Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын
(40-шығарылым) бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Министр Б. Нұрымбетов
бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (40-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
2-тарау. Құрылыс материалдары өндірісінің жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Автоклавшы, 4-разряд
автоклавта әктасты - кремний түйіршікті және вулканды тау жынысы жылу оқшаулағыш бұйымдарды жылумен өңдеу процесін жүргізу;
жылу тасымалдағыштың келуін реттеу;
жылумен өңдеу режимін бақылау және температураны, қысымды, өңдеу ұзақтығын реттеу;
бұйымдарды арбашықтарға, контейнерлерге тиеу және түсіру, автоклавтардың қақпақтарын ашу мен жабу;
автоклавтан автоклавқа буды өткізу;
процесс аяқталған соң кондетсаттар мен жылутасымалдағыштарды ағызу;
автоклавтар жұмысының кестесін сақтау.
автоклавтардың, бақылау-өлшеу құралдарының, жүк тиеу және түсіру механизмдерінің құрылысы;
жылутасымалдағыштардың қасиеттері мен параметрлері;
гидромасса мен бұйымның қасиеттері;
бұйымды жылумен өңдеудің технологиясы;
жылутасымалдағышты беру сызбасы;
реттеуші крандардың, клапандардың міндеті;
автоклавтар жұмысының кестесі.
Параграф 2. Айналмалы және шахталық пештердің машинисі (күйдірушісі), 4-разряд
өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі (ақ клинкер бойынша - сағатына 15 тоннаға) дейінгі айналмалы пештерде клинерді күйдіру, жалпы өнімділігі сағатына 25 тоннаға дейінгі шахталық пештерде күйдіру процесін жүргізу;
тоңазытқыштардың, пештік жылу алмастырғыштардың үздіксіз жұмысын және жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету;
пеш жетегінің, бақылау және шығыршықты тіреулердің, тығыздаушы құрылғының, майлау жүйесінің жұмысын бақылау;
пештік жылу алмастырғыш құрылғыларда шикізат қоспасын декарбонизациялау процесін реттеу;
шілтер мен бу жылытушының жұмысын бақылау;
пешке шикізат пен отын салуға қатысу;
шикізат пен отынды беруді реттеу;
тиеу механизмдеріне, шаң ұстағыш қондырғылар мен өзге де көмекші жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету;
тораптар мен механизмдерді майлау;
тұтандыруға дайындалу, пештерді тазалау мен жөндеуге қатысу;
футеровкалық жұмысқа дайындалуға және өткізуге қатысу.
айналмалы, шахталық пештердің және жинақтаушы жабдықтардың құрылысы, құрылымы және әрекет принципі;
клинкерді күйдіру және суыту технологиясы;
шикізат қоспасы мен отынның құрамы және сапалық сипаттамасы;
пеш газдары мен клинкерді күйдіру және суыту процесіне ықпал ететін негізгі факторлар;
өртке төзімді материалдардың түрлері, футеровканың негізгі тәсілдері;
бақылау-есептеу құралдарының, автоматты реттеу жабдықтарының, дабыл беру мен блокадалау жүйелерінің міндеті мен әрекет принципі;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау карталары;
майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері;
пеш агрегаттарының жылу техникалық және технологиялық режимдерін реттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері;
пештің өнімділігін арттыру, футеровка беріктігі мен клинкердің сапасын көтеру тәсілдері.
Параграф 3. Айналмалы және шахталық пештердің машинисі (күйдірушісі), 5-разряд
қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі (ақ клинкер бойынша – сағатына 15 тоннаға дейінгі) айналмалы пештерде клинкерді күйдіру;
жалпы өнімділігі сағатына 25 тоннаға дейінгі шахталық пештерде күйдіру процесін жүргізу;
пеш агрегаттарының технологиялық және жылу техникалық режимдерін, механизмдерді шикізат қоспасымен және отынмен қоректендіру механизмдерінің, жылу алмастырғыш құрылғылары мен өзге де көмекші жабдықтардың жұмысын реттеу;
негізгі және көмекші жабдықтардың технологиялық параметрлерін және жылу техникалық режимдерін бақылау мен реттеу;
пеш агрегаттары мен жинақтаушы жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды басқару;
пештердің тиімді өнімділігін, клинкердің сапасын, отын мен электр энергиясының үлестік шығысын қамтамасыз ету;
футеровка мен пеш агрегаттарын майлау жағдайын бақылау;
пештерді жөндеуге дайындау, футеровкалық жұмыстардың көлемін анықтауға қатысу;
профилактикалық байқауды және пештің тораптары мен механизмдерін майлауды өткізуді бақылау;
жөндеу және футеровкалық жұмыстардан пештерді қабылдауға және жөндеу жұмыстарына қатысу;
пештерге шикізаттарды дұрыс салуды және тиеу механизмдерін реттеуді бақылау.
пештер мен көмекші жабдықтардың құрылымы, әрекет принципі және кинематикалық сұлбасы;
клинкерді күйдіру кезінде болатын физикалық-химиялық процестің мағынасы;
клинкердің минералогиялық құрамы;
шикізат қоспасының құрамы мен қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;
пеш агрегаттары жұмыстарының жылу техникалық және технологиялық режимін реттеу әдістері;
пештердің өнімділігін арттырудың футеровка беріктігін көтерудің, клинкердің сапасын жақсартудың, отын мен электр энергиясын үнемді жұмсаудың тәсілдері;
қолданылатын отындардың құрамы, қасиеттері, сипаттамалары;
отынды берудің кестесі;
отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері;
футеровканы қатарлап салудың әдістері;
клинкер сапасын зертханалық бақылаудың тәсілдері мен әдістері;
пештің жұмыс режимін автоматты реттеудің сұлбасы.
Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннадан астам (ақ клинкер бойынша - сағатына 15 тоннадан астам) айналмалы пештерге, қосынды өнімділігі сағатына 25 тоннадан астам шахталық пештерге қызмет көрсеткен кезде – 6-разряд.
Параграф 4. Алып (шығарып) қоюшы, 4-разряд
кірпішті, керамикалық блоктарды, жабынқышты, күйдірілген бұйымдарды пештің үстіңгі қатарынан құрғатқыш құбырды түсіріп алу және өзінен біліктілігі жоғары шығарып қоюшының басшылығымен өзге де жұмыстарды орындау.
бұйымдарды түсіру және бөлшектеу ережесі;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 5. Алып (шығарып) қоюшы, 5-разряд
пештің үстіңгі және астыңғы қабаттарынан күйдірілген бұйымдарды:
кірпішті, керамикалық бұйымдарды, жабынқышты,құрғатқыш құбырды түсіріп алу;
бұйымдарды көлік құралдарына салу;
сыртқы түрі бойынша ақауларды анықтау;
техникалық шарттарға сәйкес бұйымдарды көрме алаңдарына әкелу, ақауларын бөлектеу және оларды қалау;
домалату жолағын, табақтарды, тар табанды жолдарды, айналма шеңберді қайта орналастыру;
бұйымдарды тиеуге тұғырықтар орнату;
арбашаларды, вагонеткаларды және қол арбасын майлау.
көлік құралдарының құрылысы;
бұйымды күйдіру кезінде ақаудың белгілері;
бұйымдарды сұрыптары мен маркалары бойынша іріктеу ережесі;
бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
бұйымдарды көлік құралдарына салу тәсілдері.
Параграф 6. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы, 2-разряд
кесінділерді бұлғауыштың моторлары мен сорғысына қызмет көрсету;
бұлғауышқа кеппеген кесінділерді және ақаулары бар асбест-цементті плиталарды салу;
бұлғауышқа су құю;
кесінділер мен ақауларды асбест-цементті массаға өңделуін байқау;
дайын массаны астаулы бұлғауышқа ауыстырып құю;
бұлғауышпен май құбырын тазарту;
жабдықтарды майлау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;
асбестті-цементті массаға қойылатын талаптар.
Параграф 7. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы, 3-разряд
асбест-цементті массаны әзірлеу жөніндегі түйіспелі араластырғышқа қызмет көрсету;
асбестті суспензияның араластырғыштарға біркелкі түсуін байқау;
цементті автоматты мөлшерлегіштің жұмысын басқару;
асбестті суспензия мен цементті араластыру процесін байқау;
асбест-цементті массаны астаулы бұлғауышқа құю;
цементті салмақтық мөлшерлегіштің және араластырғыштың ұсақ ақауларын түзету.
түйіспелі араластырғыштар мен автоматты мөлшерлегіштердің құрылысы және жұмыс принципі;
технологиялық картаға сәйкес асбест пен цементті араластыру уақыты;
өндірілетін асбест-цементті бұйымдар үшін шикізаттық қоспадағы асбест пен цементтің шамаластығы;
асбест-цементті массаның дайындық белгілері.
Параграф 8. Араластырушы, 3-разряд
араластырғыштарда, голлендорларда және бактар-бұлғауыштарда қалыптық массаны, гидро массаны, эмульсияны әзірлеу кезінде құрауыштарды араластырғыш процесін жүргізу;
берілген рецептура бойынша араласатын құрауыштардың араластырғыштарға, голендарлармен бұлғауыштарға түсуін байқау;
жабдықтар мен механизмерді іске қосу, тоқтату;
әзірленген қалыптық масса мен эмульсияны шығыс бактарына беру;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
голендорлардың, араластырғыштардың және өзге де механизмдердің құрылысы;
қалыптық массаны, гиромассаны, эмульсия әзірлеу технологиясы мен рецептурасы;
шикізаттың қасиеттері мен оған талаптар;
механизмдерді іске қосу мен тоқтату тәртібі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
Параграф 9. Араластырушы, 4-разряд
жабдықтардың тасқынды желісінде қауіптік массаны, гидромассаны, эмульцияны әзірлеу кезінде құраушылардың араластыру процесін жүргізу, мөлшерлеу, араластыру, айдап көтеру, жабдықтарын басқару;
берілген рецептураның температураны, будың қысымын сақтауды бақылау;
бақылау-өлшеу құралдарын байқау жабдықтарындағы ақауларды түзету.
тасқынды желі жабдықтарына, сорғылардың бақылау-өлшеу құралдарының, механизмдердің, мөлшерлегіштердің құрылысы;
ерітінділерді гидромассаны, эмульсияны және суспензияны әзірлеу технологиясы және рецептурасы;
шикізаттың, ертінділердің, қалыптық массаның қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;
механизмдерді, дабыл беру, блокадалау жүйелерін және автоматиканы іске қосу мен тәртібі;
жабдықтаудың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері.
Параграф 10. Арматуралық торлар мен қаңқаларды дәнекерлеуші,
3-разряд
дайындалған өзектерді үлгілеуге (кондукторлауға) қалау;
электродқа ауыр және ұзын өлшемді торлармен үлгілеуге немесе кондукторларға беру және кең торларға екінші жағын дәнекерлеу үшін аудару;
дайын торларды қат-қабатқа немесе вагонеткаға ауыстыру, бір нүктелі (екі нүктелі) машикада 1-2 диаметрлі өзектер мен қарапайым арматуралық торларды бірдей қадаммен бойлық және көлденең арматураларды түйіспелі дәнекерлдеу;
қуаты 7 киловольт-амперге дейінгі жапсарлы дәнекерлеу машиналарында арматуралық өзектерді түйіспелі жапсарлы дәнекерлеу;
төсемелі бұйымдарды қарапайым және орта күрделіктегі тәсілдерімен флюс қабатының осінде электр түйіспелі немесе түйіспелі рольефтік түйіспелі машиналарды дәнекерлеу;
арматураны диаметрімен маркаларына тәуелді дәнекерлеу режимін реттеу.
болатын түрлері шығындары мен маркалары дайындалатын торлар мен қаңқалардың міндеті және оларға техникалық талаптар;
түйсіпелі дәнекерлейтін машинасының құрылысы;
дәнекерлеу технологиясының негіздері;
дәнекерлеу кезіндегі ақаулардың себептері;
дайындалатын сызбалардың торларын оқу.
Параграф 11. Арматуралық торлар мен қаңқаларды дәнекерлеуші,
4-разряд
өзектердің ауыспалы қадамымен әртүрлі диаметрі өзектердің бір нүктелі, екі нүктелі машинада арматуралық торлармен қаңқаларды түйіспелі дәнекерлеу;
аспалы дәнекерлеу машиналарында дайын торлардан торлармен қаңқаларды дәнекерлеу немесе қаңқаларды түйіспелі дәнекерлеу;
аспалы дәнекерлеу машиналарында дайын торлар мен қаңқалар дәнекерлеу немесе қаңқаларды ірілендіріп, құрастыру;
көп нүктелі дәнекерлеу машиналарынлда торлар мен қаңқаларды дәнекерлеу;
қуаты 75 киловольт-амперден асатын жапсарлы дәнекерлеу машиналарында арматуралық өзектерді түйіспелі дәнекерлеу;
темір-бетон бұйымдары үшін төсемелі бұйымдарды күрделі тәсілдермен флюс қабытының астында электр түйіспелі немесе түйіспелі рольефтік машиналыр дәнекерлеу;
арматураның диаметрі мен маркаларына тәуелді дәнекерлеу режимін реттеу жұмыс процесінде машиналарды жөнге келтіру;
арматуарлық өзектер мен қоймаларды ілмектеу және беру.
қолданылатын дәнекерлеу машиналарының құрылыс, жүк ұстағыш құрал-саймандарына қойылатын талаптар;
дәнекерлеу технологиясының негіздері және арматуралық торлар мен қаңқаларға қойылатын техникалық талаптар;
торлар мен қаңқаларды дайындау кезіндегі ақаулардың себептері;
дайындалатын торлардың сызбаларын оқу.
Параграф 12. Арматуралық торлар мен қаңқаларды дәнекерлеуші,
5-разряд
жабдықтардың барлық кешеніне қызмет көрсету мен әртүрлі жүйелердегі автоматты және автоматтандырылған желілерде арматуралық қаңқаларды әзірлеу;
бағдарламалық басқарумен автоматты көп нүктелі дәнекерлеу машиналарында арматуралық қаңқаларды әзірлеу;
тігістік машиналарындағы жолақты және табақты болатын қысымды құбырлау үшін металл цилиндрлерді дәнекерлеу;
дайындамалар мен дайын бұйымдарды тасымалдау.
қызмет көрсететін жабдықтарды кешенінде қызмет көрсететін желілермен машиналардың құрылысы;
машиналарды бейімдену ережесі мен реттеу әдісі;
дәнекерлік технологиясы мен арматуралық қаңқаларға қойылатын техникалық талаптар;
қаңқалар ақауларының себептері мен оларды түзету әдістері;
дайындалатын бұйымдардың сызбаларын оқу.
Параграф 13. Арматурашы, 1-разряд
арматураны дайындау кезінде болатты тазалау, кесілген өзектер мен дайын торларды тасымал құрамына, стеллажға немесе қатарға қолмен тиеу және салу қосымша жұмыстарын орындау;
болаттың будасы мен орамасын сым шиыршығынан босату;
арматура өзектері мен торларын түрлері мен маркалары бойынша оларды будаға ораумен жинақтау.
арматуралардың түрлері мен қолданылатын болаттардың маркалары;
торлар мен өзектерді тасымалдау құралдарына, стеллаждарға немесе қатарға салу тәртібі.
Параграф 14. Арматурашы, 2-разряд
қарапайым арматуралық жұмыстарды орындау;
шыбықшаларды баспақтау - қайшымен кесу;
қол тетіктерінің көмегімен арматура өзектерін майыстыру;
ию станоктарында арматура қаңқалары мен торларын майыстыру;
арматура байламдарын дайындау;
станоктарда сым орамдарын орау;
өзінен біліктілігі жоғары арматурашының басшылығымен болаттан жасалған өзектерді механикалық немесе электротермиялық әдістермен нығайту, автоматты дұрыс-кесу станоктарында өзектерді дайындау;
дайындамаларды тапсыру арбашасымен немесе тельфермен арматура дайындайтын жерге жеткізу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;
дайындаманы ілмектеу және тасымалдау ережесі;
арматура үшін болаттың негізгі физикалық - механикалық қасиеттері.
Параграф 15. Арматурашы, 3-разряд
орта күрделіліктегі арматуралық жұмыстарды орындау;
сүйрету, қабыстыру, күштеп калибрлеу, сору немесе түйісу электрлік қыздыру жолдарымен механикалық немесе электротермиялық тәсілдермен арматуралық өзектерді нығайту;
автоматты дұрыс кесу станоктарында арматуралық өзектерді дайындау;
жетекті станоктарда арматуралық өзектерді майыстыру;
бүркеншікті орнату немесе тығырықты, төлкені және гильзаны баспақтау жолдарымен алдын ала кернеуленген бұйымдар үшін арматуралық өзектердің соңын анкерлеу;
созылмалы стендтерде және арнаулы желілерде темір пакеттерді дайындау;
аспалы түйісу - дәнекерлеу машиналарында байлау немесе дәнекерлеу тәсілдерімен дайын торлар мен бөлшектерден қарапайым және орта күрделіліктегі кеңістік қаңқаларды құрастыру;
белгіленген үлгілер бойынша ағаш өзегі және гипстік түрі үшін сымнан арматуралар дайындау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі;
дайындалған арматураға сызбаны оқу ережесі;
арматураны ілмектеу және тасымалдау әдістері мен тәсілдері.
бұйым қаңқасын дайындау:
қоршау іргетасы;
2) іргетастық блоктар мен тақталар, траверстер;
3) құдық қылтасының сақинасы;
қонышсыз қысымы жоқ құбырлар;
4) тіреу үшін маңдайша, бұтақша, бағаналар;
5) балкондық, ернеулік, жолдық, трамвай жолының тақталары;
каналдарды жабу тақталары;
6) жалпақ және қырлы коллекторлар мен жерасты өткелдерінің тақталары;
жабу және аражабын тақталары;
7) карапайым қимадағы жүгіртпелер мен беларқалар;
8) аспасыз қадалар, тіреулер мен бағаналар.
Параграф 16. Арматурашы, 4-разряд
күрделі арматуралық жұмыстарды орнату;
домкраттармен өзектерді, жоғары берік сымдар мен арматуралық темір пакеттерді тарту;
кондукторлар мен манипуляторлық аспалы түйісу-дәнекерлеу машиналарында бекіткіш орнату, байлау немесе дәнекерлеу тәсілдерімен дайын торлардан және бөлшектерден күрделі кеңістіктік қаңқалар құрастыру.
қызмет көрсетілетін машиналардың, қондырғылар мен тетіктердің құрылысы;
көлемді қаңқаларды құрастыру ережесі мен тәсілдері;
дайындалатын арматураның сызбасын оқу ережесі;
арматураны ілмектеу және тасымалдау әдістері мен тәсілдері.
бұйым қаңқаларын дайындау:
1) байламалық, итарқалық және іргетастық блоктар;
2) коллекторлар және жерасты өткелдері - «Ғ» мен «П» түріндегі бөлшектер;
3) канализациялық, су ағар, су-газды, жаңбыр суын қабылдау және телефондық құдықтар, телефон қорапшалары, көлемдік корректорлар;
4) аспамен және сөремен бағаналар;
5) түйіспе жүйесінің, электр тогын беру желісі мен шамдардың тіректері;
6) қабілетті сыртқы және ішкі қабырғалардың панельдері;
7) күрделі қимадағы және бос кеңістікті беларқалар;
8) қысымы жоқ қонышсыз және жалпақ табанды құбырлар.
Параграф 17. Арматурашы, 5-разряд
ерекше күрделі арматуралық жұмыстарды орындау;
тарту станцияларымен жоғары төзімді сымдар байламасын, өзектер мен арматуралық темір пакеттерді тарту;
аспалы түйісу - дәнекерлеу машиналарын қолданумен дайын торлардан және бөлшектерден темір - бетон құрылғысы үшін күрделі кеңістік қаңқалар құрастыру;
бетонға арматураны тартумен жиналмалы-блокты элементтерді құрастыру.
қызмет көрсетілетін станциялардың, механизмдер мен тетіктердің құрылысы;
дайындалатын арматураға сызбаны оқу ережесі;
жиналмалы - блокты элементтерді құрастыру тәсілдері;
арматура үшін болаттың физикалық - химиялық қасиеттері.
бұйымның қаңқаларын дайындау:
1) 500-800 тонна жүктемелерге өзекті арматуралары бар бағаналар;
2) көлемді лифттер машина ғимаратының секциялары;
3) сүрлемдер мен элеваторлар - көлемдік элементтер;
4) аралық көпірлер мен жол өткелдері құрылысы;
5) ұзындығы 12 метрге дейін итарқалық және итарқа астылық формалары;
6) көлемдік лифттер шахталары.
Параграф 18. Арматурашы, 6-разряд
эксперименттік, бірегей, тәжірибелік және ерекше күрделі арматуралық жұмыстарды орындау;
темір - бетон бұйымдары мен құрылғылары үшін басты үлгілер сызбасы бойынша күрделі арматуралық қаңқалар дайындау;
ерекше күрделі құрылғылар үшін арматуралық қаңқаларды дайындау мен құрастыру;
күрделі және ерекше күрделі арматуралық қаңқаларды құрастыру кезіндегі дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау.
арматуралық қаңқаларды дайындау технологиясы;
арматуралық қаңқалар мен төсемелі бөлшектер сызбасын оқу ережесі;
арматура үшін болаттың физикалық - химиялық қасиеттері;
дәнекерленетін арматуралық элементтерге қойылатын талаптар.
басты үлгілер бұйымдарын дайындау:
1) лифтілер бөлмелері, баспалдақ торшалары, машина ғимараттары – көлемдік элементтер;
2) аралық көпірлер мен жол өткелдері құрылысы;
3) ұзындығы 12 метрден асатын итарқалық формалар;
игерілген бұйымдарды дайындау:
800 тоннадан астам жүктемеге өзектік арматурасы мен шетжақтылық тірек пластиналары бар бағаналар.
