"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесінде:
26 – тармақтың екінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған кезде «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атақарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына, сондай-ақ төлеушінің әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты жиынтық табыс алиментті ескермей есептеледі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 25.01.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22110 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 12.01.2021 18:35:40, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 18.01.2021 12:39:30, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов, 21.01.2021 13:09:35, положительный результат проверки ЭЦП