын іріктеушілер – жөндеу;
7) көмірді қоректендірушілер – тақтасын ауыстыру;
8) сырғанау және тербелу подшипниктері – ауыстыру;
9) редукторлар – жылдамдық қораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
10) кран арбалары – бөлшектеу, түнедеу, тозған бөлшектерін ауыстыру, құрастыру;
11) тормоздар – түгендеу және реттеу;
12) өзі орталықтанатын ленталы конвейерлердің құрылымы- қима қосындылардың жағдайын тексеру;
13) шпонкалар – дайындау және жетілдіру.
19-параграф. Жылу беру жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
жылу берудегі негізгі және көмекші жабдығының, күрделілігі орташа көтеру-тасымалдау машиналары мен механизмдердің тораптары мен механизмдерін күрделі пневматикалық және электрлендірілген құралды, арнаулы құралдар және айлабұйымдарды, өлшеу жабдықтары мен құралдарын қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
орнатпалы және белгілеуші түрлі шаблондарды дайындау;
құбырлар мен ыдыстарды гидравликалық сынау;
бөлшектерді 7-10 квалитеттер бойынша (2-3 дәлдік сыныптары) жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
валға ыстықтай отырғызу және бөлшектерді корпусқа пресстеу;
жылу беру орындарында және одан тыс жерде схемалар мен сызбалар бойынша құбыр желілерін тарту;
бөлшектердің тозу және ақау дәрежесін, олардың бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын анықтау;
күрделі жөндеу айлабұйымдарын реттеу;
жүк көтеру механизмдері мен айлабұйымдардың көмегімен тораптар мен бөлшектерді тік және жазықтықта орын ауыстыру жөніндегі такелаж жұмыстарын атқару;
такелаж жабдықтары мен құралдарын сынау.
негізгі және көмекші жабдықтардың, көтеру-тасымалдау машиналары мен механизмдердің құрылымын;
жөнделген жабдықты реттеу және орталықтандыру жөніндегі жұмысты орындау тәртібін;
жабдықтың негізгі ақаулары мен оларды жою әдістерін;
құбырларды айналмасоғу тәртібін;
жабдықтың тораптары мен элементтерін жөндеу, құрастыру және дайындаудың техникалық жағдайларын;
сырғанау және тербелу подшипниктерінің құрылымын;
металл конструкцияларының күрделі тораптары мен бөлшектерін белгілеу тәсілдерін;
дөңгелектерді орталықтандыру, статикалық және динамикалық теңдестіру тәртібін;
бөлшектерді іріктеу және ақауды жою тәсілдерін;
арнаулы жабдықтың, айлабұйым мен құралдың конструктивтік ерекшеліктерін;
ыдыстар мен құбырларды сынау тәртібін;
жоспарлы алдын алу жөндеудің негізгі тәртібін;
механиканың, электротехниканың және материал танудың негіздерін.
1) бөлшектер – кесінділеу, үстіңгі қабатты өңдеу;
2) жармалаушылар – тозған бөлшектерді ауыстыру, броньды; билді алмастырып жөндеу;
3) жармалаушының, редуктордың, жүкшығырдың доңғалақтары – ортасын белгілеу;
4) тормоз колодкалары – ауыстыру;
5) кран - балкалар, кран - укосин, электрлебедкалар - металконструкцияларының механизмдері мен элементтерін жөндеу;
6) конвейер таспалары – ақаулы учаскелерді ауыстыру;
7) тормоз таспалары - ауыстыру, реттеу;
8) мазут шаруашылығының жабдығы – жөндеу;
9) шарикті, роликті подшипниктер – отырғызу орындарын өңдеу;
10) вагон төңкергіштердің роторы – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу;
11) электротельферлер, тальдар, кран-укосиндер – монорельстен түсіру және орнату, тозған бөлшектері мен тораптарын ауыстыра отырып жөндеу.
20-параграф. Жылу беру жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
жылу берудегі жабдықтың, күрделі тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша (1-2 дәлдік сыныптары) жетілдіре отырып слесарьлық өңдеу;
орындалған пісірілген және жамалған, жасалған қосалқы бөлшектерді қабылдау;
аса күрделі бөлшектерді белгілеу;
подшипниктер корпусының, металл конструкцияларының, кран асты жолдарының, бағыттаушы конвейерлердің, көтергіштің, сидақтың геометриялық мөлшерлері осінің сәйкестігін тексеру;
жабдықтардың, жөндеу айлабұйымдарының, жүк көтеру машиналары мен механизмдерді жөндеу және реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
бөлшектердің одан әрі жұмысқа жарамдылығын, оларды қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау;
негізгі және көмекші жабдықты жөндеуден кейін жұмыста тексеру және оларды пайдалануға тапсыру;
жабдықтың аса күрделі және жауапты тораптарын, бөлшектері мен элементтерінің орнын ауыстыру, құрастыру және орнату жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау.
жылу беру жабдығының техникалық сипаттамаларын;
жөндеуден бөлшектер мен механизмдерді қабылдау жөніндегі техникалық шарттарды;
жүк көтеру машиналарының, механизмдерінің, жүкті ілу айлабұйымдарының тозған бөлектерін ақаулау тәсілдері мен тәртібін;
отын беру жабдықтарын пайдалану және жөндеу тәртібі мен нұсқаулықтарын;
жөнделетін жабдықты жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден ажырату тәртібін;
роторларды статикалық және динамикалық теңгермелеу, түрлі конструкциядағы ілінісу муфта, құрылымдарын сынау тәртібін;
машинада дірілдің пайда болу себептерін;
механизм біліктерін түзету тәсілдерін;
сырғанау мойынтіректерін қайта құю технологиясын;
жөндеуге шығару және наряд-рұқсатты ресімдеу тәртібін;
такелаждық айлабұйымдар мен жарақтарды, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді сынау және сақтау тәртібін;
жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және тәртібін.
1) вагонтөңкерушілер – бас валға подшипниктерді престеу;
2) подшипниктер ішпегі – ауыстыру, баббитті қайта құю;
3) жармалаушылар – роторды құрастыру;
4) таспалы және қырғыш конвейерлер, пластикалы қоректендіргіштер – күрделі жөндеу, сынау;
5) қалақты қоректендіргіштер-жылдамдық қорабын құрастыру, теңестіргіш муфтаны валға орнату;
6) балғалы жармалаушылар подшипниктері - түгендеу, ауыстыру, ішпектерді орналастыру;
7) тальдер, электротельферлер – ақауларды анықтау, валға шпонкамен келтіру шкивін престеу, техникалық қызмет көрсету кезінде бөлшектерді бөлшектеу және құрастыру;
8) қайта тиеу крандарының арбалары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
9) тісті берілістің тістегершіктері-тіс бейіні бойынша ілгекті тексере отырып орталықтандыру;
10) тісті өткізгіш шестернялары – түгендеу.
21-параграф. Жылу желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
2-разряд
бөлшектерді 12-14 квалиттеттер (5-7 ділдік сыныптары) бойынша слесарьлық өңдеу;
қоқыстықтар мен тұндырғыштарды тазалау, камералардағы суды шығару;
қазаншұқырлар мен уақытша көпірлердің қоршауларын орнату;
еңіс негіздемелерін жоспарлау және орнату;
слесарьлық құралдарды, айла-бұйымдар мен материалдарды жұмыс орнына жеткізу, жұмысқа дайындау және жинастрыу;
алаңдарда, құдықтар мен коллекторларда электрмен, газбен пісірушілермен бірлесіп жұмыс істеу;
құбырларының диаментрі 300 миллиметрге дейінгі жылу желілерінің жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және құрыстыру;
фланцты арматураны қарапайым слесарьлық және өлшеу құралдары мен айлабұйымдарды қолдана отырып түгендеу және жөндеу;
жерасты коммуникацияларын жылу желілерімен түйіскен жерлерде шурфтау, жылу трассасын жөндеу кезінде асфальт астына құмдақ және қиыршық тас төсемдерін салу;
жабдықтардың тораптары мен бөлшектерінің орнын ауыстыру кезінде анағұрлым жоғары білікті слесарьдың басшылығымен қарапайым такелаж жұмыстарын орындау.
жөнделетін жабдықтың және оның тораптарының әрекет ету принципін, орналасуы мен нысанын;
слесарлық өңдеу тәсілдерін;
қарапайым слесарьлық және өлшеу құралдары мен айлабұйымдарды нысаны мен оларды қолдану тәртібін;
жылу желілерінің коммуникациялармен (фекальдік, газдық, су құбырларымен, кабельдермен) түйіскен жағдайдағы жұмыс тәртібін;
қол, пневматикалық және электрлендірілген құралмен жұмыс кезіндегі қорғану және алдын алу құралдарын;
тіреу арматура мен су құбырларының фланцты қосындыларын бөлшектеу мен құрастырудың кезектілігі мен тәртібін;
арналарда, траншеялар мен тоннельдерде құбырларды төсеу мен бекіту тәсілдерін;
қарапайым такелаж құралдарының құрылысы мен оларды қолдану тәртібін;
шағын көлемді массаны ілмектеу тәртібін;
материал тану жөніндегі жалпы деректерді.
1) қиықты және фланцты арматура – бөлшекктеу, сальниктерді қайта шегелеу, тазалау және сырлау;
2) болттар – кесу және қиығын үйлестіру, болт қосындыларын құрастыру;
3) бекіту бөлшектері-мастикадан және таттан тазарту, қиығын үйлестіру, бос мөлшер шегінде кесу және аралау, түрлі бұрыштарға кесу, тесіктерді бұрғылау;
4) құбырлардағы бекітпелер – болттарды алу, фланецтерді босату және ескі прокладкалардан тазарту;
5) сальникті компенсаторлар – бөлшектеу;
6) құбырларды бекіту – қарау және тазалау, тұтастығын тексеру;
7) шыныватадан және пергаминнен жасалған маттар – дайындау;
8) асбестен, резинадан, картоннан, парониттен жасалған қарапайым конфигурациялы прокладкалар- белгі бойынша кесу;
9) жылы ұлғайту реперлері – ауыстыру;
10) диаметрі 50 миллиметрге дейінгі құбырлар – шаблон бойынша қолмен және станокпен қайырмалау.
22-параграф. Жылу желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
3-разряд
диаметрі 400 миллиметрге дейінгі құбырларды, арматураны, компенсаторларды, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен металл құрамаларын арнаулы құралдар мен айлабұйымдарды қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және орнату;
жер қазу техникасымен жылу құбырларын қазу жөніндегі жұмыстырады орындау;
бөлшектерді 11-12 квалитеттер (4-5 дәлдік сыныптары) бойынша слесарьлық өңдеу;
натурадан күрделі емес бөлшектердің сызбалары мен эскиздерін жасау;
күрделі конфигурациялы прокладкаларды белгілеу және дайындау;
құрастырмалы темірбетон камераларын, коллекторларды, құдықтарды, арналар мен арматураны бөлшектеу және жөндеу;
құбырлар мен запор арматураларын пневматикалық сынақтан өткізу;
қүрделі емесе конфигурациялы парақтық және профильді металды газбен кесу және пісіру;
құбырларды газбен кесу;
пневматикалық және электрлендірілген жабдықты жөндеу және реттеу;
жұмыс аумағында қарапайым механизация құралдарының көмегімен жабдықтар мен тораптардың орнын ауыстыру жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау.
