Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (8-шығарылым) бекіту туралы

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығын  (8-шығарылым)

бекіту туралы

 

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің      16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (8-шығарылым) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығын (8–шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 10-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2012 жыл, № 4,
    75-құжат) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

 

 

 

 

Б. Нурымбетов

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым  министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2021 жылғы 6 қаңтардағы

№ 4

бұйрығына қосымша

 

 

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы  (8-шығарылым)

 

 

1-тарау. Кіріспе

 

  1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (8-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА (8-шығарылым):

         қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар мен ұнтақ тау-кен өнімдері өндірісі;

         түсті металдарды өңдеу;

         түсті металлургия өндірісі (жалпы кәсіптері);

         түсті, сирек металдар мен түсті металдардан ұнтақ өндірісі;

         электродты өнімдер өндірісі бойынша жұмыстарды қамтиды.

  1. БТБА-ны (8 - шығарылым) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.
  2. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (8-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

 

 

2-тарау. Қатты қорытпалар, баяу балқитын металдар мен ұнтақты металлургия бұйымдарының өндірісі жұмыстарына арналған

разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

 

 

1-параграф. Баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды дәнекерлеуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

         қаттамалар мен вольфрамнан, молибденнен және басқа да баяу балқитын металдардан жасалған, сондай-ақ, сирек және радиоактивті материалдар қосылған басқа да бұйымдарды пісіру аппараттарында пісіру және жұмсарту;

түрлі құрылымдағы мен маркадағы аппараттарды реттеу, ұсақ жөндеу және тазалау;

газ бен судың икемді иінділерін бөлшектеу және пісіру аппараттарына құрастыру;

аппараттарды түсіру және тиеу;

пісіру режимін анықтау үшін қаттамаларды қайта балқыту;

қаттамалардың және басқа да бұйымдардың сапасын сыртқы түріне қарай анықтау;

пісіру режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қолдау;

газдың және суыту сұйығының температурасын, берілу жылдамдығын реттеу;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

пісіру аппараттарының токпен, сутегімен және суыту суымен қоректендіру схемасының құрылымы;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану тәртібі;

сутегін кептіру жүйесі құрылымының принципі;

қолданылатын материалдардың қасиеті мен маркасы;

пісіру және жұмсарту режимдері;

бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптар.

 

 

2-параграф. Баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерін дайындаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерді дайындау;

вольфрам мен молибден тотықтарын елеу, тарту;

молибденді, молибдат аммонийді кептіру және өндіріс қалдықтарын шаншу;

вольфрамды қышқылдарды еріту және тазалау;

ерітінділерді толтыру, сүзу және булау;

электрлі кептіргіш шкафтарды және пештерді, диірмендерді, араластырушыларды тиеу және түсіру;

пештердің және кептіргіш шкафтардың температурасын өлшеу;

вольфрамды ангидридті алу, сіңіру, араластыру және елеу.

  1. Білуге тиіс:

вольфрамды ангидридті алу үшін химиялық жабдықтардың және пештердің қызметінің принципі;

қолданылатын материалдардың элементар химиялық қасиеті;

бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану міндеті және тәртібі;

пештерде және кептіргіш шкафтарда температураны реттеу және өлшеу тәсілдері;

дистилляторға және бу қазандықтарына буды берді реттеу тәсілдері.

 

 

3-параграф. Баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерін дайындаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жапсырма және тантал ұнтақтарымен вольфрамды және молибденді тотықтарды, ангидридтерді алу;

химиялық таза тұздардан және газ тәрізді аммиактардан жапсырмалар мен әртүрлі ерітінділер дайындау;

ангидридтерді химиялық таза тұздардың әртүрлі ерітінділерін сіңіру, араластыру және елеу;

су және қышқылдық өңдеу, танталды ұнтақтарды кептіру, тарту, елеу;

материалдар мен өнімді сыртқы түрі бойынша белгілеу;

ареометрдің көмегімен әртүрлі ерітінділердің үлес салмағын белгілеу;

радиоактивті заттармен жұмыс жасау.

  1. Білуге тиіс

вольфрамның, молибденнің, танталдың, қорытпалардың олардың негізінде және оларды өндіру кезінде қолданылатын барлық химикаттардың химиялық қасиеті, сорты және маркасы;

вольфрамды ангидрид алу үшін химиялық жабдықтардың және пештердің құрылғысы;

тантал ұнтағын алу технологиясы, оның өңдеу және баспалауға дайындауды;

металдық тантал қалдықтарын өңдеу және қалпына келтіру процесінен келіп түсетін қалдықтардан фторлы тантал алу технологиясы;

бастапқы материалдар мен алынатын жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар.

 

 

4-параграф. Баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерін дайындаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сирек және радиоактивті металдармен вольфрам қорытпаларын дайындау үшін жоғары таза тантал ұнтақтарын және қоспаларды алу;

ұнтақтарды тарту, елеу, араластыру, елеу, ылғалдау;

ұнтақтардың қоспасын баспалауға дайындау;

қоспалар мен компоненттерді құрамын талдау үшін ұнтақтар мен штабиктердің сынамаларын іріктеу;

сыртқы түрі және химиялық талдау бойынша шикізат, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің сапасын белгілеу.

  1. Білуге тиіс:

сирек радиоактивті металлдар бар қорытпаларды алу үшін жабдықтар мен пештердің құрылғысы;

вольфрам, тантал, ниобий қорытпаларын алу, оларды өңдеу және баспалауға дайындау технологиясы;

аса таза металдар алу үшін тұздарды тазалау технологиясы.

 

 

5-параграф. Жентектеуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ұнтақ металлургия әдісімен дайындалған нағыздалған, қатты балқыма бұйымдардың, болат каркасты ұнтақтардан нағыздалған, пакеттерге, отырғызу және қорғаныс ортасы бар әдістемелік пештерге жиналған бұйымдарды күйежентектеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары жентектеушінің басшылығымен жүргізу;

сеппені дайындау және оны қайықшаларға толтыру;

бұйымды күйежентектеу үшін қайықшаға орнату және жектелгеннен кейін оны түсіріп алу;

металл бұйым салынған пакеттерді контейнерге орнату;

контейнерлерді тоңазытқышта салқындату;

контейнерлерді құмнан, күлден және басқа да ластанулардан тазарту;

4-разрядта көрсетілген жекелеген жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары күйежентектеушінің басшылығымен орындау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі;

күйежентектеудің технологиялық процесінің мәні;

сутегімен және азотпен жұмыс істеу тәртібі;

сеппелердің нысанын, түрлері мен қасиеттері;

күйежентектелетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

 

 

6-параграф. Жентектеуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ұнтақ металлургия әдісімен дайындалған нағыздалған, қатты балқыма бұйымдардың, болат каркасты ұнтақтардан нағыздалған, пакеттерге, отырғызу және қорғаныс ортасы бар әдістемелік пештерге жиналған бұйымдарды күйежентектеу процесін жүргізу;

бұйым салынған қайықшаларды, графит тарелкелерді пешке қою және оны пештен алу;

қосу және түсіру алдында пешті жұмысқа дайындау;

күйежентектелетін бұйымдардың пісіру маркасына сәйкес күйежентектеудің технологиялық режимін таңдау;

берілген технологиялық режимге сәйкес пештің жұмысын итергішпен және басқа да көмекші құралмен басқару;

пештің температура режимін: температураның көтерілуін, ұстау уақытын, суыту жылдамдаған бақылау;

газдың және суытушы судың берілуін реттеу;

итергіштің қайықшаларды берілген жылдамдықпен қозғауын реттеу;

суытқаннан кейін кететін судың температурасын, бұйымды күйежентектеу және суыту кезінде газдың қысым мен шығысын қадағалау және бақылау;

дайын өнімнің сапасын бақылау және оны тапсырыс, марка, қалып мөлшері бойынша сұрыптау;

пеш жұмысы көрсеткіштерінің есебін жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы;

күйежентектеудің технологиялық режимі;

коммуникациялар схемасы;

технологиялық параметрлердің (температураның, қысымның, үстіңгі қабат тазалығының, уақыттың) бұйымның сапасына әсері;

бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды пайдалану тәртібі;

пластификатордың физикалық-химиялық қасиеттері;

ақаулықтың алдын алу және жою тәсілдері;

физика, электротехника негіздері.

 

 

7-параграф. Жентектеуші, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сирек металдар ұнтақтарынан нығыздалған бұйымдарды, баяу балқитын метал карбидтерін орамасымен вакуумды тигельді индукциялық пештерде немесе вакуумды туннельді және тоқтаусыз жұмыс істейтін шахталық пештерде жентектеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары жентектеушінің басшылығымен жүргізу;

тиемелерді қалыптастыру;

пешті жұмысқа дайындау;

температуралық қисық сызықты есептеу және солар бойынша вакуумды жентектеу пештерінің тиелетін жұмыс аймақтарын анықтау;

пешті жүк көтергіш механизмдердің көмегімен тиеу және түсіру;

пештерге, басқару пультіне, вакуумді сорғыларға, вакуум жүйесінің басқа да тораптарына, генераторға, су суыту жүйесі мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;

пештегі вакуумның шамасын, пештің температуралық режимін бақылау және реттеу;

температуралық қисық сызықтың жай-күйін бақылау эталондарын тиеу арқылы тұрақты бақылау;

температураны белгілі бір уақыт аралығында оптикалық пирометрмен өлшеу;

вакуум сорғылардағы майдың деңгейін бақылау және май құю;

салқындатылған өнімдерді газбен қамтамасыз етуді реттеу;

вакуум жүйесі мен пештің ағып кетуін тексеру;

салқындату жүйесіне және оны тазартуға сумен қамтамасыз етуді реттеу;

жентектелген бұйымдарды суыту үшін газдың берілуін реттеу, суыту сапасы мен бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштерін қадағалау;

сынама алу;

контейнерлерді майлау;

бұйымдардың ақауын түзету;

дайын өнімді сыртқы түріне қарай анықтау;

пешті және вакуум жүйесін тазалау;

күйежентектелген бұйымдарды тапсырыс, марка, қалып мөлшері бойынша сұрыпта;

қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық қарау және оларды жөндеуге қатысу;

графитті қыздырғыштарды, сорғы жылытқыштарды, жылу изоляциясы прокладкаларын біліктілігі анағұрлым жоғары жентектеушінің басшылығымен жөндеу;

пеш жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;

техникалық құжаттаманы жүргізу;

жұмыс орнын таза ұстау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін вакуум пештерінің, вакуум сорғытарының, автоматика жабдықтарының және сигнализацияның, басқа да жабдықтардың құрылымы;

бақылау-өлшеу приборлары мен олардың көрсеткіштерін пайдалану және қолдану тәртібі;

қызмет көрсететін жабдық сызбасы;

көтеру механизмдерін қолдану тәртібі;

жентектелетін бұйымдардың түрлі балқыма маркаларына арналған жентектеудің технологиялық процесі мен температура режимі;

температуралық қысық сызықты есептеу әдістері мен оларды бақылау тәсілдері;

жентектеу технологиялық процесінің бұзылғаны туралы сигнализация қарау әйнегінің қараю сипаты;

дайын өнім мен шығу өнімдерінің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қаттама мен пластина алу технологиясын;

сутегінің, азоттың және фреонның қасиеттері;

контейнердің және вакуумды резинадағы прокладкалардың мөлшерін; олардың тозу шектері;

вакуумдық май маркалары;

өнімдердің ақау түрлері;

оның пайда болу себептері мен жою әдістері;

физика, электротехника, химия, электроника, вакуумды техника негіздерін кәсіптік-техникалық оқу бағдарламасы көлемінде.

 

 

8-параграф. Жентектеуші, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сирек металдар ұнтақтарынан нағыздалған бұйымдарды, баяу балқитын метал карбидтерін орамасымен вакуумды туннельді және тоқтаусыз жұмыс істейтін шахталық пештерде күйежентектеу процесін жүргізу;

вакуумдеу, пештегі вакуум шамасын бақылау және реттеу;

термобу шамдарын ауыстыру;

шамның қызу тогін анықтау;

тоқтаусыз жұмыс істейтін вакуумды пешті қосу алдында жұмысқа дайындау;

пештің температуралық қисық сызығын есептеу;

пештік температуралық режимін бақылау және реттеу;

өзі жазатын приборлардағы диаграммалық лентаны ауыстыру;

жұмыс тогін белгілеу;

температураны өлшеу, термобуды, радиациялық пирометрлерді ауыстыру;

температуралық қисық сызықты тұрақты бақылау;

вакуум жүйесі мен пештік қымталуын тексеру;

«ағындарды» есептеу;

вакуум жүйесінің ақаулы жұмыс себебін жою;

өнім балқымасының маркасына орай температура режимін түзету;

тоңазытқыштың жай-күйін қадағалау;

суыту жүйесіне судың берілуін реттеу;

арнайы жақпа дайындап контейнерді майлау;

дайын өнімнің сапасын сыртқы түріне қарай анықтау;

бұйымның ақаулық болу себебін жою;

қызмет көрсететін жабдықты реттеу және оны жөндеуге қатысу;

графитті жылытқыштарды, сорғы қыздырғыштарын, прокладкаларды, термооқшаулауды жөндеу;

техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және сигнализация құралдарының құрылымы;

вакуумды, сутегі, электр, механикалық, су суыту жүйесі;

дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

графитті жылытқыштар мен бөлшектерінің мөлшері мен жол берілетін шектеулер;

жабдықтың қалыпты жұмысының бұзылу себептері;

материалдардың күйежентектеу кезінде физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылымының өзгеру сипаты;

физика, химия, электротехника, вакуумды техника негіздері;

жылу оқшаулау материалдарының қасиеті;

қызмет көрсететін жабдықты реттеу тәсілдері;

техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

 

 

9-параграф. Карбидтеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен кедергі электр пештерінде вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу;

бұйымдарды, қайықшаларды, оқшандарды пештерге тиеуді және түсіруді дайындау;

пештерді монтаждау және демонтаждауға, ваккумды қондырғыларды герметикалауға, қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жоюға қатысу;

тиеулерді тапсырыс, маркалары және қалып өлшемдері бойынша қалыптастыру;

шикіқұрамды қайықшалармен немесе оқшандармен толтыру;

температураны, салқындату жүйесінде судың болуы және шығыны, газды реакциялы қоспаларды бақылау;

шикізат пен дайын өнімді тасымалдау;

көтергіш және тасымалдау жабдықтарына қызмет көрсету;

оқшаулау қоспаларын дайындау;

пештерді, отбақыраштарды, тоңазытқыштарды тазалау;

дайын бұйымдарды салқындату;

жұмыс орнын тазалықта ұстау;

стропальдық жұмыстарды орындау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі және пайдалану тәртібі;

баяу балқитын металдар мен оның тотықтарын карбидтеудің және карбидтердің қатты қорытпа бұйымдарға газды тұнудың технологиялық процестері;

бақылау-өлшеу аспаптарын және құралдардың міндеті және пайдалану тәртібі;

бұйымдарды, қайықшаларды немесе оқшандарды тиеу және түсіру әдістері;

қондырғыларды герметикалаудың тәртібі;

оқшаулау қоспасының құрамы;

строптаудың тәртібі және тасымалдау және көтергіш механизмдерді басқару.

 

 

10-параграф. Карбидтеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен берілген технологиялық режимдер бойынша кедергі электр пештерінде немесе индукциялық жоғары жылдамдықты отбақыраш пештерде сутекті ортада вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу;

қайықшаларды немесе оқшандарды шикіқұраммен пешке тиеу және пештерден дайын өніммен түсіру;

пештерді жарақтандыру және герметикалау;

температураны, ток күшін, кернеуді, салқындату жүйесіне сутектің, азоттың, судың баруын реттеу;

газдың қысымы мен шығындалуын бақылау;

негізгі және қосалқы жабдықтарды басқару;

карбидтеу процесінің аяқталуын айқындау;

аспаптардың көрсеткіштерін жазу;

дайын өнімді есепке алу, басқа техникалық құжаттаманы жүргізу;

пештер мен қосалқы жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою;

қыздырғыштарды ауыстыру;

индукциялық отбақыраш пештерді жөндеу, монтаждау, демонтаждау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылғысы;

электр жабдықтардың тәсілі және процестерді автоматтау;

металл мен технологиялық газдар арасындағы реакция;

шикізат пен газдар шығының нормалары;

карбидтердің түрлері және олардың сапасын айқындау тәсілдері;

карбидтеу процестерінің технологиялық режимдері;

газбен жабдықтау схемасы;

сутек пен азоттың қасиеті және оларды пайдалану тәртібі;

шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;

өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде химия, физика, электротехника негіздері.

 

 

11-параграф. Карбидтеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

индукциялық жоғары жылдамдықты отбақыраш пештерде сутекті ортада вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу;

температуралы қисық пештердің есебі;

пештерді азотпен тазарту;

пештің жағдайын және оны одан әрі пайдалану жарамдылығын бақылау;

пештің температуралық режимін бақылау, реттеу және түзету;

оптикалық және радиациялық пирометрлердің жұмысын, пештің герметикалығын және газ коммуникациясын, жұмыс алдында және барысында жабдықтың және оның жүйесін және жекелеген тораптардың дұрыстығын тексеру;

карбидтеу процесінің аяқталуын және дайын өнімнің сапасын айқындау;

жоғары жылдамдықты генераторды қосу және жұмысын бақылау;

отбақырашты индукциялы пештерді жөндеу, монтаждау, демонтаждау;

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен баяу балқитын металдар карбидтері мен оның тотықтарының қабатын алу және вакуум қондырғыларындың газды реакциялы қоспалардан жасалған қатты қорытпаларға жағу процесін жүргізу;

тиеулерді тапсырыс, маркалары және қалып өлшемдері бойынша қалыптастыруды бақылау;

бұйымдарды қондырғы реакторына тиеу және дайын өнімді түсіру;

реакторды, қыздырғышты орнату және түсіру;

қондырғыларды герметикалау, вакуумдау, салқындату, тазарту;

жұмыс алдында және барысында вакуумды жүйенің герметикалығын және технологиялық газдардың тиісті қысымын орнатуды және реакциялық қоспаны, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтау және сигнализация құралдарын тексеру;

барлық қызмет көрсететін жабдықтардың техникалық жағдайын тексеру және жұмысқа дайындау;

қондырғы реакторында – реакциялы газды қоспаны және реакциялы қоспаны жасау үшін суды салқындату жүйесіне, компоненттер мен реагенттерді қондырғы буландырғышына апаруды реттеу;

газдың қысымы мен шығынын бақылау;

негізгі және қосалқы аппаратураларды, көтергіш-тасымалдау жабдықтарына, сутекті тазалау қондырғыларына қызмет көрсету және басқару;

процестің технологиялық режимін реттеу және оның аяқталуын айқында;

вакуум жүйесінде майды ауыстыру;

қызмет көрсететін жабдықтар жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою;

реакторды, вакуум сорғыларын жөндеуге, вакуумдық тығыздауды ауыстыруға қатыс;

техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және конструктивті ерекшеліктері;

қатты қорытпалар өндірісінің негізгі технологиясы;

күрделі карбидтер өндірісінің түрлері мен технологиясы;

карбидтерге қойылатын техникалық шарттар;

температуралы қисық пештерді түсіру әдістемесі;

карбидтерді алудың және қатты қорытпалардан жасалған бұйымдарға газофазолық тұнудың технологиялық процесі және режимі;

өңделетін бұйымдар қорытпаларының қасиеті мен маркалары;

карбидтерді газофазолық тұндыру процесінде пайдаланатын реагенттердің, зиянды компоненттердің қасиеті, олардың жіберілетін шоғырлануы;

технологиялық жабдықтардың, сутекті тазалау қондырғыларының және басқа да қосалқы жабдықтардың құрылғысы;

сутекті тазалау технологиясы және оның жағу алдында сутектің тазалығын айқындау тәсілдері;

дайын өнім ақауының негізгі түрлері және оны түзетудің тәсілдері;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтардың түрлері, белгілері және оларды жою тәсілдері;

қызмет көрсететін жабдықтардың сызбасын оқу;
электр-газ-су жабдығының тәсілі;

сутекті, метанды, тетрахлоридті және басқа да қолданылатын компоненттерді пайдалану тәртібі;

өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасының көлемінде химия, физика, электротехника вакуумды техника негіздері.

