Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32609 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын астананың, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
3) жиынтық кіріс – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
4) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;
6) тәуелсіз қызметкер – дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооперативтің мүшелерін қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті өзі дербес, кіріс алу мақсатында, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыратын жеке тұлға;
7) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
2-тарау. Адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу тәртібі
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кіріс;
2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі кіріс;
3) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан, мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін кіріс;
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін кіріс;
6) бағалы қағаздардан түсетін кіріс;
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған кіріс;
8) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9) өтеусіз алынған ақша түріндегі кіріс;
10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі кіріс;
11) ақшалай аударымдар түріндегі кіріс;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі кіріс;
13) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару туралы қағидалары (әрі қарай – Ерікте түрде қоныс аудару қағидалары) шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыларға (отбасының әрбір мүшесіне) көшуге арналған біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Мүліктік жалдаудың (жалға алудың) шарты болмаған жағдайда жылжымайтын мүлікті немесе көлік құралдарын жалға беруден алынған кіріс адам (отбасы) өтініште көрсеткен мөлшерде, бірақ айына ең төмен жалақы мөлшерінен төмен болмайтын мөлшерде ескеріледі.
Сатып алу-сату шартының көшірмесі болмаған жағдайда кіріс адам (отбасы) өтініште көрсеткен нарықтық баға бойынша ақшалай эквивалентте ескеріледі.
Сатылған сол тоқсанда жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатып алған жағдайда, сатып алынған жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүліктің құны мен сатудан алынған сома арасындағы айырма отбасының жиынтық кірісінде ескеріледі.
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
12) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларымен (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекітілген азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;
14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;
15) қайырымдылық көмек;
16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
19) заттай түрде көрсетілген көмек:
дәрілік препараттар;
санаторий-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек;
бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек;
20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;
21) Ерікте түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде ерікті түрде қоныс аудару қатысушыларына (отбасының әрбір мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;
22) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;
23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер;
26) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2025 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарды;
2) мерзімді әскери қызметтегі адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, отбасы құрамына Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдар кіреді.
Бірге тұру фактісі:
отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметімен айналысатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;
отбасында тұратын және орта білім беру ұйымдарының тұрғылықты жері бойынша болмауына байланысты осы деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балаларға;
толық мемлекеттік қамсыздандырудағылардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгіну сәтіне есепке алынады.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің кірістері келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі шығып қалған кезде отбасының жиынтық кірісі шыққан күнінен бастап отбасының шығып қалған мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа кірісі шегеріле отырып есептеледі.
Отбасының құрамына отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі орта білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар енгізіледі.
Учаскелік комиссия қорытындысын дайындау кезінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған деректерді растайды.
Өтініш беруші көрсеткен мәліметтер әртүрлі болған жағдайда нақты деректер учаскелік комиссияның мәліметтерімен толықтырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
1-параграф. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған кіріс
1) жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:
еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрі, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай ризығы;
жұмыс беруші төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;
әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін ағымдағы тұрғын үй төлемдері;
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды оқыту шығындарын өтеу;
қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;
патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;
отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;
зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы білім беретін немесе кәсіби білім бағдарламалары бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
төтенше жағдай немесе шектеу іс-шараларын кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарын, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін соманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.
Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердігерлік және басқа) орындайтын адамдардың кірісі шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған кіріс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық кірісте есепке алынады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер түрінде кіріс алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалдары беретін анықтамалармен расталады.
Тәуелсіз қызметкердің кірісі еркін нысандағы жазбаша өтінішпен расталады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі кіріс
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы отбасының жиынтық кірісінде олардың алынған уақыты бойынша ескеріледі.
Отбасы мүшесі алатын алименттер отбасының жиынтық кірісінде ескеріледі, ал отбасы мүшесінің басқа отбасында тұрып жатқан балаларға төлейтін алименттері кірісінен алып тасталынады.
Төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат ұсынған кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңі көрсетілген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған;
4) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекетке тұрақты тұруға кеткен;
5) тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына, сондай-ақ төлеушінің әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімімен расталатын құмар ойындармен және бәс тігумен байланысты балаларын және басқа да асырауындағыларды асырап-бағудан жалтарған жағдайларда жиынтық кіріс алименттерді ескермей есептеледі.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер жұбайлар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) бұзылса, бірақ жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, оның кірістері олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, отбасының жиынтық кірісінде толық ескеріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;
3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған кіріс ескеріледі.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған кіріс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған кіріс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық кіріс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық кірісі қосылады;
4) тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі. Бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі;
5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі.
Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы кірісі алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген кірістің сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патент құнын есептеуде декларацияланған табыс сомасын осындай есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, егер декларацияда көрсетілген табыстың орташа сомасы айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда жиынтық кірісіне айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі сома ескеріледі.
Жиынтық кіріс алынған шаманы кірістің орташа сомасынан не есепке жатқызуға белгіленген кіріс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Азаматтық-құқықтық шарт жасамай жұмыспен қамтылған адамдардың жиынтық кірісі олардың өтініші негізінде расталады. Бұл жағдайда орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін сыйақы төлемінің заттай бөлігі нарықтық бағамен ақшалай эквивалентте жиынтық кіріске қосылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Жеке қосалқы шаруашылықтан, мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін кіріс
Нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті есептеу үшін пайдаланылатын бағаларды облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып түзетеді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсіруден алынған кіріс отбасының жиынтық кірісіне еркін нысандағы жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан осы Қағидаларға 8-қосымшада алынған кіріс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.
Малды (құсты) есепті кезеңде өткізу кезінде отбасының жиынтық кірісіне тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы кіріс қосылады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді.
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.05.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрықтарымен.
|
Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала |
Ауданы, қала |
|
|
|
1 |
2 |
|
|
|
1. Дала аймағы |
|
||
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
1. Айыртау ауданы 2. Ақжар ауданы 3. Мағжан Жұмабаев ауданы 4. Есіл ауданы 5. Жамбыл ауданы 6. Қызылжар ауданы 7. Мамлют ауданы 8. Шал ақын ауданы 9. Аққайың ауданы 10. Тайынша ауданы 11. Тимирязев ауданы 12. Уәлиханов ауданы 13. Ғабит Мүсірепов ауданы 14. Петропавл қаласы |
|
|
|
Ақмола облысы |
1. Біржан сал ауданы 2. Зеренді ауданы 3. Бурабай ауданы 4. Сандықтау ауданы 5. Бұланды ауданы 6. Ақкөл ауданы 7. Ерейментау ауданы 8. Жақсы ауданы 9. Көкшетау қаласы 10. Степногор қаласы |
|
|
|
Қостанай облысы |
1. Қарабалық ауданы 2. Федоров ауданы 3. Меңдіқара ауданы 4. Ұзынкөл ауданы 5. Денисов ауданы 6. Әулиекөл ауданы 7. Қарасу ауданы 8. Алтынсарин ауданы 9. Сарыкөл ауданы 10. Қостанай ауданы 11. Бейімбет Майлин ауданы 12. Қостанай қаласы 13. Рудный қаласы |
|
|
|
Павлодар облысы |
1. Ертіс ауданы 2. Железин ауданы 3. Тереңкөл ауданы |