құбырлардың құрылымы мен жұмыс принциптерін, олардың орналасу схемаларын;
слесарьлық жұмысты орындаудың тәртібі мен тәсілдерін;
құбырларды бөлшектеудің, жөндеумен құрастырудың кезектілігін;
құбырларды, қосындылау материалдарын газбен кесудің және пісірудің негізгі деректерін;
құбырларды пісіру және пісірілген қосындыларды термоөңдеу кезіндегі негізгі талаптарды;
гидравликалық сынақтарға арналған техникалық шарттарды;
құбырларды қосу мен ажыратудың, барлық үлгідегі компенсаторларды орнату тәртібін;
тиекті және сақтандырғыш арматураны, Компенсаторларды, жылжымалы және жылжымайтын тіректер мен аспаларды бөлшектеу және монтаждау тәртібі мен тәсілдері, құбыржолдардың гидро және жылу оқшаулағышының, арналарды, камераларды, құдықтарды гидрооқшаулағыштың құрылысын;
құбырлардың жұмыс сызбалары мен схемаларын оқу тәртібін;
арнайы құралдың, айлабұйымдар мен күрделілігі орташа өлшеу құралдарының құрылысы мен мақсатын;
слесарлық жабдықты шыңдау, реттеу және беру тәртібін;
жол берілетін шектер мен орнатулар, кедір-бұдырлар квалитеттері мен параметрлері жүйесін;
жүк көтеру машиналарын, механизмдері мен айлабұйымдарын пайдалану тәртібін;
жылу жүйелері жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын негізгі және көмекші материалдар түрлерін;
механика, материал тану, жылу техникасы негіздерін.
23-параграф. Жылу желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
4-разряд
диаметрі 400-ден 600 миллиметрге дейінгі құбырларды, арматураны, дренаж насосотарын, компенсаторларды арнаулы құралдары мен айла бұйымдарды, жабдықтар мен өлшеу құралдарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және орнату;
құбырларды киюге шаблон дайындау;
жабдықтарды гидравликалық сынау;
бөлшектерді өңдей отырып 7-10 квалитеттер бойынша (2-3 дәлдік сыныптары) слесарьлық өңдеу;
жылу жүйелеріне арналған құрастылмалы темірбетон және бетон құдықтарды құрастыру және орнату;
құбырларды өндеу кезінде олардың түйіскен жерлерінде жерасты коммуникацияларын ілмектеу;
құбырлардағы құрастыру, қайта конструкциялау және монтаждау жұмыстары;
жабдықтың ақауларын анықтау және оларды жою;
жабдықтың жекелеген бөлшектері мен тораптарының тозу себептері мен деңгейін анықтау;
тораптар мен элементтерді жүк көтеру механизмдері мен арнаулы айла бұйымдардың көмегімен тік және жазықтықта орнын ауыстыру жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау;
такелаж жабдықтары мен құралдарын сынау.
жөнделетін жабдықтың құрылымын;
құбырлардың схемаларын;
құбырлардың, арматураның, толқынды компенсаторлардың, насостардың техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктерін;
құбырларды жөндеудің техникалық шарттарын;
арматураны сынау әдістерін;
арнасыз прокладка құбырларын бөлшектеу және жинастыру кезіндегі опреацияларды орындалу кезектілігін;
қолданылатын арнаулы жабдықтың, айлабұйымдар мен құралдардың конструктивтік ерекшеліктерін;
жабдықты жөндеуге шығарудың және наряд-рұқсатты ресімдеу тәртібін;
құбырларды сынау тәртібін, жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелерін;
механика, материал тану, жылу техникасы негіздерін.
24-параграф. Жылу желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
5-разряд
диаметрі 600-ден 1000 миллиметрге дейінгі құбырлардағы желілік және ортадан тепкіш насостарды, арматураны бөлшектеу, жөндеу, реконструкциялау, құрастыру және орнату;
бөлшектер мен желілерді өңдей отырып 6-7 квалитеттер бойынша (1-2 дәлдік сыныптары) слесарьлық өңдеу;
бөлшектерді дайындау, сызбалар мен эскиздер бойынша белгілеу;
арнаулы айлабұйымдарды, өлшеу құралдары мен көтеру-тасымалдау механизмдерін пайдалана отырып құрастыру, реттеу, жетілдіру және сынау жөніндегі күрделі жұмыстар;
коверлерді, гидранттар мен су тарату колонкаларын, сифондар мен гидравликалық құрылғыларды орнату;
құбырлар мен арматураларды сынау және баптау;
такелажды және арнайы құралдарды жөндеу, оларды жұмыста баптау және сынамалау.
күрделі желілерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу және дайындаудың техникалық шарттарын;
негізгі және қосалқы жабдықтардың: құбыржолдардың, камералардың, құдықтардың, коллекторлардың, сорғылардың, өлшеу құралдарының, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің сыныптамасы мен техникалық сипаттамаларын;
жылу желілерінің жабдықтарына қойылатын негізгі талаптарды, оларды сынау мен пайдалану тәртібін;
құбырлар мен арматураның бұзылуын туғызатын себептерді, оларды жоюдың және алдын алудың тәсілдерін;
диаметрі үлкен құбырларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін;
қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен арматураға қойылатын талаптарды;
жабдықты жөндеу, алмастыру және қайта құрастыру жөніндегі нұсқаулықты.
25-параграф. Жылу желілері жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь,
6-разряд
жылу желілерінің диаметрі 1000-ден 1400 миллиметрге дейінгі құбырларын жөндеу, реконструкциялау, құрастыру;
аса күрделі механизация құралдарын, жүк көтеру машиналары мен механизмдерді, күрделі жабдықтар мен өлшеу құралдарын пайдалана отырып құрастыру, реттеу және жетілдіру және сынау жөніндегі күрделі жұмыстар;
дайындалған тораптардың сызбалар мен техникалық шарттарға сәйкестігі мен сапасын тексеру;
жылу желілерінің қымталуы мен беріктігін гидравликалық сынау;
желілерді пайдалануға беруге дайындау;
іске қосу кезінде ақауларды анықтау және оларды жою;
құрастырмалы және монолитті темірбетонды монтаждау;
диамметрі әртүрлі бетон және темірбетон құбырларды траншеяға салу;
ортадан тепкіш насостарды, насос стансаларды толық жөндеу, реконструкциялау және баптау;
өлшеулерді жүргізу және формулярларды толтыру;
жабдықтың аса күрделі және жауапты тораптарын, бөлшектері мен элементтерінің орнын ауыстыру, құрастыру және орнату жөніндегі такелаж жұмыстарын орындау;
жабдықты, жөндеу айлабұйымдарын, жүк көтеру машиналары мен механизмдерді жөндеу және реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
жөнделетін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін;
жөндеу, бөлшектеу және монтаждау әдістерін;
жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру және сынауды;
қысым астындағы жабдықтың жұмыс ерекшеліктерін;
арматураның, күшті және престеу насостарының, компенсаторлардың сыныптамасы мен олардың жұмысын бақылау әдістерін;
тығыздамалардың конструктивтік ерекшеліктерін;
ақаулар мен авариялардың себептерін, олардың сипаты мен алдын алу тәсілдерін;
жылу желілері жабдықтарының қалыпты жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштерін;
қоршаған орта параметрлеріне қарай материалдардың сапасын, арматураның жарамдылығын анықтау әдістерін;
такелаж жабдығының, жүк көтеру машиналары мен механизмдердің, жүкті ұстау айлабұйымдарының түрлері мен конструкциясын, күту, сақтау және оларды сынау тәртібін;
құбырлардың тоттану себебі мен олармен күресу тәсілдерін.
26-параграф. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, 2-разряд
кабел салу үшін трасса, арна, тоннель, коллектор дайындау;
жердегі жұмыстарды орындау;
кабельді желілердің муфталарын демонтаждау, жөндеу және монтаждау кезіндегі қосымша жұмыстар;
металл конструкциялары мен оларға салынған кабельдерді сырлау;
кабельді, құралды, материалдарды және аспаптарды дайындау, әперу және жинау;
аспаптарды трассада орналастырып қою;
біліктілігі едәуір жоғары электрмонтердің басшылығымен қарапайым арматураларды және кабельді желілердің жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және жинақтау.
кабельдер мен кабельдік арматураның маркалары, олардың қолданылу саласы туралы жалпы мәліметтерді;
кабельдерді сақтау тәртібі және барабандардан жаю әдістерін;
кабельдік жұмыстар үшін слесарлық, өлшемдік және арнайы құралдың түрлерін;
монтаждық аспаптар мен конструкциялардың міндетін;
кабельдік және күйдіру массалары, дәнекерлер, флюстер мен кабельді желілерді жөндеген кезде қолданылатын материалдар туралы жалпы мәліметтерді;
кабельдер мен кабельді барабандарды тиеу және тасымалдау тәртібін;
жер жұмыстарын жүргізудің тәртібін.
27-параграф. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, 3-разряд
кернеулігі 10 киловольтқа дейінгі кабель желілерін траншеяға төсеу, кабель құрылымдарын монтаждау;
қуат кабельдерді және кабельді арматураларды траншеяларда, коллекторларда, құбырларда және блоктарда слесарлық құралдар мен аспаптарды қолдана отырып демонтаждау;
мыс алюминий желілі қуат кабельдерді ұштау және қосу, престеу және дәнекерлеу;
кабельдің бронь қабатын, қорғасын қабатын, оқшаулауын және ток өткізгіш талсымдарын жөндеу;
сұйылтылған газдың әсерінен жұмыс істейтін ұштық және жалғастырғыш муфталарды, құрылғылардағы қиын балқытылатын дәнекерлерді демонтаждау;
монтаждау алдында кабель оқшаулағышын ылғал болмауын тексеру;
кабельді қыздыру және жұмыс орнын жарықтандыру үшін өткізгіштерді тарту;
құралды, аспапты, тетіктер мен материалдарды жұмысқа дайындау және тексеру.
кабельдер мен кабельдік аппаратуралардың маркаларын;
қуат кабельдердің, кабельдік арматуралардың конструкциясын, олардың қолданылу саласын;
кабельдік желілерді монтаждау және жөндеу кезінде қолданылатын такелаждық және арнайы 810 аспаптарды пайдаланудың тәртібін;
мыс және алюминий өткізгіштерді жалғастыру мен ұштаудың жалпы технологиясын;
май толтырылатын кабельдер, олардың арматуралары мен оларға қоса берілетін аппаратуралар туралы жалпы мәліметтерді;
кабельдерді тазалауды;
қыс мезгілінде кабельді қыздыру технологиясын;
жерасты коммуникацияларын қорғау тәртібін;
кабельді желілер мен арматураларды салу және монтаждаудың едәуір жиі кездесетін ақаулықтарын;
электротехника негіздерін.
28-параграф. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, 4-разряд
кабельді желілерді, кернеуі 35 киловольтқа дейінгі кабельді арматуралардың қыстырма құрылғыларын жабық жайларда, жерде, құдықтарда және тоннельдерді демонтаждау, жөндеу және монтаждау;
пневматикалық және электрленген құралды қолдана отырып, кабельді белгілеу және өңдеу;
мыс және алюминий желілі қуат кабельдерді газ және электр дәнекермен ұштау және жалғастыру;
электр және пневматикалық өткізгішті күрделі әмбебап және арнайы аспаптармен және тетіктерді басқару;
электрмен жабдықтау беріктігінің ІІІ-ІІ санаттағы тұтынушылары үшін кернеуі 35 киловольтқа дейінгі ұштық және жалғастырушы муфталарды жөндеу және монтаждау.
май толтырылған кабельдердің маркалары мен қолданылу саласын;
кабельді желілер аймағының схемаларын;
жалғастырушы бекіткіш және ұштық муфталардың нысаны мен конструкциясын;
кабельдің ток өткізгіш мыс және алюминий желілерін жалғастыру және ұштау тәсілдерін;
жұмыс істейтін кабельді желілердің трассаларына қуат кабельдерді тартудың технологиялық процесін;
май толтырылған кабельдерді жөндеу, демонтаждау және монтаждау бойынша жұмыстарды жүргізудің тәртібін;
соңғы кабельді жаулардың арматуралары мен жабдықтарының нысанын, кабельді желілер мен арматураларға тән ақаулықтар, оларды анықтау және жою тәсілдерін.