 

 

12-параграф. Карбидтеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

вакуумды қондырғыларды газды реакциялық қоспадан жасалған қатты қорытпа бұйымдарға баяу балқитын металдар карбидін қабатын алу және жағу процесін жүргізу;

«қатқақтарды» есептеу;

жабдықтың герметикалық және техникалық жағдайын, технолгиялық режим процесінің сақталуын, оның реттелуін және талдаулардың нәтижесі бойынша түзетуін бақылау;

бақылау және эталонды талдаулардың үлгісі;

реагенттер мен компоненттердің реакциялық газды қоспасына қатынасын есептеу, және оның реактор қондырғыларға беруді реттеу;

бұйымдарды жабу сапасын, аспаптар және сыртқы тексеріс бойынша карбидтің басылған қабатының қалыңдығын және құрылымын айқындау;            қызмет көрсететін жабдықты өңдеу;

аспаптардың көрсеткіштерін түзету;

температуралық қисықтарды есептеу;

қондырғы реакторында тиеу аймағын айқындау;

газ тарату блогында вакуумды тығыздануды, ротаметрлерді ауыстыру, ротаметрлерді баламалау;

реакторлар мен газ тарату блогының жарақтарын монтаждау және демонтаждау;

реакторды, вакуумды сорғыларды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеу;

техникалық құжаттаманы жүргізу;

апат жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және сигнализация құралдарының конструкциясы;

вакуумды, газды, электрлік, су салқындатқыш жүйелерді;

бұйым қорытпаларының маркаларына қарай технологиялық режимдер;

реакциялық қоспа компоненттерінің құрамы мен қатынасы;

дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;

эксперсс-талдаулар жүргізудің тәртібі;

температуралық қисық қондырғыларды есептеу әдістемесі;

апат жағдайларды жоюдың шаралары, тәртібі;

ротаметрлерді баламалаудың тәртібі;

қондырғының қалыпты жұмысының бұзылу себептері және оларды жою тәсілдері;

қызмет көрсететін жабдықтарды өңдеу тәсілдері;

техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі және қызмет көрсететін жабдықтардың мазмұны;

физика, химия, электротехника, электроника, вакуумды техника, гидравлика негіздері.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

 

 

13-парагарф. Қалпына келтіру пештерінің аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы.

біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен үшке дейін қыздыру аймағымен электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процесін жүргізу;

қалпына келтірілген металды өңдеу;

металл натрийінің қалдықтарын жағу;

металл натрийі бар тұздардың жоғарғы қабатын өңдеу;

шикізатты орталау, оларды қайықшаларға мөлшерлеу;

ұнтақтарды елеу;

металдарды сыртқы белгілері бойынша сұрыптау және механикалық қоспалар мен үстіңгі тотықтардан тазарту;

араластырғыштарға, мөлшерлеу бункерлеріне, автоматты таразыларға, діріл електеріне, сүзгілерге және басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізат пен дайын өнімді тасымалдау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен қолдану тәртібі;

олардың көрсеткіштерін пайдалану тәртібі;

баяу балқитын металдар мен оның қорытпаларының тотықтары, қышқылдары, тұздарын қалпына келтіру процесінің маңызы;

қалпына келтіру процесінде қолданылатын шикізат пен материалдардың қасиеті;

газды пайдалану тәртібі;

автоматты таразыларды және көтергіш-тасымалдау механизмдерін пайдалану тәртібі.

 

 

14-параграф. Қалпына келтіру пештерінің аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы.

берілген технологиялық режимдерге және олардың параметрлерін реттеуге сәйкес электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процесін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен үштен жоғары қыздыру аймағымен электр пештерде қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші және дайын өнімнің сапасы бойынша пештік температуралық режимін және қалпына келтірудің технологиялық процестерін бақылау;

сынамаларды іріктеу;

пешті басқару пультына қызмет көрсету, оның герметикалығын тексеру;

пештерді қосу және сөндіру алдында пешті және регенерациялық жүйені азотпен тазарту;

қайықшаларды пештерге тиеу және дайын өнімді түсіру;

қалпына келтіру пештеріне, сутек регенерациясы мен басқа жабдықтардың қондырғыларына қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу;

техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қалпына келтіру пештерінің құрылғысы және сутек регенерациясының қондырғысы;

қайықшаларды тиеу-түсірудің пневматикалық тәсілдері;

сутекті пештерге және суды - тоңазытқыш пен гидрожапқыштарға келтіру жүйесі;

шикіқұрамның құрамы;

әртүрлі қалпына келтіргіштермен қалпына келтірудің технологиялық процесі;

қалпына келтіру процесінің режимін температура және қайықшалардың қозғалу уақыты бойынша реттеу;

қайықшаларды тиеу және түсіруді тәртібі мен режимдері;

ақаулардың түрлері және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдері;

шикізат пен дайын өнім сапасына қойылатын талаптар;

техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі;

өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде физика, химия, электротехника негіздері.

 

 

15-параграф. Қалпына келтіру пештерінің аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы.

үштен жоғары қыздыру аймағымен электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процесін жүргізу;

талдау деректері бойынша технологиялық режимнің параметрлерін түзету;

қалпына келтірудің технологиялық процесінің барысын, пештің температуралық режимін, сутек пен азоттың шығынын және қысымын; газүрлегіштердің жағдайын және жұмысын бақылау;

барлық жүйенің су және газ теңгерілімнің шығысына гидрожапқыштарды реттеу;

металды қалпына келтіру дәрежесін және сыртқы түрі бойынша барлық өңдеу сатысында қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімнің сапасын белгілеу;

дайын өнімді тексеру, оған есеп жүргізу және таңбалау;

алынатын шикізат пен дайын өнімді өлшеуді бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықты ағымда жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

қалпына келтіру пештерінің әртүрлі типінің конструкциясы;

регенерациялық жүйенің, газүрлегіш машиналардың бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

автоматика және сигнализация құралдары;

қалпына келтіру процесінің физикалық-химиялық негіздері және оның тәсілдері;

сутекті регенерациялау процесінің негіздері;

газ теңгерілімін реттеу тәсілдері;

сыртқы түрі бойынша металдарды қалпына келтіру дәрежесі және дайын өнімнің сапасын белгілеу әдістері;

пештердің және басқа да жабдықтардың жұмысындағы ақаулық себептері, оны жою әдістері.

 

 

16-параграф. Қатты қорытпа бұйымдарын өңдеуші, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жентектеуден кейін құрғақ тәсілмен, қолмен түрпілеу және кесу құрал-саймандарымен қатты қорытпа бұйымдарды және ұнтақ металлургиясының бұйымдарын тазалау;

қатты қорытпалы шикізат бұйымдарының жоғарғы бетінен, жарықшаларды, қылаулар мен лайларды жою;

торы үшкір жүзімен фаскаларды орнату;

жентектеуден кейін ұнтақты металлургия бұйымдарының пакетін аршу;

металды төсем шығыршықтары мен бұйымдардан қызуды тазалау;

бұйымдарды таңбалау және оны тараларға салу, сөрелерге орнату;

қалдықтарды жинау және сұрыптау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы;

бұйымның сапасына қойылатын талаптар;

бұйымдардың ақауларын жою тәсілдері;

бақылау-өлшеу құрал-саймандарын пайдалану тәртібі.

 

 

17-параграф. Қатты қорытпа бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

шалыстықты, үгітінділерді, жарықшаларды жою қайрау станоктарында құрғақ тәсілмен қатты қорытпаларға фаскаларды орнату;

металл кесуші станоктарда өлшем ақауын түзету;

құрал-сайманды бұйымдардың әртүрлі қалыптары үшін құралдарды, ұстағыштарды дайындау;

станоктарда ажарлау шеңберін ауыстыру;

өнімді қабылдау және тапсыру;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі типті станоктардың қондырғысы;

қорытпалардың маркалары;

стандартты бұйымдардың қалыптары;

бақылау-өлшеу құрал-саймандарын пайдалану тәртібі.

 

 

18-параграф. Қатты қорытпалар және баяу балқитын металдар аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен бастапқы шикізатты және материалды көшіру, тиеу, түсіру, араластыру, елеу, сумен тазалау және қышқылмен өңдеу;

бастапқы шикізат пен материалдардың сапасын бақылау;

шикізат пен дайын өнімді тасымалдау;

қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау, майлау.

41.Білуге тиіс:

қызмет көрсететін химиялық жабдық қызметінің принципі және пайдалану тәртібі;

бастапқы шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар, оларды тасымалдау тәртібі.

 

 

19-параграф. Қатты қорытпалар және баяу балқитын металдар аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен еріту, тұндыру, ажырату, сүзу, сілтілеу, шайғындау жолымен қатты металдарды өндіру үшін баяу балқитын металдардың химиялық таза тұздарын, қышқылдарын, тотығын алу процесін және басқа да гидрометаллургиялық тәсілдерді жүргізу;

бастапқы өңделетін шикізатты және материалды каширлеу, тиеу, түсіру, араластыру, елеу, тазалау, су және қышқылмен өңдеу;

тұз, қышқыл, сілті ерітінділерін дайындау;

ерітінділерді зиянды қоспалардан тазарту;

әртүрлі қондырғылармен баяу балқитын металдарды дайындау;

ағынды және шайынды суларды құрғату және бейтараптандыру;

баяу металдардың қышқылдарын жуу және құрғату;

ерітінділердің үлесті салмағын, температурасын, қышқылдығын, мөлдірлік және тығыздық деңгейін және басқа да параметрлерді бақылау;

сынамаларды сұрыптау;

жүргізілетін процестердің параметрлерін өлшеу және сапасын бақылау;

қолданылатын материалдар шығысына есеп жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және қолдану тәсілдері;

қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникация схемасы мен аппараттардың тізбектері;

температураны реттеу тәсілдері;

шикізаттардың, қышқылдардың, реагенттердің және басқа да қолданылатын материалдардың түрлері мен негізгі қасиеттері;

зиянды қоспалардың түрлері, мөлшерлеу есебі, реагенттерді тиеу және өнімдерді түсіру жүйелілігі;

материалдардың шығыс нормалары;

шығарылатын өнімдердің міндеті мен қолданылуы;

бастапқы шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

жансыз химия мен физика жөнінде негізгі мәліметтер.

 

 

20-параграф. Қатты қорытпалар және баяу балқитын металдар аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

еріту, тұндыру, ажырату, сүзу, сілтілеу, шайғындау жолымен қатты металдарды өндіру үшін баяу балқитын металдардың химиялық таза тұздарын, қышқылдарын, тотығын алу процесін және басқа да гидрометаллургиялық тәсілдерді жүргізу;

өнімді зиянды қоспалардан тазалау;

қызмет көрсететін жабдықтың жағдайын, технологиялық процестің барысын бақылау және оны реттеу;

технологиялық процестің дұрыс ағымын қамтамасыз ету, сыртқы белгілері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдаулардың деректері бойынша химиялық реакцияның жағдайын және аяқталуын белгілеу;

реакторларды, сілтілеулерді, сүзгі аппараттарын, үйірткілерді, жылытқыштарды, сорғыларды және басқа да жабдықтарды басқару;

қызмет көрсететін аппаратқа шикізат, қышқылдарды, ерітінділерді және басқа да материалдарды тиеу;

ерітінділердің температурасы мен тығыздығын бақылау;

ерітінділердің үлес салмағын және тұнбалардың тұну тығыздығын және сақталуын белгілеу;

күңгірт ерітінділерді қалқымалау;

шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу;

техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін әртүрлі аппаратура мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы;

орындалатын процестердің физикалық-химиялық және жылу техникалық негіздері;

ерітінділердің, пульпалардың, дайын өнімдердің құрамы;

шығарылатын өнім сапасына қойылатын талаптары;

жансыз химия, физика, жылу техникасының негіздері.

 

 

21-параграф. Қатты қорытпалар және баяу балқитын металдар аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қатты қорытпалар өндіру үшін гидрометаллургиялық тәсілдермен паровольфрамат, аммоний молибдатын және басқа да жоғары тазалықты баяу балқыма металдардың қосындысын алу процесін жүргізу;

технологиялық процестің барысын бақылау және оны реттеу;

қайта өңделетін шикізаттың, материалдардың және шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;

сыртқы белгілері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, талдаулар деректері бойынша реакцияның жағдайы мен аяқталуын белгілеу;

технологиялық процестердің дұрыс ағымын қамтамасыз ету.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі типті аппараттардың конструктивті ерекшеліктері;

технологиялық операциялардың химиялық реакциялары;

режимдік карталар;

шикізат, реагенттердің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

технологиялық процестердің ауытқуына және жабдықтың өндірістігіне әсер ететін факторлар;

өндірістік шығындарды алдын алу және қысқарту тәсілдері;

материал шығындарын есептеу тәртібі.

 

 

22-параграф. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы «R-а 1,25-0,63» (7-8 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу;

станоктар мен құралдарда бөлшектерді орнату және салыстыру;

шаңжинағыштырды, циклондарды, ылғалұстағыштарды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау;

қалдықтарды жинау және сұрыптау;

материалдарды, дайындамаларды және дайын өнімді тасымалдау;

қызмет көрсететін жабдықты және жұмыс орнын тазалықты ұстау.

  1. Білуге тиіс:

бір типті ажарлау станоктарының құрылғысы;

едәуір таралған құралдардың атауы, міндеті және қолдану шарты;

бақылау-өлшеу құрал-саймандарының қарапайым және орташа күрделі құрылғысы;

ажарлау дөңгелегі туралы негізгі мәліметтер;

рұқсаттар мен қондырулар, дәлдік дәрежесі және кедір-бұдыр параметрлері (өңдеу тазалығының кластары) туралы негізгі мәліметтер;

салқындатқыш және майлау сұйықтығының міндеті және қасиеттері.

 

 

23-параграф. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы «R-а 0,63-,32» (7-8 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу;

қызмет көрсететін станоктарды жөндеу;

ажарлау дөңгелектерін орнату және тексеру, жүк көтергіш механизмдерді және құралдарды пайдаланумен дисктерді және таратушыларды түзеу;

индикатор бойынша салыстырумен станоктарда құралдар мен жарақтарды, бөлшектерді орнату;

станоктарда қайраумен кескіш қалыптарын түзету;

стандартты құрал-саймандар мен арнаулы құралдардың көмегімен өңдеу сапасын бақылау;

белгіленген технология бойынша өңделетін қоспаларды, суспензияларды және стандартты құрамдағы пасталарды дайындау;

өңделетін бұйымдарды тазалау және майсыздандыру.

  1. Білуге тиіс:

қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды технологиялық өңдеудің теориялық негіздері;

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, тәртібі және дәлдікке тексеру;

әмбебап және арнаулы құралдар мен жарақтардың құрылғысы және қолдану тәртібі;

бақылау-өлшеу құрал-саймандардың және аспаптардың міндеті және қолдану тәртібі;

ажарлау дөңгелектерін тексеру тәсілдері және өңделетін материалдар мен өңдеу тазалығына қарай оларды қолдану шарты;                                                       өңдеу процесінің параметрлері және оның өнім сапасына және біркелкілігіне әсері;

қорытпа маркасына, қалыптарына және бұйымның талап ететін қасиеттеріне қарай өңдеу режимдерінің таңдау тәртібі;

қолданылатын материалдардың, ажарлау дөңгелектерінің және қалдықтардың сипаттамасы;

өңделетін материалдардың негізгі қасиеттер, белгілері мен құрамы;

дайындамалар мен бұйымдардың белгілері, сыныптау және техникалық талаптары;

ақаудың түрі мен себебі, оны жоюдың тәсілі;

стандартты жемірлік қоспалардың, суспензиялардың, пасталардың, тазалаушы және жуғыш ерітінділердің құрамы мен қасиеттері;

 рұқсаттар мен қондырғылар, дәлдік дәрежесі және кедір-бұдыр (өңдеу тазалығының кластары) параметрлері.

 

 

24-параграф. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы «R-а 0,32-0,16» (9-10 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, илектеу талшықтарды, пішін бөлшектерін және басқа да бұйымдарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу;

қызмет көрсететін станоктарды жөндеу;

индикатор бойынша салыстырумен фасонды пішінді ажарлау дөңгелектерін, дисктер мен таратушыларды таңдау және тексеру;

станокта қайраумен фасонды кескіш қалыптарын түзету;

ажарлау және сапаландыру, оларды бұйымдарға қойылатын қосымша талаптарға қарай реттеу, оның ішінде стандартты емес дайындамаларды пайдалану және ақауды түзету кезінде процес параметрлерін таңдау;

екі жазықта индикатор бойынша салыстырумен станоктарда бөлшектерді орнату;

арнаулы аспаптар мен оптикалық құрылғылардың көмегімен бұйымдардың өлшемін және өңдеу сапасын бақылау;

ультрадыбысты тазалау қондырғыларында бұйымдарды тазалау және жуу;

өңделетін қоспаларды, пасталарды, суспензиялар мен жуғыш ерітінділерді арнаулы техникалық талаптар бойынша дайындау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

дәлдігі жоғары дәрежедегі бұйымдарды өңдеу үшін қолданылатын станоктардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымы, кинематикалық схемалары, дәлдікке тексеру және баптау тәртібі;

бұйымдарға қосымша талаптарды қамтамасыз ету үшін немесе арнайы абразивті пасталар мен қоспаларды қолдану кезінде өңдеу процесінің параметрлері және оларды түзету тәсілдері;

бұйымдардың арнайы талаптары кезінде қолданылатын материалдар мен ажарлау дөңгелектердің сипаттамалары;

жоғары дәлдік дәрежесі бұйымдарына қойылатын техникалық талаптар.

 

 

25-параграф. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары және аса жоғары дәлдік дәрежесінде ажарлау, әртүрлі типті ажарлау және жазық сапаландыру станоктарында қатты және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, илектеу талшықтарды, пішін бөлшектерін «R-а 0,32-0,16» (10-12 класс тазалығы) кедір-бұдыр параметрімен ысқылау және сапаландыру;

ерекше қасиеттерімен арнаулы стандартты емес құрамның қатты қорытпаларын өңдеу;

өңдеу параметрлерін таңдау және өңдеу процесінде бұйымның (жарақтың) температурасының немесе қолданылатын материалдардың қасиеттерінің өзгеруіне байланысты реттеу;

үш жазықта салыстырумен станоктарда бөлшектерді орнату;

эталондар мен бақылау бұйымдарын дайындау.

  1. Білуге тиіс:

қатты қорытпаларды өндіру және қолдану негіздері;

қатты қорытпалардың физикалық қасиеттері және оның өңдеу режиміне әсері;

аса жоғары дәлдік дәрежеде бұйымдарды өңдеу үшін қолданылатын ажарлау және жазық сапаландыру станоктарының конструктивті ерекшеліктері және дәлдікке тексеру тәртібі;

станоктарды жөндеумен байланысты есептер;

күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандарын баптау және реттеу тәртібі;

стандартты емес қорытпаларды немесе бұйымдарды өңдеу кезінде берілген бұйымдардың қасиетін қамтамасыз ету үшін өңдеу режимдерін айқындау тәртібі.

 

 

26-параграф. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

аса жоғары дәлдік дәрежесінде ажарлау, арнайы және әмбебап, оның ішінде автоматты және жартылау автоматты станоктарда тексерілген технология және өңдеу және өңделетін құрал-саймандардың режимін таңдауды қажет ететін технологиялар бойынша қатты және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, көшірмелерді, эталондарды, матрица элементтерін, пуансондарды, эксцентриктерді, білікшелерді, пішін бөлшектерін, сондай-ақ сараптамалық, бірегейлік, бағалы бөлшектер мен құрал-саймандарды «R-а 0,2-0,01» (13-14 класс тазалығы) кедір-бұдыр параметрімен ысқылау және сапаландыру;

қажетті есептерді орындаумен станоктарды жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі типті ажарлау станоктарының конструкциясы және дәлдікке тексеру тәртібі;

аса күрделі бөлшектер ен құрал-саймандарды орнату, бекіту және аса күрделі бөлшектер мен құрал-саймандарды салыстыру тәсілдері;

өңдеу жүйелілігін белгілеу әдістері;

алмас құрал-саймандарын іріктеу әдістері;

құрал пішінін, түйіршікті, байламды, концентрацияны және алмаз дәнінің сипаттамаларын таңдау;

күрделі пішіндерді өңдеу үшін алмасты ажарлау дөңгелектерін толтыру тәртібі және тәсілдері;

өңделетін материалдардың физикалық-механикалық қасиеті;

бөлшектерді орнату және өңдеу кезінде ақаудың пайда болу себептері;

өңдеудің дәлдігіне және тазалығына жету тәсілдері.

 

 

27-параграф. Қатты қорытпалар өнімдерін өңдейтін станокшы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

үңгуіштерді, зенкерлерді, өзекшелерді, бұрғыларды, белгішілерді, фрездерді, фильердерді, штамп бөлшектері мен қатты балқыма дайындамаларынан жасалған басқа да бұйымдарды токарлық, фрезерлік, бұрғылау, жонушы, қайраушы станоктарда дайындау және өңдеу;

артық жиекті алып астау және фасонды қабат алу мақсатымен күйежентектелген қатты балқымадан жасалған дайындаманы өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

токарлық, фрезерлік, бұрғылау, жонушы, қайраушы станоктардың құрылымы;

универсалды құрылғылардың құрылымы мен пайдалану тәртібі;

пластиктелген және күйежентектелген қатты балқыманы өңдеу үшін қолданылатын, қатты балқымамен және аса қатты материалдардан жасалған қадаумен арқауландырылған кесу құралын қайраудың геометриясы мен технологиясы;

қатты балқыма бұйымдарын жасауға қажетті универсалды және арнаулы бақылау-өлшеу құралының құрылымы және оны қолдану тәртібі.

