"Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті операторды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті операторды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазқстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-1) тармақшасына, 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болып айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  3. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылатын он бірінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

                                  

                                     А. Мамин

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 20    жылғы       

№ қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

  1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі;

4) Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі бекітілсін.»;

Көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

  1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі
    № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;

3) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) біржолғы зейнетақы төлемі – заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;

5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;

8) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;

9) инвестициялық портфельді басқарушы – «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде өз атынан және клиенттің мүдделері мен есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

10) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;

11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

12) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

13) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған,  оларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыратын арнайы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар);

14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға қолданылады:

1) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 32-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;

3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының                        1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте, айырма төлемі инфляцияның деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;

4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары алынған күнге;

5) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, Заңның 32-бабының 1-1-тармағында, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған инвестициялық портфельді басқарушыға Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес – салымшының уәкілетті оператор ашқан арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері соңғы аударылған және (немесе) зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударған күннен басталатын кезеңге, Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күнге.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын алып қойғаннан және (немесе) зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударғаннан кейін зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге дейін уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтарған және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарған жағдайда, БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын соңғы рет аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейін кезең үшін айырма төлемі жүргізіледі.

Бұл ретте айырма төлемін есептеу үшін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы инвестициялық кіріс ескеріле отырып, қайтару сомасына азайтылады;

Уәкілетті оператор қайтарған, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары зейнетақы жарналары ретінде қаралады және процестің біркелкілігі үшін мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебіне енгізіледі, егер сома қайтарылса, онда мақсатсыз пайдаланудың алды алынды деген сөз, осы норма бойынша есепке қайтару сәтіндегі МЗЖ жарнасы ретінде қайтару сомасы кіреді.

Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырманы төлеу 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы соңғы рет қайтарылған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін зейнетақы жинақтары қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына жүргізіледі.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген форматқа сәйкес ЭЦҚ арқылы қоя отырып, алушының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотының болуы және зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсынады.».

  1. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

21-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Электрондық түрдегі өтінім БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.»;

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерінің, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударудың сомасы қайтарылуға жатпайды.»

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Табыс іс жүзінде төленген және қызметкер оны алған кезде агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, пайдасына мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын қызметкерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса аударуға тиіс.

Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есебіне жазады) және төлейді.».

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20   жылғы  

№ қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

2 қазандағы № 1042 қаулысына

1-қосымша

 

 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы жинақтарын алып қою, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

4) біржолғы зейнетақы төлемі – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;

5) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

6) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;

7) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлға;

8) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, оны көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің абоненттік ұялы байланыс құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

9) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған,  оларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыратын арнайы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар).

  1. Зейнетақы төлемдері:

1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.

Өтініш берілген күнге  зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға              БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.

Ай сайынғы зейнетақы төлемін есептеу үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде БЖЗҚ есептеген және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы (болған кезде) шегеріле отырып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы қабылданады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі күшіне енгенге дейін БЖЗҚ-дан есептелген және төленетін зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі 6-тармағының үшінші абзацында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар бойынша зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының кемінде отыз еселенген мөлшерінде жүзеге асырылады.

Егер кезекті зейнетақы төлемін жүзеге асырғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құраған жағдайда, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді;

2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында, 32-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда бір рет;

3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы төленеді.

  1. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көзделген мынадай шарттардың бірі болған кезде жүзеге асырылады.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері мынадай:

1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдар үшін алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Заңның 6-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;

2) Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдар үшін уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарлама алған күнге алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемін есептеу үшін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын мынадай мәліметтер пайдаланылады:

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемінің оларды тағайындау күніне белгіленген мөлшері туралы; 

еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар, отставкадағы судья болып табылатын адамдар үшін – адамдардың аталған санаттарға тиесілігі туралы;

3) сақтандыру ұйымымен өмір бойғы сақтандыру төлемдеріне зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген адамдар үшін салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

Бұл ретте көрсетілген адамдарға біржолғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын өмір бойғы сақтандыру төлемдерін тағайындау туралы мәліметтері қолданылады.

