«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту, кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында:
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты қонысаудару шарттарын жақсарту, микрокредиттеу мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жоба «Электроды Үкімет» порталының Ашық НҚА бөлімінде жарияланды.