Параграф 19. Асбест цементті табақтарды толқындаушы, 4-разряд
шикі асбест-цементті табақтарды біліктің көмегімен қолмен толқындау;
шикі асбест-цементті табақтарды металл толқынды аратөсемге (формаға) салу;
біліктің көмегімен шикі табаққа толқынды пішін беру;
толқындалған табақтың үстіне жаңа металл формасын салу;
табанның тегіс жабуына қамтамасыз ету;
сынығы және өзге де ақаулары бар табақтарды алып тастау.
желілік мөлшер бөлігінде толқынды асбест-цементті табақтарға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары;
табақты қолмен толқындау тәсілдері;
сыртқы түрі бар бойынша ақаудың белгілері;
металл табандарға (формаға) шикі табақтарды салу ережесі;
металл аратөсемнің жұмысқа жарамды және жұмысқа жарамсыз беттерінің арасындағы айырмашылық белгілері.
Параграф 20. Асбестті мөлшерлеуші, 2-разряд
өзінен біліктілігі жоғары мөлшерлеушінің басшылығымен берілген рецептура мен салмақ бойынша асбесттің қоспасын жасау;
асбесті бар қапты ашу және жүгіршекке немесе бөлікке беру үшін тасымалдаушының таспасына асбестті салу;
бос қаптарды пакеттерге салу, оларды сыммен байлау және қоймаға тапсыру.
мөлшерлегіштер мен тасымалдаушы құрылғылардың құрылысы;
асбесттің сұрыптары мен маркалары.
Параграф 21. Асбестті мөлшерлеуші, 3-разряд
берілген рецептура бойынша қоспаның құрамына кіретін асбест компоненттерін мөлшерлеу;
мөлшерлегіштерді, тасымалдаушыларды, жоғары қысымдағы қоректерді іске қосу және тоқтату;
асбестті автоматты мөлшерлегішті басқару, қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау, тазалау және ұсақ жөндеу.
асбестті берудің технологиялық сұлбасы мен асбесттің әртүрлі сұрыптарынан және маркаларынан қоспаны дайындаудың рецептурасы;
мөлшерлегіштер мен тасымалдаушы құрылғылардың құрылыс сұлбасы;
асбесттің сұрыптары мен маркалары.
Параграф 22. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы, 3-разряд
асбестцементті бұйымдарды өндіруде 5000 тоннаға дейін қуатты гидравликалы престерді басқару;
престерді жұмысқа даярлау;
престер астына престелмеген шифер арбасын жіберу;
травестерді жіберу және қысымды қосу;
траверстерді көтеру және престер астынан арбаны алу;
шиферлардын табандарын шешу;
келесі айналымға престелген арбаны жіберу;
пресс бактарында майдың қорының уақытылы толуын және гидравликалы көтергіштерде судың толы болуын бақылау;
гидравликалы престерді икемдеу және оның профилактикалы жөндеу жұмыстары;
престерді жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.
гидравликалы престердің жұмыс принципі;
технологиялы карта бойынша престеу режимдері;
престеген өнімнің ақауларының алдын-алу және жою тәсілдері.
Параграф 23. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы, 4-разряд
бекітілген технологиялы процестерге сәйкес асбестцементті бұйымдарды өндіру барысында 5000-1000 тоннадан астам қуатты гидравликалы престерді басқару;
престерді жұмысқа даярлау;
өндірілген реттеудің дұрыстығын тексеру;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың ағымдағы, ортанға және толық жөндеу жұмыстарына қатысу.
қуатты гидравликалы престердің құрылымы;
престелген бұйымдардың ақауларының алдын-алу және жою.
Параграф 24. Асбест-цемент бұйымдарын баспақтаушы, 5-разряд
бекітілген технологиялы процесстерге сәйкес асбестцементті бұйымдарды өндіруде қуаттылығы 1000 тоннадан астам гидравликалы престерді басқару;
престерге майдың түсуін реттеу, престерде басқару автоматтандырылған сызбасын басқару;
гидравликалы престердің ағымдағы, орташа және толықтай жөндеу жұмыстарына қатысу;
престеліп жатқан бұйымдардың сапасын бақылау.
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы және жұмыс принциптері;
гидравликалы престерді басқаруды автоматтыдан қолдыға және кері қарай ауыстыру тәсілдері;
жұмыс эмульгирлі суды даярлау технологиясы;
престеу теліміне түскен жартылай фаврикаттардың сапасына қойылатын талаптары;
престелген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптары;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды реттеу ережелері.
Параграф 25. Асбест-цемент бұйымдарын бөлшектеуші, 4-разряд
жасалған өнімдер құтын сұрыптау;
металды төсеніштер түрден қолдан жасалған қатты асбестоцементті бұйымдар бөлімі;
құттағы бұйымдар мен түрлердің бөлінген қалауы;
олардың бұзылу сипаты бойынша топтамасынан бұзылғандарын іріктеу.
сызықты өлшем бөлігіндегі табақты асбестоцементті бұйымдар стандарты (техникалық жағдай);
сыртқы пішін түрлері;
құтыдағы белгіленген табақ саны.
Параграф 26. Асбест-цементті бұйымдарын кептіруші, 2-разряд
асбест-цементті бұйымдарды кептіру процесін жүргізу;
асбест-цементті бұйымдарды конвейерге ілмектеу.
қызмет көрсететін конвейердің құрылысы;
босайтын бұйымдармен жұмыс істеу ережесі.
Параграф 27. Асбест-цемент бұйымдарын орналастыру-бөлшектеу операторы, 4-разряд
қабылдау түпқоймаларын төсеу және жіберу, алдын ала қату камерасынан шығару және талшықтас-цементтік бұйымдарды автоматталған желілер төсегіштерінде және бөлшектегіштерінде бөлшектеу процестерін жүргізу;
құрал-жабдықты жұмыстың автоматтық режіміне ауыстыру;
ақауларды жою;
қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау, майлау және оның жұмысына қатысу;
басқару пульты арқылы ірі мөлшерлі талшықтас-цементтік табақтарды іріктегіш-ылғалдандырғыш арқылы жылжыту және бөлшектеу процестерін жүргізу;
гидровакуумжүйені, көліктік құралдар жүйесін, іріктегіш-ылғалдандырғыш механизмдері мен түзілімдерін іске қосу, өшіру, реттеу, олардың күйін байқау;
өнім ақауларын анықтау және жою.
қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу принципі;
автоматтық басқару пультының монтаждық схемасы;
табақтық ірі мөлшерлі талшықтас-цементтік бұйымдар стандарттарын және оларға қойылатын техникалық талаптары;
бақылау-өлшеу аспаптарының және құралдарының құрылысы және оларды қолдану ережелері;
құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері;
іріктегіш-ылғалдандырғыш механизмдерін тазалау және майлау тәсілдері.
Параграф 28. Асбест-цемент және асбест-силитті бұйымдарды кесуші,
3-разряд
кесу станоктарында берілген өлшемдері бойынша таскендір цемент тарамдар, панель, таскендір силит бұйымдарын кесу;
станоктың қабылдау үстеліне бұйымдарды салу;
кескен кезде жиектерінің тегістігін қадағалау;
кесу дисктерін суытуға судың қалыпты келуін және оның күйін бақылау;
тарампішіндеу машинасының қалыптау барабанынан таскендірцемент қабатты түсіру және таскендір бұйымдарына арналған шикі дайындамаларды шаблонға сәйкес қолмен кесу (шабу);
таскендір тақтайшаларына арналған, қабатталған пластиктан жасалған қаптау материалын кесу;
төсемелер мен бұйымдарды өлшемдері бойынша іріктеп, қатарлап қою;
фрезаларды жөндеу, ауыстыру, станокты тазалау және майлау.
кесу станоктарының құрылымы мен жөндеу ережелері;
бұйымның ұзындық өлшемдері мен сыртқы түріне қойылатын талаптар;
бұйымдарды кесу амалдары;
бұйымдарды іріктеу мен қатарлаудың тәсілдері;
станокты тазалау мен майлау ережелері.
Параграф 29. Асбест-цементті және асбест-силитті бұйымдар төсемешісі,
3-разряд
плитаға құрастыру үшін арналған асбест-цементті табақтардың ішкі және сыртқы беттеріне төсеме қабатын қолмен енгізу;
асбест-цементті табақтарға минералды мақта мен екінші табақты салу;
төсеме құрамын әзірлеу;
төселетін асбест-цементті және асбест-силитті табақтардың және қабатты пластиктің үстерін тазалау, жуып-шаю және сүртіп тазарту;
баспақтау тұғырығына полиэтилен аралық қабатын, қабатты пластикті және асбест-силитті табақтарды қолмен салу, плиталарды құрастыру;
аралық қабат материалдарын және желім жағылатын тасуатарларды желімнің қалдығынан тазалау.
плитаға төсеме қабатын енгізу ережесі;
төсемеліктің құрамы мен жуып-шаю материалдарының қасиеттері;
төсемеліктің құрамын дайындау тәсілдері;
асбест-цементті және асбест-силитті табақтардың төселетін беттерін тазалау ережесі;
асбест-цементті және асбест-силитті плиталарға қойылатын стандарттар мен техникалық шарттар.
Параграф 30. Асбест-цементті және асбест-силитті бұйымдар төсемешісі,
4-разряд
офсеттік басу әдісімен сәндік асбест-цементті плиталар өндірісінің автоматты желісіне жапсарланған бітемелеу машинасының көмегімен асбест-цементті плиталарға эпоксидті бітеменің төсемелік қабатын енгізу;
желім енгізетін машинаның көмегімен асбест-силитті табақтардың және қабатты пластиктердің желімделетін беттеріне эпоксидті желімді жағу;
бітемелеу және желім енгізетін машиналарды берілген технологиялық режимге келтіру;
бітемелік масса мен эпоксидті желімді машинаның қорегіне салу;
бітемелік масса мен эпоксидті желімді мерзімді араластыру, олардың сапасын анықтау;
машинаның қорегіндегі бітемелік массаның, эпоксидті желімнің шығысы мен деңгейін бақылау;
машина тораптарын жұмыс процесінде еріткішпен сүрту;
бітемелеу машинасын бітемелік массадан тазарту;
қондырғылардың жұмыстағы ақауларын түзеу, жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен түзету ережесі;
бітемелік массаны, эпоксидті желімді дайындау технологиясы және олардың қасиеттері;
асбест-цементті және асбест-силитті плиталар мен қабатты пластиктердің беттеріне қолданылатын бітемені және желімді жағу тәсілдері;
қолданылатын әрлеу материалдарының сипаттамалары, олардың негізгі қасиеттері мен үйлесімдігі;
өрттік жарылу қауіпсіздігінің ережесі;
туындайтын ақаулардың себептері мен оларды түзетудің тәсілдері.
Параграф 31. Асбест-цементті және асбест-силитті плиталарды тегістеуші, 3-разряд
ажарлау станогына асбестцемент плиталарын салу;
плиталарды ажарлау, жылтырату және оларды станоктан алу;
станоктарды тазарту, майлау және баптау, оның жұмысында ұсақ кемшіліктерді жою.
ажарлау-жылтырату станоктар қондырғысы;
асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарға стандарттар (техникалық шарттар);
бақылау-өлшеу құралдарының тағайындалымы және қолдану ережелері;
станокты майлау ережелері.
Параграф 32. Асбест-цементті және асбест-силитті плиталарды тегістеуші, 4-разряд
офсетті баспа әдісімен сәнді асбестцемент плиталары өндірісінің автоматты желісіне салынған білікті ажарлау машинасына ірі габаритті асбестцемент плиталардың бетін ажарлау;
әртүрлі үлгідегі станоктарда қажетті қалыңдыққа дейін асбестсилит плиталарын ажарлау (тегістеу);
ажарлаудың тапсырылған технологиялық режиміне ажарлау машиналарын баптау;
ажарлау қағаз және оны ауыстыру жай-күйін бақылау;
асбестцемент және асбестсилит плиталарын ажарлау сапасын бақылау;
машина тораптарын тазарту.
қызмет көрсететін құрал қондырғысы және баптау ережесі;
машинаға ажарлау қағазын толтыру ережелері;
ажарланған асбестцемент және асбестсилит плиталарына қойылатын техникалық талаптар;
жұмыс орнында және цехта өртке қарсы қауіпсіздік ережелері.
Параграф 33. Асбест-цемент тұрбалар мен муфталарды өңдеу жөніндегі токарь, 3-разряд
станоктарда асбестцемент муфталарды қайрау, әртүрлі диаметрлі асбестцемент ұштарын жону;
асбестцемент құбырларының ұштарын кесу, жартылай автомат станогында немесе суппортты қолмен беру станогында құбырлар мен муфталарды кесу;
станоктарды тазарту және майлау;
қызмет көрсететін станоктарда ұсақ жарамсыздықтарды жою;
станоктарды жөндеу жұмыстарына қатысу.
асбестцемент бұйымдарын өңдеу бойынша токарлық станоктардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары;
кескіштерді ұштау ережелері;
асбестцемент құбырлары мен муфталарының қасиеттері;
бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережелері;
құбырлар мен муфталар ақауларының сыртқы белгілері;
оларды өңдеу процесінде құбырлар мен муфталардың ақауларын туғызатын себептер;
ақауларды жою тәсілдері.
Параграф 34. Асбест-цемент тұрбалар мен муфталарды өңдеу жөніндегі токарь, 4-разряд
жону орнының нақты көлемдерін сақтай отырып арнайы токарлық станок-автоматтарда әртүрлі диаметрлі және ұзындықты асбестцемент құбырлары мен муфталарды бір уақытта жону және кесумен токарлық өңдеу;
құбырлар мен муфталардың диаметріне байланысты тапсырылған жұмыс режимінде станокты баптау;
станокты жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылғысы;
жұмыс істеу қағидаттары және баптау ережелері;
құрылымдық ерекшеліктері және арнайы құрылғыларды қолдану ережелері;
күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысы және қолдану ережелері;
арнайы кесетін құралды қайрау ережелері;
станок төлқұжаты бойынша кесу режимдерін анықтау ережелері.
Параграф 35. Асбестцемент плиталарын фрезерлеуші, 2-разряд
фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды салу және оларды станоктан алу. фрездерді ауыстыруға қатысу;
плиталардағы қылауларды тазалау;
шангенциркульмен плита қалыңдығын өлшеу;
станокты тазарту және майлау.
фрезерлі станоктың жұмыс қағидаттары;
станокты майлау ережелері;
өңделетін бұйымдардың стандарттары (техникалық шарттары).
Параграф 36. Асбестцемент плиталарын фрезерлеуші, 3-разряд
фрезерлі станоктарда плиталарды өңдеу;
фрезерлі станоктарға асбестцемент электр оқшаулағыш плиталарды орнату және бекіту;
өңдеуден кейін плиталарды алу;
фрездерді орнату және ауыстыру;
станок жұмысындағы ұсақ ақауларды баптау және жою.
фрезерлі станок құрылғысы;
станокты майлау ережесі;
өңделетін бұйым стандарттары (техникалық шарттары);
ақаулардың сыртқы белгілері;
асбестцемент электр оқшаулағыш материалдарды механикалық өңдеу кезінде ақауларды жою және түзету тәсілдері.
Параграф 37. Аспираторшы, 2-разряд
30 шаршы метрге дейін сүзгіш беті бар аспирациялаушы қондырғыға қызмет көрсету;
қолғапты сүзгіштің, тасымалдаушы механизмдердің, желдеткіштердің, цемент өткізгіш, ауа өткізгіш және өзге де қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау мен техникалық қызмет көрсету;
сүзгіш қолғаптарды қайта өңдеуге байланысты операцияларды орындау, қолғаптарды фильтрлерге кигізу;
жабдықтардың саңылаусыздығыны және түскен шаңдарды кетіру жөніндегі механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу.
қызмет көрсетілетін аспирациялық қондырғылар мен қосалқы жабдықтардың құрылысы, техникалық сипаттамасы және құрылғылық ерекшеліктері;
шаңдарды аулау процесін жүргізу ережесі мен әдістері;
шаң аулау процестерінің мәні;
аспирациялық ауаны тазалау деңгейі;
бақылау-өлшеу жабдықтарының құрылысы мен әрекет принципі.
Сүзудің жалпы беті мынадай болатын қолғапты сүзгіштерге қызмет көрсеткенде:
30-дан жоғары және 140 шаршы метрге дейін – 3-разряд;
140 шаршы метрден жоғары – 4-разряд.
Параграф 38. Асфальтбетон зауытының операторы, 4-разряд
қоймадан құм мен қиыршық тастарды асфальтбетон зауытының жабдықтау агрегаттарының бункерлеріне тиегіштер, грейфер ұстағышты крандар немесе конвейер арқылы және асфальтбетон зауытының жабдықтау агрегаттарының бункерлерінен жиналмалы таспалық конвейерлерге жеткізуге дайындық процесін жүргізу;
жанарғыны тұтандыру және бастапқы шикізатты кептіру мен қыздырудың оңтайлы температуралық режимін анықтап қою;
жанарғы мен үрлейтін желдеткіш жұмысын бақылау;
поликарбонат лагын түсіру технологиялық процесін жүргізуде бастапқы компоненттерді есептеу;
келесі процестерді жүргізу:
еңкіш шөмішті элеваторға (немесе конвейер) құм мен қиыршық тастарды салу, кептіргіш агрегат барабанына құм мен қиыршық тастарды салу, құм мен қиыршық тастарды жұмыс температурасына лайық кептіру;
минералдық материалдарды мөлшерлеу, қыздырылған тас материалдарды сұрыптау (елеу) және қысқа мерзімге сақтау;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында болатын ұсақ ақауларды жою және оны ағымдағы жөндеуге қатысу;
поликарбонат лагын түсіру технологиялық процесін жүргізу кезінде бастапқы компоненттерді есептеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын бақылау және оны ағымдағы жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу қағидатын;
асфальт пен бетон дайындаудың технологиялық режимі;
қиыршық тас пен қиыршық-құм қоспаларының техникалық шарттары;
еңбекті қорғау және өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері;
қолданылатын шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;
жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелері;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістері.
Параграф 39. Асфальтбетон зауытының операторы, 5-разряд
араластырғыш қондырғыны жұмысқа дайындау және ауысым барысында оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жабдықтағыш агрегат бункерлерінде материалдардың болуын және жабдықтағыш пен өзге де механизмдердің жұмысын қадағалау;
үрлейтін желдеткіштер мен шаңсүзгіш жүйенің, араластырғыш қондырғылардың жұмыстарын бақылау және басқару;
бұлғағыш ішіндегі затты араластыру және дайын (тауарлық) асфальтбетон қоспасын бұлғағыштан түсіру;
тас материалдарды қабылдау, сақтау және фракциялық бункерлерге жеткізу, қажет болған кезде асфальтбетон зауытының ірі қиыршық тас фракцияларын ұсақтау және сұрыптау жолымен одан да ірілеу қиыршық тас пен құм алу;
қондырғының қажетті жұмыс режимін қамтамасыз ету;
кептіру барабандары, араластырғыш, битумдық цистерналар, жылытқыштар мен бункерлердің жылан түтіктерінің жай-күйін қадағалау;
бастапқы шикізат пен дайын массаның сапасын қадағалау;
битумды қабылдау, сақтау, жылыту және мөлшерлегішке салу;
минералды ұнтақты (толтырғышты) қабылдау, сақтау және мөлшерлегішке салу;
үстірт белсенді заттарды қабылдау, сақтау, жылыту және мөлшерлегішке салу;
дайын асфальтбетон қоспасын текшелеу, қысқа мерзімге сақтау және түсіру;
жабдықтардың жұмыс барысында болатын ақауларын жою және оны жөндеуге қатысу;
біліктілігі анағұрлым төмендеу операторларды басқару.
асфальтбетон зауытының және көлік құралдары мен конвейерлердің жұмыс қағидаттары мен құрылысы;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістері;
минералдық материалдарға қойылатын техникалық талаптарды;
бастапқы шикізатқа қарай асфальтбетон қоспасын өндіру режимі;
асфальтбетон қоспаларының неғұрлым тиімді өндіру технологиялары мен әдістері;
электржабдықтарын қолдану және электртехникалық құрылғылармен жұмыс істеу ережелері.
Параграф 40. Асфальтбетон зауытының операторы, 6-разряд
асфальтбетон қоспаларын дайындау технологиялық процесін жүргізу, біліктілігі анағұрлым төмендеу операторлардың жұмысын бақылау;
қондырғы мен бақылау-өлшеу аппаратураларының жұмысын басқару;
технологиялық процесс барысын қадағалау;
мөлшерлегіш пен битумның дайындығын тексеру;
агрегатты сынақ ретінде іске қосып, бос режимде жұмысын бақылау;
шырақ жүйесінің тұтандырғыш құрылғысын жөнге келтіру;
ыстық бункер отсектерін суық минералдық заттардан босату;
технологиялық желілерді жылыту үшін құрғақ қоспалар дайындау, отсектерді қажет температурадағы материалдармен толтыру;
қондырғы агрегаттарынының жұмысын басқару пультіндегі бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес бақылау;
дайын қоспаны бұлғағыштан немесе жинақтаушы бункерден автокөлік құралдарына түсіру;
асфальт немесе бетон шығару үшін қондырғыны қайта жөндеу;
қарапайым және орташа күрделі жабдықтарды, қондырғыларды, механизмдерді, бақылау-есептегіш және байланыс құралдарын құру және бөлшектеу жұмыстарын басқару;
қуат және жарықтандыру желілеріндегі, іске қосуды реттеуші аппаратурадағы, электр қозғалтқыштағы ақау себептерін анықтап, жеңіл бүлінулерді жою;
жабдықтардың жұмыс барысында болатын ақауларын жою және ағымдағы жөндеуге қатысу;
асфальтбетон зауытының біліктілігі анағұрлым төмендеу операторларын басқару.
