«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
анықтама
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейінгі балалар санына байланысты сараланған мөлшерде төленетін 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізу бөлігінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
2019 жылғы 13 желтоқсанда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
2019 жылғы 20 желтоқсанда бұйрық жобасы Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне жолданды. Бұйрық жобасы Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 216 хаттамасымен мақұлданды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу талап етілмейді.