|
|
|
2. Қуаң дала аймағы |
|
||
|
Батыс Қазақстан облысы |
1. Ақжайық ауданы 2. Тасқала ауданы 3. Бәйтерек ауданы 4. Теректі ауданы 5. Бөрілі ауданы 6. Шыңғырлау ауданы 7. Орал қаласы |
|
|
|
Ақтөбе облысы |
1. Қобда ауданы 2. Мәртөк ауданы 3. Әйтеке би ауданы 4. Қарғалы ауданы 5. Алға ауданы 6. Ақтөбе қаласы |
|
|
|
Қостанай облысы |
1. Қамысты ауданы 2. Наурызым ауданы 3. Жітіқара ауданы 4. Лисаковск қаласы |
|
|
|
Ақмола облысы |
1. Есіл ауданы 2. Атбасар ауданы 3. Қорғалжын ауданы 4. Шортанды ауданы 5. Целиноград ауданы 6. Астрахан ауданы 7. Аршалы ауданы 8. Егіндікөл ауданы 9. Жарқайың ауданы |
|
|
|
Астана қаласы |
1. Астана қаласы |
|
|
|
Қарағанды облысы |
1. Нұра ауданы 2. Қарқаралы ауданы 3. Осакаров ауданы 4. Абай ауданы 5. Бұқар жырау ауданы 6. Қарағанды қаласы 7. Сарань қаласы 8. Шахтинск қаласы 9. Теміртау қаласы |
|
|
|
Павлодар облысы |
1. Ақтоғай ауданы 2. Баянауыл ауданы 3. Аққулы ауданы 4. Май ауданы 5. Павлодар ауданы 6. Успен ауданы 7. Шарбақты ауданы 8. Павлодар қаласы 9. Ақсу қаласы 10. Екібастұз қаласы |
|
|
|
Абай облысы |
1. Бесқарағай ауданы 2. Бородулиха ауданы 3. Көкпекті ауданы |
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Алтай ауданы 2. Самар ауданы |
|
|
|
3. Шөлейтті аймақ |
|
||
|
Алматы облысы |
1. Қонаев қаласы |
|
|
|
Батыс Қазақстан облысы |
1. Бөкөйордасы ауданы 2. Жаңақала ауданы 3. Жәнібек ауданы 4. Қазталов ауданы 5. Қаратөбе ауданы 6. Сырым ауданы |
|
|
|
Қостанай облысы |
1. Амангелді ауданы 2. Жангелді ауданы 3. Арқалық қаласы |
|
|
|
Ақтөбе облысы |
1. Ойыл ауданы 2. Темір ауданы 3. Ырғыз ауданы 4. Хромтау ауданы 5. Мұғалжар ауданы |
|
|
|
Қарағанды облысы |
1. Шет ауданы 2. Ақтоғай ауданы 3. Балқаш қаласы 4. Приозерск қаласы |
|
|
|
Ұлытау облысы |
1. Жаңаарқа ауданы 2. Ұлытау ауданы 3. Жезқазған қаласы 4. Қаражал қаласы 5. Сәтбаев қаласы |
|
|
|
Абай облысы |
1. Абай ауданы 2. Аягөз ауданы 3. Жарма ауданы 4. Семей қаласы 5. Курчатов қаласы |
|
|
|
4. Шөлді аймақ |
|
||
|
Атырау облысы |
1. Жылыой ауданы 2. Индер ауданы 3. Исатай ауданы 4. Құрманғазы ауданы 5. Қызылқоға ауданы 6. Мақат ауданы 7. Махамбет ауданы 8. Атырау қаласы |
|
|
|
Қызылорда облысы |
1. Арал ауданы 2. Жалағаш ауданы 3. Жаңақорған ауданы 4. Қазалы ауданы 5. Қармақшы ауданы 6. Сырдария ауданы 7. Шиелі ауданы 8. Қызылорда қаласы |
|
|
|
Ақтөбе облысы |
1. Байғанин ауданы 2. Шалқар ауданы |
|
|
|
Маңғыстау облысы |
1. Бейнеу ауданы 2. Қарақия ауданы 3. Маңғыстау ауданы 4. Түпқараған ауданы 5. Мұнайлы ауданы 6. Ақтау қаласы 7. Жаңаөзен қаласы |
|
|
|
Түркістан облысы |
1. Созақ ауданы 2. Отырар ауданы |
|
|
|
Жамбыл облысы |
1. Сарысу ауданы 2. Талас ауданы 3. Тұрар Рысқұлов ауданы |
|
|
|
Алматы облысы |
1. Балқаш ауданы |
|
|
|
5. Тау eтeгі-шөлді-далалық аймақ |
|
||
|
Алматы облысы |
1. Еңбекшіқазақ ауданы 2. Жамбыл ауданы 3. Кеген ауданы 4. Қарасай ауданы 5. Райымбек ауданы 6. Талғар ауданы 7. Ұйғыр ауданы 8. Іле ауданы 9. Алатау қаласы |
|
|
|
Жетісу облысы |
1. Ақсу ауданы 2. Алакөл ауданы 3. Ескелді ауданы 4. Қаратал ауданы 5. Кербұлақ ауданы 6. Көксу ауданы 7. Панфилов ауданы 8. Сарқанд ауданы 9. Талдықорған қаласы 10. Текелі қаласы |
|
|
|
Алматы қаласы |
1. Алматы қаласы |
|
|
|
Жамбыл облысы |
1. Байзақ ауданы 2. Жамбыл ауданы 3. Жуалы ауданы 4. Қордай ауданы 5. Мерке ауданы 6. Мойынқұм ауданы 7. Шу ауданы 8. Тараз қаласы |
|
|
|
Түркістан облысы |
1. Арыс ауданы 2. Бәйдібек ауданы 3. Жетісай ауданы 4. Келес ауданы 5. Қазығұрт ауданы 6. Мақтаарал ауданы 7. Ордабасы ауданы 8. Сайрам ауданы 9. Сарыағаш ауданы 10. Сауран ауданы 11. Төлеби ауданы 12. Түлкібас ауданы 13. Шардара ауданы 14. Кентау қаласы 15. Түркістан қаласы |
|
|
|
Абай облысы |
1. Үржар ауданы |
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Зайсан ауданы |
|
|
|
Шымкент қаласы облысы |
1. Шымкент қаласы |
|
|
|
6. Оңтүстік Сібір таулы және тау eтeгі аймағы |
|
||
|
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Глубокое ауданы 2. Катонқарағай ауданы 3. Шемонаиха ауданы 4. Тарбағатай ауданы 5. Күршім ауданы 6. Ұлан ауданы 7. Өскемен қаласы 8. Риддер қаласы |
|
|
|
Абай облысы |
1. Ақсуат ауданы |
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
||
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
80 |
1796 |
|
|
|
|
Көкөністер |
100 |
6422 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
