«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек

саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген

санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы
№ 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Егер 2020 жылғы 30 маусымдағы, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) алушы болып табылған жағдайда тікелей байланысты болдырмау мақсатында  атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш көрсетілетін қызметті алушының жүгінуінсіз 2020 жылғы 3-тоқсанға – 2020 жылғы 2-тоқсандағы табыстарды,  2020 жылғы 4-тоқсанға – 2020 жылғы 3-тоқсандағы табыстарды, 2021 жылғы 1-тоқсанға – 2020 жылғы 4-тоқсандағы табыстарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Б. Нурымбетов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21981 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 24.12.2020 15:59:48, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 29.12.2020 17:27:06, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов,

«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
05 января 2021