 

 

28-параграф. Қатты қорытпаларды баспақтаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қатты қорытпалар қоспаларынан және қатты қорытпалы металлдардың ұнтақтары мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдарын, сондай-ақ сирек және радибелсенді металлдардың қоспаларынан жасалған бұйымдарды, барлық маркалар мен композициялардың байланыстарын, гидравликалық нығыздағыштар мен автомат нығыздағыштарда жасанды алмастарды өндіруге арналған контейнерлерді суықтай және ыстықтай нығыздау процесін жүргізу;

нығыздағыштар, автоматты қалағыштардың жұмысын басқару;

нығыздағыштар мен нығыздағыш режимінің берілген қысымын қадағалау;

автомат нығыздағышты бағдарламалық басқаруға қызмет көрсету;

нығыздағыш формалардың жиынтығын, қоспаларды, шектеулерді және аспаптардың ілмектерін іріктеу;

нығыздағыш формаларға немесе нығыздағыштың арнайы бункерлеріне қоспаларды өлшеу, тиеу;

нығыздағыш қысымын реттеу;

нығыздалған бұйымдардың мөлшерін және салмағын кезең-кезеңімен бақылау;

нығыздалған бұйымдарды нығыздағыштардан алу және оларды ыдыстарға салу;

пуансондарды тазалау, түзету, ауыстыру және оларды жөндеуге қатысу;

механикалық эксцентрикті нығыздағышта құрыш түтіктерді алдын-ала шынықтырып, тазартып және майсыздандырып қысу;

құйылған карбидтерді түтіктерге құю және оларды дірілді станокта тығыздау;

түтікті рэлитті даярлау, түтіктерді таңбалау;

шығарылатын өнімді есептеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысында ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою;

нығыздағыш тетіктерін жөндеу;

техникалық құжаттаманы жүргізу;

шикізат, материалдар, даяр өнімді тасымалдау;

көтергіш-көлік жабдығын басқару;

жұмыс орнын жинастыру.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын және пайдалану тәртібі;

орындалатын жұмыстың технологиялық процесі;

нығыздаудың қарапайым теориясы;

қоспалар қорытпаларының маркалары;

шығарылатын өнімнің түрлері;

шикізаттың, материалдың жұмсалу нормалары;

шығарылатын өнімнің және қолданылатын шикізат пен аспаптардың мөлшеріне, сапасына қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптары, құрылғыларды және басқа да аспаптарды пайдалану тәртібі;

ақаулықтардың түрлерін және олардың алдын-алу және жою тәсілдері;

нығыздағыш тетіктерін жөндеу тәсілдері;

түтікті рэлит дайындау және түтіктерді таңбалау тәсілдері;

дабыл қағу және көтергіш-көлік жабдығын басқару тәртібі.

 

 

29-параграф. Қатты қорытпаларды баспақтаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

баяу балқитын металлдардың арнайы балқымалардан ыстық күйінде созылыңқы нығыздағыштарда жасалған қабырғалары жұқа түтіктерді немесе басқа да бұйымдарды қайта тереңдетіп тарту процесін жүргізу;

қоспаларды нығыздағыш бункерге тиеу;

баяу балқитын металдарды және қорытпалардан жасалған штабиктерді, пластиналарды және брикеттерді бір уақытта жентектеу арқылы нығыздау процесін жүргізу;

жентектеу температурасын, қысымды және нығыздау жылдамдығын реттеу;

нығыздау (тарту) процесінің аяқталу уақытын анықтау;

нығыздау құралдарын ауыстыру;

бұйымдардың мөлшері мен олардың сапасын бақылау;

нығыздағыштың жұмысындағы ақаулықтарды жөндеу, анықтау және жою.

  1. Білуге тиіс:

баяу балқитын қорытпалардан жасалған жұқа қабырғалы түтіктерді тартудың технологиялық процесі;

әртүрлі маркалардағы қорытпалардың түрлері, міндеті және негізгі қасиеттері;

стандартты бұйымдардың нысандары;

бұйымдардың ақаулықтарының пайда болу себептері мен олардың алдын-алу және жою тәсілдері.

 

 

30-параграф. Қатты қорытпаларды баспақтаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

пластифицирленген қатты қорытпалардан гидравликалық нығыздағыштарда алынатын мундштуктілі әртүрлі бейіндегі жұқа қабырғалы түтіктер мен өзекшелерді нығыздау процесін жүргізу;

нығыздағышты жұмыстың тапсырылған режиміне келтіру;

қатты пластифицирленген қорытпаның брикетін нығыздағыштың жұмыс камерасына салу;

нығыздағыш аспапты (мундштук) ауыстыру;

нығыздағыштың жұмысын қадағалау және нығыздағыш қысымы мен жылдамдығын реттеу;

нығыз қалдықтан бұйымдарды кесіп тастау;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдаланып бұйымдардың мөлшерін және олардың сапасын кезең-кезеңімен бақылау;

реактордағы пластификаторды және араластырғыштағы пластифицирленген қорытпаны дайындау;

гидравликалық пресстердегі қорытпалардан жасалған брикеттерді нығыздау;

пресстерге, араластырғыштарға, реакторларға, кептіру шкафтарына, көлік құралдарына қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы мен пайдалану тәртібі;

пластификатор және оның құрамдас бөліктерінің құрамы және қасиеті;

шығарылатын өнімнің түрлері;

пластифицирленген қатты қорытпалардың маркалары мен оларды даярлау тәсілдері;

жұқа қабырғалы түтіктер мен өзекшелерді нығыздау технологиясы;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы және пайдалану тәртібі;

қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықты жөндеу және ретке келтіру тәсілдері мен тәртібі;

даяр өнімнің, жартылай фабрикаттар мен шикізаттардың техникалық шарттары мен сапасына қойылатын талаптары;

өндірістік-техникалық оқыту бағдарламасы көлемінде химия, физика, электротехника, вакуумды техника, гидравлика негіздері.

 

 

31-параграф. Қоспалар мен ерітінділерді дайындайтын аппаратшы,

3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бензинде каучук ерітіндісімен қатты қорытпа қоспасын дайындау процесін жүргізу;

бензинде каучук және суда декстрин ерітіндісін дайындау;

каучук пен бензинді реакторға тиеу;

қоспаларды араластыру, кептіру шкафтарына тиеу, оларды кезеңмен араластыру;

кептірілген қоспаны қопсыту, елекпен елеу, үйкелеу және баспалау учаскесіне тапсыру;

реакторларға, қоспалауыштарға, кептіру шкафтарына, електерге, үйкелеу машиналарына және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;

діріл електерінде торларды ауыстыру;

жүгірткіштерде қалып салмақтарын дайындау;

ерітінділерді сүзу және олармен тараларды толтыру;

шикізат пен дайын өнімді тасымалдау;

жабдықты және жұмыс орнын тазалықта ұстау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы;

қоспалар мен ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесі;

қоспалардың, қалып салмақтарының рецептурасын және химиялық-физикалық қасиеттері;

қоспаларды араластыру және кептіру режимдері;

материалдардың шығыс нормалары;

бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың және құралдардың міндеті және қолдану тәртібі;

шикізат, материалдардың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

шығарылатын өнімнің міндеті және қолданылуы.

 

 

32-параграф. Қоспалар мен ерітінділерді дайындайтын аппаратшы,

4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын алу процесін жүргізуге қатысу;

пульпаларды дайындау, оларды қондырғылардың қабылдау құрылғысына тиеу;

көтергіш және көлікті механизмдерді басқару;

қондырғылардың жекелеген тораптарының жұмысындағы ақауларды жоюға қатысу;

тозаңдату камерасын, тасымалдау ыдыстарын, қондырғы тораптарын жуу.

  1. Білуге тиіс:

қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын дайындаудың технологиялық процестерінің маңызы;

қызмет көрсетілетін қондырғылардың және оның жекелеген тораптарының қызмет принципі;

сумен жабдықтау жүйесі;

көтергіш және көлік механизмдерін ілмектеу және басқару тәртібі;

пульпаның рецептурасын және химиялық-физикалық қасиеттері;

жабдықтарды жуу және тазалау тәсілдері;

тозаңдату камераларын жууға және тазалауға қойылатын талаптар;

қолданылатын жуғыш заттар.

 

 

33-параграф. Қоспалар мен ерітінділерді дайындайтын аппаратшы,

5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен Берілген технологиялық режимдер бойынша тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда пульпаны тозаңдату, кептіру және түйіршіктеу әдісімен пластификацияланған түйіршіктелген қатты балқитын қоспаларды дайындау процесін жүргізу;

қондырғыны жұмысқа дайындау, азот айналымы жүйесін тексеру;

пластифицирленген қатты қорытпа пульпаларын тозаңдату камерасына беру;

бастапқы пульпаның жағдайын бақылау, қатынастарын айқындау және оның тұтқырлығын түзету;

теледидар камерасы арқылы және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша тозаңдату камерасында технологиялық процес барысын бақылау;

басқару пультінен және тікелей қондырғыдан қондырғы жұмысының технологиялық режимінің параметрлерін реттеу;

энергетикалық қондырғылардың жұмысын, бақылау-өлшеу аппаратурасын бақылау;

тозаңдатқыш қондырғылардың параметрлерін таңдау;

сынамаларды іріктеу;

скрубберлерге, циклондарға, май жылытқыштарға, газ қыздырғыштарға, жабдықтарға салқындату жүйелеріне және басқа да қондырғы тораптарына қызмет көрсету;

қондырғыны профилактикалық тексеру, қондырғының жеке тораптарының жұмысында ақаулықтарды орнату, жою және оларды жөндеуге қатысу;

техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика мен сигнализацияның құрылғысы;

қондырғыны азотпен, спиртпен, сумен, электр энергиясымен жабдықтау схемасы;

пневматикалық тәсілдері;

пластифицирленген түйіршіктелген қатты қорытпа қоспаларын дайындау технологиясы;

қолданылатын шикізат, материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерінің негіздері;

технологиялық режимнің берілген параметрлері және оларды реттеу тәсілдері;

шикізат пен дайын өнім сапасына қойылатын талаптар;

азотпен қондырылған әрлеп тазартулардың тәртібі мен тәртібі;

бүрку камерасындағы оттегінің рұқсат етілген мөлшері;

сынамаларды іріктеу тәртібі;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың сызбасы;

жарылысы қауіпті ерітінділерді және газды қоспаларды пайдалану тәртібі;

жабдықты қосу және тоқтату тәртібі;

өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде химия, физика, вакуумды техника, электротехника, механика негіздері;

орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс;

апат жағдайды жою жолдары.

 

 

34-параграф. Қоспалар мен ерітінділерді дайындайтын аппаратшы,

6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы.

тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда пульпаны тозаңдату, кептіру және түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршіктелген қатты балқитын қоспаларды дайындау процесін жүргізу;

түйіршіктелген құрамға дайын өнімге жүргізілген эксперсс-талдау сапасының нәтижелері бойынша технологиялық режимдердің параметрлерін түзету;

қызмет көрсетілетін қондырғылар жұмысының технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау;

дайын өнімнің сапасын айқындау үшін эксперсс-анализдер жүргізу;

қондырғыларды жөндеу, оны өңдеу және жөндеуден кейін жекелеген тораптарын өңдеу;

бақылау-өлшеу аспаптарды тексеру және калибрлеу;

апат жағдайларды алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

дайын өнімді есепке алу.

  1. Білуге тиіс:

қондырғылардың және оның жекелеген тораптарының конструктивті ерекшеліктері;

бақылау-өлшеу аспаптарын баламалау тәсілдері;

экспресс-талдаулар жүргізу тәртібі және олар бойынша технологиялық режим параметрлерін түзету тәсілдері;

жоғары сапалы пластифицирленген түйіршіктелген қатты қортпалы қоспаларды алудың оңтайлы режимін іздеу жүйелері;

қондырғының қалыпты жұмысының бұзылу және оның жекелеген тораптарының істен шығу себебтері, оларды жою тәсілдері және жабдықтарды өңдеу;

апат жағдайларды алдын алу шаралар, тәртібі;

материалдар мен шикізаттардың шығыс нормалары.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

 

 

35-параграф. Молибденді қалдықтар тотығының аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

газды арнайы пештерде молибденді ангидридтерді алу үшін молибденді өндірістің қалдықтарының тотығу процесін жүргізу;

пештерді жағу;

тотықтыру, қоспалауыштардың процесін реттеу;

тотықтыру кезінде қалдықтарды араластыру;

қорытылған түсіру;

молибденнің сублимирленген үштік тотығын араластыру, ылғалдау, түсіру;

қалдықтарды пешке салар алдында сұрыптау.

  1. Білуге тиіс:

молибденді қалдықтарды тотықтыру үшін пештердің құрылысы;

газдарды пешке беру жүйелері;

сублимацияланған молибден үш тотығын, желдету жүйесін, араластырғышты түсіру жүйелері;

молибденді ангидридті алудың технологиялық процесі, молибденнің және оның тотықтарының қасиеттері.

 

 

36-параграф. Пакеттерді жинаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы.

жентектеуге арналған тәптіштерді айналатын үстелге орнатылған түптегі пакеттерге құрастыру;

болат даярламаларды құрастыруға даярлау: бетін тазарту, майсыздандыру және ауада кептіру;

даярламаларды шалыстыққа тексеру;

болат каркастарды ұнтақпен тозаңдандыру;

нығыздалған бұйымдарды тозаңдандырылған каркастарға қалау;

төсем қағазды дайындау;

пакеттерді жентектеуге беру.

  1. Білуге тиіс:

даярламалардың техникалық шарттары мен сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын ұнтақтардың міндеті және оларды пайдалану тәртібі;

әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезектілігі;

түптің құрылғысы;

графитті, отқа төзімді сырды, қағазды және басқа да бөлетін материалдарды құрастырғанда қолданылатын тәсілдері және олардың міндеті.

 

 

37-параграф. Сормайт шыбықтарын өңдеуші, 1-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

пішімбілікті барабандарда сормайттың шыбықтарын механикалық өңдеу, оларды өңдеуден кейін тиеу және түсіру;

шыбықтардың сынамаларын іріктеу және оларды өңдеу сапасын белгілеу;

зімпаралы таста шыбықтардың аяғын қайрау;

шыбықтарды оларды балқыту нөмірін көрсетіп байлау;

пішімбілікті барабандарға қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

пішімбілікті барабандардың құрылғысы;

өңдеу ұзақтығы және сормайт шыбықтарын өңдеу сапасына қойылатын талаптары.

 

 

38-параграф. Танталды электрохимиялық өндіру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды электролиздеуге және жабдықты жұмысқа дайындау;

фторлы және хлорлы тұздарды кептіру және шаншу;

электролиттің қайтармасын ұсақтау;

танталдың бес тотығын және ниобийді ілу және кептіру.

  1. Білуге тиіс:

электрлі кептіргіш шкафтарды және шаншу пештерінің міндеті, құрылғысы;

шикіқұрамның құрамы мен оның компоненттерінің қасиетін;

электролизді және вакуумды-термиялық қондырғыларына қызмет көрсету тәртібі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен техникалық таразылардың мақсаты, жұмыс істеу принципі және оларды пайдалану тәртібі.

 

 

39-параграф. Танталды электрохимиялық өндіру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен тантал, ниобий және қорытпалардың электролизі, катодты тұнбаларды электролиз және вакуум-термиялық тазалау қондырғыларында тазарту процестерін жүргізу;

электрлі кептіргіш шкафтарға, шаншу пештеріне, электролизді және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларына қызмет көрсету;

компоненттерді дайындау, электролитті құрастыру және танталды электролиздеу үшін бес тотықты ниобийді мөлшерлеу;

вакумды-термиялық тазалау қондырғыларында танталды ұнтақтарды және катодты шөгінділерді ылғалдау және газсыздандыру;

алынған металдың сапасын бақылау;

вакуумды-термиялық тазалаудан кейін отбақыраштардан катодты шөгінділерді түсіру және оны одан әрі өңдеуге жіберу;

пайдаланылған электролитті түсіру және өндіріске қайтару;

белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

электролиз және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларының құрылғысы мен міндеті;

электроэнергияны, қысылған ауаны, аргонды және сутекті қондырғыларға келтіру құрылғысы және схемасы;

физикалық-химиялық негіздер және электролиздеу, тұздан ажырату, газсыздандыру режимдері;

электролиттің құрамы;

шикізатты құрастырушы компоненттердің қасиеттері және оның процеске әсері;

танталдың, ниобийдің, қорытпалардың негізгі қасиеттері және қолданылуы;

ақаулардың түрлері және оны жоюдың тәсілдері.

 

 

40-параграф. Танталды электрохимиялық өндіру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тантал, ниобий және қорытпалардың электролизі, электролиз және вакуум-термиялық тазарту қондырғыларында катодты тұнбаларды тазарту процестерін жүргізу;

электролитті конденсаторлар және электр пештердегі катодтық шөгінділер үшін тантал мен жоғары таза қорытпалардың ұнтақтарын ылғалдау және газсыздандыру;

танталды электр тазарту;

қорытпаларды дайындау үшін бес тотықты ниобий қоспаларын құрастыру;

электр пештеріне, сорғыларға, вакуумды жүйелерге, сутекті тазалау және кептіру жүйелеріне қызмет көрсету;

алынатын металдың сапасын белгілеу;

белгілі түйіршікті ұнтақтарды алу мақсатында электролиз процесінің режимін реттеу;

электр пештердің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың жағдайын және пайдалануды бақылау;

жабдықтардың жұмыс көрсеткіштерін есепке алу.

  1. Білуге тиіс:

электролиз және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларының конструктивтік ерекшеліктері;

сутекті тазалау және кептіру жүйесінің жұмыс принципі;

танталдан бұйымдар жасау үшін тазалықтың маңызы;

электролитті конденсаторлар үшін танталдың ұнтағына және жоғары таза қорытпаларға қойылатын техникалық талаптар;

тантал мен қорытпалардың қалдықтарын өңдеу технологиясы.

 

 

41-параграф. Темірді қалпына келтіретін және темір ұнтақтарды жұмсартатын пешші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен әртүрлі конструкциялы электрлі және газ пештерінде темір ұнтақтарды жұмсарту процесін жүргізу;

пештің температуралық режимін және пештен дайын өнімнің шығуын бақылау;

сынамаларды іріктеу;

пешті пайдалану және темір ұнтақтардың графикасы бойынша тәртібін сақтау.

  1. Білуге тиіс:

жұмсарту пештері жұмысының принципі;

темір ұнтақтарды жұмсарту процесінің негіздері;

ұнтақтардың, қалпына келтіру және инертті газдардың сапасына қойылатын талаптары;

газ коммуникациясының схемасы және газды пайдалану тәртібі, белгіленген сигнализация.

 

 

42-параграф. Темірді қалпына келтіретін және темір ұнтақтарды жұмсартатын пешші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

темір ұнтақтарды өздігінен жұмсарту және біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен әртүрлі конструкциялы электрлі және газ пештерінде технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес темір тотықтарын қалпына келтіру жолымен кеуек темірді алу процесін жүргізу;

пештердің материалдармен, қалпына келтіру және инертті газдармен қоректелуін, айналма пештердің орталық құбырларын жұмсарту және айналу жылдамдығы процесінің қарқындылығын реттеу;

пештерге, тоңазытқыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу;

пештерді туннель вагондарымен, капсельдермен, табандықтармен, кюбельдермен тиеу және пештерден кеуек темірлерді түсіру;

пайдалану пештерінің тәртібін, қалпына келтіру режимдері мен кестесін сақтау;

жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу және шығарылатын өнімге есеп жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

жұмсарту және қалпына келтіру пештерінің, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен пеш автоматикасының құрылғысы және режимі;

темір ұнтақтарды жұмсартудың технологиялық процесі;

темір тотықтарын әртүрлі қалпына келтіргіштермен қалпына келтіру процесінің негіздері;

шикіқұрамның құрамы;

темір тотықтары мен кеуекті темірдің сапасына қойылатын талаптары;

тотықсыздандырғыштың түрлері мен негізгі қасиеттері;

жұмсарту процестерін реттеу тәртібі және тәсілдері;

өнімнің ақауын анықтау, алдын алу және жою тәсілдері;

дабыл қағу жүйесі.

 

 

43-параграф. Темірді қалпына келтіретін және темір ұнтақтарын жұмсартатын пешші, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес сағатына 2 тоннаға дейін өндіретін темірді тікелей қалпына келтіретін газ және электр пештерінде темір тотықтарын қалпына келтіру жолымен кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесін жүргізу;

балқыту, шикізат және отынның жұмсалуын, пештің жабдығы мен футерлеу жағдайын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

пештің жұмысы журналын жүргізу;

технологиялық процестің температуралық және газ режимін, газдың, ауаның қысымын реттеу;

пешті басқару пультіне қызмет көрсету;

пештің герметикалығын тексеру;

газдың кемуін жою;

пешті жөндеу;

жөндеуден кейін пеш пен тетіктерді қабылдап алуға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

кинематикалық схемалары;

техникалық пайдалану тәртібін және қалпына келтіру, газ және су коммуникацияларының жұмыс режимі;

кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесі;

алынатын жартылай өнімнің химиялық құрамы мен қасиеттері;

материалдардың жұмсалу нормалары,

пештердің өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту тәсілдері.

 

 

44-параграф . Темірді қалпына келтіретін және темір ұнтақтарын

жұмсартатын пешші, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сағатына 2 тонна және одан да көп өндіретін пештерде темірді тікелей қалпына келтіретін кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесін жүргізу;

талдау немесе бақылау өлшеу нәтижелері бойынша өнімнің сапасын айқындау;

техникалық құжаттаманы жүргізу;

төмендеу білікті пешшілерді басқару.

