АНЫҚТАМА
2026 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ қарауына келіп түскен жолданымдар туралы
2026 жылдың 7 айында Министрліктің орталық аппаратына (қайта жолданған жолданымдарды қоса алғанда) 161 379 жолданым келіп түсті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (111 754) 49 625 жолданымға немесе 44,4 %-ға көп:
1) ЕХӘҚМ-ге – 39 250 жолданым (2025 жылы – 32 709, 6 541 жолданымға немесе 20 %-ға өсті);
2) Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне – 5 983 жолданым (2025 жылы – 4 108, 1 875 жолданымға немесе 45,6 %-ға өсті);
3) Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне – 12 675 жолданым (2025 жылы – 7 159, 5 516 жолданымға немесе 77 %-ға өсті);
4) КМ-ге – 1 713 жолданым (2025 жылы – 1 012, 701 жолданымға немесе 69,2 %-ға өсті);
5) Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне – 25 453 жолданым (2025 жылы – 21 404, 4 049 жолданымға немесе 19 %-ға өсті);
6) Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттеріне – 56 234 жолданым (2025 жылы – 32 677, 23 557 жолданымға немесе 72 %-ға өсті);
7) ведомстволық бағынысты ұйымдарға (АҚ «ЦРТР», АҚ «ГФСС», «ГАК» АҚ КСЖ, «РНИИОТ» ШЖҚ РМК, «ННЦ РССЗ» ШЖҚ РМК) – 20 071 жолданым (2025 жылы – 12 685, 7 386 жолданымға немесе 58,2 %-ға өсті).
Жолданымдардың 95,7 %-ы жеке тұлғалардан және 4,3 %-ы заңды тұлғалардан келіп түскен.
Жолданымдардың түрлері бойынша ең көп келіп түскені:
114 095 өтініш, 18 068 шағым, 2 654 ұсыныс және 26 551 өзге де жолданым (хабарлама, сұрау салу, үн қосу).
Қайта жолдау арқылы 64 852 жолданым келіп түсті, оның ішінде: орталық мемлекеттік органдардан – 43 401, басқа ұйымдардан – 8 113, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан – 6 522, жергілікті атқарушы органдардан – 3 434, ведомстволық бағынысты ұйымдардан – 1 946, ҚР Президенті Әкімшілігінен – 792, аумақтық ведомстволардан – 636, ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінен – 8.
Көрсетілген кезеңде құрылымдық бөлімшелер, комитеттер, аумақтық департаменттер және ведомстволық бағынысты ұйымдар 108 572 жолданымды қарады.
Қарау қорытындысы бойынша шешімдердің мынадай түрлері қабылданды:
- 27 518 қолайлы әкімшілік акт (өтініш берушінің пайдасына);
- 13 523 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт (өтініш берушінің пайдасына емес).