 

 

2-тарау. Зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды БЖЗҚ-ға қайтару тәртібі

 

Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайларда

 

 

  1. Алушы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында мынадай:

1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген  жағдайлар туындаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттын, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді;

2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында  көзделген  жағдайлар туындаған кезде жүгінген кезде БЖЗҚ-ға мыналарды ұсынады:

БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

алушының жеке басын куәландыратын құжат;

алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.

БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгәну тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітіледі.

  1. Егер Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар алушылар болса, БЖЗҚ мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан алушыға мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерді сұратады.

Алушыда мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің бар екендігі туралы мәліметтердің расталуы болмаған жағдайда, БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған алушылардың өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері туралы мәліметтер беріледі.

БЖЗҚ алушылардың осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен ерте емес алушылардың банктік шоттарына аударады.

Алушы осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан не өтінішті орындаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жіберу арқылы өтініш берген күні алушыға өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Алушыда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не ол БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша алушы болып табылса, Мемлекеттік корпорация алушыны өтініш қабылданған сәтте осы фактілер туралы хабардар етеді.

  1. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін жүгінбеген адамдар бойынша БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуына, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін порталда тіркелген алушылардың ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірлерінің болуына салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Салыстыру нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация:

порталда тіркелген телефон нөмірлері бар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдардың тізімін қалыптастырады;

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы алушының телефон нөміріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету ұсынысымен sms-хабарлама жібереді;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға келісім алынған адамдар бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінімді әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметке электрондық өтінімдер мен хабарламалар журналында жеке қалыптастырады;

Мемлекеттік корпорация халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тіркеген электрондық өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматта электрондық хабарламаларды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық өтінімдер тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне жібереді.

БЖЗҚ осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға алушылар бұрын ұсынған банктік шоттарына аударады.

  1. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Бұл ретте зейнетақы төлеміне өтініш берген күн:

осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтініші Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күн;

осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін –БЖЗҚ-да құжаттардың қабылданған не келіп түскен күні болып есептеледі.

БЖЗҚ жыл сайын осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда

 

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға мыналарды:

1) өтінішті;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

3) алушының банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшін жоюына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемін осы Қағидалардың 22-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.

Жүгінген шетелдіктің Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайларда БЖЗҚ өтінішті осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген мерзімдерде қабылдаудан не орындаудан бас тартады, бұл ретте шетелдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді.

Қажет болған жағдайда шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін БЖЗҚ-ға қайтадан өтініш береді.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы мәліметтер болмаған не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайларда БЖЗҚ осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан не орындаудан бас тартады,.

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бір рет жүзеге асырылады.

 

 

Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда

 

  1. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

  1. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) өтініш;

2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банктік шоты туралы мәліметтер беріледі.

  1. Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға алуы үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) өтініш;

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

5) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

  1. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, осы Қағидалардың 5, 10, 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға:

1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады.

Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

  1. Өтінішті пошта байланысы құралдары арқылы берген кезде осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында, 10 және 15-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).
  2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алуға сот актісі бойынша жүгінген адамдар БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды күшіне енген сот актісі;

2) банктік шот туралы мәліметтер.

  1. Қабылданған құжаттар негізінде БЖЗҚ электрондық іс макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтайды.
  2. Алушыға, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесіне не жерлеуді жүзеге асырған адамға, БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын пошта байланысы арқылы берген адамды қоспағанда, БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  3. Алушы не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына, 10, 13 және 15-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда БЖЗҚ бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш жасалған күні БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.
  4. Зейнетақы төлемдері осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушыларға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адамдарға осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  5. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілетін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банктік шотына аударады.
  6. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банктік шоттарына есептеу қызметтерін қоспағанда, БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  7. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжат көшірмесінің түпнұсқамен дұрыстығын, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда, оларды заңдастыру қажет.

 

 

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған, оларды БЖЗҚ-ға қайтарған жағдайда

 

  1. Алушы БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу мақсатында Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көзделген шарттар болған кезде уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы біржолғы зейнетақы төлеміне өтінішпен (бұдан әрі – төлемге өтініш) уәкілетті операторға жүгінеді.