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшегіш құралдарының құрылысы;
құрастыру және принциптік схемаларды, қызмет көрсетуші аппаратураларды, автоматика мен телемеханиканы пайдалану ережелері;
электротехника, автоматика және телемеханика негіздері;
жабдықтарды жөндеу, қайта жөндеу және реттеуді;
түрлі асфальтбетон қоспаларын өндірудің технологиялық процестерді;
шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
Параграф 41. Асфальттық массаны балқытушы, 4-разряд
балқыту пешінде пресс-масса үшін тұтқырғыш құрамды балқыту процесін жүргізу;
берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу;
сыртқы түрі және бақылау-өлшеу құралдары бойынша балқыту процесінің температура режимін, қоректендіру элеваторының жұмысын байқау;
бастапқы шикізат пен дайын массаның сапасын бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу және оны жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс принципі;
бастапқы компоненттерге байланысты массаны балқытудың технологиялық режимі;
битумды балқыту үшін қазанда от жағу ережесі;
пресс-массаға техникалық шарттар;
жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу тәсілдері.
Параграф 42. Асфальттық массаны балқытушы, 5-разряд
балқыту пешінде асфальттық плитканы (пресс-массаны) баспақтау үшін асфальттық жағым мен массаны және жабылғы үшін массаны балқыту процесін жүргізу;
берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу;
технологиялық процесті және жабдықтың жұмысқа жарамды жағдайын байқау;
дайын өнімнің сапасын бақылау;
балқытудың температуралық режимін реттеу;
дайын массаны көлік құрылғысына тиеу;
жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін балқыту пеші мен көлік құралдарының, құрастырмалы резервуарлар сыйымдылықтарының және бункерлердің құрылысы мен жұмыс принципі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету;
асфальттық жағымға техникалық шарттар;
бастапқы шикізатқа байланысты массаны балқыту режимі;
температуралық режим;
өндіріс технологиясы және массаны балқыту процесін барынша тиімді жүргізу тәсілдері.
Параграф 43. Асфальттық массаны балқытушы, 6-разряд
әртүрлі түрдегі қолмен, алыстан және автоматты басқарылатын агрегаттарда асфальтты - бетонды қоспаны балқыту процесін жүргізу;
бүріккішті немесе шілтерді жағу;
агрегаттың, бақылау - өлшеу аппаратурасының жұмысын басқару;
технологиялық процестің барысын байқау;
массаны балқытудың температуралық режимін реттеу;
қоспалардың әртүрлі түрлерін шығаруға агрегатты қайта икемдеу;
жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылысы;
жабдықтарды икемдеу, қайта икемдеу және реттеу ережесі;
әртүрлі асфальтты - бетонды қоспалар өндірісінің технологиялық процесі;
шикізатқа және дайын өнімдерге қойылатын талаптар.
Параграф 44. Әктас диірменшісі, 3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары диірменшінің басшылығымен әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;
диірмендерді іске қосу, тоқтату және жүк тиеу-түсіру мен көлік құрылғыларының жұмысын басқару;
диірменге әктасты тиеу;
диірменнің жұмысын байқау;
электр энергиясын жұмсау нормасын сақтау;
механизмдерді тазалау, майлау және олардың жұмысындағы ақауларды түзету.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі;
диірмендерді іске қоса мен тоқтату ережесі;
әктасты диірменген тиеу ережесі;
механизмдерді тазалау мен майлау әдістері;
электр энергиясын жұмсау нормалары;
бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.
Параграф 45. Әктас диірменшісі, 4-разряд
қосынды өнімділігі сағатына 40 тоннаға дейінгі әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;
диірмендерге кесек әктастар мен үстемені (құмды) салу реттеу;
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, аспирациялық қондырғылардың (циклондар, қолғапты сүзгіштер) жұмысы мен жарамдылығын байқау;
жабдықтардың профилактикалық байқауын жүргізу және оның жұмысындағы ақауларды түзету;
диірмендердің жұмыс істеу және бос тұру журналын жүргізу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;
кесек әктастар мен үстемелердің сапалық сипаттамалары;
ұнтақталған әктастың сапасына қойылатын талаптар;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі;
әртүрлі сұрыптағы кесек әктастарға мемлекеттік стандарттар.
Параграф 46. Әктас диірменшісі, 5-разряд
қосынды өнімділігі сағатына 20 тоннадан асатын әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;
әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығын сақтау;
борлы денелерді уақытылы толық тиеумен қайталап тиеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндегеннен кейін қабылдап алуға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен ретке келтіру ережесі;
борлы денелерді толық тиеумен қайталап тиеу әдістері;
әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығы;
ұнтақталған әктас өндірісінің технологиялық сұлбасы;
ұнтақталған әктасқа мемлекеттік стандарттар.
Параграф 47. Әктасты күйдіруші, 3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен едендік, айналмалы, сақиналы және шахталы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру:
автоматты қондырғылардың, электр сүзгіштердің және көмекші жабдықтардың жұмысын байқау;
футеровканың, пештердің, тоңазытқыштардың, жүк тиеу және түсіру камераларының жұмысын байқау;
отынның жұмсалуын есептеу;
жабдықтарды жөндеуге және техникалық байқауға қатысу;
жұмыс орнын жинау.
пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмыс принципі;
әктасты күйдіру кезінде қолданылатын отынның түрлері мен сипаттамалары;
отынды жұмсау нормалары.
Параграф 48. Әктасты күйдіруші, 4-разряд
едендік, табиғи тартылуымен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннаға дейінгі сақиналық және қосынды өнімділігі сағатына 10 тоннаға дейінгі айналмалы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру;
пешті тұтандыру және оны жұмыстың тиісті режиміне дейін жеткізу;
дайын өнімдерді сұрыптауды және толық күймегендерді алып тастауды байқау;
әктасты түсіруді басқару;
жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;
табиғи газдың толық жануын бақылау;
пештердің жұмыс журналын жүргізу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы;
пешті тұтандыру ережесі;
шикізатқа, отынға және дайын өнімдерге қойылатын талаптар;
пештердің жұмыс журналын жүргізу ережесі.
Параграф 49. Әктасты күйдіруші, 5-разряд
жасанды тартумен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннадан асатын сақиналық және қосынды өнімділігі сағатына 10 тоннадан 20 тоннаға дейінгі айналымы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру;
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және зертханалық талдау деректері бойынша пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмысын реттеу;
пешке тас пен көмірді тиеу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау қызмет көрсететін жабдықтарды икемдеу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен иемдену ережесі;
әктасты күйдірудің белгіленген режимінен ауытқуды түзету әдістері;
отынды барынша тиімді және үнемді жұмсау тәсілдері;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі.
Параграф 50. Әктасты күйдіруші, 6-разряд
қосынды өнімділігі сағатына 25 тоннадан асатын айналмалы пештерде белгіленген технологиялық режимге сәйкес әктасты күйдіру;
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жұмыстың температуралық және тарту режимдерін реттеу;
жүк тиеу-түсіру қондырғылары мен желдету жүйесін футеровкалау; күйдіру процесі бұзылған кезде пешті жөндеу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
пештің футеровкасын салу әдістері;
пештердің жұмыс режимін реттеу тәсілдері;
өнімдердің сапасын бақылаудың негізгі тәсілдері;
пештерді жөндеу ережесі.
Параграф 51. Әкті пештен түсіруші, 3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары түсірушінің басшылығымен әртүрлі түрдегі пештерден әкті, әкті ұнды түсіру;
камераларға, арбашықтар мен вагонеткаларға қолмен және механикалдандырылған тәсілмен әкті тиеу;
транспортерлерді іске қосу және тоқтату;
бөгде қоспаларды бөлектеу;
тиелген вагонеткаларды жүкшығырдың көмегімен немесе қолмен қоймаларға, темір жол вагондарына, автомашиналарға жеткізу және оларды түсіру;
толық күймегендерді бөлінген жерге тасымалдау;
вагонеткалар мен арбашаларды майлау.
әкті түсіру ережесі;
көлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі;
әкке, орнатылған дабыл бергіштерге, апаттық ағытылуға қойылатын талаптар.
Параграф 52. Әкті пештен түсіруші, 4-разряд
әртүрлі түрдегі пештерден әкті, әкті ұнды түсіру;
әкті түсіру процесін реттеу;
әктің сапасын бақылау;
толық күймегендерді сұрыптау;
пештердегі және қоймалардағы тар табанды жолдарды, айналма шеңберді домалату табақтарын, жолақтарды салу және қозғалту;
қызмет көрсетілетін қондырғыларына ұсақ жөндеу жүргізу.
қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы;
әкке техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;
толық күйдірілмеу мен қатты күйдірудің сыртқы белгілері;
тар табанды жолдарды, айналма шеңберді, домалату табақтары мен жолақтарды салу және қозғалту.
Тоғыспаларды, қабырғаларды, есіктерді бөлумен пештен күйдірілген әктерді түсіру кезінде – 5-разряд.
Параграф 53. Әктасты сөндіруші, 3-разряд
шұңқырларда және жәшіктерде әкті сөндіру процесін жүргізу;
сөндірілмеген әкті шұңқырларға және жәшіктерге салу;
су беруді реттеу;
әк ерітіндісінің шоғырлануы мен температурасын анықтау;
сөндірілген әкті бассейндер мен бактарға жіберу;
әкті сөндіретін барабандарды, шұңқырларды, жәшіктерді, ерімеген қалдықтардан торларды жүйелі түрде тазалау және қалдықтарды белгіленген жерге тасып апару;
жұмыс орнын жинау.
қолданылатын механизмдердің құрылысы;
әкті сөндіру мен әк сүтін дайындау технологиясы;
әкті жұмсау нормалары;
сөндірілмеген әкті сөндіру үшін барабандарға, шұңқырларға, жәшіктерге салу ережесі;
әк сүтінің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 54. Әктасты сөндіруші, 4-разряд
әкті және әкті - құмды массаны сүрлемдерге, сөндіру барабандары мен мерзімді және үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сөндіру процесін жүргізу;
қызмет көрсетілетін қондырғылар мен механизмдерді дайындау, іске қосу және тоқтату;
тарелка түріндегі қоректендіргіштің, қождардың және тасымалдауыштардың көмегімен сөндіру барабандарына, сүрлемдер мен аппараттарға әкті және әкті - құмды массаны біркелкі салу;
ылғалдандырудың нақты мөлшерін сақтай отырып әкті сөндірудің технологиялық режимін реттеу;
сөндірілген әкті және әкті - құмды массаны тасымалдауышқа жіберу;
сөндіргіштен әкті және долоитті сүттерді тұндырғыш аппараттарға ағызу;
тұндырғыштардың жұмысын және олардың қосылуын байқау;
сүрлемді жабу және тазалау;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды майлау;
қондырғылардың жұмысындағы ақауларды түзеу және жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы;
сүрлемдерде, сөндіру барабандарында және аппараттарында әкті және әкті - құмды массаны сөндірудің технологиялық процесі;
сөндірудің толықтығын анықтау тәсілдері;
доломит пен судың жұмсару нормалары;
сөндіру процесінің ұзақтығы;
қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету әдістері.
Параграф 55. Әктасты ұсақтаушы, 3-разряд
қуаты сағатына 50 текше метрге дейінгі ұсақтау агрегаттарында әкті ұсақтау;
ұсақтау агрегаттарын іске қосу, тоқтату және жұмысын реттеу;
ұсақтау агрегаттарына әкті біркелкі салу;
әктің берілген мөлшерде шығуын қамтамасыз ету;
күймегендерді, қатты күйгендерді және бөгде қосылымдарды алып тастау;
қызмет көрсететін механизмдерді майлау және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;
ұсақтаушылардың астындағы тікелерді сұрыптау механизмдерімен және тасымалдаушылармен тазалау;
ескерту дабылдарын беру;
аспирациялық құрылғыларға қызмет көрсету.
қызмет көрсетілетін механизмдерді іске қосу;
өңделетін әктің қасиеттері;
ұсақтаудың белгіленген фракциялары;
ұсақтау агрегаттарын қайта икемдеу ережесі;
қолданылатын құрал-саймандар;
орнатылған дабыл бергіштер;
аспирациялық қондырғыларды пайдалану ережесі.
Өнімділігі сағатына 50 текше метрден астам ұсақталған масса ұсақтау агрегаттарында жұмыс істеген кезде – 4-разряд.
Параграф 56. Баспа машинасының машинисі, 5-разряд
өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен баспа машинасында басудың офсеттік тәсілімен асбест-цементті табақтардың үстіне суреттерді, ағаштардың әртүрлі жыныстарына, қаланған кірпішке және басқаларға ұқсайтын текстураны салу процесін жүргізу;
офсеттің білігін жақсартылатын табақтың қажетті қалыңдығына орнату;
офсеттік білікті дымқылдау үшін ваннаға ерітіндіні және лакты-бояулы табанға бояу құю;
шығыршықты конвейерге асбест-цементті табақтарды орнату;
бояуды жұмсау нормасын сақтау;
көлік құрылғыларымен көмекші механизмдерінің жағдайын байқау;
қызмет көрсетілетін баспа машинасы мен оның механизмдерін икемдеу, жуу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;
суреттер салудың технологиялық процесі;
офсеттік білікті орнату ережесі;
қолданылатын еріткіштер мен бояулардың сипаттамасы;
бояуды жұмсау нормасы;
баспа машинасын икемдеу мен жуу ережесі.
Параграф 57. Баспа машинасының машинисі, 6-разряд
баспа машинасында басудың офсеттік тәсілімен асбест-цементті табақтардың үстіне суреттерді, ағаштардың әртүрлі жыныстарына, қаланған кірпішке және басқаларға ұқсайтын текстураны салу процесін жүргізу;
баспа машинасының жұмысын реттеу;
факельді пышақтарды орнату мен қайрау бояу үшін ванна мен офсеттік білікті дұрыс орнатуды бақылау;
машинаның оймалау білігі баспа суреттерінің қосарлануын байқау;
баспа және офсеттік біліктердің өзара іс-әрекет үйлесімділігін қамтамасыз ету;
технологиялық шарттарға сәйкес баспа бояуының түсі мен тұтқырлығын дәлдеп түзету;
факельді пышақтардың, текстуралық цилиндр мен офсеттік біліктің қыспағындағы сығылған ауаның қысымын бақылау;
асбест-цементті табақтардың ассортиментіне тәуелді баспа машинасын икемдеу мен қайта икемдеу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
қолданылатын бояулардың рецептурасы;
біліктер жүйесі өзара іс-әрекеттері үйлесімділіген баспа машинасының жұмысын тексеру ережесі;
баспа бояуының түсі мен тұтқырлығын дәлдеп түзету тәсілдері;
баспа машинасын икемдеу және қайта икемдеу ережесі;
бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-саймандарының міндеті, қолдану ережесі.
Параграф 58. Бассейнші, 2-разряд
айдап қотару сорғыларын, бақылау дірілелектерді іске қосу және тоқтату;
қойыртпақтың қысымы мен температурасын сақтау:
қалақтардың жағдайын, бүріккіш арқылы ауаның берілуін тексеру:
жалпы сыйымдылығы 1000 шаршы метрге дейін тік бассейндерде, диаметрі 25 метрге дейін бассейндерде және тік бұрышты көлденең бассейндерде қойыртпақты ауамен және механикалық араластыру процесін жүргізу;
араластыру құрылғыларының, кранды араластырғыштардың, ауа өткізгіштердің, қойыртпақ өткізгіштердің жұмысын бақылау және техникалық қызмет көрсету;
қойыртпақтардың бассейндерге түсуін, жұмсалуын және деңгейін бақылау;
қойыртпақтардың бассейндер бойынша қозғалуы мен түзеу жөніндегі операцияларды орындау;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
ауа өткізгіштердің және қойыртпақ өткізгіштердің сызбасы;
қойыртпақтардың құрамы, қасиеттері және сапалық сипаттамалары, оларды түзету тәсілдері;
бақылау-өлшеу жабдықтарының міндеті;
автоматиканың, дабыл бергіштің және блокадалау құрылғылары;
майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды майлау карталары;
қызмет көрсетілетін қондырғылардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу тәсілдері.
Жалпы сыйымдылығы 1000 шаршы метрден асатын тік қойыртпақтық бассейндерге және диаметрі 25 метрден асатын дөңгелек көлденең бассейндерге қызмет көрсеткенде – 3-разряд.
Параграф 59. Бетон араластыру қондырғысының моторшысы
циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларымен құрылыс ерітінділерін әзірлеу;
қабылған рецептураға сәйкес араластыру қондырғыларына құрауыштарды жүйелі салу;
қызмет көрсететін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару;
дайын қоспалар мен ерітінділерді тасымалдағы құрылғыларға немесе өзге де орнын ауыстыру аспаптарына салу;
қызмет көрсететін жабдықтарды күтіп-ұстау;
жұмысты есептеудің ауысымдық журналын жүргізу.
бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерінің маркалары, олардың міндеті;
араластыру қондырғыларына құрауыштарды салу реттілігі;
пластиктеу немесе қатуды жеделдету үшін қолданылатын үстемелердің түрлері мен міндеті;
қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларын және көмекші жабдықтарды пайдалану ережесі мен жұмыс режимі.
Қосынды сыйымдылығы 400 тоннаға дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде – 2-разряд.
Қосынды сыйымдылығы 400 тоннадан асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде – 3-разряд.
Қосынды сыйымдылығы 1200-ден жоғары және 2000 литрге дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрге дейінгі үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде – 4-разряд.
Қосынды сыйымдылығы 2000 литрден асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрден асатын үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде – 5-разряд.
Параграф 60. Битумды айдап қотару жабдығының моторшысы, 3-разряд
балқытылған битумды айдап қотару жөніндегі сорғыларға және олардың құбырларына қызмет көрсету;
битум қоймасында битумның болуын, битум және бу құбырларының жағдайын сорғыларды тексеру;
битум қоймаларындағы битумның температурасын реттеу;
сорғыларды іске қосу және тоқтату;
ваннада судың болуын және суды сорып алуды, сорғының жұмысыны және битумның салқындауын байқау;
балқыту қазанымен сыйымдылықты битуммен қамтамасыз ету;
сыйымдылықты бумен қыздыру және битумды бойлерден битум қоймасына құю;
бу құбырларынан консатты жүйелі шығару;
сорғыларды, моторларды, су ағызу магистралын таза және жарамды жағдайда ұстау;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
құрастырмалы бактар мен тұндырғаштардың көлемі;
торкөздерді тазалау ережесі және оларды ауыстыру тәртібі;
сорғылық жабдықтарды майлаудың ережесі мен мерзімдері;
битум қоймаларының құрылысы;
битумды қыздыру мен айдап қотару ережесі.
Параграф 61. Битумды балқытушы, 3-разряд
битум балқыту қазандарында, ванналарда, конвертерлерде битумдар қоспасын балқыту процесін жүргізу;
сорғыларға, сыйымдылықтарға, отын жағу құрылғыларына және тиекті арматураға қызмет көрсету;
диспергаторда битум байламын әзірлеу;
сорғылар мен диспергаторларды іске қосу және тоқтату;
қазандарға ұсақталған және қайнатылған битум мен құмды салу;
битум балқыту қазандарына битумды, диатомды суспензияның битум байламасын салуды және битумның деңгейін, оттық пен бүріккіштің жағдайын байқау;
массаның температурасын реттеу;
дайын массаны сіңіру цехына айдау;
балқыту цехынан битумды және қоймадағы еріткішті жағым өндірісі жөніндегі цехтағы аралық сыйымдылыққа немесе одан кейінгі технологиялық өңдеуге айдау;
өнімділігі тәулігіне 50 тоннаға дейін битум балқыту агрегаттарында асфальтты - бетонды қоспа үшін битумды балқыту;
пештерге от жағу және берілген масса температурасын сақтау;
сорғылардың, құбырлардың, оттықтар мен бүріккіштердің жағдайын бақылау;
қазандар мен оттықтарды тазалау;
қожды шығару мен сөндіру және оны бөлінген жерге тасып апару;
жұмыстағы ақауларды түзеу, жабдықты жөндеуге қатысу.
балқыту қазандарының, диспергаторлардың, шілтерлердің, конвертерлердің, оттықтардың, ауа үрлегіштердің, сорғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;
битумның, битум орамасының маркалары және олардың міндеті;
отын жағуды, битумды балқытуды жүргізу режимі;
битумды ағызу тәртібі;
суық желімделетін жағымдар өндірісінің технологиялық процесі;
асфальтты – бетонды қоспалар үшін битумды балқытудың технологиялық процесі;
отынның түрлері мен оның қасиеттері;
битумның қасиеттері;
қазандарды, ванналарды, конвертерлерді толтыру;
от жағу және тазалау тәртібі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
Параграф 62. Битумды балқытушы, 4-разряд
технологияға сәйкес әртүрлі маркалардағы битумдардан, пекалардан және өзге де компоненттерден сіңдіру және жабылғы массаларын балқыту процесін жүргізу;
балқыту қазандарында от жағудың қажетті режимін сақтау;
массаны балқыту процесін бақылау;
буды масса өткізгіштер мен қарамай ұстағыштардың кір түтіктеріне, бу мұқабасына беру;
қазанның түбі мен қабырғалары жағдайын байқау;
белгіленген рецептура бойынша желімделетін жағымды дайындау процесін жүргізу;
аралық кішкентай бактар мен мерниктерде битумның және еріткіштің деңгейін реттеу;
өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан астам битум балқыту агрегатарда асфальт - бетонды қоспалар үшін битумды балқыту;
жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдап алу;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету, оны жөндеуге қатысу;
өзінен біліктілігі төмен балқытушыларды басқару.
битумды балқыту үшін жабдықтың құрылымы;
бақылау-өлшеу және реттеу аппаратураларының құрылысы;
битумды сорғыту және тотықтыру процесі;
битумның әртүрлі маркаларынан сіңдіру және жабылғы массаларын, суық желімделетін жағымдарды, асфальтты-бетонды балқытудың технологиялық процесі;
сіңдіру және жабылғы массалары мен асфальтты-бетонның қасиеттері;
жабдықтардың ақауларын анықтау және түзету тәсілдері.
Параграф 63. Битумды тотықтандыру және сорғыту аппаратшысы,
3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен битумды тотықтыру, сорғыту процесін жүргізу;
битум қабылдау ванналарынан алынған битуммен битум қоймасын толтыру;
сорғыларға, тиек арматураларына, масса өткізгіштерге, құбырларға, реактордың жағу құрылғысына, қуаты сағатына 250 килокалорияға дейінгі құбырлы пештің ыдысын отынмен толтыруға қызмет көрсету;
құбырлы пештер мен сорғыларды іске қосу және тоқтату;
аккумуляторларды битуммен толтыру;
сіңдіру массасының қызу температурасын құралдар бойынша байқау;
битумның құбырлы пештер арқылы айналуын бақылау;
тотықтандырылған және қыздырылған битумды аккумуляторлардан сорғылармен сіңдіру агрегаттарының ванналарына айдау;
ораманы пневматикалық түсіру кезінде сіңдіру аппараттарына ауа жіберу;
дайын массаны сіңдіру цехына айдау;
жабдықтардың ақауларын жою және жөндеуге қатысу.
тотықтандыру қондырғыларын, конверттердің, компрессорлардың, сорғылардың, құбырлы пештердің, аккумуляторлардың, масса өткізгіштердің, ауа жібергіштердің, резервуарлар ыдыстарының, дозалау және араластыру кішкентай бактарының міндеті, құрылысы, әрекет принципі;
жанатын материалдармен жұмыс істеу, оттықта отынның жану процесін жүргізу ережесі;
мастиканың, битумның сапасына мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың қоятын талаптары;
қыздырылатын құбырлардың, сыйымдылықтардың және өзге де қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық пайдалану ережесі;
битумды сорғыту процесін жүргізу, жабдықтарды іске қосу мен тоқтату, құбырлы пешті қыздыруды, сіңдіру массасын қыздыру температурасын реттеу ережесі мен әдістері;
жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жөндеу әдістері.
Параграф 64. Битумды тотықтандыру және сорғыту аппаратшысы,
4-разряд
берілген режимге сәйкес битумды тотықтандыру, қыздыру және сорғыту, жеңіл фракцияларды айыру процесін жүргізу;
аккумуляторлық қондырғылар, конвертерлер реактивтерін қадағалау;
жабдықтарды іске қосу және тоқтату;
қуаты сағатына 250 килокалориядан артық құбырлы пештің оттық құрылғысын отынмен толтыру;
аккумуляторларға битум толтыру;
реактор оттығына сұйық отынды беруді, конвертерлерге сорғытылған битуммен толтыру процесі;
бақылау-өлшеу құралдары бойынша битумды сорғытуды реттеу;
сорғытылған битумның сығылған ауамен қоспасын реакторға жіберу;
пештердің, конвертерлердің жылу режимін, автоматика жүйесінің және бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын байқау;
тотықтандырылған битумды сыйымдылыққа, тотықтандырылған және қыздырылған битумды аккумуляторлардан сіңдіру ванналарына немесе қайнату қазандарына айдау;
конденсаттық қондырғының жұмысын, мұнай өнімдерінің өндірістік канализацияға ағызылуын бақылау;
берілген температуралық режимді қамтамасыз ету;
жабдықтарды жөндеуге қатысу.
тотықтандыру қондырғыларының, конвертерлердің, аккумуляторлардың, компрессорлардың, құбырлы пештердің, конденсаттық қондырғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының барлық тораптарының құрылысы мен міндеті;
ауа үрлегіштердің, масса өткізгіштердің және сорғылардың, майды қыздыру жүйелерінің жұмыс принципі;
битумды тотықтандыру мен сорғытудың, жеңіл фракцияларды айырудың технологиясы;
битумды тотықтандыру процесін жүргізу ережесі мен әдістері;
технологиялық картаның шикізат пен тотықтандырылған битумға қоятын талаптары;
газ шаруашылығын пайдалану;
бақылау-өлшеу аппаратурасы мен автоматиканы қолдану ережесі;
температуралық режим;
сорғытуға түскен битумдардың химиялық құрамы мен қасиеттері;
дайын сіңдірілген массаға қойылатын талаптар;
«аккумулятор-құбырлы пеш» желісінде битумның айналуын реттеу тәсілдері;
сіңдірілетін массаны сорғыту мен қыздыруды жүргізу тәртібі;
жабдықтардың жұмысында ақауларды жою тәсілдері.
Параграф 65. Битумшы, 3-разряд
темір жол вагондарының бункерлерінен битумды ағызып алу;
битум қоймасы қақпағын көтеру механизмдерін және жүкшығырды басқару;
вагондардың бункерлеріне, битум қоймасы мен сорғыға буды және битумды беру және қысым мен температураны реттеу;
сорғыларды іске қосу және тоқтату, битум қоймасынан шығыс бактарына битумды беруді байқау;
битум қоймасы шығыс бактары еріту керегеторларын тазалау;
битумның түсу мен жұмсалу есебін жүргізу.
битум қоймасының, битум сорғысының, бактардың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратураларының құрылысы мен жұмыс принципі;
битумның маркаларын және олардың қасиеттері;
бу өткізгіштің,конденсат өткізгіштің сызбалары, крандардың, шұралардың міндеттері.
Параграф 66. Битумшы, 4-разряд
әртүрлі маркадағы битум, диатомитті, перлитті, балшықты, каучукты қосумен битум және берілген рецептура бойынша өзге де компоненттер негізінде байланыстыратын және желімдейтін қоспалар дайындау процесін жүргізу;
компоненттерді мөлшерлеу, араластыру, айдау үшін қондырғыларды басқару;
қондырғыларды, сорғыларды іске қосу және тоқтату, буды иіртүтікке, бу қабатына беру;
бактардағы деңгейді, будың, битумның және өзге де компоненттердің температурасын, бақылау-өлшеу құралдарын, бұйым өндірісінде байланыстыратын және желімдейтін қоспалардың берілуін байқау.
сорғылардың, диспергаторлардың, араластырушылардың және өзге де қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;
айланыстыратын және желімдейтін қоспаларды әзірлеудің технологиялық процесі;
битум мен өзге де компоненттердің қасиеттері, байланыстыратын, желімдейтін қоспалардың сапасын бақылау тәсілдері;
қондырғыларды іске қосу, реттеу және тоқтату тәртібі.
Параграф 67. Борлы денелерді тиеуші, 3-разряд
борлы денелерді диірменге тиеу;
борлы денелерді тиеу, түсіру және сұрыптау, борлы денелерді диірменге тасымалдау;
тиеу механизмдерінің көмегімен борлы денелерді диірменге толық тиеу және артық тиеу операцияларын орындау;
люктерді ашу мен жабу, камера аралық тосқауылдарды тазалау;
борлы денелерді сұрыптау және қалдықтарды жинау;
борлы денелерді сұрыптайтын машиналарға қызмет көрсету.
тиеу механизмдері мен борлы денелерді сұрыптау жөніндегі машиналардың құрылысы мен әрекет принципі;
диірмендерді толық тиеу және артық тиеу тәсілдері мен мерзімдері;
борлы денелерді тиеудің шекті нормалары;
борлы денелердің түрлері, қасиеттері мен ассортименті.
Параграф 68. Бұйымдар мен құрылғыларды құрастырушы, 2-разряд
таскендір тақтайшаларын құрастыру;
тақтайшалардың ұзындық өлшемдерін тексеру;
тарамдарды біріктіруге берілген көлемдегі саңылау жасау;
тесілген жерлерге тойтармаларды қою және электрұстағыш көмегімен жапсыру;
жабысу элементтері өлшемдері, жабысу, жылыту тақтайшасына салынуының сапасын бақылау;
таскендірцемент затын берілген рецептура бойынша казеин желімінде жасау, жиналған тақтайшаларға таскендірцемент затын жағу;
темірбетон бұйымдарын құрастырғанда қосымша жұмыстарға қатысу;
салу тетіктерін жабыстыруға дайындау;
оқшаулау материалдарын салу;
оқшаулау және қорғаныс заттар мен құрамдарды дайындау және жағу;
түйіскен тұстарына ерітінді жағу.
жоғарғы және төменгі қабаттарды жабыстыру ережелері;
бұрғылау станогының құрылымы;
қолданылып жатқан бұрғылар мен тойтармалардың өлшемдері;
пештің тойтармаларға арналған саңылауларының орналасуы;
тақтайшаларды жабыстыруға арналған электрұстауыштардың құрылымы мен қолдану ережелері;
тақтайшаның ұзындықтарына, пішіні мен сыртқы түріне қойылған стандарттарды(техникалық шарттарды);
тақтайшаларды майлау ережелері;
таскендірцемент бұйымының құрауыштарының қасиеттері, мөлшері, жасау технологиясы;
құрастырылып жатқан өнім мақсаты мен оларға қойылатын талаптарды;
оқшаулағыш заттардың жасалу мен жағылу ережелерін.
Параграф 69. Бұйымдар мен құрылғыларды құрастырушы, 3-разряд
сызықтық және жалпақ темірбетон құрылмаларды жинау:
жабындылардың панелдері мен тақтайшалары, сыртқы қабырға және ұқсас бұйымдар панелдерін;
жеке сызықтық элементтерден фермаларды жинау және түйіскендерін бүтіндеу;
құрастырылып жатқан тетіктер мен элементтерді бұрандама, қамыт, тетік қысқышпен қосу;
жиектеуші мен тельфер жұмысын басқару;
берілген өлшемдерге сәйкес каркастар мен даяр тетіктерді құрастыру, біріктіру;
каркас бөліктерін (мөлшерқада, планка, төсеме, арқан) құрастыру орнына тасымалдау;
құрастырылып жатқан каркастарды тасымалдау, қатарлап қою;
дайын каркасты жаю станогының қабылдау секциясына ауыстыру және салу;
каркас араларына шектеу бөренесін қою және уақытша байлау;
қалқандарды тасымалдау, каркас саңылауларына салу;
жаю станогына келген каркастарды өлшемдері бойынша тіркеу;
стендта құбырларды жылуоқшаулағыш құрылмалар мен мат, цилиндр, қабық, сегмент, тақтайша, қорғаныс жабынды, тіркеу тетіктерінен тұратын жабдықтарды құралманың өлшемдеріне сәйкес құрастыру;
қосалқы механизмдерді басқару;
бұйымдар мен тетіктерді тасымалдау;
құрамаларды тасымалдау талаптарына сай салу және орау.
жиналып жатқан заттарды пайдалану мақсаттары мен техникалық талаптарды;
үлкейтіп жинау, орнын ауыстыру, жиектеу және құрастырылып жатқан элементтер мен бұйымдарды орналастыру тәсілдері мен ережелері, сызбаларды оқу ережелері;
құрастырылып жатқан заттарды салу мен ораудың тәртібі.
Параграф 70. Бұйымдар мен құрылғыларды құрастырушы, 4-разряд
құрылыстың көлемдік кеңістік элементтерін (бөлмелер, блоктар, сантехкабиналар, басқыш шабақтары, шахталар, лифтілер, коллекторлар және өзге де) құрастыру монтаждалатын бөшкелерге белгі салу, олардың бұрандамалы, қамытпен немесе ұстағышпен бекітумен және дәнекерлеуге дайындаумен кондукторға орналастыру, бөшкелерді және дайын көлемдік элементтерді бөлшектр мен дайын көлемдік элементтерді ілгектеу, орын ауыстыру және орнату;
үлгі-мөлшер құрылымына сәйкес құрастыру конвейерінде жылу оқшаулағыш құбырлар үшін құрылымдар мен цилиндрлерді жабдықтап, төсеніштер, қабыршықтар, сегменттер, плиталар мен қорғаныс жабылғыларын бектіпе бөлшектерін құрастыру;
жеткізу талаптарына сәйкес құрылымдардың орнын ауыстыру, қалау буып-түю үшін станоктар мен механизмдерді басқару.
жиналатын құрылымдарға қойылатын техникалық талаптар мен міндеттер;
көлемді темір бетон құрастыру әдістері мен ережесі құрылымының элементтерін біріктіру және бекіту әдістері;
құрастырылған құрылымының сапасына қойылатын негізгі талаптар;
конвейерлердің станоктардың, механизмдердің және құрал-саймандардың құрылысы;
құрылымдардың, бұйымдардың және бөлшектердің қасиеттері;
модель және үлгі мөлшері құрылымды құрастыру тәртібі;
жеткізілімнің толымдылығы.
Параграф 71. Бұйымдарды бояу желісінің операторы, 3-разряд
камерада акустикалық плиталардың үстін бояу;
бояу үшін плитаның табандарын бекіту;
араластырғыштарды бояуды әзірлеу;
құрамды мөлшерлеу мен әзірлеу;
араластырғышты, баяуды беру үшін сорғыларды қосу, айыру;
механизмдердің, бүріккіштердің дұрыс жұмыс істеуін, баяулардың қоюлануын және күрделі және қарапайым фактурасының біркелкі қабатын жағуды байқау;
бүріккішке ауа мен баяуды беруді реттеу;
араластырғыштарды, бүріккіштерді, құрал-саймандарды тазалау мен жуып-шаю.
плиталардың бетін жабуға арналған кабиналардың, араластырғыштардың, бояуларды беруге арналған сорғылар мен бүріккіштердің, тасымалдау үшін құрал-саймандардың құрылысы, бояулардың қасиеттері мен түрлері, оларды әзірлеу технологиясы;
акустикалық плиталарды жабудың қасиеттері және оларға талаптар;
жабылу түрлері;
әртүрлі жабылуларды кептіру режимі;
жабылу сапасын бақылау әдістері;
бояу кезінде бұйымдарды орналастыру және бекіту ережесі;
бояу және кептіру үшін плиталарды тасымалдау тәртібі;
бояу әдістері, бүріккіштерді, араластырғыштарды тазалау тәсілдері.
Параграф 72. Бұйымдарды бояу желісінің операторы, 4-разряд
бүріккіштің көмегімен кірпіштің үстіне бояу жағу;
кірпішті іріктеу және оны кірпішті бояу желісінің тасымалдағыш құралына салу;
кірпішті тозаңнан тазарту;
кептіру агрегатын реттеу және жөнге келтіру, есептеудің берілген режимін жүргізуді бақылау;
рецептура бойынша бояушы заттарды дайындау және құрастыру;
боялған кірпішті тағанға орналастыру және буып-түю;
жұмыс орнын тазалау;
жабдықтарды жөндеуге қатысу.
кептіру агрегатының құрылысы мен әрекет принципі;
кірпішті бояудың технологиялық процесін басқару сұлбасы;
бояушы заттардың түрлері мен қасиеттері;
технологиялық желілердің жұмыс режимі;
жабдықтардың ақауларының түрлері мен оларды түзету тәсілдері;
шығарылатын өнімдерге мемлекеттік стандарттар мен технологиялық шарттардың талаптары.
Параграф 73. Бұйымдарды буландырушы, 3-разряд
құмды цемент черепицасы, виброқышты қабырғалар, қыштан жасалған блоктар, табақты асбестоцементті және асбестосилитті бұйымдар, өзге де бұйымдарды ылғалды камераларда булау;
камераға будың түсуін реттеу және жіберу;
бақылау өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша булау ережесін сақтау;
ұсақталған тас кесектерден камераларды тазарту;
булау камераларына арбаларды қою;
булау камераларындағы арбалардың тиелуі және олардың түсірілуі;
буланған камералар жұмысының журналын арнау.
буланған камера құралдары;
бақылау өлшеу құрылғыларын пайдалану ережесі және құралдары;
бу өткізгіш үлгісі;
процесс технологиясы және жылу өңдеу бұйымдарының ережесі;
кесінділер және дайын бұйымдар қабылдағышына техникалық жағдайдан кейінгі бұйымдардың механикалық мықтылық көлемі;
асбестоцементті және асбестосилитті бұйымдардың булану тәртібі;
технологиялық процестің реттелу ережесі;
буланған камералар жұмысының журналын жүргізу ережесі.
Параграф 74. Бұйымдарды буландырушы, 4-разряд
силикатты бұйымдарды автоклавта булау;
автоклавтар қақпағын бекіту және ашу;
көтермені механизмдермен көтеру, түсіру және автоклав қақпағы жағына апару;
асбестовты шнурдың автоклав саңылауындағы төсемдері, оны графитпен майлау;
автоклавтан автоклавқа буды қайта жіберу;
бұйым буланғаннан кейін конденсаттау және буды жіберу;
вагонетка, контейнерлерді бұйымдарымен тиеу және түсіру;
бу жіберу алдында қақпағын салу және будың жіберілуі тоқтағаннан кейін оны алып тастау;
жылу өңдеу ережесін бақылау және технологиялық процесс параметрлерімен реттеу;
автоклавтың жұмыс кестесін сақтау;
автоклавта буланған бұйымдарды алу;
автоклавты тазарту және тәуліктік кішкене науа;
автоклав жапқыштарының нығыздағын доңғалағы және төсемдерін ауыстыруға қатысу;
автоклав жұмысының журналын арнау.
автоклав құрылғыларын және көтерме құралдары;
қайта буландыру үлгісі;
су сору және сақтандыру клапондары;
силикатты бұйымдардың жылу өңдеуінің технологиялық процесі;
бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережесі және белгілеу;
дабыл жүйесі;
автоклав әрекетінің принциптері;
автоклавта жылу өңдеу бұйымдарының ережесі;
автоклав жапқыштарындағы нығыздаушы доңғалақ және төсеніштердің ауысу тәсілі;
жылу сақтау параметрлері мен құрамы;
гидромасса және бұйымдар құрамы;
жылу сақталуын беру үлгісі;
реттеуші крандарды белгілеу;
операцияның жалғасымдылығы;
автоклавтың жұмыс журналын ашу ережесі;
автоклав жұмысының кестесі.
Параграф 75. Бұйымдарды кептіруші, 1-разряд
кірпішті табиғи кептіру процесінде қосалқы және көмекші жұмыстарды орындау;
шикізатты қабырғасына аудару;
шикізатты кептіру үшін жақындату;
шикізатты жөндеу және оған үгінді мен құмды себу;
тарту токтерін ашу және жабу;
қалқан қою мен жабу жолымен шикізатты жаңбырдан және желден сақтау;
суағар орларды тазалау;
кептіру сарайлары мен алаңдарын жинау, тазалау;
сынықтар мен қоқыстарды белгіленген жерге шығару;
сарайлар мен кептіру алаңдарын алаңшаларының табанына құм төсеу және тегістеу;
желдеткіштердің орнын ауыстыру;
себу үшін құмды немесе үйіндіні тасымалдау;
кептіру саймандарын тасу, қоймалау, сақтау, ұсақ жөндеу.
шикізаттың сапасына қойылатын талаптар, оларды қалау мен атмосфералық ылғалды сақтау ережесі;
соратын терезелердің, моктердің, үлкен шамдардың құрылысы;
сарайлар мен алақшалардың табанын тегістеу ережесі.
Параграф 76. Бұйымдарды кептіруші, 3-разряд
жасанды кептіргіштерде кептіру кептіру сарайлары мен кесектерінде шикі кірпішті және черепицаны табиғи кептіру процесін жүргізу;
кептіру сарайларында фрамугтарды, фонарларды, люктарды, терезелерді, сүзіндіні ашу және жабу;
қалқандарды орналастыру;
желдеткіштерді іске қосу, тоқтату және орнын ауыстыру;
ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылау;
кептірілген өнімнің дайындығын анықтау;
кептіру процесінде өнімді салу және артуды қадағалау;
брус-жастыққа кептірілген өнімді салуды қамтамасыз ету;
атмосфералық тұнбалардан, суықтан және кеуіп кетуден өнімді сақтау;
кептіру сарайларының жүк тиеу және түсіру кестесін сақтау, өнімді кептіру журналын жүргізу.
кептіру сарайларының қондырғысы;
алаңдары және оларды пайдалану ережелері;
кептіру сарайларында кірпішті кептіру режимі;
өнім сапасына қойылатын талаптар және оларды кептіру сарайларына және брус-жастықтарға салу ережелері;
кептіру сарайлары айналымын белгіленген мерзімдері;
атмосфералық әсер етулерден өнімді қорғау ережелері.
Параграф 77. Бұйымдарды кептіруші, 4-разряд
шикі кірпішті, керамикалық блоктарды, черепицаны, суару құбырларын, гипс сылақтар табақтарын және туннельдік, камералық және өзге үлгідегі жасанды кептіргіштерде гипстен жасалған өзге де бұйымдарды кептіру процесін жүргізу;
кептіргіштерге жүк тиеу және түсіру кестесін немесе қалыптау конвейерінің қозғалысына сәйкес кептіргіштер рольгангының қозғалыс жылдамдығын реттеу;
кептіру режиміне сәйкес кептірудің әртүрлі аймақтарында температураны реттеу;
камераларды өзге бағытқа бұру;
желдеткіштердің жарамдылығын, іске қосылуын және тоқтатуды тексеру;
жылдамдық вариаторының, тарту станциясының, тізбектерінің, бу құбырының, конденсат құбырының, кеңейткіштердің жұмысын реттеу;
кептірілген бұйымдардың дайындығын анықтау;
газ жүрісінің, камералары мен туннельдерін күл, қож, қара күйе және ұсақ тастардан уақытылы тазартылуын, люктердің, өтетін тесіктердің және есіктердің дұрыс жабылуын, сондай-ақ кептіргіште ауаның сорылуының болмауын бақылау;
кептіргіш пен механизмдер жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жою;
бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштерін бақылау;
механизмдерді уақытылы майлау;
кептіргіш жұмысының журналын және оларға жүк тиеу кестесін жүргізу.
кептіргіштер мен қосалқы құрал-жабдықтардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары;
бақылау-өлшеу құралдары және оларды пайдалану ережелері;
бұйымдарды кептірудің температуралық режимі;
жартылай фабрикаттар сапасына қойылатын талаптар және оларды сыртқы белгілері бойынша бақылау;
құрал-жабдықтар күтімі ережесі.
