«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

  1. «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы
    27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Аталған өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:

          «2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары» деген тарауда:

          екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

          «2) отандық тауарлар өндірісін, қызметтер көрсетуді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру болып табылады.»;

          «Екінші бағыт: Отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» деген тарауда»:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

«Екінші бағыт: Отандық тауарлар, қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы бағыт шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің-ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, шағын бизнестің, микрокәсіпкерліктің, оның ішінде отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес – жоспарларын қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша міндеттерді шешу көзделеді.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлінген қаражаттың мақсатты тағайындалуы – бизнес-жобаларды қорғаған «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу.»;

«Инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредиттер беру тәртібі» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

 

 «Микрокредиттер беру тәртібі

 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификат алған және бизнес-жоспарды қорғаған, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) қатысушылары Жол картасы шеңберінде қолдау алуға үміткерлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу микрокредит алудың міндетті шарты болып табылады.

Микрокредит беру жаңа жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін ЖАО кредит беруге уәкілетті «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымын (бұдан әрі – кредит беру бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ) кредит беру жөніндегі өңірлік ұйым ретінде айқындайды.

Микрокредит беру мақсатында ЖАО мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:

1) жылдық 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу»;

3) негізгі борышты өтеу бойынша бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең;

4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған күннен бастап есептеледі.

«ҚазАгро «ҰБХ» АҚ ЕҰ-ның кредиттеу бойынша қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен қабылданады. Кәсіпкерлік немесе ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО кредит беру бойынша «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ ЕҰ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

«ҚазАгро «ҰБХ» АҚ ЕҰ-ға кредит беру бойынша бюджеттік кредиттер беру шарттары:

1) кредит беру мерзімі – он жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) ;

3) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай;

4) нысаналы мақсаты – «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес – жоспарларына микрокредит беру үшін мемлекет қатысатын микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) қорландыру.

МҚҰ қорландырудың шарттары:

1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық және нысаналы пайдалану шарттарында жүзеге асырылады;

2) кредит беру мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2% (екі) дейін;

4) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай, бірақ келесі қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей;

5) нысаналы мақсаты – «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес жоспарларын микрокредиттеу.

Кредит беру бойынша «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ ЕҰ/МҚҰ негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Бюджеттік кредитті кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысу жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
171-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттарға бағыттауға жол берілмейді.

Сондай-ақ, мұндай жер учаскелерінің/тұрғын үй жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты кредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертілетін жағдайларды қоспағанда, тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетін өнім өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) бюджеттік кредит берілмейді.»;

«Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі

 

«Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне микрокредиттер беру шарттары»:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:

ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін);

қалаларда, моноқалаларда – Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 (алты жарым) мың АЕК-ке дейін;

Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;

3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% (алты) аспайды;

4) «Еңбек» бағдарламасына қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, МҚҰ «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ ЕҰ-мен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс.»;

5) кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі;

6) қарыздардың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – микрокредит беру қағидалары) сәйкес «Еңбек» бағдарламасына қатысушы қызметінің бағытына сәйкес айқындалады.

МҚҰ ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес жобаға бағалау жүргізеді, содан кейін микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

МҚҰ түпкілікті қарыз алушыларға несие беру туралы шешімді дербес қабылдайды.

МҚҰ кредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін түпкілікті қарыз алушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасады.

Микрокредит шарттары, қарыз алушының кредитті қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың санаты, қарыз мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен белгіленеді және кредит шартында көрсетіледі.

Көрсетілген мерзімдер өткенге дейін кредит қаражаты игерілмеген жағдайда, «ҚазАгро «ҰБХ»АҚ/МҚҰ ЕҰ олардың жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді, өз кезегінде ЖАО республикалық бюджетке қайтаруды жүзеге асырады.»;

«Есептілікті ұсыну және кредиттік қаражатты пайдалану мониторингін жүргізу тәртібі» деген тарауда:

бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Түпкілікті қарыз алушы МҚҰ-да растайтын құжаттарды/мәліметтерді қоса бере отырып, кредитті алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде кредиттердің нысаналы пайдаланылуын растайды. Жаңа жұмыс орнын құру кредит алған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде жасалған еңбек шартымен расталады. Босаған жұмыс орнына еңбек шарты бұзылған кезде басқа жұмыскер жұмысқа орналасады, бұл да тиісті шартпен (уақытша (маусымдық) жұмыс орындарын қоспағанда) расталады.

Егер түпкілікті қарыз алушы жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде нысаналы пайдаланылуын және жұмыс орындарының құрылуын растамаған жағдайда, түпкілікті қарыз алушы мен МҚҰ арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде айыппұл төленеді және алынған қаражатты толық көлемде кредиторға қайтарады.

МҚҰ ішкі құжаттарға және түпкілікті қарыз алушылармен жасалған шарттың талаптарына сәйкес кредиттің нысаналы пайдаланылуын толық растағанға дейін қаржыландырылған инвестициялық жобалар қаражатының мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ түпкілікті қарыз алушылардың Жол картасының талаптарын орындауына мониторинг жүргізеді.

МҚҰ берілген кредиттер бойынша есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін, сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде ЖАО-ға және «ҚазАгро «ҰБХ»АҚ ЕҰ-ға кредиттерді нысаналы пайдалану жөнінде есеп береді.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі жиырма тоғыз жолмен толықтырылсын:

«

29

ЖАО (49%) және ҰКП қатысуымен МҚҰ құру (51%)

МҚҰ-ны әділет органдарында тіркеу

ЖАО, ҰКП-мен бірлесіп Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау обл., ШҚО, БҚО, СҚО және Шымкент қ.

2021 жылғы ақпан

талап етілмейді

талап етілмейді

Кредиттер беруді ұйымдастыру

 

» .

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі А. Мамин

Дата публикации
25 января 2021