  1. Білуге тиіс:

пеш құрылымдары;

сумен және газбен жабдықтау тәсілдері;

дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

жабдықтың қатардан шығып қалуының себептері мен оларды жою тәсілдері.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

 

 

3-тарау. Түсті металдарды өңдеу жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

 

 

1-параграф. Асыл металдар ұстасы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары ұстаның басшылығымен берілген өлшемдер бойынша бағалы металдарды және сусальдық алтын, күміс алу үшін қорытпаларды балғамен және қолмен соққылау;

былғары пергаменттен банттар, теріден жастықтар, бамбуктардан пинцеттер мен кішкене саусақтар жасау;

қалыптарды жұмысқа дайындау: кесу, гипстеу, толтыру, үрлеу, дайындамаларды кесу, жұмсарту, пинцетпен көктеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызмет принциптері;

алтынның, күмістің және сусальдық материалдарды дайындау үшін қолданылатын қорытпалардың негізгі қасиеттері;

банттардың, жастықтардың, пинцеттердің өлшемі және оларды дайындау тәртібі;

бағалы металдарды және құрал-саймандарды сақтау тәртібі.

 

 

2-параграф. Асыл металдар ұстасы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

берілген өлшемдер бойынша 0,0025 миллиметрден астам қалыңдықты қолмен – 0,00024 миллиметрден астам қалыңдықты гипсті пайдалана отырып, сусальдық алтын, күмісті алу үшін бағалы металдар мен олардың қорытпаларын балғамен соққылау;

қалыптарды гипстеу, орау;

металдардың қалып бойынша біркелкі жайылуы үшін қол балғамен соғу бағыттарын белгілеу;

балғаны өңдеу және оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін балғалардың құрылғысы;

сусальдық материалдар шығару үшін қолданылатын алтын мен күмістің сапасына қойылатын талаптар;

сусальдық материалдардың салмағы мен өлшемі бойынша белгіленген рұқсаттар;

бағалы материалдар мен олардың қорытпалары шығындарының нормалары;

қолданылатын қол балғаларының салмағы.

 

 

3-параграф. Асыл металдар ұстасы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

берілген өлшемдер бойынша 0,0025 миллиметрден кем қалыңдықты қолмен - 0,00024 миллиметрден кем қалыңдықты гипсті пайдалана отырып, сусальдық алтынды, күмісті алу үшін бағалы металдар мен олардың қорытпаларын балғамен соққылау;

металдың сапасы мен қалыңдығын, жұмыс қалыптарының жай-күйі мен сапасын анықтау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет  көрсетілетін балғалардың конструкциясы;

өңделетін өнімге рұқсаттар;

металдың сапасын, қалыңдығын, жұмыс қалыптарының жай-күйі мен сапасын айқындау тәртібі, әдістері;

өлшеу құралдарының көрсеткіштерін пайдалану тәртібі;

балғаның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

 

 

4-параграф. Асыл металдардан жасалған бұйымдарды құрастырушы,

3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жұмысты 12-14 квалитетпен (5-7 класс дәлдігі), қолмен арнайы тегістеу, өңдеу және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолданбай бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және бұйымдарды құрастыру;

ригельдерде және әртүрлі өлшемдегі құрал біліктерде құбырлы дайындамалрды созу;

тесіктерді бұрғылау және калибрлеу;

кедергі пештерде металдарды жұмсарту және шынықтыру;

құрал-саймандарды қалыптандыру және қалпына келтіру;

белгілер мен үлгілер бойынша дайындамаларды белгілеу және кесу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралар мен бұйымдардың қызмет принципі;

рұқсаттар, қондырмалар, квалитеттер, кедір-бұдырлықтың параметрлері (дәлдік кластары мен өңдеу тазалығы) туралы негізгі мәліметтер;

қолданылатын бағалы металдар мен оның қорытпаларының негізгі қасиеттері;

дайындалатын өнімге техникалық шарттар;

шығындардың белгіленген нормалары мен бағалы металдарды сақтау тәртібі.

 

 

5-параграф. Асыл металдардан жасалған бұйымдарды құрастырушы,

4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жұмысты 11-13 квалитетпен (4-5 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі «R-а 0,16» (10 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, өңдеу және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және қарапайым қалыпты бұйымдарды құрастыру;

металдарды оттекті-сутекті газбен жұмсарту және шынықтыру.

  1. Білуге тиіс:

өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың, бұйымдар мен газбен пісіру аппаратураларының құрылғысы;

дайындалатын өнімге техникалық шарттар;

рұқсаттар, қондырмалар, квалитеттер, кедір-бұдырлықтың (дәлдік кластары мен өңдеу тазалығы) параметрлері;

дәнекерлердің маркалары мен қасиеттері және тотықтырылатын металдарды дәнекерлеу тәсілдері, слесарлық іс.

 

 

6-параграф. Асыл металдардан жасалған бұйымдарды құрастырушы,

5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы;

жұмысты 8-11 квалитетпен (3-4 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі «R-а 0,08» - ден «R-а 0,06»-ға дейін (11-12 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, өңдеу және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, айдау аппараттарын, кубтарды, иректүтіктерді, шыныбалқыма ыдыстарды және бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан орташа күрделі және күрделі қалыпты басқа да өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды құрастыру;

бағалы металдардан жасалған шегенді таптау;

күміс табақты дайындамаларды пісіру.

  1. Білуге тиіс:

өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың, бұйымдардың конструктивтік ерекшеліктері;

дәлдікке тексеру тәртібі;

бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының құрылғысы;

лекальды және зегерлік жұмыстар туралы негізгі мәліметтер;

станоктарды майлау жүйелері;

рұқсаттар мен қондырмалардың жүйесі.

 

 

7-параграф. Асыл металдардан жасалған бұйымдарды құрастырушы,

6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жұмысты 6-8 квалитетпен (1-2 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі «R-а 0,02»-ден «R-а 0,01»-ге дейін (13-14 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, өңдеу және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан ерекше күрделі қалыпты өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және бұйымдарды құрастыру.

  1. Білуге тиіс:

өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың және бұйымдардың конструкциясы;

пісірілетін металдардың механикалық және технологиялық қасиеттері;

дәнекерлердің қасиеттері;

квалитеттер мен кедір-бұдыр параметрлерінің (дәлдік кластары және өңдеу тазалығы) жүйесі.

 

 

8-параграф. Бұйымдарды жалатушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдардың, құймаметалдардың, слябтардың, темір карталардың және басқалардың үстіңгі бетіне қолмен түрлі түсті металдарды жұқа қабатпен жалату (жағу) процесін жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы;

жалату үшін қолданылатын материалдар мен қорытпалар және олардың негізгі қасиеттері;

жалатудың түрлері;

жалатылған қабаттың белгіленген қалыңдығы;

материал шығындарының нормалары.

 

 

9-параграф. Гидробаспақтарда баспалаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғарыбаспалаушының басшылығымен 600 тонна күшіне дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу;

механизмдерді басқару: бұйымдарды орналастыру, орау, бұйымдарды кесу және оларға 2000 тонна күшінен артық күшті гидравликалық баспақтарда қызмет көрсету;

өнім сапасын тексеру;

баспаланған өнімді қабылдау;

өнімдерді түзеу, таңбалау, кесу, салу;

престі, қызмет көрсетілетін механизмдерді баптауға, жөндеуге және құрал-сайманды ауыстыруға қатысу;

құбырларды салқын кесу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін баспақтардың қызмет принципі;

қосалқы механизмдердің құрылғысы мен пайдалану тәртібі;

өңделетін түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері;

оларды ыстық күйінде пайдалану тәртібі;

баспалаудың технологиялық процесі;

технологиялық құрал-саймандарды ауыстыру тәртібі;

слесарьлық іс;

таңбалау тәсілдері;

өңдеу кезіндегі ақаудың түрлері және оларды ескерту мен жоюдың тәсілдері.

 

 

10-параграф. Гидробаспақтарда баспалаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

600 тонна күшіне дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды (әртүрлі өлшемдегі құбырлар, жолақтар мен пішіндерді) баспалау процесін жүргізу;

өзара әрекет ететін механизмді, шығатын желідегі механикаландырылған құрылғыларды, баспақ-қалдығымен қалып ұстағыш төлкелерді қозғалту үшін механизмдерді, бұйымдарды баспақ-қалдықтарынан кесіп тастауды, баспақ-тығырықтарын беруді, 2000 тонна күшіне дейін күшейткіш гидравликалық баспақтарда контейнерге құюды басқару;

механизмдерді басқару: бұйымдарды орналастыру, орау, бұйымдарды кесу және оларға 2000 тонна күшінен астам күшті гидравликалық баспақтарда кесу;

баспақтар мен механизмдерді өңдеу;

құрал-саймандарды ауыстыру;

қызмет көрсетілетін баспақтар мен қосалқы механизмдердің ақаулықтарын анықтау және жою;

қызмет көрсетілетін престерді және қосалқы механизмдерді жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін баспақтар мен қосалқы механизмдердің құрылғысы мен пайдалану тәртібі;

түсті металдар мен қорытпалардың қасиеттері;

өңдеудің температуралық режимдері;

баспалаудың технологиялық процесі;

престелген өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

 

 

11-параграф. Гидробаспақтарда баспалаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

600-ден  2000 тонна күшіне дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда немесе 2000 дейін күшейткішті автоматты баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу.

өзара әрекет ететін звеноларды, механизмді, шығатын желідегі механикаландырылған құрылғыларды, баспақ-қалдығымен қалып ұстағыш төлкелерді қозғалту үшін механизмдерді, бұйымдарды баспақ-қалдықтарынан кесіп тастауды, баспақ-тығырықтарын беруді, 2000 тонна күшінен астам күшейткіш гидравликалық баспақтарда контейнерге құюды басқару;

гидробаспақтарды басқару, қызмет көрсету және жөндеуге қатысу, баспақтар мен механизмдерді өңдеу;

құрал-саймандарды ауыстыру;

өнім сапасын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі конструкциялы баспақтардың құрылғысы және оларды пайдалану тәртібі;

баспақтарды өңдеудың тәртібі мен тәсілдері;

гидро баспақтың және сорғы - аккумуляторлық станцияның барлық тораптары мен механизмдерінің өзара әрекет етуі;

бұйымдар бойынша белгіленген технологиялық процесі;

өлшемдер бойынша белгіленген рұқсаттар;

өнімнің ақауын алдын алу түрлері мен тәсілдері;

бригаданың барлық мүшелерінің жұмыс жоладары.

 

 

12-параграф. Гидробаспақтарда баспалаушы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

2000 тонна күшінен астам күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу;

гидро баспақтарды басқару, қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу;

құрал-саймандарды ауыстыру;

өнім сапасын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

баспақтардың конструкциясы, кинематикалық схемалары және оларды пайдалану тәртібі;

сорғы-аккумуляторлық станцияның құрылғысы;

металды қысыммен өңдеу негіздері;

гидравлика, электр техника, механика негіздері;

өндірістік-техникалық бағдарлама көлемінде металдардың технологиясы.

 

 

13-параграф. Құбыр илектеуші, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғарықұбырды илектеушінің басшылығымен біржіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процесін жүргізу;

таптау жаншу-машиналарына дейін құбырларды таптау;

илектеуге дейін және кейін дайындамалардың сапасын айқындау;

ілікшелерді орнату және ауыстыру, оларды бұйымдардың берілген өлшемдері бойынша іріктеу;

құбырларды өзекшелерге кигізу және шешу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін құбыр илектеу орнақтары мен аспаптар қызметінің принципі;

әртүрлі құбыр илектеу жабдығының міндеті;

түсті металдардың негізгі қасиеттері;

дайындамалардың, өзекшелердің, калибрлер мен білікшелердің сапасына қойылатын талаптар.

 

 

14-параграф. Құбыр илектеуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біржіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процесін жүргізу;

илектелетін құбырлардың берілген өлшемдері бойынша құрал-саймандарды орнату және ауыстыру;

орнақтарды ретке келтіру;

қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

құбыр илектеу орнақтарының құрылғысы;

құбырларды илектеудің жылдамдығы мен негізгі параметрлері;

түсті металдар мен қорытпалардың қасиеттері;

орнақтарды жөндеудің тәсілдері;

дайындамалар мен илектелген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

 

 

15-параграф. Құбыр илектеуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

көпжіпті және шығыршықты орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғарықұбырды илектеушінің басшылығымен көпжіпті құбырды илектеу орнақтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу, жұмсарту және кесу, көлденең илектеу орнақтарында құбырларды суықтай илектеу бірлескен процесін жүргізу;

индукциялық пештерге, кіру және шығу жақтарының механизмдеріне қызмет көрсету;

құбыр соңдарын бухталық сымдауға дайындау;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу;

бір - және екіжіпті құбыр илектеу орнақтарды және қосалқы жабдықтарды өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін құрылғылары;

илектеудің технологиялық процесі;

құбырларды илектеу, жұмсарту және кесу режимдері;

орнақтарды өңдеу тәсілдері.

 

 

16-параграф. Құбыр илектеуші, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

көпжіпті құбырды илектеу орнақтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу, жұмсарту және кесу, көлденең илектеу орнақтарында құбырларды суықтай илектеу бірлескен процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғарықұбыр илектеушінің басшылығымен үздіксіз көпкілетті және ұзын жүрісті, тез жүрісті көпжіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу процесін жүргізу;

илектелген құбырлардың берілген өлшемі бойынша құрал-саймандар мен индукторларды ауыстыру және орнату;

қызмет көрсететін жабдықты өңдеу және жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі үлгідегі құбыр илектеу орнақтарының конструктивтік ерекшеліктері;

басқару схемасы;

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу, сымдау және жұмсарту процесінің технологиясы және негізгі теориясы;

диаметр, қабырғаның қалыңдығы және қыбырдың ұзындығы бойынша белгіленетін рұқсаттар;

орнақ қозғалтқыштарының негізгі сипаттамалары;

орнақтарды өңдеу тәсілдері.

 

 

17-параграф. Құбыр илектеуші, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз көпкілетті және ұзын жүрісті, тез жүрісті көпжіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпаларды суықтай илектеу процесін жүргізу;

білікшелерді илектеу, ауыстыру процесін баптау, орнақтарды өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

суықтай деформацияланған құбырларды дайындаудың негізгі технологиясы;

әртүрлі типті орнақтарда құбырларды суықтай илектеудің негізгі теориясы және технологиясы;

илектелген құбырлардың ақауларын жою түрлері, себептері және шаралары;

 құбырларды суықтай илектеу орнақтарының құрылысы, пайдалану тәртібі, себептері және ақаулықтарын жою тәсілдері.

 

 

18-параграф. Құйма майларды пісіруші, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

пасталарды, мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды және араластырғыштағы, жүгіртпелердегі, газ пештеріндегі немесе тақталардағы майларды дайындау;

технологиялық нұсқаулыққа сәйкес компоненттерді дайындау және ілу;

май дайын болғандығын және сапасын айқындау;

жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы;

майлардың құрамы, сорты, сапасына қойылатын талаптар;

пасталарды, мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды, майларды дайындау рецептурасы мен тәсілдері және олардың дайын болғандығын анықтау әдістері;

құйма майларды дайындауға жіберілетін материалдардың қасиеттері, олардың шығын нормалары;

майлардың қасиеттері.

 

 

19-параграф. Құйма майларды пісіруші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

мөлшерленетін химикаттардың температурасын ұстаудың автоматты жүйесін қолданумен берілген рецептура бойынша пасталарды мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды, майларды дайындау;

компоненттерді таразылау және оларды ыдыстарға тиеу;

химикаттарды мөлшерлеу және реакторларға олардың кезектілігін сақтай отырып құю;

жабдықтың жұмысын бақылау;

реакторлар мен ыдыстарда берілген температураны ұстаудың автоматты жүйесін бақылау;

құю жағармайларының дайындығын анықтау;

техникалық құжаттрады жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

реакторлар мен ыдыстарда химикаттардың температурасын ұстаудың автоматты жүйесінің құрылғысы;

температураны ұстаудың автоматты жүйесін қолданумен құйма майларды дайындау тәсілдері мен тәртібі;

ақау түрлері және оны алдын алу тәсілдері.

 

 

20-параграф. Орамдықтардың ұршықшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

орау машиналарында бекітіп, ауқымды өлшемге өңдегеннен кейін металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамалар мен бұйымдар орамдарын орау;

орау машиналарын өңдеу және оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

орау машиналары мен қолданылатын аспаптардың құрылғысы, оларды пайдалану тәртібі;

түсті металдардың қасиеттері туралы негізгі мәліметтер;

көтергіш-тасымалдағыш құралдарды пайдалану тәртібі;

слесарьлық іс.

 

 

21-параграф. Орамдықтардың ұршықшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

фольгалардың машиналарда қосарлану және екіге айрылу процесін жүргізу;

біркелкі үзіктері бар сапасы мен қалыңдығы бойынша бірдей қосарлану үшін іріктеу;

орамдарды гаспильге құю және оларды гаспильден түсіру;

таспаларды тартуды реттеу;

механизмнің жағдайын және машиналар жүрісінің жылдамдығын қадағалау;

қосарлайтын және екіге айыратын машиналарды өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі типтегі қызмет көрсететін машиналардың, жабдықтардың және құрал-саймандардың құрылғысы;

машиналардың жұмыс жылдамдығы;

механизмдердің жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

өңделетін өнім сапасына қойылатын талаптар.

 

 

22-параграф. Сусальдық металдарды кесуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өлшемдерге бағалы металдардан жасалған фольгаларды кесу;

фермдерден жасалған сусальдық металдарды таңдау және оларды кітапшалап салумен берілген өлшемдерге қолмен кесу;

бүрмелерді ауыстыру;

пышақтарды қондыру және бөлу шайбаларын таңдау;

кесу құрал-саймандарын жұмысқа дайындау және өңдеу;

фольгаларды және сусальдық металдарды кесу сапасын бақылау;

аспаптар мен құрал-саймандарды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы;

қол пышақтардың түрлілігі және олардың құрылғылары;

бағалы металдардың негізгі қасиеттері;

сусальдық металдардың сапасына қойылатын талаптар;

сусальдық металдардың және фольгалардың салмағы мен өлшемдері бойынша белгіленген рұқсаттар;

бағалы металдар шығынының нормалары.

 

 

23-параграф. Сусальдық металдардың қалыптарын жинақтаушы,

 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

органикалық пленкалардан дайындалған астардан жасалған сусальдық металдарды соғу үшін қалыптарды жинақтау;

қолмен берілген өлшемдер бойынша астарлар дайындау;

астарлардың сырлауын.

  1. Білуге тиіс:

табиғи пленкалардың негізгі қасиеттері;

химикат ерітінділерінің қосылымдары;

төсемдердің сапасына қойылатын талаптар, олардың рұқсат етілетін өлшемдері;

астарлардыдайындау және жөндеу үшін қолданылатын құралды пайдалану тәртібі;

топырақ материалдарының түрлері мен қасиеттері.

 

 

24-параграф. Сусальдық металдардың қалыптарын жинақтаушы,

3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жансыз пленкалардан дайындалған астардан жасалған сусальдық металдарды соғу үшін қалыптарды жинақтау;

топырақ қоса отырып, берілген өлшемдер бойынша астарлар дайындау;

топырақ дайындау;

сусальдық металдарды төсеу үшін кітапшалар дайындау;

әртүрлі астарларды жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

жансыз пленкалардың негізгі қасиеттері;

төсемдердің сапасына қойылатын талаптар, олардың рұқсат етілетін өлшемдері;

астарлардыдайындау және жөндеу үшін қолданылатын құралды пайдалану тәртібі;

топырақ материалдарының түрлері мен қасиеттері.

 

 

25-параграф. Суық металды жаншылаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

орнақтарға илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді, фольгаларды дайындау;

илектеу алдында рольгангқа төлкемдерді, таспаларды салу;

дайындамалар мен дайын өнімді тасымалдау мен салу.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын құралдардың атауы, міндеті;

майлау және салқындататын сұйықтықтың атаулары;

металды таңбалау, тасымалдау және салу тәртібі.

 

 

26-параграф. Суық металды жаншылаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен екі- және алты білікшелі илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді суықтай илектеу процесін жүргізу;

калибрлі орнақтарда төлекмдерді калибрлеу және таспа илектеу және екі және үш білікті сортты орнақтарда шыбықтарды, төлкемдерді және әртүрлі схемаларды илектеу;

білікке илектелетін металдың берілу механизмін басқару;

қысымды түсірудің көмегімен орамды илектеуден кейін түсіру;

білікшелерді ауыстыру;

орнақта түсті металдардан жасалған фольга орамдарын жуу процесін жүргізу;

орнақ жұмысының көрсеткіштеріне есеп жүргізу;

орнақтарға қызмет көрсетуге және өңдеуге, жөндеуге қатысу.

жұмыс орнын тазалықта ұстау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін табақты, таспалы және сорттық орнақтардың, олардың механизмдерінің құрылысы;

орнақтарды пайдалану тәртібі;

біліктердің сыныпталуы және оларды салқындату жүйесі;

суық илектеудің технологиялық процесінің негіздері;

илектелетін металдың немесе қорытпаның негізгі ерекшеліктері, химиялық құрамы және маркалары;

қолданылатын майлаулардың және салқындататын сұйықтықтың атауы мен құрамы;

химия, физика, электротехника бойынша қарапайым мәліметтер;

өнімнің механикалық бұзылуына әкеп соқтыратын илектеу орнақтары ақаулығының себептері;

слесарьлық іс.

