«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттің қатысуымен құрылған/құрылған микроқаржы ұйымдарының қызметтерінің ережелері бойынша әзірленді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шарттармен шағын несие құралы көзделген.
Осылайша, жоба жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, микро, шағын және орта бизнестің қаржылық ресурстарға қол жетімділігін жеңілдету және микроқаржы ұйымдарын құру арқылы мемлекеттің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жеңілдетілген сыйақы ставкалары бойынша микроқаржыландырудың қол жетімділігін арттыру жолын кеңейту көзделеді..
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қатысушыларына микрокредиттердің қол жетімділігін кеңейту болып табылады.
Жобаның қабылдануы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба «Электрондық үкімет» порталында ашық құқықтық нормалар бөлімінде орналастырылған