Бұл ретте Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдар үшін міндетті шарт міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы мен Заңның 6-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын  зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған, ағымдағы жылы әрбір жас үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасында уәкілетті оператордың электрондық хабарламасын алған күні оң айырманың болуы болып табылады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында пайдалану тәртібін «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына емделуге ақы төлеу үшін пайдалану тәртібін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

  1. БЖЗҚ-ның уәкілетті оператормен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі БЖЗҚ мен уәкілетті оператор арасында жасалған тиісті келісімде белгіленеді, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес алушылар берген, уәкілетті операторда тіркелген төлемге арналған өтініштер туралы электрондық хабарламалар, сондай-ақ жеке табыс салығын ұстап қалу туралы және (немесе) салық шегерімін қолдануға арналған өтініштер (салық шегерімін қолдануға құқық болған кезде) беріледі.
  2. Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдар уәкілетті операторға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алып қоюға болатын өздерінің зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді БЖЗҚ-дан көрсетілген мәліметтерді алу арқылы, оның ішінде БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларына сәйкес зейнетақы жинақтарының күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілдері арқылы дербес ұсынады.
  3. БЖЗҚ уәкілетті оператордан осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан алушының арнайы шотына кейіннен есепке жатқызу үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелген алушының біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударады.
  4. БЖЗҚ мынадай:

мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы және (немесе) қайтыс болуы туралы мәліметтердің болуы;

алушының (салымшының) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының болмауы;

алушыда (салымшыда) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген шарттардың болмауы;

салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегінен аспайған;

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында Алушының орташа айлық кірісінің орнын толтыру коэффициентін айқындау әдістемесіне сәйкес алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін 40 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етпеген жағдайларда, осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген электрондық хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға бас тарту себебін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.

  1. Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға уәкілетті оператордың қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Уәкілетті оператор тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшылар (алушылар) алып қойған біржолғы зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ға мынадай:

1) салымшы (алушы) уәкілетті операторға ұсынған аударылған зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын немесе сомасының бір бөлігін салымшының (алушының) БЖЗҚ-ға қайтаруға өтінішінің болуы;

2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланған;

3) тұрғын үй сатып алғанға және (немесе) ем алғанға дейін үйді (жер телімін) сату-сатып алу, тұрғын-үй құрылысына үлестік қатысу туралы, жекешелендіру, бөліп төлеу, тұрғын үйді алмастыру, сатып алу құқығымен жалға беру, медициналық көмекті көрсету туралы тиісті шартты бұзу;

4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында аударылған зейнетақы жинақтарын зейнетақы жинақтарының пайдаланылмаған сомасы шегінде толық пайдаланбау;

5) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланбаған салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайларда қайтаруды жүзеге асырады.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 2 қазандағы

№ 1042 қаулысына

2-қосымша

 

 

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі

 

  1. Осы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібін белгілейді.
  2. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

1) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі (в %);

2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі (в %);

3) зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері.

  1. Әдістеменің 2-тармағында көрсетілген параметрлер Әдістеменің қосымшасына сәйкес қабылданады.
  2. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.
  3. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы, егер жеке тұлға мынадай шарттардың бірін қанағаттандырған жағдайда, осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген түзету коэффициентіне көбейтіледі:

1) мерзімсіз белгіленген бірінші топтағы мүгедектігінің болуы;

2) мерзімсіз белгіленген екінші топтағы мүгедектігінің болуы;

3) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жастың басталуы және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы.

Әдістеменің осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген біреуден артық шартты қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.

  1. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері осы Әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылында ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен айқындалады.