29-параграф. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, 5-разряд
кернеуі 35 киловольттан жоғары май толтырылған және газ толтырылған кабельді желілерді демонтаждау, жөндеу және монтаждау;
траншея қазу үшін трассаларды тарату;
кабельді желілерді су астында тарту;
кернеуі 35 киловольт дейінгі аса маңызды кабельді желілердің жалғастырушы және ұштық муфталарын монтаждау және жөндеу;
бақылау кабельдерінің ұштарын бітеу;
май толтырылған кабельдердің жалғастырушы, бекіткіш және ұштық муфталарын, газ толтырылған кабельдердің жалғастырушы, жартылай бекіткіш муфталары мен ұштық конструкцияларын монтаждау және жөндеу;
май толтырылған және газ толтырылған кабельді желілерге (қысымын өлшеу, майды толтырып құю) техникалық қызмет көрсету;
кабельдерді қыс мезгілінде қыздыру, бұзылған жерлерін алып кесу және қосқан жерлерді монтаждау;
кернеуі 110 киловольтқа дейінгі қағаз және полиэтилен оқшаулағышты кабельдерді траншеяларда, арналарда және конструкцияларды, құбырларда, блоктар мен коллекторларда тарту кезінде электрмонтерлердің жұмысын басқару;
кабельдің бұзылған жерін анықтау.
кабельді желілерді тартудың әр түрлі жағдайларында жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстарын жүргізудің тәртібін;
кабельдердің, арматуралар мен олардың аппаратураларының нысаны мен конструкциясын;
әртүрлі нысандағы муфталарды монтаждау және ашудың технологиялық процесін;
май толтырылған кабельдерді сақтау тәртібін;
әртүрлі муфталар мен конструкциялардың жоғары кернеулі қуат кабельдерді оқшаулау тәсілдерін;
жөндеу, тарту және монтаждаудан кейін жоғары вольтты кабельдерді сынау әдістерін;
мұнай немесе қысыммен газ бар болат құбырлардағы кабельдер туралы жалпы ақпарат.
30-параграф. Кабельді желілерді жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтері, 6-разряд
кернеуі 220 киловольтқа дейінгі кабельді желілерді тексеру, жөндеу, монтаждау және демонтаждау;
қысым астындағы болат құбырдағы май толтырылған және газ толтырылған кабельдерді жөндеу, монтаждау және демонтаждау;
арнайы конструкциялы кабельдермен жұмыс жүргізу (соның ішінде тігілген полиэтиленнен және өзге де);
аса маңызды кабельді желілер мен бірегей кабельді аппаратураларды жөндеу;
айтарлықтай маңызды жерлердегі қуат кабельді желілерді тексеру, жөндеу, монтаждау;
муфталарды кептіру және вакуумдау;
май сіңдіруші жүйелерді сынау, майдың ағып кететін жерін анықтау;
тұтқыр сіңдірмелі кабельдерді, су асты қуат кабельдер мен кабельді су асты аралықтарын, май толтырылған және газ толтырылған кабельді желілер мен құрылғыларды жөндеу, монтаждау және демонтаждау кезінде электрмонтерлердің жұмысын басқару;
кез келген конструкциядағы, кез келген нысандағы және тартудың кез келген жағдайында кабельді желілерді жөндеу, монтаждау және демонтаждау жұмыстарын ұйымдастыру.
әртүрлі үлгідегі және кернеудегі тұрақты және ауыспалы ток қуат кабельдердің, жабдықтар мен аппаратуралардың құрылымын;
жарылыс қаупі бар үй-жайларда кабельдерді монтаждаудың ерекшеліктерін;
кабельдерді әртүрлі жағдайларда тартудың техникалық шарттары мен тәсілдерін;
қысым астындағы майы бар болат құбырлардағы кабельді желілердің қысымын сақтауға арналған автоматты сіңдірмелі сорғы құрылғысының нысаны мен принциптік схемасын;
болат құбырдағы кабельді желілердің имаратының ерекшеліктерін;
майыстырудың шекті радиусы және құбырларды майыстырудың әдістерін.
31-параграф. Қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
12-14 квалитет (5-7 сыныптар дәлдігі) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу;
тетіктерді тазалау, жуу және сүрту;
күрделі емес металды және желдеткішті конструкцияларды жасау;
жұмыс орындарына жеткізу, жұмысқа дайындау және слесарлық құрал-саймандарды, инвентарды, құрал-жабдықтарды және материалдарды тазалау;
электр газбен дәнекерлеушімен цех ішінде, ашық алаңда жабық ыдыста бірлесіп жұмыс жасау;
қалайылау мен дәнекерлеу үшін жоғары бетті тазалау;
күрделі емес слесарлық және материалдық құрал-саймандар мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, негізгі және қосалқы жабдықтардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің қарапайым элементтері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
фасонды леялар мен арматураларды орнатумен құбырларды жөндеу және төсеу;
жоғары білікті слесарьдің басшылығымен жабдықтардың тораптары мен тетіктерінің ығысуы кезінде күрделі емес такелажды жұмыстарды орындау.
жөнделетін жабдықтардың және оның тораптары қызметінің принципін, орналасуын және міндетін;
жабдықтардың қарапайым тораптары мен тетіктерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру бойынша жұмыстарды орындау тәртібін;
күрделі емес слесарлық және материалдық құрал-саймандардың, қол, қысымды және электрленген құрал-саймандармен жұмыс кезінде қорғаныс және сақтандырғыш құралдардың міндеті және қолдану тәртібін;
инвентарлы ағаштарды орнату тәртібін;
қарапайым такелажды құралдарды пайдалану тәртібін және құрылғысын;
салмағы аз жүктерді шылбырлау тәртібін;
жылу жеткізуші ортасына байланысты су құбырының айырма түс түрлерін;
әртүрлі мақсаттағы құбыржолдардың құрылысы мен орналасуы, оларды арналарда, тоннельдерде, жерде, бағаналардың қабырғаларында төсеу және бекіту тәсілдерін;
жапқыш, сақтандырғыш, реттеуіш арматуралардың міндетін және конструкциясын;
материалтану жөнінде жалпы мәліметтерді.
32-параграф. Қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
негізгі және қосалқы жабдықтардың, жүк көтергіш машиналардың және механизмдердің күрделі емес тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
11-12 квалитет (4-5 сыныптар дәлдігі) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу;
дәнекерлеу арқылы сызбалар бойынша күрделі емес металды конструкция торабын дайындау және құрастыру;
табиғи заттан күрделі емес тетіктердің нобайларын жасау;
коллекторлы және барабанды қазандарда жаншу және пісіру арқылы құбырларды дайындау және орнату;
дәнекерлі қосылу ақаутапқысы үшін дайындық жұмыстары;
күрделі кескінді төсемдерді белгілеу және дайындау;
қалайымен дәнекерлеу;
күрделі емес кескінді табақты және профильді металды газбен кесу және дәнекерлеу;
құбырларды газбен кесу;
қол, пневматикалық және электрлендірілген аспапты жөндеу және баптау;
механиканың қарапайым құралдарының көмегімен тораптар мен тетіктерді ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу, орнату бойынша такелажды жұмыстарды орындау.
жүк көтергіш машиналар мен механизмдерде қолданылатын жөнделетін жабдықтардың құрылғысын;
тораптар мен механизмдердің міндетін және өзара іс-әрекетін;
жабдықтарды бөлшектеудің, жөндеудің және құрастырудың технологиялық жүйелілігін;
құбырларды жаншу технологиясын, құбырларды станокта және қызу кезінде майыстыру тәсілдерін;
сызбалар мен тәсімдерды оқу тәртібін;
құбырлар мен жапсырма материалдарды газ және электрлік дәнекерлеу туралы негізгі мәліметтерді;
дәнекерлеу арқылы құбырларды келістіру тәртібін;
ернемектерге, құбырларға, арматураға, төсемдерге, орта параметріне байланысты бекіту материалдарына қойылатын талаптарды;
құбырларды гидравликалық сынауға техникалық шарттарды;
әртүрлі міндеті бар құбырларды сөндіру және қосу тәртібін;
арнаулы құрал-саймандардың, құрал-жабдықтардың және орташа күрделілікті өлшеу құралдарының құрылғысын және міндетін;
слесарлық құрал-сайманды шынықтыру, толтыру және жіберу тәртібін;
білікті орталықтау тәртібін, рұқсат және отырғызу жүйелерін, квалитетерді және параметрлердің кедір-бұдырлығын;
жүк көтергіш машиналарды, механизмдерді және құрал-жабдықтарды пайдалану тәртібін;
механика, жылу техникасы және электр техника жөнінде негізгі мәліметтерді.
33-параграф. Қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
күрделі қысымды және электрленген құрал-саймандарды, арнаулы құрал-жабдықтарды және өлшеу құралдарын қолданумен күрделілігі орташа негізгі және қосалқы жабдықтардың, жүк көтергіш машиналардың және механизмдердің тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
әртүрлі орнатылатын және белгіленетін шаблондарды жасау;
жөнделген жабдықтарды гидравликалық сынау;
7-10 квалитет (2-3 сыныптар дәлдігі) бойынша тетіктерді, оларды қиыстыра келтіріп және жетілдіріп слесарлық өңдеу;
қыздырудың жоғары жағын, айналатын механизмдерді, тозаң дайындау және таптау құрылғыларын жөндеу кезінде қажетті өлшеулерді жүргізу;
барлық санаттағы құбырларды сызбалар мен тәсімдер бойынша төсеу;
жабдықтардың ақауларын анықтау және оларды жою;
электр станциялардың қолданыстағы цехтарындағы станциялық құбырлар мен арматураларда құрастыру, қайта құрастыру және монтаждау жұмыстары;
жүк көтергіш механизмдердің және арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тораптар мен тетіктердің тігінен және көлденең ауысуы бойынша такелажды жұмыстарды орындау;
такелаж жабдықтары мен жарақтарын сынау;
газды қауіпті жұмыстарды орындауға қатысу.
негізгі және қосалқы жабдықтардың, жүк көтергіш машиналардың және механизмдердің құрылғысын;
қазанды агрегаттардың негізгі құбырларының схемаларын;
жөнделген жабдықтарды реттеу және орталықтау жөнінде жұмыстарды орындау тәртібін;
жабдықтың негізгі ақаулары және оларды жою әдістерін;
түтіктерді жаншу тәртібін;
жабдықтардың күрделі тетіктері мен тораптарын жөндеуге, құрастыруға және дайындауға техникалық шарттарды;
тербелу және сырғу мойынтіректерінің құрылғысын;
әртүрлі тәсілдермен шығарылған түтіктерді (тігісті, тігіссіз, жазу, тұтас созылған) қолдану саласын;
жөндеу кезінде қолданылатын арнаулы құрал-сайманның, құрал-жабдықтардың және жабдықтардың конструктивті ерекшелігін;
қысымда жұмыс істейтін қазандарды, буқайнатқыштарды, экономайзерлерді, ыдыстар мен құбырларды шығару үшін қолданылатын қазандар мен материалдар конструкциясына қойылатын талаптарды;
ыдыстар мен құбырларды сынау тәртібін;
газ шаруашылығындағы қауіпсіздік тәртібін;
жабдықты жөндеуге шығару және жолдама-рұқсат қағаздарды рәсімдеу тәртібін;
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелерін;
механика, жылу техникасы, материалтану негіздерін.
34-параграф. Қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
негізгі және қосалқы жабдықтардың күрделі тораптарын, бөлшектері мен механизмдерін: қыздыру беттерін, қазан барабандарын, коллекторларды, тозаң дайындау және отын беру механизмдерін, бу, су, газ, мазут құбырларын және әртүрлі параметрлердегі арматураны бөлшектеу, жөндеу, қайта жаңарту, құрастыру, сынау, реттеу және баптау;
жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің күрделі тораптарын жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау, дайындау және пайдалануға беру;
6-7 квалитет (1-2 сыныптар дәлдігі) бойынша тетіктерді, оларды қиыстыра келтіріп және жетілдіріп слесарлық өңдеу;
айналма механизмдерді жұмыста тексеру;
діріл мөлшерін және оны болдыратын себептерді айқындау;
дірілді жою;
қазанагрегаттарын гидравликалық сынау;
жабдықтар мен арматуралардың жекелеген тораптары мен тетіктерінің ақауларын анықтау, тозудың себебін және дәрежесін айқындау;
тетіктердің одан әрі жұмысқа жарамдылығын және қалыпқа келтіру мүмкіндігін айқындау;
ерекше күрделі тетіктерді белгілеу;
негізгі және қосалқы жабдықтарды жұмысын жөндеуден кейін тексеру және оны пайдалануға тапсыру;
жабдықтардың ерекше күрделі және жауапты тораптары, тетіктері мен элементтерін ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу және орнату бойынша такелажды жұмыстарды орындау;
газды қауіпті жұмыстарды орындау.
қазан және тозаң дайындау жабдықтарының ерекше күрделі тетіктер мен тораптарды бөлшектеуге, жөндеуге, құрастыруға, сынауға, реттеуге, шығаруға техникалық шарттарды;
жабдықтарды және оның жеке тораптарын роторлардың статистикалық және динамикалық теңгеріміне сынау тәртібін;
қазанагрегаттарды, жеке түтіктерді, иіртүтіктерді, құбырларды гидравликалық сынау тәртібін;
қазанагрегаттардың жекелеген элементтері мен тетіктерінің тозу нормаларын;
айналма механизмдердің түтіктерін және тозған тораптарын сұрыптау тәртібін;
дәнекерлеу жіктері мен қоспаланған болаттан жасалған тетіктерін майысу орнын термо өңдеу әдістерін;
фланецті қосылуларға, люкті жапқыларға және арматураның тығыздау бетіне, қысымда жұмыс істейтін құбырларға, жұмыс механизмдеріне, күрделі жүк көтеруші механизмдерге, жүк тасушы құрал-жабдықтарға қойылатын талаптарды;
тісті берілістерді құрастыру және орталықтау ерекшеліктерін;
қыздыру беті түтіктерінің, диірмендер мен түтін сорғылардың броньдерінің мойынтіректердің және басқа да тетіктердің уақытынан бұрын тозуды ескерту жөніндегі шараларды;
такелажды жұмыстарды жүргізу тәртібін.
35-параграф. Қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, 6-разряд
қазан агрегаттарының ерекше күрделі тораптар мен тетіктерді механикаландырудың ерекше күрделі құрал-жабдықтары мен құралдарын, қысымы қатты электрлі жетекті құрал-саймандарды, күрделі өлшеу құралдарын,такелажды және көлік құралдарын пайдаланумен жөндеу, қайта құру, құрастыру, дайындау және сынау;
шығарылған тетіктердің сапасын және өлшемін сызбаға сәйкестілігіне тексеру;
әртүрлі жүйелі және параметрлі арматураларды жөндеу мен дайындау;
қазанды бу тығыздығына тексеру және сақтандырғыш клапандарды реттеу;
жүктемедегі қазанды агрегаттарды сынау, жоғары қысымды және үлкен мөлшерлі су және бу ысырмаларының тығыздау бетін қайта қалыптастыру;
өлшеулер жүргізу және формулярларды толтыру;
жөнделген тораптар мен қазанды агрегаттарды тексеру және байқау мен сынауға дайындау;
жүктемеде пайдалануға тапсыруды дайындауға қатысу;
жабдықтарды, жөндеу құрал-жабдықтарын, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді жөндеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
жөнделетін негізгі және қосалқы жабдықтың техникалық сипаттамаларын, кинематикалық және гидравликалық схемаларын;
жөнделген жабдықты жөндеу, құрастыру, бөлшектеу және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістерін;
жабдықтың тораптарына, бөлшектері мен механизмдеріне рұқсат етілген жүктемелер және зақымданулардың, коррозиялық тозудың және авариялардың алдын алу бойынша алдын алу шараларын;
қазан агрегаты жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштерін, оның зақымдануының негізгі түрлерін;
басты бу құбырларының, қоректендіру құбырларының, мазуто-және газ құбырларының схемаларын;
қазанды, буды аса қыздыру, экономайзерлерді, құбырларды, жоғары қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды, көтергіштерді, крандарды куәландыру мерзімдерін;
орта параметрлеріне байланысты материалдардың сапасын және арматураның жарамдылығын айқындау әдістерін;
такелажды құрал-жабдықтарды және жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің әбзелдерін сынау және сақтау тәртібін;
қазандарды жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін.
36-параграф. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электрмонтері, 2-разряд
қарапайым аппаратура мен қайталама коммутация тізбектерін бөлшектеу және құрастыру;
аппаратура мен құралдардың тораптары мен бөлшектерін жуу және тазалау;
бөлшектерді мөлшеріне келтіріп кесе отырып өңдеу жөніндегі қарапайым слесарлық операцияларды орындау;
беттерді бояулармен таңбалау және қарапайым бояу;
бөлшектерді тоттануға қарсы майлау;
электр өлшеу құралдарын тасымалдау үшін буып-түю;
қарапайым диспетчерлік жабдық пен автоматика аппаратурасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
анағұрлым біліктілігі жоғары электр монтерінің басшылығымен қалқандар мен стенділерге тексеру үшін оларды ток өзіне қоса отырып орнату.
оперативтік ток, реле қорғанысы мен автоматика нысаны туралы жалпы ұғымдарды;
реленің үлгілері мен олардың түрлерін;
релелік қорғаныс пен автоматиканың қарапайым аппаратурасын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау тәртібін;
бақылау кабельдері мен изоляциялық материалдардың құрылымы мен түрлерін;
сыршы бояулары мен еріткіштермен жұмыс істеу тәртібін;
оперативті ток тізбектерінде жұмыс істеу тәртібін;
негізгі слесарлық және монтер құралының нысанын және олармен жұмыс істеу тәртібін;
қарапайым тексеру және өлшеу аппаратурасының, айлабұйымдарының ататуы мен нысанын;
орама сымдардың, кабельдердің, тығыздаушы және майлаушы материалдардың түрлерін.
37-параграф. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электрмонтері, 3-разряд
аппаратура мен қайталама коммутация тізбектерін түгендеу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және монтаждау жөніндегі күрделі емес жұмыстар;
ток және кернеу трансформаторларын сынауға арналған тәсімдерін құрастыру;
телемеханика және автоматика релесін механикалық реттеу;
қоректендіру блоктарын түгендеу;
әртүрлі үлгідегі басқару контактілерін, пускательдерді, кілттерді жөндеу және реттеу;
монтаждау және қағидатты тәсімдерінң таңбалануын тексеру;
кабельдердің зақымдануын жою, изоляцияны қалпына келтіру;
сызбалар, тәсімдер мен эскиздер бойынша жұмыстарды орындау;
қарапайым бөлшектерге эскиздер, схемалар және сызбалар жасау;
тексеру және өлшеу аппаратурасымен жұмыс.
жоғары жиіліктегі байланыс, телемеханика және радиобайланысы, қызмет көрсетілетін жабдықтың блок-тәсімі арналарының құрылымын;
реле қорғанысы мен автоматикаға қойылатын негізгі талаптарды;
номиналды кернеу, шекті ажыратылатын және номиналды ток пен селектілік шарттары бойынша сақтандырғышты таңдау тәртібін;
автоматтардың құрылым мен қорғаныс сипаттамаларын;
барлық түрдегі реленің жұмыс істеу принципі мен олардың нысанын;
тұрақты және ауыспалы оперативтік токтың қоректендіру көздері мен тізбектерін;
өлшеу трансформаторлары мен кернеуді сыйымды бөлгіштерді, ток трансформаторларын;
ток пен оқшаулау кернеуін реттеу құрылғысының қорғанысын тексеруге арналған аппаратура;
аккумулятор батареяларының режимін;
монтер құралын және күрделілігі орташа өлшеу құралдарын пайдалану тәртібін;
электротехника, радиотехника, жоғары жиіліктегі байланыс пен телеавтоматика негіздерін.
38-параграф. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электрмонтері, 4-разряд
релелік коммутаторларды тығыздаудың және телеавтоматиканың жоғары жиілікті жүйелерін және кабельдік тізбектердің, телеавтоматика арналарының қарапайым штативті жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша орташа күрделіктегі жұмыстар;
диспетчер жабдығы мен қайталама коммутация аппаратурасын электрмен тексеруді жүргізу;
орташа күрделі релені жөндеу және реттеу;
телеавтоматиканың қорғаныс және схемасын тексеруге арналған жиынтық сынау жабдықтарын, электромагнитті және электромеханикалық блокировка құрылғыларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;
принципті монтаждау схемалары бойынша күрделілігі орташа релелік қорғаныс панельдерін тексеру және құрастыру бойынша жұмыстарды орындау.
электр беру желілері мен көп арналы жүйе бойынша ақпарат беру және қабылдау принципін;
электротехникалық қондырғылардағы зақым түрлерін;
қорғаныс құрылғыларының әрекет ету селективтілігі шарттарын;
қашықтан басқарылатын ажыратқыштардың басқару және сигнализациясының принциптік схемаларын;
жол берілетін шекке дейінгі кернеу трансформаторларының сыныптамасын;
қорғанысты тексеруге арналған аппаратураны;
белсенді қуатты, кернеуді, әсер етуді реттеу жүйесінің әрекет ету принципін;
жартылай өткізгіш техника негіздерін.
39-параграф. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электрмонтері, 5-разряд
жоғары жиіліктегі тығыздау жүйесінің, телеавтоматиканың, өзі жазатын және электронды тіркейтін құралдардың, кабель тізбектерінің күрделі қоректендіру жабдығының жартылай өткізгіш аппаратурасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
өлшеу құралдарына, реле қорғанысы және автоматика аппаратурасына ақау ведомостарын жасау;
күрделі реле қорғанысын және электротехникалық жабдықты монтаждау және жаңғырту жөніндегі жұмыстар;
контактілі-реле аппаратурасын тексеру және реттеу;
өлшеу трансформаторларын, майлы ажыратқыш жетектері мен қайталамакоммутацияизоляциясын сынау;
генераторлардың, трансформаторлардың, кабельді және әуе электр беру желілерін тексеру және сипаттамаларын түсіру;
автоматика және телеавтоматика схемаларын тексеруге және реттеуге арналған күрделі сынау схемаларын құрастыру, реле механизмдерін реттеу;
инженердің немесе мастердің басшылығымен реттеу, әсер ету және кернеу жүйесінің жиілігі мен белсенді қуатын тексеру жөніндегі жұмысқа қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сипаттамаларын;
көп арналы, жоғары жиіліктегі тығыздау жүйесінің принциптік және монтаждау схемаларын;
принциптік қорғау тәсімдерін;
қызмет көрсетілетін телеавтоматика жабдығы мен арналарын электрмен сынау нормаларын;
жабдықты және тығыздау жүйесін өлшеу және реттеудің негізгі әдістерін;
өзі жазатын және электронды тіркейтін өлшеу құралдарының құрылымын;
станция қосындыларының басты электр схемасы мен генераторлардың, трансформаторлардың және электр қозғағыштардың жұмыс режимін;
қорғаныс құралын бір кернеу трансформаторынан өзгелерге қайта қосу тәсілдерін;
ең жоғары ток кесіндісінің, бағытты және дифференциалды қорғаныстың әрекет ету принципі мен сипаттамаларын;
жоғары жиіліктегі қорғаныстың нысаны мен түрлерін;
ауыспалы оперативті токтағы қорғанысты орындаудың негізгі тәсілдерін;
электр беру желілерінің, трансформаторлар мен подстанса шиналарының қайта қосу автоматы нысанын;
қайта қосу автоматы құрылымының түрлерін;
резервті автоматты қосуға қойылатын негізгі тараптар мен нысанын;
электроника, физика, механика және радиотехника негіздерін.
40-параграф. Қайталама коммутация және байланысты жөндеу жөніндегі электрмонтері, 6-разряд
аппаратурасы мен реттелуі электрмен және механикалық реттелетін, орнатылған жаңа және тәжірибелік жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау;
монтаж схемаларын құрастыру және телеавтоматика аппаратурасының тығыздау жүйесін монтаждау, реттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
электрондық аппаратураны, автоматика мен телемеханиканың, тексеру аппаратурасының күрделі қорғаныс құрылғыларын жөндеу;
реле қорғанысы мен автоматиканы тексеруге арналған жиынтық құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету;
квазиэлектронды автоматтандырылған телефон станцияларына және жылжымалы ультрақысқа толқынды радиобайланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
инженердің немесе мастердің басшылығымен аса күрделі реле қорғаныстары мен автоматика құрылғыларын тексеру.