35 |
802 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
25 |
762 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
33 |
2832 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
2200 |
43960 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
165 |
36749 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
71 |
18429 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
20/2,5 |
5300 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
21125 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
137 дана |
1233 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,8 |
351 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
70 |
1777 |
|
|
|
|
Көкөністер |
80 |
6264 |
|
|
|
|
Бақшалар |
100 |
2600 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
35 |
741 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
22 |
681 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
30 |
2815 |
|
|
|
|
Жүзім |
25 |
1348 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
1900 |
40721 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
159 |
34130 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
66 |
16896 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
19/2,5 |
5130 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
22753 |
|
|
|
|
|
Түйе (түйе еті) |
126 |
14805 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
152 дана |
1500 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,9 |
373,2 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
74 |
1974 |
|
|
|
|
Көкөністер |
80 |
7241 |
|
|
|
|
Бақшалар |
86 |
2920 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
22 |
884 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
20 |
778 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
15 |
2820 |
|
|
|
|
Жүзім |
20 |
963 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
1100 |
27300 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
162 |
37854 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
68 |
17649 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
20 |
5493 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
162 |
19975 |
|
|
|
|
|
Түйе (түйе еті) |
228 |
14109 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
156 дана |
1540 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,5 |
304,2 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 5-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
90 |
2079 |
|
|
|
|
Көкөністер |
100 |
7410 |
|
|
|
|
Бақшалар |
110 |
2980 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
20 |
714 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
28 |
700 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
15 |
2818 |
|
|
|
|
Жүзім |
20 |
1027 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
880 |
22645 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
138 |
34439 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
60 |
15432 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
19 |
5103 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
140 |
19651 |
|
|
|
|
|
Түйе (түйе еті) |
218 |
13684 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
125 дана |
986 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,3 |
253,2 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 6-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
108 |
2294 |
|
|
|
|
Көкөністер |
125 |
6585 |
|
|
|
|
Бақшалар |
120 |
2655 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
40 |
905 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
35 |
735 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
40 |
2797 |
|
|
|
|
Жүзім |
43 |
1342 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
2500 |
39815 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
178 |
41855 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
66 |
16736 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
19 |
5255 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
180 |
24339 |
|
|
|
|
|
Түйе (түйе еті) |
126 |
13650 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
169 дана |
1675 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,3 |
253,2 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісті есептеудің нормалар карточкасы
Ескерту. 7-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрығымен.
