Жұмысты өз бетінше іздеу үшін «Электрондық еңбек биржасы» порталы (www.enbek.kz) жұмыс істейді.
«Электрондық еңбек биржасы» порталы мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, жұмыс іздеуге, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуге және кадрлар даярлауға арналған цифрлық экожүйе болып табылады.
Электрондық еңбек биржасы – жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған ең ірі тегін интернет-алаң. Портал «Е-Қызмет» АЖ жұмыспен қамту жөніндегі интернет-платформасымен, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының порталымен, сондай-ақ жұмыспен қамту жөніндегі онлайн-алаңдардың сайттарымен интеграцияланған.
Жұмыс іздеушілер жеке кабинеттерінде түйіндеме жасайды және жұмыс іздеуді жүзеге асырады. Порталда әртүрлі өлшемшарттар бойынша, оның ішінде халықтың әртүрлі нысаналы топтары үшін қолжетімді бос жұмыс орындарын кеңейтілген іздеу мүмкіндігі бар. Түйіндемеде көрсетілген кәсіп пен дағдылар бойынша бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу мүмкіндігі бар. Жеке кабинет арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына өтінім жібереді, жұмыс берушілерден әңгімелесуге шақырулар және жұмысқа орналастыру туралы шешімдер алады.
Порталда жұмыс берушілер үшін мәліметтердің дұрыстығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растай отырып, жеке кабинет құру мүмкіндігі бар. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастырады (осылайша заңнамада белгіленген нормалар орындалады), сондай-ақ бос жұмыс орнында көрсетілген кәсіп пен дағдылар бойынша мамандарды автоматты түрде іріктеу мүмкіндігіне ие. Жұмыс іздеушілерден өтінімдер алады, оларды әңгімелесуге шақырады және жеке кабинет арқылы жұмысқа орналастыру бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды. Сондай-ақ жұмыс берушілер онлайн режимде мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер беру, электрондық шартқа қол қою, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың қатысуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталығына онлайн режимде жолдау мүмкіндігіне ие.