реле қорғанысы мен автоматиканың күрделі аппаратурасын, қайталама коммутация тізбектерін реттеу, жөндеу және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды;
бұғаттағыш құрылғының нысаны мен схемаларын;
жоғары жиілікте бұғаттаумен қорғаныстың әрекет ету принципін;
симметриялық және симметриялық емес қысқа тұйықталу, қысқа тұйықталу тогінің есебі, реле қорғаныстары мен векторлық диаграммаларды түсіру және құру туралы жалпы деректерді.
41-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
біліктілігі анағұрлым жоғары реакторлық-турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі слесардың басшылығымен негізгі және қосалқы жабдықтардың қарапайым тораптарын, ядролық бу өндіретін қондырғыларды, турбиналық жабдықтарды, технологиялық құбырларды, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді күрделі емес слесарлық және өлшеу құралдарын, арнайы құрал-саймандар мен арнайы жарақтарды қолдана отырып бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, жөнделетін жабдықтың тораптары мен бөлшектерін ауыстыру кезінде күрделі емес такелаждық жұмыстарды орындау;
бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу;
бөлшектелген бөлшектерді тазалау, жуу және сүрту;
қарапайым металл және оқшаулағыш құрылымдарды жасау;
цех үй-жайында, ашық алаңда, жабық ыдыстарда электргазбен дәнекерлеушімен бірлесіп жұмыс істеу;
қалайылау және дәнекерлеу үшін бетті тазалау;
жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жөнделетін жабдықтың бөлшектерін және өндірістік үй-жайларды дезактивациялау;
қорғаныс экрандарын, санитарлық шлюздерді, ескерту қоршауларын орнату.
жөнделетін жабдық пен оның тораптарының, құбырлардың жұмыс істеу принципін, орналасуы мен мақсатын;
реакторлық-турбиналық жабдықтың қарапайым тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру бойынша жұмыстарды орындау жолдарын;
күрделі емес слесарлық және өлшеу құралының, арнайы құрал мен арнайы жарақтың мақсатын және қолдану тәртібін;
қол, электрлендірілген және пневматикалық құралдармен жұмыс істеу кезінде қорғау және сақтандыру құралдарын пайдалана отырып, атом электр станциясының жұмыс істеп тұрған цехтарында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәртібін;
мүкәммалдық ормандарды орнату тәртібін;
қарапайым такелаж жұмыстарын орындау тәсілдерін;
қарапайым такелаж құралдарының құрылысын және пайдалану тәртібін;
жүктерді ілмектеу тәртібін;
жылу тасымалдағыштың ортасына байланысты құбырлардың ерекше бояуды;
құбыржолдардың құрылысы мен орналасу схемаларын, оларды арналарда, тоннельдерде, қабырғалар мен бағаналар бойынша төсеу және бекіту тәсілдерін;
агрессивті орталармен жұмыс істейтін тиек, сақтандырғыш және реттеуші арматураның, жабдықтың құрылымы мен мақсатын;
дезактивациялайтын ерітінділермен жұмыс істеу тәртібін;
«ластанған» жабдықты жөндеу кезінде бөлшектерді дезактивациялауды орындау тәсілдерін;
жеке және топтық қорғау құралдарын қолдану тәртібін;
материалтану негіздерін.
1) төмен қысымды арматура-тығыздамаларды үзу;
2) бөлшектер-бос өлшемдер шегінде аралау, әртүрлі бұрыштарда кесу, бұрандаларды кесу, тесіктерді бұрғылау;
3) турбиналық ротор дискілері-кір мен тоттан тазарту;
4) тойтармалар – кесу;
5) майлау жырашықтары - нобай бойынша шабу;
6) сорғылар-бөлшектеу, кірден және қақтан тазарту;
7) турбина корпусын қаптау-бөлшектеу және құрастыру;
8) мойынтіректер-майлау ауыстыру;
9) асбестен, резеңкеден, картоннан, паротиттен жасалған қарапайым конфигурациялы төсемдер-жасау;
10) реакторлар-жылу оқшаулағышты ауыстыру;
11) құбырлар-тасымалдау;
12) фаскалар - дәнекерлеуге алу.
42-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
реакторлық-турбиналық жабдықтардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, азот-оттегі станциясы жабдықтарының, арнайы су тазалау және қосалқы жылу механикалық жабдықтардың күрделі емес тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу;
түсіру-тиеу және қайта тиеу машиналарының көмегімен жылу бөлетін элементтерді құрастыруға және тасымалдауға дайындау;
натурадан күрделі емес бөлшектердің эскиздерін жасау;
болат және жез құбырларды біліктеу;
күрделі конфигурациялы төсемдерді белгілеу және дайындау;
дәнекерленген қосылыстардың дефектоскопиясына дайындық жұмыстары;
дәнекерлеудің негізгі компоненттері ретінде қалайы, мыс, күмісті қолдана отырып дәнекерлеу;
күрделі емес конфигурациялы табақты және профильді металды газбен кесу және дәнекерлеу;
орталықтан тепкіш сорғыларды жөндеу;
механизацияның қарапайым құралдарының көмегімен бөлшектер мен тораптарды ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу, орнату бойынша такелаждық жұмыстарды орындау;
пайдаланылған бөлшектер мен радиоактивті қалдықтарды көмуге беру.
жөнделетін жабдықтың, қолданылатын жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің құрылысын;
реакторлық-турбиналық жабдықты бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық жүйелілігін;
орталықтан тепкіш сорғылардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;
отын құрастырмаларының құрылысын және мақсатын;
пайдаланылған бөлшектер мен радиоактивті қалдықтарды көмуге беру тәртібін;
радиациялық қауіпсіздік тәртібін;
болат құбырлар мен жез түтікшелерді біліктеу технологиясын;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін;
слесарлық құралды шыңдау, босату және қайрау тәртібін;
орта параметрлеріне байланысты фланецтерге, құбырларға, арматураға, төсемдерге және бекіту материалдарына қойылатын техникалық талаптар;
арнайы құралдың, айлабұйымдар мен күрделілігі орташа өлшеу құралдарының құрылысын және мақсатын;
шақтамалар мен қонулар, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін;
сызбалар мен схемаларды оқу тәртібін;
орындалатын жұмыс көлемінде механика, жылу техникасы, электротехника негіздерін.
1) бу-су бекіткіш, реттеуші, сақтандырғыш арматура-тығыздағыш сақиналарды, орындықты және клапанды ысқылап жөндеу;
2) біліктер-тегістеу;
3) декарбонизаторлар, жылу алмастырғыштар-жөндеу, құрастыру;
4) бекіту бөлшектері - бұрандаларды айдау және калибрлеу, сынған шыбықтарды алып тастау;
5) кілтекті жырашықтар-белгілеу, шабу және қиыстырып келтіру;
6) отыны бар кассеталар-тарқату, құрастыруға дайындау;
7) жару, бекіту-реттеу клапандары-бөлшектеу және жөндеу;
8) цилиндр қақпақтары-шешу, жөндеу, орнату және тарту;
9) турбина қалақтары-тойтармаларды алып тастау, тесіктерді бұрғылау;
10) металл конструкциялары-элементтерді дайындау;
11) орталықтан тепкіш сорғылар-бөлшектеу, ревизия, құрастыру;
12) термобақылау келтеқұбырлары, реактордың ажыратқышы-шпилькаларды ауыстыру, сынған шпилькаларды алып тастау;
13) сырғу және тербелу мойынтіректері-ауыстыру;
14) штоктық ұңғылау-мойынтіректер торабын ревизиялау, майлауды ауыстыру, бекіту болттарын тарту;
15) диаметрі 200 миллиметрге дейінгі сорғылардың жұмыс дөңгелектері-статикалық теңгеру;
16) реакторлардың ажыратқыштары-тарту және нығыздау;
17) құбырлар-құбырлардың ұштарын кесу және өңдеу, дәнекерлеу жіктерін тазалау, құбырларды ию;
18) термобақылау фланецтері-төсемдерді тексеру, жөндеу, ауыстыру;
19) электр жетектері - жетекті бекіту шпилькаларын, маховикті ауыстыру, майлауды ауыстыру.
43-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
пневматикалық және электрлендірілген арнайы құралдарды, арнайы айлабұйымдар мен өлшеу құралдарын қолдана отырып, негізгі және қосалқы реакторлық-Турбиналық жабдықтардың, жүк көтергіш машиналар мен күрделілігі орташа механизмдердің тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
орнату және белгілеу шаблондарын жасау;
жөнделген жабдықты гидравликалық сынау, ақауларды анықтау және жою;
бөлшектерді 7-10 квалитеттер бойынша қиыстыра және жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
арматура, компенсаторлар, тіректер мен аспалар орната отырып, техникалық шарттарды сақтай отырып, барлық санаттағы құбыржолдардың сызбалары мен схемалары бойынша төсеу;
отынды контейнерден түсіру, отын кассеталарын қосу, пайдаланылған кассеталарды оларды одан әрі өңдеу үшін бөлу;
арнайы арматура мен арнайы жабдықтарды жөндеу және реттеу;
жүк көтергіш механизмдер мен арнайы айлабұйымдардың көмегімен реакторлық-турбиналық жабдықтың тораптары мен бөлшектерінің тік және көлденең орын ауыстыруы бойынша такелаждық жұмыстарды орындау;
такелаж жабдықтары мен жарақтарын сынау.
негізгі және қосалқы реакторлық-турбиналық жабдықтардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің құрылысын;
атом электр станциясының технологиялық схемаларын, құбырларды төсеу схемаларын;
жөнделген жабдықты реттеу және орталықтандыру жөніндегі жұмыстарды орындау тәртібін;
реакторлық-турбиналық жабдықтың жұмыс процесінде туындайтын негізгі ақаулықтардың түрлерін, оларды жою әдістерін;
реакторлық-турбиналық жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын жөндеуге, құрастыруға, реттеуге және дайындауға арналған техникалық шарттар;
сорғылардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;
мойынтірек құрылғысын;
реакторлық-турбиналық жабдықты жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтардың, арнайы құралдар мен айлабұйымдардың конструктивтік ерекшеліктерін;
отынды қайта тиеу технологиясын және түсіру-тиеу және қайта тиеу машиналарының жұмыс істеу принципін;
отынның жылу бөлетін құрамаларын тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптар;
радиоактивті сәулелерден қорғау тәсілдерін;
радиоактивті заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясы және сәулелену деңгейін;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбыржолдарға сынақтар жүргізу тәртібін;
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелерін;
жабдықты жөндеуге шығару тәртібін және жөндеу персоналын жабдықты жөндеуге жіберу тәртібін;
электротехника, механика, гидравлика, жылу техникасы және материалтану негіздерін.
1) арматура-бірінші контурдың арнайы арматурасын тексеру, жөндеу және ысқылау, тығыздығын сынау;
2) реакторлардың жылу оқшаулау блоктары-отырғызу беттерін жөндеу;
3) қорғаныс құбырларының блоктары-отырғызу беттерін жөндеу;
4) жүк көтергіш механизмдер-редукторларды, барабандарды, ілгекті аспаны, трансмиссиялық біліктерді, доңғалақ жұптарын, мойынтіректерді жөндеу;
5) мембраналық типтегі компрессорлар-жөндеу;
6) конденсаторлар-түтіктерді ауыстыру;
7) реакторлардың қақпақтары-коннектордың бетін ажарлау және шабалау;
8) турбина қалақтары-ауыстыру;
9) май салқындатқыштар-түтіктерді ауыстыру, ағуды жою, гидравликалық сынау;
10) планетарлық механизмдер-жөндеу;
11) плунжерлік, бұрандалы, тісті сорғылар - тығыздау тораптарын бөлшектеу, ақауын табу, қалпына келтіру, құрастыру және реттеу;
12) арнайы су тазалау жабдығы - булау қондырғыларының, сүзгілердің ақауларын анықтау және жою;
13) бу генераторлары-коллекторларды, люктерді нығыздау, тығыздау;
14) жоғары қысымды жылытқыштар - иректүтіктерді ауыстыру;
15) сырғу және тербелу мойынтіректері-жапсырманы қайта құю, саңылауларды анықтау;
16) арналардың тығындары-бөлшектеу, ревизия, құрастыру;
17) диаметрі 200 миллиметрден астам сорғылардың жұмыс дөңгелектері-статикалық теңгеру;
18) редукторлар-бөлшектеу, реттеу, құрастыру, сынау;
19) арнайы жабдықтау, арнайы жабдықтар-тексеру, жөндеу;
20) жылу алмастырғыштар-құбырларды жөндеу, ауыстыру, ағуды жою;
21) құбырлар - зақымдалған бекітпелерді ауыстыру және жөндеу;
22) арнайы су тазалау сүзгілері - дренаж жүйесін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
23) басқару және қорғау жүйесінің қаптары - басты ажыратқыштардың отыратын орындарын ысқылау.
44-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
реакторлық-турбиналық жабдықтың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің күрделі тораптарын, бөлшектері мен механизмдерін, бөлшектерін ауыстыра отырып, түсіру-тиеу және қайта тиеу машиналарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау, реттеу, баптау;
бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша қиыстыра және жетілдіре отырып слесарлық өңдеу;
жөнделетін машиналар мен механизмдердің айналатын бөлшектері мен тораптарының жұмысын тексеру, дірілдің мөлшерін және оны тудыратын себептерді анықтау, дірілді жою;
аса күрделі бөлшектерді белгілеу;
бөлшектердің одан әрі жұмысқа жарамдылығын және оларды қалпына келтіру мүмкіндігін айқындау;
жөнделетін жабдық пен арматураның тораптары мен бөлшектерінің ақауларын анықтау, тозу себептері мен дәрежесін айқындау;
әртүрлі параметрлердегі арматураны қалпына келтіріп жөндеу;
жабдықты жөндеуге ақаулы ведомостарды жасау;
жөндеуден кейін қосалқы жабдықтың жұмысын тексеру және оны пайдалануға тапсыру;
реакторлық-турбиналық жабдықтың күрделі тораптарын, бөлшектері мен элементтерін ауыстыру, құрастыру, бөлшектеу және орнату бойынша такелаждық жұмыстарды орындау;
сақтандырғыш клапандарды баптау және сынау, бу генераторының, көлем компенсаторының, басты тиек ысырмасының төсемаралық кеңістіктерін, аймақтың авариялық салқындату жүйесінің гидроемкостикасын пневмо сынау.
жөнделетін жабдықтың, атом электр станциясының технологиялық жүйелерінің, құбырлардың, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің конструктивтік ерекшеліктерін;
роторларды статикалық және динамикалық теңгерімдеуді жүргізу тәртібін, тәсілдерін;
жекелеген құбырларға, иректүтіктерге гидравликалық сынақ жүргізу тәртібін;
тісті берілістерді құрастыру, орнату, бекіту және орталықтандыру тәртібін;
отыны бар кассеталардың аспаларын құрастырудың, реактор арналарын жөндеу және ауыстыру технологиясы мен техникалық шарттарын;
қысыммен және радиоактивті орталармен жұмыс істейтін ыдыстарға, құбыржолдарға, фланецті қосылыстарға, арматураның нығыздаушы беттеріне, такелаждық жабдыққа, керек-жараққа, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерге қойылатын талаптар;
реакторлық-турбиналық жабдықтың жекелеген элементтері мен бөлшектерінің тозу нормаларын;
механизмдердің тозған айналмалы тораптарын, құбырларды жарамсыз ету тәртібін;
дәнекерленген жіктер мен қоспаланған болаттан жасалған құбыр ию орындарын термоөңдеу әдістерін;
санитарлық нормалар және зиянды заттар мен сәулеленудің шекті рұқсат етілген концентрациясын;
цехта такелаж жұмыстарын орындау тәртібін.
1) арматура-басты тиек ысырмаларын жөндеу;
2) желдеткіштер-роторды тексеру және жөндеу, статикалық және динамикалық теңгеру;
3) газ үрлегіштер-роторды жөндеу, саңылауларды өлшеу;
4) дроссельді-реттеуші клапандар-жөндеу;
5) бу генераторларының коллекторлары-тығыздау торабының герметикалығын анықтау, тығыздау бетін жөндеу;
6) көлемді компенсаторлар-төсемаралық кеңістікті пневматикалық сынау;
7) компрессорлар-бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау;
8) барлық үлгідегі сорғылар-бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
9) арнайы су тазалау жабдығы-ақауларды анықтау, жөндеу, сынау;
10) арматураның пневможетектері-жөндеу;
11) реакторлар-термобақылау құбырлары мен келте құбырларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
12) турбиналар роторлары-жартылай муфталарды жұптастыру, саңылауларды тексеру;
13) реактор қабығының герметикалығын бақылау жүйесі-реттеу және жөндеу;
14) турбиналарды реттеу жүйесі-тораптарды жөндеу және баптау;
15) түсіру-тиеу машинасының скафандры-бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
16) жоғары қысымды арнайы арматура-тығыздайтын беттерді қалпына келтіру, шпилькалардың тартылуын бақылай отырып, фланецті ағытпаны керу;
17) бу тарату торабы-жөндеу және баптау;
18) блоктық тұзсыздандыру қондырғысының сүзгілері-бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
19) аралас әрекеттегі сүзгілер-бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
20) кассеталардың қаптары - жөндеу және қайта тиеу.
45-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 6-разряд
күрделі арнайы құралдар мен айлабұйымдарды, механикаландыру құралдарын, өлшеу құралдарын, такелаждық жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалана отырып реакторлық-турбиналық жабдықтың күрделі тораптары мен механизмдерін демонтаждау, бөлшектеу, реконструкциялау, қалпына келтіру, құрастыру, монтаждау, сынау және реттеу;
бу генераторын гидравликалық сынауға қатысу;
турбоагрегатты реттеу, қорғау және бу тарату жүйесінің тораптарын жөндеу және баптау;
басқару және қорғау жүйесінің отын кассеталары мен өзектерін құрастыру және орнату;
бақылау-диагностикалық жүйелердің және түсіру-тиеу машинасының автоматты басқару жүйелерінің жұмысын тексеру және ақаулықтарын анықтау;
дайындалған бөлшектердің сапасын және өлшемдерінің сызбаларға сәйкестігін тексеру;
өлшеу жүргізу және формулярларды толтыру;
реакторлық-турбиналық жабдықтардың жөнделген тораптарының жұмысын тексеру және пайдалануға тапсыруға дайындау;
реакторлық-турбиналық жабдықтарды, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді жөндеу және баптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
ерекше сақтықты талап ететін жабдықтың ірі габаритті тораптарын ауыстыру бойынша такелаждық жұмыстарды орындау.
жөнделетін негізгі және қосалқы реакторлық-турбиналық жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың техникалық сипаттамаларын, кинематикалық және гидравликалық схемаларын;
жөнделген жабдықты бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау тәсілдерін;
реакторлық-турбиналық жабдықтың тораптарына, бөлшектері мен механизмдеріне рұқсат етілген жүктемелер, оның ақаулықтары мен сынуларының алдын алу бойынша алдын алу шараларын;
жөнделетін жабдықтың оңтайлы жұмысының негізгі техникалық көрсеткіштерін, негізгі зақымданулардың түрлерін;
отынды тасымалдау, жинау және сақтау, реактор арналарын жөндеу және ауыстыру технологиясын;
басты, қоректендіргіш және сорғыту құбырларының, май жүйесінің, турбиналық қондырғыны реттеу, қорғау және бу тарату жүйесінің схемаларын;
бақылау-диагностикалық жүйелердің, түсіру-тиеу машинасын басқарудың жартылай автоматты және автоматты жүйелерінің технологиялық схемаларын;
атом электр станциясының технологиялық жабдығын жөндеу жөніндегі басшылық нұсқаулар мен нұсқаулықтар, жөнделетін жабдықтың тораптары мен бөлшектерін дезактивациялау жөніндегі тәртіп пен нұсқаулықтар;
қоршаған орта параметрлеріне байланысты жөндеу кезінде қолданылатын материалдар мен арматуралардың сапасын анықтау әдістерін;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, құбырларды, көтергіштерді, крандарды куәландыру мерзімдерін;
такелаждық айлабұйымдар мен жарақтарды, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді сынау және сақтау тәртібін;
реакторлық-турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін.
1) турбиналар біліктері-жейдені ауыстыру, майысуларды түзету;
2) қысым компенсаторлары мен гидроемкостердің импульсті-сақтандырғыш құрылғыларының бас сақтандырғыш клапаны-жөндеу, баптау, сынау;
3) турбиналардың тіреу роторларының дискілері-жазықтықтарды ажарлау және ұштық соғуды жою;
4) көлемді компенсаторлар-ағуды жою;
5) криогенді қондырғылар-жөндеу, сынау;
6) Барлық үлгідегі сорғылар-жүктемемен сынау;
7) турбиналардың тірек-тірек мойынтіректері, генераторлардың тығыздаушы мойынтіректері-жөндеу, құрастыру;
8) бу генераторлары - жөндеу, гидравликалық сынау;
9) ағындарды бөлгіштер-ревизиялау;
10) реакторлар-корпусішілік құрылғыларды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реактордың бас қосқышының нығыздау бетін жөндеу және тексеру;
11) отын жинақтары-стендте тексеру, ақауларды жою;
12) тоңазытқыш агрегаттары-жөндеу, сынау;
13) турбиналардың цилиндрлері - жоғарғы жартысын жиектеу.
46-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 7-разряд
реакторлық-турбиналық жабдықтың күрделі тораптары мен механизмдерін жөндеу және баптау, оның жұмыс процесінде туындайтын ақаулықтарды жою;
механикалық, гидравликалық және оптикалық жүйелерді баптау бойынша жұмыстарды орындау.
реакторлық-турбиналық жабдықтардың жөнделетін күрделі тораптары мен механизмдерінің құрылымдық ерекшеліктерін, кинематикалық, гидравликалық және оптикалық жүйелерін;
жөнделген жабдықты диагностикалау, жөндеу, құрастыру және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістерін;
реакторлық-турбиналық жабдықтың жұмыс істеп тұрған бөлшектеріне, тораптарына, механизмдеріне рұқсат етілген жүктемелер және олардың ақауларының алдын алу бойынша алдын алу шараларын жүргізу тәсілдерін;
күрделі жабдықты жөндеудің, сынаудың және пайдалануға берудің технологиялық процестерін.
1) біліктер-электрондық аспаптардың көмегімен орталықтандыру;
2) түсіру-тиеу машиналары - скафандрды күрделі жөндеу, түсіру-тиеу машиналарын бағыттаудың оптикалық аспабын жөндеу;
3) турбиналардың ағынды бөлігі - оптикалық орталықтандыру;
4) турбиналар роторлары-статикалық және динамикалық теңгеру;
5) турбиналарды реттеу жүйесі-тоқтатылған турбинадағы сипаттамаларды баптау және алу;
6) әуе турбожазытқыш машиналарын реттеу жүйесі-күрделі жөндеу, баптау;
7) технологиялық арна - ақаулы учаскелерді ауыстыру және жөндеу;
8) турбокомпрессор, турбодетандер - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.
47-параграф. Реакторлық-турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, 8-разряд
реакторлық-турбиналық жабдықты жөндеу бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау;
реакторлық-турбиналық жабдықтардың жүйелері мен механизмдерін кешенді баптау және оны жұмыстың берілген параметрлеріне шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу.
жөнделетін аса күрделі реакторлық-турбиналық жабдықтың құрылымын, кинематикалық, гидравликалық және оптикалық жүйелерін;
жабдықты диагностикалау, жөндеу және баптау үшін бақылау-өлшеу аспаптары мен стендтерді пайдалану тәртібін;
ерекше күрделі реакторлық-турбиналық жабдықты жөндеудің, сынаудың және пайдалануға берудің технологиялық процестерін.
1) «ыстық» камералар-манипуляторлар мен оптикалық тораптарды баптау;
2) түсіру-тиеу машиналары-түсіру-тиеу машиналарының жүйелері мен тетіктерін кешенді баптау;
3) реакторлар-тораптарды арнайы жабдықты, телевизиялық жүйелерді, оптикалық аспаптарды қолдана отырып жөндеу;
4) турбиналар роторлары-турбина роторлары мен генератордың білік желісін орната отырып, еңістер, майшамалары және жартылай муфталар бойынша орталықтандыру;
5) турбиналарды реттеу және бу тарату жүйесі-бос жүрісте және жүктемеде сипаттамаларды баптау және алу, қауіпсіздік автоматының реттегішін баптау;
6) реакторлардың арнайы бұйымдары-реактордың технологиялық арналарына құрастыру және орнату;
7) технологиялық арналар - қатты қатып қалған кезде алу.
48-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері, 2-разряд
тұрақты және ауыспалы ток өлшеу құралдары мен аппаратураларының, қарапайым реле мен өлшеу құралдарының механикалық бөліктерінің қарапайым электр жабдықтарының релесін бөлшектеу және құрастыру;
өлшеу құралдары мен аппаратураларының тораптары мен бөлшектерін жуу және тазалау, контактілер мен контакті үстіңгі қабаттарын тазалау;
бөлшектерді мөлшеріне дейін арамен кесе отырып өңдеу жөніндегі қарапайым слесарлық операцияларлы орындау;
беттерді бояулармен таңбалау және қарапайым бояу, бөлшектерді тоттануға қарсы майлау;
электр өлшеу жабдықтары мен аппаратурасын тасымалдау үшін буып түю;
релелік қорғау мен автоматиканың қарапайым аппаратурасын жөндеу және қызмет көрсету;
стенділерге өлшеу құралдарын орнату және оларды біліктілігі анағұрлым жоғары электр монтерінің басшылығымен тексеру үшін желіге қосу.
релелік қорғаныс мақсаты, қорғаныс тізбектері және басқару автоматикасы туралы жалпы ұғымдар;
релелік қорғау, қорғау және басқару автоматиканың қарапайым аппаратурасын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі күрделі емес жұмыстарды орындау тәртібін;
аппаратураны жөндеу кезінде қолданылатын материалдары туралы жалпы деректерді;
майлы бояулар мен еріткіштермен жұмыс істеу тәртібін;
слесарлық және монтер құралының нысанын және олармен жұмыс істеу тәртібін;
қарапайым тексеру және өлшеу аппаратуралары мен айлабұйымдарының атауы мен нысанын;
қайталама коммутация желілерін тексеру тәсілдерін.
49-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері, 3-разряд
күрделі емес аппаратураларды бөлшектеу, түгендеу, жөндеу және қарапайым қорғаныстарды реттеу;
релелік қорғаныс және автоматика тізбелерінде («АЕ» және «АЛ-50» типтес) орнатылған автоматты ажыратқыштарды бөлшектеу, түгендеу, жөндеу;
салыстырып тексеру және өлшеу аппаратурасымен жұмыстар;
изоляция материалдарын өңдеу;
сызбалар, тәсімдер мен эскиздер бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау;
қарапайым бөлшектерге арналған сызбаларды, тәсімдер мен эскиздерді жасау.
реленің сыныптамасы мен әрекет ету принципін;
релелік қорғаныс және автоматика тізбелеріне орнатылған автоматтардың құрылымы мен қорғаныс сипаттамаларын;
күрделілігі орташа реленің механикалық және электр бөліктерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу жөніндегі жұмысты жүргізу тәртібін;
тұрақты және ауыспалы оперативтік токтың қоректендіру көздері мен схемаларын;
ток пен кернеуді қорғауды, реттеуді тексеруге арналған аппаратураны пайдалану тәртібін;
оқшаулау кедергісін тексеру және оны жоғары кернеумен сынау тәсілдерін;
релелік қорғаныс және автоматика, қайталама коммутация тізбектерінің құрылғысын;
әмбебап және арнаулы айлабұйымдардың, монтер құралы мен өлшеу жабдықтарының құрылымын;
аппаратураны реттеу және пайдалану жөніндегі техникалық сипаттамалар мен нұсқаулықтарды;
электротехника және телеавтоматика негіздерін.
50-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері, 4-разряд
күрделілігі орташа релелік қорғау панельдеріне орнатылған жабдықтың ақауларын бөлшектеу, түгендеу, құрастыру, техникалық қызмет көрсету және ақауларын жою;
күрделілігі орташа релені ашып, кинематика, электр жүйесі механизмдерінің ақауларын жоя отырып, реттеп теңгермелеп, бөлшектерін ауыстырып жөндеу және реттеу;
күрделі реле қорғанысы жабдықтарын ішінара жөндеу;
орташа күрделі қорғаныстарды, күрделілігі орташа қорғану құралдарын, электромагнитті құрылғыларды тексеруге арналған сынама құралдары жиынтығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
«ДЭШ-110», «УРОВ-110» үлгісіндегі қорғану панельдерін, жабдықтарды, осциллографтар мен тіркеуші құралдарды, қайталап қосу автоматикасы мен резервті автоматты қосуды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, қайта монтаждау, ақауларын жою;
күрделілігі орташа релелік қорғану және автоматика жабдықтарын, өлшеу трансформаторларын, элегазды және вакуумды ажыратқыш приводтары мен қайталама коммутация тізбелерінің изоляциясын сынау құралдарын тексеру және реттеу үшін құрастыру.
қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сипаттамаларын;
электротехникалық құралдардағы зақымдану түрлерін;
қорғаныс құрылғылары әрекетінің селективтілігі шарттарын;
электромагнитті және индукциялық принциптегі реле құрылымын;
дистанциялық приводты ажыратқыштың дабылдату және басқару принциптік схемаларын;
қуатты сыйымды бөлу схемаларын;
ток трансформаторларының дәлдігіне қойылатын талаптарды;
ең жоғары токтан қорғануға, токтан ажыратуға, дифференциалдық, газды, дистанциялық қорғануға қойылатын талаптарды;
қайталап қосу автоматикасы құрылғысының нысанын;
резервті қосу автоматикасы нысанын және оларға қойылатын негізгі талаптарды;
жартылай өткізгіш приборларды (диодтарды, транзисторларды, тиристорларды) қосудың негізгі параметрлері мен схемаларын;
қорғануды тексеруге арналған аппаратураны;
қорғану құралдарын тексеруге арналған сынама құралдары жиынтығымен жұмыс істеудің әдістері мен тәртібін;
релелік аппаратураның техникалық сипаттамаларын;
электроника және жартылай өткізгіш техника негіздерін.
51-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтері, 5-разряд
электр қозғағыштарының, генераторлардың, трансформаторлардың, синхронды компенсаторлардың, кабель желілері мен жоғары вольтті электр беру желілерінің күрделі қорғану құрылғыларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және техникалық қызмет көрсету;
релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарына, аппаратураларына ақау ведомостарын жасау;
реле, құралдар мен жабдықтардың, аппаратуралардың, автоматиканың, кинематика механизмдерінің механикалық және электр бөліктеріндегі тозған бөлшектерді дәл өлшеу құралы мен айлабұйымдарын пайдалана отырып, күрделі жөндеу және құрастыру жұмыстары;
бақылау қондырғыларын тексеру, жөндеу және баптау;
интегралды микротәсімдердағы релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарының жекелеген элементтерін сынау және баптау;
құрамында полярлендірілген және кодты реле, жартылай өткізгіш интегралды элементтер бар күрделі аппаратура мен қайталама коммутация тізбелерінің изоляциясын сынау;
генераторлардың, трансформаторлардың, электр беру желілерінің кабель және ауа тораптарының реле қорғаныстарының сипаттамаларын сынау және түсіру;
инженердің немесе мастердің басшылығымен реле қорғаныстары мен құрылғыларын тексеруге және баптауға арналған күрделі сынау схемаларын құрастыру.
коммутация схемасын;
жұмыс режимі және генераторлардың, трансформаторлардың, электр қозғалтқыштарының, электр берудің кабельдік және әуе желілерінің қорғанысы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер;
релелік қорғау мен автоматиканың принципті, біріктірілген, кеңейтілген және монтаждық схемаларын оқу тәртібін;
жоғары жиіліктегі қорғаныстардың нысаны мен түрлерін;
ауыспалы жедел токтағы қорғануды орындаудың негізгі тәсілдерін;
электр беру желілерінің, трансформаторлар мен подстанция шиналарының желілерін автоматты қайта қосу нысанын;
күрделі реле, қорғану панелі мен автоматиканы реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарын;
механика, физика, электроника және радиотехника негіздерін.
52-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтері, 6-разряд
аса күрделі релелік қорғаныс аппаратурасы мен автоматика бөлшектерінің ақауларын, тозу деңгейінің есебі мен деңгейін анықтау және жою;
электр аппаратурасын жөндеу;
реленің, жоғары биіктіктегі қорғаныс блоктарының, приборлар мен аппараттардың механикалық және электр бөліктерінің ақауларын анықтау және жөндеу жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;
«REST» автоматикасын қосу, күрделі бөлшектерді қалпына келтіру;
аса күрделі қорғаныс панельдерін монтаждау;
электр-өлшеу аппаратураларымен, осциллографтармен, жоғары жиіліктегі өлшеуіштермен және генераторлармен жұмыс істеу;
күрделі тексеру аппаратурасын баптау және жөндеу;
реле қорғанысы мен автоматикасын әдеттегіден тыс арнайы сынауды жүргізуге арналған күрделі тәсімдерін құрастыру;
реле қорғанысы мен автоматикасын тексеруге арналған кешенді құрылғыларға қызмет көрсету;
аса күрделі реле қорғаныстары мен автоматика құрылғыларын инженердің немесе мастердің басшылығымен тексеру.
174 . Білуге тиіс:
аса күрделі реле қорғаныстарын, автоматика мен қайталама коммутация тізбелерін жөндеу, реттеу, тексеру және пайдалану жөніндегі техникалық сипаттамалар мен нұсқаулықтарды;
блоктаушы құрылғылардың нысаны мен схемаларын;
жоғары жиіліктегі блокировкалы қорғаныстардың әрекет ету принциптерін;
ауыспалы режимдер, энергожүйелердегі тұрақтылық пен тербелістер туралы ұғымдарды;
релелік қорғаныстар мен векторлық диаграммалардың сипаттамаларын алу және құру тәртібі және оларды талдау;
интегралдық микротәсімдердегі және микропроцессорлы қорғаныстағы қорғаныс панельдері мен автоматиканың құрылымдық схемаларын.
53-параграф. Релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтері, 7-разряд
интегралды микротәсімдер мен микропроцессорлық құрылғылар базасында жасалған релелік қорғаныс және автоматиканың күрделі құрылғыларын, кешенді тексеру құрылғылары мен автоматты тексеру қондырғыларын жөндеу мен баптау.
күрделі релелік қорғаныс және автоматика аппаратураларын жөндеу, баптау, тексеру және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларындағы ақауларды анықтау және іздестіру тәсілдерін;
күрделі электронды өлшеу аппаратурасымен жұмыс істеу тәртібін;
қорғаныстың және интегралды микротәсімдердағы автоматиканың панельдері мен құрылғыларының схемаларын.
54-параграф. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 2-разряд
станциялардың, шағын станциялардың тарату құрылғыларын, трансформаторлар мен ендірмелерді жөндеген және техникалық тексерген кездегі қосымша жұмыстар;
бөлшектерді 12-14 сапалық белгі бойынша (нақтылықтың 5-7 сыныбы бойынша) слесарлық өңдеу;
қарапайым металл және оқшаулау құрылымдарын жасау;
жабдықтың демонтаждалған және жинақталған бөлшектерін тазалау, жуу және сүрту;
түйіспелер мен түйіспе беттерді тазалау;
слесарлық құралдарды, керек-жарақты, аспаптар мен материалдарды жұмыс орнына апару, жұмысқа дайындау және жинау;
қалайылау және дәнекерлеу үшін беттерді тазалау;
кернеуі 10 киловольтқа дейінгі тарату құрылғыларының жабдықтарын, кірмелерін - 35 киловольтқа дейінгі кірмелерді, қуаты 1000 киловольт-амперге дейінгі майлы және құрғақ күштік трансформаторларды, кернеуі 10 киловольтқа дейінгі орамдарын ауыстыра отырып, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
электр қозғалтқыштардың, электр аппараттардың және электр аспаптардың қарапайым түйіндері мен бөлшектерін бөлшектеу, жөндеу және жинау;
қарапайым жарық беруші арматура құрылғысы мен шағын жарықтандырғыш құралды орнату;
тарату қорабын, сақтандыру қалқандарын монтаждау, демонтаждау және жөндеу;
қосуды реттеуші қарапайым аппаратураны тексеру және жөндеу;
біліктілігі анағұрлым жоғары электр слесарінің басшылығымен күрделі емес такелаждық жұмыстар;
бояу жұмыстарын орындау.
