Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.
2026 жылғы 24 тамыздан бастап квота белгілеу процесі автоматтандырылды.
Жаңа тетік жұмыс берушілер тарапынан қосымша есептілікті талап етпей, квотаның орындалуын бағалауға мүмкіндік береді.