Параграф 78. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы, 2-разряд
темір бетон бұйымдар мен құрылымдарын қалыптау кезінде қосалқы жұмыстарды атқару;
арматуралық торларды, каркастарды, салу бөлшектерін және оларды қалыпқа сала отырып монтаж ілгектерін жылжыту;
қол құралының көмегімен қалыпқа бетон қоспасын тегістеу;
бетон қалдықтарынан қалып борттарын тазарту;
қалыптанған бұйымдардың ашық қабаттатын тегістеу;
қалыпсыздандырылған бұйымдарды кенеріктерден тазарту;
бетоннан жасалған арматураның салу бөлшектері мен арматура шығарылымдарын тазарту;
тапсырылған түс пен көлем бойынша іріктеумен стандартты кілемшелерден қаптау кілемдерін ірі жинау;
кілемдерге күрделі емес бейіндер үшін қарапайым суретпен жекелеген керамикалық плиткаларды жинау;
тапсырылған рецептура бойынша желімді дайындау;
трафарет немесе штамп көмегімен бұйымдарды таңбалау;
вакуумдеуші қораптарда гипс плиталары мен блоктарын қалыптау;
ерітіндіні араластырғыштарға қалып-вагонеткаларды қалыптау немесе ерітінді араластырғыштың бункер ожауы астына үстелімен платформаларды жылжыту;
қалыптарға ерітіндіні толтыру;
толтырылған қалыптары бар вагонеткалар мен үстелдерді тасымалдауыштарға жылжыту;
бұйым қабатын біліктеу;
шаблонмен плиталарды мерзімді тексеру;
қорапқа массаның толуын және араластыруды қадағалау;
плитаның вакумделуінің аяқталуын анықтау;
вакуумделуші қораптар мен торларды гипстен тазарту;
біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен жанышпа біліктерде және таспалы престерде керамзит түйірлерін қалыптау;
глина араластырғышты, жанышпабілікті, пресс және өзге де механизмдерді дайындау, іске қосу және тоқтату;
престі іске қосу, валюшканы іріктеу және жылжыту;
сазды ылғалдандыру;
гипскартон табақтарын қалыптау:
орау, тельфермен орамдарды жылжыту, оларды орнату және бекіту;
қалыптау үстеліне картон таспасының біркелкі түсуін бақылау және оларды желіммен майлау;
картон таспасының қисықтығын жою, үзіктер болғанда картондарды жапсыру кезінде қосалқы жұмыстарды атқару;
қызмет көрсететін құралды майлау;
біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қолмен асбестцемент бұйымдарын қалыптау;
иінтіректі қайшылар, арнайы құрылғылар көмегімен немесе қолмен коньяктар және өзге де фасонды бұйымдар үшін плиткаларға шаблондар мен белгілер бойынша шикі асбестцемент табақтарын пішу;
метал төсемдерге-қалыптарға шикі плиткаларды салу;
кесінділер мен шикі ақауларды қайта өңдеуге жіберу;
қатаю процесінің аяқталуына қарай коньяк қаттамасын бұзу;
ақаулы бұйымдарды сұрыптау.
асбестцемент фасонды бұйымдарға линиялық көлем, қалыптар және сыртқы түрі бөлігінде қойылатын стандарттар талабы мен техникалық шарттар;
фасонды бұйымдардың жекелеген бөлшектерін біріктіру әдістері;
бетон қоспасының негізгі қасиеттері;
арматураны тасымалдау ережелері;
бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптар;
қаптау кілемдері мен плиталарының ассортименті;
қызмет көрсететін құралдардың жұмыс қағидаттары;
қызмет көрсететін құралдарды іске қосу, тоқтату және майлау ережелері;
қалыптанатын бұйымдар сапасына қойылатын талаптар;
қолданылатын құралдар мен құрылғылардың тағайындалымдары.
Параграф 79. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы, 3-разряд
жай және орта күрделілікті темір бетон бұйымдарын қалыптау бойынша жұмыстарды атқару;
қалыптарды тазарту, майлау және жинау;
жоба күйіне бекітумен каркастарды және салу бөлшектерін дайын арматуралық торлар қалыптарына салу;
электртермиялық созу тәсілімен алдын ала кернеулі арматура қалпына салымдар мен алмалы-салмалы бөлгіш қалқандарды орнату, тегістеумен және нығыздаумен бетон қоспасымен қалыптарды толтыру;
қалыпталған бұйымның ашық қабатын таза өңдеу;
бұйымдарды жылу өңдеу камераларына тасымалдау;
бөлу постына немесе қатқабатқа тасымалдаумен бұйымдарды қалыпсыздандыру;
құралдардың мынадай түрлерінің бірінің жұмысын басқару:
өзектерді электр қыздыру қондырғысы, қалыптарды тазарту және майлау қондырғысы, бетон таратушы, бетон салушы, виброалаң, үйкеу машинасы, беру көпірі, ажыратқыш, қайта салғыш, штабелер;
күрделі сурет кезінде немесе күйделі бейінді бұйымдар үшін жекелеген керамикалық плиткаларды кілемге жинау;
виброалаңдарда немесе біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен айналмалы машинада гипс плиталарын және блоктарын қалыптау;
берілетін массаның дұрыс жиналуын, қалыпты бекітуді және сапасын тексеру;
жанышпа біліктерде және таспалы престерде керамзит түйірін қалыптау;
цемент-құм черепицаны және борларды қолмен қалыптау;
ірі блоктардың силикат немесе пеносиликат массаларынан, қаптау плиталарынан және өзге де бұйымдарды қалыптау жөніндегі қосалқы жұмыстары атқару;
қалыптарды вагонеткаларға жинау, орнату және оларды бұзу;
қалыптардан және түптабандардан бұйымдарды распалубка жасау, распалубка стендтеріне вагонеткаларды тасу;
вибростендке қызмет көрсету;
қалыптарды бұзу, бұйымдарды қатқабатқа, рольгангтерге және өзге де көлік құралдарына салу;
қалыптарды, түптабандарды тазарту, дайындау және жинау, оларды толтыру орындарына жіберу;
біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен асфальт плиткаларды қалыптау;
тарату бункерлерінің қоюжақпамен толтырылуын бақылау;
конвейерге қоюжақпаны беруді реттеу;
жүк тиеу бункері мен лотогын майлау;
саз ерітіндісін және қалыптарды майлауды дайындау;
асбестцемент бұйымдарын қолмен қалыптау;
шикі табақтарды орындалатын тапсырысқа сәйкес көлемі мен құрама пішімі бойынша белгілеу және пішімдеу;
білікке дайындамаларды бүрлеу және қалыптау үстеліне орын ауыстыру;
қалыпты, бүрлеу үшін төсеніштің және өзге де құралдардың жай-күйін тексеру;
ақаулы бұйымдарды сұрыптау.
линиялық көлемдер стандарттары;
бүрлеуді пішімдеу әдістері;
қалыптау әдістері мен амалдары;
шикі күйінде тапсырыстың жекелеген бөлшектерін біріктіру әдістері;
қызмет көрсететін құралдардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаты;
салу тәсілдері мен ережелері және арматура кернеулері;
дайындалатын бұйымдарға техникалық талаптар;
сызбаларды оқу ережелері;
қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары;
бұйымдарды жылжыту әдістері мен тәсілдері;
қолданылатын қаптау кілемдері мен плиталарының ассортименті және олардың сапасына қойылатын талаптар;
ерітіндіні ұстап қалу мерзімдері және блоктар мен плиталарды төзімділігіне тексеру тәсілдері;
шикізаттардың рецептурасы, қасиеті және борларға техникалық шарттар;
түйірлер мен валюшкаларға қойылатын талаптар;
қалыптар, түптабандар, вибростенд құрылғысы;
майлау материалдарының қасиеті;
қалыптау түптабандарының өнімділігі;
тарату бункерлерінің сыйымдылығы;
асфальт плиталарды.
қалыптау:
1) ішкі қабырғалар блоктары тегіс және бос қалқандармен;
2) негізгі блоктар жай пішімді;
3) бортты тастар;
4) жабын плиталары және жалпақ аражабындар;
5) тротуар, трамвай және жол плиталары;
6) баспалдақ алаңдары;
7) ұзындығы 6 метрге дейінгі свайлар;
8) бағаналар, пасынкалар, далдашалар, тіректер және консолі жоқ бағандар;
9) баспалдақтар және проступтер;
10) шпалдар.
Параграф 80. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы, 4-разряд
күрделі бұйымдар (үлкен габаритті, ұсақ қабырғалы) бұйымдар мен құрылымдарды қалыптау бойынша жұмыстарды атқару;
қалыптар мен қондырғыларды тазарту, майлау, жинау және тексеру, жоба күйінде ірілендіру жинағымен және бекітумен жекелеген арматуралық каркас элементтерді қалыпқа (қондырғыға) орнату;
салу бөлшектері мен монтаж ілгектерін орнату, қалыпқа электртермиялық немесе механикалық (домкраттар көмегімен) кернеу тәсілімен кернеулі арматураны орнату;
ішпектерді, өзектер мен бөлу қалқандарын орнату, қалыпты бетон қоспасымен толтыру, дірілдеумен қоспаны тегістеу және тығыздау;
қалыптандырылған бұйымдардың ашық қабаттарын жону;
бұйымдарды жылу мен өңдеу орындарына беру;
бөлу постына немесе қатқабатқа жеткізумен жылумен өңдеуден кейін бұйымды қалыпсыздандыру;
виброштамптар, центрифун, сондай-ақ бірнеше қызметтерді атқаратын агрегаттар мен құралдар жұмысын басқару;
қалыптау конвейерінде асфальт плиталарды қалыптау;
қоюжақпаны беруді іске қосу және біркелкі берілуін реттеу;
шығарылатын өнім сапасын бақылау;
брикеттерге қажетті қалыпты беру үшін қоюжақпаны кесу;
асфальт қиқымдарын жинау және оны берілген орындарға жылжыту;
қызмет көрсететін құралды жөндеуге қатысу;
гипс плиталарын блоктар мен цемент-құм черепицаларын әртүрлі құрылымды машиналарда қалыптау;
біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау конвейерінде гипсокартон табақтарын қалыптау;
конвейер таспасында гипсті тегістеу, өзге қоспаларды және гипс жетектерін жою;
жетектерді гипс массасымен толтыру;
жетек-иілу қондырғыны реттеу, қызмет көрсететін құралдарды жөндеу және баптауға қатысу.
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары;
арматураны салу және кернеу тәсілдері мен ережелері;
сызбаларды оқу ережелері;
қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары;
қызмет көрсететін құрал құрылғысы;
шығарылатын өнімдердің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;
қызмет көрсететін құралды баптау ережелері;
гипсокартон табақтарына техникалық шарттар;
машинаның қозғалыс жылдамдықтарын реттеу, қалыптау массасының құрамы;
гипс ерітіндісін ұстап қалу мерзімдері;
қызмет көрсететін құрал жұмысындағы ұсақ ақаулар.
қалыптау:
1) арқалықтар стропильді бір ылдилы, негізді және тұтқырлы арқалықтар, ригельдер, прогондар;
2) күрделі пішінді негізгі блоктар;
3) заборлар мен қоршаулар;
4) екі тарамды краннан өзге барлық үлгідегі консольдары мен сөрелері бар бағандар;
5) ашық тәсілмен құрылыста қолданылатын метро тоннельдері, көлік қиылыстары мен өтетін коллекторларды әрлеу құрылымдары;
6) жалпақ және қабырғалы баспалдақтар;
7) байланыс желілерінің, электр беру және шамдардың тіректері;
8) сыртқы қабырғалардың панельдері мен блоктары;
9) аралық жабындар мен жабындар панельдері, ішкі қабырғалар панельдері, кассеталық және прокаттық бөлшектер;
10) аэродром плиталары;
11) балкон және карниз плиталары, лоджияларды, кіріс күнқағарларды қоршау панельдері, парапет тастары;
12) 6 метрден аса ұзындықты свайлар, шпунт;
13) барлық көлемдегі арынсыз құбырлар.
Параграф 81. Бұйымдарды, құрылғылар мен құрылыс материалдарын қалыптаушы, 5-разряд
қалыптау конвейерінде гипсокартон табақтарын қалыптау;
құрауыштардың, сульфидті-спирт барды бар ерітінді концентрациясының дұрыс мөлшерленуін және гипстің сапасын тексеру, гипс араластырғыш пен қалыптау конвейерінің тапсырылған жұмыс режимін реттеу;
жетектердің гипспен толуын қадағалау;
гипсокартон табақтарының ені мен қалыңдығын реттеу;
гипсокартон табақтарының кебу режимі мен сапасын тексеру;
журналда жазбаларды жүргізу;
өте күрделі бұйымдар мен құрылымдарды қалыптау бойынша жұмыстарды орындау;
қалыптарды, қондырғыларды тазарту, майлау, жинау және дайын болуына қарай оларды қабылдау бойынша жұмыстарға басшылық жасау;
жоба күйінде ірілендіру жинағымен және бекітумен жекелеген арматуралық каркас элементтерді қалыпқа (қондырғыға) орнату;
салу бөлшектері мен монтаж ілгектерін орнату;
қалыпқа электртермиялық немесе механикалық (домкраттар немесе созба станцияларының көмегімен) кернеу тәсілімен кернеулі арматураны орнату;
ішпектерді, өзектер мен бөлу қалқандарын орнату;
қалыпты бетон қоспасымен толтыру;
бетон қоспасын тығыздау;
қалыптандырылған бұйымдардың ашық қабаттарын жону;
бұйымдарды жылумен өңдеу орындарына беру;
бөлу постына немесе қатқабатқа жеткізумен жылумен өңдеуден кейін бұйымды қалыпсыздандыру;
қалыптандыру процесінде барлық қолдағы машиналар мен механизмдер жұмыстарын (көлемді-қалыптау машиналарын қоспағанда) басқару.
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары;
гипс және гипсокартон табақтарының сапасын бақылаудың негізгі әдістері;
арматураны салу және кернеу тәсілдері мен ережелері;
дайындалатын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;
сызбаларды оқу ережелері;
қалыптау режимдері бойынша технологиялық карталар талаптары;
бұйымдарды орнынан жылжыту амалдары мен тәсілдері.
қалыптау:
1) стропильді екі ылдилы арқалықтар, подстропильді, кранды арқалықтар;
2) архитектуралық бетоннан жасалған бұйым;
3) кәріздік, суағынды, жаңбыр қабылдау, су өткізгіш және газ өткізу жұмыс құбырларының камералары: телефон қораптары және құдықтар;
4) екі тарамлы кранды бағандар;
5) сүрлемдер мен элеваторлар үшін темір бетон шиыршықтары, көлемді лифтілер шахтасы, көлемді коллекторлар секциялары;
6) жартылай алаңдары бар баспалдақты марштар;
7) табиғи таспен қаптай отырып сыртқы қабырғалардың панельдері;
8) ұшу көпірлері мен жол жетектерінің құрылыстары;
9) ағынды құбырлар;
10) стропильді және подстропильді фермалар.
Параграф 82. Ваграншы, 4-разряд
өзінен біліктілігі жоғары ваграншының басшылығымен вагранкаларда шикізатты балқыту үшін қондырғыларды дайындау және сыртқа тебу-үрлеу қондырғыларда, көп білікті центрифугаларда қайнатылған минералдық мақтаны алу;
агранканы толтыру мен жағуға қатысу, өңештерді, фурмдарды, ватержакеттерді, астауларды тазалау, төсемдер мен күлдерді шығару, құбырларды үрлеу;
центрифуганы бейімдеу мен ауыстыру;
өңешті, астауды, футеровкан ауыстыру үшін материалдар дайындау;
балқытпа, талшық жасау қалдықтарын кетіру;
балқытпа қалдықтарын суыту үшін су беруді және ұшқын өшіргіштен суды қайтаруды реттеу;
профилактикалық және жөндеу жұмыстарына қатысу.
вагранкалардың, центрифугалардың, сыртқа тебу-үрлеу қондырғыларының, қалдықтарды кетіру механизмдерінің, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, талшық түсіру камераларының, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі;
минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар;
шикізаттың, кокстың, отынның, балқытпаның қасиеттері;
су құбырының, байлама, ауа берудің сызбасы;
вагранканы салу, жағу және тоқтату, қалдықтарды кетіру, профилактикалық байқаулар мен жөндеулерді өткізу;
өңештерді ауыстыру, форманы тазалау тәртібі;
күлдерді кетіру тәсілдері.
Параграф 83. Ваграншы, 5-разряд
вагранкада шикізатты балқыту және сыртқа тебу-үрлеу қондырғыларында балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу;
мемлекеттік стандарттың талаптарын қанағаттандыратын минералдық мақтаны өндіруді қамтамасыз ету;
центрифугаға буды беру қысымын, балқытпа ағынының біркелкілігін реттеу;
вагранкаға коксты және коксты-газды отынды құю және жағу;
тостағандар мен бүріккіштерді ауыстыру;
сыртқа тебу-үрлеу қондырғыларын, талшық түсу камераларын іске қосу және тоқтату;
талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, оны байланыстырушылармен өңдеуді қарау;
балқытпаның тұтқырлығы мен температурасын (көзбен) анықтау;
жабдықтарға ауысым сайын байқау жүргізу және ұсақ ақауларын кетіру;
профилактикалық және жөндеу жұмыстарына қатысу.
вагранкалардың, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, сыртқа тебу-үрлеу қондырғыларының, талшық түсу камераларының, бүріккіштердің, бітеу және реттеу арматураларының, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі;
минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар;
шикізаттың, отынның, балқытпаның, шаңсыздандырудың, байламаның, ауаның қасиеттері;
балқытпаның температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері;
сыртқа тебу-үрлеу тәсілімен талшық түзу процесін жүргізу.
Параграф 84. Ваграншы, 6-разряд
вагранкаларда шикізатты балқыту және көп білікті центрифугадағы балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу;
центрифуга біліктерінің айналу санын; біліктер арасындағы қашықтықты, балқыма ағынының біркелкілігін, талшықты үрлеу жүйесін, балқыма қасиеттеріне сәйкес центрифуга мойынтіректерін, біліктерін майлау және суытуды және процесс параметрлерін өзгертуді реттеу;
талшық түсіру камерасын, талшықты үрлеу желдеткішін, центрифуганы іске қосу және тоқтату;
талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, байламаны өңдеуді байқау;
балқыманың тұтқырлығы мен температурасын, біліктердің жарқылдауын (көзбен) анықтау.
вагранкалардың, көп білікті центрифуганың, талшық түсірушінің, үрлеу желдеткіштерінің, центрифуганы тасып шығару механизмдерінің, қалдықтарды кетіру тетіктерінің, бүріккіштердің, тиекті және реттеу арматураларының, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылымдық ерекшеліктері;
сыртқа тебу әдісімен минералдық мақта өнідірісінің параметрлері мен оларға қойылатын талаптар;
параметрлерді реттеу, біліктерді, мойынтіректерді ауыстыру, центрифуганы, қалдықтарды кетіру механизмдерін іске қосу мен тоқтату тәсілдері мен тәртібі;
майлау сұлбасы;
біліктердің жарқылдауын, балқыманың температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері.
Параграф 85. Гидрооқшаулағыш материалдарды қақтаушы, 3-разряд
берілген режимге сәйкес тасуатарларға резеңке ұнтақтарын, битумды, асбестті, кумеронды шайырды, пластификаторларды араластыру және пластификациялау;
белгіленген кезекпен араластыру тасуатарына шикізаттық компоненттерді салу;
тасуатарды қыздыруға буды жіберу және конденсатты шығару;
компоненттерді араластыру кезінде тасуатарды қыздыру температурасын және біліктер арасындағы саңылауды реттеу;
компоненттерді араластыру кезінде массаның біркелкілігін қамтамасыз ету;
жанышталған массаны түсіріп алу;
тасуатардың жұмысы кезінде ұсақ ақауларды анықтау, кетіру және жөндеуге қатысу.
тасуатардың, баспақтаудың және өзге де қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;
тасуатарды іске қосу мен тоқтатудың ережесі және әдістері;
бөліктер арасында саңылау мөлшерін орнату тәсілдері;
біркелкі масса алуды қамтамасыз ететін материалдарды араластыру ережесі мен әдістері;
изол мен пороизол дайындаудың технологиялық процесі;
араластыру тасуатарына түсетін компоненттердің құрамы мен қасиеттері.
Параграф 86. Гидротермист, 3-разряд
бассейнге су толтыру;
бассейндегі судың деңгейі мен температурасын байқау;
будың қысымын реттеу;
құбырларды ілмектеу;
бассейндердегі әртүрлі диаметрдегі асбест-цементті құбырларды қатайтудың технологиялық процесін жүргізу;
құбырды кранмен түсіру және оларды өңдеуге жіберу;
құбырларды қалау үшін жеткізу магистралдарының, көтеру қақпаларының, сөрелердің, құбырды орап ұстау үшін траверстің жағдайын байқау;
бассейндерді тазалау;
құбырлар қозғалысын есептеу;
қондырғылардың жұмысындағы ақауларды түзету.
бассейндердің құрылысы;
су құбырлары мен бу құбырлары магистралдарының әрекет принципі;
асбест-цементті құбырларды сумен қатырудың белгіленген технологиялық режимі;
құбырды кранмен тасымалдау ережесі;
орнын ауыстыру кезінде құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
ілгектеушінің нұсқамасы;
өнімдер ақауларының түрлері, олардың алдын алу мен түзету тәсілдері;
қондырғыларды күтіп-ұстау ережесі.
Параграф 87. Гипсті балқытушы, 3-разряд
белгіленген технологиялық режимге сәйкес сыйымдылығы 1 текше метрге дейін гипс балқыту қазандарында гипсті балқыту;
гипс балқыту қазандарына гипс ұнтағын салуды реттеу;
гипсті балқытудың температурасын жүйелі түрде өлшеу және балқытудың аяқталу уақытын құралдар мен сыртқы белгілер арқылы анықтау;
балқыту қазандарынан гипсті түсіруді реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың ұсақ ақауларын түзету және үйкелетін бөліктерін майлау;
бункерлерде гипс ұнтақтарының болуын тексеру.
қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;
гипсті балқытудың технологиялық режимі;
гипс ұнтағына қойылатын талаптар;
гипстің дайындығының сыртқы белгілері;
дайындалған гипстің стандарттары;
бақылау-өлшеу құралдарының пайдалану ережесі;
бу өткізу мен масса өткізудің сызбалары;
қондырғының жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Сыйымдылығы 1 текше метрден астам гипс балқыту қазандарына қызмет көрсеткен кезде – 4-разряд.
Параграф 88. Голлендоршы, 4-разряд
берілген режимге сәйкес асбестті жаю және оны цементпен араластыру процесін жүргізу;
голлендор мен шөмішті араластырғышты байқау және жұмысқа дайындау;
голлендор мен шөмішті араластырғышты іске қосу;
голлендорды сумен толтыру;
асбест салу;
асбестті қалақшамен араластыру;
голлендордың барабаны мен жұқа тақтайшасы арасындағы саңылауды реттеу;
цементтің салмақтық мөлшерлегішінің жұмысын байқау;
голлендорға цемент мөлшерін салу;
алынған массаны араластыру;
дайын асбест-цементті массаны шөмішті араластырғышқа ағызу немесе асбест суспензиясын түйісу қоспалағышына және өзге де голлендорларға айдау;
ағызылған голлендорлар санын анықтау;
голлендорлар мен ағызу құбырларын жуып-шаю;
асбест пен цементті беруге арналған құрылғыны тазалау;
голлендорларды тазалау және мойынтіректерді майлау;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды жөндеуге қатысу.
голлендорлар мен араластырушының құрылысы және жұмыс принципі;
асбест-цементті массаны дайындау үшін түскен асбест пен цементтің құрамы, қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары;
шикізаттың қоспадағы асбест пен цементтің сандық қатынасы;
барабандардың пышақтары мен голлендорлардың қалақшаларын мырыштандыру тәсілдері;
асбест-цементті массаны араластыру және сапасы процесін бақылау тәсілдері.
Екі технологиялық желіге қызмет көрсеткен кезде – 5-разряд.
Параграф 89. Дайындау бөлімшесінің операторы, 4-разряд
асбестті өңдеу процесін жүргізу және «жүгіргіш-голлендор» автоматтандырылған желісінде асбест-цементті суспензияны әзірлеу;
автоматты желінің жұмысын реттеу, іске қосу және тоқтату;
голлендорларды жуып-шаю;
цементтің салмағын мөлшерлеушінің дұрыс жұмыс істеуін байқау;
басқару релесіне және бағдарламаларды құрылғыларға қызмет көрсету;
механизмдерді жергілікті басқару режиміне көшіру;
автоматтандырылған желіні бейімдеу, агрегаттың жекелеген тораптарын бөлшектеу және құрастыру;
бақылау-өлшеу құралдарын байқау;
берілген температураны, рецептураны, будың қысымын сақтауды бақылау;
жұмыстағы ақауларды түзету және жабдықтарды жөндеуге қатысу.
тасқынды желіге жататын жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
асбест-цементті суспензияны әзірлеу технологиясы мен рецептурасы;
жүгіргіштерде, голлендорларда цемент пен асбестті өңдеу ережесі;
өнім ақауларының алдын алу және түзету тәсілдері;
автоматтандырылған желіні бейімдеу ережесі;
шикізаттық құраушылардың қасиеттері;
бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен әрекет принципі;
дабыл беру, блокадалау және автоматика жүйелері;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері;
стандарттың асбест пен цементтің қасиеттеріне талаптары.
Асбест-цементті бұйымдар өндірісі жөніндегі 2 технологиялық желіге қызмет көрсеткен кезде – 5-разряд.
Параграф 90. Ерітінділер мен массаларды дайындаушы, 3-разряд
саз өңдейтін жабдықты баптау:
вальцтарды, сазараластырғыштарды, кірпіш өндірісіндегі жүірткілерді, тастарды, черепицаны, аглопоритті, керамизаторлы қиыршық тастарды және өзге материалдар мен бұйымдарды;
біліктілігі жоғары дайындаушының басшылығымен берілген рецептура бойынша ерітінділерді және массаларды даярлау;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды қосу және сөндіру;
саз өңдейтін машиналарға саздың біркелкі түсуін бақылау;
бөгде қоспаларды жою;
массаларды ылғалдандыру;
шихтаның жіберілетін компоненттерінің мөлшерін реттеу;
шихтаны шихтоқорға жіберу ленталы транспортерін баптау;
кірпішті жартылай құрғақтай престеу кезінде шихтаны және өзге керамикалы бұйымдары дайындау процесін жүргізу;
компоненттерді араластыру және силикатты массаларды алдын-ала ылғалдандыру;
гипстен бұйымдар өндіруде жұмыс ертінділерін және массаларды даярлау;
престерден қобағаларды түсіру, орнын ауыстыру және жатқызу камераларына салу, құммен немесе үгінділермен себу;
қобағаларды жабу;
материалдарды толқынды сүзгіште немесе қолдан себу және транспортерға тиеу;
алюминий пасталарының беттік белсенді зат ерітінділерін, суспензия, суэмульсиялы майларды және өзге ерітінділерді даярлау;
берілген рецептура бойынша компоненттерді мөлшерлеу;
брустын және қалыптайтын массаның берілген температура және ылғалдылықта болуын қамтамасыз ету үшін беріліп жатқан судың немесе будың мөлшерін реттеу;
араластыратын жабдықтардың тасымалдаушы құрылғыларының жұмыстарын, массаларды араластыру және қайта өңдеуді бақылау силикатты массалардың берілген рецептура бойынша ертінділердің шығуын қамтамасыз ету;
даярланған массаларды шығын бункеріне және порциялы мөлшерлегіштерге, тасымалдайтын құрылғыларға және майлау посттарына жіберу;
жалпақ плиталарды, сырғанатқыштарды, қырғыштарды, валктарды, күйлегіштерді, қабырғаларды және өзге тазарту;
ұнтақтарды жинау;
механизмдерді майлау;
жұмыстағы ақаулықтарды түзету және жабдықтарды өңдеу жұмыстарына қатысу.
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы және жұмыс принципі;
жабдықтарды қосу және тоқтату ережелері;
компоненттерді қабылданатын қондырғыларға тиеу кезектілігі;
массаларды ылғалдау ережелері;
ерітінділерді және массаларды дайындауға, сапасына қойылатын техникалы талаптар;
жабдықтарды майлау ережелері;
шихта, ерітінді және массалардың сапасына қойылатын технологиялы регламент;
дабылқағу және блоктау жүйесі;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.
Параграф 91. Ерітінділер мен массаларды дайындаушы, 4-разряд
араласқан және езілген силикатты масса дымқылданғанша процесінің жүруі;
реакторлардың жеңілденуі;
жұғынды, бұлғауыш және тасымалдау құралдары жұмысын бақылау;
қалыптау ылғалдылығына дейін тиесілі ылғалдылыққа дейінгі су сапасын реттеу;
берілген рецепт бойынша ерітінділер мен массасын жасау;
белгіленген рецепт бойынша компоненттер дозасы;
компоненттердің біркелкі берілісін реттеу;
жасалынған масса сапасын анықтау;
ерітіндінің шығу және қоспасын берілген рецептурада қамтамасыз ету;
дайын ерітінді немесе массаның шығын бункерлерінде немесе тасымалдау құрылғыларына беру;
оның жұмысындағы қызмет ету жабдықтары және кішкене жарамсыздықтарды жою жағдайын бақылау;
себінділермен тазалау, қалақ және течкалармен тазарту.
қызмет ету жабдықтарының құралдары;
компоненттерді реттеу ережесі;
түсу және материалдар берілісінің технологиялық үлгісі;
ерітінділер мен массалар дайындау рецептурасы;
берілген рецептура бойынша компоненттер дозалау тәсілі және ережесі;
қызмет көрсету жабдықтары жұмысында кішігірім жарамсыздықтарды жою ережесі;
құмды езілген әк массасына технологиялық талаптар;
езілген және силикатты масса толықтығын анықтау әдісі.
Параграф 92. Орау және шырмау машиналарының машинисі, 4-разряд
арматуралық-орау машинасында темір-бетон немесе металл өзекті құбырларды кернеудің электротермомеханикалық әдіспен шиыршықты орау;
шиыршықтың белгіленген қадамын сақтай отырып арнаулы орау машиналарында дірілдеу-гидро-баспақтауыш құбырлар үшін арматуралық қаңқалар әзірлеу;
орау-дәнекерлеу машиналарында қысымсыз құбырлар, сүрлемдер, құдықтардың мойыны;
діңгектер;
ригельдер мен өзге де тектес бөлшектер үшін көлемдік арматуралық қаңқалар әзірлеу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;
әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі;
арматуралық болат пен қаңқаларды ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі;
дайындалатын өнімдерге номенклатура, стандарттар мен техникалық шарттар.
Параграф 93. Орау және шырмау машиналарының машинисі, 5-разряд
айналмалы үстелі, айналмалы траверсі, қайталама-үдемелі қозғалыс күймешесі, бұйымды үздіксіз кернеулі арматуралау бойынша бойлық және ендік қозғалыстағы орау қондырғысыбар арнаулы орау машиналары мен қондырғыларының жұмысын басқару;
жұмыстың белгіленген режимі бойынша машиналар мен құрылғыларды икемдеу, реттеу.
машиналар мен қондырғылардың құрылысы;
қызмет көрсетудің принципті сызбасы және техникалық пайдалану ережесі;
өндірілетін өнімдерге номенклатура, стандарттар мен техникалық талаптар.
Параграф 94. Жабдықтардың конвейерлік желісінің операторы, 4-разряд
ағымдыдан тыс конвейерлік желі жабдықтарында минералды-мақталы плиталар, тікқабатты төсемдер, цилиндрлер өндірісінің процесін жүргізу;
тасымалдаушылардың, дайындамалардың, плиталардың жабын материалдарының, минералды-мақталы кілемдердің, гидромассаның қозғалыс жылдамдығын реттеу;
минералды-мақталы кілемді жылумен өңдеу процесін жүргізу;
жабдықтардың жұмысын байқау, бұйымдардың үлгі мөлшерлері өзгерген кезде желіні қайта бейімдеу;
бұйымның шығуын және сапасын бақылау.
барлық механизмдер мен агрегаттардың құрылысы механизмдер жұмысындағы ақаулардың себептері және оларды түзету тәсілдері;
өнімдердің номенклатурасын және оларға техникалық шарттар;
өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сапасын анықтау тәсілдері;
байланыстырғыштардың, желімдеуіш құрамның, минералды-мақталы талшықтың қасиеттері;
өнімдерді буып-түю әдістері мен ережесі;
материалды, отынды жұмсау, дайын өнімдердің шығу нормалары;
дабыл беру; бақылау, блокадалау және механизмдерді майлау жүйесі;
газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
Параграф 95. Жабдықтардың конвейерлік желісінің операторы, 5-разряд
талшық тұндыру камерасымен тасқанға орналастырылған конвейерлік желіде орамалы цилиндрлер үшін минералды-мақталы плиталар, қауыздар, дайындамалар өндірісі процесін жүргізу;
талшық тұндыру картасынан кілемнің қозғалуын байқау;
кілемнің қалыңдығын және байланыстырушының түсуін реттеу;
тасқынды желінің жылдамдығын реттеу, минералды-мақталы талшықтың сапасын бақылау;
желдеткіштердің, түтін тартқыштардың жұмысын байқау, оларды іске қосу және тоқтату;
тозаң аулау қондырғыларын іске қосу, жұмысы және тоқтату;
бақылау-өлшеу құралдарын, жылу жеткізушінің температурасын байқау, жылумен өңдеу режимін сақтау;
айналымды, соратын желдеткіштердің, суыту аймағы желдеткіштердің жұмысын байқау;
басқару қалқанына кернеу жіберу;
түйіршіктегіштердің, ұсақтаушылардың, қалдықтарды талшық тұндыру камерасына беру желдеткіштердің жұмысын байқау және іске қосу, тоқтату;
технологиялық сұлба бойынша жабдықтардың жұмысын байқау.
талшық тұндыру және полимерлеу камераларының, тозаң аулау қондырғыларының, тасымалдаушыларды ылғалды тазалау жүйесінің, талшық тұндыру камерасының құрылысы;
минералды мақта өндірісінің технологиялық процесі;
талшыққа, байланыстырғышқа, кілемге қойылатын талаптар;
блокадалау, дабыл беру жүйелері, тасқынды желі жұмысын іске қосу тәртібі;
барлық агрегаттар мен механизмдерді қайта бейімдеу мен тоқтату;
бұйымдардың номенклатурасы;
газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
Параграф 96. Жаншу машинасының машинисі, 4-разряд
өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен текстуралық қағазбен жабылған асбест-цементті табақтардың үстін полимер қабыршығымен нығарлаған кезде нығарлау машинасын басқару;
бағыттаушы біліктердің арасын қағаз бен қабыршық орамасын орнату;
текстуралық қағаз бен полимерлік қабыршықты кесу;
машинаның тораптарын еріткішпен жуу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;
машинаға қағаз бен қабыршық орамасын орнату ережесі;
нығарлау машинасына қағаз бен қабыршықты салудың тәсілдері;
текстуралық қағаз бен полимерлік қабыршықты кесу ережесі;
машинаның тораптарын жуу ережесі;
қолданылатын материалдар мен дайын өнімдерге техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар.
Параграф 97. Жаншу машинасының машинисі, 5-разряд
текстуралық қағазбен жабылған асбест-цементті табақтардың үстін полимер қабыршығымен нығарлаған кезде асбест-цементті табақтарға текстуралық қағазды жапсыру;
текстуралық қағазды, қабыршықты, асбест-цементті табақты беру үйлесімдігін, әрлеу материалдарының тегіс және тығыз орналасуын қамтамасыз ету;
асбест-цементті табақ қозғалысының жылдамдығын және полимер қабыршығының нығарлануын реттеу;
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша сығылған ауаның қысымын байқау;
қағаздың, қабыршықтың астында ауа көбіршігінің болуын бақылау және оны кетіру;
нығарлау машинасын берілген технологиялық режимге икемдеу.
нығарлау машинасының құрылымы мен әрекет принципі;
машинаның жұмыс режимін икемдеу мен реттеу ережесі;
асбест-цементті табақтарға текстуралық қағазды салу әдістері;
дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
сығылған ауаның қысымын және асбест-цементті табақтар мен қабыршықты нығарлау қозғалысының жылдамдығын реттеу ережесі;
бақылау-есептеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Параграф 98. Жеделдету қондырғының операторы, 5-разряд
квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен басқару пульты арқылы тездеткіш қондырғыда талшықтас-цементтік табақтардың өңдеу қабатының электронды-химиялық қату процесін жүргізу;
тездеткіштің вакуумдық жүйесін жұмысқа дайындау;
талшықтас-цементтік табақтардың өтуін бақылау;
тездеткіштің шығу терезесін және инжекторды мезгіл-мезгіл ауыстырып тұру;
тездеткіш қондырғыны профилактикалық жөндеуге қатысу;
қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау.
тездеткіш қондырғының құрылысы;
талшықтас-цементтік табақтардың өңдеу қабатының тездеткіш қондырғыда электронды-химиялық қатаюының технологиялық процесі;
тездеткіштің шығу терезесін және инжекторды ауыстыру ережелері;
қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері;
тездеткіштің вакуумдық жүйесін жұмысқа дайындау ережелері;
бақылау-өлшеу құралдарының қолданылу мақсаты;
құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері;
дайын өнімге қойылатын стандарттар мен техникалық талаптары.
Параграф 99. Жеделдету қондырғының операторы, 6-разряд
басқару пультті үдеткіш қондырғы асбестцементті қағаздардың өңдеу қабаттарын электронды-химиялы қатаю процесін жүргізу;
үдеткіштерді жұмыстың берілген режиміне шығару;
үдеткіштің вакуумды жүйесінде жұмыс вакумын жасау;
сәуле жіберуге таралу бірліктерінің жүйесі бойынша асбестцементті парақтарды беру;
вакумды жүйенің қалпын тексеру;
құралдар бойынша қалдық вакумдарды тексеру;
үдеткіштің жұмыс режимін реттеу, вакум кіретін және вакумшығатын параметрлерді тіркеу;
үдеткіш қондырғыға профилактикалы жөндеу жұмыстарын жасау;
үдеткіш қондырғының жұмысы журналында жазба жасау.
үдеткіш қондырғылардың құрылымы және жұмыс принципі;
үдеткіште вакумды жасау тәсілдері;
үдеткіш қондырғылар жұмысының технологиялы режимі;
үдеткіштің жұмыс параметрлерін реттеу және тіркеу ережелері;
ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын-алу;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және қолданылу ережелері.
Параграф 100. Жүгіруші, 3-разряд
асбесті өрме белдеуде түтудің талап етілетін деңгейіне дейін өңдеу процесін жүргізу;
өрме белдеуді іске қосу, дабыл бергішті қосу және өрме белдеуге асбест салу;
асбесті ылғалдау;
өңделген асбесті түсіріп алу;
іске қосу аппаратурасы мен дабыл бергішті тексеру;
қондырғыны тазалау мен майлау, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзеу;
қызмет көрсетілетін қондырғыларды жөндеуге қатысу.
өрме белдеудің құрылысы мен әрекет принципі;
асбестің қасиеттері;
технологиялық картаның асбест-цемент бұйымдары өндірісіндегі асбестке қоятын талаптары;
өрме белдеуде асбестті өңдеу ережесі.
Параграф 101. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіруші, 2-разряд
туннельдерде, конвейерлерде және өзге де кептіргіштерде минералды мақта, перлит, вермикулит, совелит, диатомит және өзге де жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіру үшін түптабандар мен вагонеткаларды дайындау;
кептіргішке вагонеткаларды біркелкі тиеу және беруді және уақытылы түсіруді қамтамасыз ету;
желдеткіштер, итергіштер және өзге де механизмдер жұмыстарын реттеу.
кептіргіш құрылғысы;
вагонеткаларға жылу оқшаулағыш бұйымдарды салу тәртібі;
бұйымдарды кептірудің технологиялық режимі;
құрал-жабдықтарды іске қосу, реттеу, тоқтату тәртібі;
дабыл және желдету жүйесі;
кептіргіштердің жұмыс кестесі.
Параграф 102. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіруші, 3-разряд
тапсырылған режим бойынша туннельдерде, конвейерлерде және өзге де кептіргіштерде минералды мақта, перлит, вермикулит, совелит, диатомит және өзге де жылу оқшаулағыш бұйымдарды кептіру процесін жүргізу;
кептіргіштерді, желдеткіштерді және өзге де механизмдерді іске қосу, баптау және тоқтату;
бүркігіш немесе кептіргіш оттығының шілтерінің жұмысын қадағалау;
бүркігішке немесе шілтерге отынды және ауаны беруді реттеу;
кептіру аймақтары бойынша қажетті температураны қамтамасыз ету;
кептіру процесінің журналын жүргізу.
әртүрлі құрылымдар және олармен байланысты бұйымдардың кептіру қондырғысы;
бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;
бұйымдарды кептірудің технологиялық режимі;
түсі бойынша жалын температурасын анықтау ережелері;
бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмыс істеу қағидаттары және тағайындалымы;
газ шаруашылығын пайдалану ережелері.
Параграф 103. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды түсіруші, 3-разряд
минералды мақта бұйымдарын конвейерлерден түсіру, аралық тасымалдауыштарға салу немесе қолмен ыдысқа орау және оларды қалқандарға немесе қатқабаттарға салу;
сыртқы белгілері бойынша бұйымдарды бақылау;
жану ошақтарын жою;
бұйымдар сапасының нашарлауы туралы шеберге дабыл беру.
минералды мақта және одан жасалған бұйымдардың стандарттары және техникалық ережелері;
минералды мақта бұйымдары өндірісінің технологиясы;
механизмдердегі қауіпсіз жұмыс тәсілдері;
бұйымдарды орау және салу ережелері.
Параграф 104. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды түсіруші, 4-разряд
минералды мақта және одан жасалған тігілетін мата өндірісі кезінде минералды мақта кілемдерін қалыптау және орамдау процесін жүргізу;
тасымалдауыш жұмысын, орамдау құрылғысының көлденең және тік кесу пышақтарын, тігетін және орамдау материалдарының түсуін бақылау;
механизмдер жұмысын іске қосу, тоқтату және реттеу;
орамдаушы құрылғылардан орамдықты шешу және оларды қалқандарға және қатқабаттарға салу;
сыртқы белгілері бойынша минералды мақталар мен маттарды бақылау;
кілем қабатының біркелкілігін, оның температурасын, тозаңсыздандыру және ылғалды өңделуін қадағалау;
жану ошақтарын жою;
талшық сапасының нашарлауы, ылғалдың артуы, байламды өңдеу және кілем температурасы туралы шеберге сигнал беру.
құрал-жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы, іс-қимыл қағидаттары;
мақта және минералды мақта маттарының техникалық ережелері;
бақылау және орамдау ережелері;
механизмдерді іске қосу және тоқтату тәртібі;
кілемнің біркелкілігін, оның ылғалдылығын көзбен анықтау, тозаңсыздандырумен өңдеу тәсілдері;
оқшаулау жүйесі.
Параграф 105. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы
(буып-түюші), 2-разряд
советтен, перпенттен, бармекундтен, дитомениттен жасалған бұйымдарды маркалары мен түрлері бойынша сұрыптау;
вагонеметкаларды түсіру;
бұйымдарды қолмен ыдысқа, қапқа, пакетке буып-түю;
қағазға орау;
ыдысты желімдеу және бекіту, бироколар мен жапсырма қағаздарды желімдеу, жәшіктерді жабу;
ыдыстық арқылы ауыстыру, буып-түйілген орындарды тасымалдау, оларды көлік құрылысына қатарлап салу;
дайын өнімдер қоймасында қат-қабаттарды маркалау.
материалдар мен бұйымдардың номенклатурасы және қасиеттері;
буып-түю, тігу, қоршау, желімдеу, байлау жәшіктерді шегелеу, тасымалдау, қоймалау, ақауларды анықтау тәртібі.
Параграф 106. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы
(буып-түюші), 3-разряд
мөлшерлері бойынша совмиттен, перниттен, вармикулиттен, диатолмистен жасалған бұйымдарды сұрыптау;
буып-түю станоктарында ыдысқа, қапқа, пакетке буып-түю;
сырмалау машиналарында қаптарды тігу;
ыдысты буып-түю арқылы жеткізу, бұйымдарды жәшікке салу, қағазға орау және қат-қабат станоктарымен қаптау.
жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
материалдардың номенклатурасы мен қасиеттері;
тиеу, сұрыптау, буып-түю, қат-қабаттау, тасымалдау, қоймалау тәртібі ақаулардың белгілері.
Параграф 107. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды сұрыптаушы
(буып-түюші), 4-разряд
автоматтандырылған құрылғыларда минералды-мақталы плиталарды қабыршыққа, қағазға немесе қалқаюға буып-түю процесін жүргізу;
барлық механизмдердің жұмысын реттеу, плиталарды, буып-түю материалдарын берде материалдардың сапасын байқау;
буып-түю жеткізілген плиталарды сұрыптау;
қабыршықты қағазды сабақтау.
қондырғының құрылысы барлық механизмдері іске қосу және реттеу тәртібі;
қабыршықтың қағаздың қасиеттері;
плиталардың номенклатурасы;
пакеттерді буып-түю, қат-қабаттау тәртібі, олардың мөлшері мен шектер.
Параграф 108. Жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желісінің операторы, 3-разряд
қысқарту пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларды тазалау және праймирлеу процесін жүргізу;
праймерді дайындау;
кептіру және конвейерге беру үшін құбырларды үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
майлау және суыту жүйелерінің жұмысын байқау;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы мен жұмыс принципі;
оны іске қосу мен тоқтату тәртібі;
құбырларды тазалау мен праймирлеу әдістері;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
Параграф 109. Жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желісінің операторы, 4-разряд
басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде оларға жылу оқшаулағышты енгізумен құбырларды өңдеу процесін жүргізу;
құбырдың шет жақтарын тазалау, оларға битум жағу;
оқшауланған құбырларды тасымалдауға арналған механизмдерге қызмет көрсету жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы;
оқшауланған құбырларға техникалық шарттар;
технологиялық процесс;
құбырларды өңдеу, маркалау және өлшеу тәртібі;
дайын өнімдерді беру және қоймалау тәртіп;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
Параграф 110. Жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желісінің операторы, 5-разряд
басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларға битумцементті-перлитті жылу оқшаулағышты және жабу қабатын енгізу процесін жүргізу;
баспақтаушы қондырғыларды және орау торабын басқару;
баспақ-камералардағы температураларды реттеу;
желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жабдықтарды дайындау, іске қосу, ретету және тоқтату;
жұмыстағы ақауларды түзету және желіні жөндеуге қатысу.
автоматтандырылған желі механизмдерінің принципті сұлбалары мен өзара әрекеті;
оқшауланған құбырларға техникалық шарттар;
жылу оқшаулағыштар мен жабын материалдарының қасиеттері;
технологиялық процесс;
жабдықтарды реттеу тәсілдері;
үлгі мөлшерлер бойынша жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі үшін тораптарды құрастыру мен бөлшектеу тәртібі;
температураны реттеу ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету әдістері.
Электр доғалық металдау тәсілімен құбырларды жылу оқшаулау процесіне қызмет көрсеткен кезде – 6-разряд.
Параграф 111. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтарды реттеуші, 4-разряд
кран-балкаларды тасымалдаушыларды, элеваторларды, қоректендірушілерді, мөлшерлеушілерді, үгітушілерді, сұрыптаушыларды, сорғыларды, желдеткіштерді, араластырғыштарды, жүгіргіштерді, иірліктерді, станоктарды және жылу оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданылатын өзге де үгіту-сұрыптау, станоктық және көліктік жабдықтар мен механизмдерді реттеу, дайындау, байқау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жабдықтардың тозған бөліктері мен тораптарын ауыстыруға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың тораптары мен механизмдерін құрастыру және бөлшектеу ережесі;
механизмдерді жөндеу мен жұмысын реттеу ережесі;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері, оларды түзеу тәсілдері.
Параграф 112. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтарды реттеуші, 5-разряд
жылу оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданылатын вагранкаларды, жабдықтардың конвейерлік желілерін, талшық тойтарушыларын, сыртқа тебушілерді, баспақтарды, пештер мен кептіргіштер механизмдерін, автоклавтарды, араластырғыштарды және өзге де технологиялық жабдықтарды реттеу, байқау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жабдықтардың жұмысын байқау, майлау, тозған бөліктері мен талаптарын ауыстыру, ақауларын түзету;
жабдықтарды жөндеуге қатысу;
сыртқа тебушілерді мойынтіректерін ауыстыру;
жабдықтардың дұрыс пайдалануларын бақылау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылыс, әрекет принципі мен құрылымдық ерекшеліктері;
жабдықтарды пайдалану, реттеу, жөндеу, құрастыру және майлау ережесі;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері оларды түзеу тәсілдері;
майлау карталары;
майлау материалдарының түрлері мен қасиеттері;
жабдықтарды жөндеу ережесі.
Параграф 113. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі күйдіруші,
4-разряд
шахталық пештерде доломит пен әктасты күйдіру процесін жүргізу;
пешті дайындау, тұтандыру, іске қосу, тоқтату;
күйдірудің температуралық және тарту режимдерін реттеу;
шикізат пен отынды мөлшерлеу, салу;
бақылау-өлшеу құралдарын және пештер мен футеровкалардың, желдету және үрлеу қондырғыларының, жүк тиеу-түсіру, аспирациялық құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын байқау;
күйдіру процесі барысында шикізаттың көп күюін немесе аз күюін анықтау;
күйдірілген доломитті сөндіруге беру.
қызмет көрсететін пештердің құрылысы;
шикізат пен отынның сапасына қойылатын талаптар, түрлері, қасиеттері, күйдіру процесінің параметрлері;
дайын өнімге техникалық шарттар;
пештің бір текше метр көлемін өнім алу нормалары;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері және оларды түзету тәсілдері;
блок даярлау жүйесі, пештер мен механизмдерді іске қосу және тоқтау тәртібі;
газды суыту, тазалау, аспирация сұлбасы.
Параграф 114. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі күйдіруші,
5-разряд
конвейерлік және тоннельдік пештерде диатомитті, трепелді, пермитті бұйымдарды күйдіру, сондай-ақ шахталы немесе барабанды пештерде пермит пен вермикулитті ісіндіру процесін жүргізу;
пештерді, механизмдерді, желдеткіштерді дайындау, іске қосу және тоқтату;
пештерді және аймақтар бойынша күйдірудің температуралық және тарту режимдерін, отынның жұмсалуын реттеу;
пешке шикізатты салуды, бұйымдарды конвейерге және вагонеткаға дұрыс тиеуді басқару;
пештердің дұрыс жұмыс істеуін, футеровканың, желдету және үрлеу қондырғыларының, аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштердің, шіптерлердің жағдайын байқау;
шикізат пен бұйымдарды күйдіру сапасын көзбен анықтау.
әртүрлі түрдегі пештердің, желдету және аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштер пен шіптерлердің бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы;
шикізат пен бұйымдарды күйдіру технологиясы;
шикізаттар мен шала өңделген өнімдерге, дайын өнімдерге техникалық талаптар;
технологиялық режимнің бұзылу белгілері мен себептері, оларды түзету тәсілдері;
пештер мен механизмдерді іске қосу, тоқтату жүйелері;
блокадалау жүйесі;
суыту сұлбасы;
шикізатты отырғызу тәсілдері және тиеу нормалары;
отынды жұмсау нормалары;
газ шаруашылығын пайдалану ережесі.
Параграф 115. Жылумен өңдеу жөніндегі бетон қондырғының операторы,
3-разряд
берілген технология және параметрлер бойынша бетонды жылытпалы немесе термоылғалды өңдеу процесін жүргізу (камераларды және автоклавтарда, булы қаптамалы формаларда, қалыптайтын агрегаттарда атмосфералы немесе жоғары қысымда бумен; камераларда және бассейндарда ыстық сумен;
контактты электрлы тоқ арқылы немесе электродты жылыту арқылы;
жылу өңдеу арқылы сілтілі камераларда электрожылытқыштармен және өзге де, формаларға салмас бұрын бетонды қоспаны алдын-ала жылыту;
бетонды жылытпалы өңдеу журналын жүргізу;
жылытпалы өңдеуге бұйымдар толтырылған камераларды қабылдау;
жылытпалы өңдеуден өткен бұйымдарға тиеуге рұқсат беру.
бетонды жылытпалы өңдеу қондырғыларын және бақылау-өлшеу аппараттарынын құрылымын және эксплуатациялау ережесі;
бұйымдарды жылытпалы өңдеу режимін; өңделіп жатқан бұйымдардың номенклатурасы;
дабылқағу және блоктау жүйесі;
түзететін камералардың жұмыс журналын жүргізу ережесі.
Параграф 116. Жылу оқшаулағыш бұйымдарын қалыптаушы, 3-разряд
қалыптау станоктарында жылу оқшаулау бұйымдарын қалыптау;
қалыптау станоктарына түптабандарды салу;
қалып бойынша массаны біркелкі бөлу, үстіңгі қабатын әрлеу;
станоктарды, қалыптар мен түптабандарды тазарту, жуу.
қалыптар, түптабандар, станоктар мен өзге де механизмдердің құрылғысы;
қалыптау массасына қойылатын талаптар, қалыптау үшін оның жарамдылық белгілері;
қалыптандырылған бұйымдарды шешу, тасымалдау тәртібі;
қалыптарды дайындау, құралдарды тазарту және жуу тәртіптері.
Параграф 117. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд
қалыптау конвейерлерінде жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау;
тарату қондырғыларынан қалыптау массасының түсуін реттеу;
конвейер және өзге де механизмдерді іске қосу, басқару, тоқтату, тазарту, майлау.
конвейер, тарату құрылғылары және өзге де механизмдер құрылғысы;
қалыптау массасын дайындау технологиясы;
қалыптау технологиясы;
механизмдерді іске қосу, тоқтату және басқару тәртібі.
Параграф 118. Жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд
үздіксіз және мерзімді жұмыс істеудің автоматтандырылған қалыптау қондырғыларында жылу оқшаулағыш бұйымдарды қалыптау;
қондырғының барлық механизмдерін дайындау, баптау, басқару;
тарату қондырғыларынан қалыптау массасын беруді реттеу;
қалыптандырылған бұйымдарды рольгангтерге, тасымалдауыштарға, төмендеткіштерге беру.
алыптау қондырғылары, тасымалдаушы, тарату қондырғылары және өзге де механизмдердің құрылғысы;
бақылау-өлшеу аппаратурасын, автоматты реттеу құрылғылары мен механизмдерді оқшаулау құралдарын пайдалану ережелері;
дабыл жүйесі;
қалыптандырылған бұйымдарды тасымалдау тәртібі;
қалыптау массасын дайындау технологиясы;
бұйымдарға, шикізатқа және байланыстырғыштарға қойылатын техникалық талаптар;
қалыптау массасы мен өнім сапасын бақылау тәсілдері.
Параграф 119. Жылу оқшаулағыш шикізатты ұсақтаушы, 2-разряд
шикізатты дайындау;
битумның ірі кесектерін берілген мөлшерге дейін ұсақтау;
битум кесектерін қағаздан, жабысқан жер мен қардан тазарту;
көлік құралына битумды тиеу және балқыту пешіне жеткізу;
тасымалдаушыларды майлау және оларды күтіп-ұстау.
сыртқы түрі бойынша битум маркаларын анықтау ережесі;
битумды дайындау және қолмен тиеу ережесі.
Параграф 120. Жылу оқшаулағыш шикізатты ұсақтаушы, 3-разряд
шикізатты ұсақтаушыларда, тасуатарларда, дезинтеграторларда ұсақтау;
ұсақтаушыларды біркелкі қоректендіруді және ұсақтаушыларға түсетін және шығатын материалдардың мөлшерін, аспирациялық қондырғылардың жұмысын байқау;
жабдықтарды іске қосу мен тоқтату;
бөгде қоспаларды алып тастау;
жабдықтарды байқау, тазалау мен майлау.
ұсақтаушылардың, көмекші қондырғылардың құрылысы;
майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары;
ұсақталуға жататын материалдардың қасиеттері және оларға қойылатын талаптар;
жабдықтарды іске қосу мен тоқтату тәртібі.
Параграф 121. Жылылықты оқшаулайтын шикізатты ұсақтаушы,
4-разряд
үздіксіз және мерзімді әрекеттердегі шарлы, өзекті және дірілді диірмендерде шикізаттар мен материалдарды ұнтақтау;
шикізаттық диірмендердің және барлық көмекші қондырғылардың қалыпты жұмыс режимін қолдау, диірмендерді қоректендіруді реттеу, ұнтақтау жіңішкелігінің белгіленген нормасын және берілген қоспа мөлшерлеуін сақтау;
барлық жабдықтардың жұмысын бақылау;
диірмендерге шарлар мен өзектерді толтырып салу;
бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткіштерін байқау және өндірістің қалыпты технологиялық процесінен ауытқуды түзету.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
шихтаға кіретін әрбір компоненттің қасиеттері мен сапалық сипаттамасы;
жабдықтарды іске қосу мен жөндеу ережесі;
бақылау - өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесі.
Параграф 122. Иірліктерді мөлшерлеуші - араластырушы, 2-разряд
қосынды өнімділігі сағатына 85 тоннаға дейінгі араластыру иірліктернді шикізат қоспасын мөлшерлеу және араластыру процесін жүргізу;
араластыру иірліктеріне бункерлерден шикізат қоспасының түсуін қамтамасыз ету;
шикізат қоспасын мөлшерлеу мен араластыру процесін бақылау;
шикізат компоненттерін мөлшерлеу, араластыру және тасымалдау механизмдерінің жұмысын бақылау және техникалық қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
шикізаттың құрамы мен сипаттамалары;
шикізат қоспасына технологиялық талаптар;
механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері;
майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау картасы.
Қосынды өнімділігі сағатына 85 тоннадан асатын араластыру иірліктерінде шикізат қоспасын мөлшерлеу мен араластыру кезінде – 3-разряд.
Параграф 123. Калибрлеуші - пішуші, 3-разряд
№ 3-6 шағылған сұрыптамаларды қажетті қалыңдыққа дейін калибрлеу (бөлшектеу);
қолмен және гильотинді қайшымен қимаүлгі бойынша калибрленген пластиндерді пішу және кесу;
мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес түрлері, маркалары, мөлшерлері бойынша бұйымдарды сұрыптау;
гильтонды қайшылардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету.
калибрленген пластиналарды кесу мен пішудің үнемді әдістері;
шағылған сұрыптамаларға және дайын бұйымдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;
шығулар нормалары;
ақаудың түрлері, оны алдын алу мен түзетудің әдістері;
қимаүлгілерді және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;
лиьтонды қайшыларды жөндеу мен реттеудің ережесі;
станоктардың ұсақ ақауларын түзету тәсілдері.
Параграф 124. Калибрлеуші – пішуші, 4-разряд
№ 1-2 шағылған сұрыптамаларды қажетті қалыңдыққа дейін калибрлеу (бөлшектеу;
қолмен және гильотинді қайшымен қимаүлгі бойынша калибрленген пластиндерді пішу және кесу;
мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес түрлері, маркалары, мөлшерлері бойынша бұйымдарды сұрыптау.
калибрленген пластиналарды кесу мен пішудің үнемді әдістері;
шағылған сұрыптамаларға және дайын бұйымдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;
шығулар нормалары;
ақаудың түрлері, оны алдын алу мен түзетудің әдістері;
қимаүлгілерді және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.
Параграф 125. Кальцинатор машинисі, 4-разряд
қысымды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі конвейерлік кальцинаторларда түйіршіктелген шикізат қоспасын декарбонизация процесін жүргізу;
конвейерлік кальцинаторларға, қоректендіру құрылғыларына және көмекші жабдықтарға қызмет көрсету;
кальцинаторлардың камераларында жылу техникалық режимді реттеу;
кальцинаторлардың торкөздері бойынша материалдардың қабатының біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету;
пештің жұмыс режиміне сәйкес торкөздердің қысым жылдамдығын реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтар жұмысында ақаулардың алдын алу және түзету, жөндеуге қатысу.
конвейерлік кальцинаторлардың, қоректендіру құрылғылары мен өзге де көмекші жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен сипаттамасы;
кальцинаторлардың торкөздеріне түйіршіктелген шикізат қоспасын беруді реттеу тәсілдері;
пешті жылу алмастырғышта жүретін жылу техникалық процестердің мәні;
түйіршіктелген шикізат қоспасына қойылатын талаптар, бақылау әдістері;
бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика, дабыл беру және блокадалау аспаптарының міндеті мен әрекет принципі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннадан астам кальцинаторларға қызмет көрсеткен кезде – 5-разряд.
Параграф 126. Карбонизаторшы, 4-разряд
өзінен біліктілігі жоғары карбонизаторшының басшылығымен доломитті сүтті карбонизациялау процесін жүргізу;
карбонизаторларға пеш газын беру;
сынамалар алу;
карбонизаторлардың, құбырлардың, шүмектердің ақауларын түзету, тазалау және жуып-шаю.
карбонизаторлардың, құбырлардың, шүмектердің құрылысы;
жабдықтарды іске қосу, тазалау тәртібі;
доломитті сүттің, газдың қасиеттері.
Параграф 127. Карбонизаторшы, 5-разряд
белгіленген технология бойынша доломитті сүтті карбонизациялау процесін жүргізу;
карбонизаторларды дайындау, іске қосу және айыру;
температураны, қысымды және өзге де параметрлерді реттеу;
бақылау-өлшеу аппаратураларын байқау;
қайта кристалдаушыға доломитті айдау;
карбонизациялау деңгейін анықтау;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылысы мен жұмыс принципі;
карбонизациялау химиялық процесінің мәні мен параметрлері;
карбонизациялау деңгейін анықтаудың тәсілдері;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзетудің тәсілдері.
Параграф 128. Кептіргіштер мен пештердің тиеуші-түсірушісі, 3-разряд
кептіру барабандарына (қондырғыларға) материалдарды тиеу процесін жүргізу;
материалдың қоректендіру құрылғысына және қоректендіру құрылғысынан кептіру барабандарына (қондырғысына) біркелкі түсуін қамтамасыз ету;
қоректендіру құрылғыларының, кептіру барабандарының (қондырғыларының) жұмысын бақылау;
туннельдік пештерді тиеу мен түсіру, шикізаттарды, диатомды, сілку және өзге де жылылықты оқшаулағыш бұйымдарды оларды күйдіру кезінде тиеу мен түсіруге арналған механизмдерді және құрал-саймандарды іске қосу мен тоқтатуды басқару;
күйдіру үшін күйдіру вагонеткалары мен өзге де тетіктерге бұйымдарды қалыпқа келтіріп салу;
күйдірілген шикізаттарды ыдысқа салу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардағы ақаулардың алдын алу және түзету.
қызмет көрсетілетін механизмдер мен тетіктердің құрылысы мен әрекет принципі;
кептіруге жатқызылған материалдардың құрамы мен қасиеттері;
кептіру барабандарды (қондырғыларды) біркелкі тиеуді қамтамасыз етудің тәсілдері;
кептіруге түскен материалдардың ылғалдылығы мен ауқымдары;
бұйымдарды вагонеткаларына қалыпқа келтіріп салу ережесі;
механизмдерді іске қосу мен тоқтату ережесі.
Параграф 129. Кептіру агрегаттарының машинисі, 2-разряд
электр пешінде, конвейерімен электрлі-шамды кептіргіштерде және өзге де кептіргіш құрылғыларда слюданы кептіру процесін жүргізу;
слюданы тиеу мен түсіру;
жабдықтарды іске қосу мен тоқтату, кептіру режимін байқау;
электрлі-шамды кептіргіштегі кептіру конвейерінің қозғалысын реттеу;
гүрсілдеу процесін байқау.
әртүрлі құрылымдағы және жүйелердегі кептіру құрылғыларының құрылысы мен жұмыс принципі;
слюданы кептірудің технологиялық режимі;
дірілдеткіш-гүрсілдің құрылысы мен жұмыс принципі.
Параграф 130. Кептіру барабандарының от жағушысы, 3-разряд
кептірілген материалдар бойынша қосынды өнімділігі сағатына 15 тоннаға дейінгі кептіру барабандарында (қондырғыларында) материалдарды кептіру процесін жүргізу;
отынның жануын реттеу, тиімді жылу техникалық режимді және кептіру барабандарын (қондырғыларды) қоректендіруді сақтау;
қалдықты ылғалдылықтың белгіленген нормасына дейін материалдарды кептіру;
оттықты күлден және қождан тазалау;
кептіру барабандары (қондырғылары) мен көмекші жабдықтардың үздіксіз жұмысы мен жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету;
кептіру барабандарының (қондырғыларының) және көмекші жабдықтардың механизмдерінің үйкелетін бөліктерін майлау;
белгіленген есеп пен есеп беруді жүргізу.
қызмет көрсетілетін кептіру барабандары (қондырғылары) мен көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
жұмыс режимін реттеу әдістері мен тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері;
отынды үнемді жағудың сыпаттамасы, қасиеттері мен шарттары;
шығатын газдың температурасы мен жалындауы; кептірілуі тиіс материалдардың құрамы мен қасиеттері;
бақылау-өлшеу құралдарының, автоматика, блокадалау және дабыл беру аспаптарының міндеті мен әрекет принципі;
майлау карталары, майлау материалдарының қасиеттері мен сұрыптары.
Кептірілген материалдар бойынша өнімділігі сағатына 15 тоннадан астам кептіру барабандарына қызмет көрсеткен кезде – 4-разряд.