 

 

27-параграф. Суық металды жаншылаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

екі- және алты білікшелі илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді суықтай илектеу процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары білікті жаныштаушының басшылығымен көпжасушалы, төрт және көп білікті илектеу станоктарында жеңіл қорытпалардан жасалған таспаларды прокаттау, ауыр түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, жолақтарды дайындау және өңдеу, фольганы төрт және көп білікті станоктарда және қосарланған түрде прокаттау процесін жүргізу;

илектеу орнағын тиеу, басқару пультінен тапсыратын, тасымалдайтын және дұрыс беретін механизмдерді басқару;

таспаны керуді, илектеу жылдамдығын, илектелетін бұйымдарды барабанға орауды реттеу;

илек қалыңдығын өлшеу;

орнақты өңдеу мен жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін көпжасушалы, көп білікті, реверсивті илектеу орнақтарының құрылысы;

суықтай илектеудің теориясы мен технологиясының негіздері;

суықтай илектеу кезінде қолданылатын илектеу орнақтарының сыныпталуы және түрлері;

бақылау-өлшеу құралдардың мақсаты және оны пайдалану тәсілдері;

өңделетін өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

білікшелерді блоктау, салқындату, майлау, теңестіру және майысуына қарсы жүйелер;

ақау себептері және оларды алдын алу әдістері;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарының құрылғысы және пайдалану тәртібі.

 

 

28-параграф. Суық металды жаншылаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті және бағалы металдардан және қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, жолақтарды көпжасушалы, төрт және көп білікті илемдеу орнақтарында илемдеу, жеңіл қорытпалардан жасалған таспаларды бір клеткалы реверсивті төрт білікті орнақтарда илемдеу, таспаларды, табақтарды, ауыр түсті металдар мен қорытпалардан жасалған жолақтарды дайындау және әрлеу илемдеу, фольганы төрт және көп білікті орнақтарда илемдеу процесін жүргізу;

автоматты көп кілетті және көпбілікті илектеу орнақтарында таспаларды илектеу, біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен титан, вольфрам, молибден, ниобий, цирконий қорытпаларын илектеу процесін жүргізу;

арнайыландырылған табақтарды өңдеп илектеу;

беруші транспортерлерге, салуларға, гидравликалық итергіштерге, ұшпа микрометрлерді және басқа да өлшеу құралдарына қызмет көрсету;

басу және көтерме механизмдерді басқару.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін әртүрлі типтегі илектеу орнақтарының конструкциясы;

илектеу орнақтары мен білікшелерді пайдалану тәртібі;

электр қозғалтқыштың негізгі сипаттамалары;

бақылау-өлшеу құрал-саймандарын және аспаптарды пайдалану тәртібі;

физика, химия, электротехника, механика негіздері;

қолданылатын техникалық майлаулардың және эмульсияның түрлері, қасиеттері және сапасы.

 

 

29-параграф. Суық металды жаншылаушы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

көп кілетті және көп білікшелі автоматты илектеу орнақтарында таспаларды және титан, вольфрам, молибден, ниобий, цирконий қорытпаларын илектеу процесін жүргізу;

фольганы қосарланған түрде біркелкі қосарланумен илектеу;

орнақты және басқару және оны жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

автоматтандырылған көп кілет және көп білікшелі орнақтардың конструкциялы және кинематикалық схемалары;

білікшелерді калибрлеу негіздері;

білікшелерге қол жетімділік;

орнақтың барлық тораптарының құрылғысы және өзара әрекеттесуі;

қызмет көрсетілетін орнақты басқару автоматикасы.

 

 

30-параграф. Техникалық майларды дайындаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

электр пештерде техникалық майларды балқыту және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оларды қысым ауасымен бүрку процесін жүргізу;

берілген құрам бойынша майларды өлшеу және бүрку камераларына тиеу;

бүркігіштердің жұмысын реттеу;

майлардың дайындығын анықтау және оларды камерадан шығару;

кесек майларды ұсақтау;

майларды тасымалдау;

пышақтарды қайрау;

қола жоңқалармен немесе алюминий бүркігіш майларымен өлшеу;

жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

пештердің және қолданылатын аспаптардың құрылғысы;

техникалық майларды дайындау үшін қолданылатын түрлері мен материалдары және олардың негізгі қасиеттері;

барлық майлардың түрлеріне арналған өлшенділердің өлшемі;

мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өнімнің маркалары;

кесек майларды ұсақтау дәрежесі;

майлардың шығын нормалары;

өртке қарсы құралдарды пайдалану тәртібі.

 

 

31-параграф. Түсті металдарды жұмсартушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары жұмсартушының басшылығымен созу, электр және жалын пештерінде, электрлік аппараттарда, арнайы қондырғыларда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамалар мен бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу;

табақты фольганы жұмсарту;

құдықтарда біртектестендіру;

металды тиеу;

жартылай өңделген өнімдерді және дайын бұйымдарды түсіру және орнына қою;

қызмет көрсететін пештерді жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

пештердің және қосалқы механизмдердің жұмыс принципі;

металдар құрылымындағы өзгерістер туралы негізгі мәліметтер;

түсті жұмсартылатын металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

түсті металдарды термоөңдеу режимі.

 

 

32-параграф. Түсті металдарды жұмсартушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

созу, электр, жалын пештерінде, электр түйістіргіш аппараттар мен арнайы қондырғыларда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу;

жоғары ваккумды пештерде, кедергі электр пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары жұмсартушының басшылығымен әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту, шыңдау, біртектестендіру;

қыздыру және салқындату температурасын реттеу;

термоөңдеудің технологиялық режимін қадағалау және бақылау;

салындының салмағын сақтау;

бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін жазу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін пештердің, аппараттардың, қондырғылардың құрылғысы;

өлшеу-бақылау аспаптарының қызмет принципі;

түсті металдар мен қорытпаларды өңдеудің термиялық негіздері;

металды жұмсарту, шыңдау және нормалау бойынша өндірістік нұсқаулық;

 қыздыру температурасы салындылардың шамасы және жұмсартудың берілген шарттарына қарай пештегі металдың төзімділігі;

өнім ақаулығын ескерту және жою тәсілдері.

 

 

33-параграф. Түсті металдарды жұмсартушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары ваккумды пештерде, кедергі электр пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу;

әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту, шыңдау, біртектестендіру.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі типтегі пештердің дизайн ерекшеліктері;

термиялық өңдеудің режимін таңдау тәртібі;

әртүрлі аспаптарды қолдану тәртібі;

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды термиялық өңдеудің технологиясы;

шығарылатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

 

 

34-параграф. Түсті металдарды қыздырушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

600 тонна күшіне дейін күші бар престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құйма металдар мен дайындамалардың қыздыру процесін жүргізу;

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамаларды дайындау және оларды қыздыру пештеріне беру;

жүктеу және көтерме механизмдердің көмегімен құймаметалдар мен дайындамаларды пешке тиеу;

металдың пешке қозғалуын бақылау;

пешті және қолданылатын механизмдерді жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пештердің жұмыс принципі;

қолданылатын механизмдер және құралдарды пайдалану тәртібі және қызметі принципі;

түсті металдар мен қорытпаларды қыздырудың негізгі технологиясы;

құймаметалдар мен дайындамаларды таңбалау.

 

 

35-параграф. Түсті металдарды қыздырушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары қыздырушының басшылығымен 600 тонна күшіне дейін күші бар илемді орнақтарға және престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құйма металдар мен дайындамалардың қыздыру процесін жүргізу;

құймаметалдар мен дайындамаларды пештерден түсіру және оларды илемді орнақтың рольгангына немесе пресстің тиеуші құрылғысына беру;

құйма металдарды беру және түсіру механизмдеріне қызмет көрсету және оларды отқабыршықтарынан тазалау;

қыздыру пешінің жұмыс режимін бақылау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пештердің қолданылатын құралдардың және механизмдердің құрылғысы, оларды пайдалану тәртібі;

түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері;

әртүрлі түсті металдар мен қорытпаларды қыздыру кезінде пештер жұмыстарының жылу режимдері;

қолданлатын отынның түрлері мен қасиеттері;

слесарьлық іс.

 

 

36-параграф. Түсті металдарды қыздырушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

600 тонна күшінен астам күші бар илемді орнақтарға және престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамалардың қыздыру процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары қыздырушының басшылығымен илемді орнаққа қызмет көрсететін айналма табанды сақиналы қыздыру пештерінде және жүру табанды өтпелі қыздыру пештерінде құйма металдарды қыздыру процесін жүргізу;

пеш аймақтары бойынша жану және берілген жылу режимі процесін реттеу;

металдың біркелкі қызуын және төзімділігін қамтамасыз ету;

пешке бағытталған металдардың біркелкі қозғалуын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пештерді пайдалану тәртібін мен конструктивтік ерекшеліктері;

қорытпалар мен температуралық режимдер бойынша құйма металдарды тиеу жүйелілігі;

түсті металдарды және қорытпаларды термиялық өңдеу негіздері;

дайындамалардың қимасына қарай пештерде қыздыру режимдері;

жөндеуден кейін пештерді кептіру және жағу тәсілдері;

отынды және оның жылу шығару тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

 

 

37-параграф. Түсті металдарды қыздырушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

илемді орнақтарға қызмет көрсететін айналма табанды сақиналы қыздыру пештерінде және жүру табанды өтпелі қыздыру пештерінде құйма металдарды қыздыру процесін жүргізу;

металды қабылдау, қондыру және беру;

қыздыру пештерінің, аппаратураларының және жылу режимін автоматты басқару, бақылау-өлшеу аспаптарының, салқындату жүйесінің механизмдерінің сақтығын және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету;

жөндеуден кейін пештерді қабылдауға қатысу;

пештердің және олардың жабдықтары жұмыстарының техникалық құжаттамасын жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

айналмалы немесе адымдайтын оттығы бар қыздыру пештерінің құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері және оларды пайдалану тәртібі;

металдарды пештерден қабылдау, қондыру және беру тәртібі;

температуралық режимдер, температуралық режимнің бұзылуымен туындаған ақаулардың түрлері, оларды ескертулердің тәсілдері;

отқабыршықтанудың себебтері және оны азайтудың тәсілдері;

газ-пеш техникасының негіздері.

 

 

38-параграф. Түсті металдарды қырушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

маятникті және басқа да шаржыларда құймаметалдарды, жолақтарды қыру;

жолақтарды, табақтарды және таспаларды қолмен қыру;

құймаметалдар, жолақтар, құбырлар, таспалар және табақтардың ақауларын пневматикалық немесе қол кескішпен шабу;

құрал-саймандарды қайрау, қалыптандыру және ауыстыру;

өнімді салу.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын шаржылар мен құрал-саймандардың құрылғысы мен міндеті;

ақауларды қыру мен шабу тәсілдері;

жартылай өңделген өнімнің өңделген үстіңгі бетінің сапасына қойылатын талаптар.

 

 

39-параграф. Түсті металдарды қырушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

құймаметалдарды, жолақтарды, таспаларды, құбырларды және табақтарды қыру станоктарында қыру;

қызмет көрсететін қыру станоктарын өңдеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысында ақауларды анықтау және жою.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қыру станоктарының құрылғысы;

бұйымның өңделген үстіңгі бетінің сапасына қойылатын талаптар;

түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері;

станоктарды өңдеу тәсілдері.

 

 

40-параграф. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды созу, түзету, жылтырату, фрезерлеу, кесу, құймаларды аралау, кесу және фрезерлеу, полиграфиялық мырыш табақтарын өңдеу, автоматты және жартылай автоматты желілерде қосарланған күйдіру арқылы түсті металдардан жасалған сымдарды созу процестерін жүргізу;

пульттан тиеу-түсіру жұмыстарын басқару;

гильотинді қайшылардың жұмысын бақылау, оларды жұмысқа дайындау және бұйымның берілген өлшеміне өңдеу;

желілерде бұйымдар арасындағы қажетті аралықты қамтамасыз ету;

жеке механизмдеріне, желі агрегаттарына қызмет көрсету;

дайын өнімді түсіру, оларды орау, таңбалау, тасымалдау, салу;

желі тораптары мен механизмдерін өңдеуге және жөндеуге қатысу;

қалдықтарды жинау;

желінің қызмет көрсететін учаскесін қарау;

стропаль жұмыстарды орындау.

  1. Білуге тиіс:

желі тораптары мен механизмдерді пайдалану тәртібі және құрылғысы;

түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері;

технологиялық жабдықтардың желіге орналасуы;

желінің жеке агрегаттарын басқару схемасы;

өңделетін бұйымдардың, полиграфиялық мырыш құймалары мен табақтарының сапасына қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарды пайдалану тәртібі;

өнімді таңбалау тәртібі мен тәсілдері;

строповканың және жүктерді ауыстырудың тәртібі.

 

 

41-параграф. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды созу, түзету, жылтырату, фрезерлеу, кесу, құймаларды аралау, кесу және фрезерлеу, полиграфиялық мырыш парақтарын өңдеу және автоматты және жартылай автоматты желілерде бірге күйдіре отырып түсті металдардан жасалған сымдарды алтындату процестерін жүргізу;

біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен автоматты және жартылай автоматты желілерде таспаларды бір-екі жақты ажарлау және ажарлау;

желілерді жұмысқа дайындау;

желіні тұтастай және оның жекелеген тораптарының жұмысын бақылау және қадағалау;

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды беру, созу, түзету, жылтырату, фрезерлеу, кесу, құймаларды аралау, кесу және фрезерлеу, полиграфиялық мырыш табақтарын қышқылға төзімді лакпен және қорғаныш пленкамен жабу, табақтарды майсыздандыру, жуу, фрезерлеу, жылтырату және кептіру механизмдерінің жылдамдығы бұйымдарын өңдеу режимдерінің параметрлерін реттеу;

бұйымдарды өңдеу сапасын бақылау және белгілеу;

қызмет көрсетілетін процестің технологиялық режимін реттеу және таңдау;

бұйымдардың берілген параметрлеріне сәйкес технологиялық құрал-сайманды таңдау және орнату;

жекелеген тораптарды, механизмдерді және желі тәсілдерін бір өлшемнен басқасына ауысқан кезде реттеу және өңдеу;

қолданылатын материалдарды дайындау;

желі жұмыстарының қалыпты циклі бұзылған кезде агрегаттарды қолмен басқару.

  1. Білуге тиіс:

автоматты және жартылай автоматты желілерді пайдаланудың тәртібі мен құрылғысы;

автоматтау мен блоктаудың жұмыс принципі;

желі және оның жекелеген агрегаттары жұмысының технологиялық режимдері;

үстіңгі қабаттағы ақаулар мен қателіктердің түрі, олардың пайда болу себептер және ескертудің тәсілдері;

түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу технологиясы;

қолданылатын материалдардың, жуу құралдарының, майлау-салқындату сұйықтығының, пасталардың түрлері мен физикалық-химиялық қасиеттері;

желі жұмысындағы ақаулықтардың себептері мен оларды жою тәсілдері;

құрал-саймандарды қайрау, қалыптандыру және ауыстыру тәртібі;

өңделетін өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.

 

 

42-параграф. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды созу, түзету, жылтырату, фрезерлеу, кесу, құймаларды аралау, кесу және фрезерлеу, полиграфиялық мырыш табақтарын өңдеу, Түсті металдардан жасалған сымды қосарланған күйдіру арқылы созу, Автоматты және жартылай автоматты желілерде таспаларды бір және екі жақты жылтырату және ажарлау процестерін жүргізу;

желіні тұтастай және оның жекелеген тораптарының жұмысын өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

кинематикалық және электр схемалары, автоматты және жартылай автоматты желілерді басқару схемалары;

агрегаттардың жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері;

қолданылатын құрал-саймандардың құрылғысы;

түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу режимін анықтамалар мен жабдықтың паспорты бойынша белгілеу тәртібі;

орындалатын жұмыс шегінде түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу теориясының негіздері.

 

 

43-параграф. Түсті металдарды сымдаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен 25 тонна күшіне дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процесін жүргізу;

сымдау алдында дайындамаларды майлау және беру;

бұйымдарды қаттау, байлау және тасымалдау;

жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтар және қолданылатын аспаптар қызметінің принципі;

бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың міндеті;

бұйымдарды қаттау, байлау, тасымалдау тәртібі;

слесарьлық іс негіздері.

 

 

44-параграф. Түсті металдарды сымдаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

25 тонна күшіне дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процесін жүргізу;

құбырларды өзекшелерде таптау және өзекшеден алып тастау;

біліктілігі жоғары сымдаушының басшылығымен 25-тен 50 тонна күшіне дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процесін жүргізу;

өңдеу кезінде бұйымдардың өлшемін бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықты және құрал-сайманды баптау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қолданылатын аспаптар мен бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы;

түсті металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері;

қолданылатын майлаудың түрлері мен қасиеттері.

 

 

45-параграф. Түсті металдарды сымдаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

25-тен 50 тонна күшіне дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту, барабанды үлгідегі орнақтарда құралбіліксіз құбырларды сымдау процесін жүргізу;

бағалы металдардан жасалған құбырларды сымдау;

біліктілігі анағұрлым жоғары созушының басшылығымен үш мәрте созудың қосарланған желілерінде, көпжіпті орнақтарда және барабанды үлгідегі орнақтарда өзгермелі мандрелдегі құбырларда 50 тонна және одан жоғары күш беретін бір жіпті тізбекті созу стандарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды, жолақтарды, шыбықтарды, жалтыратқыштарды созу процесін жүргізу;

дайндамаларды беру тасымалдағышын, көтергіш-үстелді, автоматты күймешені және қарпығыш механизмді басқару;

өңдеу технологиясына қарай сымдау жылдамдығын реттеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері;

түсті металдар мен балқымалардан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы;

бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы;

шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары және техникалық жағдайлары;

слесарьлық іс.

 

 

46-параграф. Түсті металдарды сымдаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

50 тонна күші және одан жоғары күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында және одан жоғары үш есе сымдаудың қосарланған желілерінде, көпжіпті орнақтарда түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процесін жүргізу;

бір өлшемнен екінші өлшемге ауысқан кезде орнақтардың электрлік, пневматикалық және механикалық тәсілін жөндеуге қатысу;

сымдау технологиясына сәйкес сымдау жылдамдығын және өңделіп жатқан металдың немесе балқыманың жағдайын бақылау және реттеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық, электрлік, пневматикалық схемалары мен құрылымы;

сымдау бағыты бойынша өнімдерді өңдеу технологиясы.

 

 

47-параграф. Фольганы каширлеуші – сырлаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары каширлеуші-бояушының басшылығымен машиналарда фольганы каширлеу, лактау және бояу процесін жүргізу;

материалдарды қалыптандыруға дайындау;

берілген құрам бойынша сырларды, лактарды және басқа да материалдарды дайындау;

сырлайтын машинаны спиртпен тазарту;

қаңылтыр табаға желімді, лакты беру;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдық қызметінің принципі;

қолданылатын аспаптардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы және оларды пайдалану тәртібі;

қолданылатын материалдар мен сырлаушылардың қасиеттері;

орамдардағы фольганы каширлеу және бояу принциптері.

 

 

48-параграф. Фольганы каширлеуші – сырлаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

машиналарда бір жақты жабындысы бар фольганы каширлеу, лактау және бояу процестерін жүргізу;

желім, лак, парафин, бояғыштар қабатының қалыңдығын, қағаздың, қолданылатын лактың, бояғыштардың сұрыбы мен мақсатына, парафиннің температурасына, орамдарды суыту мен фольганың мақсатына қарай машиналардың жылдамдығын реттеу;

бояу мен желімдеудің біркелкілігін қадағалау;

сырлау және каширлеу машиналарына, тарқату және орау құрылғыларына, кептіргіш цилиндрлер мен бақа да механизмдерге қызмет көрсету;

жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы;

сырлау қабатының қалыңдығын тексеру тәртібі;

фольганы, сортты каширлеу, лактау және бояудың негізгі принциптері;

өңделетін фольга, қағаз, желім, лак, парафин және бояғыштардың қасиеттері;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

 

 

49-параграф. Фольганы каширлеуші – сырлаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

каширлеу бір уақытта сырлау немесе лактау, сырлау-басу агрегаттарында фольганы екі жақты бояумен сырлау немесе лактау процесін жүргізу;

сырлау мен желімдеудің біркелкілігін бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін бояу-баспа агрегаттарының конструкциялары, кинематикалық және электр схемалары;

фольганы екі жақты бояу және бір уақытта каширлеу және сырлау (лактау) технологиясы;

қызмет көрсетілетін машиналардың жылдамдығы;

шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шаралары.

 

 

50-параграф . Фольганы тесуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

илектеу және перфорациялау машиналарында орама фольганы өрнектеу және каширленген фольганы перфорациялау процестерін жүргізу;

ротпаринт табақтарын жасау;

табақтарды ақаулықтау;

айқын оттискі жағу үшін пішімбіліктерді тексеру;

сабынды эмульсия дайындау;

басу машиналарының пішімбіліктерін эмульсиялау;

басу және тесу сапасын бақылау;

басу және тесу машиналарына қызмет көрсету, өңдеу, жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың, жабдықтардың және қолданылатын аспаптардың құрылғысы;

дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, оның ақаулау тәртібі;

тесілген және басылған фольгалардың қасиеттері;

дайын өнімнің техникалық шарттары;

қызмет көрсетілетін машиналардың оңтайлы жылдамдығы.

