«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасына
пресс-релиз
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі өкімінің жобасы (бұдан әрі – Өкім жобасы) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Өкім жобасында жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған Жол картасында (бұдан әрі – жол картасы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделеді:
Отандық тауарлар өндірісін, қызметтер көрсетуді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру. Микрокредит алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналасқан.