«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (51-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (51-шығарылым) бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (51-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (51-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (51-шығарылым) жобасы алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі, ас тұзын өндіру және өндірісі, кондитерлік өндіріс, консерві өндірісі, крахмал-сірне өндірісі, қант өндірісі, май-тоңмай өндірісі, нан пісіру-макарон өндірісі, парфюмерлік-косметика өндірісі, сауда және қоғамдық тамақтану, тамақ концентраттары өндірісі, темекі-махорка және ферментациялық өндіріс, уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу, шай өндірісі;

элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі, эфир майы өндірісі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 249 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

Тарифтік-біліктілік  сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып  әзірленді.

БТБА-ның (51-шығарылым) мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.

Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (51-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).

БТБА (51-шығарылым) 2020 жылғы 20 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұйрық жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды  көздемейді.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (51-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 сәуірдегі    № 165-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  2013 жылы 13 мамырда № 8464 тіркелді.

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

 

Дата публикации
20 августа 2020