тарату жабдықтарының, күшті, дәнекерлеу және өлшеу, төмен вольтті және жоғары вольтті трансформаторлардың, тұрақты және ауыспалы ток электр қозғалтқыштары кірмесінің нысаны, құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы жалпы мәліметтерді;
слесарлық, монтерлік және өлшеу құралының, аспаптар мен қорғау құралдарының нысаны мен құрылысы;
тарату құралдарын техникалық тексеру және жабдықты жөндеу кезінде күшті және өлшеу трансформаторлары үшін кірмелерді бөлшектеу, жинау және арматурлау кезінде жұмыстарды орындау тәртібін;
жүк көтергіш механизмдерге қойылатын жалпы талаптарын;
кранмен жұмыс істеген кезде сигнализация;
электр материалдарының негізгі түрлерін, олардың қасиеттері мен нысанын.
55-параграф. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 3-разряд
кернеуі 10 киловольтқа дейінгі жабық тарату құралдарының электр жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және жинау;
орамдарды өзгертпей күрделі жөндеу;
кернеуі 35 киловольтқа дейінгі 10 мың киловольт-амперге дейінгі қуатпен қоздырмай қайта қосу құрылғысы бар жалпы мақсаттағы трансформаторларды техникалық тексеру;
кернеуі 10 киловольтқа дейінгі қоздырмай ауыстыру құрылғысы бар трансформаторлардың орамасын ауыстыру арқылы күрделі жөндеу;
кернеуі 35 киловольтқа дейінгі кірмелерді бөлшектеу, жинау, арматурлау, герметикалыққа сынау;
ұштамаларды қалайылау және дәнекерлеу, дәнекерлеу лампасымен жұмыс істеу;
бөлшектерді 11-12 сапалық белгі бойынша (нақтылықтың 4-5 сыныбы бойынша) слесарлық өңдеу;
бакелит бұйымдарды жөндеу, сіңдіру, вакуум-кептіру;
ток пен фарфор оқшаулағыш бойынша ток өткізгіш қадалықтарды іріктеу;
майды дегаздау, цеолитті қалпына келтіру, майды цеолитпен кептіру бойынша технологиялық құрылғылардағы жұмыс;
вакуумды сорғылар мен компрессорларға қызмет көрсету;
механизмнің қарапайым құралдарының көмегімен такелаждық жұмыстарды орындау;
тебілу және сырғанау мойынтірегін ауыстыру, электр қозғалтқыштарын тексеру, электр құралдарын, электр магниттік, магнитоэлектр және электродинамика жүйесін бөлшектеу, жөндеу, жинау және баптау;
кернеуі 2500 вольттан жоғары мегомметрмен трансформаторлар орамдарының, кабельдердің шықпалары мен кірмелерінің оқшаулау кедергісін тексеру және өлшеу.
бастапқы коммутацияның принциптік схемаларын және электр жабдығының шартты белгілерін;
электр станциялар мен шағын станциялардың тарату құрылғыларының құрылысын;
құрғақ, майлы, екі орамалы күштік трансформаторлардың конструкциясын және жұмыс принципін;
еріткіштер мен эмальді, глетоглицерин сылақты пайдалана отырып жұмыс жүргізу тәртібін;
кернеуі 35 киловольтқа дейінгі кірмелер үшін сынау кернеуінің нормаларын;
ашық тарату құрылғыларының жабдықтары мен қосу шиналарын жөндеу және алдын алу кезіндегі жоғары өрмелеу жұмыстарының жолдарын;
майды, вакуум сорғыларды дегаздау, газдан қорғау жөнінде технологиялық құрылғның құрылысы және жұмыс істеу принципін;
кірмелердің бұзылу белгілері және оларды жою тәсілдерін;
электротехника жөнінде жалпы мәліметтер.
56-параграф. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 4-разряд
жабдықтың кейбір элементтерін ғана ауыстыру арқылы жөндеу, кернеуі 35 киловольтқа дейінгі ашық және жабық тарату құрылғыларының электр жабдықтарын реттеу және баптау;
кез келген қуатты 35 киловольт кернеулі және қуаты 40 мың киловольт-амперге дейінгі 110 киловольт кернеулі қайта қосу құрылғысы бар жалпы мақсаттағы күштік трансформаторларды, кернеуі 35 киловольт дейінгі өлшеу трансформаторларын, кернеуі 35 мың киловольт-амперге дейінгі қуаты 6,3 мың киловольт-амперге дейінгі арнайы құрғақ және майлы трансформаторларды орамдарды ауыстырмай жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
электр, пневматикалық және өлшеу құралын пайдалана отырып, кез келген қуатты және кернеуі 35 киловольтқа дейінгі қоздырмай ауыстыру құрылғысы бар трансформаторлардың орамаларын ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізу;
ақаулы бөлшектерді бөлшектеу, ауыстыру, кернеуі 110 киловольтқа дейінгі герметикалық емес май толтырылған кірмелерді арматурлау, вакуум-кептіру, трансформаторлық маймен толтыру;
цеолитті құрылғыда трансформаторлық майды кептіру және тазалау;
бөлшектерді 7-10 сапалық белгі бойынша (нақтылықтың 2-3 сыныбы бойынша) қиыстыра және жеткізе отырып слесарлық өңдеу;
кірмелер мен сөндіргіштердің ішкі оқшаулағышын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
жылжымалы және жылжымайтын түйіспелер мен доға сөндіргіш құрылғыларды жөндеу;
сөндіргіштердің жетектерінің жай-күйін тексеру және ақаулықтарды жою;
қақпақтарды, бактарды, көтеру және қақпақша құрылғыларын, ауа жинағыштар мен сақтандырушы клапандарды жөндеу;
кернеуі 110 киловольтқа дейінгі белсенді бөлігін ашпай реакторларды, доға сөндіргіш катушкаларды, күштік трансформаторларды жөндеу;
оқшаулағыштар мен бөлгіштерді тексеру және жарамсыз ету;
компрессорлық қондырғыларды жөндеу;
жүк көтергіш машиналардың, механизмдер мен арнайы айлабұйымдардың көмегімен қажетті такелаждық жарақты және жұмысты іріктеу;
кернеуі 35 киловольтқа дейінгі кабельді желілерді монтаждау және жөндеу;
кернеуі 10-нан 35 киловольтқа дейінгі кәбіл желілеріндегі енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды тарқату, бөлшектеу, мөлшерлеу, кәбіл төсеу, соңғы бітеу.
қолданыстағы жабдықта және тарату құрылғыларының жабдықтарында алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізудің тәртібін;
кернеуі 110 киловольтқа дейінгі ашық және жабық тарату құрылғылары құрылысының элементтерін;
жабдық арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық;
электр станциялары мен шағын станцияларының электр жабдықтарын алғаш қосу схемаларын оқу тәртібін;
қызмет көрсетілетін трансформаторлардың, мастико - және маймен толтырылған бакелитті және фарфор кірмелердің құрылымы мен жұмыс қағидаты, оларды жөндеу бойынша операциялардың технологиялық жүйелілігін;
вакуум-кептіру пешінің, ваккум-сорғының, компрессорлы және цеолитті құрылғылардың, токтың берілуін шектейтін реакторлардың, токтың берілуін шектейтін реакторы бар «РПН» үлгісіндегі сөндіріп-жағу құрылғысының, барлық үлгідегі қоздырмай ауыстыру сөндіріп-жағу құралының құрылысы және жұмыс істеу принципін;
қайталама тізбектің тәсімі туралы негізгі мәліметтерді;
жабдықтар мен компрессорлық құрылғыларға сынақ жүргізу әдістерін;
жабдықты жөндеуге шығару және электр құрылғыларында жұмыс істеуге рұқсат алу тәртібін;
жоғары өрмелеу жұмыстарын жүргізу және қысым астында жұмыс істеу тәртібін;
такелаждық құралдарды, қорғау құрылғылары мен оқшаулаушы аспаптарды сынау тәсілдері мен мерзімін;
электротехника және механика негіздері.
57-параграф. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 5-разряд
кернеуі 110-220 киловольт тарату құрылғысының электр жабдықтарын демонтаждау, жөндеу, монтаждау, реттеу және баптау;
оқшаулағышты бөліп немесе күрделі ауыстыра отырып және кернеуі 110-220 киловольт кірмелердің тығыздатқыштарын жөндеу;
майлы және әуе сөндіргіштерді сызбалар мен эскиздер бойынша қайта өңдеу;
кернеуі 110 киловольтқа дейінгі әртүрлі үлгідегі және қуатты күшті трансформаторларды күрделі жөндеу;
бөлшектерді 6-7 сапалық белгі бойынша (нақтылықтың 1-2 сыныбы бойынша) қиыстыра және жеткізе отырып слесарлық өңдеу;
қалыптар мен аспаптарды жасау;
тиісті такелажды, қажетті аспаптарды, арнайы құралдар мен аппаратураны пайдалана отырып сызбалар мен эскиздер бойынша жұмыстарды орындау;
күрделі және арнайы құралдар мен аспаптарды реттеу және жөндеу;
аса күрделі және негізгі буындарды, жабдықтың бөлшектері мен элементтерінің орын ауыстыру, бөлшектеу және орнату бойынша такелаждық жұмыстарды орындау;
жабдықтың бұзылғаны мен ақаулықтарын анықтау және оларды жою;
барлық жүйе мен нысандағы аспаптардың механикалық және электр бөліктерін демонтаждау, күрделі жөндеу және жинақтау.
кернеуі 220 киловольтқа дейінгі тарату құралдарының жабдықтары мен аппаратурасының құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
кірмелердің, күшті және өлшеу трансформаторларының, арнайы нысандағы қуаты 250 мың киловольт-амперге дейін оқшаулау сыныбы 110 киловольт трансформаторлардың – пеш, тарту және басқасының құрылысы;
жөнделетін жабдықтың техникалық сипаттамасын;
қызмет көрсетілетін учаскенің майлы шаруашылығының схемасын;
жөнделетін электротехникалық жабдықты сынау нормалары мен көлемін;
күрделі сызбаларды, схемалары мен эскиздерді оқу тәртібін;
жөндеу, такелаждық және жоғары өрмелеу жұмыстарын ұйымдастыруды.
58-параграф. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі, 6-разряд
элементтерін бөліп және толық ауыстыра отырып, 500 киловольт кернеулі электр станциялар мен шағын станциялардың тарату құрылғыларының жабдықтарын жөндеу және қайта өңдеу бойынша аса күрделі және негізгі жұмыстарды орындау;
өлшеу, күшті трансформаторларды және әртүрлі үлгідегі және қуатты автотрансформаторларды күрделі құралдарды, арнайы жөндеу-монтаждау аспаптарын, нақты өлшеу құралдары мен қорғау құралдарын пайдалана отырып жөндеу;
220 киловольт және одан да жоғары кернеулі әртүрлі құрылысты жоғары вольтті кірмелерді жөндеу;
майды дегаздау және азоттау, ауаны кептіру және ылғалдың буын қатыру бойынша технологиялық құрылғыларға қызмет көрсету және жөндеу;
жабдықты бөлшектеу, жөндеу және жинақтау және оны баптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жөндеу айлабұйымдары мен такелаж құралдарын баптау.
өлшеу және күштік трансформаторларды пайдалануға қабылдау тәртібін және жұмыс принципін;