 

 

51-параграф. Ыстық металдарды илектеуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары илектеушінің басшылығымен әртүрлі типті илекті орнақтарда берілген технология бойынша ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құйма металдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу;

илекті орнақтың жұмыс кілетіндегі үстелді көтеру және түсіру механизмін басқару;

металл құймаларын білікшелерге беру, дайындамаларды білікшелерден кілеттің артқы жағынан қабылдау және одан әрі илектеу үшін алдыңғы жағына тапсыру;

құймаметалдарды немесе слябтарды қабыршақтардан тазалау және оларды қисайту;

жолақтардың соңын және жиектерін кесу;

металдың орамдарын, табақтарын және жолақтарын түйіншектеу, салу;

қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аспаптарды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін орнақтардың, аспаптардың құрылғысы, оларды пайдаланудың тәртібі;

түсті металдар мен қорытпаларды ыстық илектеудің белгіленген режимі;

илектелетін құйма металдардың температурасы;

көтергіш механизмдердің басқару схемасы.

 

 

52-параграф. Ыстық металдарды илектеуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі типті илекті орнақтарда берілген технология бойынша ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құйма металдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу;

құймаметалдардың, слябтардың илектеуге дайындығын айқындау;

илекті орнақ білікшелеріне тапсыру үшін құймаметалдарды, жолақтарды, шыбықшаларды бағыттау, қабылдау;

шыбықшалардың өлшемін бақылау;

эджерлік кілеттің жұмысын, салқындату және майлау жүйесін реттеу;

білікшелерді, сымдарды ауыстыру, орнақты баптау;

жолақтарды гильотинді қайшыларға тасымалдау үшін рольгангамдар мен табақ салушыларды басқару, жолақтардың соңы мен жиектерін кесу;

орнақтарды өңдеу және жөндеуге және білікшелерді ауыстыруға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

әртүрлі қызмет көрсететін орнақтардың, механизмдердің құрылғысы және оларды басқару тәсілдері;

өңделетін металдардың және қорытпалардың негізгі қасиеттері;

ыстықтай илектеудің технологиясы;

орнақтардың май құбырының жүйесі.

 

 

53-параграф. Ыстық металдарды илектеуші, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

табақты және сұрыпталған орнақтарда технологиялық режимге сәйкес ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу;

 700 миллиметр және одан астам диаметрлі білікшелермен екі білікшелі орнақтарда, үздіксіз көп кілетті төрт- және үш білікшелі орнақтарда, құймаметалдарды тазалау щеткасын, рольгандарды, гильотин қайшыларды, орау машиналарын, табақ салушыларды, бүркігіштерді, тоңазығыштарды және басқа да қосалқы құрылғыларды автоматты және үлестіре басқарумен реверсивті орнақтарда; біліктілігі анағұрлым жоғарыилектеушінің басшылығымен үштік орнақтарында ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардын жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу;

білікшелерді, жылдамдықты және илектеудің бағытын реттеу;

қысу және көтеру механизмдерін басқару;

салқындату және майлау жүйесін, илектеудің белгіленген тәсілін бақылау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші, орнақтың илегі және жұмысының сапасы бойынша құймаметалдарды қыздырудың температуралық режимін бақылау;

білікшелерді ауыстыру жұмыстарын орындау;

қызмет көрсететін жабдықтарды өңдеу және жөндеу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін орнақтардың құрылғысы мен конструктивтік негіздері;

басқару схемасы;

орнақтар мен білікшелерді пайдалану тәртібі;

түсті металдар мен қорытпаларды илектеу технологиясы;

қыздыру пештерінің, қызмет көрсететін орнақтардың құрылғысы мен жұмыс режимі;

орнақ қозғалтқышының негізгі сипаттамалары.

 

 

54-параграф. Ыстық металдарды илектеуші, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

700 миллиметр және одан астам диаметрлі білікшелермен екі білікшелі орнақтарда, үздіксіз көп кілетті төрт - және үш білікшелі орнақтарда, құймаметалдарды тазалау щеткасын, рольгандарды, гильотин қайшыларды, орау машиналарын, табақ салушыларды, бүркігіштерді, тоңазығыштарды және басқа да қосалқы құрылғыларды автоматты және үлестіре басқарумен реверсивті орнақтарда; үштік орнақтарында ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардын жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу;

білікшелерді, жылдамдықты және илектеудің бағытын реттеу;

илектеу режимін және илектелетін өнім сапасын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін орнақтардың кинематикалық және электрлік схемалары;

түсті металдар мен қорытпаларды илектеу кезінде металды қаусыру режимдері;

илектеу кезінде түсті металдарды илектеудің және деформацияланудың негізгі теориясы;

білікшелерді калибрлеудің негіздері;

илектеу кезіндегі ақаулардың түрлері мен себептері.

 

 

4–тарау. Түсті металлургиядағы жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

 

 

1-параграф. Анодтарды құюшы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

анод (табан) блоктарын фрезерлеу;

катод өзектерді металл жылтырына дейін тазарту;

жұмыс істеген анодтарды (өртенділерді) электролиттен, балшықты топырақтан, алюминийлі қорғаныс жабыннан виброүстелде, пневматикалық балғамен, щеткамен, қырғышпен тазарту;

анодұстағыштар ниппельдерін шойын құймаларынан бытыра ағынды камераларда және қолмен тазарту;

ниппельдердің жай-күйін бақылау;

анод ұстағыштың «штангі-кронштейн» контактісін көзбен шолып бақылау;

құймаға жарамды анодұстағыштарды іріктеу;

күйдірілген анодтарды құю жөніндегі технологиялық желілердегі анодтарды тиеу және түсіру станцияларына қызмет көрсету;

анодтарды немесе анодұстағыштарды монорельсті конвейердің өздігінен жүретін арбаларына ілу, құйылған анодтарды конвейерден алу;

технологиялық желінің қызмет көрсетілетін учаскесі жабдықтарын қосу және ажырату, оның жұмысын бақылау;

ожауларды құюға дайындау;

фурмдарды тазарту, вагран-пештерін тұтату;

шикіқұрамды вагранкаларға, индукциялық тигельді электр пештеріне тиеуге қатысу, оларды жөндеуге қатысу;

ожауларды, анодтарды, анодұстағыштарды (катодұстағыштарды), қалдықтар мен басқа да материалдарды тасымалдау;

құю ожауларын, анодтарды, құю үстелдерін, науаларды, дозалаушы шәшкелерді, форсункаларды, табандықтарды тазарту;

шойынды жармалау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаске жабдықтарының құрылымы;

пневматикалық құралды және катод өзегін, өртенділерді, анодұстағыштар ниппельдерді тазалау жөніндегі басқа да механизмдерді қолдану тәртібі;

астау блоктары мен анод ұстаушыларға қойылатын талаптар;

көтеру-тасымалдау жабдықтарын және жүк ұстау құрылғылардың пайдалану тәртібі;

шикіқұрам материалдарының номенклатурасы мен нысаны;

құю ожаулары мен ағынөзек тығындыларын жөндеуге арналған қоспаларды дайындау рецептура мен тәсілдері;

вагранканы жағу тәртібі, қабылданған шартты сигнализация.

 

 

2-параграф. Анодтарды құюшы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

набандық секцияларды, анодты ниппельді ұяларды балқытылған шойынмен құю;

aнод блоктарының (қапсырымдарын), катод өзектерін, анодұстағыштарды, катод ұстағыштарды, ниппельді саңылау ортасындағы аспалы шиноктарды орнату және ауытқытпалау;

пішіндік массаны дайындау және табандық секцияларды пішіндеу;

табандық массаны жылыту және табандық секцияларға потай тығындау;

құюға арналған шойынның температурасын бақылау;

құю ожауларындағы шойынды күкіртсіздендіру, қожды түсіру;

электр миксерге сұйық алюминий, өндіріс қайтармаларын тиеу;

алюминийді жылыту режимін таңдау және белгілеу;

миксерден балқытылған алюминийді шығару және оны анодқа тозаңдату;

анодқа аллюминий тозаңдату машинасын басқару және оған қызмет көрсету;

ниппельдерден шойын құймаларын түсіру және көмір өртенділерін, пресстердегі анодұстағыштарды бұзу;

престерге қызмет көрсету;

пештерді шикіқұрам материалдарымен толтыру.

  1. Білуге тиіс:

табандық массаның құрамы, табандық массаны жылытудың температуралық режимі;

табандық секцияларға потай тығындау тәртібі;

табандық секцияларды пішіндеу сапасына қойылатын талаптар;

анод шинкаларын құрастыру және бөлшектеу тәртібі;

вагранкаға және электр пештерге шикіқұрамды тиеу тәртібі;

табандық секциялар мен анодтарды шойынмен құю және дайындау технологиясы;

анодұстағыштар ниппельдерін графитациялау нысаны;

құюға арналған шойын температурасы;

бүрку үшін алюминий қыздыру режимі;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы;

күйдірілген анодтарды құю жөніндегі технологиялық желі схемасы.

 

 

3-параграф. Анодтарды құюшы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

вагранкаларда және индукциялық электр пештерде шойын балқыту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен жүргізу;

балқыту барысын берілген режим бойынша реттеу;

балқытылған шойын сынамасын алу;

дайын металды таратып құятын ожауға ағызу;

пешті қосу және тоқтату;

шикіқұрамды дайындау;

берілген шойын құрамын алу үшін шикіқұрам компоненттерінің сапасын бақылау;

жабдықтың және құралдың дұрыстығын қадағалау, оны ағымдық жөндеу;

табандық массаны жылыту, табандық секцияларға потай тығындау, жұмыс істеген анодтарды бұзу жөніндегі жұмысты басқару.

  1. Білуге тиіс:

вагранкалардың, тигельді индукциялық электр пештер мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтың, құрал мен құрылғылардың құрылымы, міндеті, пайдалану тәртібі;

шикіқұрам материалдары мен отынның сапасына қойылатын техникалық шарттар;

шикіқұрам мен шойынның құрамы;

балқытылатын шойынның қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;

пешті қосу және тоқтату тәртібі.

 

 

4-параграф. Анодтарды құюшы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

вагранкалар мен интрукциондық электр пештерде шойынды балқыту режимін таңдап және түзете отырып балқыту процесін жүргізу;

шойынды балқыту процесінің барысына қарай шикіқұрам толтыру;     табандық секциялар мен анодтарға балқытылған шойынды құю;

шикіқұрам есебі;

шойын құйылған «блок-стержень» контактілерінің электр қарсыласуын өлшеу;

анодтары құрастыру және бөлшектеу жөніндегі технологиялық желісінің қызмет көрсету учаскесі жабдықтарының жұмысын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

анодтары құрастыру және бөлшектеу жөніндегі технологиялық желісінің қызмет көрсету учаскесі жабдықтарының құрылымдық ерекшеліктері;

отынның химиялық құрамының балқыту тәсіліне және алынатын шойынның сапасына әсері;

шойын құйылған блоктардың электр қарсыласуына жол берулері.

 

 

5-параграф. Араластырушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

шикіқұрам мен байланыстырушы материалдарды берілген құрамға сәйкес араластыру машиналары мен жүгіртпелерде араластыру процесін жүргізу;

материалдарды ылғалдандыру, өлшеу және араластыру машиналары мен жүгіртпелерге тиеу;

дайын өнімді түсіру;

шикіқұрам мен байланыстырушы материалдардың араластыруға уақытында түсуін қадағалау;

араластырғыштардың, көлік-қоректендіру механизмдерінің жұмысы мен араластырылатын массаның температурасын реттеу;

араластырғыштың қабырғаларын тазалау және жабдықты майлау;

анод массасы дайындалатын технологиялық желідегі шикіқұрам мен байланыстырушы материалдарды дозалау процесін жүргізу;

тас көмір қожын дайындау;

біліктілігі анағұрлым жоғары араластырушының басшылығымен қож шылауын ұстау және тазарту жөніндегі агрегаттармен механизмдерді басқару;

көтеру-тасымалдау жабдықтарын басқару;

қызмет көрсететін жабдық пен авариялық аппаратура жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

араластыру машиналары мен жүгіртпелердің, көтеру-тасымалдау жабдықтарының құрылымы;

тас көмір қожы шылауын ұстау және тазарту жөніндегі агрегаттар мен механизмдердің әрекет ету принципі;

байланыстырушы материалдарды дайындау технологиясы;

берілген қосынды құрамының есептеу тәсілдері;

машиналар мен механизмдерді майлау жүйесі;

көтеру-тасымалдау жабдықтарын пайдалану тәртібі;

материалдардың електік құрамы;

араластыру ұзақтығы мен араластырылатын массаның температурасы.

 

 

6-параграф. Араластырушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары органикалық жылу жеткізуші қазандықтармен бір кешенде жұмыс істейтін араластыру қондырғыларын қамтитын анод массасы дайындалатын технологиялық желідегі шикіқұрам мен байланыстырушы материалдарды араластыру процесін біліктілігі анағұрлым жоғары араластырушының басшылығымен жүргізу;

жартылай автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған араластыру жабдығында, үздіксіз жұмыс істейтін реакторлық-араластыру жабдығында араластыру процесін жүргізу;

сыйымдылықтардағы шикіқұрам мен байланыстырушы материалдардың болуын бақылау, олардың араластыру жабдықтарына біркелкі түсуін, бақылау-өлшеу приборларын көрсеткіштерін қадағалау;

араластыру жабдықтарын, жоғары органикалық жылу жеткізуші қазандықтар мен тас көмір қожы шылауын ұстау және тазарту жөніндегі агрегаттармен механизмдерді басқару;

қож құбырларын, сыйымдылықтарды, араластыру қондырғыларын жылыту температурасын реттеу, оларды жөндеуге қатысу;

материалдардың, шикіқұрам мен жабдық жұмысы көрсеткіштерінің есебін жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

араластыру жабдықтарының, жоғары органикалық жылу жеткізуші қазандықтар мен тас көмір қожы шылауын ұстау және тазарту жөніндегі агрегаттар мен механизмдердің, дозалаушы құрылымдардың және үздіксіз жұмыс істейтін реакторлық-араластыру жабдығының басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы;

анод массасы дайындалатын технологиялық желідегі агрегаттарды және басқару және оның компоненттерін дозалау тәртібін және схемалары;

шикіқұрам құрамы;

жоғары органикалық жылу жеткізушінің физикалық-химиялық қасиеттері;

бақылау-өлшеу приборларын пайдалану нысаны мен тәртібі;

технологиялық процес параметрлерін реттеу тәртібі мен тәсілдері.

 

 

7-параграф. Араластырушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары органикалық жылу жеткізуші қазандықтармен бір кешенде жұмыс істейтін араластыру қондырғыларын қамтитын анод массасы дайындалатын технологиялық желідегі шикіқұрам мен байланыстырушы материалдарды араластыру процесін жүргізу;

технологиялық жұмыс режимінің сақталуын және желі жабдықтарының барлық кешенінің жай-күйін қадағалау;

анод массасы дайындаудың технологиялық режимі параметрлерін түзеу; дайын өнімнің сапасын тексеру;

тұтас желі жұмысын үйлестіру.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық желі агрегаттарының құрылымдық ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы;

технологиялық желіні және оның жекелеген тораптарын басқару схемалары;

технологиялық режим параметрлерін түзеу тәсілдері;

шикізаттың және дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар;

өндірістік-техникалық оқу бағдарламасы көлемінде физика мен химия негіздері;

желі жабдықтарының қалыпты жұмысының бұзылуы себептері және оларды жою мен жабдықты реттеу тәсілдері;

көп компонентті шикіқұрам дайындау технологиясы.

 

 

8-параграф. Балқытушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

құймақалып, қалыптарды, ожауларды, қож чушкелерін дайындау;

отқа төзімді материалдарды дайындау;

құймақалыптар мен қораптарды ілмектеу;

пештерді қолмен немесе кранның көмегімен толтыру;

пештің шұңқырынан қожды және зумпфтан кесектерді алу;

құймақалыптардан құйылған чушкелерді алу және оларды орналастыру;

шұңқырды сумен толтыру;

тиеу және қож терезелерін, табалдырықтарды тазартуға қатысу;

науалар мен ожаулардың кебуін қадағалау;

балшық тығындарды әзірлеу;

ожауларды, науалар мен балқытуға қажетті басқа да көмекші материалдарды майлауға арналған тығындарды қоймалау;

жұмыс орнын жинастыру;

тығындарды зертхана жағдайында балқытуға дайындау: өлшеу, кептіру, магнитсіздендіру;

біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен анағұрлым күрделі жұмыстарды орындау.

  1. Білуге тиіс:

көмекші жабдықтардың, құрылғылардың сыныптамасын, құрылымын және олардың қолдану нысаны;

отқа төзімді массаның құрылымы мен қасиеттері;

көтеру-тасымалдау жабдығымен ілмектеу және тасымалдау тәртібі;

орнатылған сигнализация;

пештер мен горндарды тазарту тәсілдері;

тығындарды зертхана жағдайында балқытуға дайындау, өлшеу, кептіру, магнитсіздендіру тәртібі.

 

 

9-параграф. Балқытушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдар мен құймаларды балқытуға, қайта балқытуға, тазарту және алюминий ұнтағын пульверизациялау процесіне қатысу;

металды, қожды, штейнді шығару;

шығармалы саңылауларды, қож терезелерін, табалдырықтарды, науаларды тығындау;

ағынөзектерді бөлшектеу және бітеу;

шпур плитасын, тұндырғышты, құймақалыпты ауыстыру, электродтарды қайта жіберу;                                                                                 

металды құю;

біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен лигатура мен баббитті дайындау;

материалдарды дозалау және толтыру;

қожды жармалау және тасымалдау;

құю кезінде металл бетінен қышқылды қабатты алу;

чушкелерді сумен немесе арнаулы ерітіндімен жуу;

пештерді қақтан тазарту;

тығын дайындау;

құймақалыптың, ожаулар мен науалардың жұмысқа жарамдылығын анықтау, кептіру, жылыту және тазалау;

пульверизациялық форсункаларды орнату, алу және жөндеу;

пульверизатты түсіру және таралау;

металды өлшеу және тасымалдау;

қож табалдырығын басқару;

аналитикалық талдау үшін сынамаларды зертхана жағдайында балқыту;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пештердің, тиеу-түсіру механизмдері мен басқа да жабдықтардың құрылымы, олардың қолданылу нысаны туралы негізгі деректер;

қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процессі;

қолданылатын шикізаттың, материалдардың қасиеттері;

балқыту процесіндегі металдың қышқылдану процесі;

шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу құралдарын, құрылғылар мен жабдықтарды пайдалану тәртібі.

  1. Жұмыс үлгілері:

1) агломерат, кен, концентарттар, тұздар, шлам, никель, никель балқыламалары, күкіртті натрий, кремний, сүрме, қымбат металдары бар шикізат – балқыту процесіне қатысу;

2) алюминий, қалайы, қорғасын, цинк, алтын – тигельдерде, қазандарда, горндарда балқыту процесін жүргізу;

3) чушкалық алюминий, силумин – таратып құю конвейерімен құймақалыптарға құю;

4) анодтар мен вайербарстар - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басқаруымен сыйымдылығы 200 тоннаға дейінгі пештерде алу;

5) кадмий – балқытуға дайындау, жуу, брикеттеу, құю, чушкелерді тазалау, кептіру;

6) кальций карбиді, құйылған вольфрам карбиді - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басқаруымен балқыту процесін жүргізу;

7) мыс купоросы өндірісіне арналған мыс – балқыту және түйіршіктеу процесіне қатысу;

8) түсті металдар мен олардың құймалары - қазандарда ликвациялау тәсілімен тазарту процесін жүргізу, біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басқаруымен сыйымдылығы 400 килограмға дейінгі жоғары жиіліктегі пештерде балқыту процесін жүргізу;

9) күмісті, цинкті көбік – дистилляция процесін жүргізу;

10) сілті балқымалары – түйіршіктеу процесін жүргізу;

11) қорғасын және дросстар – көбікті дистилляциялау кезінде реторттан ожауларға ағызу;

12) кремний-алюминий, кремний-мыс, алюминий-магний балқымалары – алу процесіне қатысу;

13) метал хром, қатты балқымалар өндірісінің қалдығы, хлорлы кальций, цинк елендісі - балқыту процесін жүргізу;

14) катодты цинк - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басқаруымен қайта балқыту және құю процесін жүргізу;

15) чушкелі цинк - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен дистилляция процесін жүргізу.

 

 

10-параграф. Балқытушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдар мен құймаларды балқыту, қайта балқыту, тазарту, алюминий ұнтағын, кен құймаларын, агломерат, өртенді, концентрат алу үшін алюминийді пульверизациялау процесін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен пештерге, шығармалы саңылауларға қызмет көрсету;

материалдарды балқытуға дайындау;

берілген құрам бойынша шикіқұрамды құрастыру;

шикіқұрамды, флюсті және басқа да материалдарды пешке, қоректендіргіштерге беру және тиеу;

металл, қож, штейн шығару және құю;

көмекші жабдыққа қызмет көрсету;

фурмалар мен ағындарды қарау және тазалау, олардың жұмысын, үрлеу режимін, пештердегі қож мен металдың деңгейін бақылау;

ағынөзектерді бөлшектеу және бітеу;

металл мен қождың дайындығын анықтау;

электр пештерінің электродтары жағдайларын, жану процесінің температурасы мен қарқынын, кессондарға судың түсуін реттеу;

қождың шығатыны туралы белгі беру;

пештер мен фурмдардың шығармалы саңлауларын ашу және жабу;

ауаның шығуын жою;

сынамаларды іріктеу;

зертхана жағдайында тробаны балқыту, шерберлеу және купеляциялау;

лигатура мен баббитті дайындау;

металл мен қожды түйіршіктеу;

құламаларды, қабырғаларды, табалдырықтарды, науаларды, қож терезелерін және шығару тесіктерін толтыру;

электр пештерінде балқыту кезінде электродтарды ұзарту және ауыстыру;

анодтарды қож қосындыларынан тазарту және оларды электролиз бөлімшесіне жіберу;

сұйық қара металды қабылдау және тазартылған металды шығару үшін науаларды дайындау, футерлеу;

дайын өнім партиясын құрастыру.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін балқыту пештерін, тиеу-түсіру механизмдері мен басқа да жабдықтардың құрылымы;

ауа, газ, бу, су және басқа да коммуникациялар схемалары;

химия негіздері;

балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттері;

пештің қалыпты жұмыс белгілері;

балқыту өнімдерінің шығатын уақытын айқындаушы белгілерді, кессондарды суыту режимдері;

балқыту өнімдеріндегі металды алуға және ұстауға әсер етуші факторларды және метал мен құймалардың шығымы;

пеш табынының құрамын және оны жөндеу ерекшеліктері;

пешті жөндеу технологиясын жүргізу;

дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

балқытылатын метал мен құйма маркалары.

  1. Жұмыс үлгілері:

1) алюминий, никель, цинк, қалайы –пештердегі және электр пештердегі қайта балқыту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

2) анодтар мен вайербарстар - сыйымдылығы 200 тоннадан жоғары пештерде алу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

3) қола, латунь, алюминий және магний негіздердегі құймалар, қорғасынды және қалайы негіздегі сүрмелі құймалар - тигельдерде, қазандарда, горндарда балқыту процесін жүргізу;

4) дросстар – тартып, жуып, кептіре отырып қайта балқыту;

5) катодты және цементтелген қадмий, кальций карбиді, құйылға, вольфрам карбиді, шламдар - балқыту процесін жүргізу;

6) сусыздандырылған карналлит, натрий, сормайт, шикіқұрам, кремний, кремне-алюминий, кремне-мыс, алюминий-магний құймалар, титанды қож - балқыту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

7) конденсирленген магний кристалы – балқыту процесіне қатысу;

8) магний, титан, ауыр түсті металдар мен олардың балқымалары - балқыту және тазарту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

9) мыс - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен ұнтақтау және штейнді немесе қожды (мыс купоросы өндірісінде) балқыту процесін жүргізу қышқылдандыру және қалпына келтіру процестерін жүргізу;

10) жеңіл түсті металдар мен олардың құймалары - пештер мен электр пештерде балқыту және тазарту процесін жүргізу;

11) түсті металдар мен олардың құймалары - бір фазалы индукциялық пеште, мыс-күкірт өндірі шахталық пештерінде, электр доғалы пештерде, сым дайындау кезінде электрпештерінде, сыйымдылығы 400 килограмға дейін жиіліктегі пештерінде балқыту процесін жүргізу, көлемі 5 тоннаға дейінгі миксерден металл құю;

12) түсті металдар мен олардың құймалары - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен мыс-күкірт өндірісі шахталық пештерінде, қуаты 800 киловатқа дейінгі үш фазалы индукциялық пештерде, екі фазалы пештерде, екі бір фазалы пеште, жартылай үздіксіз, үздіксіз және ағынсыз әдіспен тигельді құйылатын бір фазалы пештерде, 400 килограмнан асатын жоғары жиіліктегі пештерінде, көлемі 5 тоннадан асатын миксерден металл құю кезінде балқыту және таратып құю процесін жүргізу;

13) вольфрам, молибден, кобальт қышқылы - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен плазмалы пештерде қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

14) қара қалайы - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен отпен тазарту және металл шығару процесін жүргізу;

15) цинк тозаңы - қармағыштардан шығару;

16) ванадий бесқышқылы – сыйымдылығы 2 тоннаға дейінгі пештерде балқыту және ванадий бесқышқылының балқытылған түйіршектеу процесін жүргізу;

17) кен, агломерат, өртенді, концентраттар - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен шахталық пештерде, қуаты 5000 киловатқа дейінгі электр пештерінде балқыту процесін жүргізу;

18) қорғасын - вагранкаларда балқыту процесін жүргізу қазандар мен пештерде біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен тазарту процесін жүргізу;

19) бағалы металдарға бай қорғасын – кыпеляция процесін жүргізу;

20) сүрме - қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

21) алюминий құймалары – вакуумді-дистилляциялық пештерде тазарту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

22) қорғасын-күміс қорытпалары – электролизге анод алу;

23) қорғасын-кадмий- натрий, магний қорытпалары – дайындау;

24) отқа төзімді шикізат – электр доғалы пештерде біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен балқыту;

25) құрамында бағалы металдар, таза бағалы металдары бар шикізат, жартылай фабрикаттар, концентраттар, шламдар - балқыту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

26) титан және оның қорытпалары – сұйық металл 100 килограмға дейінгі вакуумды-доғары пештерде, қуаты 300 киловатқа дейінгі плазмалы- доғалы пештерде балқыту процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

27) цинк- пештер мен қазандарда тазарту және пештерде дистилляциялау процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

28) цинк катодты – қайта балқыту және бөліп құю процесін жүргізу;

29) шахталық қорытпаның қорғасынды қожы – фьюмингілеу процесін жүргізуге қатысу;

30) шликерлер, съемдар, қождар, сілті қорытпалары, айналымды материалдары мен басқа да қалдықтар - шихталау және қайта балқыту, пусьерді түсіру.

 

 

11-параграф. Балқытушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпаларды балқыту, қайта балқыту, тазарту, дисперсті алюминий ұнтақтарын және олардың негізіндегі титан, магний, мырыш қоспалары бар қорытпаларды және басқа да металдарды алу үшін инертті ортада алюминийді пульверизациялау процестерін жүргізу;

кенді, агломератты, концентратты және өртендіні балқыту процесін жүргізу;

конвертерлік сұйық қожды қабылдау;

пешті балқытуға дайындау;

пешті жүргізу және тоқсату;

металды балқыту, қайта балқыту және тазартудың технологиялық процестерін жүргізудің ұтымды режимін қамтамасыз ету;

балқыту өнімдерінің, отқа төзімді материалдардың сапасын, жекелеген операциялардың өндіріс уақытын анықтау;

металл шығару кезінде пештерге және шығармалы саңлауларға қызмет көрсету, олардың жай-күйін, сифондарды, фурмдарды, кессондарды, науалар мен басқа да жабдықтарды қадағалау;

штейнді және ұнтақтау арналарын ауыстыру, ванналарды қақ құрылымынан жуу;

сифондарды майлау;

сифондағы, тұндырғыштағы өнімннің биіктігін реттеу;

ниппельдерді престеу, форсункаларды құрастыру;

пешті буландырып суыту қондырғыларына қызмет көрсету;

сифонды бөлікті тазалау және шликерлерді түсіру;

құрамында никель сульфиді мен мыс, темір бар күрделі кен сынамаларын жауапты балқыма кезінде балқыту.

  1. Білуге тиіс:

түрлі үлгідегі және құрылымдағы балқыту пештерінің құрылымы;

электр энергиясын жеткізу құрылғысы мен схемасы;

шикқұрам құрылымы;

шикіқұрам, флюстер мен балқыма өнімдерінің құрамына қойылатын талаптар;

жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері;

пешті қосу және тоқтату тәртібі;

талдау деректерін пайдалану тәртібі;

қара металдағы қосындылардың мазмұны, процесте қолданылатын химикаттардың рөлі, оларды енгізу тәсілдері мен шығыс нормалары;

тазартылған металға арналған кондиция;

металдың белгіленген шығымы;

отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері;

шикіқұрамды пешке тиеу кестесі;

өндірістік процестің температуралық режимі;

өнім брагінің алдын алу тәсілдері;

жол берілетін метал шығындары және оларды азайту жолдары;

металдар мен қорытпалардың химиялық және құрылымдық құрамы;

химия, физика, вакуумді техника мен электротехника негіздері.

  1. Жұмыс үлгілері:

1) алюминий, цинк, никель, қалайы - шағылма пештер мен электр пештерде қайта балқыту процесін жүргізу;

2) алонж, конденсатор, реторт – ақаулыққа шығару;

3) анодтар мен вайербарстар – сыйымдылығы 200 тоннаға дейінгі пештерде алу процесін жүргізу;

4) висмут - қазандарда тазарту және пештерде дистилляциялау процесін жүргізу;

5) никель қышқылы, кобальттік қышқыл-сілтісі – қалпына келтіру және тазарту балқыма процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

6) сусыздандырылған карналлит, күкіртті натрий, сормайт, шикіқұрам, кремний, кремний-алюминий, кремний-мыс, алюминий-магний қорытпалары, титанды өртенді - балқыту процесін жүргізу;

7) кобальт, қалайы, мыс, никель, конденсатты магний кристаллдары - біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен балқыту процесін жүргізу;

8) магний, титан, ауыр түсті металдар мен олардың қорытпалары – балқыту және тазарту процестерін жүргізу;

9) мыс купоросын өндіруге арналған мыс ұнтақтау процесін жүргізу және штейн немесе қож шығару;

10) түсті металдар мен олардың қорытпалары – мыс-күкірт өндірісінің шахталық пештерінде, қуаты 800 киловатқа дейінгі үш фазалық электр индукциялық пештерде, екі бір фазалық пештерде, тигель арқылы жартылай үздіксіз, үздіксіз және ағынсыз бір фазалық құйып тарату пештерінде, сыйымдылығы 400 килограмнан астам жоғары жиіліктегі электр пештерде, вакуумды пештерде, көлемі 5 тоннадан астам миксерден металл құю кезінде балқыту және таратып құю процестерін жүргізу;

11) түсті металдар мен олардың қорытпалары - қуаты 800 киловаттан асатын үш фазалық электр индукциялық пештерде біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен балқыту процесін жүргізу;

12) никель және никельді қорытпалар, бериллий және телефондық броня – бір фазалы электр пештерде, тигельдерде, қазандар мен горндарда балқыту процесін жүргізу;

13) вольфрам, молибден, кобальт қышқылдары - плазмалы пештерде қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

14) қара қалайы - отпен тазарту процесін жүргізу;

15) ванадий бес қышқылы - сыйымдылығы 2 тоннадан асатын пештерде балқыту және балқытылған ванадий бесқышқылын түйіршіктеу процесін жүргізу;

16) кен, агломерат, концентраттар, тұқылдар - шахталық пештерде, қуаты 5000 киловатқа дейінгі электр пештерде балқыту процесін жүргізу, қуаты 5000 киловаттан асатын электр пештерде біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен балқыту процесін жүргізу;

17) қорғасын – қазандарда немесе пештерде тазарту және таратып құю процесін жүргізу;

18) қорғасын, қорғасынды материалдар – шахталық пештерде біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

19) алюминий қорытпалары – вакуумды-дистиляциялау индукциялық пештерінде тазарту процесін жүргізу;

20) бағалы металдар қорытпалары – дистиляциялау және купеляциялау процесін жүргізу;

21) отқа төзімді шикізат – электр доғалы пештерде балқыту процесін жүргізу;

22) құрамында бағалы металдар, таза бағалы металдары бар шикізат, жартылай фабрикаттар, концентраттар, шламдар - балқыту процесін жүргізу;

23) сүрме – пештер мен горндарда тазарту процесін жүргізу;

24) титан және оның қорытпалары – сұйық металл 100 килограмға дейінгі вакуумды-доғалы пештерде, қуаты 300 килловатқа дейінгі плазмалы- доғалы пештерде, сұйық метал көлемі 100 килограмнан асатын вакуумді-доғалы пештерде, қуаты 300 киловаттан асатын плазмалы-доғалы пештерде балқыту процесін, біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

25) цинк - пештер мен қазандарда тазарту және тік ретортты дистиляциялау пештерінде дистилляциялау процестерін жүргізу;

26) катодты цинк – балқыту процесін жүргізу;

27) шахталық балқытудағы қорғасын қожы - флюмингілеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жүргізу;

28) шламдар - тазарту процесін жүргізу.

 

 

12-параграф. Балқытушы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

кен, агломерат, концентраттар, тұқылдарды қуаты 5000 киловаттан асатын электр пештерде, түсті металдар мен қорытпаларын қуаты 800 киловаттан асатын үш фазалы электр пештерде балқыту процесін жүргізу;

қуаты 2000 киловат және одан да жоғары электр пештерде қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

полиметалл кенін, концентратты, мыс-күкірт кенін, бес және одан да көп компоненті бар агломератты балқыту процесін жүргізу;

сферикалық микроұнтақ алу үшін арнаулы алюминий қондырғыларында балқыту және пульверизациялау процестерін жүргізу;

пештерді және көмекші жабдықтарды басқару;

пештің дұрыс толтырылуын тексеру;

пештің жұмыс кестесін бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштері мен талдау деректері бойынша реттеу, флюс пен қайталама материалдарды қоса отырып балқыту процесін түзету;

қорытпаның дайындығын анықтау;

қара металл шығару;

келесі ауысымның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.

  1. Білуге тиіс:

түрлі үлгідегі және құрылымдағы балқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктері;

ауа құбырларының, газ жолдарының, электрмен қамтамасыз ету, циркуляция жүйесінің схемалары;

технологиялық процестің барысына, пештердің өнімділігі мен алынатын метал сапасына әсер ететін факторлар;

жоспарлы және нақты металл шығымы;

шикізаттағы және балқыту өнімдеріндегі металдың болуын анықтау тәсілдері;

металлургия, жылу техникасы мен электр техникасы негіздері;

балқытудың ұтымды режиміне қол жеткізу әдістері.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.
  2. Жұмыс үлгілері:

1) анодтар мен вайербарстар - сыйымдылығы 200 тоннадан астам пештерде алу процесін жүргізу;

2) никель қышқылы, кобальттік қышқыл-сілтісі – қалпына келтіру және тазарту балқыту процестерін жүргізу;

3) кобальт, қалайы, мыс, никель, конденсатты магний кристаллдары - балқыту процесін жүргізу; электродтарды ұзарту, қайта түсіру және ауыстыру;

4) кремний, қорғасын, қорғасынды материалдар - қалпына келтіріп балқыту процесін жүргізу;

5) бағалы таза металлдар - жауапты балқыту және қождан металл алуға дейінгі балқыма процестерді жүргізу;

6) титан және құймалары - сұйық металл көлемі 100 килограмнан асатын вакуумді-доғалы пештерде, қуаты 300 киловаттан асатын плазмалық-доғалы пештерде балқыту процесін жүргізу;

7) цинк - пештер мен қазандарда тазарту және көлбеу ретортты дистиляциялау пештерінде дистилляциялау процестерін қуалау тәсілімен жүргізу;

8) шахталық балқытудағы қорғасын қожы-флюмингілеу процесін жүргізу.

 

 

13-параграф. Ванна жөндейтін шегендеуші – қышқақшы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

табандық массаны дайындау үшін материалдарды ұсақтау;

табандық массаны табаларға толтыру және оны электр пештерде немесе ысыту шкафтарында ысыту;

табаларды дацын массамен түсіріп алу және тасымалдау;

пештерге, шкафтарға, көлік құралдарына қызмет көрсету;

гипс ерітінділерін дайындау;

электролиз ванналарын табанды қағудан бұрын сумен толтыру;

ваннаның кірпіш қаламасын бөлшектеу, кірпіштерді сұрыптау;

шегенді гипс ерітіндісімен толтыру.

  1. Білуге тиіс:

табандық массаның сапасына қойылатын талаптар;

массаны ысыту температурасы;

гипс ерітіндісін дайындау тәсілдерін және оның сапасына қойылатын талаптар.

 

 

14-параграф. Ванна жөндейтін шегендеуші – қышқақшы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары шегендеушінің басшылығымен электролиз ваннасының көмір жастықшасын қыздырылған табандық массамен машинамен толтыру, оны нығыздау, ваннаның тұғырын қағу;

табандық массаны араластыру барабанына толтыру;

барабандағы табандық массаны ысыту;

ысытылған табандық массаның температурасын өлшеу;

табандық массасы бар барабанды ілмектеу, аспалы кранмен электролиз ваннаға жеткізу және массаны түсіріп алу;

цокольді және табандық секцияларды ваннада ысыту;

ваннаның корпусын жылумен орау;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;

қағылған табанды үймежалға тасымалдау;

  1. Білуге тиіс:

отқа төзімді материалдар мен ерітінділердің түрлері мен нысаны;

табандық массаның құрамы;

отқа төзімделердің сапасына қойылатын негізгі талаптар;

пневматикалық құралды, ауыспалы араластыру машинасын, басқа құрылғылар мен жабдықтарды пайдалану тәртібі.

 

 

15-параграф. Ванна жөндейтін шегендеуші – қышқақшы, 4-разряд

 

  1. 237. Жұмыс сипаттамасы:

электролиз ваннасының табанын қағып алу;

катод стерженьдерін алып шығу;

ванна жастықшасын ысытылған табандық массамен машинамен толтыру және оны нығыздау;

табан секцияларын орнату және ванна табанын табандық массамен біліктілігі анағұрлым жоғары шегендеушінің басшылығымен толтыру;

ваннаның цоколь қабатын құрғақтай және ерітіндімен 2 миллиметр және одан артық жиекпен қалау;

кірпішті құрылымдық және жетілдіріп қашау.

  1. Білуге тиіс:

электролиз ванналарын жылыту және толтыру алдында нығыздау температурасы;

отқа төзімді материалдардың қасиеттері.

 

 

16-параграф. Ванна жөндейтін шегендеуші – қышқақшы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

табан секцияларын іріктеу және орнату;

ванна табанын табандық массамен машинамен немесе нығыздаумен толтыру;

жиекті шамот кірпіштен 2 миллиметрден аспайтын жиекпен, ал катод стерженьдеріне түйіскен жерлерде қалау және 1 миллиметрден аспайтын жиекпен арнаулы шамот ерітіндісімен, кірпішті құрылымдық және жетілдіріп қаша отырып қалау;

ваннаны блоктар бір қатар қаланған кезде бүйірлік бұрышты блоктармен 1 миллиметрден аспайтын жиекпен, ал екі қатар қаланған кезде 0,5 миллиметрден аспайтын жиекпен біліктілігі анағұрлым жоғары шегендеушінің басшылығымен шегендеу;

блоктарды жетілдіре отырып қашау;

бүйір блоктардың жартылай шеңберлі құлыпты паздарын толтыру.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын отқа төзімді материалдардың техникалық жағдайлары;

орындалатын жұмысқа рұқсаты;

табандықты толтыру кезіндегі табандық масссаны дозалау нормалары;

толтыруға арналған ваннаны жылыту температурасы;

ақаулардың себептері және оның алдын алу және жою тәсілдері.

 

 

17-параграф. Ванна жөндейтін шегендеуші – қышқақшы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ваннаны блоктар бір қатар қаланған кезде бүйірлік бұрышты блоктармен 1 миллиметрден аспайтын жиекпен, ал екі қатар қаланған кезде 0,5 миллиметрден аспайтын жиекпен бүйірлік бұрышты доктармен шегендеу;

бүйірлі, құлыпты блоктарды құрылымдық және жетілдіріп қашау;

шамот және магнезитті кірпіштен 0,5 миллиметрден кем емес жиекпен, жетілдіріп және қашай отырып қалау.

  1. Білуге тиіс:

бүйірлік бұрышты блоктардың техникалық жағдайлары;

электролиз ваннасын бұрышты блоктармен шегендеу және жылумен оқшаулаушы материалдармен жабуды;

ваннаны шегендеу және толтыру кезінде қолданылатын құралдар мен жабдық түрлері.

 

 

18-параграф. Ванналарды жөндейтін монтажшы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ванна жабдықтары мен құрылымдарын бөлшектеу және монтаждау кезіндегі қарапайым жұмыстарды орындау;

жабдықтың бөлшектерін тазалау және жуу;

болттар мен гайкалардағы бұрандаларды жетілдіру.

  1. Білуге тиіс:

бөлшектерді тазалау және жуу тәсілдері;

қарапайым такелаж құрылғыларынын түрлері және қолдану тәсілдері.

 

 

19-параграф. Ванналарды жөндейтін монтажшы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

алюминий, магний, титан және басқа сирек металды электролиздеуге арналған ванна жабдықтары мен құрылымдарын бөлшектеу және монтаждау кезіндегі қарапайым жұмыстарды орындау;

горелкалар мен газжинақты алу;

электр оқшаулағыш төсемдерді шаблон бойынша жасау;

массасы 40 тоннаға дейінгі ваннаның перделік жабындарын бөлшектеуге және анод құрылғысын монтаждауға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

анод құрылғысын бөлшектеу және монтаждау жөніндегі жұмысты орындау тәсілдері;

қарапайым такелаж құралдарының құрылымы және оларды пайдалану тәртібі.