Өсімдік шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг |
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Картоп |
90 |
2358 |
|
|
|
|
Көкөністер |
90 |
6648 |
|
|
|
|
Бақшалар |
130 |
2684 |
|
|
|
|
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт) |
30 |
952 |
|
|
|
|
Сүйекті жеміс бақтары (өрік, қара өрік) |
15 |
762 |
|
|
|
|
Жидек дақылдары |
63 |
2822 |
|
|
|
|
Жүзім |
55 |
1412 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімі
|
Өнім |
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге |
1 кг өнімнің, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен кіріс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.) |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
Сүтті ірі қара мал (сүт) |
1900 |
46248 |
|
|
|
|
|
Eтті ірі қара мал (сиыр еті) |
171 |
40463 |
|
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа еті) |
69 |
17782 |
|
|
|
|
|
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
20 |
5274 |
|
|
|
|
|
Жылқы (жылқы еті) |
173 |
24209 |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
172 дана |
1697 |
|
|
|
|
|
Етті құс (құс еті) |
1,3 |
246,2 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||||
Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
|
Малдардың түрі |
Өлшем бірлігі |
Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы |
|
|
|
Ірі қара мал |
ай |
25 |
|
|
|
Қойлар мен ешкілер |
ай |
12 |
|
|
|
Шошқалар |
ай |
10 |
|
|
|
Жылқылар |
ай |
16 |
|
|
|
Түйелер |
ай |
18 |
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
|
|
|
Етті құс |
күн |
125 |
|
|
|
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік |
|||
|
|
Нысан |
|||
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кіріс есебінің үлгі жеке нормалар карточкасы
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 195 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.06.2026 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) бұйрықтарымен.
Өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________
____________________________________________________________________
Облыс, аудан________________________________________________________
Үйiнiң мекенжайы _______________________________________________
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетін кіріс нормативі, теңге |
жылына түсетiн кірістің барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн кірістің барлығы, теңге |
|
Бидай |
|
|
|
|
|
Арпа |
|
|
|
|
|
Дәнi алынатын жүгерi |
|
|
|
|
|
Күрiш |
|
|
|
|
|
Қарамық |
|
|
|
|
|
Картоп |
|
|
|
|
|
Көкөністер |
|
|
|
|
|
Бақшалар |
|
|
|
|
|
Күнбағыс |
|
|
|
|
|
Қант қызылшасы |
|
|
|
|
|
Темекi |
|
|
|
|
|
Шекiлдеуiк бақтары |
|
|
|
|
|
Сүйектi жемiс бақтары |
|
|
|
|
|
Жемiстер |
|
|
|
|
|
Жүзiм |
|
|
|
|
|
Көп жылдық шөп |
|
|
|
|
|
Бiр жылдық шөп |
|
|
|
|
|
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
|
|
|
|
|
Сүттi iрi қара мал |
|
|
|
|
|
Еттi iрi қара мал |
|
|
|
|
|
Шошқалар |
|
|
|
|
|
Қойлар мен ешкілер |
|
|
|
|
|
Жылқылар |
|
|
|
|
|
Түйелер |
|
|
|
|
|
Жұмыртқалайтын құс |
|
|
|
|
|
Еттi құс |
|
|
|
|
|
Жиыны: бір жылғы кіріс |
х |
х |
|
|
20__ж. "__"_________ ________________________________________
(2-бағандағы деректер үшін өтініш берушінің қолы)
______________________________________________________________
(есептеуді жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК