«Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
    18 қаңтардағы № 4 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 1, 6-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару,
сондай-ақ оларды қайтару қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді тұрғылықты жері бойынша дербес жүзеге асырады немесе «ММЖЖЖЖ» форматында бірыңғай жиынтық төлем төленетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.

          Бұл ретте, бірыңғай жиынтық төлемді күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төлеуге болады.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

 

Дата публикации
27 января 2021