 

 

 

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне

қосымша

 

 

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыруға арналған параметрлер

 

1) зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі – 6,5;%;

2) зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%;

3) өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде алпыс ай төленген зейнетақы төлемдерін алушылар үшін түзету коэффициенті – 1,45;

4) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

 

Жасы

Түзету коэффициенті

18

0,74

19

0,75

20

0,77

21

0,78

22

0,79

23

0,81

24

0,82

25

0,84

26

0,86

27

0,87

28

0,90

29

0,91

30

0,94

31

0,96

32

0,98

33

1,01

34

1,03

35

1,06

36

1,09

37

1,12

38

1,15

39

1,18

40

1,21

41

1,24

42

1,28

43

1,31

44

1,34

45

1,38

46

1,42

47

1,45

48

1,48

49

1,51

50

1,54

51

1,56

52

1,58

53

1,58

54

1,58

55

1,56

56

1,54

57

1,49

58

1,42

59

1,40

60

1,37

61

1,87

62

1,79

63

1,69

 

5) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері:

 

Жасы

Түзету коэффициенті

18

0,59

19

0,59

20

0,60

21

0,61

22

0,62

23

0,63

24

0,64

25

0,65

26

0,66

27

0,68

28

0,69

29

0,70

30

0,72

31

0,73

32

0,75

33

0,76

34

0,78

35

0,79

36

0,81

37

0,83

38

0,85

39

0,87

40

0,89

41

0,91

42

0,93

43

0,95

44

0,98

45

1,00

46

1,03

47

1,05

48

1,08

49

1,10

50

1,12

51

1,15

52

1,17

53

1,19

54

1,21

55

1,23

56

1,24

57

1,24

58

1,24

59

1,25

60

1,26

61

1,32

62

1,30

63

1,27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға

3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

2 қазандағы № 1042 қаулысына

3-қосымша

 

 

Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі

 

  1. Осы Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.
  2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ай сайынғы зейнетақы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін қоса алғанда, оларды тағайындау күні айқындалған, Заңға сәйкес алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

2) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлға;

3) салымшының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициенті - зейнетақы төлемдері мөлшерінің алушының орташа айлық кірісіне қатынасы ретінде айқындалатын коэффициент;

4) зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілген салымшының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін есептеу жөніндегі уәкілетті орган – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ол басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде есеп жүргізеді.

  1. Зейнетақы тағайындалған кездегі алушының орташа айлық кірісін есептеу үшін тиісті кезеңдегі инфляция деңгейін ескере отырып, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы пайдаланылады, ол келесі формула арқылы есептеледі:

 

мұндағы:

 - Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік N ай үшін инфляция деңгейін ескере отырып, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

 - міндетті зейнетақы жарналарының  айында түсуі;

 - міндетті зейнетақы жарналарының  айында түсуі;

 –  айына тұтыну бағалары индексінің қатынасы   алдыңғы  айына қатысты, пайызбен;

 - 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны;

 - 1-ден n-1-ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы;

 - i-ден n-1-ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы.

 

 

 – Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы тағайындалған күн мен зейнеткерлік жас басталған күн арасындағы дәйекті күнтізбелік айлардың саны;

 – айына тұтыну бағалары индексінің қатынасы  өткен айға қатысты , пайызбен;

 – -ден -ге дейінгі мәнді алатын ай бойынша айнымалы.

Бұл ретте тиісті кезеңдегі тұтыну бағалары индексінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректерге сәйкес қабылданады.

  1. Алушының орташа айлық кірісі мынадай формула арқылы есептеледі:

мұндағы:

П – зейнетақы тағайындау күніне алушының орташа айлық кірісі, бірақ «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес және республика бойынша орташа айлық кірістен артық емес;

– Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректерге сәйкес өтініш жасалған күннің алдындағы күнтізбелік бір жыл үшін орташа айлық жалақы мөлшері ретінде қабылданатын республика бойынша орташа айлық кіріс;

 - Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік N ай үшін инфляция деңгейін ескере отырып, алушының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

 – Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік  айдан бастап алушының нөлдік емес міндетті зейнетақы жарналары бар айлардың саны;

 - Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

 - 60-қа тең деп қабылданатын күнтізбелік айлардың саны.

Егер N мәні нөлге тең болса, онда СДП мөлшері «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген мөлшердегі ең төменгі жалақыға тең деп қабылданады.

 

  1. Ай сайынғы зейнетақымен алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициенті мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

 

 

мұндағы:

 – алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті, в %;

 – зейнетақы тағайындау күніне алушының орташа айлық кірісі.

  1. Алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуді уәкілетті орган осы Әдістемеге сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеу арқылы жүзеге асырады.
  2. 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және Әдістеменің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген айлар санын есепке алу үшін міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған, мүгедектік берілген күннің алдындағы, бірақ 60 айдан аспайтын кезең қабылданады.

Заңның 65-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабы 2-1-тармағының ережелеріне сәйкес өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленетін отставкадағы судьялар үшін орташа айлық кірісті алмастыру коэффициенті 40 пайызға тең болып қабылданады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

2 қазандағы № 1042 қаулысына

4-қосымша

 

 

Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі

 

  1. Осы Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.
  2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.

  1. Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

1) кірістіліктің осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген,  бірақ 9% -дан аспайтын жылдық пайыздық мөлшерлемесі (в %);

2) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеудің осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген,  бірақ кемінде 5% болатын жылдық мөлшерлемесі (в %);

3) ең төмен зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі, бірақ 5%-дан кем емес;

4) осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі (в%), бірақ кемінде 5%;

5) осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес белгіленетін міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес әйелдердің толық зейнеткерлік жасы деңгейінде белгіленеді; зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес белгіленеді, бірақ 82 (сексен екі) жастан төмен болмауға тиіс;

7) ай сайынғы зейнетақы мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес айқындалады және екі құрамдас бөліктен тұрады:

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген, Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған барлық адамдарға (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды және өмір бойы асырауында болатын отставкадағы судьяларды қоспағанда) кепілді түрде төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (бұдан әрі – ең төмен мөлшердегі базалық зейнетақы) ең төмен мөлшері;

ең төменгі жалақы мен ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақы арасындағы айырма ретінде айқындалатын зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлем (міндетті зейнетақы жарналары есебінен болашақ зейнетақы жарналарының келтірілген құнын негізге ала отырып).

  1. Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеу кезінде осы Әдістеменің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген параметрлер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес қабылданады.
  2. Міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі алдағы күнтізбелік жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік соңғы 5 (бес) жылдағы салымшылар бойынша міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің жылдық көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде жылжымалы негізде жыл сайын айқындалады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары жиілігінің 2020 жылға дейінгі (қоса алғанда) жылдық көрсеткіштері 12 (он екі) тең болып қабылданады.
  3. Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеу үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны және міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны пайдаланылады.
  4. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

- x1 жастағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

ПВ - (МЗП, МП) және МБП-ның айырмасы ретіндегі  БЖЗҚ-дан төленетін бастапқы зейнетақы төлемінің мөлшерін бағалау;

МЗП – «Рспубликалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері;

МП – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген зейнетақының ең төмен мөлшері;

МБП – ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақы;

 – жылдық пайыздық мөлшерлеме;

 – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

 – 0-ден -ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы;

 – зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасы;

 – зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың шекті жасы.

 

  1. Міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы:

 –  жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

 – міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

 – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері;

 - Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі;

 – кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі,  %;

 – жалақының ең төменгі мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

 - 0-ден x_1-x_0-1-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы;

 – салымшының жасы, мұндағы ;

 – зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

  1. Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі мынадай формула бойынша есептеледі:

 

Мұндағы:

 –  жасындағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі;

–  жасындағы алушы үшін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құны;

 –  жасындағы салымшы үшін міндетті зейнетақы жарналарының ағымдағы құны;

кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

 – ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

– салымшының жасы, мұндағы ;

 – зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер жүзеге асырылатын жас.

Бұл ретте Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес  және одан жоғары, бірақ зейнеткерлік жасқа толмаған салымшылар үшін зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі , яғни зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы жасынан бір жылға төмен жас шегіне теңестіріледі.

Әдістеменің осы тармағына сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

  1. Ең аз жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең аз жеткіліктілік шегі мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

Зейнетақы жинақтарының ең

аз жеткіліктілік шегін айқындау

әдістемесіне

қосымша

 

Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін есептеуге арналған параметрлер

 

1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 6,5;%;

2) БЖЗҚ – дан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%;

3) ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%

4) ең төменгі жалақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%;

5) міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі – 12;

6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы – тиісінше 60 және 82.

 

Дата публикации
22 декабря 2020