 

 

20-параграф. Ванналарды жөндейтін монтажшы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

алюминий, магний, титан және басқа сирек металды электролиздеуге арналған ванна жабдықтары мен құрылымдарын бөлшектеу және монтаждау кезіндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындау;

катодты және анодты түсірімдерді цехтағы шиналауға қосу және ажырату;

анодты көтеру механизмін бөлшектеу;

жалпы цехтағы шиновканы жөндеуге қатысу;

перделік жабындарын бөлшектеу және монтаждау;

металды оттегімен кесу;

көміртегі болаттан жасалған құрылымдарды төмендегі жағдайда қолмен кесу;

бүркенішті жөндеуге арналған бөлшектерді жасау;

электролизер ваннасының бұрыштарына электр оқшаулағышты орнату және бекіту;

массасы 40 тоннаға дейінгі ваннаның анод құрылғысы алаңдарын бөлшектеу және монтаждау, массасы 40 тоннадан жоғары ваннаның анод құрылғысы алаңдарын бөлшектеуге және монтаждауға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

болаттың негізгі қасиеттері;

құрылымдар мен жабдықтарды құрастыру, іргетас габариттері мен жабдықты тексеру тәсілдері;

электр оқшаулау нысаны;

көміртекті болатты дәнекерлеудің ерекшелігі мен қасиеттері;

жиектерді дәнекерлеуге дайындауға қойылатын талаптар;

токты берілген режимге реттеу әдістері;

металды оттегімен кесу тәртібі;

оттегімен кесу аппаратының құрылымы.

 

 

21-параграф. Ванналарды жөндейтін монтажшы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

алюминий, магний, титан және басқа сирек металды электролиздеуге арналған ванна жабдықтары мен құрылымдарын бөлшектеу және монтаждау кезіндегі күрделі жұмыстарды орындау;

редукторлар мен электр қозғағыштарды орталандырумен аноды көтеру механизмдерін монтаждау;

массасы 40 тоннадан жоғары ваннаның анод құрылғысын бөлшектеу және монтаждау;

футерленген бүркеніш катодын массасы 100 тоннадан жоғары ірі блоктармен бөлшектеуге және монтаждауға қатысу;

магнитті өріс болған кезде болатты тік және көлбеу жағдайда пісіру;

көтеру механизмдерінің бөлшектері мен тораптарын жөндеп және жетілдіре отырып ауыстыру.

  1. 250. Білуге тиіс:

монтаж осьтерін белгілеу және ауыстыру тәсілдері;

іргетасты монтаждауға, ванналар мен механизмдерді орнату орындарын тексеру және қабылдау тәртібі;

электр лизерлердің көтеру механизмдерінің тростарын жымдастыру тәсілдері;

монтаждалатын жабдықты орталандыру, тексеру және реттеу тәсілдері;

катодтар мен анодтар жиынында бөлшектеу және монтаждау үшін траверсті қолдану тәсілдері.

 

 

22-параграф. Ванналарды жөндейтін монтажшы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

алюминий, магний, титан және басқа сирек металды электролиздеуге арналған ванна жабдықтары мен құрылымдарын бөлшектеу және монтаждау кезіндегі аса күрделі жұмыстарды орындау;

футерленген бүркеніш катодын массасы 100 тоннадан жоғары ірі блоктармен бөлшектеу және монтаждау;

болатты төбедегі жағдайда пісіру және түсті металдарды: мыс-болатты, мыс-алюминийді, алюминий-алюминийді пісіру.

  1. Білуге тиіс:

электротехника мен механика негіздері;

механизмдерді сынамалау және реттеу тәртібі;

түсті металды пісіру ерекшеліктері;

газды ортада пісіру тәртібі;

электролиз ванналары тораптарын монтаждауға қойылатын техникалық талаптар.

 

 

23-параграф. Елеуіш қондырғыларының машинисі, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды елеу және араластыру кезінде механикалық, барабанды, дірілдегіш електерді, магнитті сепараторларды, қоректендіргіштерді және көмекші механизмдер мен құрылғыларды басқару;

материалдардың біркелкі түсуін және олардың сұрыптау бункерлеріне берілуін қадағалау;

материалдарды көсеу және олардан бөгде қосындыларды алу;

материалдарды фракциялар бойынша өлшеу мен елеу;

талдау үшін сынама алу;

еленділерді жинау;

ірі кесектерді іріктеу және ұсату;

торларды орнату, тазалау және ауыстыру;

тараны дайындау және оларға еленген материалды тиеу;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

  1. 254. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың түрлері мен құрылымы;

елеуге келіп түсетін материалдардың түрлерін, олардың сұрыптау бункерінде орналасуы;

електің көлемі мен тор сұрпы;

елек сапасына қойылатын техникалық шарттар.

 

 

24-параграф. Жармалау-тарту-сұрыптау механизмдерінің машинисі,

3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жармалау-тарту агрегаттары (жармалаушы, диірмен), сепараторлар, жабылдар, араластырғыштар, брикеттеу пресі, тасымалдау-қоректендіру механизмдері, желдеткіш қондырғылары кешенін басқару;

шикізат пен материалдарды (окалин, кен, термитті әк, ағаш көмірі, күйе, слюда, асбест және тағы басқа) қабылдау, дайындау және оларды бункерлер бойынша таратып бөлу, олардың қалыпты толтырылуын қамтамасыз ету;

материалдардың агрегаттармен механизмдерге берілуін реттеу;

шикіқұрам материалдарды бөгде қосындылардан тазарту;

жабдықтың жұмыс көрсеткіштері мен шикізат, материал мен шикіқұрам есебін жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы;

электр қозғағыштарды қосу мен ажырату тәртібін және жабдықты қосу мен тоқтату тәртібі;

материалдардың жылжу схемалары;

шикізат, материал мен шикіқұрам сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптары;

байытудың және қалпына келтіру үшін дайындаудың технологиялық процесі негіздері;

жабдықтың шекті жүктемесі;

автоматтандыру, блокировка және сигнализация схемасы;

жабдықты майлау жүйесі.

слесарьлық іс.

Жекелеген механизмдердегі жұмыс істеу кезінде – 2-разряд.

Дайындау, байыту және слюда-іріктеу машиналарына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.

 

 

25-параграф. Қайта жасау станциясын басқару қалқанының (пультінің) операторы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

электролиз және кәсіпорынның басқа да цехтарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық кремний-сынап агрегаттары мен қуаты 10 мың киловатқа дейінгі басқа да қайта құрылымдау шағын станцияларын басқару пультінен басқару;

жоғары вольтті аппараттарды коммутациялық қайта қосу, жекелеген агрегаттарды немесе жабдықты түгел бір мезгілде қосу және ажырату;

бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштерін, жұмыс істеп тұрған агрегаттардың температуралық режимін, кернеу мен шағын станция жабдығының жұмысын қадағалау;

токтың бөлінуі мен кернеудің төмендеу шамасына өлшеу жүргізу;

жедел құжаттаманы жүргізу;

жабдықты жөндеу жұмысына қатысу.

  1. Білуге тиіс:

шағын станцияның басты тізбегінің электр схемасы;

басқару, қорғаныс, тұрақты ток схемалары;

басқару пультінің және бақылау-өлшеу приборларының құрылымы;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс режимі;

коммутациялық жабдықтың және трансформаторлардың түзеткіштері құрылымы;

электротехника негіздері;

қызмет көрсететін шағын станцияның сумен қамтамасыз ету, желдету, жылу және жарық беру схемалары;

электр қондырғыларында жұмысты қауіпсіз ұйымдастырудың тәртібін және жұмыс істеп тұрған электр жабдығын қадағалау.

Қуаты 10 мың киловаттан жоғары қайта құру шағын станцияларына және тиристорлы агрегаттарға қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.

Электролиздік және басқа да цехтардың түрлі корпустарнда орналасқан басқару щитінің (пультінің) жұмысын үйлестіру және басқару кезінде - 5-разряд.

 

 

26-параграф. Қалдықтарды байытушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қоқыстар мен шлакты тұндыру үстелдерінде, сыныптауыштарда және басқа да сумен байыту жабдығында байыту процесін жүргізу;

қалдықтарды байыту жабдығына толтыру;

су мен қалдықтың берілуін реттеу;

байытудың түрлі сатысында сынама алу;

бөгде заттарды алып тастау;

байытылған материалды тарсылдату және ұнтақтау;

байыту жабдығы мен транспортерлерге қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен жою, жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін байыту жабдығының жұмыс істеу принципі;

байытуға жататын қалдықтардың сипаттамасы;

қалдықтарды байыту технологиясы;

транспортерлердің сыныптамасы;

байытылған қалдық сапасына қойылатын талаптар.

 

 

27-параграф. Өнімді тазалаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған жолақтарды, жапырақтарды, құбырлар мен басқа да бұйымдарды оларды айналмалы киіз және кард шеткелерде және қолмен улаудан, қалайылаудан, ыспалағаннан, жылтыратқаннан, өңдегеннен, қалпына келтіргеннен және басқа да жұмыстардан кейін тазалау, жуу және сүрту;

метал бетіндегі қақтарды, кедір-бұдырларды, қышқыл мен сілтінің қалдықтарын майлау материалдармен жуу заттарын қолдана отырып кетіру, қиіз айналмаларды ауыстыру, май лау, түзеу;

метал тозаңының қалдығын жинау;

тазартылған металды қоймалау;

өңделген өнімді сұрыптау және таңбалау, орау және тасымалдау;

ілмектеу және такелаж жұмыстарын орындау;

қызмет көрсететін жабдық пен құрылғылардың ақауларын анықтау және жою.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдық пен құрылғылардың құрылымы туралы негізгі ұғымдар;

метал мен бұйым бетінің сапасына қойылатын талаптар;

ақауларды кетіру тәсілдері;

өңделетін металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері;

дайын өнімді қоймалау және сақтаудың тәртібі мен тәртібі.

 

 

28-параграф. Өнімді тазалаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

құймалардың, чушкелердің, дайындамалардың, болттардың, құбырлардың, катод стержендерінің, анод сыналарының және басқа да бұйымдардың бетіндегі қабыршықтарды, көбіктерді, бүршіктер мен басқа да ақауларды мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттраға сәйкес пневматикалық кескімен, қолмен кесу және металл щеткамен тазалау;

           магний қорытпаларынан жасалған табақтарды тазалау;

сынадан купоросты, катод стержендерінен – шойынды, анодұстағыш пен катодұстағыш ниппельдерінен – анод өртендісі мен шойынды, ұара конвертер мыстан, кремний мен басқа да өнімнен – қожды қағыт түсіру;

бағалы металдардың жоңқасын өңдеу;

вайербарстарды түзеу;

құралды қайрау, майлау және ауыстыру;

өңделген өнімді сұрыптау және таңбалануына сәйкес қоймалау;

құрылғылар мен механизмдерді басқару.

  1. Білуге тиіс:

қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің құрылымы;

ақауларды жону тәсілдері;

өңделетін өнімнің үстіңгі қабатына қойылатын талаптар;

қалыпты және арнаулы кескіш құрал және оны қайрау тәртібі;

жүк көтеру және жүкті ұстау құрылғыларын пайдалану тәртібі;

экспорттық өнімге қойылатын талаптарды, оны экспортқа жіберудің тәртібі.

 

 

29-параграф. Өнімді тазалаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түзеу-тазарту агрегатын басқару пультінен басқару;

агрегат механизмін реттеу және ыңғайлау, тұтастай желінің жұмысын бақылау;

лентаны, жолақты тазалаудың тартылуын және жылдамдығын реттеу;

оларды тегістеу және қақтарды, кедір-бұдырларды, қышқыл мен сілтінің қалдықтарынан тазарту;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

тазалау бөліктері мен механизмдерінің, тұтастай желілердің бірлескен өзара әрекетін, тазалау режимі;

блокировка, майлау және басқару жүйелері;

өнімді өңдеудің техникалық шарттары мен оған қойылатын талаптар;

түсті металдар мен олардың қорытпаларының негізгі қасиеттері;

құралды және бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштерін пайдалану тәртібі.

 

 

30-параграф. Пеш жөндейтін монтажшы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

электрмен балқыту пештеріне, миксерлер мен ожауларға арналған отқа төзімді массаны қолмен немесе араластыру машиналарында дайындау;

пеш астының жалпақ тасын отқа төзімді массамен толтыруға, пешті орнында құрастыру және орнатуға, метал құюға және пешті қыздыруға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін араластырғыш машинаның жұмыс принципі;

қолданылатын отқа төзімді материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттері;

отқа төзімді массаны дайындау рецептурасы, тәртібі мен тәртібі;

отқа төзімді массаны дайындау жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету тәртібі.

 

 

31-араграф. Пеш жөндейтін монтажшы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары монтажшының басшылығымен индукциялық электрмен балқыту пештерін қайта монтаждау, монтаждау және жөндеу;

пеш астының жалпақ тасын тығыздау вибраторын қолдана отырып отқа төзімді массамен толтыру;

этернитті цилиндр мен индукциялық қатушкаларды метал шаблонмен орнату және тексеру;

пешті оқшаулау, магнит сымдарын, индукциялық катушкаларды реттеу, суытушы құрылғыларды сынау және металды арнаға құю, көлемді индукциялық бірліктерді қыздыру жөніндегі жұмысқа қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін пештердің құрылымы, оларды монтаждау ерекшеліктері;

пештерді құрастыру, орнату және қайта монтаждау тәртібі;

көтеру-тасымалдау жабдықтарын пайдалану тәртібі;

өндірістік-техникалық оқу бағдарламасы шеңберінде электротехника негіздері.

 

 

32-параграф. Пеш жөндейтін монтажшы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

индукциялық электрмен балқыту пештерін қайта монтаждау, монтаждау және жөндеу;

пештің құрылымы мен қуатына қарай индукциялық катушкаларды іріктеу;

шахтаны толық құрастыру және өңдеу;

магнит сымдарын, индукциялық катушкаларды реттеу;

алмалы индукциялық бірліктерді толтыру және құрастыру, оларды қыздыруға қатысу;

металды арнаға құю;

суытушы құрылғыларды және пеш жұмысын қойылатын талаптарға сәйкес сынау;

монтаждалған пештерді қыздырылған күйінде пайдалануға беру.

  1. Білуге тиіс:

барлық жүйедегі пештер жұмысының конструкциялық схемалары;

жекелеген тораптардың жұмысындағы өзара байланысы;

пештерді қыздырылған күйінде пайдалануға берудің (жібіту, пешке металл құю) тәртібі;

алмалы индукциялық бірлігі бар пештерді монтаждау кезінде сұйытылған газ горелкасымен жұмыс істеу тәртібі.

 

 

33-параграф. Пеш жөндейтін монтажшы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйелер мен құрылымдардағы индукциялық электрмен балқыту пештерін монтаждау және жөндеу;

электрмен жылытылатын науаның тарату қорабын қайта футерлеу;

терможұпты блоктарды ауыстыру және отық жабынды ішінара жөндеу;

алмалы индукциялық бірлікті дайындау, миканитті төсемді дайындау және орнату;

электр спиралдерде, бутанпропанды горелкаларда кептіру, вакуумдеу, қыздыру және пеш астындағы жалпақ тас металлымен күйежентектеу;

отқа төзімді материалдарды ұнтақтау сапасын, отқа төзімді кассамен тас табанын толтыру тығыздығын бақылау;

жоғары топырақты корунд және шамот массасын фракциялар бойынша құрастыру және одан өнім (стопорлық-таратып құю құрылғыларын) жасау;

қорғаныс газ станциясының индукциялық агрегаттары мен генераторларын оқшаулау;

күрделі құрылымдық ірі габаритті отқа төзімді блоктарды алмаз құралмен өңдеу.

  1. Білуге тиіс:

барлық жүйелер мен құрылымдағы электрмен балқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктерін, оларды монтаждау ерекшеліктері мен пайдалану шарттары;

отқа төзімді бұйымдардың беріктігі;

кептіру және қыздыру режимін, олардың нысаны.

 

 

34-параграф. Сіңдіруші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдар мен түрлі материалдарға күкірт, қож шайырын, майды, парафинді, металлдар мен басқа да сіңдіру материалдарын сіңдіру электр пештерінде, ванналарда, автоклавтарда және басқа да электр немесе бу жылытқышы бар қондырғыларда, сондай-ақ қорғанысты электр шкафтарда сіңдіру процесін жүргізу;

бұйымдар мен түрлі материалдарды пештерге, ванналарға және басқа да сіңдіру қондырғыларына толтыру және олардан дайын өнімді түсіріп алу;

өнімнің температурасын және сіңдіру процесінің барысын қадағалау;

сіңдіру режимінің барысын бақылау-өлшеу приборлары көрсеткіштері бойынша түзеу;

сіңдіру материалдары мен дайын өнімнің сапасын анықтау;

сіңдіру пештеріне, ванналарға, қондырғыларға, сондай-ақ басқа да сіңдіру қондырғыларына қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

сіңдіру қондырғыларының құрылымы;

         сіңдіру материалдарын жұмсау нормалары;

бұйымдарға сіңдіру технологиясы;

бақылау-өлшеу приборларының нысанын және оларды пайдалану тәртібі;

өнім ақаулығын алдын алу тәсілдері;

бұйымдарды сіңдіру кезінде желдеткішті пайдалану тәртібі;

өнімді толтыру және түсіру кестелері;

сіңдіру материалдары мен шығарылатын өнім сапасына қойылатын талаптар.

Сіңдіру процесін электродты өндірісте жүргізу кезінде – 4-разряд.

 

 

35-параграф. Тесуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдарды айналмалы құбырлы, ретортты, муфельді және күрделілігі бойынша басқа да ұқсас шынықтыру пештеріне толтыру және біліктілігі анағұрлым жоғары шынықтырушының басшылығымен дайын өнімді түсіру;

сүзгідегі судың температурасын, жағармайдың жұмсалуын, қоректендірушінің жұмысын қадағалау;

тоңазытқышқа су жеткізу;

шынықтырылған өнімді тиеу және сүзгіден түсіру;

шикізатты және дайын өнімді тасымалдау;

гидравликалық жаппаларға су құю;

қайталама судың айналымын реттеу;

материалды суытылуын қадағалау;

гидратты, қайталама тозаң мен басқа да материалдарды араластыру және қайта араластыру;

шикізаттың тұтылып қалуын жою;

ағындарды тазалау;

шаң камералары мен мультициклондардан тозаңды түсіру;

конденсаторлық құтыларды үрлеу;

сынама алу;

мазутты қабылдау, жылытып сүзгіден өткізу, қайта айдау, оның бактарда болуын тексеру;

тиеу, тозаңдық, араластыру және тасымалдау - қоректендіру механизмдеріне қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу.

  1. 278. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін пештердің жұмыс істеу принципі;

газ әкететін арналар мен коммуникациялардың орналасу схемасы;

шикізаттың тұтылып қалуын жою тәсілдері;

кальцийлеу, қыздырудың технологиялық процесінің мәні;

қолданылатын шикізат пен дайын өнімнің құрамы мен негізгі қасиеттері;

орнатылған сигнализация.

 

 

36-параграф. Тесуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі, оның ішінде сирек және радиоактивті материалдар қосындылары бар материалдарды айналмалы құбырлы, ретортты, муфельді және күрделілігі бойынша басқа да ұқсас шынықтыру пештерінде біліктілігі анағұрлым жоғары шынықтырушының басшылығымен шынықтыру, сусыздандыру, кальцилендіру процестерін жүргізу;

материалдарды пештерге, тоңазытқыштарға толтыру және дайын өнімді түсіру;

пештерді материалдармен, сумен қоректендіруді реттеу;

температура режимін, жағармайдың жұмсалуын қадағалау;

жану процесінің интенсивтілігін реттеуге және қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу;

көлік құралдарының, газ шаруашылығының жұмысын бақылау;

шынықтырылған өнімді бункерлер мен ассортимент бойынша таратып бөлу;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауды анықтау және оларды жоюға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін шынықтыру пештерінің, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының, құрылғылар мен механизмдердің құрылымы;

шынықтырылатын өнімге арналған техникалық шарттар;

шикізаттың, дайын өнімнің, жағармайдың, пеш футровкасының сапасына қойылатын талаптар;

қыздыру, кальцинация технологиясы;

өнімді шынықтыру кезіндегі физикалық-химиялық реакцияларды;

шикізат пен отынның жұмсау нормалары;

өнім шығынын қысқарту әдістері;

ақаулықтің алдын алу және оны жою тәсілдері.

 

 

37-параграф. Тесуші, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі, оның ішінде сирек және радиоактивті материалдар қосындылары бар материалдарды айналмалы құбырлы, ретортты, муфельді және күрделілігі бойынша басқа да ұқсас шынықтыру пештерінде шынықтыру, сусыздандыру, кальцилендіру процестерін жүргізу;

пештердегі температураны, тарту күшін, будың, отынның, судың шығысын, пештің айналу жылдамдығын, жану, кесу процесінің температурасы мен интенсивтілігін, шынықтыру аймағын реттеу;

пешті қосу және тоқтату;

өнімнің шынықтырылуын сырт белгілері мен талдау деректері, шығатын газдың концентрациясы бойынша айқындау;

пештердің, форсункалардың, оттық пен коммуникациялардың футеровка жай-күйін қадағалау;

жабдықтың жарамдылығын бақылау;

жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден кейін қабылдап алу;

жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу және оны жөндеуге қатысу;

Дата публикации
11 января 2021