Параграф 131. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі, 3-разряд
темір-бетон, бетон бұйымдары мен құрылғыларының өндірісі жөніндегі, майлауды, қалып пен қалып-вагонетканы тазалау мен майлау әзірлеу, қалыпталған немесе дайын бұйымдарды өңдеу жөніндегі күрделі емес машиналарды, конвейерлік қондырғыларды, үздіксіз - агрегаттық желілерді, сондай-ақ бетон салушыларды, дірілдеу алаңшаларын, аспалы арбашаларды, ауыстырғыштарды, қабаттаушыларды және өзге де тектес жабдықтарды басқару;
ернеулі жабдықтарды орнатудың, арматураны қалаудың және бөлшектерді салудың дұрыстығын бақылау;
бетон қоспасын жайып салу процесін бақылау және реттеу;
қызмет көрсетілетін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау және майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;
желіге қызмет көрсететін бригадамен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі өзге де жұмыстарды орындауға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі;
бұйымдарды әзірлеу технологиясы мен олардың сапасына техникалық талаптар;
бұйымдар мен қалыптарды ілмектеу мен орнын ауыстыру ережесі.
Параграф 132. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі, 4-разряд
темір-бетон, бетон бұйымдары мен құрылғылары:
дірілдеткіш қалыптар, дірілдеткіш баспақтауы, штангалы конвейерлер, беріліс көпір өндірісі жөніндегі жекелеген күрделі машиналарын, конвейерлік қондырғыларды, үздіксіз-агрегаттық желілерді басқару;
бір және одан көп күрделі емес машиналарды, бетон, темір-бетон бұйымдары мен құрылғылары:
қалып пен қалып-вагонетканы тазалау және майлау жөніндегі өнімдерді өндіретін желілер қондырғылары, бетон үлестіргішті, бетон төсегішті, дірілдеткіш алаңшаны, дірілдеткіш саптаманы, қалқанды дірілдеткіш тиеушілерді, тегістеуші, сүртуші өңдеу машиналарын, тұрақты аударғыштарды, түсірушілерді, айырғыштарды, қабаттаушыларды басқару;
қызмет көрсетілетін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау, майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;
желіге қызмет көрсететін бригадамен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі өзге де жұмыстарды орындауға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі;
бұйымдарды әзірлеу технологиясы мен олардың сапасына техникалық талаптар;
бұйым мен қалыпты ілмектеу, орнын ауыстыру ережесі;
жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
Параграф 133. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі, 5-разряд
ерекше күрделі технологиялық қондырғылармен конвейерлік және үздіксіз - агрегаттық желілерді:
автоматты реттегішпен сыртқа тебушілерді, өздігінен жүретін аударғыштарды басқару;
қызмет көрсететін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау және майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;
қалыптаушы - жұмысшылармен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі өзге жұмыстарды орындауға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі және пайдалану ережесі;
бұйымдарды әзірлеу технологиясы және олардың сапасына техникалық талаптары;
бұйымдар мен қалыптарды ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
Параграф 134. Көмір және цемент диірмендерінің машинисі, 3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді ұнтақтау процесін жүргізу;
қоректендірушілердің, мөлшерлеушілердің, күшпен үрлеу және топтастыру құрылғыларының жұмысын бақылау;
берілген режимге және көмірдің срогына сәйкес кептіру агенттігінің температурасымен жылдамдығын реттеу;
бункерлердегі, көліктік механиздерде және диірмендерде көмір мен көмір тозаңының температурасын бақылау;
диірменді толық тиеуге және қайта тиеуге қатысу;
жабдықтардың саңылаусыздығын бақылау;
диірменді қоректендіруді және цементтің сапасына қойылатын талаптардың сақталуын реттеуге қатысу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың үздіксіз жұмысын, жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету;
мойынтіректер температурасын, май станциясының жұмысын, майлау және сумен суыту жүйесін бақылау;
диірмендер корпусының, борнефутеровканың және нығарлаушы құрылғысының жағдайын бақылау;
диірмендерге борлы денелерді толық тиеуге және қайталап тиеуге қатысу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды алдын алу және түзету.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;
ұнтақтау сапасына, көмірлік диірмендердің, ұнтақтау агрегаттарының жұмысына ықпал ететін факторлар;
көмірді кептіру, ұсақтау және ұнтақтау агрегаттарын техникалық шарттары мен жұмыс режимі;
диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесі;
бақылау-өлшеу құралдарының, автоматты реттеу құрылғыларының, дабыл беру және блокадалау жүйесінің міндеті мен әрекет принципі;
клинкермен үстеменің сапалық сипаттамалары;
цементтің сапасын зертханалық анықтаудың негізгі тәсілдері мен әдістері;
майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;
механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері;
цементке мемлекеттік стандарттар.
Параграф 135. Көмір және цемент диірмендерінің машинисі, 4-разряд
өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді, сондай-ақ қосынды өнімділігі сәйкес түрде сағатына 16 тоннадан асатын және сағатына 75 тоннадан асатын диірмендерде ұнтақтау процесін жүргізу;
келіп түсетін көмірдің сапасын бақылау;
диірмендерді көмірмен, клинкермен және үстемемен қоректендіруді реттеу;
ұнтақтаудың, көмірдің сапасына белгіленген талаптарды сақтау;
газ ағынының температурасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету;
диірмендердің үнемді өнімділігін, электр энергиясы мен борлы денелердің үлестік жұмсалуын қамтамасыз ету;
диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесін сақтау;
белгіленген техникалық құжаттамаларды жүргізу;
диірмендермен жинақтаушы қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен техникалық сипаттамалары;
ұнтақтау режимін реттеу әдістері, әртүрлі маркадағы көмірде кептірудің, ұсақтау және ұнтақтаудың техникалық шарттары;
отындық шихтаның талаптары; газдың қозғалыс сұлбасы;
диірмендердің жұмысы мен өнімділігін ықпал ететін факторлар;
клинкерді ұнтақтау процесін бірегейлендіру әдістері;
клинкер мен үстемелердің қасиеттері және сапалық сипаттамалары;
шихтаны жасау жөніндегі талаптар;
тозаң аулау процесінің мәні;
ауаны тазалау деңгейі нормалары.
Қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннадан асатын көмірлік диірмендерге, сағатына 75 тоннадан асатын цементтік диірмендерге қызмет көрсеткен кезде – 5-разряд.
Параграф 136. Кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы, 2-разряд
өзінен біліктілігі жоғары дайындаушының басшылығымен кірпіштен блоктар мен панельдер дайындау;
жұмыс аймағы шеңберінде кірпішті, арматураны, жылу сақтағыштар мен ағаш шеберлігі бұйымдарын тасымалдау;
оларды станоктарға, кондукторларға және қалыптарға қатарлап салуға қатысу;
панельдердің, жалатылған керамикалық плиткалардың беттерін жуу;
станокты, кондуктор - қимаүлгіні, қалыпты тазалау.
станоктардың, қалыптардың, кондуктор - қима үлгілердің құрылысы;
кірпіштерді қатарлап салу ережесі;
дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 137. Кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы, 3-разряд
кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы станоктарды, қалыптарды, кондуктор - қимаүлгілерді жұмысқа дайындау;
сызбаға сәйкес кірпішті, арматураны, жылу сақтағышты, жалатылған плитканы және ағаш шеберлігі бұйымдарын станоктарға, кондуктор - қимаүлгілерге немесе қалыптарға қатарлап салу;
тік жіктерді ерітіндімен толтырумен біркелкі жабу;
ерітіндінің бетін тегістеу;
панельдің бетін ысқылау;
булаудан кейін панельді түзету (жөндеу);
қалаудың биіктігі өзгерген сайын рольгандер мен тасымалдаушыларды қозғалту;
блоктарды арнаулы материалдармен жалату.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;
әртүрлі түрдегі және сыртқы пішіндегі үлгілік, жалатылған және ішкілік блоктарды қалап салу ережесі;
ерітіндінің рецептурасы; дайын блоктар мен панельдерге қойылатын талаптар.
Параграф 138. Қабырғалық және байланыстырғыш материалдарды күйдіруші, 3-разряд
өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен сақиналық пештерде және агломерациялық машиналарда кірпіш-шикізатты, тастарды және өзге де бұйымдар мен материалдарды күйдіру;
отынның пеште берілуін және оның жануын байқау;
газды шіптерді жағу және сөндіру;
аглоремациялық машиналардағы немесе агломерациялық тостағандардағы желтартқыш торкөздерге түйіршіктелген шихталарды және төселетін түйіршік қабатын қабылдау, салу;
тельфердің көмегімен тостағанды ваккум-камераға орнату;
пештерді, түтін сорғыштарды және өзге де жабдықтарды футеровкалау жағдайын байқау;
коллекторлар мен газ түтіктерін тазалау.
қызмет көрсететін жабдықтардың әрекет принципі, күйдірудің технологиялық процесі;
отынның құрамы мен қасиеттері;
материалдарды, отындарды, отқа төзімді материалдарды жұмсау нормалары;
коллекторла мен түтіктерді тазалау ережесі;
тельфермен жұмыс ережесі.
Параграф 139. Қабырғалық және байланыстырғыш материалдарды күйдіруші, 4-разряд
белгіленген технологиялық процеске сәйкес айналмалы, камералық, едендік пештерде, тәуліктік өнімділігі 20 мың данаға дейін сақиналық пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды, өзге де бұйымдар мен материалдарды күйдіру;
өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және өзге де бұйымдарды күйдіру;
таспалы агломерациялық машиналарда балшықты жыныстардан, күлден және көмірді байыту қалдықтарынан шикізаттарды күйдіру процесін жүргізу;
шихтаны құраушы бөліктердің дұрыс қатынасын бақылау;
белгіленген технологиялық процесіне сәйкес материалдардың, отынның, ауаның берілуін, температура мен қысымды реттеу;
кірпіш-шикізаттың, тастың дұрыс орнатылуын және алынатын материалдардың сапасын бақылау;
пештердегі температураны, тартуды, доңғалақты дұрыс және уақытылы салуды байқау;
күйдірілген бұйымдардың дайындығын анықтау;
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін жазумен пештердің жұмыс журналын жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы бұйымдар мен материалдарды күйдіру режимі;
күйдірілетін бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
кірпіш-шикізат пен тастарды орнату тәсілдері;
бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.
Параграф 140. Қабырғалық және байланыстырғыш материалдарды күйдіруші, 5-разряд
белгіленген технологиялық режимге сәйкес тәуліктік өнімділігі 20 мыңнан 40 мың данаға дейінгі сақиналық пештерде және газды немесе сұйық отындарда жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және өзге де бұйымдарды күйдіру;
пешті тұтандыру және оны жұмыстың қалыпты режиміне дейін жеткізу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы;
белгіленген технологиялық режимнен ауытқуды түзетудің тәсілдері;
пешті тұтандыру ережесі;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Тәуліктік өнімділігі 45 мың данадан асатын сақиналық пештерде және қатты отынмен жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және өзге бұйымдарды күйдірген кезде – 6-разряд.
Параграф 141. Қайта кристалдандырушы, 4-разряд
доломитті сүттерді қайта кристалдау процесін жүргізу және біліктілігі жоғары қайта кристалдаушының басшылығымен совелитті бұйымдарды өндіруде гидромассаларды даярлау;
қайта кристалдаушыны жұмысқа даярлау;
асбестті, доломитті сүтті тиеу және мөлшерлеу;
жылытпалы оқшаулаудың және құралдардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
сынамаларды алу;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту.
аппараттардың, насостардың, құралдардың құрылымы;
доломитті сүттің, асбестің, будың, дайын гидромассаның құрамы;
сынамаларды алу ережелері;
гидромассаға, асбестқа, доломитті сүттердің құрамы;
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту тәртібі.
Параграф 142. Қайта кристалдандырушы, 5-разряд
мерзімді және толассыз жұмыс жасайтын қондырғыларда доломитті сүттерді қайта кристалдау және совелитті бұйымдарды өндіруде гидромассаларды даярлау процесін жүргізу;
қайта кристалдағыштарды және насостарды даярлау, қосу және тоқтату;
доломитт сүтті сору;
асбестті тиеу және мөлшерлеу;
будың қысымын және аппараттардың сөнуін реттеу;
бақылау-өлшеу құралдарын бақылау;
температураны және престерге гидромассаны жіберуді бақылау.
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды құру, жұмыс принциптері және қосу ережелері;
технологиялы процесс;
өлшеу құралдарымен пайдалану ережелері;
алынатын материалдарға және гидромассаға қойылатын талаптар;
жабдықтардың жұмыстарындағы ақаулықтарды табу және жою.
Параграф 143. Қалыптау агрегатының машинисі, 5-разряд
бетон және темір-бетон бұйымдарын қалыптау процесін жүргізу;
қалыптау агрегаттарының кешеніне кіретін барлық механизмдердің:
бетон төсеушінің, дірілдегіш алаңшалардың, тегістеу және жазу құрылғаларының жұмысын басқару;
агрегат механизмдерін жұмысқа дайындау;
қызмет көрсететін механизмдерді реттеу, бейімдеу, тазалау мен майлау, олардың жұмысындағы ақауларды түзету.
қызмет көрсетілетін қалыптау агрегаттары механизмдерін құрылысы, әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі;
бетондардың негізгі қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;
бұйымдарды қалыптау жөніндегі жұмыс өндірісі технологиясы, арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар;
оларды орнату мен бекітудің ережесі, кезектілігі;
торкөздерді, қаңқаларды, қалыптар мен бұйымдарды ілмектеу және орнын ауыстыру әдістері;
агрегаттардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
Параграф 144. Қалыптау агрегатының машинисі, 6-разряд
құрылыстың көлемдік темір-бетон элементтерін:
бөлмелерді, басқыш шабақтары, лифтердің, машина қоныстарын қалыптау кезінде көлемдік қалыптау машиналарының барлық механизмдерінің жұмысын басқару, машиналарды жұмысқа дайындау;
арматуралық қаңқалардың, салынбалы бөлшектердің және түтік жасаушылардың элементтерін құрастыру, орнату және бекіту;
бетон қоспасын салу және тығыздау;
бұйымдарды жылу-ылғалдық өңдеуге тапсыру;
көлемдік элементтерді қайта қалыптау;
механизмдерді реттеу, бейімдеу, тазалау, майлау, жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін көлемдік-қалыптау машиналарының онымен тікелей байланысты құрылғыларының және механизмдерінің барлық кешендерінің құрылысы, әрекет принципі, техникалық пайдалану ережесі;
бетондар мен ерітінділердің негізгі қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;
көлемдік элементтерді қалыптау жөніндегі жұмыстар өндірісінің технологиясы;
арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар, оларды орнату мен бекітудің ережесі, реттілігі;
ішпектер мен өзекшелерді құрастыру, бөлшектеу және бекіту кезектілігі;
қондырғының торкөздерін, қаңқаларын, бұйымдар мен бөлшектерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі.
Параграф 145. Қойыртпақ әзірлеу жөніндегі қондырғының машинисі,
3-разряд
қоймалжыңды әзірлеу және топтарғыштарда слюданы топтастыру процесін жүргізу;
барлық сатылы дезинтеграторларды, қойырқыштарды, топтастырушыларды, барботераларды, сыртқа тебу сорғылары, механикалық сүзгіштерді және қоймалжыңды сақтау жөніндегі қондырғыларды басқару;
бақылау-өлшеу қондырғыларының көрсеткіштерін байқау;
қоймалжың өнірісінің технологиялық процесін реттеу;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету мен жөндеуге қатысу.
қоймалжың өндірісі жөніндегі қондырғылардың құрылысы мен әрекет принципі;
слюданы топтастырудың технологиялық режимі;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен міндеті;
жабдықтарға рұқсат етілетін жүктемелер;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері.
Параграф 146. Қойыртпақты бассейндер мен араластырғыштарды тазалаушы, 3-разряд
қож бассейндері мен болтушкаларды қож тұнбалары мен қоспаларынан машиналар және механизмдер көмегімен тазарту;
тұнбаларды күйдіру және тасымалдау;
бассейндер мен болтушкалардың тік қабаттарын тазарту;
көтергіш және көлік қондырғылары мен құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
көтергіш және көлік механизмдерінің құрылғысы, жұмыс істеу қағидаттары;
қож бассейндері мен болтушкаларды тазарту әдістері;
көтергіш және көлік механизмдерінің жұмысындағы ақауларды анықтау, жою тәсілдері;
майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері.
Параграф 147. Тұрбашы, 3-разряд
жиынтық өнімділігі 35 т/с дейін айналмалы пештерді шикізат қоспаларын қамтамасыз ету;
бақылау бактары мен тарирленген бункерлерді шикізат қоспасын толтыру;
өлшемді дозаторлар, шлам қоректендіргіштері және тасымалдаушы механизмдердің үздіксіз жұмысы мен жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету;
құралдың герметикалығын бақылау;
қызмет көрсететін құрал жұмысындағы кемшіліктердің алдын алу және жою.
шлам қоректендіргіштері, өлшемді дозаторлар және қосалқы құралдар құрылғысы, жұмыс істеу қағидаттары;
пешке шикізат қоспасын беруді реттеу;
шикізат қоспасының сапалық сипаттамасы;
шикізат қоспасын беру сызбасы;
бақылау-өлшеу құралдарының тағайындалымы және жұмыс істеу қағидаттары, дабыл және оқшаулау жүйесі;
қоректендіргіш жұмыстарындағы кемшіліктерді анықтау және жою;
қызмет көрсететін құралдарды майлау картасы, майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері.
Параграф 148. Тұрбашы, 4-разряд
сағатына 35 тоннадан жоғары жиынтық өнімділікті айналмалы пештерді шикізат қоспаларымен қамтамасыз ету;
концентраторларда шламды кептіру процесін жүргізу;
шлам концентраттарын және қоректендіргіш қондырғыларды шикізат қоспасымен қызмет көрсету;
шлам концентраторлары жұмысының жылу техникалық және технологиялық режимдерін реттеу;
қызмет көрсететін құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету;
құралдардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою.
қызмет көрсететін құралдардың құрылғысы, жұмыс істеу қағидаттары және құрылымдық ерекшеліктері;
концентраторларда шламды кептіру режимін реттеу тәсілдері;
шикізат қоспасының қасиеті, химиялық құрамы;
қызмет көрсететін құралдардың жұмысында ақауларды анықтау және жою тәсілдері;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысы және шикізат қоспасын беру және шламды кептіруді автоматты реттеу жүйесі;
қызмет көрсететін құралдарды майлау картасы, майлау материалдарының сұрпы мен қасиеті.
Параграф 149. Тұрба араластырғыштың операторы, 2-разряд
квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен жабу массасын дайындау процесін жүргізу;
пластификаторды құбырлар арқылы мөлшерлегішке жіберу;
себу материалын элеватормен шанапқа жіберу;
турбоараластырғыштағы жабу массасының деңгейін және шанапта себу материалының болуын байқау.
турбоараластырғыштың (араластыру шандарының), шанаптардың және мөлшерлегіштердің мақсаты;
жабу массасына және толтырғыштарға қойылатын талаптарды;
жабу массасындағы толтырғыштың белгіленген мөлшері.
Параграф 150. Тұрба араластырғыштың операторы, 3-разряд
жабу массасын дайындау процесін жүргізу;
турбоараластырғышты битуммен, пластификатормен және минералды толтырғышпен қатаң белгіленген пропорция бойынша толтыру;
турбоараластырғыштағы жабу массасының деңгейін реттеу;
жабу массасын қыздырудың белгіленген температурасын сақтап тұру;
массаны жабу ваннасына жіберу;
тальктан немесе қажетті концентрацияға ие өзге тозаң тәріздес материалдан суспензия дайындау;
турбоараластырғыштарды, шанаптарды және мөлшерлегіштерді байқау және профилактикалық жөндеу;
құрал-жабдықтың ағымдағы жөндеуіне қатысу.
турбоараластырғыштың, шанаптардың, мөлшерлегіштердің құрылысын және жұмыс істеу принципі;
жабу массасын және тальктық суспензияны мемлекеттік стандарттарға және техникалық талаптарға сәйкес дайындау ережелері.
Параграф 151. Құбырларды бейімдеу конвейерінің операторы, 3-разряд
ауалық қатыру конвейерінде құбырларды дұрыс бейімдеуді қамтамасыз ету;
асбест-цементті құбырлардағы сызаттарды тегістеу;
құбырлардан біліктер мен өзекшелерді алу;
тығындарды қою және алу;
құбырларды қат-қабатқа ілиектеу және салу;
құбырларды алдын ала қатыру алаңшасын дайындау;
құбырлардың қисаюын және эллипстігін түзету;
құбырларды қат-қабатқа імектеу және салу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау және қатысу;
қалыптық білікке оралған құбырларды пышақ-бізбен піскілеу, оны жаныштап үгіту;
біліктер мен өзекшелерді құбырларға енгізу.
ұзындық мөлшері бөлігінде асбест-цементті құбырлардың стандарттары (техникалық шарттары);
асбест-цементті құбырларды қатыру режимдері мен бейімдеу ережесі;
құбырлардың өзгерістері мен өзге де ақауларының алдын алу және түзету әдістері;
бақылау-өлшеу құралдарының әрекет принципі мен қолдану ережесі;
құбырларды ілмектеу және орналастыру ережесі.
Параграф 152. Құбырларды бейімдеу конвейерінің операторы, 4-разряд
конвейерде асбест-цементті құбырларды қатыру процесін жүргізу;
құбырларды бейімдеудің белгіленген режимін қамтамасыз ету үшін конвейердің қозғалыс жылдамдығын реттеу;
конвейер мен жартылай автоматтың жұмысын, тарту шынжырларының, белдіктердің және өзге де механизмдер мен конвейер қондырғысының жұмысқа жарамдылығын байқау;
құбырлардың конвейерде дұрыс орналасуын байқау;
конвейерді жөндеуге қатысу.
конвейердің құрылысы мен әрекет принципі;
асбест-цементті құбырлардың механикалық қасиеттері;
әртүрлі диаметрдегі құбырларды бейімдеу үшін қажетті уақыт.
Параграф 153. Құбырлық машинаның машинисі, 4-разряд
құбырды қалыптау процесін жүргізуге қатысу;